Ќазаќстан республикасы



жүктеу 1.09 Mb.
бет4/6
Дата19.09.2017
өлшемі1.09 Mb.
1   2   3   4   5   6

100-баллдық шкала. Қатты сычужды ірімшікті органолептикалық бағалау (голландық, костромдық, ярославтық, кеңестік, швейцарлық, алтайлық, латвиялық және кейбір басқалар) мемлекеттік стандартқа сәйкес 100 балдық шкала бойынша жүргізіледі.

Қтты сычужды ірімшіктерді көрсеткіштер тобы бойынша бағалайды, олардың әрбіреуіне шекті баллдар мөлшері бөлінеді.

Буып-түю және таңбалау 5 балл

Сыртқы түрі 10

Қамыр түсі 5

Суреті 10

Дәмі және иіс 45

Консистенциясы 25

Барлығы 100 балл
Көрсеткіштердің әрбіреуін 10 кестеге сәйкес бөлінген баллдар саны шегінде бағалайды, ал сонан соң нәтижелерді қосады.

Бір көрсеткіш бойынша екі немесе бірнеше ақаулар болғанда ірімшіктерді баллдық бағалау жүйесі құнсыз ақау бойынша жеңілдік қарастырады.

Қосынды баллдық бағаға байланысты өнім сапасының деңгейі анықталады.
7-кесте

Қатты сычужды ірімшіктердің жеңілдіктері мен бағалары



Көрсеткіш

Жеңілдік

Баға

1

2

3

Буып-түю және таңбалау







Жақсы

0

5

Қанағаттандырарық

1

4

Сыртқы түрі







Жақсы, қалыпты сопақ немесе тұңбалы

0

10

Қанағаттандырарлық

1

9

Қыртысында бөлінетін парафин

1 — 2

9 — 8

Зақым келген қыртыс

1 — 4

9 — 6

Көгерген қыртыс

3 — 6

7 4

Біраз формасы өзгерген ірімшік

2 — 4

8 — 6

Қамыр түсі







Қалыпты

0

5

Біртекті емес

1 — 2

4 — 3

Суреті







Осы ірімшік түрі үшін қалыпты

0

10

Чеддер және «Таулы Алтай» ірімшіктерінде суреттердің болмауы

0


10

Бір текті емес

1 — 2

9 — 8

Щелевидный рисунок, кроме латвийского, волжского и угличского сыров

3 — 5

7 5

Латвиялық, волгалық, угликтік ірімшіктерде қуысты сурет

1 — 2

9 — 8

Швейцар, кеңестік және мәскеулік ірімшіктерде ұсақ жиі көздер

3 — 5

7 5

Торлы сурет

4 — 5

6 — 5

Ұсақ ірімшіктерде көздердің болмауы

3

7

Швейцарлық, алтайлық,кеңестік, мәскеулік ірімшіктердің көздерінің болмауы

7

3

1

2

3

Чедцер және «Таулы Алтай» ірімшіктерінде көздердің болуы

3 — 6

7 4

Кеуекті сурет

5 — 7

5 — 3

Жыртылған сурт

3 — 4

7 6

Дәмі және иісі







Өте жақсы

0

45

Жақсы

1 — 2

44 — 43

Дәмі жақсы, бірақ хош-иісі әлсіз білінген

3 – 5

42 – 40

Қанағаттандырарлық, бірақ әлсіз білінген

6 – 8

39 – 37

Жемдік дәм

9 — 12

36 — 33

Қышқыл дәм (чеддер және «Таулы Алтай» ірімшіктерінен басқа): швейцарлық, кеңестік, мәскеулік үшін

8 — 10

37 — 35

Голландық, костромдық, ярославтық, далалық, угликтік, латвиялық, волгалық үшін

6 — 10

39 — 35

Борсыған дәм мен иіс

9 — 12

36 — 33

Ашты дәм

9 — 15

36 — 30

Жартасты дәм

9 — 12

36 — 33

Чеддер және «Таулы Алтай» ірімшіктері үшін күрт қышқыл дәм

9 — 15

36 — 30

Консистенциясы

Өте жақсы



0

25

Жақсы

1

24

Қанағаттандырарлық

2

23

Дөрекі, қатты

3 — 9

22 — 16

Кеуекті

5 — 8

20 — 17

Ұнтақты

6 — 10

19 — 15

Баулы

5 — 10

20 — 15

Тікенді (тікен)

4 — 15

21 — 10

Жалпы бағасы 75 баллдан төмен, дәмі мен иісі 34 баллдан кем алған ірімшіктер стандартсыз деп қабылданады.

Ірімшіктерді органолептикалық бағалаудың 100 баллдық жүйесі біздің елде бірнеше онжылдықта қолданылады. Оның артықшылықтарына көрсеткіштер үшін баллдық жеңілдіктер мұқият жұмыс істеу, сапа деңгейлерін анықтау үшін критерилерді және сапаны қалыптастырудағы маңыздылық принциптерін сақтау жатады. Ірімшіктердің дәмхош-иістік көрсеткіштеріне жалпы баллдар санының 45% бөлінген, консистенцияға – 25; көзбен қарап бағаланатын көрсеткіштерге – баллдардың 30%.

Кесте 8
Баллдық бағалау нәтижелері бойынша сапаны дифференциялдау



Тауарлық сұрып

Жалпы баға, балл

Иісі және дәмі бойынша бағалар, баллдан кем емес

Жоғарғы

100-87

37

Бірінші

86-75

34

Кемшіліктер арасынан келесілер маңызды. Шкала қанағаттандырарлықсыз бағалардың үлкен жұмыс істемейтін аймағына ие, баллдардың жалпы санынан 74% құрайды. Ол ірімшік жасау саласының мамндары үшін есептелген. Кең профильді сауда жұмысшылары үшін, тіпті тұтынушылық дәм айыруға қатысушылар үшін, бұл шкала ақпаратты аз береді және қолжетімсіз, себебі баллдық бағалар кестесі белгілердің бейнелеу сипаттамаларына ие емес, ол тпек қолайлы сападан ауытқушылық болғанда жеңілдіктер шегін көрсетеді. Шкала дәстүрлі ассортиментпен шектелген. Жаңа өнімнің белгілерін баллдық баға кестесіне енгізілмейді. Дәстүрлі сұрыптық ассортиментті біртіндеп қысқартуға және сапасы бойынша дифференциалданбайтын жаңа өнімдерді шығаруға алғышарртар жасалуда (бірқатар жағдайларда жүзеге асырылады),бұл оған деген күрес ынтасын қысқартады.

30-баллдық шкалалар. оларды нан-тоқаш және кондитер бұйымдарының белгілі ассортиментін дәмін айырып бағалағанда қоладанды. Өнімді жақсартылған сапалы деңгейге жатқызу үшін келесі шарттарды орындау қажет: негізгі және қосымша шикізатты пайдаланғанда оны басқасымен ауыстырмау, шикізат және оларды салу нормаларының нормативті және техникалық құжаттама талаптарынан бас тартпау.

30 баллдық шкала үш деңгейлі стандартты сапа үшін құрастырылған, көрсеткіштер маңызын ескереді, қанағаттандырарлықсыз бағалардың салыстырмалы кішкентай диапазонына ие, ол баллдардың жалпы санының 13% құрайды. Маңыздылық коэффицентінің қосындысы онға тең.

30 баллдық шкаланың кемшіліктері: бағалардың және кейбір маңыздылық коэффиценттерінің бөлшектік мәні; шкала тар профильді мамандар үшін жасалған; сапа көрсеткіштерінің сәтсіз таралуы. Бұйымдардың сыртқы түріне жалпы баллдар мөлшерінің 45% бөлінген, шоққа пісірілген бұйымдар үшін жұмсақ сипаттамасына -20, қалыпты және жалпақ нандар үшін - 30%; дәмі мен хош иісіне тек 25-35% балл бөлінген, бұл жеткіліксіз болып есептеледі. Эстетикалық белгілердің дәмхошиістік белгілерден басымдығы шкала кемшілігі ретінде есептеуге болады, себебі нанның дәмдік сапасына өндірушілердің назарының әлсізденуі үшін жағдайлар жасалуда, нәтижесінде нан-тоқш бұйымдарына тұтынушылық сұраныс төмендейді.

25-баллдық жүйе алкогольсіз сусындар сапасын органолептикалық қадағалау үшін қолданылады. 25 баллдық шкалада төрт сапа деңгейі үшін белгілер сипаттамасы толық бейнелеген және анық артық көру дәм хошиістік көрсеткіштерге берілген, олардың үлесі (дәм+иіс+көміртек диоксидімен қанығуы) алкогольсіз сусындар үшін 72-75% және минералды сулар үшін 68% құрайды.

9-кесте


Алкогольсіз газдалған сусындарды органолептикалық бағалау

Көрсеткіш

Көрсеткіш сипаттамасы

Сапаны бағалау, балл

Сапа деңгейі

1

2

3

4

Мөлдірлігі, түсі, сыртқы түрі

Жылтыры бар мөлдір; сусын әзірленген жеміс түсіне сәйкес ашық білінген түс немесе осы сусын түріне тән

7

Өте жақсы




Жылтырсыз мөлдір; сусын әзірленген жеміс түсіне сәйкес ашық білінген түс немесе осы сусын түріне тән

5

Жақсы




Әлсіз опалесценция, бірқатар сусындар үшін НҚ рұқсат, және сусын әзірленген жеміс түсіне сәйкес әлсіз білінген түс немесе осы сусын түріне тән

4

Қанағаттандырарлық




Күшті опалесценция немесе НҚ қарастырылмаған тұңба, сусын атына сай келмейтін түс

1 (дәм айырудан алынып тасталады)

Қанағаттандырарлықсыз

Мөлдірлігі, түсі, сыртқы түрі

Жұмсағы бар мөлдір емес сусындар, сусыннның осы түріне сәйкес түс

7

Өте жақсы

Дәмі мен хош иісі

Осы сусын түріне тән күшті білінген хош иіс және тән толққанды дәм

12

Өте жақсы




Осы сусын түріне тән жақсы дәм мен хош иіс

10

Жақсы




Сусын атауына тән емес, жеткіліксіз білінген дәм және әлсіз хош иіс

8

Қанағаттандырарлық




Осы сусын түріне тән емес, нашар білінген дәм және дәм мен иісте бөтен реңк бар

6

Қанағаттандырарлықсыз

1

2

3

4

Көміртек диоксидімен қанығуы

Бокалға құйғаннан кейін көміртек диоксидінің ұзақ және көп бөлінуі, тілде шаншуды сезу

6

Өте жақсы




Бокалға құйғаннан кейін көміртек диоксидінің мол, бірақ ұзақ емес бөлінуі, тілде шаншудың әлсіз сезімдері

5

Жақсы




Көміртек диоксидінің өте жылдам бөлінуі, көміртек диоксиді дәмде әлсіз сезіледі

4

Қанағаттандырарлық


Сапа деңгейі Кешендік баға, балл

Өте жақсы 17 төмен емес

Жақсы 16 — 14

Қанағаттандырарлық 13 — 10

Қанағаттандырарлықсыз 10 төмен
25 баллдық жүйенің кемшіліктері:

1) қанағаттандырарлықсыз үлкен жұмыс істемейтін аймақтың болуы: 60% шкалада минералды суды бағалау бойынша, 58% алкогольсіз сусындар үшін және 36% максималды баллдар қосындысынан сироптар мен газдалмаған алкогольсіз сусындар үшін;

2)бөлек көрсеткіштердің әр түрлі сапа деңгейінде балл аралық интервалдарының бірлігі ұсталмаған; мысалы, өте жақсы, жақсы, қанағаттандырарлық және қанағаттандырарлықсыз сапа деңгейлері арасында мөлдірлік, сыртқы түрі, түсі көрсеткіштері бойынша алкогольсіз газдалған сусындар үшін бағалау шкаласында интервалдар сәйкесінше 2,1 және 3 баллды құрайды;

3) әр балл үшін белгі сипатталмаған; мысалы, алкогольді сусындарды бағалау бойынша шкалада 6,3 және 2 балл үшін мөлдірлік, түс және сыртқы түрі сипаттамалары жоқ, дәм және хош иіс сипатамалары 11,9 және 7 баллдық бағалары үшін;

4) «сәйкес», «тән» терминдерін қолдану;

5) «тән емес» терминдерін қолдану, мамандарға ғана түсінікті, сусындарды тұтынушылық бағалауда кәсіпқой еместерге шкалалармен жұмыс істеу мүмкіндігінен айырды; бума, таңба сапасын сипаттайтын көрсеткіштер шкалада жоқ, олар өнімнің сапасы туралы тұтынушыларда жалпы көріністің қалыптасуының маңызды факторы болып табылады.



10-баллдық шкала. Жүзімдік шараптарда дәм айыру бағалауында 10 баллдық шкаламен жүргізеді, келесі максималды баллдармен 5 көрсеткіш кіреді: мөлдірлігі мен түсі – 0,5 баллдан, «шоғы» - 3, дәмі -5, типтілік -1. Көзбен қарап бағаланатын белгілер мен дәм хошиістік арасындағы баллдар қатынасы 1:8 құрайды. Типтілік шарап сапасының ерекше көрсеткіші болып табылады. Шампан үшін типтік қасиет шымырлылық болып табылады. Шкалада бума және тауарды көркем безендіру сипаттамасы жоқ. Баллдарды үлестерге бөлшектеу және бірдей емес нүктелерге ие, әр түрлі шкалалардың бөлек көрсеткіштері үшін пайдалану(шкалалардың баллдылығы 0,5-тен 5 дейін максималды), қолданылу саласын шектейді.

Келтірілген төрт баллдық жүйенің әр біреуі (10, 25, 30 және 100 баллдық) өнім өндірудің сәйкес салаларында жетілдірілген. Өнім сапаын бағалау мәселесіне салалық көзқарас салдарынан ортақ әдістеменің болмауы, бағалау шкаласының тар кәсіпқойлығы және оларды қолдану саласында қолайсыздығы болып табылады. Бұл баллдық жүйелердің біреуі де саудада қолданыс таппады, қайсысы қазіргі уақытқа дейін тағамдық өінмдерді органолептикалық қадағалаудың азіргі заманғы ғылыми негізделген әдістерін пайдаланбайды, сонысымен қорғау функцияларын орындамайды.

Бағалау шкалалары өндіріс пен сауда арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқаруы керек. Жоғарыда қарастырылған баллдық шкалалардың төрт түрі ғылыми негізделген шкалларды құрудың қазіргі заманғы талаптарына жауап бермейді. Негізгі ыңгайсыздықтардың бірі, олар баллдылық ерекшеленеді және әр түрлі тауарлық топ өнімдері бұл бағалар нәтижесімен салыстыруға келмейді. Басқа жалпы кемшілік, көрсеткіштер салмақтығы тікелей шкалаға салынған, онымен дәм айырушы жұмыс істейді. Бұл бағалау жұмысын қиындатады, себебі принцип бұзылған: шкаланың әрбір баллы өнімнің басқа сапасына жауап беруі тиіс. Үшінші кемшілі (жоғарыда көрсетілген) сапаны бағалауда салалық көзқарас. Шкала саланың мүмкіндіктері мен тілектерін білдіреді. Сусындар үшін бағалау шкалалары буманың өзін тиіспей, бөтелке ішінің (немесе басқа буманың) кешенді көрсеткіштерін қамтиды. Осылай, қадағалауға осы сала жауапты тек өнімнің құрамдасы ұшырайды.
2. Келешектегі баллдық шкалалар

Соңғы онжылдықта шетелде органолептика жақсы дамуда. Өнімдердің сапасын балдық бағалауға көніл бөлінуде. Әр түрлі елдерде 5, 10, 15, 18, 20, 30, 50 және 100 балдық шкаласы бар әр түрлі жүйелер мен құрылымдар қабылданған. Негізінен 5 және 20 бллдық шкала қолданылады. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде өнімнің органолептикалық қасиеттерін бір ізге салынған баллдық жүйелерінің ғылыми жетілдірулері өткізілген. Тәжірибеге ортақ принциптерге негізделген баллдық бағалау әдістерін енгізу өнім сапасы туралы ақпарат алмасу үшін халықаралық сауда үшін қажет. Жетілдіруді орындау ғылымда әлемнің дамыған елдерінің өнім сапасын бағалаудың баллдық жүйесі тәжірибесін, халықаралық үрдістерді пайдаланады.

Сапаны қадағалау бойынша Еуропалық ұйым өнеркәсіптің жеке және мемлекеттік секторларында сапаны қадағалау үшін қажет өнімнің органолептикалық қасиеттерін сипаттаудың құрылымдық әдісін ойлап тапты. Ортақ принциптрге негізделген құрылымдық шкалаларды пайдалану әр түрлі елдер мен фирмаларда талаптардың бір ізге салынуын жеңілдетеді, бұл жаңа ассортиментті өнімдер үшін өте маңызды. Сонымен қатар келесі негізгі принциптерді ұстанған жөн:

1) баллдық әдістің құрылымы мен жүйесі түсіну үшін қолжетімді болуы тиіс – шкаладағы бағалар тұтынушылар бағаларымен сәйкес келеді.

2)бейнелейтін сипаттамаларды құрастырғанда ең алдымен тұтынушылардың өнімді бағалауын ескеру қажет, мүмкіндігінше қайталаулар мен сәйкестіктерден бас тарту қажет. Сапа көрсеткіштері мен сипаттамаларын топтық сұхбаттасудың сараптамалық әдістерін пайдаланып топтарға біріктірген жөн;

3) шкала үдемесін және көрсеткіштердің салмақтылық коэффиценттерін есептеу тұтынушылар пікірерін ескеріп өткізген жөн;

4)көрсеткіштердің оң және теріс сипаттамаларын шкаладағы сәйкес нүктелермен сәйкестеу. Шкаланың әр баллы сапа белгілерінің сипаттамасына ие болуы тиіс;

5) белгілердің әр түрлі топтарын интервалдар шкаласының көмегімен бағалаған жөн, қайсысы дифференциалдау мен ражирлеумен қатар интервалдар енін салыстыруға мүмкіндік береді. Шкала бөлімдерінің мәндері жалпы дәлелділік негізінде құру қажет;

6) сенсорлық бағалауды басқа әдістер мәліметтерімен толықтырған жөн, мысалы құрал-жабдықты, бірақ бұл өлшеулер баллдық бағалау әдісінің бір бөлігі емес. Органолептикалық тест баллдары статистикалық есептер үшін пайдалануға ыңғайлы етіп жасау. Сынақтар нәтижелерін тағамдық өнімдердің әртүрлі түрлеріне қолдануға болатын жалпы жүйеге енгізу.

Ең жауапты сәт – шкаланы таңдау. Баяндалған принциптерді ескеріп, симметриялық интервалды шкала ұсынылған, оларда үлкен мән жақсы сапаға, ал кішісі- нашарға сәйкес. Шкала айырмашылықты бағалауда дайындалған дәм айырушылардың орташа қабілеттіліктерін ескеруі тиіс. Қолданыстағы шкалалар әдетте 3-тен 11 интервалдарына дейін. Тәжірибе көрсеткендей топтық көреткіштерді бағалау кезінде (дәмі, иісі, консистениясы, сыртқы түрі және басқалар) білікті дәм айырушылар үшін де 6-8 интервалды шкала ыңғайлы күрделі көрсеткіштер сапа интервалдарын айыру қабілеттілігі қарапайым тестілер үшін сол дәм айырушыларға интервалдарды айыруға сәйкес келмейді.

Тағамдық өнімдердің сапасын қадағалауды және талдауды өткізу бойынша Орталықта (Венгрия) орындалған зерттеулер дәм айырушылар жұмысы үшін әр түрлі сапа көрсеткіштерін органолептикалық бағалаудың біртекті 5 баллдық шкаласын пайдалану және салмақтылық коэффиценнттерін қолданған жөн екенін көрсетеді. Сапа көрсеткіштерінің сипаттамаларын құруға (5 баллдық шкала) келесі талаптар қойылады:

Өнімнің бағаланатын белгісіне қатысты өнім анық оң қасиеттерге ие; жалпы әсері тұтастай үйлесімді. Ақаулар немесе кемшіліктер анықталмаған -5.

Өнім білінбейтін ақаулар мен кемшіліктерге ие, толықтай рахаттану сезімін береді -4.

Өнімнің оң сипаттамалары нашарлаған; өнім білінетін ақаулар мен кемшіліктерге ие; ахаттануды бағалау ыңғайлы деңгей -3 сәйкес.

Өнім ақаулар мен кемшіліктерге ие, демек, ол стандарт талаптарына жауап бермейді. Рахаттану бағасы төмендетілген, бірақ өнім белгілі жағдайда сатылуы мүмкін (мысалы, бағасын сәйкесінше төмендеткенде) -2

Өнім айтарлықтай ақаулар мен кемшіліктерге ие, сондықтан пайдалануға жарамсыз. Алайда ол қайтадан өңдеуге жарайды -1.

Өнім бұзылғанын көрсететін ақауларға ие. Демек, кез келген түрде өнім тағамға пайдалану үшін жарамсыз -0 .

Өнім сапасына қойылатын талаптар 5 баллға ие болуы тиісі халықаралық стандарттармен сәйкесінше «өте жақсы» болып сипатталады. Егер қандай да бір өнім үшін немесе шкала деңгейі үшін сөздік сипаттама беру қиын болса, онда сипаттаманы алып тастап, дәм айырушыға өзінің тәжірибесі негізінде бағалау баллдарын қоюды ұсынуға болады. Бөлек жағдайларда шкалаға 0 баллды қоспауға рұқсат етіледі.

Сапа көрсеткіштерін таңдау кезінде сарапшылармен міндетті түрде келісіп, сезім мүшелерімен қабылдануына сәйкесінше сипаттамаларды топтастыруға болады. Оптикалық сипаттамалар «сыртқы түрі» ортақ терминімен біріктіріледі және көзбен қарап бағаланатын бірқатар белгілер кіреді: сыртқы түрі, қалыбы, мөлдірлігі, беті, түсі және т.б. бөлек жағдайларда белгілерді бөліп көрсеткен жөн, мысаы, «сыртқы түрі» және «түсі» сусындар үшін, ал «қалып» пен «қыртысы» нан үшін бөлек бағалау қажет. Дербес белгі ретінде бөлінетін «иіс» көрсеткіші дәмдік сезімдерді ескермей бағалануы тиіс. Оны «хош иісі» терминімен белгілеу ұсынылмайды, себебі ол тек иістің жағымды сезімдерін білдіреді. «дәм» көрсеткіші дәмнің негізгі түрлерімен (тәтті, ашты, тұщы, қышқыл) сипатталады.

Дәм айыру комиссиясымен орындалған, өнім үлгілерін баллдық бағалау нәтижелері математикалық өңдеуге ұшырайды. Ең қарапайым әдіс орташалау.

Комиссия мүшелері тұтас қана емес, бөлшекті бағалар қоя алады, бұл әдіс сезімділігін жоғарлатады. 0,5 баллды 0 мен 1 арасын қоюдың мәнісі жоқ.

Жұмысқа үлкен комиссия шақырылса, көрсеткіштің орташа арифметикалық мәнін есептегеннен кейін және дәм айырушылардың бағаларымен салыстырғаннан кейін өте ерекшеленетін бағаларды алып тастап, қайтадан санауға болады. Гомогенді өнімдер үшін ±1,2 бірліктен асса айтарлықтай болып есептеледі, гетерогенді өнімдер үшін ±1,5 балл.

Нәтижелерді өңдеудің келесі кезеңінде баллдық бағалардың арифметикалық орташасын көрсеткіштің салмақтылық коэффиценттеріне көбейтеді және алынған орташа мәндерді қосады. Сапаның жалпы баллдық бағасын алады. Орташа мәндерді және жалпы баллдық бағаларды ондық белгіге дейін келтіреді. Тағамдық өнімдердің апасын қаағалау және талдауды өткізу бойынша Венгриялық Орталықпен жетілдірілген 20 баллдық жүйе әдісін қолдану келесі сапа категориялары бойынша және жалпы өлшенген балл бойынша дифференциалдауды қарастырады: өте жақсы -17,6 -20; жақсы 15,2- 17,5; орташа – 13,2-15,1; қолайлы – 11,2 – 13,1; қолайсыз -11,2 төмен.

Әдіс авторы П . Молнар оның артықшылықтарының бірі негізгі принциптерді өзгертпей үздіксіз жетілуге мүмкінддік беретін иілгіш құрылым екеніп атап көрсетті.


3. Бір ізге салынған баллдық жүйе
Бір ізге салынған баллдық жүйе. Қазіргі заманғы талаптарға бөлек сапа көрсеткіштері үшін салмақтылық коэффицентімен (мәнділік, дәлелді) 5 баллдық шкала жауап береді.

Отандық органолептикада салмақтылық коэффиценті бар баллдық шкалалар басым көпшілігінде ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылады. Жетілдірулер Г.В. Плеханов атындағы Ресейлік экономикалық академияның арнайы тағамдық технология және тағамдық концентратты өнеркәсіптің ғылыми-өндірістік бірлестігінде жасалуда. Негізінде әдетте 5 баллдық шкала жатыр. Салмақтылық коэффиценттерін есептегенде бүтін сандарға басымдылық беріледі.

Г. В. Плеханов атындағы РЭА –да өнімдерді дәмін айырып бағалау үшін баллдық жүйенің құрамдас элементтерін жетілдіру тәжірибесі бар. Негізгі көңіл бірлік көрсеткіштердің сапасын сипаттауға, көрсеткіш салмақтылығының коэффиценттеріне, баллдық бағалар нәтижелері бойынша тауарларды сапалық дифференциалдау принциптеріне бөлінуде.

Баллдық бағалау әдістері шикізат, полуфабрикаттар және дайын өнімнің ауытқушылықтарын анықтауға, тағамдық өнімдерді өндіру шарттарының, тасымалдаудың және сақтаудың әсерін анықтауға арналған.

Унифицирленген баллдық әдістемеде прогрессивті үрдістер дәмін айырып қадағалаудың баллдық әдітерінің тиімділігін жоғарлатуға және қолданылу саласын үлкейтуге келешекте мүмкіндіктер тудырады. Мемлекеттік деңгейде және халықаралық масштабта әдістерді стандарттау сапаны өндірістік және тұтынушылық қадағалау талаптарына және ғылыми-зерттеу мақсаттарына жауап беруі тиіс.


  1. Профиллограммаларды жетілдіру

Сарапшыларды келесі міндеттерді шешу үшін тартады: өнімге тән белгілер тізімін құрастыру, ұқсас белгілерді білдіретін эталонды заттарды немесе табиғи өнімдерді таңдау; белгілерді сипаттау үшін сөздікті жетілдіру; дәм айыруға үлгілерді ұсыну тәртібін және тән белгілерді бағалау реттілігін анықтау; әр түрлі сапа көрсеткіштері үшін:иісі, дәмі, консистенциясы, дифференциалдық шкалаларды немесе бағалау шкаласын құрастыру; жетілдірілген элементтерді сынақтан өткізу және профильдерді құрастыру.

Тән белгілер тізімін дайындауда, эталондарды таңдауда, үлгілерді ұсыну тәртібін анықтағанда және бағалау әдісін анықтағанда сарапшыларды сұрастырудың топтық немесе жеке әдістерін пайдалануға болады. Басқа сұрақтарды шешу үшін сауалнаманы қолданып жеке әдістерді пайдаланған жөн. Дәмдік профильді жетілдіруде сарапшылардың әрекетінің келесі алгоритмі ұсынылады. Бірінші кезеңде дәм мен иістің құұрамдастарының тән сезімдерін анықтауды өткізеді. Дәм және иіс профильдерін бөлек құрастыруа болады немесе дәмдік профильге иіс белгілерін қосуға болады, яғни флевор (дәмділік) профилін құруға болады. Өнімді пайдалану кезінде дәмді қабылдауға иіс әсер етеді. Қолданыстағы стандарттар өнімдердің көпшілігі үшін дәм хошиістік қасиеттерді ортақ қарастырады. Аналитикалық сенсорлық зерттеулерде бұл сапа көрсеткіштерін бөлек бағалаған жөн.

Сарапшылар сипаттау немесе ассоциативті анықтамаларда дәм мен иістің сезілетін белгілерін білдіреді. Осы кезеңде тән белгілер номенклатурасы мен терминология құрастырылады.

Екінші кезеңде белгілер білінетін тәртіп анықталады. Әр сарапшы оларды қалай сезінеді, солай белгілерді тіркейді.



Үшінші кезең әр белгінің бөлек қарқындылығын бағалауды кіргіздіреді. Қарқындылықты сондай-ақ бағалау шкалаларын қолданып, жеке әдіспен анықтаған жөн.

Төртінші кезеңде дәмі мен тұрақтылығын тексеру жүзеге асырылады. Үлгі жұтылғаннан кейін білінетін дәм қалдықты дәм деп аталады. Үлгі жұтылғаннан кейінгі қалдықты сезім тұрақтылық деп аталады және тұрақтылық кезеңімен сипатталады. Бөлек жағдайларда сарапшы дәм айырушыларға дәмді анықтап және онық қарқындылығы мен тұрақтылық кезеңін анықтау қажет.

Бесінші кезеңде жалпы әсер бағаланады, яғни тән белгілер ерекшеліктерін, олардың қарқындылығын, анықталатын дәм мен дәмдер қоспасын ескеріп өнімнің толық бағасы беріледі. Кейбір жағдайларда жалпы әсерді бағалау басында орындалады.

Ең қарапайым жағдайда жалпы әсерді бағалау 3 баллдық шкала бойынша жүргізіледі: 3-жоғары сапа, 2-орташа, 1-төмен.

Топтық әдіс келесідей жасалады. Алдымен сарапшы дәм айырушылар тән белгілерді, олардығң біліну тәртібін, қарқындылығын тіркеп жеке жұмыс істейді, сонан соң ортақ әсерді бағалайды. Жеке жұмыс нәтижелерін топтық сұхбаттасуды ескеріп, қорытынды профильді құру үшін комиссия жетекшісіне (ұйымдастырушысына) береді, оның мақсаты толық келісушілкке қол жеткізу. Пікірлесу сараптамалық комиссия бір пікірге келгенше дейін жалғасады.

Жеке әдісте комиссия тән белгілерді анықтауды және терминологияны пікірлестіреді. Келісімге келгеннен кейін сарапшы дәм айырушылар жеке жұмыс істейді. Сонымен қатар сарапшылар жұмысында бір баллдық шкаланы қолдануы тиіс. Алынған нәтиделер коллективті пікірлесусіз өңдеу және орташалау үшін комиссия жетекшісіне беріледі.

Өнім текстурасын профильдік сараптауда К. Помпеи келесі әдісті ұсынды. Алғашқы кезеңде сарапшылар жиналып жұмыс істейді. Сонан соң нәтижелерді тіркеу үшін карта ойластырылады.

Профильдік әдіс келешекте үлкен үміт ұялатады. Мысалы, жаңа өнімді жетілдіруде идеалды профиль жасалуы мүмкін, сонан соң технологиялық режим мен компонеттер жиынтығын қосып, алынған өнім профлін идеалдыға жеткізуге болады.


Әдебиеттер: 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.2.3, 7.2.4
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет