Қазақстан Республикасы


§ 248. Сорғы қондырғыларының машинисті



жүктеу 4.71 Mb.
бет15/25
Дата24.09.2017
өлшемі4.71 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
§ 248. Сорғы қондырғыларының машинисті

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 3000 нан 10000 м3/ч астам су, пульпа және басқа жабысқақ емес сұйықтардың жиынтық өндірістілігі бар түрлі жүйедегі құбырлы сорғылар мен сорғылармен жабдықталған сорғы станцияларының (аралық станция, қондырғы) қызмет көрсетуі. Қозғауыштар мен сорғыларды іксе қосу, жұмыс режімін реттеу және тоқтату. Әр-қайсысы 1000 до 3000 м3/ч су өнімділігі бар сорғылармен құрылыс алаңдары мен жорық жағдайларында сорғы агрегаттары мен сорғылардың және әр-қайсысы 600 м3/ч өнімділігі бар сорғылармен вакуум-сорғы және инесүзбелі қондырғылардың қызмет көрсетуі. Сорғылардың 18000 м3/ч астам метанәуелі қоспа жиынтық өндірістілігі бар көмір шахталарының сорғы агрегаттары мен сорғылардың қызмет көрсетуі. Қызмет көрсетілетін учаскенің жүйесінде сұйықтың, газ және пульпаның берілген қысымымен қамтамасыз етілуін бақылау. Анағұрлым жоғары білікті машинисттің басшылық етуімен трансформаторлы аралық станциясының қызмет көрсетуі. Сорғы жабдығының, оның ішінде технологиялық жабдықтың электр қозғауыштары мен электр сызбаларының ақаулықтарын анықтау және жою. 1000в. астам күш және жарықтық электр қондырғыларының қызмет көрсетуі. Орташа күрделілігі бар электр техникалық жұмыстарды орындау. Учаскенің электр жабдығының жүктемесін реттеу. Жөндеуге ақаулық ведомосін құру.

Білуге тиіс: түрлі жүйедегі құбырлы сорғылар және вакуум-сорғылар, поршеньді, орталықтан тепкіш сорғылардың құрылымы және құрылымдық ерекшеліктері; аванкамера, құбырлар, құдық желісі мен бақылау-өлшеу аспаптарының орналасуы және құрылымы; электротехника, гидравлика және механика; қызмет көрсетілетін электрқозғауыштар, тұрақты және ауыспалы тоқты генераторлар, трансформаторлар, үлестіру құрылғыларының аппаратуралары, электр желілері мен электр құралдарының құрылымы; сорғы қондырғыларының барлық жабдықтарын іске қосу және тоқтату ережелері; жабдықтар жұмысындағы ақаулықтарды жою және апаттардың алдын-алу; өртке қарсы қорғаныс, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың нормалары мен ережелері (3 біліктілік тобы көлемінде электр қондырғыларының қызмет көрсетуі кезінде)
§ 249. Сорғы қондырғыларының машинисті

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 10000 нан 15000 м3/ч астам су, пульпа және басқа жабысқақ емес сұйықтардың жиынтық өнімділігі бар түрлі жүйедегі құбырлы сорғылар мен сорғылармен жабдықталған сорғы станцияларының (аралық станция, қондырғы) қызмет көрсетуі. Әр-қайсысы 3000нан 5000 м3/ч астам сорғылардың өнімділігі бар өнеркәсіптік суалғылар мен құрылыс алаңдарындағы, жорық жағдайында сорғылар мен сорғылық агрегаттардың қызмет көрсетуі. Трансформаторлы аралық станцияның қызмет көрсетуі. Жетекті қозғауыштардың, арматура және қызмет көрсетілетін учаскедегі суқұбырларының үздіксіз жұмысын, сондай-ақ желідегі судың қысымын қадағалау және бақылау. Айналым суын салқындату үшін градирнидің қызмет көрсетуі. Сақтандырғыш құрылғылары мен автоматикасы, бақылау-өлшеу аспаптары, күрделі сорғы жабдығын реттеу және қарау. Сорғы қондырғылар жұмысындағы күрделі ақауларды табу және алдын-алу.

Білуге тиіс: түрлі жүйедегі сорғы және түтіксорғылар, қозғауыштарымен жабдықталған қуаттылығы мол сорғы қондырғылары жабдықтарының құрылымы; аванкамера, құдықтар, құбыр және сүзбелердің орналасу схемасы мен құрылымы; қызмет көрсетілетін учаскенің сумен жабдықтау графигі; электржабдықтарын тоқ кернеуінің ұлғайып кетуінен қорғау әдістері; электржелілерінен бағытты алусыз жұмыстарды жүзеге асыру ережелері; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану, олардың құрылысы, белгіленуі; өртке қарсы қорғаныс, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың нормалары мен ережелері (4 біліктілік тобы көлемінде электр қондырғыларының қызмет көрсетуі кезінде)
§ 250. Сорғы қондырғыларының машинисті

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 15000 м3/ч астам су және пульпа жиынтық өндірісі бар құбырсорғылар мен сорғылармен жабдықталған сорғы станцияларының қызмет көрсетуі. Әрқайсысы 5000 м3/ч астам су өнімділігі бар құрылыс алаңдары мен өнеркәсіптік суалғыларда, жорық жағдайында сорғы агрегаттары мен сорғылардың қызмет көрсетуі. Жетекті қозғауыштардың, арматура және қызмет көрсетілетін учаскедегі суқұбырларының үздіксіз жұмысын, сондай-ақ желідегі судың қысымын қадағалау. Аса күрделі сорғы қондырғылары, суқысымды құрылғылар, бақылау аспаптары, автоматика және сақтандырғыш құрылғыларын реттеу және қарау. Сорғы қондырғыларындағы неғұрлым күрделі ақауларды анықтап, жою. Жөндеуден өткен жабдық жүктемесімен сынау және тексеру. Күш және жарықтандырғыш қондырғылардың қызмет көрсетуі. Бақылау- өлшеу аспаптарын ауыстыру. Технологиялық процесті автоматты реттеуімен электр жабдығының қызмет көрсетуі. Электртехникалық жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою және тексеру.

Білуге тиіс: түрлі жүйедегі құбырсорғы және сорғылармен, қозғалтқышпен жабдықталған, үлкен қуаттылығы бар сорғы қондырғылар жабдығының құрылымы; аванкамера, құдық, құбырлар мен сүзбелердің құрылымы мен сызбасы; қызмет көрсетілетін жабдықтың автоматикасы мен телемеханикасы; қызмет көрсетілетін жабдықтың сынау жүргізу әдістері; қызмет көрсетілетін объектінің (учаскесінің) толық электрлік сызбасы; автоматтық реттеу аспаптары мен бақылау- өлшеу аспаптарының жөндеу жұмыстары; өртке қарсы қорғаныс, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың нормалары мен ережелері (5 біліктілік тобы көлемінде электр қондырғыларының қызмет көрсетуі кезінде)
§ 251. Бу машинасының және локомобильдің машинисті

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 30 кт дейін қуатымен бу машинасына және локомобильге қызмет көрсету. Машинаны қосу, тоқтату және жұмыс жылдамдығын реттеу. Қазандық отынын жағу және отынның жану процесін реттеу. Қазандықты сумен қуаттандыру. Локомобиль қазандығындағы будың қысымын бақылау- өлшеу аспаптары бойынша қадағалау. Қазандықты тазалау, машинаның бөліктері мен көмекші механизмдерді майлау. Бу машинасы мен локомобильдің жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Машинаның жұмысы туралы журнал жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін бу машинасының, локомобильдің және көмекші жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; жылу технкиа бойынша негізгі мәліметтер; бу машинасын және локомобильді қосу және тоқтату ережесі; бу қазандықтарына қызмет көрсету бойынша қазандық қадағалау ережесі; құбырлардың және қазандықтар арматурасының сызбасы бу қазандықтарын тазалау тәсілі; жабдық жұмысындағы ақаудың пайда болу себептері және оның алдын алу мен жою тәсілдері; бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы және белгіленуі.

30 кВт артық қуатымен бу машинасына және локомобильге қызмет көрсету кезінде- 4-разряд.


§ 252. Ауыстырып тиегіштердің машинисті

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пневматикалық ауыстырып тиегіштердің күштік камералық қондырғыларын басқару, қосу және тоқтату. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша пневматикалық ауыстырып тиегіштердің камералық қондырғыларының механизмдер жұмысын реттеу. Пневматикалық ауыстырып тиегіштердің камералық қондырғыларының механизмдерінің жұмысында ақауларды анықтау және өз бетімен жою. Ауыстырып тиегіштердің механизмін жоспарлы- алдын ала жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: пневматикалық ауыстырып тиегіштердің камералық қондырғыларының құрылысы; қарапайым және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптары мен құрылғылардың құрылысы, белгіленуі және пайдалану шарттары; пневматикалық ауыстырып тиегіштердің камералық қондырғыларына жөндеу жүргізу ережесі.
§ 253. Ауыстырып тиегіштердің машинисті

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық ауыстырып тиегіштердің күштік камералық қондырғыларын басқару, қосу және тоқтату. Агрегаттардың ең үлкен өнімділігін пайдалануды ескерумен бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша гидравликалық ауыстырып тиегіштердің камералық қондырғыларының механизмдер жұмысын реттеу. Дизель-генераторлардың, турбосорғылардың, құбылардың және басқа механизмдердің жұмысын қадағалау. Ауыстырып тиегіштердің механизмдеріндегі жұмыста ақаулықтарды анықтау және өз бетімен жою.

Білуге тиіс: пневматикалық және гидравликалық ауыстырып тиегіштердің және көмекші механизмдердің құрылысы; агрегаттардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою тәсілдері; ауыстырып тиегіштердің механизмдерін реттеу; ерекше күрделі бақылау- өлшеу аспаптары мен құрылғылардың құрылысы, белгіленуі және пайдалану шарттары; ауыстырып тиегіштерге және барлық механизмдерге жөндеу жүргізу ережесі.
§ 254. Ауыстырып тиегіштердің машинисті

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балқымалы пневматикалық ауыстырып тиегіштердің күштік камералық қондырғыларын басқару, қосу және тоқтату. Агрегаттардың ең үлкен өнімділігін пайдалануды ескерумен бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша ауыстырып тиегіштердің механизмдерінің жұмысын реттеу. Балқымалы пневматикалық ауыстырып тиегіштердің механизмдерінің жұмысындағы ақауларды анықтау және өз бетімен жою. Ауыстырып тиегіштерге қызмет көрсететін жұмысшыларға нұсқама жүргізу.

Білуге тиіс: балқымалы пневматикалық ауыстырып тиегіштердің және көмекші механизмдердің құрылысы және және кинематикалық сызбалары; агрегаттардың жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды жою тәсілдері; балқымалы пневматикалық ауыстырып тиегіштердің механизмдерін реттеу; бақылау- өлшеу аспаптарын және құрылғыларды баптау ережесі.
§ 255. Өлшеу- орау машиналарының машинисті

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті машинистердің басшылығымен өлшеу- орау машиналарында, жартылай автоматтарда және автоматтарда дайын өнімді жәге бұйымдарды өлшеу және орау процесін жүргізу. Этикеткаларды орау және жабыстыру сапасын мерзімді бақылау. Саны бойынша оралған бұйымдардың санын тексеру. Әр түрлі бұйымдарды бір- бірден қағазға, фольгаға, целлофанға және бұйымдарды орауға қолмен берумен орайтын машина- жартылай автоматтарда басқа орау материалына орау. Әр түрлі сұйық өнімді банкілерге, шөлмектерге, флакондарға, жинағыштарға, мөлшерлегіштерге және т.б. құю процесін жүргізу оны жартылай автоматты машиналарда тығындау. Ыдыстың өніммен толтырылу деңгейін реттеу. Қызмет көрсететін жабдықты жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықты жұмыс қағидасы; бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; ілеспе құжаттарды ресімдеу тәртібі; өнімнің сапасына қойылатын талаптар; өнімді орауға және өлшеуге техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; машиналарды орау- қаптау материалымен тиеу тәсілдері; сұйықтықтардың құюдың және ыдысты тығындаудың технологиялық режимі.
§ 256. Өлшеу- орау машиналарының машинисті

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өнімнің қжетті көлемін немесе мөлшерін мөлшерлейтін, өлшейтін, бөлетін құрылғысы бар, орау- өлшеу машиналарында, автоматтарда және жартылай автоматтарда әр түрлі қатты, паста тәрізді, сусымалы және дана өнімдерді (тауарларды) және бұйымдарды берілген көлемі, массасы немесе саны бойынша өлшеу және орау процесін жүргізу. Өнімнің (тауардың) порциясын дайын пакеттерге, қораптарға, қаптарға немесе олардың дайындамаларына автоматты орау. Пакеттерді, қаптарды және қораптарды тігу, сонымен қатар этикеткалармен жапсыру (орау). Мөлшерлеуші құрылғының бункеріне өнім тиеу. Машиналарды өлшеу- орау матеиалдарымен, қағазбен, пергаментпен, фольгамен, пакеттермен, қаптармен, қораптармен, дайындамалармен, желіммен, сыммен тиеу. Әр түрлі бұйымдарды бір- бірлеп қағазға, фольгаға, целлофанға және оавтоматыт қуаттандырғыштардың, өздігінен ораушылардың немесе асқа тасымалдау құрылғыларының көмегімен бұйымдарды орауға автоматыт берумен орайтын машина - автоматтарда, өлшеп - ораушы агрегаттарда басқа қаптау материалына орау. Әр түрлі сұйық өнімді ыдысқа құю процесін жүргізу және оны сағатына 12000 бөтелкеге дейін өнімділігімен автоматты машиналарда тығындау. Бөтелкелерді толтыру дұрыстығын қадағалау. Қызмет көрсетілетін жабдықты ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықты құрылысы; өнімді өлшеу және орау, безендіру сапасына қойылатын талаптар; берілген көлемге, массаға, санға мөлшерлегіштерді реттеу ережесі; орау процесінде орау материалдары мен өнім шығындарының мүмкін нормалары; жабдық жұмысындағы олқылықтарды жою тәсілі; өлшенетін өнімнің ассортименті, массасын, саны, көлемі стандарттары және айрықша белгілері; оралатын бұйымдарға техникалық шарттар; өнімнің және бөтелкелерді сыртқы безендірудің сапасына қойылатын талаптар.
§ 257. Өлшеу- орау машиналарының машинисті

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі сұйық өнімді ыдысқа құю және сағатына 12000 және одан да көп бөтелке өнімділігімен автоматты машиналарда оны орау процесін жүргізу. Шарапты тұнбасынан бөлуге арналған және шампан бөтелкелерін сүзу мен толтырып құюға арналған арнайы аппараттар мен құрылғылардың көмегімен декантация әдісімен шарап пен шампанды бөтелкеден екінші бөтелкеге құю. Автоматтарда термотұнатын полиэтилен қабыршаққа өнімді салу, бандерлеу және орау процесін жүргізу. Қабыршақты дайындау. Машиналарды азық- түлік коммуникацияларына қосу. Құю желісінің автоматты машиналарына- мөлшерлеуші, ораушы, құйғыш, тығындаушы, шайқайтын, бракеражды, этикеттеуші, салушы, ораушы машиналарға қызмет көрсету. Өз бетімен жөндеу кезінде орайтын машиналарға қызмет көрсету. Құйылатын өнімнің температурасы мен қысымын реттеу. Өнімді өлшеу және өлшеп беру. Жұмыс режимдерін өз бетімен анықтау, жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: автоматты машиналарда құюдың, ораудың технологиялық режимі; қызмет көрсететін машиналардың және тасымадаушы жүйелердің құрылысы; бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; электротехника негіздері, өнімді беру, бандерельдеу және бандерельденген өнімді қабыршаққа термоөңдеу технологиялық сызбасы.
§ 258. Өлшеу- орау машиналарының машинисті

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Прес- орау машинасына қызмет көрсету. Қызмет көрсететін жабдықты тексеру, дайындау және қосу және бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша оның жұмысын реттеу. Келтек құбырға бос пакеттерді беру және кигізу. Автоматика және қоршау құралдарының жұмысын, майдың және қысылған ауаның қысымын бақылау. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеу. Машиналарды майлау, машиналар мен көмекші құрылғылардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Орта және күрделі жөндеулерге қатысу.

Білуге тиіс: гидравликалық пресс- орау машинасының және көмекші агрегаттар мен механизмдердің, сорғылардың, сүзгілердің, таразының, жиектегіштердің құрылысы және кинематикасы; май жетектерінің сызбалары; майлау режимдері.
§ 259. Скрепер машинисті (скреперист)

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тиеу- түсіру жұмыстарын орындау кезінде 2,25 куб. м дейін скрепердің көлемімен скреперлік тиегішті басқару және қызмет көрсету. Скреперлік тиегіштің барлық механизмдерін ағымдағы жөндеу жасау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін скреперлік тиегіштердің құрылысы; сигнал беру ережесі; скреперлік тиегішке ағымдағы жөндеу жасау ережесі; бақылау- өлшеу, арнайы және әмбебап құралдар мен құрылғылардың белгіленуі және пайдалану шарттары.
§ 260. Скрепер машинисті (скреперист)

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тиеу- түсіру жұмыстарын орындау кезінде 2,25 куб. м артық скрепердің көлемімен скреперлік тиегішті басқару және қызмет көрсету. Скреперлік тиегіштің барлық механизмдерін орта және күрделі жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: әр түрлі скреперлік ауыстырып тиегіштердің құрылысы; жөндеу жұмыстарын жасау ережесі; скрепердің жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері; бақылау- өлшеу, арнайы және әмбебап құралдар мен құрылғылардың құрылысы.
§ 261. Суыту қондырғыларының машинисті

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті машинистің басшылығымен компрессорларға, сорғыларға, конденсаторларға, буландырғыштарға, ауасуытқыштарға, құбырлар мен суыту қондырғыларының арматурасына, сондай-ақ мұз өндірісі бойынша қондырғыларға қызмет көрсету. Қондырғылардың механизмдерін тазалау, майлау және зарядтау және қызмет көрсететін жабдықты, аппаратура мен құбырларды ағымдағы және жоспарлы- алдын алу жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: компрессорлардың, сорғылардың, конденсаторлардың, буландырғыштардың, ауасуытқыштардың жәгесуыту қондырғыларының басқа жабдығының құрылысы туралы негізгі мәліметтер; бақылау- өлшеу аспаптарының, құбырлар мен арматураның орналасу және орнату сызбасы; қондырғы жұмысындағы олқылықтардың алдын алу және жою тәсілдері; суыту агенттерінің номенклатурасы; қызмет көрсететін машиналарды майлау ережесі; қолданылатын майлайтын материалдардың түрлері мен сорттары.
§ 262. Суыту қондырғыларының машинисті

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 2,1 млн. кДж/ч дейін (500000 ккал/сағ* дейін) қосынды суық өнімділігімен суыту қондырғыларына, сондай-ақ мұз өндірісі бойынша қондырғыларға қызмет көрсету. Суыту қондырғылары жұмысының аса тиімді режимін ұстап тұру. Аммиак және сулы сорғылардың, ресиверлердің, конденсаторлардың, буландырғыштардың және суыту қондырғыларының басқа механизмдерінің жұмысын реттеу. Қозғалтқыштардың, құбырлардың, арматураның, аспаптар мен аппаратураның ақаусыздығын қадағалау. Агрегаттардың және суыту қондырғыларының жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Ревизия жүргізу және жабдық пен коммуникацияларды жөндеуге ақау тізімдемелерін құру. Жөндеу жұмыстарының барлық түрлеріне қатысу. Жөнделген жабдықты қабылдау және сынау. Индикаторлық диаграммаларды алу. Буландырғыштарға берілетін суытатын агенттің сапасын, сондай-ақ компрессорлардағы қысым мен температурны бақылау. Аауысымдағы анағұрлым төмен разрядты машинистердің жұмысына басшылық ету. Суыту агенті мен электр энергиясының шығыны мен қондырғының жұмысы туралы жазулар жасау.

Білуге тиіс: әр түрлі жүйелердің суыту қондырғыларының конструкциялық құрылысы; суыту процесінің бөлігінде физиканың негізгі заңдары; құбырлардың, арматураның, автоматты реттеу аспаптарының және бақылау құралдарының орналасу сызбасы; салқын өндіру технологиялық процесі және суыту қондырғыларының пайдалы әсер коэффициенті; изотопты деңгейөлшеуіштердің, электрондық көпірлердің, тұзды шұралардың және басқа бақылау- өлшеу аспаптарының, электр жетектерінің құрылысы; электр жетектерін қосу және сөндіру; жабдықты жөндеуден кейін қабылдау және сынау ережесі; қондырғының техникалық және есептік құжаттамасын жүргізу тәртібі мен нысаны.

2,1 -артық 6,3 млн. кДж/сағ дейін (500000 артық 1,5 млн. ккал/сағ дейін) қосынды салқын өнімділігімен қондырғыларға қызмет көрсету кезінде-4-разряд;

6,3 артық 12,6 млн. кДж/сағ дейін (1,5 артық 3 млн. ккал/сағ дейін) қосынды салқын өнімділігімен қондырғыларға қызмет көрсету кезінде-5-разряд;

12,6 млн. кДж/сағ артық (3 млн. ккал/сағ) қосынды салқын өнімділігімен қондырғыларға қызмет көрсету кезінде - 6-разряд.



* - Қондырғының қуаты қалыпты калориямен анықталған.
§ 263. Қатар қалыптаушы машинаның машинисті

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бағдарламанатын құрылғылардың көмегімен қаптардағы, пакеттердегі темір кен шикізатын, жүктерді берілген биіктікті қатарларға тасу және жинау кезінде қатар қалыптаушы машинаны басқару. Машинаны қосуға дайындау, бағдарламанатын құрылғылардың көмегімен оны автоматты жұмысқа ауыстыру. Машинаның жұмысын, ауаның қысымын, майдың деңгейін қадағалау. Әу сүзгісін тексеру және одан суды ағызу. Фотореле жұмысын тексеру, оларды баптау және линзаларды тазалау. Қаптардағы, пакеттердегі темір кен шикізатын, жүктерді машинаға дер кезінде беруді бақылау. Қатар қалыптаушы машинаның жұмысындағы олқылықтарды анықтау. Машинаға ағымдағы жөндеу жасау.

Білуге тиіс: қатар қалыптаушы машинаның құрылысы, кинематикасы, басқару сызбасы, реттеу ережесі, майлау, көмекші механизмдердің және агрегаттардың өзара әрекеттестігі; бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы; машинаның қажетті жұмыс режиміне баптау ережесі.
§ 264. Эксгаустер машинисті

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті машинистің басшылығымен эксгаустерлер мен көмекші жабдыққа қызмет көрсету: қуаттандыру механизмдеріне, шиберлік құрылғыларға, қоршау, екінші коммуникациялар тізбектеріне және жетектерге, май сорғыларына, весциндік сүзгілерге және т.б. Жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың, механизмдердің және қосу аппаратурасының құрылысы; механизмдерді майлау кезеңділігі мен тәртібі; белгіленген жарықтық және дыбыстық сигнал беру ережесі.

§ 265. Эксгаустер машинисті

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Эксгаустерлер мен көмекші жабдыққа қызмет көрсету: қуаттандыру механизмдеріне, шиберлік құрылғыларға, қоршау, екінші коммуникациялар тізбектеріне және жетектерге, май сорғыларына, весциндік сүзгілерге және т.б.. Эксгаустерлерді қыздыру және оларды жөндеуден кейін ортаға дәл келтіру. Газдарды соруға арналған сорғыларды реттеу және пештерде ауырлық күшін жасау үшін, жеңіл материалдардың орнын ауыстыру үшін сиретуді қолдау: шашты, қылшық, ағаш жоңқаларын және т.б. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштерінің жазуларын жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың, механизмдердің және қосу аппаратурасының кинематикасы мен электрлік сызбалары; ауыспалы тоқтың жоғары вольтты қозғалтқыштарының құрылысы; майлау материалдарының сорттары.
§ 266. Спорттың техникалық түрі жөніндегі механик

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Спорттық техника, қару, әр түрлі спорттық жабдықтарды жөндеу және күту, олардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту және жетілдіру. Сабақ және жарыс процестеріндегі ақауларды табу, реттеу, жөндеу және жою. Спорттық техникалардың сипатын жақсарту жөнінде техникалық шарттар мен талаптарды жетілдіру. Техниканы, жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді, ыстық майлайтын материалдардың және олардың қажеттік есебін есепке алу.

Білуі тиіс: Спорттық техникалар, қарулар, қолданылған жабдықтар мен құрылғыларды жөндеу және реттеу, қалпына келтіру, пайдалану ережелері мен тәртібін; техниканың, арулардың, жабдықтардың жұмысын тексеру тәсілдерін; спорт түрінен жарыстың ережесін; қызмет көрсететін техника жұмысының тәртібін және конструкциялық ерекшеліктерін, қысқаша сиппатамасын; ережелер мен қаупсіздік шаралары, өртке қарсы қорғану және тазалық жөніндегі нұсқауларды.

Ерекше күрделі спорттық техникаларды, қаруларды, әр түрлі спорттық жабдықтарды реттеу және жөндеу жұмыстарын орындау-5- разряд.

Ерекше күрделі спорттық техникаларды, қаруларды, әр түрлі спорттық жабдықтарды реттеу және жөндеу жұмыстарын жеке тапсырыспен орындау-6-разряд.
§ 267. Механикалық күректің мотористі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Механикалық күрекке қызмет көрсету. Жүктерді түсіру кезінде механикалық күректің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Механикалық күректің ақаулықтарын анықтау және жою. Өңделінетін материалдардың түріне байланысты агрегаттың жұмысын реттеу. Электрмоторларды орнату және ортаға келтіру. Электркүштік сымды жинақтау және бөлшектеу. Механикалық күрекке ағымдағы жөндеу жасау.

Білуге тиіс: механикалық күректің және көмекші механизмдердің құрылысы; материалдарды тиеу, түсіру және орын ауыстыру кезінде сигнал беру әдістері мен ережесі, электромонтаждау жұмыстары туралы қарапайым мәліметтер, арқанды тұтастыру тәсілдері.
§ 268. Электрқозғалтқыштардың мотористі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Желдету және түтін сору қондырғыларының, қожкөтергіштердің, эксгаустерлердің, скреперлік жүкшығырлардың, қазандық және жылу беру қондырғыларының электрқозғалтқыштарына немесе 100 кВт дейін қосынды қуатымен электрқозғалтқыштары бар басқа қондырғыларға қызмет көрсету. Қызмет көрсететін механизмдерді жұмысқа дайындау, жұмыс режимін реттеу және тоқтату. Механизмдердің және агрегаттардың жұмысындағы олқылықтарды анықтау. Ағымдағы жөндеу орындау. Жабдықты орта және күрделі жөндеуге қатысу. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін журналға жазу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың және агрегаттардың жұмыс қағидасы, жұмыс режимі; электротехника бойынша негізгі мәліметтер; қазандық қондырғыларда шиберлердің орналасуы және оларды басқару ережесі; күл алу қағидалары; қондырғылардың өнімділігін реттеу тәсілдері; қазандықтардың және қазан қондығыларының жұмыс істеу қағидасы және газағарлардың сызбалары; бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және оларды пайдалану ережесі; газдарды сору процесінің және ауа ағынының қазандықтардың жұмыс режиміне әсері.

100 кВт артық қосынды қуатымен электрқозғалтқыштарға қызмет көрсету кезінде - 3-разряд.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет