Қазақстан Республикасы



жүктеу 2.66 Mb.
бет4/17
Дата22.09.2017
өлшемі2.66 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Жұмыс үлгілері

1. Оқ-дәрі – ыстық суда алдын ала қыздыру және жару зарядтарын алу, станокта қабығын (корпусын) ашу жару зарядтарын алу, детонацияның толықтығын сынау.

2. Жарылғыш заттар – майлылығын тексеру үшін сынама алу.

3. Жарғыштар, түтіктер, тұтанғыш құралдар мен запалдар - қауіпсіздігін түпкілікті тексеру және сынауға дайындау.

4. Оқ-дәрі – жоғары температурада құрамында қанша ұшпа заттардың бар екенін және салмақ жоғалтуын анықтау, графитің үлес салмағы мен санын анықтау.

5. Оқ-дәрі – біліктілігі анағұрлым жоғары лаборанттың басшылығымен азотты анықтау, көлемді талдау әдісімен компоненттерін сандық анықтау.

6. Жару зарядтары – олардың снаряд қабатымен және қосымша детонаторлармен түйісетін жерінен темір пикратын, алюминий пикратын зерттеу үшін сынама алу.
43. Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сынау жөніндегі лаборант

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттардың талаптарына сәйкес жабдықтар мен аппаратураны пайдалана отырып, оқ-дәрінің жарылғыш заттары мен элементтеріне күрделі сынақ жүргізу. жарғыштар мен түтіктерді толық разрядтау, бөлшектердің сапасын тексеру және олардың құрастырылуының дұрыстығын тексеру. Жарғыштарды, түтіктер мен запалдарды сынауға дайындау.

Оқпан және реактивті артиллерияның тұтану құралдарын үздіксіз жұмыс істеуін және қауіпсіздігін сынау. Тұтандырғыштардың үздіксіз жұмыс істеуін, өткізгіштігін және электр құралдарының кедергісін сынау. Толық қызмет етпеген және қауіпсіздігін сынаған кезде сынақтан өтпеген тұтанғыш құралдар мен жарғыш құралдарды разрядтау.

Оқ-дәрінің тұрақтылығын сынау. Оқ-дәрі мен жарылғыш заттардың энергетикалық сипатын анықтау. Оқ-дәрі мен жарылғыш заттардың айналу өнімдерін газоанализатордың көмегімен талдау. Реагент қағаз жасау, оқ-дәріні сынау кезінде ерітіндінің концентрациясын есептеу. Заттардың пайыздық құрамын тұндыру, сүзу тесу арқылы анықтау. Лабораториялық жабдықтарды жөндеу. Сынақ және сырттай бақылау жазбаларын жүргізу.

Білуге тиіс: оқ-дәрінің физикалық-химиялық және баллистикалық сипаты; барлық маркалы түтінсіз оқ-дәрінің қасиеттері және оларға қойылатын талаптар; сапалық талдау әдістемесі және осы әдістеме бойынша талдауды орындау ережесі; оқ-дәрімен, жарылғыш заттармен, арнайы рецептуралармен және пиротехникалық құралдармен эксперименталдық жұмыс жүргізу кезінде реакциялардың химизмі; оқ-дәріні, жарылғыш заттарды сынаудың техникалық шарттары мен нұсқаулығы; сынақ жүргізілетін артжүйелердің құрылысы мен өзара әрекеттестігі; тыйым салынған оқ-дәрілердің тізбесі; бұйымдарды сынау үшін артиллерияның материалдық бөлігін дайындау тәртібі мен тәсілдері; үлгілерді қабылдау, бөлшектеу, сақтау және сынауға дайындау ережесі; сағат механизмдерінің жүруін реттеу кезінде қолданылатын аспаптардың құрылысы мен қызмет етуі.

Жұмыс үлгілері

1. Оқ-дәрілер – жарылыс жасап сынау.

2. Жарылғыш заттар – қатаю, балқыту және тұтану температурасын айқындау, құрамындағы ұшпа заттарды, ерітіндідегі ерімейтін қалдықтарды, қышқылды, химиялық төзімділігін, құрамындағы компоненттерін анықтау, суррогат жарылғыш заттарды сапалық талдау, пикрат пен тротил майының тығыздығын, сапалық және сандық құрамын анықтау.

3. Жарғыштар – бөлшектерге бөлу, соғу және сағат механизмдерінің дұрыс құрастырылуын тексеру, аудару механизмін бөлшектеу және капсюльдерін алып тастау, жүруін сынау.

4. Сәуле капсюльдері - детонаторлар – бастамашылық бейімділігін, соққыға төзімділігін және баяулатқыштарды от форсына және жану уақытына сынау.

5. Пиропатрондар, электрозапалдар және басқа тұтанғыш электр құралдар - сынауға дайындау және қыздыру мостиктерінің кедергі ауқымын және дұрыстығын сынау.

6. Оқ-дәрілер – азот пен тұрақтандырғыштарды жұмсау жылдамдығы мен құрамының механикалық сипаттамасын анықтау.

7. Оқ-дәрілер - оқ-дәрінің құрамындағы катализаторлар мен пластификаторларды, ерітінділердің мөлшерін ұшпа емес ерітіндіде анықтау, жарылғыш ажыраманың жылуын анықтау және ажырау өнімдерінің газдық талдау.

8. Түтін оқ-дәрілері - сапалық және сандық талдау.

9. Жару схемасы – жасау, монтаждау және жарамдылығын тексеру.

10. Ату элементтері - фотометрлеуде қызмет еткен кезде трассерлерді сынау.
44. Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сынау жөніндегі лаборант

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пиротехникалық құрамды, қатты жанармайды, жарылғыш заттар мен оқ-дәрінің сынақ және белгісіз құрамдарына толық сандық және сапалық талдау жүргізу. Жарылғыш заттарды микроскопты және басқа да арнайы аспаптарды пайдалана отырып құрылымдық талдау. Колориметриялық анықтау. Оқ-дәрілерде қолданылатын радиоаппаратура мен пьезоэлектр құрылғылары мен олардың элементтерінің тоқ көзін сынау. Жарғыштарды, түтіктер мен запалдарды олардың жану кезеңінде, қызмет ету кезінде сынау, от тізбегін және детонацияның толықтығын сынау. Жарғыштарды үздіксіз жұмыс істеуін және сағат механизмінің әрекет ету мерзімінде сынау.

Жарғыштардың жекелеген элементтерін электр өлшеу аспаптары мен электрондық аппаратураның көмегімен тексеру. Материалдық бөлігі мен аспаптарды сынауға дайындау кезінде анықталған ақаулықтарды жою. Талдау нәтижесі бойынша есеп жүргізу және сыналатын заттың сапалық күйі мен жарамдылық мерзімін анықтау. Улы заттарды радиоактивті индикаторларды және басқа да талдау әдістерін пайдалана отырып талдау. Сынақтың барлық түрлері бойынша жинақтар мен кестелерді жасау.



Білуге тиіс: оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен пиротехникалық құраманың физикалық-химиялық қасиеттерінің олардың пайдалану сипаттамаларына тәуелділігі; жарылғыш заттарды құрылымдық талдау әдістері, осы әдістер бойынша талдау жүргізу ережесі, талдау кезінде қолданылатын арнайы аспаптар; жарғыштардың (оның ішінде радиожарғыштардың), түтіктер мен запалдардың құрылысы мен әрекет етуі; ақаулау тәртібі және ақаулықтардың түрлері; тұтандырғыш капсюльдердің, детонатор капсюльдердің, детонаторлар мен баяулатқыштарды құрастыру және бөлшектеу кезегі, құрылысы мен қызметі; жарғыштарды, түтіктер мен запалдарды сынаудың технологиялық кезегі; күрделі сынау жабдығы мен уақытты тексеру аспаптарының құрылысы мен пайдалану ережесі; оқ-дәріні сынау кезінде қолданылатын аспаптар мен аппаратураның құрылысы мен электр схемасы (Лунче питрометрі, экстрагирлеуге арналған аппарат, лакмус сынамасына арналған термостат, колориметриялық құрылғы және т.б.), оларға қызмет көрсету және реттеу ережесі; жарамдылық мерзімін сынау кезінде ауытқушылықтардың түзетілуін есептеу әдістемесі; жүргізілген сынақтарды есептеу және олардың нәтижелерін ресімдеу ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Жарғыштар – электр тізбегін сынау кезінде істен шыққан жарғыштардың жиынтықтарын разрядтау.

2. Запал – запалдың істен шығу себептерін анықтау және бұзылған жерінде жою.

3. Оқ-дәрілер - нитроэфир мен нитроклетчатканың құрамын анықтау.

4. Оқ-дәрілер және қатты жанармай – сынақ нәтижесін талдау және сипаттамаларын жасау.
45. Жоғары жиілікті және телефондық-телеграф байланыс аппаратурасын сынау жөніндегі лаборант

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дала телефон және телеграф аппараттарының, шағын және орта ыдыстың коммутаторларының техникалық шарттарға сәйкестігін айқындау. Аппаратураның тораптары мен блоктарындағы ақаулықтарды жою. Аспаптарды, стенділер мен телефондық-телеграф аппаратурасын сынауға және сынақ жүргізуге дайындау. Сыналатын аппаратураның жекелеген электр сипаттамасын өлшеу және алу. Консервіленген заттарды түпкілікті тексеру. Аппаратураны сынау нәтижелері бойынша құжаттаманы ресімдеу және затты тексеру.

Білуге тиіс: телефондық-телеграф аппаратурасын сынаудың техникалық шарттары; сыналатын аппаратураның схемаларын, сызбаларын оқу ережесі; электротехник, телефондау және телеграфтау негіздері; шағын және орта сыйымдылықты телефон коммутаторлары, телеграф аппараттарының типтері, құрылысы (құрылымы); сыналатын аппаратураның тораптары мен блоктарының мақсаты және өзара әрекеттесуі; аппаратураны сынау үшін қолданылатын аспаптар және оларды пайдалану ережесі телефондық-телеграф аппаратурасының ток көзі; телефондық-телеграф аппаратурасын және байланыс заттарын пайдалану, сақтау және консервациялау ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. СТ-2М, РТА-50-2, СТА-2М типті телеграф аппараттары - электр контактілі орталықтан тепкіш реттегіштің жұмысын тексеру және реттеу, шегеру механизмінің жылжымалы осіне серіппенің тартылуын тексеру.

2. СТА-2М, ЛТА-57 типті телеграф аппараттары - трансмиттерлік репорфораторлық тұғырлар мен жолдағы белгілердің есептеуіштерінің жұмысын тексеру және реттеу.

3. СТ-2М, СТА-2М, РТА-50-2, ЛТА-57 типті телеграф аппараттары - "өзіне қарай", ДП-49 тұғырымен бірлесе отырып, симплекстік және дуплекстік режимде жұмысын тексеру.

4. Барлық түрлі телеграф аппараттары – электрлік және механикалық реттеу.

5. Дала коммутаторлары – сынау блогының жарамдылығын тексеру, жерге қатысты, және бір-біріне қатысты әрбір сымның оқшаулану күйін тексеру, тізбектердің жұмысқа жарамдылығын, абоненттен және абонентке шақыру, сөйлесу және бас тарту.


46. Жоғары жиілікті және телефондық-телеграф байланыс аппаратурасын сынау жөніндегі лаборант

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Желілік коммутаторлардың, жоғары жиілікті телефондандырудың бір арналы аппаратурасының бақылау-сынау коммутаторларының, үндес бір арналы телеграфтау аппаратурасының және төмен жиілікті телефондық-телеграфтың күшейткіштердің техникалық шарттарға сәйкестігін анықтау. Аппаратураның тораптары мен блоктарының электр өлшемдерін тексеру. Осы аппаратураның тораптары мен бөлшектеріндегі ақаулықтарды жою. Жоғары жиілікті арналарды тексеру, сыналатын аппаратураны жасанды желі арқылы арналарын реттей отырып кешенді тексеру.

Білуге тиіс: аппаратураны сынаудың техникалық шарттары, телефондық-телеграф аппаратурасының және фототелеграфтық аппаратураның сызбаларын, қағидаттық және монтаждық схемаларын оқу ережесі; қабылдау мен тапсырудың абсолют және қатыстылық деңгейлері; жоғары жиілікті телефондау және фототелеграфтау жұмыстарының негізгі қағидаттары; реле мен аспаптарды, қолданылатын аппаратураны реттеу ережесі; тексерілетін аппаратурада болатын физикалық процестер.

Жұмыс үлгілері

1. Бір арналы тығыздау аппаратурасы – төмен жиілікті арнаны жұмыс режимінде тексеру – ұшты, екі сымды, екі сымды қайта қабылдау және төрт сымды трансляциясыз шығу және индукторлық шақыруды трансляциялау арқылы шығу; төменгі және жоғарғы жиіліктің сүзгілерін тексеру; саралау жүйесі, түрлендіргіштер мен таратуды күшейткіштер жұмысындағы А және Б режимдерінде қабылдау және тарату трактісінің деңгейлері мен жекелеген нүктелерінің диаграммасы.

2. Телефондық-телеграф күшейткіш аппаратурасы – аппаратураның негізгі элементтерінің жұмысқа жарамдылығын тексеру, күшейткішті баптау.

3. Бір арналы үндестік телеграфтау аппаратурасы – блоктардың, таратқыштардың, бөлу сүзгісі блоктары қабылдағыштарының жұмысқа жарамдылығын тексеру.

4. Бір арналы жоғары жиілікті телефондау аппаратурасы, желілік коммутаторлар мен бақылау-сынау, фототелеграфтық аппараттар – «өзіңе қарай» жұмысын тексеру.
47. Жоғары жиілікті және телефондық-телеграф байланыс аппаратурасын сынау жөніндегі лаборант

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көп арналы (6 арнаға дейін) тығыздау аппаратурасының, дала телефон станцияларының, барлық сыйымдылықты телефон және телеграф концентраторларының және телеграфтық коммутаторларының техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру. Арналардың жиілік сипаттамасын алу және жиілік диаграммаларын жасау. Сынау кезінде алынған деректерді талдау және статистикалық өңдеу.

Білуге тиіс: беріктік теориясының негізі; күрделі тығыздату аппаратурасының, дала телефон станцияларының, барлық сыйымдылықты телефон және телеграф концентраторларының сызбалары мен схемасын оқу ережесі; радиотехника негіздері; жоғары жиілікті телефондау қағидаттары; телефон және телеграф арналарын жоғары жиілікті тығыздату тәсілдері мен әдістері; көп арналы телеграфтау және телефондау тәсілдері; осы аппаратураны сынау кезінде қолданылатын өлшеу аспаптары, олардың өлшемдері, жұмыс режимі, әрекет ету қағидаты және пайдалану ережесі; қоректендіру көзін есептеу және оның типтері; аппаратураны және байланыс заттарын химиялық құралдарды пайдалана отырып консервациялау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Көп арналы тығыздату аппаратурасы – жекелеген тораптары мен блоктарының жұмысқа жарамдылығын сынау, негізгі және бақыланатын жиіліктерді тексеру және реттеу, арналарды реттей отырып, жасанды желі арқылы кешенді тексеру.

2. Желілік-телеграфтық коммутаторлар - БЦДС, БТТ, БИП және БПТГА – М блоктарын сынау.

3. Телеграфтық коммутаторлар - арналарды реттей отырып кешенді тексеру.

4. Дала телефон станциялары – қабылдау және тарату кезінде жұмыс орындарында, ЦБ, МБ, СА және ЦБ/МБ абоненттік кешендерде сөнуін тексеру - ЦБ режимінде және ДС/МБ жиынтығында, МБ режимінде, ДС/МБ абоненттік жиынтықта, ДС режимінде және жергілікті коммутатордың жұмыс орны эффектісінің сөнуін тексеру.
48. Жоғары жиілікті және телефондық-телеграф байланыс аппаратурасын сынау жөніндегі лаборант

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Желілік және радиорелелік байланысты жоғары жиілікті телефондау көп арналы (6-дан 24 арнаға дейін) аппаратурасының, көп арналы телеграфтау аппаратурасының техникалық нұсқаулықтарға сәйкестігі (телефондық жоғары жиілікті желілік және радиорелелік арналарды қайталап тығыздау). Арнайы телефон және телеграф байланыс аппаратурасын тексеру және сынау. Өлшеу аспаптарын барлық өлшемдер бойынша тексеру. Аспаптарды эталон бойынша тексеру. Түзетулердің кестелері мен графиктерін жасау. жиілік сипаттамасын алу және оларды техникалық шарттар нормасына дейін жеткізу (қажет болған жағдайда).

Білуге тиіс: аппаратураны сынауға қойылатын техникалық шарттар; жоғары жиілікті көп арналы аппаратураның сызбаларын, қағидаттық және монтаждау схемаларын оқу ережесі; жоғары жиілікті телефондау және телеграфтау негіздері және тізбектерді қайталап тығыздату қағидаттары; сыналатын аппаратураны сынауда қолданылатын жартылай өткізгіш аспаптардың типтері, мақсаты және өлшемдері; сыналатын аппаратура мен аспаптардағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері; аппаратураның барлық трактілерін баптау және реттеу әдістері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Көп арналы жоғары жиілікті аппаратура - тапсырыс беруші генератордың жұмысын тексеру, ағымдағы, жеке, топтық және бақылау жиілігін тексеру, топтық және жеке жабдықтардың жұмысы, топтық түрлендіргіштерді, "өзіне қарай" аппаратурасын 2 және 4 желілік сынау режимі және арнаның сөнуін тексеру.

2. Көп арналы үндестік телеграфтау аппаратурасы - аппаратураның шығысында тарату деңгейін тексеру, тарату және қабылдаудың топтық жабдығының деңгейі мен жұмысының диаграммасы.

3. Көп арналы аппаратура – «өзіне қарай» жұмысын және арнаны реттей отырып жасанды желі арқылы тексеру.

4. Стандарт сигнал, күрделі кернеулер мен импульстердің генераторлары, электрондық, импульстық осциллографтар, спектр анализаторлары – тексеру, сынау, баптау және реттеу.
49. Радиоаппаратураны сынау жөніндегі лаборант

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шағын қуатты радиостанцияларды, электр өлшеу және радио өлшеу аспаптарын монтаждау сапасын анықтау. Аз қуатты радиостанцияның, электр өлшеу және ІІІ сыныпты радиоқабылдағыштарды күрделі емесе аспаптарды пайдалана отырып жұмысқа жарамдылығын тексеру. Электровакуум және жартылай өткізгіш аспаптардың жұмысқа жарамдылығын анықтау. Аз қуатты радиостанцияның жекелеген блоктарының қоректену режимін өлшеу. Қағидаттық схема бойынша үлгі өлшеу жүйелерін құрастыру.

Білуге тиіс: электротехника және радиотехника негіздері; өлшеу аспаптарын мемлекеттік тексерудің негізгі ережелері мен мерзімі; ауыстырғыш радиоаппаратураның құрылысы, жұмыс қағидаты және құрылымдық ерекшеліктері; сыналатын аппаратураның сызбалары мен қағидаттық схемасын оқу ережесі; аз қуатты аппаратурада қолданылатын бөлшектер мен материалдар, олардың қасиеттері мен оларға қойылатын талаптар; аз қуатты радиостанция мен ІІІ сыныпты радиоқабылдағыштарды жинақтау; радиостанциялар мен радиоөлшеу аппаратурасын консервациялау әдістері.

Жұмыс үлгілері

1. Шам вольтметрлері – кемшіліктерін тексеру.

2. Радиошамдар - ИЛ-14 шам сынауышының көмегімен өлшемдерін тексеру.

3. ІІІ сыныпты радиоқабылдағыштар – арналық және анод кернеуі мен тұтыну тоғын өлшеу.

4. Аз қуатты радиостанциялар - антеннадағы беріліс тоғын антенна эквивалентінің көмегімен өлшеу және радиостанцияның калибраторы бойынша градуировкасын тексеру.

5. Электр өлшеу бағдарлық аспаптар - эталондық аспаптың көмегімен кемшіліктерді тексеру.


50. Радиоаппаратураны сынау жөніндегі лаборант

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр және радио өлшеу аспаптарын кешенді тексеру. Аз және орта қуатты радиостанциялардың, KB және УКВ диапазонында және ІІІ сыныпты радиоқабылдағыш құрылғылардың пеленгаторлық радиостанцияларының техникалық шарттарға сәйкестігін сынау. Радио өлшеу аспаптарының техникалық шарттарға сәйкестігін сынау үшін өлшеу жүйесін құрастыру. Аз және орташа радиостанциялардағы және ІІ сыныпты радио қабылдағыш құрылғылардағы жекелеген өлшемдердің техникалық шарттар нормасына сәйкессіздігін туындататын себептерді талдау. Сынақ жүргізуге арналған белгіленген құжаттаманы ресімдеу.

Білуге тиіс: радиоаппаратураны сынау және тексерудің техникалық шарттары; электротехника мен радиотехниканың негізгі заңдары; өлшемдер мен өлшеу аспаптарын тексерудің ережесі; аз қуатты аспаптардың радиостанцияларының қағидаттық және монтаждау схемаларын оқу ережесі; аз және орта қуатты радиостанциялар мен пеленгаторлық радиостанцияларды сынау кезінде қолданылатын радиоөлшеу аспаптары; жалпы қолданыстағы бөлшектердің МЕСТ; аз және орта қуатты радиостанцияларда қолданылатын электровакуумдық және жартылай өткізгіштік аспаптар; аз және орта қуатты радиостанцияларды жинақтау; тұрақты және айнымалы тоқ генераторы; аз және орта қуатты радиостанцияларға арналған қуатты агрегаттар мен түзеткіш құралдар.

Жұмыс үлгілері

1. Толқын өлшеуіштер - жиілікті үлгі генератордың жиілігімен салыстыру әдісімен тексеру.

2. Түзеткіш құралдар –жұмысқа жарамдылығының ТШ мен МЕМСТ-ке сәйкестігін тексеру.

3. Стандарт сигналдардың генераторы – барлық диапазон бойынша шығыс кернеуін өлшеу.

4. Магнитофондар – жұмысқа жарамдылығын тексеру.

5. ІІ сыныпты радиоқабылдағыштар – айна арнасы арқылы сезімталдығы мен әлсіреуін өлшеу.

6. Аз қуатты радиостанциялар – жиілік девиациясын өлшеу.
51. Радиоаппаратураны сынау жөніндегі лаборант

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жиіліктің екінші эталонын кешенді тексеру. Қуаты 0,5 бастап 1 квт дейінгі радиостанциялардың ТШ сәйкестігін сынау. Есептік-шешу құрылғысының ТШ сәйкестігін сынау. Көп арналы әріп теруші құрылғысын кешенді тексеру. Күрделі радио өлшеу аспаптарының ТШ сәйкестігін сынау. Сыналатын аппаратураны сынау бойынша есеп жасау.

Білуге тиіс: радиоаппаратураны сынау және тексерудің техникалық шарттары; электр өлшеу аппаратурасының мемлекеттік кепілдік құқығын алу үшін қажетті көлемде электротехника; қуаты 0,5 бастап 1 квт дейінгі қағидаттық және монтаждық схемаларды оқу ережесі; есептік-шешу құрылғысы тораптарының өзара әрекеттесуі; пеленгаторлық және қабылдап-бақылау радиоаппаратурасының антенналық жүйесі; радиоаппаратурада қолданылатын материалдар мен бөлшектердің технологиялық және электрлік қасиеттері; радио өлшеу аппаратурасы мен радиостанцияларды сынауға арналған жұмыс орындарының стенділері мен жабдықтары; жұмыста қолданылатын жұмыс және өлшеу құралы.

Жұмыс үлгілері

1. Кедергілерді өлшеуші – сәйкестігін тексеру.

2. Осциллографтар - "х" және "у" осьтерінің күшейту бойынша, жиілік кедергілерін тексеру.

3. І сыныпты радиоқабылдағыштар – ТГШ сәйкестігін тексеру.


52. Радиоаппаратураны сынау жөніндегі лаборант

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Прецизиондық радио өлшеу аспаптарының, ДЦВ генераторларының, индуктивтілік эталоны мен сыйымдылығының, 0,2 және одан жоғары сыныпты лабораториялық аспаптардың ТШ сәйкестігін сынау. Қуаты 1 квт астам радиостанциялардың ТШ сәйкестігін сынау. Кварц аспаптарының номиналға сәйкестігін сынау. Күрделі радиоаппаратураны тексеруге арналған жұмыс орындары мен стенділерінің қағидаттық және монтаждау схемаларын әзірлеу.

Білуге тиіс: тексерілетін радиоаппаратураны сынаудың техникалық шарттары; электр өлшеу аппаратурасының мемлекеттік кепілдік құқығын алу үшін қажетті көлемде радиотехника; қуаты 1 квт жоғары қағидаттық және монтаждық схемаларды, прецизиондық радио өлшеу аспаптарын оқу ережесі; дециметрлік және сантиметрлік толқындар диапазон радиоаппаратурасының антенналық жүйесі; дециметрлік және сантиметрлік толқындар диапазонының радиоөлшеу аппаратурасының құрылысы және пайдалану тәртібі; күрделі өлшеу жүйесін құрастыру; радиоөлшеу аппаратурасын бақылаудың МЕМСТ; электрондық-есептеу құрылғысын пайдалану ережесі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Дискреттік спектрді қоздырғыштар – жиілікті тексеру.

2. Желілік емес кемшіліктерді өлшеуіштер – ТШ сәйкестігін тексеру.

3. Қуаты 1 квт астам таратқыштар - каскадтың шығыс теңгерімін тексеру.



4. Жиілік эталоны – техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру.
53. Зымырандарды, аспаптар мен іске қосу құрылғыларын сынау жөніндегі лаборант

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сынақ аппаратурасын, жабдықты, стенділерді, пульттер мен құралдарды тексеруге дайындау. Аспаптарды белгіленген бағдарлама бойынша тексеру. Іске қосу құрылғылары мен бастапқы жабдықтарды жөндеу және сынауға дайындау. Іске қосу құрылғыларындағы айлабұйымдарды монтаждау және бөлшектеу. Біліктілігі анағұрлым жоғары лаборанттың басшылығымен іске қосу бұйымдары мен арнайы құрылғылардан ату өндірісі. Бұйым тізбегіндегі тоқты анықтау. Бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалану. Зымырандарды белгіленген бағдарлама бойынша тексеруге дайындау. Пневматикалық желінің шлангылары желісін зымыранға және пневматикалық жабдықтарға қосу және одан алу. Зымыранның герметикалығын немесе қозғалтқыш құрылғының жекелеген магистральдарын тексеру. Ауаның жүйеден шығатын орнын анықтау және ақаулықты түзету. Тексеру кезінде қолданылатын қысымды ауа сапасын бақылау.

Білуге тиіс: зымыран мен жинақтаушы элементтердің құрылысы мен әрекет ету қағидаттары; іске қосу құрылғыларының тораптары мен механизмдерінің құрылысы мен оларды пайдалану ережесі; орнату қозғалтқыштарының кешенді және оның орнатылуы бойынша құрылысы; зымырандар мен оқ-дәріні пайдалану ережесі; зымыранның қарапайым аспаптарының схемасы мен құрылысы; аспаптарды тексерудің техникалық шарттары; тексеруге қойылатын талаптар және тексеру бағдарламасы; тексеру мен бақылаудың технологиялық процессі; іске қосу құрылғысының тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу және құрастырудың технологиялық процессі; аспаптарды тексеру кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, пульттер мен стенділердің құрылысы мен мақсаты; қоректендіру көзінің құрылысы мен пайдалану ережесі; іске қосу бойынша нұсқаулықтар; күрделі емес сызбалар, монтаждау және қағидаттық электр схемалар.
54. Зымырандарды, аспаптар мен іске қосу құрылғыларын сынау жөніндегі лаборант

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Зымыранның күрделі электр схемасын тексеру және баптау. Іске қосу бұйымының өндірісі. Сынау кезінде аспаптарды таңдау және бұйымды бақылау схемасын құрастыру. Зымыран аппаратурасының жұмысында анықталған ақаулықты жою. Қажетті есептердің өндірісі. Электромеханикалық жару құрылғыларын тексеру үшін схемаларды монтаждау. Пневматикалық жабдықтарды пайдалану. Тексеру жүргізу құжаттама ресімдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет