Ќазаќстан республикасы



жүктеу 1.5 Mb.
бет3/8
Дата16.09.2017
өлшемі1.5 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

C) Конституциялық және жай; парламентпен қабылданған және тұрақты; жалпы және арнайы.

D) Конституциялық және жай; мемлекеттік барлық аумағында. немесе белгілі аумақта күші бар; алқалы және жеке; реттеуші және қорғаушы.

E) Конституциялық және жай; жалпы және ерекше; тікелей немесе жанама күші бар.


101. Қазақстан Республикасының Президенті шығарады:

A) Заңдар, кодекстер.

B) Өкімдер, жарлықтар.

C) Қаулылар, жарлықтар.

D) Жарлықтар, бұйрықтар.

E) Шешімдер, жарлықтар.


102. Заңнама жүйесі-бұл:

A) Қықық нормалары.

B) Құқықтың ішкі мазмұнын және құрылымдық сипатын қамтитын нормативті-құқықтық актілердің жиынтығы.

C) Құқық нормасының мазмұны.

D) Объективті жүйе.

E) Құқық нормасының бір қалыпты құрылымы.


103. Нормативті-құқықтық актілердің уақыттағы әрекеті:

A) Жалпы және уақытша.

B) Мерзімсіз және жедел.

C) Конституциялық және төтенше.

D) Жалпы мемлекеттік және жергілікті.

E) Тұрақты және уақытша.


104. Заңның кері күші:

A) Болашақта болатын оқиғаларға бағытталған әрекеттер.

B) Заңдық күші жойылған заң жаңа заңның арнайы нұсқауымен жеке мәселелер бойынша әрекет етуін жалғастыру мүмкіндігі.

C) Заңның заңдық күшіне енген күннен бастап тек "алда" болатын оқиғаларға ғана тарауы.

D) Нормативті-құқықтық актінің оның заңды күшіне енуіне дейінгі болған фактілер және олардан туындаған құқықтық жағдайларға таралуы.

E) Заңның әрекет ететін мерзімнің өтуі.


105. Мемлекетпен танылатын және қамтамасыз етілетін қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін жалпыға бірдей міндетті әрекет тәртібі:

A) Құқық.

B) Құқық нормасы.

C) Құқықтық әрекет.

D) Құқықтық сана.

E) Құқықтық мәдениет.


106. Құқық нормасының құрылымы:

A) Өзіне құқықтық жобасы жоқ әртүрлі нұсқаулардан тұратын жүйелер.

B) Норманың ішкі құрылымы, оның өзара байланысқан бөліктерінің жиынтығы.

C) Өзара байланысты, келісілген және өзара іс-әрекеттелген заң құралдарының жиынтығы.

D) Белгілі қоғамдық қатынастардың нақты қатысушыларының заңды құқықтары және міндеттерінің байланысы.

E) Азаматтардың барлық жалпы құқықтары, бостандықтары және міндеттерінің жиынтығы.


107. Гипотеза-бұл:

A) Құқықтық норманың нұсқауларында көрсетілген талаптардың бұзылған жағдайында қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеуді көрсететін құқық нормасының құрылымдық бөлігі.

B) Құқық нормасының әрекет ету жағдайларын көрсететін құқық нормасының бөлігі.

C) Заңды түрде сипаты бар құқық субъектілерінің мінез-құлқының мазмұнын ашатын құқық нормасының бөлігі.

D) Құқық нормалары бар құқықшығармашылық актісі.

E) Мемлекеттің заң күшіне негізделген биліктік нұсқауларының субординациялық жиынтығының байланысы.


108. Диспозиция-бұл:

A) Құқықтық норманың нұсқауларында көрсетілген талаптардың бұзылған жағдайында қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеуді көрсететін құқық нормасының құрылымдық бөлігі.

B) Құқық нормасының іс- әрекет ету шартын көрсететін құқық нормасының құрылымдық элементі.

C) Құқықтық қатынастарға қатысушыларға нақты құқықтары мен міндеттері көрсетілген құқық нормасының құрылымдық бөлігі.

D) Құқық нормалары бар құқықтықшығармашылық актісі.

E) Мемлекеттің заң күшіне негізделген биліктік нұсқауларының субординациялы жиынтығының байланысы.


109. Санкция-бұл:

A) Құқықтық норманың диспозициясында көрсетілген талаптардың бұзылған жағдайында қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеуді көрсететін құқық нормасының бір бөлігі.

B) Құқық нормасының іс-әрекет ету шартын көрсететін құқық нормасының элементі.

C) Заңды түрде сипаты бар құқық субъектілерінің мінез-құлқының мазмұнын ашатын құқық нормасының құрылымдық бөлігі.

D) Құқық нормалары бар құқықтықшығармашылық актісі.

E) Мемлекеттің заң күшіне негізделген биліктік жазбалардың субординациялы жиынтығының байланысы.


110. Мемлекеттік органдардың қағидаларын, институттарын немесе құрылымын құратын және құқықтық реттеудің бастапқы шегін анықтайтын нормалар:

A) Белгілі анықталған.

B) Дефинитивті.

C) Жариялы-құқықтық.

D) Құрылтайшы.

E) Міндеттеуші.

111. Міндеттілік сипаты бойынша құқық нормалары:

A) Корпоративті, мемлекеттік.

B) Коммерциялық, коммерциялық емес.

C) Императивті, диспозитивті.

D) Заң шығарушы, декларативті, заңға бағынышты.

E) Бланкетті, сілтемелі.


112. Типтік құқық нормалары:

A) Қықық қорғаушы, реттеуші.

B) Жалпы, арнайы.

C) Категориялы, диспозитивті.

D) Заң шығарушы, декларативті, заңға бағынышты.

E) Абсолютті, салыстырмалы.


113. Типтік емес құқық нормалары:

A) Қорғаушы, реттеуші.

B) Тұрақты, уақытша.

C) Императивті, диспозитивті.

D) Декларативті, дефинивті.

E) Бланкетті, сілтемелі.


114. Тұлғалар шеңбері бойынша төмендегі құқық нормалары анықталады:

A) Қорғаушы, реттеуші.

B) Жалпы, ерекше.

C) Категориялы, диспозитивті.

D) Заң шығарушы, декларативті.

E) Бланкетті, сілтемелі.


115. Құқықшығармашылық-бұл:

A) Құзыретті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау жолымен, құқықтық нормаларды құруға, өзгертуге және жоюға бағытталған қызметі.

B) Мемлекеттік белсенді шығармашылық қызметі.

C) Нормативтік актілерде көрініс табатын құқықтық нормалар.

D) Қоғамның өркениеті мен демократия көрсеткіші.

E) Халықтың еркін заңды бейнелеудің үрдісі.


116. Заңдық бастамашылық субъектілері:

A) ҚР Президенті.

B) Облыс әкімі.

C) ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы.

D) ҚР Президенті, ҚР Үкіметі, ҚР Парламенті депутаттары.

E) ҚР Президенті, ҚР Парламенті депутаттары.


117. Заңдық бастамашылық:

A) Субъектінің белгіленген әлеуметтік игілікті пайдалануға талпынуында байқалған, ҚР заңнамасында көрініс тапқан және белгілі бір дәрежеде мемлекетпен кепілдендірілген құқықтық мүмкіндік.

B) ҚР негізгі заңында бекітілген белгілі субъектілердің заңды қабылдау туралы ұсыныс жасау және тиісті заң жобасын енгізу құқығы.

C) Бұзылған немесе даулы құқықты, не болмаса заңмен қорғалатын мүддені қорғаудың заңды құралы.

D) ҚР заңшығарушы органдарының құқықшығармашылық қызметі үрдісіндегі басқарушылық шешімдерге "қысым көрсету топтарының" әсер ету қыралы.

E) Заңбұзбаушы әрекет тәртібіне құқықтық баулу.


118. Заң шығармашылық үрдісі:

A) Нақты деректерге, субъектілерге, шынайы қоғамдық өмірдің қатынастарына қатысты заң шегінде негізделген құқықтық нормаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттің заңдық және ұйымдастырушылық қызметі.

B) Құқықтық актілерде халықтың еркін қалыптастыру және бекіту, бұл актілерді өзгерту немесе жою бойынша қызметтің кезеңдендірілген үрдісі.

C) Қоғам мен мемлекеттің құқықтық талаптарын тану және бағалау үрдісі, тиісті үрдіс көлемінде өкілетті субъектілердің құқықтық актілерді қалыптастыруы және қабылдауы.

D) Құқық құрылуын формальді белгіленген жалпы сипаттағы ұйғарымдарға бекітетін мемлекеттік қызмет.

E) Келесі сатылардан тұратын, кезекті жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық әрекеттердің жүйесі: заңдық бастамашылық, заң жобасын талқылау, заңды қабылдау, ҚР Президентінің заңға қол қоюы, заңды жариялау.


119. Заңдық техника-бұл:

A) Құқықтық актілер тілінің айқындылығы және нақтылығы, қарапайымдылығы және түсініктілігі.

B) Құқықтық материалдың өзара байланысы, келісімділігі және ішкі бірлігі.

C) Заңдық ақпаратты мазмұндаудағы кезектілік.

D) Құқықтық ұйғарымдардың қысқалығының нақтылық және толықтықпен үйлесімділігі.

E) Нормативті-құқықтық актілерді дайындау, бекіту, жариялау және жүйелендіру тәсілдерінің жиынтығы.


120. Құқықты жүйелендіру-бұл:

A) Мемлекеттің ескірген ережелерден босату мақсатында, қолданыстағы заңнаманы қайта өңдеу бойынша қызметі.

B) Өмірдің талаптарына сай, заңнаманы жаңарту бойынша мемлекеттің қызметі.

C) Нормативті-құқықтық құжаттарды белгілі бір тәртіппен ұйымдастыру, ретке келтіру.

D) Әдет-ғұрыптарға сәйкес қызмет.

E) Өмірдің талаптарына және әдет-ғұрыптарға сәйкес қызмет.


121. Нормативті актілерді жүйелендірудің түрлері:

A) Пролонгация, инаугурация, консолидация.

B) Промульгация, ратификация, кодификация.

C) Инкорпорация, кодификация, консолидация.

D) Демократизация, социализация.

E) Юридизация.


122. Кодекс ұғымы-бұл:

A) Біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалары біріктірілген және жүйелендірілген логикалық тұтас заңнамалық акт.

B) Қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың фундаменталды бастауларын бекітетін, абсолютті заң күшіне ие болатын негізгі заңнамалық акт.

C) Қылмыстар мен жазаларды анықтаумен байланысты қатынастарды немесе мүліктік және онымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін, заңды нормалардың тәртіптелген жиынтығы.

D) Жоғары заң күшіне ие болатын және қатаң белгіленген ерекше тәртіпте қабылданған, құқық салаларының барлығының негізгі нормаларын анықтайды және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді.

E) Нақты істер бойынша мемлекеттік органдардың шешімі, оның күші болашақта болатын барлық оқиғаларға таралады және оларға міндетті болады.


123. Заңнаманы кодификациялау-бұл:

A) Әрекеттегі құқықтық нормаларды біртұтас актіге біріктіру.

B) Құқықтық актілерді біртұтас актіге біріктіру және белгілі тәртіпте орналастыру.

C) Құқықтық нормаларды белгілі тәртіпте орналастыру.

D) Мақсатты бағытталған жұмыс.

E) Нормативті актілерді бірдей, логикалық тұтас актіге олардың мазмұнын өзгерте отырып біріктіру жолымен жасалатын жүйелендіру нысаны.


124. Инкорпорация түсінігі:

A) Нормативті материалды ішкі және сыртқы өңдеу жүзеге асырылатын реттеу.

B) Заңға бағынышты актілерді мазмұнын өңдеп, сыртқы түрін бүрынғысынша қалдыру арқылы ретке келтіру.

C) Муниципалды органдардың актілерін оның сыртқы түрін өзгерте отырып реттеу.

D) Корпоративті ұйымдардың нормаларын жаңа норма қалыптастыру жолымен реттеу.

E) Нормативті материалдардың мазмұнын өзгертпестен, тек сыртқы өңдеуден өткізу жүзеге асырылатын реттеу.


125. Консолидация түсінігі:

A) Біртектес қоғамдық қатынастарды тұтас құқық саласына біріктіру.

B) Ұлттық-мемлекеттік құрылымдарды біріктіру жолымен құрылатын мемлекеттік құрылым нысаны.

C) Өркениеттік көзқарастағы құқыққа тән, нормативті акт түрінде көрініс табатын құқық нысаны.

D) Нормативті-құқықтық актілер өңделіп, толықтырылып және біріктірілетін жүйелендірілу нысаны.

E) Мемлекеттік емес органдарды тұтас саяси жүйеге біріктіру.


126. Қықық жүйесі-бұл:

A) Қықықтың қықық нормасын институтқа, бағынышты салаларға және қықық салаларына бірлескендігін білдіретін қоғамдық қатынастардың сипатымен шартталған құқықтың ішкі құрылысы.

B) Әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени және тарихи себептер.

C) Объективті түрде өмір сүретін қоғамдық қатынастар.

D) Құралдар, ережелер және нормалар жүйесі.

E) Заңға қол жеткізуді қамтамасыз ету.


127. Құқықтық реттеудің пәні:

A) Құқықтың қоғамдық қатынастарының белгілі аумағына әсер ету тәсілдерінің, әдістерінің жиынтығы.

B) Адамның қызметінің спецификасымен шартталған қоғамдық қатынастардың белгілі саласы.

C) Қатысушыларының субъективті құқылары және заңды міндеттері бар қоғамдық қатынас.

D) Қалыптасқан шартты түрдегі мүлкі бар ыйым.

E) Азаматтардың барлық қықықтарының, бостандықтарының жиынтығы.


128. Құқықтық реттеудің әдісі:

A) Құқықтың қоғамдық қатынастарының барлық салаларына әсер ету әдістерінің біріктірілген жүйесі.

B) Құқықтың қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласына әсер ету әдістері, тәсілдері, құралдарының жиынтығы.

C) Органдардың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің және азаматтардың өкілеттіліктерінің, құқықтарының және міндеттерінің жиынтығы.

D) Құқықпен реттеленетін қоғамдық қатынастарының қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін анықтау тәртібі.

E) Қоғамдық қатынастарының нақты түрін реттеуінің ортақтығымен біріккен, бір немесе бірнеше құқық салаларының ішінде объективті ерекшеленген өзара байланысты құқық нормаларының жиынтығы.


129. Құқық саласы-бұл:

A) Қоғамдық қатынастарға белсенді әсер ететін мінез-құлық ережесі.

B) Құрамында нақты өмірлік мән-жайларға бағытталған нұсқаулары бар құқық нормасының бөлігі.

C) Өзінің ерекше әдісімен қоғамдық қатынастардың сапалы біртекті аясын реттейтін, құқықтың нормаларының жиынтығы.

D) Қоғамдық ұйымдардың олардың әрекет етуінің мақсаттарына жету үшін белгіленген мінез-құлық ережелері.

E) Әлеуметтік-нормативтік реттеуші.


130. Құқық институты:

A) Біртекті қоғамдық қатынастардың белгіленген жағын немесе түрін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

B) Қоғамдық қатынастардың белгіленген тобын реттейтін құқықтық нормалардың тәртіптелген жиынтығы.

C) Сапалы біртектілік, құқықтық қатынастарының белгіленген саласының өзгешелігі.

D) Белгіленген мемлекеттің жалпы құқығының құрылымдық бөлшегі.

E) Біртекті құқық институттарының жүйесі.


131. Жеке құқық-бұл:

A) Қылмыстық құқық.

B) Халықаралық құқық.

C) Азаматтық құқық.

D) Әкімшілік құқық.

E) Конституциялық құқық.


132. Көпшілік құқығы-бұл:

A) Азаматтық құқық.

B) Сауда құқығы.

C) Әкімшілік құқық.

D) Отбасы құқығы.

E) Меншік құқығы.


133. Құқықтық сана-бұл:

A) Тәрбие үрдісінде қалыптасатын құқыққа деген көзқарас.

B) Жоғарғы заңдық мәдениетті, кадрларды, заңгерлерді дайындауды құқықтық насихат етуге бағытталған ұйымдық-идеологиялық ықпалдар жүйесі.

C) Құқықтық терең білім, түсінік, оның талаптарын жоғарғы деңгейде саналы орындау.

D) Белгілі бір әлеуметтік топта немесе тұтас қоғамда қалыптасатын құқықтық көзқарастардың жиынтығы.

E) Құқықтық шындыққа қатысты адамдардың көзқарастарын, идея, концепция, баға, сезімдерін көрсететін қоғамдық сананың нысаны.


134. Құқықтық психология түсінігі:

A) Құқықтық шындыққа қатысты адамдардың бағалаулары, сезімдері, эмоциялары мен көңіл күйлері.

B) Психикалық сау адамның қалыпты күйі, өз іс-әрекеттерін басқарып, есеп бере алуынан көрінеді.

C) Индивид санасының әлеуметтік-психологиялық механизмін сипаттайтын сана элемент.

D) Құқыққа қарсы және қоғамға қауіпті әрекет бағытталған қоршаған дүниенің құбылыстары.

E) Қоғам мүдделерінің көзқарасында жол берілетін, құқық нормаларымен қарастырылған мемлекетпен кепілдендірілген және қорғалған құқық субъектілерінің мінез-құлқы.


135. Құқықтық идеология түсінігі:

A) Нақты саяси партияларда қалыптасатын сезімдер, пікірлердің жиынтығы.

B) Құқықтық шынайылық туралы пікірлер, көзқарастар, түсініктер, теориялар, концепциялар.

C) Құқыққа деген қатынасты білдіретін идеялар, теориялар, концепциялар жиынтығы.

D) Идеологиялық қағидалар бекітілген әлеуметтік нормалар жиынтығы.

E) Құқыққорғау органдарын насихаттау.


136. Құқықтық сананың мазмұны бойынша түрлері:

A) Жеке, топтық, қоғамдық.

B) Кәдімгі, кәсіби, теоретикалық.

C) Танымдық, бағалық, реттеушілік.

D) Ғылыми, тәжірибелік.

E) Танымдық, кәсіби.


137. Құқықтың реттеушілік қабілетіне сенімсіздік білдіруге, заңдарды елемеуге негізделетін құқықтық сананың жағдайы:

A) Құқықтық идеология.

B) Құқықтық психология.

C) Құқықтық нигилизм.

D) Құқықтық мәдениет.

E) Құқықтық норма.


138. Құқықтық мәдениет түсінігі:

A) Құқықты терең білу, түсіну, оның талаптарын саналы түрде орындау.

B) Құқықтық нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық тәртіп.

C) Ғылыми-теоретикалық деңгейдегі құқықтық сана.

D) Қоршаған құқықтық болмыстың әсерінен қалыптасатын құқықтық сананың бастапқы тәжірибелік сатысы.

E) Құқықтың теоретикалық негіздерін көрсететін идеялар, түсініктер, конструкциялар.


139. Құқықтық мәдениет субъектілеріне қарай жіктеледі:

A) Күнделікті, кәсіби, теоретикалық.

B) Танымдық, реттеушілік, болжамдық.

C) Ғылыми, кәсіби, тәжірибелік.

D) Жеке, топтық, қоғамдық.

E) Жеке, топтық, мемлекеттік.


140. Құқықтық мәдениеттің қызметі:

A) Танымдық, реттеушілік, нормативтік.

B) Реттеушілік, нормативтік, бағалаушылық.

C) Күнделікті, кәсіби, теоретикалық.

D) Болжамдық, реттеушілік, кәсіби.

E) Танымдылық, бағалаушылық, реттеушілік.


141. Құқықтық қатынас түсінігі:

A) Заң және оларға негізделген заңдық актілердің нұсқауларын барлық құқық субъектілерінің жүзеге асыруы.

B) Жақтардың өзара байланысты заңдық құқықтары мен міндеттері қоғамдық ұйымдармен қорғалатын қоғамдық қатынас.

C) Құқық нормасы негізінде және белгілі бір заңдық фактілердің нәтижесінде пайда болатын, өзара субъективті құқықтар мен міндеттерге ие құқық субъектілерінің байланысы.

D) Жақтар заңда көрсетілген құқықтарға ие болатын, мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген фактілі қатынастар.

E) Міндеттеуші және тыйым салушы нормалар негізінде пайда болған, жақтардың өзара құқықтары мен міндеттерін көрсететін қоғамдық қатынастар.


142. Құқықтық қатынастың субъектілерінің анықталу дәрежесіне байланысты құқықтық қатынастардың түрлері:

A) Салыстырмалы, абсолютті, жалпы .

B) Белсенді, бәсең.

C) Конституциялық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық, азаматтық құқықтық, әкімшілік құқықтық.

D) Объективті, субъективті.

E) Құқық беруші, міндеттеуші, тыйым салушы.


143. Құқық қабілеттілік-бұл:

A) Мемлекетке қатысты азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің көлемі.

B) Азаматтардың өз құқықтарын қорғауын жүзеге асыру қабілеттілігі.

C) Құқықтық қатынастар субъектілерінің жаңа құқықтарды иемдену қабілеттілігі.

D) Азаматтардың өз әрекеттерін, олардың нәтижелерін сезіну қабілеттілігі.

E) Мемлекетпен танылатын субъективті құқықтарды және заңды міндеттерді иелену қабілеттілігі.


144. Әрекет қабілеттілік-бұл:

A) Субъективті құқықтарға ие болу және заңды міндеттерді атқару қабілеттілігі.

B) Мемлекетпен қамтамасыз етілген мүмкін болатын әрекет мөлшері.

C) Субъектіге ұйғарылған тиісті, қажетті әрекет мөлшері.

D) Дербес, өз әрекеттерімен құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеттілігі.

E) Құқықбұзушылық субъектісінің өзінің қылықтарын түсіну және заңды жауапкершілікті атқару қабілеттілігі.


145. Құқықтық қатынастардың объектісі:

A) Белгілі бір қоғамдық қатынастардың түрін реттейтін және құқық саласының ерекше бөлімі болатын құқықтық нормалардың оқшауланған кешені.

B) Қоғамдық өмірдің жалпы заңдылықтары негізінде құрылған объективті құбылыс.

C) Құқықтық қатынасқа түсуші субъектілердің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін, мүдделерін қамтамасыз етуі.

D) Құқық субъектісінде қызығушылық туғызатын материалдық игіліктер, заттар және құндылықтар.

E) Құқық субъектісі үшін құндылық болып табылатын материалды емес игіліктер және рухани шығармашылық заттары.


146. Құқықтық қатынас құрылымы:

A) Субъект.

B) Объект.

C) Субъективті жақ.

D) Объективті жақ.

E) Субъект, объект, субъективті құқық және заңды міндет /заңдық мазмұны/.


147. Құқықтық қатынастар субъектілері:

A) Мемлекеттік органдар, бірлестіктер, мекемелер, заңды тұлғалар.

B) Өкілеттігі өздері өкіл болатын ұйымның құқықтық жағдайымен және құзырымен анықталатын лауазымды тұлғалар.

C) Заңды тұлғалар.

D) Құқық нормалары негізінде құқықтық қатынастардың қатысушылары бола алатын, субъективті құқықтар мен міндеттерді иеленетін жеке тұлғалар мен ұйымдар.

E) Барлық жеке тұлғалар.


148. Толық әрекет қабілеттілік қай жаста пайда болады:

A) 14 жаста.

B) 15 жаста.

C) 16 жаста.

D) 17 жаста.

E) 18 жаста.


149. Жартылай әрекет қабілеттілік қандай жасты қамтиды:

A) 14 жаста.

B) 15 жаста.

C) 14 жастан 18 жасқа дейін.

D) 16 жаста.

E) 17 жаста.


150. Субъективті құқық түсінігі:

A) Белгіленген мінез-құлық мүмкіншілігі.

B) Белгіленген игілікпен пайдалану мүмкіншілігі.

C) Қорғау сұрауға мүмкіншілік.

D) Міндетті тұлғадан қажетті мінез-құлықты талап ету мүмкіншілігі.

E) Субъектіге өзінің мүдделерін қанағаттандыруға жағдай туғызатын заң жүзінде мүмкін болатын әрекет мөлшері.


151. Заңдық міндет түсінігі:

A) Мәртебелік міндеттің шегінде және нақты заңды фактілер негізінде пайда болған нақты міндетті тұлғаның тиісті әрекет мөлшері.

B) Келісімге кедергі жасау қажеттілігі.

C) Заңдық жауапкершілікті атқару қажеттілігі.

D) Оған құзыреттінің қойған талабына назар аудару қажеттілігі.

E) Белгілі бір әрекеттерді жасау қажеттілігі.


152. Заңдық фактілер түсінігі:

A) Қоғамдық қатынастарға, адамдардың мінез-құлықтарына құқықтың әсер етуінің негізгі бағыттары.

B) Адамдардың мінез-құлықтарында құқықтық ұйғарымдардың көрініс табуы.

C) Тараптардың өзара құқықтары мен міндеттерінің нақты мазмұнын анықтайтын құқықтық нормалар.

D) Құқық нормасы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқталуын байланыстыратын өмірлік нақты мән-жайлар.

E) Құқықтық салдар туғызатын, яғни, заң нормасының әрекетін туғызатын немесе тоқтататын өмірдегі оқиғалар.


153. Заңдық құрам:

A) Белгілі бір құқықтық салдары туғызатын әртүрлі өмірлік мән-жайлар.

B) Бірнеше құқықтық салдарды туғызатын заңды факт.

C) Құқықтық салдарды іске асыруға қажетті болатын екі немесе одан да көп заңды фактілердің жиынтығы.

D) Құқық субъектілерінде нормамен көзделген құқықтар мен міндеттерді туғызатын фактілі мән-жайларды көрсететін құқықтық норманың бөлімі.

E) Құқық саласының ерекше бөлімі болатын және белгілі бір қоғамдық қатынастардың тобын реттейтін құқықтық нормалардың кешені.


154. Заңды фактілердің түрлері:

A) Оқиғалар, заңды қылықтар, әрекеттер.

B) Оқиғалар, әрекеттер, қылмыстар.

C) Заңды қылықтар, іс-әрекеттер жеке басты актілер, оқиғалар.

D) Оқиғалар, әрекеттер.

E) Әрекеттер, азаматтық-құқықтық шарттар, азаматтардың арыздары, қылықтар, қылмыстар.


155. Оқиға-бұл:

A) Құқықтық қатынастардың тараптарының еріктеріне байланысты жүзеге асырылатын заңды фактілер.

B) Құқықтық қатынастардың қатысушыларының әрекеті немесе әрекетсіздігі.

C) Құқықтық салдарға жетуге бағытталған адамдардың фактілі мінез-құлқы.

D) Құқықтық қатынастар субъектілерінің еркінен тыс жүзеге асырылатын заңды фактілер.

E) Құқықтық нормалардың ұйғарымдарына сәйкес жүзеге асырылатын заңды фактілер.


156. Әрекет-бұл:

A) Адамдардың ерікті мінез-құлық актілері, олардың еркі мен санасының сыртқы бейнесі.

B) Мемлекетпен бекітілетін және қорғалатын мінез-құлық ережелері.

C) Белсенді әрекет нысанында және әрекетсіздік нысанында көрініс табатын адамдардың ерікті мінез-құлқының актісі.

D) Сыртқы /әрекеті/ мен ішінің /тұлғаның санасы мен еркі/ біртұтастығын білдіретін мінез-құлық актісі.

E) Құқық салдарды болғызуға бағытталған адамдардың шешімдерінің сыртқы көрінісі.


157. Құқықты жүзеге асыру түсінігі:

A) Құқық нормасын сақтау.

B) Құқық нормасын қолдану.

C) Азаматтардың, ұйымдардың, мемлекет органдарының құқықтық мінез-құлықтарындағы құқықтық ұйғарымдардың нақты жүзеге асырылуы.

D) Құқық нормаларын орындау.

E) Құқық нормаларын пайдалану.


158. Құқықты жүзеге асыру нысандары:

A) Сақтау және қолдану.

B) Қолдану және пайдалану.

C) Сақтау, қолдану және пайдалану.

D) Сақтау, пайдалану, орындау.

E) Сақтау, орындау, пайдалану және қолдану.


159. Құқық нормаларын сақтау-бұл:

A) Субъектілердің өз құқықтарын жүзеге асырудан тұратын құқық талқылаудың нысаны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет