Қазақстан Республикасы



жүктеу 2.66 Mb.
бет5/17
Дата22.09.2017
өлшемі2.66 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Білуге тиіс: басқару жүйесінің қағидаттық схемасы және зымыранның техникалық құжаттамасы; көлденең тексеру кезінде қолданылатын аппаратура мен бақылау-өлшеу аспаптары; көлденең тексеру жүргізу бағдарламасы; электрорадиотехника және газ динамикасының негіздері; зымыранның күрделі аспаптарының схемасы мен құрылысы; штаттық және сынақ іске қосу және арнайы құрылғыларының құрылысы; іске қосу жабдығының пульттері мен аспаптарының құрылысы мен жұмыс қағидаты; аспаптарды тексерудің техникалық шарттары, іске қосу құрылғыларын жөндеу және құрастырудың техникалық шарттары; күрделі бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы мен мақсаты; жарылғыш заттардың мақсаты, құрылысы мен жұмыс қағидаты; электродетонаторларда, электрозапалда, капсюль-детонаторларда қолданылатын жарылғыш заттардың негізгі қасиеттері; жекелеген магистральдердің герметикалығын тексерудің техникалық шарттары; герметикалығын тексеру кезінде қолданылатын пневможабдықтардың, манометрлер мен басқа да аспаптардың құрылысы; тексеру нәтижесін ресімдеу тәртібі; сызбалар, күрделігі орташа монтаждау және қағидаттық схемалар.

Жұмыс үлгілері.

1. Автопилот, борттық радиоаппаратура – жұмысын тексеру.

2. КИПС бақылау және тіркеу аппаратурасының блоктары мен тораптары – баптау және жөндеу.

3. ЗЭ27 типті бұйымдар – сынау үшін стендіге орнату, қорғаныш құрылғыларын монтаждау, ПИМ имитаторын іске қосу.

4. Бақылау-сынау аппаратурасы және әлеуетті жабдықтар – регламенттік жұмыстар өндірісі.

5. ПУ-К бақылау пульті, TT-1 немесе ЛВО-5 тестері – баптау және тексеру.

6. ПИМ – бақылай отырып жекелеп бөлшектеу.

7. Зымыран – күрделі жүйелерді жеке тексеру.

8. Зымыран – кешенді тексеру жүргізгеннен кейін қорытынды операцияларды орындау.

9. ПИМ тізбегі – кедергілерді, кернеу мен тоқты ПУ-К пульті мен тестердің көмегімен өлшеу.


55. Зымырандарды, аспаптар мен іске қосу құрылғыларын сынау жөніндегі лаборант

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі радио схемаларды құрастыру және баптау. Тексеруге дайындау және радиоаппаратураны тексеру. Радиоөлшемдерді өткізу. Іске қосу құрылғыларын сынау әдістемесінің жекелеген элементтерін өңдеу. Стенділер мен пульттердің сынақ аппаратурасын реттеу. Зымыран элементтерін аспапқа қосу. ДУ элементтерін алу және орнату, қозғалтқыш құрылғының өлшемдерін қатты жағармайда бақылау. РВ және ПИМ-ді жеке және кешенді толық тексерулерді жүргізу. Сынаудан кейін ПИМ-ді ішінара бөлшектеу, және инженердің басшылығымен толық бөлшектеу. Бұйымдарды іске қосу үшін бастапқы деректерді дайындау. Телеметриялық аппаратураның датчиктерін дайындау және оларды бұйымдарға орнату. Аппаратураның шифрін алу және оны бұйымдарға орнату. Телеметриялық деректердің шифрін алу. Есептеу жұмыстарына қажетті деректерді сынау қорытындылары бойынша дайындау.

Білуге тиіс: бұйымдарды лабораторлық сынақтар мен толық тексеру ережесі және оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулық; зымыранның аса күрделі аспаптарының схемасы мен құрылысы; радио өлшеу жүргізу ережесі мен әдістері; жеке және кешенді тексерулердің қорытындысы бойынша нәтижені бағалау тәсілдері; қабылдау-тарату құрылғыларының және импульсті радиотехниканың негізі; іске қосу құрылғыларын, сынау үшін бастапқы жабдықтарды іске қосу тәртібі; арнайы құрылғылардан бұйымдар мен атыстар жасау ережесі; күрделі сызбалар, монтаждау және қағидаттық электр схемалар.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Борттық тораптар мен бұйым элементтері – кешенді тексеру.

2. ЗЭ27 және ПИМ типті бұйымдар – жеке және кешенді тексерулерге арналған толық дайындау.

3. Бұйымдар – бақылау пультінің негізгі өлшемдерін эталон аспаптарының көмегімен тексеру.

4. Бұйымдар – кешенді сынақтарды тексеру, аса күрделі жүйелерді жеке тексеру.

5. Бақылау-өлшеу құрылғылары – тексеру және баптау.

6. ПИМ – артқы бөлігін толық бөлшектеу және арнайы жару құрылғыларын толық емес құрастыру.

7. Реле – жұмысты тексеру және реттеу.



8. Бастапқы жабдықтар – сынауға дайындау.
56. Өлшемдерді өңдеуші лаборант

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дешифрлеу және есептеу аппаратурасын жұмысқа дайындау. Кинотаспалар мен фотопластинкаларды алдын ала өңдеу. Сынау хаттамаларын және бастапқы құжаттаманы өңдеу. Дешифрлеу (есептеу) бланкісін жұмысқа дайындау. Кинотаспалар мен фотопластинкалардан өлшемдерінің мәнін алу, кинотаспаларды біліктілігі анағұрлым жоғары лаборанттың басшылығымен дешифрлеу. Фототаспаларды, диаграммалар мен осциллограммаларды есепке алу және сақтау.

Білуге тиіс: өлшемдердің мәні мен бастапқы деректердің мазмұны; өлшеу бағдарламасы, өлшемдерді бір базадан (пункттен) өңдеу әдістемесі; дешифрлеу аппаратурасы мен есептеу машинасы жұмысының қағидаттары мен оларды жұмысқа дайындау тәртібі; дешифрлеу нәтижесін жазу және ресімдеу тәртібі; фототаспаны, негативтер мен осциллограммаларлы сақтау және есепке алу ережесі.
57. Өлшемдерді өңдеуші лаборант

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз жазу кинотаспасын белгілеу, кинотаспалар мен фотопластинкаларды аппаратта дешифрлеу. Есептеу бланкілерінің әр түрлі жүйелерінде есептеу машиналарын өңдеу. Жобалау қателіктеріне түзету енгізе отырып, кинотаспаларды компарациялық өңдеу. СЕВ уақыты бойынша байлауды жүргізу. Есептеу бланкісінің негізгі формулалары бойынша іздеу өлшемдерінің есептері. Өңдеу нәтижелерінен қателерді анықтау және жою. Паспорттар мен сынақ бастапқы деректері бойынша баламалау және калибрлеу қисықтарының есептеу өлшемдерінің кестесін жасау. Оциллограммадан теректерді алу және оларды есептеу бланкісіне салу. Уақытты есептеу, жол мен жылдамдықтың көлем коэффициентін есептеу. Уақыт пен жылдамдықтан жолды анықтау. Жобалау қателіктерін түзетуді және оларды өлшеу ақпаратына енгізуді айқындау.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде математика; әр түрлі өлшеу жүйелерінің қағидаттары (оптикалық, радиотехникалық, телеметриялық); өлшемдерді бірнеше базадан (пункттен) өңдеу әдістемесі; өлшемдерді өңдеу жұмыстарының кезектілігі мен мазмұны; негізгі есептеу формулалары; жол, жылдамдық және уақыт көлемі; өңдеу және есептеу машиналарының құрылысы; бастапқы материалдар мен өлшеу бағдарламаларының мақсаты; велосимметриялық қисықтарды өңдеу ережесі; өлшеу нәтижелерін жазу және ресімдеу тәртібі; өлшеу құралдарын, аспаптар мен есептеу құрылғыларын, машиналарын пайдалану ережесі; өңдеу аспаптарының құрылысы, оларды пайдалану ережесі.
58. Өлшемдерді өңдеуші лаборант

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жұмысқа арналған өлшеу және дешифрлеу аспаптарын дайындау, орнату және түзету. Бұйымдардың бағыттаушы іске қосу құрылғыларынан түсу жылдамдығының мөлшерін және динамикалық сипатын анықтау. Кинотаспаны компарациялық өңдеу және дешифрлеу. Уақыт таспалары мен осциллограммаларды толық өңдеу. Координаттарды әр түрлі жүйелерде есептеу және бір жүйеден екіншісіне ауыстыру. Есептеу машиналарын блоктан алу. Импульс ауқымы мен артық қысымды бірінші өлшемдер бойынша анықтау. Баламалау кестесі бойынша өлшемнің абсолютті ауқымын анықтау. Кестенің құрылысы бойынша көлемді таңдау. Пайыздарды көлемнің абсолют ауқымына аудару үшін кестелер мен сызбалар жасау үшін баламалау сызғыштарын есептеу және белгілеу. Графикалық саралау әдісін пайдалана отырып, осциллограммада алынған нәтижелерді математикалық өңдеу. Ең үлкен көлемдердің кестесін жасау. Уақытша сипаттамаларды жасау. Қысым қисығының ауқымын планиметрмен өлшеу. Айналмалы жүйелердің айналым санын, датчиктер мен басқа да аспаптардың жұмыс уақытын есептеу.

Білуге тиіс: арнайы кестелер мен номограммалар; дешифрлеу мен есептеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдері, тегістеудің графикалық әдістері; әр түрлі жұмыс жағдайларында және қолданылатын өлшеу және қайталау құралдарының саны әр түрлі болған жағдайда өлшемдерді өңдеу және дешифрлеудің ерекшеліктері мен айырмашылықтары, баллистикалық сынақ жүргізу және динамикалық сипатын айқындау әдістемесі.
59. Өлшемдерді өңдеуші лаборант

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өлшемдерді толық компарациялық және математикалық өлшеу. Есептеудің екі жүйесін пайдалана отырып фотограммаларды дешифрлеу. Дешифрлеудің дәлдігін және өлшеу нәтижесін өңдеуді бақылау. Есепті кестелердің тиімді көлемін таңдау. Өлшеуді өңдеу нәтижелерін тегістеу. Таңдалған тиімді көлемдер бойынша есепті кестелерді жинақтау және орындау. Электронды есептеу машиналары үшін дайындалған бақылаулы есептік ақпараттар. Сынақ нәтижелерін барлық түзетулерді енгізе отырып, қалыпты жағдайға келтіру. Гараждық кестелер мен таблицаларды жасау. Динамикалық өлшемдердің барлық түрлерін уақыт бойынша осциллограммада байлау.

Білуге тиіс: өлшеудің (оптикалық, радиотехникалық, тензометриялық және т.б.) әр түрлі түрлерінің қағидаттары; баламалау сипаты және датчиктердің бастапқы жағдайын есептеу; өлшеу барысында анықталған жүйелік кемшіліктер, өңдеу кезінде оларды есепке алу; орталықтан тыс болуын түзетудің физикалық мәні және фильмдегі бейнелерді ауыстыру; уақытша түзетулерді енгізуге арналған эксперименттің физикалық мәні; өлшемдерді жинақтау қағидаттары мен тегістеу әдістері; есептеудің екі жүйесі және өңдеуде өлшеу кезінде пайдалану; өлшеу ақпаратын екінші қайталап өңдеу әдістемесі; өңдеуден кейін алынған өлшемдердің дәлдігін бағалау.
60. Өлшемдерді өңдеуші лаборант

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өлшемдерді компарациялық және математикалық өңдей отырып, жекелеген өлшемдерін бақылаулы тексеру. Өлшемдердің (оптикалық, радиотехникалық және т.б.) әр түрлі түрлерін бірлесіп өңдеу үшін бастапқы ақпаратты жинақтау. Түзету номограммасы мен кестелерінің тәуелділігін анықтау және оларды жұмыста пайдалану. Әр түрлі түзетулердің ақпараттарын енгізу. Фильмнің микроталдауын жүргізу. Өлшеу нәтижелері бойынша үлгі есебін жасау. өлшеу нәтижесінің статистикалық есебін жүргізу және оларды толық талдай отырып өңдеу.

Білуге тиіс: бұйымның қағидаттық құрылысы; басқарудың арнайы жүйелері бойынша есептер; өлшемдерді бірлесіп өңдеу әдістемесі; өлшемнің әр түрлі түрлерін бірлесіп өңдеу үшін бастапқы ақпаратты таңдау қағидаттары; өлшемнің барлық түрлерінің қателіктері мен дәлдігін есептеу; түзетудің номограммасы мен кестелерінің құрылысы; әмбебап баламалау кеселері мен шкалалары құрылысының қағидаттары; микроталдау қағидаттары; электронды есептеу машиналарында өлшеу нәтижелерін және оларға қажетті ақпаратты өңдеудің негізгі нұсқаулықтары; әр түрлі типтегі датчиктер жұмысының ерекшелігі және шифрін ашу; өлшемдерді өңдеу нәтижелері бойынша үлгі есеп.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
61. Сынауларға қызмет көрсетуші лаборант

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Блоктау құрылғыларын және рама-нысанды сынауға дайындау. Мишураны рамаға клеммалар немесе ашаларға орау. Жеткізу сымдарының электр өткізгіштігін тексеру. Блоктаушы құрылғыны орнату, оларды кабельдік желілерге қосу. Рама-нысанның жеткізгіш электр желісін бөлшектеу. Блоктау құрылғыларын орнату үшін орын тазалау. Қағаз нысан жасау. Рама астындағы және жалғастырушы желіні жөндеу. Баллистикалық сынақтың бастапқы деректерін журналға жазу.

Білуге тиіс: электротехника бойынша қарапайым деректер; блоктау құрылғыларының типтері мен оларды орнату ережесі; рама-нысандардың құрылысы мен олардың мақсаты; рамаларды сынауға дайындау және мишураны рамаға орау ережесі; тізбектегі электр тоғын тексеру тәсілдері; бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолданылуы; сынақ журналын жүргізу тәртібі.
62. Сынауларға қызмет көрсетуші лаборант

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Соленоиді бар электрондық хронографты және рама-нысаны бар электромагниттік хронографты блоктау схемасын монтаждау. Бір электронды хронометр мен блоктау құрылғысын пайдалана отырып сынауға қызмет көрсету. Монограммалық блоктау кезінде баллистикалық тұғырларды олардың параллельдігі мен арасындағы қашықтықты тексере отырып орнату. Магниттеу аспаптарын бұйымға қосу, бұйымның магниттелу дәрежесін тексеру және полярлығын анықтау. Соленоидті баллистикалы қатыс жүргізуге дайындау. Бұйымның кинематикалық сипаттамасын алу. Бұйым бөлшектерінің қозғалу жылдамдығын велосимметрдің көмегімен өлшеу және потенциометрлік датчиктердің көмегімен жолын өлшеу. Тензометриялық станцияларды жұмысқа дайындау, тензодатчиктерді сынақ нысанына орнату. Динамикалық сипаттаманы жазу үшін желіні салу және дайындау. Фотограммадағы, кинотаспадағы, пластинкалардағы, уақыт парақтарындағы және осциллограммадағы жазбаларды оқу. Сынушы шыны датчиктердің дайындау. Желі мен блоктау құрылғысының жұмысқа жарамдылығын тексеру.

Білуге тиіс: электротехника мен электромагнетизм негіздері; баллистикалық кабель желісі мен тарату құрылғысының схемасы; өлшеу (оптикалық, радиотехникалық, телеметриялық) құралдарының жұмысы; блоктау құрылғысына және жалғастырушы желілерге қойылатын талаптар; хронографтардың құрылысы мен қызмет ету қағидаты және орнатылуын тексеру ережесі; монограмды бақылау кезінде баллистикалық тұғыр орнату тәсілдері; соленоидтің құрылысы, оларды орнату және баллистикалық тұғырға бекіту ережесі; баллистикалық желіні тексеру тәртібі, хронографтармен байланыс желісі; уақытты, белгілеушінің кешігуін белгілеу әдістемесі; қарапайым датчиктердің құрылысы мен жұмы с қағидаттары; жарылушы шыны датчиктерді дайындау тәртібі; датчиктердің бірігуі схемасы; фототаспаны өңдеуге арналған ерітіндіні дайындау тәртібі; компастың, магниттеу аспабының құрылысы және олардың мақсаты; электр өлшеу аспаптарының құрылысы және оларды пайдалану ережесі.
63. Сынауларға қызмет көрсетуші лаборант

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Екі электрондық хронографтың, осциллографтар немесе өлшемдерді тіркеу станцияларының көмегімен сынауға қызмет көрсету. Өлшемдерді жүргізу үшін бастапқы құрылғыны дайындау. Нысанды тензоөлшеулерге дайындау, тензодатчиктер мен қысым датчиктерін орнату, тензометрлеу схемаларын құрастыру. Тензостанция арналарын теңгерімдеу, датчиктерді баламалау, жұмыс процессін жазу. Монтаждық схемалардың қоспасын дәнекерлеу. Қысымның жоғары жиілікті өлшемдерін дайындау, мембрананы баламалау. 3-шлейфті осциллографты жұмысқа дайындау. Осциллографтық өлшемдер өндірісі мен осциллограммаларды фотометриялық өңдеу. Электр өлшеу аспаптарын монтаждау схемасын бапталуын және жұмысқа жарамдылығын тексеру. Штепсель ажырамалары мен магниттеу аспаптарын жөндеу.

Білуге тиіс: радиотехника негіздері; ішкі және сыртқы баллистика туралы негізгі мәліметтер; өлшеу пункттерінің жалғастыру желілері коммутациясының схемасы; хронометрді уақыт датчигімен тексеру ережесі және тексеру нәтижесін өңдеу тәртібі; сынақ жүргізу әдістемесі; қолданылатын аспаптардың көрсеткіштерінің дәлдігіне әсер ететін өлшеу кезінде қолданылатын сезімталдығы жоғары элементтерінің (датчиктердің) құрылысы мен жұмыс қағидаты; баллистикалық желіні тексеру және баптау тәсілдері; фотография негізі, фотопленка мен осциллографтық қағазды өңдеу технологиясы; қоректендіру көздері және оның сипаттамасы.
64. Сынауларға қызмет көрсетуші лаборант

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Нысанды күрделі тензоөлшеуге дайындау. Хронометрлерді, қысымды тіркеу станцияларын, тензостанциялар мен осциллографтарды тексеру және баптау. Электрорадиосхемаларды монтаждау. Тензостанцияларды ағымдағы жөндеу. Баллистикалық кабельдерді және хронометрдің су құрылғыларының техникалық шарттарға сәйкестігін мегомметрдің, дыбыстық генератор мен осциллографтың көмегімен тексеру. Датчиктерді жөндеу. Осциллограммаларды өңдеуге тапсыру үшін оларды ресімдеу.

Білуге тиіс: электроника, оптика және телеметрия негіздері; тензометриялық станциялардың шлейфтік осциллографтардың, қысымды тіркеу станцияларының және электронды хронографтардың құрылысы мен әрекет ету қағидаты және оларды баптау тәртібі; күшейткіш аппаратураның құрылымдық схемасы; өлшем (оптикалық, радиотехникалық, тензометриялық) түрлерінің айрықшалық түрлері; тензометрлеу кезінде қызмет ететін күштер мен ішкі кернеу және материалдардың беріктік сипаты туралы негізгі ұғымдар; өлшеу кезіндегі кемшіліктер және оларды есепке алу.
65. Термоқұрылғы машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұрақты және жылжымалы автомат тоңазытқыш және қыздыру камераларына, оқ-дәрі, зымыран және темперлеуге арналған басқа да бұйымдар салынған, жалпы өнімділігі 500 мың ккал/сағ. дейінгі қыздыру құрылғыларына қызмет көрсету. Қазандықтар, қыздыру құрылғылары мен камераларын жуу, тазалау және жөндеуге қатысу. Темперлеу үшін бұйымдарды камераларға салу және одан алу. Термоқұрылғы жүйесіне қоспа салу және зарядтау. Қабылдау-тапсыру құжаттарын ресімдей отырып, бұйымдарды қабылдау және тапсыру. Құрылғының жабдықтарын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: жылу техникасы мен термодинамика жөніндегі негізгі мәліметтер; бу калориферлеріндегі ауа қыздырылатын және электрмен қыздырылатын тоңазытқыш құрылғылардың құрылысы мен жұмыс қағидаты және оларды реттеу; профильдік лагометрлердің мақсаты және оларды белгіленген температураға қою; кедергі термометрлерінің және электрондық потенциометрлердің мақсаты; бақылау-өлшеу аспаптарының, құбырлар мен арматуралардың орналасу схемасы, мақсаты мен жұмыс қағидаты; құрылғы жұмысындағы негізгі ақаулықтардың алдын алу және жою тәсілдері; жұмыс қоспасының мақсаты және оның құрамы және оны термоқұрылғы жүйесіне құю тәртібі; қыздыру құрылғысына қызмет көрсету, бұйымдарды салу, темперлеу және алу жөніндегі нұсқаулықтар; қазандықтарды тазалау және жуу тәсілдері; көтеру-тасымалдау құралдары, қызмет көрсетуші термоқұрылғылар; аммиактың қасиеттері, оны тасымалдау және сақтау тәсілдері; жоғары қысымды компрессорларды іске қосуға дайындау тәртібі; қолданылатын майлау материалдарының сорты мен техникалық шарттары; термоқұрылғының жұмысы туралы есептеме жүргізу тәртібі және сыналатын бұйымдарға қабылдау-тапсыру құжаттарын ресімдеу ережесі.
66. Термоқұрылғы машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұрақты және жылжымалы автомат тоңазытқыш және қыздыру камераларына, оқ-дәрі, зымыран және темперлеуге арналған басқа да бұйымдар салынған, жалпы өнімділігі 500 мың ккал/сағ.-тан 1500 мың ккал/сағ. дейін дейінгі қыздыру құрылғыларына қызмет көрсету. Теміржол вагондарына монтаждалған және автошанақтардағы, көшпелі атыс позицияларында арнайы қыздыру камераларына қызмет көрсету. Артиллериялық қару-жарақтың оқпандары темперлеуге арналған арнайы қыздыру құрылғыларын және +350°С - 400°С дейінгі жекелеген тораптар мен бөлшектерді монтаждау және оларға қызмет көрсету. Бу калориферлеріндегі ауа қыздырылатын және электр қазандықтарында жылу тасымалдауышты қыздыра отырып, қыздыру құрылғыларына қызмет көрсету. Тоңазытқыштар мен қыздыру құрылғыларының жұмысындағы ақаулықтарды жою және жөндеуге қатысу. Температура кестесін жүргізу.

Білуге тиіс: электротехника туралы негізгі мәліметтер; бір-екі сатылы қысымды құрылғының схемасы, құрылысы және жұмыс қағидаты; негізгі тоңазытқыш агенттердің сипаты мен қасиеттері; алдын ала тексеру жүргізу тәртібі; бұйымды белгіленген бағдарлама бойынша темперлеуге арналған құрылғының жұмыс қағидаты мен реттеу тәртібі; арнайы қыздырылатын теміржол вагондары мен көшпелі атыс позицияларындағы автошанақтарды қосу тәсілдері; +350°С - 400°С температураға дейінгі атыс позицияларында бұйымдарды қыздыру тәсілдері; оқшаулау және төсеме материалдар және олардың қасиеттері.
67. Термоқұрылғы машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Оқ-дәріні, зымыранды және басқа да бұйымдарды темперлеуге арналған, жалпы өнімділігі 1500 мың ккал/сағ.-тан 3000 мың ккал/сағ. дейін дейінгі тұрақты термо құрылғыларға қызмет көрсету. Жабдықтар мен коммуникацияны тексеру және ақаулау ведомосін жасау. жөнделген жабдықтарды сынау. Күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждау және олардың көрсеткіштерін талдау. Сынамалы қыздыру құрылғыларын сынау.

Білуге тиіс: үш сатылы қысым құрылғысының схемасы, құрылысы мен жұмыс қағидаты; арнайы салқындатылатын контейнерлер мен камераларда бұйымдарды темперлеудің технологиялық процессі; арнайы салқындату құрылғыларының көмегімен бұйымдарды тікелей атыс позициясында салқындату процессі; тоңазытқыш құрылғысын екі сатылы қысым схемасы жұмысынан бір сатылы қысым схемасы жұмысына және керісінше ауыстырып қосу тәртібі; жөндеу жұмыстарын жүргізу тәртібі және жабдықты жөндеуден кейін қабылдау және сынау ережесі; қыздыру электр агрегаттарының мақсаты, қызмет ету қағидаты мен құрылысы; қыздыру құрылғыларын - 50°С температура жағдайында сынау әдістемесі; сынау аппаратурасы мен аспаптардың мақсаты, қызмет ету қағидаты мен қолданылу тәсілдері.

Ескерту. Егер термоқұрылғыны басқару және оған қызмет көрсетуді бір машинист жүзеге асыра алмайтын болса, онда машинисттің көмекшісі тағайындалады.

Машинист көмекшісі құрылғыға қызмет көрсетуге және жөндеуге қажетті білімі болуға және оған машинистің бақылауымен қызмет көрсете білуге тиіс.

Машинист көмекшісі тиісті құрылғы машинисінен бір разрядқа төмен тарификацияланады.



Құрылғыны басқару және оған қызмет көрсетуді үшін қажетті толық білімі жоқ машинист көмекшісі тиісті құрылғы машинисінен екі разрядқа төмен тарификацияланады.

68. Жылжымалы нысан моторшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Нысанды кейін керу арқылы бір бағытта қарапайым жетекке алу кезінде қозғалтқыштың жұмысы мен арнайы жылжымалы нысанның қосымша механизмдерінің жұмысын басқару. Артиллериялық жүйеден ату кезінде әр түрлі құрылымды және әр түрлі мақсаттағы тұрақты және жылжымалы нысандарға қызмет көрсету. Қозғалыстың әр түрлі жылдамдығында механизмдерді реттеу. Құрылғы жұмысындағы қалыптан ауытқушылықтарды анықтау және оларды жою. Жылжымалы нысанға ағымдағы жөндеу жүргізу. Арқанды созу және оны күту. Арқандарға арнап қосымша блок орнату. артиллериялық атуға арналған бағыттар мен директрисаларды ату курсының міндеттеріне және жылжымалы нысан жұмысының шарттарына сәйкес жоспарлы салу. Атуға арналған тегіс макеттерді дайындау.

Білуге тиіс: ату курстарының барлық міндеттерін орындау кезінде жылжымалы нысанды ату жөніндегі нұсқаулық және қауіпсіздік шаралары; іштен жану қозғалтқыштары теориясының негіздері; механкалық аэростаттық шығырлардың, танкінің жылдамдық қораптарының құрылысы, мақсаты мен жұмыс қағидаты; жылжымалы нысанның жылжымалы агрегаттарының әр түрлі бұрышта бірнеше нысанның жүйелі жылжу қағидатына негізделген нұсқаулығы; аспаптардың көрсеткіштері бойынша жылжудың қажетті жылдамдығын алу үшін нысанның жылжуын реттеу тәсілдері; әр түрлі жылжымалы макеттердің құрылысы; нысанды басқару механизмдеріндегі ақаулықтардың сыныптамасы, пайда болу себептері, алдын алу шаралары және жою тәсілдері; жанармай мен майдың сорттары.
69. Жылжымалы нысан моторшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Нысанды кейін керу арқылы екі бағытта қарапайым жетекке алу кезінде қозғалтқыштың және жылжымалы нысанның қосалқы механизмдерінің жұмысын басқару. Жылжымалы нысанға орташа жөндеу жүргізу. Атыстарды жүргізу үшін ауқымды макеттерді дайындау.

Білуге тиіс: әр түрлі жылжымалы нысан мен қосымша механизмдердің, агрегаттар мен тораптардың құрылысы мен жұмыс қағидаты; танк макеттерін жылжытуға арналған жылжымалы механизмдердің құрылысы; үздіксіз қозғалатын арқан қағидатына негізделген жылжымалы нысанның жылжымалы агрегаттарының құрылысы; ақаулық ведомосін жасау, сызбалар мен схемаларды оқу.
70. Атыстарды бақылап-қабылдаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жақын қашықтықта жерде және бөгеттерге (қалқан, пакля, құм, жоңқа, броня және бетон қабырға) шағын калибрлі снарядтармен сынақ атыстарды қабылдау. Гранатометтен атуды қабылдау және атыс позициясына жақын жерде граната жинақтау. Жұмсақ топырақты құрастыру алаңдарында снарядтар мен арнайы бұйымдарды қазу. Алаңда жиналған снарядтарды тасымалдау. Қалқандағы ойықтардың координаттарын анықтау. Жерден жинақтау алаңында снаряд іздеу. Ұстағыштардан снаряд корпусын таңдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет