Қазақстан Республикасы



жүктеу 4.71 Mb.
бет22/25
Дата24.09.2017
өлшемі4.71 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
§ 394. Тасымалдаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс орындарына түрлі өндірістік жүктерді: шикізаттарды, жартылай өңделген өнімдерді, бөлшектерді, құралдарды, аспаптарды және т.б. сақтықты талап етпейтін түрлі өндірістік жүктерді, сонымен қатар сусымалы материалдарды ауысымды тапсырмаға сай жұмыс орындарына тростар көмегімен, қолымен көтеру және арбамен, вогонеткалармен, электропневмотальдармен және басқа тасымал әдістерімен тасымалдау. Көрсетіліп отырылған жүктерді қоймалар мен ОТК-ға тапсыру-қабылдау мен жолдама құжаттарының сәйкесінше ресімдеуімен жеткізу және тапсыру. Химиялық материалдар мен бояуларды таразыныңқыдан оларды даярлау орнына жеткізу. Жартылау өңделген өнімдерді, бөлшектерді, бұйымдарды, басқа цехтар мен бөлімдердегі келімді операцияаралық өңдеулерді табыстау және сандық қабылдау. Тасымаладанып жатқан жүктерді қалау және сұрыптау.

Білуге тиіс: көтеріліп және тасымалданып жатқан жүктердің атаулары; қызмет көрсетілетін аймақтардың өндірістік мақсаттыр және жұмыс орындарының тиелі графигі; материалдар, бөлшектер, тораптарды өңдеудің технологиялық бір ізділігі; жүктерді тиеу және тасымалдар ережелері; жүктерді қалау және қатарлау тәсілдері; ыдыстың құрылымы және тасымалданып жатқан жүктерді бекіту тәсілдері; қабылдау-тапсыру және жолдама құжаттарын ресімдеу ережелері.
§ 395. Тасымалдаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс орындарына түрлі өндірістік жүктерді: шикізаттарды, жартылай өңделген өнімдерді, бөлшектерді, құралдарды, аспаптарды және т.б. сақтықты талап ететін, зиянды, өрт-жарылыс апатты заттарды ауысымды тапсырмаға сай қолымен көтеріп, арбалармен, вагонеткалармен және басқа тасымал әдістерімен тасымалдау. Көрсетіліп отырылған жүктерді қоймалар мен ОТК-ға тапсыру-қабылдау мен жолдама құжаттарының сәйкесінше ресімдеуімен жеткізу және тапсыру.

Білуге тиіс: көтеріліп және тасымалданып жатқан жүктердің атаулары; қызмет көрсетілетін аймақтардың өндірістік мақсаттары және жұмыс орындарының тиелі графигі; материалдар, бөлшектер, тораптарды өңдеудің технологиялық бірізділігі; жүктерді тиеу және тасымалдар ережелері; зиянды, өрт-жарылыс апатты заттарды тасымалдау ережелері, оларды қалау тәсілдері; қабылдау-тапсыру құжаттарын ресімдеу ережелері.
§ 396. Тасымалдаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс орындарына аса жауапкершілікті, қуатты, көркемдік, мүсіндік шығармаларды, теңдесіз декоративті бұйымдарды, күрделі модельдерді, істегі макеттерді, сонымен қатар аса сақтықты талап ететін жүктерді қолымен көтеріп, арбалармен, вагонеткалармен және басқа тасымал әдістерімен тасымалдау.

Білуге тиіс: аса жауапкершілікті бұйымдар мен жарылыс қауіпті заттарды көтеру мен тасымалдау ережелері, оларды қалау тәсілдері; қабылдау-тапсыру құжаттарын ресімдеу ережелері.
§ 397. Қоқысты тастайтын жерді тазалаушы

1- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қоқысты жинайтын қоқысты жинау бөлмесі мен қоқысты қабылдайтын камераларды, олардың өткелдері мен сатыларын кір – қоқыстан және қоқыстарды тиеу қақпаларынан жинау, тазалау және жуу. Қоқыстарды және оларды камераға қояды және қоқысты жинап, көшіру камераларынан шығару. Қоқысты тастайтын жерлерді, қоқысты қабылдайтын камера және қоқыстарды жинайтын дұрыс жағдайды қамтамасыз ету, оларды жұқпасыздандырады, қоқысты тастайтын жерлердің бағанын ластанудан жояды. Қоқысты тастайтын жерлердегі бағананың ауа алмастыруын реттеу.

Білуі тиіс: Қоқысты тастайтын жерлерді ұстау және пайдалану ережесін, бағандарды, бункелерді тазалау тәсілін және осы жұмыстарды орындаған кезде техникалық қауіпсіздік ережесін; қоқыстарды тастайтын жерлерді ұстау жөніндегі санитарлық және гигиеналық ережесін.

Он бір және одан да жоғары қабатты үйлерді немесе үй астындағы бөлмелер мен төменгі қабаттарда қоқысты қабылдайтын камералар мен қоқысты қабылдайтыны бар болған кезде қоқысты жинау бойынша жұмыстарды орындау кезінде – 2 – ші разряд.


§ 398. Өндірістік және қызмет бөлмелерін тазалаушы

1- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлмелерді, коридорларды, сатыларды жинайды. Жиһаздан, кілем бұйымдарынан шаңды жояды, сыпырады және қолмен жуады қабырға, еден, терезе және т.б. машинаның көмегімен тазалайды. Белгіленген орынға сыпырынды мен қоқысты жинау және тасымалдау. Душ, гардероб және басқа жалпы пайдаланатын орындарды тазалау және жұқпасыздандыру. Жуу және жұқпасыздандыру ерітіндісін дайындау. Жуу құралдарын, инвентарь және сүртетін материалдарды алу. Жиналған бөлмелерде санитарлық және гигиеналық ережені сақтау.

Білуі тиіс: жиналатын орындарды ұстау бойынша санитарлық және гигиеналық ережені, қызмет көрету жабдықтары мен лайықты пайдалану ережесі мен құралын; жинау ережесін; жуу және жұқпасыздандыру құралдарын тағайындау және топтау; санитарлық – техникалық жабдықтарды пайдалану ережесін.

Өндірістік бөлмелерді сонымен қатар өндіріс, санитарлық қорап және жалпы дәретханалардың қоқыстарын жинау жөнінде жұмыстар орындау кезінде – 2- ші разряд.


§ 399. Аумақты тазалаушы

1- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүру жолдарының бөлігін, көше тротуарларын сыпыру, оларды қардан, мұздан тазалау, құм себу. Су ағып кету үшін каналды және науаны қазу және тазалау. Оларға еркін кіру үшін өрт құдықтарын қардан және мұздан тазалау. Төселген тротуарларды, жас көшеттерді, клумб және көгал алаңдарын суару. Көшедегі құл – қоқыс салатын жәшіктерді (урна) кезеңді жуу және жұқпасыздандыру, оларды қоқыстан тазалау. Аумақта қызмет көрсету санитарлық жағдайын қадағалау.

Білуі тиіс: көшелерді ұстау жөніндегі санитарлық ережесін; жинау жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік ережесін.

Орталықтаға елді мекенде, көліктің және елдің интенсивті қозғалыс орындарында аумақты жинау жөніндегі жұмысты орындау кезінде-2-ші разряд.


§ 400. Салушы- ораушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Таразыға салу, өлшеу және безендірусіз жартылай өңделген және дайын өнімдерді немесе оның бөлек компонеттерін ыдыстарға – пакетке, будаға, банкаға, сауытқа, ампулаға, бөтелкеге, қораптарға, қаптарға т.б. қолымен салу, жиынтық немесе ерекшелігі бойынша жинақтаумен бұйымдарды, бөлшектерді және өнімдерді қағаз, ағаш, қытырма қағаз, металды және басқа ыдыстарға қолымен қалау, түрлі орама материалдарына орау. Қаланушы бөлшектерді, өнімдерді және бұйымдарды қағазға, мақтаға, целлофанға және басқа материалдарға орау, майлау, қысымдалған ауамен үрлеу және сүрту. Затбелгілерді жапсыру. Орауыш материалдарды таңбалау. Қағазды, шпагатты, хатбелгілерді, фольгаларды және т.б. дайындау. Тапсырылған параметрлер мен шаблон бойынша буып-түйетін материалдарды қолымен пішу және кесу. Қорап ұяшықтарына бөтелкелерді, сауыттарды орналастыру және олардың қатарларының арасына қағаздарды, қатырма қағаздарды, мақтаны, жоңқаларды, үгінділерді және басқа оқшаулағыш материалдарды салу. Буып-түйетін ыдысты оқшаулағыш материалдармен қаптау немесе төсемелерді қалау, жәшіктерді орау-қағу, қаптарды жабу, желімдеу, тігу, металл ыдыстардың қақпақтарын қолымен немесе техникалық жағдайларға сәкес станокпен вальцтеу. Оралған өнімге түрін, сортын, сапасын, артикулын, мөлшерін, көлемін және т.б. көрсетумен фактураларды жазу. Күрделі бөлшектерді және қымбат бұйымдарды орау және қалауға жоғары білікті салушы-ораушымен бірге қатысу. Қойма ішінде ыдыстарды, орама материалдарын және оралған бұйымдарды қолымен немесе көтеруші-тасымалдаушы жабдықтарды қолдану арқылы орналастыру. Толтырылған бөтелкелерді, сауыттарды, тубаларды қолымен түрлі тығындармен тығындау. Ыдыстың мойындарын қара маймен құю, бөтелкелерді, сауыттарды жуу және сүрту. Тығындаудың герметикалылығын және тығындарды қағудың тереңдігін бақылау.

Білуге тиіс: номенклатура, сорттар, жиынтық мазмұны, қаланатын бөлшектер мен бұйымдардың массасы мен көлемі; жинақтау мен ораудың тәсілдері және ережелері; коррозиямен күрес әдістері; буып-түйме құжаттарын толтыру реті және оралған бұйымдарға есеп жүргізу, жүктерді көтеру, орналастыру ережелері және көтерме-тасымалдаушы құралдарды пайдалану барысындағы сигнал беру; қалау және орауда қажетті жұмысшы, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының қолдану ережелері мен міндеттері; бөтелкелерді, сауыттарды және тубаларды тығындау әдістері; дайын өнімге және бөлшектеп салу сапасына қойылатын талаптар.
§ 401. Салушы- ораушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі қатты, сусымалы, сұйық және даналы тауарлардың тапсырылған көлемі, массасы немесе саны бойынша жартылай өңделген және дайын өнімдерді немесе оның бөлек компонеттерін ыдыстарға: пакеттерге, будаларға, банкаларға, тубаларға, сауыттарға, ампулаларға, қаламсауыттарға, целлофанды жіптерге, бөтелкелерге, жәшіктерге, қаптарға және т.б. бөлшектеп салу және дозалау. Ірі габаритті және ауыр дайын бұйымдарды (гранит, мәрмәр, әк тас және басқа) қолымен немесе көтеру механизмдері (крандар, электротальдер) көмегімен қалау. Жатқызылған бөлшектерді, бұйымдарды және өнімдерді техникалық жағдайларға сәйкес орау. Кондитерлік бұйымдарды қолымен бір уақытта бірнеше қағаздарға (орама, фольга, затбелгі, целлофан және т.б.) затбелгінің суретін таңдаумен, шектеуліктерді және басқа да арнаулы талаптарды сақтаумен көркемдеп орау. Бөлшектеп салынған сүт және ет өнімдерін қалау және орау. Оралған бөлшектер, бұйымдар және басқа өнімдерді есептеу. Белгіленген құжаттамаларды жүргізу. Берілген көлемдер немесе шаблон бойынша буып-түйетін материалдарды автоматты станоктарда пішу және кесу. Станокты тазалау, майлау, ағымдағы жөндеу және реттеу.

Білуге тиіс: жартылай дайын, жайын өнімдерді немесе оның бөлек компонеттерін бөліп салу және дозалау ережесі; бөліп салушы жартылай автоматтың немесе автоматтың жұмыс істеу қағидасы және оның бөліктерінің өзара әрекеттесуі, бөліп салынған және дозаланған өнімге мемлекеттік стандарттар мен техникалық жағдайлар; ірі габаритті және ауыр дайын бұйымдарды орау, ыдысқа бекіту және қалау ережелері; есеп беруді жүргізу ережелері; оранып жатқан бұйымдардың, бөлшектердің және тауарлардың әр түріне арналған ыдыстың формасы мен мөлшері; оңашалаушы және ораушы материалдың тіреуінің түрлері, сорттары және мөлшерлері.
§ 402. Салушы- ораушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ірі габаритті өңделген бұйымдарды түсі, текстурасы, нөмірі бойынша алдын ала іріктеп жинаумен қалау. Сынғақ, қымбат, улы, зиянды, агрессивті, өрт-жарылыс қауіпті жүктерді қалау. Ыдыста аса күрделі бекітумен, сақтықпен тасымалдауды талап ететін сезімтал дәл құралдарды қалау. Техникалық жағдайларына сай жинақталған өнімдерді орау.

Білуге тиіс: автоматтық желіде жартылай дайын, жайын өнімдерді немесе оның бөлек компонеттерін бөліп салу және дозалау ережесі; бөлшектеп өлшеу автоматтық желісінің агрегаттарын қондыру және олардың бөлшектерінің өзара әрекеттесуі; оратылып жатқан жүктердің техникалық сипаттамасы; буып-түйетін материалдың шығын нормалары; жинақтау ережелері; сынғақ, қымбат, улы, зиянды, агрессивті, өрт-жарылыс қауіпті жүктерді қалаудың техникалық жағдайлары.
§ 403. Салушы- ораушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Антибиотиктерді автоматтардың бункерлеріне тиеу. Технологиялық үрдіс барысын бақылаушы-өлшеуші аспаптар арқылы және көзбен бақылау. Автоматтардың және жұмыс барысындағы олардың бөлек тораптарын дербес жөндеу. Электро-аналитикалық таразылардағы дозировкаларды тексеру. Жұмыс көрсеткіштерін өндірістік журналда жазып отыру. Жабдықтардың ағымдық жөндеу жұмыстары. Қуатты, көркемдік, мүсіндік шығармаларды, теңдесіз декоративті бұйымдарды, күрделі модельдерді, істегі макеттерді орау, арнаулы ыдыстарды даярлау және басқа да ұқсас жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: буып-түйетін автоматтардың құрылымын; автоматтардың және олардың бөлек тораптарын жөндеу ережелері; бөлшектеп өлшеудің технологиялық үрдісі және оны реттеудің ережесі; жұмысты қабылдаулар; стерильді жағдайда жұмыс істеудің ережелері; антибиотиктердің техникалық жағдайлары және оларға қойылатын талаптар; аса жауапкершілікті қуатты, көркемдік, мүсіндік шығармаларды, теңдесіз декоративті бұйымдарды, күрделі модельдерді, істегі макеттерді орау ережелері; аса жауапкершілікті буып-түю барысындағы арнайы ыдысты даярлаудың ережелері мен формасы.
§ 404. Форсуншы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тапсырылған технологиялық тәртіп және жабдықтардың қалпына сәйкес форсундар арқылы қазанның оттықтарында және пеште жану үшін қажетті ауа мен отынның түсімін реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау. Форсундар мен олармен байланысты коммуникацияларды тазалау және айырбастау.

Білуге тиіс: пештің, форсундардың, бу-ауа өткізгіштерінің және мұнай өткізгіштерінің құрылымы, олардың жұмысын реттеу әдістері; форсундарды шешу және қондыру, оларды тазалау тәсілдері; форсундарды тазалаушы құрылғылардың қолдану ережелері мен құрал-саймандарының құрылымы.
§ 405. Тазартушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектердің шешілуін талап етпейтін машиналарды, резервуарларды, құрылғыларды, цистерналарды, ыдыстарды және т.б. тазалау, майлау, булау және дизинфекциялау. Қолмен және механикалық тәсілдермен бөлшектерді, тораптарды, қаңылтырларды, ұсақ ыдыстарды щеткалармен, қырнауыштармен, егеуіштермен, өңпаралармен, таутанмен тазалау. Тазалау үшін жабдықтар мен көмекші керек-жарақтарды даярлау. Түрлі жуушы төмен концентратты қышқылдар мен сілтілі ерітінділерді даярлау. Жуу заттарынын сыпыру, қағу, қыру, сүрту. Тазалағаннан кейін машиналар мен жабдықтарды тапсыру.

Білуге тиіс: қолданылып отырылған жабдықтар туралы негізгі мәліметтер; тазалау ережелері және тазалау сапасына қойылатын талаптар; механикалық құрылғыларды қолдану ережелері және міндеттері; ерітінділерді даярлау және еріткіштер мен ерітінділерді қолдану ережелері; еріткіштер мен ерітінділердің қасиеттері.
§ 406. Тазартушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Машиналарды, резервуарларды, құрылғыларды, цистерналарды, ыдыстарды және т.б. тораптарды қара майдан, даттан, қақтан, өнім қалдықтарынан және т.б. қолмен және механикалық тәсілдермен бөлшектерді жарым-жартылай шешу арқылы тазалау және майлау. Машиналар мен жабдықтарды стерильдеу. Ультадыбысты қондырғылардағы коррозияға қарсы жабындарды және қарапайым аз габаритті бөлшектерді қабыршықтардан, коррозиялардан, шлактардан, және өнім қалдықтарынан тазарту. Тазалау заттарын ауамен, сумен немесе қысым астындағы ерітінділермен өңдеу. Қатты және сұйық отындардың әр түрінде жұмыс атқаратын түтіндіқ құбырларды, түтін өткізгіштерін және және жағылатын пештерді, өндірістік-технологиялық мақсаттағы қазандық қондырғылардың ошақтарын күл мен даттан тазарту, тексеру. Тазалау және бітеу орындарында тесік тесіп шығару. Тесіктерді бітеу үшін байланыстырушы ерітінділерді даярлау. Түтін өткізгіштеріндегі үйінділерді жою. Белгіленген рецепт бойынша түрлі жууышы, сілтілі, қышқылды және улаушы ерітінділерді даярлау. Құбырлар мен түтін өткізгіштерін даярдауда қолданылатын құралдарды жөндеу.

Білуге тиіс: қолданылып отырылғын жабдықтардың жұмыс істеу қағидасы; бөлек машиналар мен жабдықтарды шешу және қондыру ережелері; тазалаудың техикалық тәртіптері; өңделіп жатқан машиналар мен бөлшектердің бетіне қойылатын талаптар; қолданылып отырылған мехникалық құрылғылардың құрылымы; ерітінділерді пайдалану ережелері және олардың қасиеттері; түтін құбырлары, түтін өткізгіштерін тазалау ережелері және мерзімдері, олардың құрылымы және орналастырылуы; түтін құбырлары мен түтін өткізгіштеріне қойылатын техникалық өртке қарсы талаптары; кірпіштік қалау ережелері және құбырлардағы тесіктерді бітеуге арналған ерітінділерді даярлау тәсілдері; датты күйдіру ережелері және тәсілдері.
§ 407. Тазартушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Машиналарды, құрылғыларды, тораптарды, резервуарларды, цистерналарды, ыдыстарды және т.б. шаңнан, даттан, қақтан, өнім қалдықтарынан және т.б. қолмен щеткалармен, таутандармен және механикалық тәсілдермен бөлшектерді шешу арқылы тазалау және майлау. Түрпілі үгіндімен бункер арқылы сүйрету тәсілімен дәнекерлеуші сымды тазалау. Машиналар мен жабдықтарды бөлшектерді шешу арқылы стерильдеу. Жуушы ерітіндінің рецептурасын таңдау. Ультрадыбысты қондырғыларда жентектелгеннен кейін металлды ұнтақтар мен жапырақтың күрделі және жауапкершілікті бөлшектерін тазалау. Жабдықтар мен бакты аппаратураның қалпын бақылау. Бункерлерді көмір, концентрат және өндірістік қалдықтардан тазарту. Бункерлердегі газ құрамын өлшеу. Қолданылып отырылған машиналар мен жабдықтардың аңымдағы жөнжеу жұмыстары. Қатты және сұйық отынның түрлі түрінде жұмыс атқаратын газды жағылатын қондырғылардың және системаларды, нан пісіруші пештерді, ресторан типіндегі плиталарды, өндірістік күйдіруші пештерді, бройлерлі және кептіріші қондырғыларды, өндірістік-технологиялық бағыттағы орталық булық жылытушы бу өткізгі және газ өткізгіш қазандақ қондырғыларды, пештің отығын, бу құбырларын тексеру, дат пен күлден тазалау және күйдіру. Калориферлерді, өндірістік типтегі газді тоңазытқыштарды, өндірістік желдетпе каналдарын, шаң ұстаушы құрылғыларды тазалау. Түтін өткізгіштерін, газ өткізгіштерін және желдетпе каналдарын өткізгіштікке, оғаштыққа және тығыздыққа тексеру. Пештің оттығы, қазаны, өндірістік пештері, газ өткізгіштері, түтін өткізгіштері және өндірістік желдетпе жүйесі туралы жазбаша қорытындылар құру.

Білуге тиіс: қолданылып отырылған жабдықтын құрылымы; машиналар мен жабдықтардың бөлшектерін шешу мен қондыру ережелері; мехникалық құрылғыларды пайдалану ережелері; өңдірістік типтегі газды тоңазытқыштарды және калорифтерді, ресторанды плиталарды, кептіруші, күйдіруші, нан пісіруші пештерді, газды жылытушы қондырғыларды, өндірістік желдетпе каналдарын, өндірістік-технологиялық бағыттағы орталық булық жылытушы бу өткізгі және газ өткізгіш қазандақ қондырғыларды, пештің оттықтарын, бу құбырларын тазалау мерзімдері мен ережелері; түтін өткізгіштерін, газ өткізгіштерін және желдетпе каналдарын өткізгіштікке, оғаштыққа және тығыздыққа тексеру тәсілдері; пештің оттығы, пештер, газ өткізгіштері, түтін өткізгіштері туралы техникалық құжаттарды рәсімдеу ережерелі; газ тәріздес отынның қасиеттері және жарылу қауіпі бар қоспалардың пайда болу себептері; бу өткізгіш жүйесіндегі үйінділерді жою тәсілдері; қазандарды айналдыра қалау мен футерлеу әдістеру мен ережелері, машиналар мен жабдақтарды жөндеу ережелері.
§ 408. Тазартушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пештің оттығын, көп қабатты пештердің газ өткізгіштері мен бу өткізгіштерін, ерітуші термиялық пештерді және қондырғыларды, сыршы камераларды, булаушы бағаналарды және кондитерлік пештерді даттан, күлден тазалау және тексеру. Өндірістік желдетпе каналдарының күрделі бөлшектерін тексеру және тазалау. Күрделі өндірістік және арнаулы пештердің өртке қарсы және техникалық қалпын қорытынды тексеру және ол бойынша жазбаша қорытынды рәсімдеу. Көп қабатты үйлер мен өндірістік объектілердгі газ өткізгіштерінің қашауының және байлануының схемасын құру. Істегі өртке қасы ережелер мен нормалары негізінде сәйкесінше техникалық құжаттарды құрумен пештерді ауыстыру және газды отынға қондыру мүмкіндіктерін анықтау. Пештің оттығын, пештерді, газ және бу өткізгіштерін тазалауда қолданылатын құрылғылар мен құралдарның барлық түрлеріне толық жөндеу жұмыстарын жүргізу. Түп аралық бөлшектерді және танкілі қайықтарды тазалау.

Білуге тиіс: өндірістік көп қабатты, калилді, термикалық, ерітуші және басқа арнаулы пештердің конструктивті құрылымы және оларға қойылатын өртке қарсы талаптар; өндірістік пештер мен қондырғыларды футерлеу мен айналдыра қалау, қалау, жөндеу тәсілдері; пештің оттығы, пештер, газ өткізгіштері, бу өткізгіштері және өндірістік желдетпе туралы техникалық құжаттамаларды құру ережесі.
§ 409. Аяқ киім тазалаушы

1 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Клиенттің көзінше аяқ киімді тазалау: аяқ киімге қосымша темір салады, кір – қоқыстан тазалау, аяқ киімге арнайы аяқ киім щеткасымен кремді бір келкі қылып жағу, жылтырағанға дейін аяқ киімді жұмсақ аяқ киім щеткасымен және бархоткамен тазалау. Аяқ киімнің ұсақ – түйек жөндеуі: нәлді ауыстыру, нәлді тығындап қағу, өкшені биіктету. Аяқ киімнің ұсақ – түйектін жөндеу және оны қарау жөніндегі заттар үшін фурнитураны шеберден алады және клиенттерге сату. Қызметтерін орындағаны үшін ақы алады және оны кәсіпорын кассасына тапсыру, дүмбершекті жинау.

Білуі тиіс: аяқ киімді ұсақ жөндеуді, тазалау және т.б. түрлерінің ережесі мен қабылдауын; гигиеналық және санитарлық ережесін; аяқ киімді күту жөніндегі фурнитуралар мен заттардың түрлерін.
§ 410. Швейцар

1 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жалпы тамақтану, сауда, коммуналдық шаруашылық және т.б. кәсіпорындарда келіп – кетушілердің кіруі мен шығыуын бақылау. Бөлімдерін, секцияларын, сауда залдарын, бар бос орындарға орналастыру туралы келіп – кетушілерді хабарландыру. Вестибюльді тәртіпке келтіру, тамбурдағы және кіреберістегі әйнек пен қабырғаны сүрту. Есіктегі метал заттарын тазалау және олардың дұрыстығын тексеру. Байқалған ақау туралы әкімшілікке хабарлау. Жарық жарнамаларының жанып – сөну, сигнал беру жүйесін тексеру.

Білуі тиіс: келіп – кетушілерге қызмет көрсету ережесін; бөлімдерді, секцияларды, сауда залдарын, такси шақыру телефон нөмірлерін, жедел – жәрдем, милиция, өрт сөндіру командаларын және т.б. орналасуын; жалпы тамақтану, сауда, коммуналдық шаруашылық және т.б. жақын жердегі кәсіпорындардың тұрған жерін; өртке қарсы қорғау және сигнал беру құралдарының орналасуын және оларды пайдалану ережесін; санитарлық және гигиеналық ережені; металдық заттарды тазалау тәсілін.
§ 411. Затбелгілерді штемпельдеуші

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қолымен немесе белгіленге жазуы бар машиналарлардың көмегімен затбелгілерлерде, бандерольдерде, ампулаларда, сауыттарда штемпельдеу, штампілеу немесе компостирлеу. Бояуларды даярлау. Машиналарға қағаз орамын және бояуларды қую. Штемпельдеуші машинаның жұмысын реттеу.

Білуге тиіс: штемпельдеуші машиналардың жұмыс істеу қағидасы; өнімнің ассортименті; ассортимент продукции; затбелгілерлерде, бандерольдерде, ампулаларда, сауыттарда штемпельдеудің тәсілдері; мәтіннің мазмұны; пайдаланатын бояулардың сорттары.
§ 412. Лифті бойынша электрмеханик

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мөлшерлерді сақтаусыз бөлшектерді слесарлық өңдеу. Метчиктер мен плашкалармен бұрандаларды түзету. Қарапайым бөлшектерді шаблон бойынша белгілеу. Құрыштан жасалған арқандарды қолымен кесу. Бөлшектерді жуу және майлау. Сигналды және жарық беруші лампаларды ауыстыру. Лифттің механизмдерін, байланыстарын және электрлі аппараттарын әрекетке қабілеттілікке тексеру. Шахтаның, кабинаның және машиналық бөлменің жарық түсіруінің болуын және оның дұрыс қызмет арқаруын, сонымен қатар шахта мен кабинаның қоршау қалпын тексеру. Лифттің аяқ асты тоқтап қалуы жағдайында жолаушыларды эвакациялау. Бөлшектерді жуу және майлау. Лифттік жабдықтарды қарапайым және орта күрделілікті жөндеу, жинақтау және бөлшектеу жұмыстарын анағұрлым жоғары білікті электромеханиктің жетекшілігімен орындау.

Білуге тиіс: бөлшектерді слесарлық өңдеу тәсілдері; слесарлық құралдар және қарапайым өлшеу құралдарын қолдану жағдайлары мен міндеттері; бекіту бөлшектерінде қолданылатын бұрандалардың көп пайдаланылатын мөлшерлері; майлаушы материалдардың атаулары және міндеттері; лифттің міндеттері, құрылымы және оның құрамдас бөліктері туралы қарапайым мәліметтер; электрлі аппараттардың міндеттері; лифттерде пайдаланылатын сымдардың маркалары мен қимасы.

Жұмыс үлгілері.

1. Болттар, бұрандалар, гайкалар - метчиктер мен плашкалармен бұрандаларды айдау.

2. Жапырақтық және бұрыштық болаттан жасалған бөлшектер – сыртқы жақты егеу және заусенцтерді тазалау.

3. Жолақтық, домалақ, бұрыштық болат – дайын белгі бойынша қол арамен кесу.

4.Механизмдер мен электроаппараттардың тораптары және бөлшектері – сұрыптаудан кейінгі тазалау, жуу және майлау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет