Қазақстан Республикасы



жүктеу 2.66 Mb.
бет8/17
Дата22.09.2017
өлшемі2.66 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Жұмыс үлгілері

1. Арнайы рецептурадағы оқ-дәрілер – жою.

2. Тәжірибелі жарғыштар – қопаруға дайындау.

3. Өт өткізгіш пілте немесе тұтандырғыш – үйкелеп тұтандырғыш көмегімен жағу.


99. Полигон жұмысшысы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Блиндаждар мен басқа да далалық құрылыстардың мұнараларын жұмыс жағдайында ұстау. Атыс алаңында тыйым салу белгілерін орнату. Алаң аумағының сым қоршауларын жөндеу. Жүктер мен материалдарды тиеу, түсіру, қатарлау және тасу. Атыс алаңының аумағынан өтетін жолды шлагбауммен жабу. Атыс алаңының бекітілген учаскелерін қадағалау. 1 метрге дейін котловандар мен траншеялар қазу. Дирекция бағытын талдардан тазалау. Сынақтан кейін қалқандағы тесіктерді белгілеу.

Білуге тиіс: алаңның аумағы және оның шекарасы; алаңның бекітілген учаскесі бойынша өтетін жолдар және қауіпті аймақтардың шекарасы; мұнаралардың, блиндаждардың, атыс позициясы мен бақа да далалық құрылыстың орналасу жері; жеке құрамның орналасу орны; дирекция бойынша жүргізілетін атыстың бағыты; жүктер мен материалдарды жинау ережесі; котловандар мен траншеялар қазу амалдары; ғимаратқа жол тарту және салу кезінде қолданылатын құралдар; топырақ түрлері; көтергіш көлік құралдарын пайдалану ережелері; оқ-дәрінің міндеті және оларды пайдалану ережесі; тесіктерді белгілеу тәсілдері; сынақтар жүргізген кездегі
100. Полигон жұмысшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым конфигурацияда нысаналы жағдай жасау және сынақ жүргізу үшін нысананы орындарына орналастыру. Бұйымдарға арналған тұғырықтар жасау және орнату. Жанармай құятын бактарды тұғырықтарға орнату. Үгінді, құм, шымтезек және пакляларды ұстағыштарды дайындау. Снарядтармен қиратылған дирекция бағандарын ауыстыру. Қадағалаушы блиндаждар мен шапқыларды ағымды жөндеу. Орларды қолмен тазалап, атыс алаңының мелиоративті жүйесін қалпына келтіру. Бекіткіш құрылғысымен 3 м дейін тереңдікте котлован қазу. Сызбалар бойынша тәжірибе жүргізетін құрылысты бөлу және жол тарту. Қарапайым конструкциялы тәжірибе жүргізетін құрылысты салу. Тәжірибелі құрылыстарды полигонды сынауға қатысу. Жұмыс аяқталғаннан кейін алаңдарды ажырату. Сынақ атыстарының басталғаны және аяқталғаны туралы ескерту сигналдарын беру. Жарық сигналдары мен прожекторларды қосу және сөндіру. "Әуені" және сигналдарды қадағалау, атыс алағының үстінде ұшақ пайда болғаны туралы атыс жөніндегі кезекшіні ескерту. Үздіксіз жұмыс істейтін пеште құм кептіру және оны броньшұңқырға беру. Жарылған бұйымдардың сынықтарын құрастыру. Жанармайды бактарға құю.

Білуге тиіс: атысты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық; жүктерді тасымалдағыш құралдарға қатарлау ережесі; қарапайым құрылысты орындарға бөлу және жол тарту ережесі; тәжірибелі конструкциялар салу; химиялық (токсикологиялық) бақылау құралдарымен далалық жағдайда жұмыстар жүргізу нұсқаулығы; алаңға тәжірибе жүргізілетін малдарды, химиялық (токсикологиялық) бақылау құралдарын орналастыру и тәжірибе аяқталғаннан кейін оларды жинау ережесі; химияға қарсы қор,ау құралдарын пайдалану ережесі; газсыздандыру негіздері; атыстың басталуы және аяқталуы туралы белгі беру және жарық сигналдары мен прожекторларын қосу ережесі; нысаналарды орналастыру және оларды сынақтан кейін өңдеу ережесі; сынықтарды жинау ережесі; өлшегіш құрал және оны пайдалану ережесі.
101. Полигон жұмысшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Атыс алаңының дирекциясын жабдықтау және оларды күту. Дирекция бағыттарын белгі қойып ілу және оларды өлшегіш лентасымен өлшеу. Сынақ жүргізу үшін секторларға, цилиндрлерге және басқа да нысаналарға арналған алаңдарды бөлу және белгілеу. Тақтайлы секторлар, цилиндрлер, сондай-ақ биіктігі 4 метрге дейін фанералы және қалқанды тақтайлар жасау. Ағаштан жасалған кедергілердің (трамплиндер, бағандар және т.б.) құрылғысы және жөндеу. Арнайы құрылыстарға арналған тереңдігі 3 метрден артық шахта құдықтарын жасау. Қадағалау мұнаралары мен тригонометриялық белгілерді жөндеу. Сыналатын техниканың су тосқауылдары арқылы өтуі үшін ағаштан жасалған өткелдер мен арнайы көпірлер жасау және жөндеу. Атыс алаңын қоршауға арналған барлық элементтер орнатылған және дайындалған тікен сыммен қоршау. Алаңдарға және оған кіреберіс жерлерге төселген қиыршық тас және ұсақталған тас кесек жабындарын жөндеу. Химиялық (токсикологиялық) бақылау құралдарымен күрделі емес күнделікті далалық жұмыстарды орындау, тәжірибе жүргізуге дайындау және оны алаңда жүргізу. Берілген көлбеулер мен бейіндерді келтіру; реперлерді орнату. Далалық жағдайдағы күрделі конструкциялы тәжірибе жүргізетін құрылыстарға ұсақ жөндеу жүргізу. Қопару үшін бұйымдарды тұғырықтарға орнату. Лақтыру әдісімен оқ-дәрілерді сынау. Бұйымдарды цилиндрлерге ілу және оны құммен (үгінділермен) жабу. Сынықтарды өлшеу және оларды топтар бойынша сұрыптау.

Білуге тиіс: атыс алаңының дирекциялар құрылғысының ережесі; арақашықтықты өлшеуге және орындарға топографиялық нүктелерді бекітуге қойылатын негізгі талаптар; өлшеу лентасын, рейканы және компасты пайдалану ережесі; қалқандардың, жаймалар мен ағаш кедергілердің конструкциясы және жасау тәсілдері; кіреберіс жолдарын жөндеу түрлері; жер құрылыстарын топтастыру тәсілдері; күрделі конструкциялы тәжірибе жүргізетін құрылыстарды орындарға топтастыру және жол тарту ережесі; күрделі құрылыс сызбалары мен эскиздерін оқу ережесі; далалық химиялық (мөлшерлеп өлшегіш, токсикологиялық) бақылау құралдарын, сондай-ақ айрықша ластанған аспаптарды пайдалану ережесі; арнайы заттардың күрделі емес сынамаларын іріктеу ережесі; техниканы, малдарды газсыздандыру (арнайы өңдеу) амалдары және газсыздандыратын және жуатын қоспалар туралы негізгі мәліметтер; тростарды беріктікке тексеру ережесі; оқ-дәрілерді жару ережесі; сынықтарды өлшеу және топтарға сұрыптау ережесі.
102. Полигон жұмысшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Биіктігі 4 метрден жоғары қалқандар жасау және жөндеу. Атыс алаңында блиндаждар мен басқа да арнайы құрылыстарды жөндеу. Нивелир мен буссоль бойынша қопару алағында әр түрлі конструкциялы нысаналарды орнату. Атыс алаңындағы кіреберіс жолдар мен арнайы алаңдарды жұмыр тастармен және ірі шағылған тастармен қатайту. Алаңдардағы және кіреберіс жолдардағы бетон және темірбетон конструкцияларын бетондау. Сызбалар бойынша күрделі конструкциялы тәжірибе жүргізетін құрылыстарды орындарға топтастыру және жол тарту. Химиялық (токсикологиялық) бақылау құралдарымен күрделі емес күнделікті далалық жұмыстарды орындау, тәжірибе жүргізуге дайындау және оны алаңда жүргізу. сынамаларды іріктеу және оларды талдау орындарына жеткізу. Далада тәжірибе жүргізу кезінде қолданылатын аспаптар мен құрылғыларды теңшеу, реттеу және ағымды жөндеу.

Білуге тиіс: оптикалық аспаптардың (буссоль, теодолит пен нивелир) құрылғысы және пайдалану ережесі; аспаптардың құрылғысы, жұмыс істеу принципі және тәжірибе параметрлерін айқындау үшін теңшеу ережесі; топырақты қопарумен дайындау ережесі; бетон қоспаларының, дайын темірбетон конструкциялары мен бұйымдарға қойылатын талаптар; көпірді салу және жөндеу ережелері мен тәсілдері; ағаш құрылыстардың негізгі элементтері; бөлшектерді қарапайым және күрделі шаппалармен біріктіру тәсілдері; құбырлардың, плиталардың, балка мен өтпе жолдардың қалыптарын орнату ережесі мен тәсілдері; арнайы заттарды индикациялау жолдары мен тәсілдері; тәжірибе жүргізілетін заттарды станоктарға орналастыру ережесі мен амалдары; арнайы заттармен ұшынғандарға дәрігерге дейін көмек көрсету шаралары; нивелир мен буссольді қолданып, нысаналарды орнату ережесі.
103. Радиоэлектронды аппаратура мен аспаптарды жөндеу жөніндегі радиомеханик

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі емес радиоэлектронды аппаратура мен аспаптарды бөлшектерге, тораптар мен блоктарға бөлшектеу. Аппаратураның тораптары мен электр элементтерін құрастыру кезінде қарапайым слесарлық жұмыстарды (үгу, қолмен және станокта ерікті өлшемде тесіктер тесу, көп қолданылмайтын бұрандаларды кесу, қабыршақтарды алып тастау және т.б.) орындау. Металл бөлшектерді және қатты оқшаулағыш материалдардан жасалған бөлшектерді тойтармалармен, бұрамалармен және желімдеп біріктіру. Сымдар мен жгутты, ажыратқыштар мен ұштамаларды дәнекерден ажырату және оларды үлгі бойынша дәнекерлеу. Көп талшықты (20 талшыққа дейін) кабельдердің ұштарын өңдеу. Монтаждау сымдарын, ұштарын тазалап және қалайылап дайындау. 10 дейін сымы бар қарапайым монтаждау жгуттарын шаблонда тоқу. Қарапайым монтаждау схемасы бойынша өткізгіштердің ұштарын өңдеп және дәнекерлеп, экрандалған және жоғары жиілікті кабельдерді төсеу. Шаблондар бойынша жұмсақ және иілгіш сымдарды қатарлау. Жекелеген сымдар мен бөгеттерді оқшаулау және экрандау. Жіп және металл бандаждарын жапсыру. Күрделі емес антенна құрылғыларын жөндеу және жасау. Жалпы мақсатқа арналған жекелеген ақау бөлшектерді (бұйымдарды) ауыстыру. Блоктарды, тораптар мен бөлшектерді шаңнан, ластан және коррозиядан тазарту.

Білуге тиіс: едәуір кең таралған аспаптардың, КИП және құралдардың міндеті, сондай-ақ оларды пайдалану ережесі; жұмсақ және қатты схемаларды шаблон бойынша монтаждау тәсілдері; электр радиоэлементтердің негіздерін қалыптау тәсілдері және шағын схемалармен жұмыс істеген кезде қойылатын талаптар; оқшаулау материалдарының, флюстердің, дәнекерлеу кезінде қолданылатын дәнекерлердің міндеті және қолдану; дәнекерлеу тәсілдері және оларға қойылатын талаптар; квалитеттердің (класс дәлдігі) шартты белгілері және кедір-бұдырлық (өңдеу тазалығының кластары) параметрлері; орталау мектеп бағдарламасы және өндірістік оқу бағдарламасы көлемінде электротехника жөнінде қарапайым мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

1. Радиорелейлік станцияның қуатты қалқан автотрансформаторлары – орамдарды қайта ораусыз жөндеу.

2. "Наклонный луч" типті антенна – жасау, орнату және бекіту.

3. Жоғары жиілікті тығыздау, далалық үлгідегі телефондау және телеграф аппаратурасы – блоктарға бөлу.

4. ТАИ-43, ТАИ-53, ТА-57 типті телефон аппараттары – бөлшектерді, дектер мен желі клеммаларын тазарту.

5. Көшпелі радиостанцияның дірілтүрлендіргіш блоктары – фильтр конденсаторын ауыстыру.

6. Блоктар, платалар, ажыратқыштар – дәнекерлерді жуу.

7. Блоктар – тұйықтағыштарды орнатып, резисторлар мен конденсаторларды қосу.

8. Штепсель ашалары, ажыратқыштар мен фишкалар – құрастыру.

9. Шағын телефон гарнитурасы – фишкаларды ауыстыру.

10. ГШСД шуларының генераторлары – блоктарға бөлшектеу.

11. СУ-104 желілік-аппаратура қалқандарының ұяшықтары мен клеммалары – тотық пен күйіктен тазарту, қарапайым клеммалар мен ұяшықтарды ауыстыру.

12. Оқшаулау панельдеріне арналған ұяшықтар – ұштамалар мен тұйықтағыштарды орнатып құрастыру.

13. Бекіткіш бөлшектер – үгу, бұрандаларды қолмен кесу, ауыстыру.

14. Дроссельдер, орауыштар, конденсаторлар – дәнекерлеу.

15. Монтаждау жгуттары – ұштарын өңдеу, үлгі бойынша дәнекерлеу.

16. Жерге қосу – экрандаушы өрмелерді бекіту үшін өңдеу.

17. С2-2 модуляциясын өлшегіш – тораптарды жуу және тазалау.

18. Сигнал лампаларының кабельдері – байланыстырғыш ажыратқыштарды ауыстыру.

19. Біріктіргіш кабель – ұштарын өңдеу, ұштамаларды дәнекерлеу, орамаларды өңдеу.

20. 3 талшыққа дейінгі қуатты кабельдер, біріктіруші сымдар – жекелеген сымдарды ауыстырып жөндеу, кабель талшықтарын тексеру және таңбалау.

21. Сыртқы біріктіру кабельдері – орағыштарға орау.

22. Кварц фильтрлерінің орағыштары – шығару шеттерін тазалау және дәнекерлеу. .

23. СТ-2М клавиатуралы комбинаторлар – жуу, тазалау.

24. П-19НП типті желілі-телеграфты коммутаторлар - телефонды-телеграфты блоктың сымдарын өңдеу, қалайылау және бітеу.

25. Әр түрлі контактілер – қол және механикалық престерде және автоматтарда контакт серіппелеріне престеу.

26. Ажыратқыш контактілері, ажыратқыштағы тесіктер, контакт алаңдары – қызмет көрсету.

27. Телефонды және телеграфты (далалық) концентраторлар мен коммутаторлар – блоктарға бөлшектеу.

28. Радиорелейлі станцияларды қосу қораптары – бөлшектеу, тазарту.

29. Телефонды бөліп-таратқыш қораптар - құрастыру.

30. Жай тартқыштар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

31. Көшпелі муфталар – бөлшектеу, тазарту.

33. П-310 типті аппаратураның "Таратуды күшейткіштер" плата панельдері, алдыңғы – бөлшектеу.

33. Кювет ксиметрінің платалары – тұйықтағыштарды дәнекерлеп орнату.

34. Платалар, панельдер, гетинаксты, текстолитті, шыны-текстолитті қалыптар – тесіктерді алдын ала тесіп алып станокта бос тойтармаларды біліктеп, байланыстырғыш жапырақшаларын орнату.

35. П-310 типті аппаратуралардың дифференциалды жүйелерінің платасы – дәнекерлерді қалпына келтіріп, схема бөлшектерін тазарту.

36. Салынған өлшеу аспаптары – ауыстыру.

37. Көшпелі радиостанцияның қабылдау-таратқыштары – аралық жиілікте блоктардан экрандарды түсіру, блокты тазалау және жуу.

38. Сымдар – резеңке түтікке немесе өрмекке кіргізу, штуцерде бітеу.

39. Резеңкеден және басқа материалдардан жасалған төсемдер – ойықтар ою, тесу.

40. Сымды реостаттар – орау.

41. П-312 типті аппаратура блоктарындағы тұрақты сыйымдылықтың кедергілері және конденсаторлары – қолжетімді жерлерде ауыстыру.

42. П-316 типті аппаратураның төмен жиілікті күшейткіштерінің тағандары – блоктарға бөлу.

43. Телевизорлар – құрастыру және тұтқаларды, планкаларды, кнопкаларды орнату.

44. Трансформаторлар, конденсаторлар, кідіріс желілері – орнату және панелдерге бекіту.

45. Бұрыштамалар, қапсырмалар, балқығыштар, ұстағыштар – орнату және төлкелер мен тойтармаларды біліктеу.

46. Есептеуіш аппаратураның тораптары мен ячейкалары – қарапайым операциялық монтаждау.

47. Катодты бір каскадты УЗ-1 күшейткіштер – механикалық бөлігін бөлшектеу және жөндеу.

48. Антенна фидерлері – сыртқы кінәраттарды жою.

49. СУ-205 желілік-аппарат қалқандары – бөлшектерді тазалау, жуу.

50. Радиорелейлік станциялардың телеграфты және телефонды желілерін қосуға арналған қалқандар – клеммдерді, электр дыңғырларды, фишкаларды ауыстыру.

51. Радиорелейлік станциялардың зарядтау қалқандары – бөлшектерді түсіру және оларды тазалау.

52. Желілік қалқандар – түсіру және бөлшектеу.

53. Электр радиоэлементтер – шықпаларды түзету және қалыптау, шықпаларды кесіп және келтіріп қалайылау және орнату.

54. Кузовты жарықтандыру және радиотехникалық құралдарды блоктау элементтері – сымдарды ауыстырып жөндеу.
104. Радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптарды жөндеу жөніндегі радиомеханик

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Радиостанцияларды, радио құрылғылар мен аспаптарды, кабельдерді және автомобиль кузовтары мен тіркемелерінің жгуттарын демонтаждау. Радиоэлектрондық аппаратура мен сымды байланыс аппаратурасының қарапайым аспаптарын, тораптарын, панель мен плата блоктарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және реттеу. Құрастырылған бұйымдарды полярлыққа, үзілуіне, қысқа тұйықталуына және дұрыс қосылуына құралдарды пайдалана отырып, сынақ жүргізу және тексеру. Белгілеу, бұрғылау, иілту, желімдеу, дәнекерлеу, желімдеу және басқа да қарапайым механикалық құрастыру жұмыстары. Слесарлық өңдеу және бөлшектер мен тораптарды 12-14 квалитет (5-7 класс дәлдігі) бойынша келтіру. Жекелеген тораптарды шағын элементтерде монтаждау. Кабельдер мен сымдарды өңдеу.

Білуге тиіс: жөнделетін бұйымдардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципі; құрастыру кезінде қолданылатын материалдар мен электр радиоэлементтердің атауы, таңбалау және негізгі қасиеті; қарапайым жгуттарды монтаждау схемасы бойынша байлау; жөндеу кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының, құрылғылардың және слесарлық құралдардың міндеті және қолдану шарттары; квалитеттер (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлық параметрлері (өңдеу тазалығының класы); орта мектеп бағдарламасы және өндірістік оқу бағдарламасы көлемінде электротехника жөнінде қарапайым мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

1. Дециметрлі антенналар - құрастыру.

2. Көп қуатты дипольді радиостанция антенналары – жасау.

3. Барлық типтегі қабылдаушы-тапсырушы радиотехникалық құрылғылардың антенналары – жартылай тіркемелерді демонтаждау.

4. П-312 типті бір каналды аппаратура – тіреулерді тораптарға бөлшектеу.

5. Радиоөлшеуіш аппаратура – операциялық монтаждау.

6. TAИ-43, ТАИ-53, ТА-37 типтік телефон аппараттары, П-193-М типтік коммутаторлар – монтаждау схемасын (жгуттар) ауыстыру.

7. ТА-37 типті телефон аппаратурасы – күшейткіштің бірінші және екінші каскадтарының кернеулерін тексеру.

8. Радиолампасыз блоктар – демонтаждау және жинақтау.

9. Тығыздаудың жоғары жиілікті аппаратураның блоктары, механизмдер – құрастыру.

10. Түзеткіш блоктар – шассилерді, лампалы панельдерді, трансформаторларды, дроссель мен клемма платаларын орнату.

11. Радиостанцияның УКВ жоғары жиілікті блоктары – антеннаның нобайлап теңшеу ауыстырып-қосқыштарын ауыстыру.

12. Толқынжолдарына сырттай қосылатын толқынжол блоктары – демонтаждау.

13. П-312 типтік аппаратура генераторларының блоктары – кернеу картасы бойынша кернеу шамасын өлшеу.

14. Коммутаторлардың блоктары – ұяшықтарды тексеру және ауыстыру.

15. Қарапайым механизм қондырғылары бар лампалы блоктар – құрастыру, механикалық реттеу.

16. Қоректендіргіш блоктар – лампа панельдерін ауыстыру.

17. Көшпелі радиостанциялар түрлендіргіштердің блоктары – трансформаторды ауыстыру.

18. Толқынжолдардың, арнайы құрылғылардың, сәуле жинақтарының блоктары – платаларды орнату және бекіту, жалпы құрастыру.

19. Реле блоктары – құрастыру және монтаждау.

20. Қызмет байланысының блоктары – статикалық режимде тексеру.

21. Тонды таратқыштардың блоктары – кедергі картасына сәйкес электрлік тізбектерді тексеру.

22. Телефон және дауыс зорайтқыш байланысы құрылғысының блоктары – бөлшектеу.

23. Орташа қуатты радиостанцияның қуатын күшейткіш блоктар – сыйымды потенциометрді ауыстыру.

24. Басқару мен коммутацияны басқару тізбектерінің блоктары – бөлшектеу.

25. Ішкі байланыс тізбектерінің блоктары (ІБТБ) және коммутаторлардың сынақ блоктары – тораптарға бөлшектеу.

26. Күрделі емес толқынжолдар – иілту және слесарлық өңдеу.

27. ВЗ-2А – типті лампалы вольтметрлер – блоктарды тораптар мен бөлшектерге бөлшектеу.

28. Проекциялық телевизорға арналған түзеткіштер - монтаждау.

29. Қашықтықтағы байланыс аппаратурасын түзеткіш – монтаждау.

30. Магнит қалпақшалары - өзекшелерді құрастыру.

31. Кассеталар мен блоктарды бағыттап тұратын аппарат шкафтарының "шынжыр табандары" - құрастыру.

32. Ұстағыштар, бұрыштамалар, төлкелер, кронштейндер – орнату, бекіту.

33. Радиоэлектрлі аппаратура блоктарының жгуттары – дәнекерлеп демонтаждау.

34. "Толқын" типті бұйым дискілер қозғалысы механизмінің жгуттары - сыңғырлату, оқшаулау кедергілерін өлшеу, жгут жасау және ауыстыру.

35. ЯХ-62-32832 жгуттар – жасау.

36. Кабельдер – жоғары жиілікті экрандалған тізбектерді монтаждау, тігу.

37. Көп талшықты кабельдер – дәнекерлеу.

38. Коаксиалды кабель – жоғары жиілікті ажыратқыштарды өңдеу және дәнекерлеу.

39. 10 талшықты қосқыш кабельдер, экрандалған – байланыс ажыратқыштарын ауыстыру, оқшаулау кедергілерін өлшеу.

40. 45-1 кварцты калибраторлар – электр өлшеу аспаптарымен электр схемаларын тексеру.

41. Радиорелейлік станциялар тіреулерінің қаңқалары – блок аралық монтажды тексеру, өтпелі қалыптарды ауыстыру.

42. Трансформатор орағыштарының қаңқасы – құрастыру.

43. Шағын габаритті магнитофон кассеталары – құрастыру.

44. Қарапайым трансформаторлардың орағыштары – қайта орау.

45. Электр магнитті орағыштар –толық электр монтаждау.

46. Орағыштар – орамдарды тұйықтығына тексеру және дербес индукциясын өлшеу.

47. Кинескоптар, динамикалары – орнату және бекіту.

48. СТА-2М қосқыш-тоқтатқыш аппараттарының клавиатурасы – құрастыру.

49. Шабатын-қосылатын клапандар - байланыс серіппелерін ауыстыру.

50. КТРД типті кілттер – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

51. Отыз есе жанасқан қалыптар - жөндеу.

52. ФРМ, ФШМ типтік бұйымдардың қалпақшалары; ПРМ, ПШМ типтік бұйымдардың корпустары; ФМТ, СА және ВД типтік бұйымдар – құрастыру.

53. П-193-М типтік коммутаторлар – орағыштардың кедергілерін өлшеу.

54. ИК-2 өлшеу жинақтары – блоктарға бөлшектеу.

55. Ауыспалы сыйымдылықтың конденсаторлары – құрастыру және верньерге келтіру.

56. Қоректендіргіш тораптарындағы электролиттік конденсаторлар – ауыстыру.

57. Р-400 радиорелейлік станцияның көлемді контурлары – монтаждау сапасын тексеру.

58. Қабылдағыш-таратқыштың аралық және жоғары жиілікті контурлары – монтаждау.

59. Магнитофондар – ПГК ауыстырып-қосқышты құрастыру.

60. 3-класс қабылдағыштардың механизмдері, верньерлік теңшеу – бөлшектерді ауыстыру және реттеу.

61. Микросхемалар, диодты және транзисторлы матрицалар, резисторлы блоктар – құрылғыларда өткізгіштерді қалыптау, қалайылау.

62. Модульдер, микромодульдер, дроссельдер, аралық жиілікті фильтрлер – құрастыру, дәнекерлеу және монтаждау.

63. Лампалы панелдер, диодты платалар – құрастыру.

64. Лампалы панелдер, планкалар, өтпелі қалыптар, сақтандырғыштар – жөндеу.

65. Сигнал патрондары және лампа ұстағыштар – құрастыру.

66. 2-класс қабылдағыштары диапазондарын ауыстырып-қосқыштар – жөндеу.

67. Жоғары жиілікті және дестелі ауыстырып-қосқаштар, аттенюаторлар мен верньерлік құрылғылар – ауыстыру.

68. Платалар, панелдер – қолмен және престе пистондарды, төлкелерді, жапырақшаларды, тойтармаларды, қадалықтарды біліктеу.

69. Көп қабатты баспа платалары – дайындамаларды кесу, шаблон бойынша контурларды аралау, құрастыру, арматуралау.

70. Телевизор платалары – радиоэлементтерді дәнекерлеу.

71. Электр сағаттарының платалары – байланыстырғыштарды, электр лампаларды дәнекерлеу.

72. АВО-5, АВО-3, ЛВ-9-2 типтік аспаптар – монтажды қосындыларды тексеру және оны жөндеу.

73. Радиостанцияның УКВ қабылдағыш-таратқыштары – ауыспалы конденсатор блоктарын ауыстыру.

74. Барлық типтегі радиоблоктар – бөлшектер мен өткізгіштерді таңбалау.

75. 1 және 2-класс радио қабылдағыштары – жоғары жиілікті контур блоктарында жанастыра салынған конденсаторларды ауыстыру.

76. 3-класс радиоқабылдағыштары – лампалы панельдерді ауыстыру.

77. Барлық типтегі радиотехникалық құрылғылар антенналары жетектерінің редукторлары – демонтаждау.

78. Ауыспалы сымсыз резисторлар – кедергі магазиндері бар MC-1, МС-4 көпірлерді қолданып, электр параметрлерін тексеру.

79. Реле, контакторлар, жоғары жиілікті және штепсельді ажыратқыштар – байланыстырғыштарды тотық пен күйіктен тазарту.

80. Қарапайым реле – құрастыру.

81. РПС типтік реле – шықпа ұштарын байланыстырғыш бұрамаларға дәнекерлеу және шапқы қалыптарының пышақтарын қалайылау.

82. СУ-204 және СУ-205 синхронды таратқыш құрылғылар автотуралаудың реостаты - орау, құрастыру және токты реттеу шектерін тексеру.

83. Қашықтан байланысу аппаратурасы фильтрлерінің секциялары – монтаждау.

84. Фокустаушы, ауытқушы жүйелер – монтаждау.

85. Феррорезонансты тұрақтандырғыштар, уақыт релесі – бөлшектеу.

86. Ток айналдырғыштар – бөлшектерге бөлу және жөндеу.

87. Трансформаторлар, дроссельдер – орамдарды қайта орау.

88. Трансформаторлар – трансформациялау коэффициентін, орам ассиметриясын, бос жүріс тогын, орамдардың кедергілерін және оқшауларды тексеру.

89. Көшпелі пеленгаторлардың антенналық құрылғысы – жөндеу.

90. Телеграфты функционалдық фильтрлер – аспаппен тексеру.

91. Шкафтар, тіреулер – жөндеу.

92. Коммутатор шнурлары – біріктіргіш желілердің штепсельдеріне шнур парларын бітеу.

93. Телефон және телеграф желілеріне қосылуға арналған желілік қалқандар – Ц-52 аспабы бойынша көшпелі ажыратқыштарды тексеру.

94. Автомобильді релелік станциялардың зарядтау қалқандары – жөндеу және ТУ сәйкестілігіне тексеру.

95. Желілік-телеграфтық коммутаторлардың қоректендіргіш қалқандары – тораптардың сымды бірігулерін дәнекерлеу.

96. Дыбыстық сигнал берудегі жарық индикацияларының қалқандары – бөлшектеу.

97. Қуатты қалқандар, негізгі және таратқыш қораптар – бөлшектеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет