Қазақстан Республикасы


§ 269. Баллондар толтырушы



жүктеу 4.71 Mb.
бет16/25
Дата24.09.2017
өлшемі4.71 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
§ 269. Баллондар толтырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Берілген қысыммен баллондарды газдармен немсе химиялық заттармен толтыру рампасында толтыру. Коммуникацияларға және рампа арматурасына қызмет көрсету. Толтыруға арналған баллондарды толтыру рампасына беру және қосу. Толтыру деңгейін, сондай-ақ аспаптар бойынша рампадағы қысымды бақылау. Баллондарды қысылған және сұйылтылған газбен толтыру бойынша автоматты аспаптардың жұмысын реттеу. Өздігінен жабылатын клапандардың күйін тексеру. Құбырлардың жабдығын, оттегі арматурасын және толтыру қондырғыларын ағымдағы жөндеуге қатысу. Толтырылған баллонларды рампадан ағыту және тасып шығару, оларды тасымалдау және қатарластырып жинау. Газдар мен химиялық заттардың жіктелуіне байланысты баллондарды бояу және таңбалау. Баллондарды толтыру бойынша құжаттама жүргізу. Баллондарға паспорттарды тексеру және толтыру.

Білуге тиіс: қысыммен газдарды немесе химиялық заттарды алудың технологиялық процесі туралы негізгі мәліметтер; толтыру рампасының жұмыс істеу қағидасы; тіреу- реттеуші арматураның, сақтандыру құрылғылары мен құбырлардың орналасу сызбалары; газдардың немесе химиялық заттардың құрамына байланысты баллондарды бояу түстері; газдың ағып кетуін және құбырларда судың пайда болуын анықтау және жою тәсілдері; баллондарды толтыру, тасымалдау және сақтау кезінде қысым астындағы баллондарды ұстай білу ережесі; бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары.
§ 270. Баллондар толтырушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Станцияларда және арнайы қондырғыларда баллондарды оттегімен немсе басқа газбен толтыру. Баллондарды сұйық хлормен, фторлы сутегімен, фреонмен толтыру. Баллондарды станцияларға беру және оларды толтыруға арналған қондырғы. Баллондардың толтырылу деңгейін бақылау. Станцияларда және қондырғыларда баллондарды толтыру бойынша автоматты аспаптардың жұмысын реттеу. Құбыр бойынша оттегіні беру. Толтыру рампасын, құбырлардың арматураны және баллондарды ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: қысыммен газдарды немесе химиялық заттарды алудың технологиялық процесі; толтыру рампасының, станциялардың және баллондарды толтыруға арналған қондырғының құрылысы; станцияларда және қондырғыларда баллондарды қосу және толтыру ережесі; бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.
§ 271. Баллондар толтырушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Газ толтыратын компрессорлық станцияның газ құю бағаналарында автомобильдердің баллондарын қысылған табиғи газбен толтыру. Газ баллондарын қарау және ақауға шығару. Газ құю бағаналарында құбырлардың, шекқұбырлардың, бекітпе және сақтандыру арматураның қосылыстарын герметикалыққа тексеру. Газ құю бағаналарында және автомобильдердің баллондарында газдың қысымы бойынша автомобиль баллондарының толтырылу деңгейін бақылау. Автомобильдердің баллондарын қысылған табиғи газбен толтыру кезінде бақылау- өлшеу аспаптарының және сигнал беру құралдарының жұмысын тексеру. Автомобильдердің баллондарында газдың температурасы мен қысымы бойынша деректерді диспетчерге беру. Газ құю бағаналарының және автомобильдердің сақтандыру клапандарының ақаусыздығын тексеру. Газ құю бағаналарын ағымдағы жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: газ құю бағаналарының құрылысы; автомобиль газ толтыратын компрессорлық станцияда қысылған табиғи газды өндіру технологиясы; табиғи газдың физикалық- химиялық қасиеттері; әр түрлі автомобиль баллондарының құрылысы және сипаттамалары; автомобильдердің баллондарын қысылған табиғи газбен толтыру ережесі мен нормалары; жіберілген газды есептеу тәртібі мен нысаны; қызмет көрсетілген автомобильдерді тіркеу ережесі; бақылау- өлшеу аспаптарының және автоматиканың құрылысы және пайдалану ережесі; қызмет көрсететін жабдықты қауіпсіз пайдалану ережесі.
§ 272. Цианийлік ерітінділерді бейтараптандырушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электродты пештерде, бейтараптандыру ванналарында және басқа жабдықта цианийлік және басқа улы қалдықтар мен термиялық өндіріс ыдыстарын бейтараптандыру процесін жүргізу. Ұсақталған цианийлік тұздарды электродты пештерге және бейтараптандыру ванналарына порциялармен жүктеу. Залалсыздандыратын реагенттерді дайындау. Механизмдердің, сорғылардың, булық кептіргіштің, электродты пештің, центрифуганың, бактың, араластырғыштың жұмысын бақылау.

Білуге тиіс: электродты пештің, бейтараптандыру ванналарының және улы қалдықтарлы бейтараптандыру үшін қолданылатын басқа жабдықтың құрылысы; бейтараптандырушы заттар, әр түрлі қалдықтар мен ыдыстарды бейтараптандыру үшін олардың мөлшерлемесі; ванналар мен пештерде әр түрлі қалдықтарды ұстау деңгейі; цианийлік қосылыстармен уланған кезде алғашқы жәрдем көрсету ережесі.
§ 273. Жүк тасушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жолаушылардың ауыспалылық кезінде жүктерін қолмен және арнаулы арбалардың көмегімен қызмет көрсету. Жолаушыларды вокзалдың қызметтік және басқа да жайларының орналасуы туралы хабардар ету. Қажеттілік жағдайларда транзиттік теплоходтардан, ұшақтардан және поездардан почталарды қабылдау. Жүктердің араласпай сақталуын қамтамасыз ету.

Білуі тиіс: вокзалдың қызметтік және басқа да жайлараның орналасуын; жүктер мен қол заттарын дайындау ережесін; аэродром, вокзал, теплоходтар мен поездар, ұшу аппараттарының маңында жылжыту ережесін; самолеттердің, поездардың, теплоходтардың жүру кестесін; жүктерді таңбалау тәртібін.
§ 274. Қаптаушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағаш шеберлігі бұйымдарын жөндеу кезінде қаптау материалын алу. Қаптау материалдарын жұмысқа дайындау. Желім дайындау. Анағұрлым жоғары білікті қаптаушының басшылығымен қатты және жартылай жұмсақ жиһазды қаптау.

Білуге тиіс: қаптау материалын қарапайым ағаш шеберлігі бұйымдарынан алу және бөлшектеу тәсілдері; жіктер мен жиектердің негізгі түрлері; қарапайым құрылғылар мен қаптау құралдарының белгіленуі және пайдалану шарттары; қаптау жұмыстарына арналған материалдардың атаулары.

Жұмыс үлгілері

1. Түймеліктер және мақта тоқтетіктер - дайындау.

2. Жартылай жұмсақ жиһаз – қайта жасау мен жөндеу үшін бөлшектеу.
§ 275. Қаптаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатты және жартылай жұмсақ жиһазды сызулар мен эскиздер бойынша аз бағалы материалдармен қаптау бойынша қарапайым және орта күрделі қаптау жұмыстарын орындау. Қаптау материалдарын үлгілер мен шаблонлар бойынша пішу және оларды тігін машиналарында тігу. Бір уақытта түптеумен серіппелі негізге сымды торды тарту. Мақтаны немесе басқа материалдарды серіппе негізге төсеу. Қарапайым үлгілер мен шаблондарды сызу және дайындау. Ақауларды жою және қаптау материалдарын бояу.

Білуге тиіс: қарапайым қатты және жартылай жұмсақ жиһаздың және қапталуға тиісті басқа ағаш шеберлігі бұйымдарының құрылысы; қаптау материалдарын пішу ережесі; қаптау материалдарының сорттары мен белгіленуі; әмбебап және арнайы құрылғылардың белгіленуі және пайдалану шарттары; тігін машиналарының жұмыс істеу қағидасы; жіктердің, тігістердің және көмкерулердің қарапайым түрлері; қаптау материалдарының ақауларын жою тәсілдері; байқалмайтын жамаулар салу, білдірмей торлау және басқ.

Жұмыс үлгілері

1. Есіктер - қаптау.

2. Жиналмалы койкалар – кенеппен қаптау.

3. Жазбаша үстелдердің қақпақтары - дермантинмен және мауытпен жабу.

4. Қап тігетін мата, миткаль, кенеп, мауыт – үлгілер мен шаблондар бойынша пішу, машинада түзу тігіспен тігу.

5. Матрастардың, дивандарының және орындықтардың серіппелері- жинақтарды іріктеп алу, орнату және негізге бекіту.

6. Дивандарға және матрастарға арналған рамалар- кенепті және қаптаманы тарту.

7. Орындықтарға арналған отыратын жерлері мен арқалар қатты және түкті- қаптау.

8. Арқалар, жастықтар және автомобильдердің отыратын жерлерінің дамылдаулары - қымбат емес қарапайым материалдармен қаптау.

9. Жиналмалы орындықтар, тербелмелер, шезлонгілер - кенеппен немесе кілемшемен қаптау.

10. Дөңгелек орындықтар - қаптау.
§ 276. Қаптаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатты және жартылай жұмсақ жиһазды қаптау бойынша күрделі қаптау жұмыстарын және сызулар мен эскиздер бойынша жұмсақ жиһазды аз бағалы материалдармен қаптау бойынша орта күрделі қаптау жұмыстарын орындау. Жұмсақ жиһазды жабық аз бағалы материалдармен жөндеу және бұрынғы қалпына келтіру. Тігін машиналарында бүрмелеулерді, перделерді, шымылдырықтарды, портьерлерді дайындау. Құнсыз тұсқағаз материалдарды белгілеу және пішу. Тұрғын үй, өндірістік, мұражай және басқа үй- жайларды тұсқағаздық ішкі өңдеу. Сызулар мен эскиздер бойынша күрделі пішулер, шаблондар мен трафареттер дайындау. Барлық жүйелердің тігін машиналарын жөндеу.

Білуге тиіс: жұмсақ жиһаздың ассортименті және құрылысы; үй- жайларды ішкі қаптау тәсілдері; әр түрлі қаптау материалдардың ассортименті, қасиеттері, сапасы мен белгіленуі; қаптау құралдарының, әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылысы; тігін машиналарының құрылысы және жөндеу тәсілдері; қаптау материалдарында ақауларды жою тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Жеңіл автомобильдер, жүк таситын автомобильдер және автобустар - машиналардың кабиналарын және орындықтарын тұсқағаздық ішкі өңдеу.

2. Жолаушылардың қатты, ашық және купелі, жүктік, пошталық және облыс аралық вагондар - ішкі қаптау.

3. Терімен жабылған серіппелі кішкене біліктер - даярлау.

4. Тура дивандар мен кушеткалар, серіппелі матрастар – жаңаларды бағалығы аз материалмен қаптау және ескілерін жөндеу.

5. Қылдық жартылай жұмсақ толтырумен креслолар мен орындықтар – отырғышы мен арқасые терімен қаптау.

6. Емханаларға арналған қылдық толтырумен кушетка – терімен қаптау.

7. Ауаүрлейтін терілер (темір соғатын)- резеңкеленген матадан даярлау.

8. Матрастардың, дивандар мен орындықтардың серіппелері – шпагатпен байлау, тоқтату және бітеу.

9. Сағаттарға, өлшеу тұтқаларына, зергерлік және басқа бұйымдарға арналған қаптар – қаптау немесе жапсыру.

10. Шымылдықтар–бағалығы аз материалдармен қаптау.
§ 277. Қаптаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сызулар мен эскиздер бойынша көркем жұмсақ жиһазды дайындау мен қаптау және үй- жайларды бағалы материалдармен- терімен, пүлішпен, атласпен өңдеу бойынша күрделі қаптау жұмыстарын орындау. Бағалы материалдармен қапталған жұмсақ жиһазды жөндеу және бұрынғы қалпына келтіру. Сызулар мен эскиздер бойынша бағалы қаптау материалдарды пішу. Барлық жүйелердің тігін машиналарын жөндеу. Суреттерді, облард жән қаптау материалдарының өңдерін таңдау. Қаптау материалдарының сорттарын, қасиеттері мен сапасын және олардың орындалатын жұмыс үшін жарамдылығын анықтау.

Білуге тиіс: көркем жиһаздың түрлері, стильдері мен конструкциялары; күрделі қаптау үшін шаблондар мен пішулер дайындау тәсілдері; геометриялық салулар негіздері; сызулар мен эскиздер бойынша қаптау көркем жұмыстар орындау тәсілдері мен тәсімдері; әр түрлі тігін машиналарының құрылысы және жөндеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Жеңіл автомобильдер, автобустар - ішкі өңдеу.

2. Жұмсақ, купелі және қызметтік вагондар - ішкі қаптау.

3. Кабинеттік креслолар және жұмсақ дивандар - терімен қаптау.

4. Радиусты және бұрыштық жұмсақ, үш және одан артық кесіктерімен, салондарда, қонақ үйлерде, клубтардың және театрларының фойесінде, мұражайларда дивандар- терімен және басқа бағалы материалдармен, желпуішпен немесе дойбы тасы тәрізді қаптау.

5. Креслолар, орындықтар, жұмсақ жартылай креслолар - терімен, барқытпен, және жібекпен және тоқыма баумен жиектеумен шашақпен қаптау.

6. Үй- жайлар - суреттерді, өрнектерді, түстерді таңдаумен, симметриялы және біркелкі тонды сақтаумен бағалы маталармен бүрмелеу және қаптау.

7. Ұшақтар, кеме каюталары – сыртқы және ішкі қаптау, жапсыру.

8. Қабырғалар, стенділер, сөрелер – түстері мен суреттерін таңдаумен бағалы маталармен (пүліш, барқыт) қаптау.

9. Көркем шымылдықтар – бірнеше түстерден сурет пен колер жинағымен бағалы маталармен қаптау.


§ 278. Қаптаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сызулар, суреттер мен эскиздер бойынша әр түрлі стильді көркем жұмсақ жиһазды дайындау мен қаптау бойынша күрделі қаптау жұмыстарын орындау. Барлық дәуірлі күрделі конфигурациялы жиһазды қаптау және жөндеу. Едәуір бағалы синтетикалық материалдармен сыртқы және ішкі қаптау- жапсыру.

Білуге тиіс: ерекше күрделі көркем жиһаздың түрлері, стильдері мен конструкциялары; ерекше күрделі көркем жиһазды ішкі және сыртқы қаптау- жапсыру тәсілдері; әр түрлі стильді бүрмелеулерді және ерекше күрделі перделер мен төсмеде тыстарды пішу және тігу техникасы.

Жұмыс үлгілері

1. Есіктер мен жиһаз - в "сайку" қаптау.

2. Әртүрлі стильді көркем дивандар - тоқыма баумен және шашақпен жиектеумен терімен, барқытпен, және атласпен жібекпен қаптау.

3. Күймелер және мұражай жиһазы - қалпына келтіру.



4. Күймелер мен тақтар - қаптау.
§ 279. Анықтамалық және ақпараттық материалдарды өндуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі жоғары өңдеушімен тексерілгеннен кейін тапсырыс берген нөмірлері бойынша ақпараттық материалдарды жинайды, жүйелейді және кодтайды, таңдап алынған материалды конверттейді, конверттерді өлшейді және таңбалайды. Конверттерді қапқа буып – түю және оларды жіберу, ілеспе құжаттарды ресімдеу үшін беру. Абоненттерге хат – хабар алуға және қарауға арналған шақыруларды тарату. Қабылдау және түскен пошталық хат – хабарға есеп.

Білуі тиіс: тиісті тақырып бойынша ақпараттық материалды талдау ережесін және оны ресімдеу; ақпараттық материалды кодтау жүйесін; ақпараттық материалды буып – түюге талапты; хат – хабарларды қабылдау және есепке алу тәртібін.
§ 280. Анықтамалық және ақпараттық материалдарды өндуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тапсырыс берушілердің берілген тақырып бойынша газеттер мен журналдардан ақпараттық материалды іріктеп алу, бақылау данасының белгісіне сәйкес оның кесіндісі, осы материалға арналған тапсырыстың шифрын, атауын, нөмірін, газет пен журналдың шығу орны мен күнін қою. Анықтамалық – ақпараттық қызметтер үшін анықтамалық материалдар іріктеу, анықтама материалдарындағы өзгерістер туралы анықтамалар беру жөнінде кезекшіге хабарлау. Анықтама стендтерінде кілейлеу үшін хабарламалар мен жарнамаларды іріктеу. «Танысу» ақпаратты –іздеу салу абоненттерінің жинақтау картотекаларын ұйымдастыру. Абоненттердің карточкалары мен есеп беру жүйесін енгізу.

Білуі тиіс: Анықтамалық – ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру негіздерін; газеттер мен журналдардан ақпараттық материалдар мен оларды ресімдеу кесінділдерінің ережесін; жауап құжпттарын енгізу тәртібін.
§ 281. Автоматтандырылған газ қорғанысының операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тау-кен қазбаларында метан газын автоматты бақылау аппратурасымен қызмет көрсету, тұйық қазбаларындағы желдету режімін бақылау. Бақылау объектілерінің тіркелген белгі беру және іске қосылу қондырғыларының дұрыстығын тексеру. Журналға тіркелген сынамалардың көрсеткіштеріне өз кезеңі бойынша жазба жүргізу және оны тау – кен мастерлері мен жерасты электрослесарларынан келіп түскен ақпараттармен салыстыру.

Білуі тиіс: шахта қазбаларында аэрогаздық бақылау құралдарын орналастырудың жалпы сызбасын; құрылғы мен пульт тағайындау принциптерін; тұтқалардың, кнопкалардың және белгі беру құрылғыларының ережесі мен тағайындалуын; кеніш атмосферасын бақылау құралдары мен әдістерін; жылдам ақпарат беру мен қабылдау тәртібін; құжат жүргізу ережесін.
§ 282. Акустикалық сынаулардың операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен әуе шуы мен дірілді өлшеу және спектралды талдау. Әуе шуының жалпы деңгейлерін өлшеу. Шу өлшеуішті (дірілметр) жұмысқа дайындау, микрофон (дірілқабылдағыш) орнату, журналға жазумен тілді аспаптан көрсеткіштер алу.

Білуге тиіс: шу өлшеуішпен және діріл өлшейтін аппаратурамен жұмыс істеу ережесі, олардың әрекет ету қағидасы; шу мен дірілдің физикалық табиғаты; электротехника бойынша аса қарапайым мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

1. Тасымалды аспаптың қуаттану блогы- элементтердің жұмысқабілеттілігін тексеру, ауыстыру.

2. Дірілқабылдағыш - зерттелетін шайқалатын беттерде орнату.

3. Микрофон – шу көзі мен дыбыстық энерргияны көрсететін беттеріне қатысты орнату нүктесін дұрыс таңдау.


§ 283. Акустикалық сынаулардың операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әуе шуы мен дірілді өлшеу және спектралды талдау. Анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен акустикалық процестерді өздігінен жазылушыға немесе магнитофонда тіркеу. Берілген сызбалар бойынша өлшеу трактілерін құру, аппаратураны калибрлеу және оны техникалық қызмет көрсету.

Білуге тиіс: жұмыста қолданылатын аспаптардың құрылысы мен калибрлеу тәртібі бойынша мәліметтер; шуды (дірілді) өлшеу әдістемесі, шумен күресу техникасы бойынша қарапайым мәліметтер; электротехника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Микрофондық кабель - шылдырлату.

2. Балқымалы сақтандырғыштар, резисторлар, конденсаторлар - ауыстыру.

3. Әуе шуының және дірілдің спектрограммалары - өздігінен жазғышта тіркеу.

4. Өлшеу тракті (магнитофон, спектрометр, өздігінен жазғыш) - спектралды талдау жүргізу.
§ 284. Акустикалық сынаулардың операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әуе шуын, дыбыстық және төмен жиілікті дірілді өлшеу, тар жолақты, үштен бір октавты және статистикалық талдауыштардың көмегімен акустикалық процестерді спектралды талдау, өздігінен жазғышта, магнитофонда және шлейфті осциллографта тіркеу. Су астындағы шу өлшеулерге қатысу. Өлшеулердің нәтижелерін өңдеу. Өлшеу сызбаларын жөндеу, аспаптың амплитудалық – жиілік сипаттамаларын алу, оның жұмысында қарапайым ақаусыздықтарды жою.

Білуге тиіс: өлшеу аспаптарының жұмыс істеу қағидасы және блок-сызбалары; дыбыстық магнитті жазу, осциллографирлеу және тензометрирлеу қағидалары; өлшеу қателіктерінің себептері мен көздері; акустикалық сынауларды ұйымдастыру ережесі мен өткізу тәртібі; техникалық акустиканың және шумен және дірілмен техникалық күрес негіздері, әуе және су асты шуларының, дірілдің физикалық табиғаты, электротехника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Жиіліктердің үштен бір октавт жолақтрын күшею бойынша өлшенген механизм фундаментінің діріл дңгейлерінің спектрограммасы- октавты жолақтарда жылдамдық бойынша деңгейлерді қайта есептеу.

2. Сынау дірілстенді – сезгілер құру, өлшеу даңғыл жолын калибрлеу, бақылау өлшеулерінің сериясын өткізу.

3. Магниттік таспаға жазылған шу- спектрометрдің және статистикалық талдауыштың көмегімен ойнату және талдау.


§ 285. Акустикалық сынаулардың операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кемелерде, цехтерде және өндірістік жайларда, сынау стенділерінде қолданыстағы құжаттамаға сәйкес әуе шуының және дірілдің параметрлерін өлшеу. Механизмдердің, машиналардың, жабдық пен құралдың шуының (дірілдің), кеме көздерінің су асты шуының деңгейлері мен спектерлерін өлшеу және талдау. Өлшеу нәтижелерін өңдеу, хаттаман және басқа акустикалық құжаттаманы ресімдеу. Өлшеу және талдау аппаратурасының техникалық сипаттамаларын бақылау, оған қызмет көрсету, жөндеу, күрделі емес жөндеудің жекелеген түрлері.

Білуге тиіс: акустикалық аппаратура сызбаларының тораптары мен элементтерінің өзара әрекеттестігі; әуе шуы мен діріл бойынша нормалар және бақылау ережесі; акустикалық өлшеулерге арналған аспаптарға техникалық қызмет көрсету тәртібі, өнеркәсіптік акустика мен электроника, гидроакустика және электроакустика элементтері.

Арнайы орта білім қажет.



Жұмыс үлгілері

1. Дыбыстық генератор – дәл жиілік өлшеуішпен тексеру және баптау.

2. Пневматикалық тегістейтін қол маштнасы- дірілді өлшеу және талдау, нормамен салыстыру, қорытынды беру.

3. Өлшеу трактісінің шығатын жерінде пайдалы сигналдың жоқтығы сызба тораптары мен элементтері бойынша тексеру, ақаулықты іздеу және жою.

4. Ауаны тазарту жүйесі кемелік – жүйемен себепші болған шу деңгейлері мен спектрлерін күймелерде өлшеу.
§ 286. Акустикалық сынаулардың операторы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Стационарлық жағдайларда, сол секілді қозғалатын объектілерде импульстыны қосқанда, шу көзінің барлық түрлеріне акустикаоыұ сынаулар жүргізу. Су асты шуды,дыбыс оқшаулауды, дірілоқшаулауды немесе дыбысжұтуды өлшеу. Өлшеу нәтижесін өідеу және ресімдеу, белгілі әдістемелер бойынша аса қарапайым есептеулер орындау, сынаулардың жұмыс бағдаламаларын әзірлеу. Өлшеу трактыларының блок- сызбаларын құру, оларды жөндеу және жинақтау. Өлшеу, талдау және тіркеу аппаратурасына техникалық қызмет көрсету, жоғары дәлдік класты аспаптармен жұмыс жасау. Аспаптарды тексеру және жөндеу.

Білуге тиіс: шумен күресу әдістері мен құралдары, шу мен дірілді нормалау және бақылау тәртібі, сондай-ақ оларды регламенттеуші құжаттама; акустикалық өлшеулерге, дыбысты жазу мен ойнатуға арналған аппаратураның құрылысы және сызбалары; акустика, гидроакустика, электротехника және өнеркәсіптік электроника негіздері; жұмыста қолданылатын аспаптарды текеру, калибрлеу, баптау және жөндеу ережесі.

Арнайы орта білім қажет.



Жұмыс үлгілері

1. Діріл оқшаулайтын турбогенераторды ілу- табандарында және фундаменте діріл деңгейлері мен спектрлерін өлшеу, құламаларды есептеу, амортизаторлардың нәтижелігін анықтау.

2. Кемелік дизельдің газ қақпақша жүйесі – жүйемен себепші болған шудың деңгейлерін өтетін кішкене көпір қанаттарында өлшеу және талдау.

3. Өлшейтін күшейткіш – ақаулығын табу, жөндеу, реттеу, жиілікті сипаттамасын алу.



4. Активті сүзгілер – жиілік сипаттамаларын алу, сызба элементтерін баптаумен және реттеумен оларды стандартты параметрлерге қиыстырып келтіру.
§ 287. Май құю станцияларының операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Отын- тарату бағаналарының көмегімен және қолмен жанатын және майлайтын материалдарды құю: автомобильдерге мотокөлікке, тракторларға, алуан түрлі қондырғыларға, басқа көлік құралдарына бензин, керосин, май және т.б. құю. Бұл материалдарды көлік құралдардың жүргізушілеріне жіберу. Шиналарда ауа қысымын тексеру. Ұсақ ыдысқа мөлшермен оралған мұнай өнімдерін шығару. Қосалқы бөлшектерді сату. Майлайтын материалдарды және мұнай өнімдеріні қабылдау. Зертхана талдауларын жүргізу үшін сынамалар іріктеу. Қабылданатын және өткізетін өнімдерге құжаттарды ресімдеу. Ауысым үшін есеп құрастыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін май құю жабдығының жұмыс істеу қағидасы; мұнай өнімдерінің белгіленуі және сыртқы ерекшеліктеі; шығарылатн мұнай өнімдерінің атауы, маркалары мен сорттары; бақылау- өлшеу аспаптарының атауы және пайдалану шарттары; қабылданатын және өткізетін өнімдерге құжаттарды ресімдеу тәртібі; мұнай өнімдерін сақтау және жөнелту ережесі.
§ 288. Май құю станцияларының операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Механикалық және жартылай автоматты май құю құралдарының көмегімен жанатын және майлайтын материалдарды құю: автомобильдерге мотокөлікке, тракторларға, ұшу аппараттарына, кемелерге алуан түрлі қондырғыларға, басқа көлік құралдарына бензин, керосин, май және т.б. құю. 500 л/мин дейін өнімділікпен май құятын жылжымалы құралдардың көмегімен ұшу аппараттарына май құю. Радиаторларға су толтыру және аккумуляторлық сұйықтық құю. Жабдыққа жөндеу өткізуге өтініштер ұсыну және оны жөндеуден қабылдау. Май құю пунктеріне мұнай өнімдерін жеткізуге өтініштер ұсыну. Материалдық - есеп беру құжатнамасын басқару. Құралдарды және өлшеу аспаптарын мемлекеттік тексеру мерзімдерін бақылау. Ұсақ ақаулықтарды жою, қызмет көрсетілетін жабдықты тазарту және майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін май құю жабдығының, бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; мұнай өнімдерінің физикалық және химиялық қасиеттері; қысқы және жазғы уақыттағы көлік құралдарына май құю үшін қолданылатын барлық мұнай өнімдерінің атауы, маркалары мен сорттары; өтініштер және материалдық - есеп беру құжатнамасын толтыру тәртібі; құралдарды және өлшеу аспаптарын мемлекеттік тексеру мерзімдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет