Ќазаќстан Республикасы


-бөлім. Киіз басу өндірісі



жүктеу 5.07 Mb.
бет13/17
Дата19.09.2017
өлшемі5.07 Mb.
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

10-бөлім. Киіз басу өндірісі

204. Киіз басушы

Параграф 1. Киіз басушы, 3- разряд

862. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары дәрежелі киіз басушының басқаруымен көпбілікті және басу машиналарында бас киімдердің алдын ала аудару процесін жүргізу;

бүгу сызығын бояу және бас киімдердің қалпақтарын түзеу, техникалық талаптарға сәйкес аудару мерзімі бойынша қалпақтарды бұрау және бүктеу;

берілген түрге сәйкес өңделген қалпақтарды формасы мен сызықтық өлшемі бойынша ақырғы рет түзеу;

бас киім қалпақтарын центрифугада сығу және белгіленген орынға тасымалдау;

рецептураға сәйкес білік ерітіндісін әзірлеу;

қызмет ететін жабдықты күту.

863. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылымы, қалпақтардың түрлері;

құрылымы мен өлшемі;

оларға қойылатын техникалық талаптар, аудару мерзімі бойынша бас киім қалпақтарын түзеу ережелері;

білік ерітіндісін әзірлеу рецептурасы.
Параграф 2. Киіз басушы, 4- разряд

864. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі жүйедегі киіз басу машиналарында аяқ киімді аудару процесін жүргізу, шығыршықты, арқанды, көпбілікті және басу машиналарында бас киімдердің ақырғы рет аудару;

қызмет ететін машинаның күйін тексеру және берілген бұйымды өңдеу үшін оны реттеу;

білік ерітіндісін әзірлеу және оның қосылымын тексеру;

қызмет ететін машинаға бұйымды салу және толтыру;

білік ерітіндісінің температурасын, жұмыс органдарының қысым деңгейін, басу машиналарында бұйымдардың айналымын, көпбілікті машиналарда жұмыс білікшелері мен қатарларының арасындағы ажырауларды, техникалық талаптарға сәйкес бұйымдардың шөгу деңгейін реттеу;

бұйымдардың формалары, сызықтық өлшемдері, тығыздығын қадағалау, аудару процесі кезінде оларды түзеу;

созу станогында киізді аяқ киімді қажетті формаға дейін созу, түзеу, қадалықта өкше жасау;

аудару аяқталуының уақытын анықтау, бұйымдарды шығару және тасымалдау.

865. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

өңделетін бұйымдардың түрлері;

құрылымы мен өлшемі, оларға қойылатын техникалық талаптар;

дайындалатын бұйымдардың түрлеріне сай аударудың технологиялық тәртібі;

бұйымды аудару кезінде қолданылатын заттар, ерітіндіні әзірлеу рецептурасы мен оның қосылымын анықтау ережелері;

бұйымның шөгу деңгейін реттеу тәсілдері;

бұйымды аударудың аяқталу уақытын анықтау әдістері.


Параграф 3. Киіз басушы, 5- разряд

866. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі жүйедегі киіз басу машиналарында киіз бен киізді тегістеу шеңберін аудару процесін жүргізу;

киіз басу машинасының күйін тексеру және оны берілген бұйымды өңдеу үшін реттеу;

білік ерітіндісін әзірлеу және оның қосылымын тексеру;

бұйымды дайындау, киіз басу машинасына салу немесе толтыру;

аударудың су және температуралық тәртібін реттеу, бұйымдардың айналымын, жұмыс органдарының қысым деңгейін, жұмыс машиналарының баркаларының жұмыс көлемін, аудару кезінде жгут басушы немесе көпбілікті машиналарда жұмыс органдары арасындағы ажырауларды реттеу;

бұйымдардың формалары, сызықтық өлшемдері, тығыздығын қадағалау, аудару процесі кезінде оларды түзеу;

бұйымды аударылу қабілеттігіне және техникалық талаптарға сәйкес шөгі деңгейін реттеу;

аудару аяқталуының уақытын анықтау, бұйымдарды шығару және тасымалдау;

қызмет ететін жабдықты күту.

867. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

өңделетін бұйымдардың түрлері, құрылымы мен өлшемі, оларға қойылатын техникалық талаптар;

дайындалатын бұйымдардың түрлеріне сай аударудың технологиялық тәртібі;

бұйымды аудару кезінде қолданылатын заттар, олардың қасиеттері, рецептурасы;

білік ерітіндіндісінің шығындалу нормасы және оның қосылымын анықтау ережелері;

бұйымның шөгу деңгейін реттеу тәсілдері;

бұйымды аударудың аяқталу уақытын анықтау әдістері.
205. Велюрші

Параграф 1. Велюрші, 4- разряд

868. Жұмыс сипаттамасы:

велюрді бас киімнің қажетті қалыңдығы, биіктігі, жылтыры бойынша ылғалдау әдісімен инелі түкті және щеткалы түкті машиналарда жасау жұмысын орындау;

белгілі қосылымды және температурадағы білік ерітіндісін әзірлеу;

бас киімдерді қызмет ететін машиналарға салу, ерітіндінің жіберілуі мен бас киімдердің айналу жылдамдығын реттеу;

бас киімдерді машинадан шығару және центрифугада сығу;

велюрді кардна щеткамен көтеру;

бас киімдердің өңделу сапасын бақылау және оларды белгіленген орынға тасымалдау;

бас киімдерді салу және тапсыру;

қызмет ететін жабдықты күту.

869. Білуге тиіс: қызмет ететін жабдықтың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

бас киімдердің түрлері, құрылымы, велюрдің биіктігіне, қалыңдығына, жылтырына қойылатын техникалық талаптар;

бас киімдердің өңделуінің технологиялық тәртібі және реттеу тәсілдері;

велюр сапасын анықтау әдістері;

ерітіндінің рецептурасы мен әзірлену ережелері.


206. Киіз бұйымдарының негізін дайындаушы

Параграф 1. Киіз бұйымдарының негізін дайындаушы, 2- разряд

870. Жұмыс сипаттамасы:

киіз бұйымдарының негізін әзірлеу бойынша дайындау жұмыстарын орындау;

киіз аяқ киімінің негізіне белгіленген формадағы, өлшем мен салмақтағы беттерді, қабаттарды, қабат астары мен полкаларды қолдан дайындау;

мақтаны алу;

мақта қабаттарын түрлері, тығыздығы, түтілуі, формасы бойынша дайындау;

оларды салу, жинақтау, өлшеу, тығыз етуге жіберу, мақта қабаттарын белгіленген орынға тасымалдау.

871. Білуге тиіс:

жүн түрлері, киіз бұйымдарының негізін белгіленген форма, өлшем, салмақ, қабаттарының көлемі бойынша әзірлеу тәсілдері;

беттер, қабаттар, қабат астары мен полкалардың сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 2. Киіз бұйымдарының негізін дайындаушы, 3- разряд

872. Жұмыс сипаттамасы:

киіздердің, тегістеу шеңберінің, молотилкалы киіздердің негізін әзірлеу бойынша дайындау жұмыстарын, тезнологиялық тәртіпке сәйкес киіз аяқ киімін толық емес дайындау жұмыстарын орындау;

негізді құрылғыны, құрал саймандарды, құрылғыларды жұмысқа дайындау;

қызмет ететін құрылғыда негізді жасау, қажетті конустылық пайда болғанға дейін ұзындықты өзгерте отырып, мақтаны формасы, өлшемі, салмағы бойынша көлденең және бойлай орналасқан талшықтармен кезектестіріп төсеу, белгілі формалы және өлшемді киіз аяқ киімінің қалпақшасының алғашқы жасалуы, айналдыру жерлерін жетілдіру;

киіз бұйымдарының негізін алдын ала тығыздау;

мақта шеттерін тегістеу, қайыру, қалыңдығы бойынша конус шеттерін өңдеу;

мақтаны бумаларға орау, негізді құрылғыдан негіздерді шығару, өлшеу, негіз жасау машинасынан жүнді бас киімдердің негізін шығару;

істеліп шығарылған конусты ілу, оны конустан алу, айналдыру, конусты тығыздау, өлшемді белгілеу;

берілген түрдің негізіне конустарды дайындау;

берілген негіз құрылымына сәйкес жүннің шөгу сапасын бақылау, киіз аяқ киімді айналдыру, анықталған олқылықтарды жою;

қалдықтарды жинау және тапсыру;

киіз бұйымдарының негізін тасымалдау;

қызмет ететін жабдықты күту.

873. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

киіз бұйымдарының, жүннен басылған аяқ киімнің, жүн бас киімдерінің түрлері;

киіз бұйымдарының түрлі негіздерін;

жүн бас киімдерінің негіздерін, жүннен басылған аяқ киімдердің толық емес жасалған негіздерін дайындаудың технологиялық параметрлері;

жүннен басылған аяқ киімнің дайындалуы мен айналуына, жүн негізінің сапасына қойылатын техникалық талаптар;

жүннен басылған аяқ киімнің дайындалу, конустан жүн негізін алу және өлшеу ережелері;

жүннен басылған аяқ киімнің айналу сапасын анықтау әдістері.


Параграф 3. Киіз бұйымдарының негізін дайындаушы, 4- разряд

874. Жұмыс сипаттамасы:

жүннен басылған аяқ киімнің негізін толығымен дайындау жұмыстарын орындау, технологиялық тәртіпке сәйкес негіз жасайтын машиналарда жүн бас киімдердің негізін дайындау.

жүннен басылған аяқ киімнің түріне байланысты қоныш негізін, басын, бойын, формасы мен өлшемін жасау.

негізді алдын ала тығыздау.

жұқарған жерлерді қосымша қалыңдату.

полка, конустарды, пласттарды, айналдыруларды жұмыс орнына тасымалдау.

қызмет ететін машинаны баптау, бас киімдердің түрлері мен өлшеміне, конусқа жүннің отыру қарқындылығына, судың температурасы мен тегеурініне байланысты конустың жұмыс аймағының ауданын реттеу, конустарды іріктеу.

жүн бас киімдерін дайындау кезінде қызмет ететін машинаның дискісінің ортасына конусты орнату.

киіз бұйымдары жасалған кезде негіздің сапасын бақылау, негізді шығару және бүктеу.

қызмет ететін жабдықты күту.

875. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

жүннен басылған аяқ киімдердің, жүн бас киімдердің түрлері;

бас киім негізінің құрылымы, жүннен басылған аяқ киім түрлері мен өлшемі, киіз бұйымдарының негізін дайындаудың технологиялық тәртібі;

аяқ киімдердің түрлі бөліктерін және өсу негіздерін жасау ережелері;

жүннің отыруы мен су тегеурінін реттеу тәсілдері;

жасалған негіздің сапасын анықтау әдістері.


207. Білтелерді дайындаушы

Параграф 1. Білтелерді дайындаушы, 2- разряд

876. Жұмыс сипаттамасы:

киіз білтелерді дайындау;

белгіленген салмақты және өлшемді білтелердің негізін дайындау;

негізді киіздеу, техникалық талаптарға сәйкес білтелерді аудару, кептіру, кесу;

түрлері мен өлшемі бойынша дайын білтелерді байламдарға орау;

киізді білтелерді дайындаушының жұмыс орнына, дайын білтелерді белгіленген орынға тасымалдау.

877. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

білтелердің түрлері және оларға қойылатын техникалық талаптар;

білтелердің сапасына қойылатын талаптар.


208. Қышқылдатушы

Параграф 1. Қышқылдатушы, 3- разряд

878. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес түрлі жүйедегі қышқылдату жабдығында жүннен басылған аяқ киімді, бас киімді, киізді, тегістеу шеңберлерін қышқылдату процесін жүргізу;

рецептураға сәйкес белгіленген қосылымның қышқылды ерітіндісін әзірлеу;

процесстің температуралық тәртібін, өңделетін бұйымдардың бірқалыпты және толығымен қышқыл ерітіндімен сіңірілуін, ерітінді деңгейін реттеу;

қышқыл қосылымын анықтау, бақылау өлшеу аспаптарының көмегімен сілтілі ортаны бақылау;

қызмет ететін машинаға өңделетін бұйымдарды салу және толтыру;

өңделген бұйымдарды шығару;

қолданылатын жабдықтарды тазарту және майлау;

өңделетін бұйымдар мен қышқылдарды тасымалдау.

879. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

бақылау өлшеу аспаптарын пайдалану ережелері, өңделетін бұйымдардың түрлері;

қышқылдатудың технологиялық тәртібі;

қышқыл ерітіндісін әзірлеу ережелері және оның қосылымын, температурасы мен деңгейін реттеу;

қышқылдарды пайдалану ережелері;

бұйымдарды қышқылдату процесін бақылау және реттеу тәсілдері.


209. Домалату машинасының машинисі

Параграф 1. Домалату машинасының машинисі, 2- разряд

880. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық режим сәйкес домалату машинасында киіз дөңгелектерді домалату;

түрлі киіз дөңгелектерін өңдеу үшін домалату машинасын дайындау;

киіз дөңгелектерді орнату және оларды қысу деңгейін реттеу, домалату сапасын тексеру;

домалатылған дөңгелектерді салу, тығыздау және тасымалдау.

881. Білуге тиіс:

домалату машинасының құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

киіз дөңгелектердің түрлері және оларға қойылатын талаптар;

киіз дөңгелектерді домалатудың технологиялық тәртібі;

түрлі киіз дөңгелектерін домалату үшін домалату машинасын дайындау тәртібі;

домалатылған дөңгелектерді тығыздау ережелері.
210. Басу машинасының машинисі

Параграф 1. Басу машинасының машинисі, 3- разряд

882. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес басу машинасында бояу алдында фетровтық бас киімдерді конусқа отырғызу;

бас киімдер мен конустарды өлшемдері бойынша іріктеу;

басу машинаның дискіне конусты орнату;

бас киімдерді булау, конусқа отырғызу;

булау қазанына буды жіберуді реттеу;

басылған бас киімдері бар конустарды шығару және оларды бояуға жіберу;

бас киімдер мен конустарды белгіленген орынға тасымалдау.

883. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтың құрылымы және пайдалану ережелері;

бас киімдер мен конустардың түрлері;

өлшемдері, бас киімдерді булау мен отырғызудың технологиялық тәртібі;

бас киімдер мен конустардың өлшемін анықтау ережелері;

бу жүргізу жүйесін пайдалану ережелері және бу жіберуді реттеу.


211. Жүнді жуушы

Параграф 1. Жүнді жуушы, 3- разряд

884. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес түрлі жүйедегі жуу машиналарында жүнді жуу;

агрегат барларын белгіленген деңгейге дейін сумен толтыру;

жуу ерітіндісін әзірлеу және баркаға құю;

қосылымды, ерітінді мен судың температурасын, сығу біліктерінің қысымын, будың жіберілуін реттеу;

жүннің ластану деңгейіне байланысты алдыңғы баркалардан келесі баркаларға суды тербеу;

реттеу құрылғылары мен механизмдерінің дұрыстығын, зертханалық сараптама көрсеткіштерінің негізінде жүнді жуу сапасын тексеру;

өңделген суды шығару;

сығу біліктерін тарту;

жүн мен химиялық заттарды белгіленген орынға тасымалдау;

баркалар мен байланыстарды тазарту, жуу.

885. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылымы, оларды пайдалану және күту ережелері;

жүннің түрлері, химиялық заттардың қасиеті мен шығындалу нормасы, жуу ерітіндісінің рецептурасы мен әзірлеу ережелері;

температуралық тәртіпті;

сығу біліктерінің қысымын, су температурасы мен жуылу уақытын, су қаттылығын реттеу тәсілдері;

жүннің сапасын бақылау ережелері.
212. Аяқ киімді саптаушы

Параграф 1. Аяқ киімді саптаушы, 3- разряд

886. Жұмыс сипаттамасы:

жүннен басылған аяқ киімді қолдан қалыпқа саптау;

жүннен басылған аяқ киім мен қалыпты өлшемі бойынша іріктеу;

қалып пен сынаның тұмсығын тығыздау, технологиялық тәртіпке сәйкес жүннен басылған аяқ киімді қондыру;

аяқ киімнің қалыпқа сапталу сапасын тексеру, анықталған олқылықтарды түзету;

сапталған аяқ киімді салу;

аяқ киімдер мен қалыптарды белгіленген орынға тасымалдау.

887. Білуге тиіс:

жүннен басылған аяқ киімнің түрлері мен өлшемі;

оларға қойылатын техникалық талаптар;

қалыптарды тығыздаудың, жүннен басылған аяқ киімнің сапталуы мен қондырылуының технологиялық тәртібі;

қалыптардың ақауларын алдын алу және жою ережелері.


Параграф 2. Аяқ киімді саптаушы, 4- разряд

888. Жұмыс сипаттамасы:

саптау машинасында жүннен басылған аяқ киімді қалыпқа саптау;

жүннен басылған аяқ киім мен қалыпты өлшемі бойынша іріктеу;

берілген жүннен басылған аяқ киімнің түрлері бойынша саптау машиналарын түзету;

қалыпты толтыру және тығыздау, технологиялық тәртіпке сәйкес жүннен басылған аяқ киімді қондыру;

саптау машинасынан шығарғаннан кейін аяқ киімді қалыпқа қолдан қондыру;

аяқ киімнің қалыпқа сапталу сапасын тексеру, анықталған олқылықтарды түзету;

сапталған аяқ киімді салу;

аяқ киімдер мен қалыптарды белгіленген орынға тасымалдау;

саптау машинасын күту.

889. Білуге тиіс:

саптау машинасының құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

жүннен басылған аяқ киімнің түрлері мен өлшемі, оларға қойылатын техникалық талаптар;

қалыптарды тығыздаудың, жүннен басылған аяқ киімнің сапталуы мен қондырылуының технологиялық тәртібі;

аяқ киімнің сапталу сапасын анықтау әдістері;

ақауларды алдын алу және жою тәсілдері;

қалыптарды іріктеу ережелері.


213. Мамықтау жабдығының операторы

Параграф 1. Мамықтау жабдығының операторы, 3- разряд

890. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары дәрежелі мамықтау жабдығының операторының басшылығымен мамықтау машиналары мен агрегаттарда бас киімді жасауға арналған мамықты қоспаны мамықтау процесін жүргізу;

қоспа барабандары мен конусты қоспалауыштарда қоспаны араластыру;

қызмет ететін жабдыққа қоспаны салу және реттеу;

мамықтың ұшу сипаты бойынша мамықтану сапасын бақылау;

қоспадан шолтаң мамықтарды, бөтен қоспаларды жою;

қоспаларды тасымалдау және өлшеу;

қалдықтарды түрлері бойынша жинау, сұрыптау, толтыру;

белгіленген тәртіппен қызмет ететін машиналар мен агрегаттарды тазалау мерзімі;

қызмет ететін жабдықты күту.

891. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

түрлі қоспаларды мамықтау процесінің технологиялық тәртібі;

қызмет ететін жабдыққа қоспаны салуды реттеу тәсілдері;

қызмет ететін машиналар мен агрегаттарды тазарту жиілігі мен тәсілдері;

мамықтау сапасын анықтау әдістері.


Параграф 2. Мамықтау жабдығының операторы, 4- разряд

892. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес мамықтау машиналары мен агрегаттарда бас киімді жасауға арналған мамықты қоспаны мамықтау процесін жүргізу.

қоспа алу және сапасын қадағалау.

берілген өнім түріне, мамықтау қарқындылығын, тікенекті талшықтар мен басқа қоспаларды ажырату деңгейін реттеу.

мамықтың ұшу сипаты бойынша мамықтану сапасын бақылау.

есептеу құжаттамасын дайындап, дайын мамық қоспасын тапсыру.

белгіленген тәртіппен мамықтау машиналары мен агрегаттарды жүйелі түрде тазалау, тазартылған соң олардың жинақталу дұрыстығын тексеру.

мамықтау жабдығын күту.

893. Білуге тиіс:

мамықтау жабдығының құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

мамықтау қоспаларының түрлері мен олардың құрамдас бөліктері;

түрлі мамықтау қоспаларын мамықтау процесінің технологиялық тәртібі;

мамықтау қарқындылығын реттеу және тікенекті талшықтар мен басқа қоспаларды ажырату тәсілдері;

мамықтау сапасын анықтау әдістері;

дайын мамықтау қоспасының сапасына қойылатын талаптар;

дайын қоспаны есептеу және құжаттаманы дайындау тәртібі.
214. Электростатикалық өңдеу операторы

Параграф 1. Электростатикалық өңдеу операторы, 3- разряд

894. Жұмыс сипаттамасы:

үйқоян мен қоян терісін, үйқояны мен қоянның жүнін, фетрлі бұйымдарды электростатикалық өрісте машинада өңдеу.

машинаның салу құрылғыларының алдында үстелде терілерді жазу.

қызмет ететін машинаға терілерді, жүнді және фетрлі бұйымдарды салу.

жоғары вольтты құрылғыны түрлендірушінің жұмысын бақылау.

бұйымдарды өңдеу сапасын бақылау.

895. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтың құрылымы және оны пайдалану ережелері;

өңделетін бұйымдардың түрлері;

электростатикалық өрісте бұйымдарды өңдеу ережелері;

өңделген бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.
215. Киіз бұйымдарын өңдеуші

Параграф 1. Киіз бұйымдарын өңдеуші, 1- разряд

896. Жұмыс сипаттамасы:

киіз бұйымдарын өңдеуге даярлық жұмыстарын жүргізу.

бөтен қоспаларды қолдан іріктеу, қалпақшалардан, жүннен басылған аяқ киімнен, киізден, киіз бұйымдарынан май дақтары мен смолканы жою, белгіленген ережеге сай жүннен түктерді жою.

бұйымдарды белгіленген орынға тасымалдау.

өңделген бұйымдарды сұрыптау.

897. Білуге тиіс:

киіз бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар;

өңделетін бұйымдардағы бөтен қоспаларды;

май дақтары мен басқа да олқылықтарды іріктеу және жою тәсілдері.
Параграф 2. Киіз бұйымдарын өңдеуші, 2- разряд

898. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес тазарту жартылай автоматтарында киізден басылған аяқ киімінің қонышынан түктерді шығару;

жұмыс органдарының ажыратылуын реттеу және тазарту жартылай автоматтың жұмыс органдарына бұйымдарды қысу деңгейі;

өңделетін бұйымдарды салу және шығару;

қоныштан түктердің біркелкі алынуы мен жүннен басылған аяқ киім қалыңдығын қадағалау;

өңделген бұйымдарды тасымалдау және салу;

түрпіні тесу;

тазарту жартылай автоматын күту.

899. Білуге тиіс:

тазарту жартылай автоматтың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

жүннен басылған аяқ киімнің түрлері және оның сапасына қойылатын технологиялық талаптар;

қоныштардан түкті алудың технологиялық тәртібі;

өңделетін бұйымдарды салу және шығару ережелері;

жұмыс органдарының ажыратылуын реттеу және тазарту жартылай автоматтың жұмыс органдарына бұйымдарды қысу деңгейі;

түкті шығару сапасын анықтау әдістері;

түрпілерді тесу ережелері.
Параграф 3. Киіз бұйымдарын өңдеуші, 3- разряд

900. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес киіз бұйымдарын өңдеу жұмыстарын жүргізу;

вибро тегістеу машинасында тегіс әсер жасай отырып, киіз бұйымдарын соңғы рет өңдеу, бас киімдерді туровка станогында туровкалау, тазарту станогында жүннен басылған аяқ киімнің тұмсығынан, киіз цилиндрлерінен, киіз және тегістеу шеңберінен түктерді алу, фетрлі аяқ киімге соңғы рет пішін беру;

тығырық немесе вибратор қалпақшасын қағазбен, шұғамен, фетрмен толтыру, өңдеу түрі мен қайталануына байланысты тербеліс амплитудасын орнату, түрлеріне байланысты туровкалы қалпақтарды іріктеу, жетекші білік пен жұмыс білікшелерінің ажыратылуы мен параллелдігін реттеу;

бас киімдерді щеткамен, киізбен, буландырылған матамен, спиртпен, маймен, сумен жылтырағанға дейін және туровкалы станокта түктің сәйкес бағытын алғанға дейін өңдеу, өңделген жасауды күйдіру;

туровка, тегіс әсердің сапасын бақылау, бас киімнің түсі мен қалыңдығының біркелкілігін, түкті шығару дұрыстығын, өңделетін бұйымдардың қалыңдығы мен пішінін қадағалау;

өңдеуден соң бұйымдарды машинаға немесе белгіленген орынға тасымалдау;

түрпілерді тесу, түрпілі ленталармен білікшелерді тарту;

қолданылатын жабдықты күту.

901. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтардың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

өңделетін бұйымдардың түрлері, киіз бұйымдарын өңдеудің технологиялық тәртібі;

оларды толтыру тәртібі, қолданылатын жабдықтың жұмыс органдарына бұйымдарды ажырату және қысуды, вибратордың тербеліс амплитудасын, білікшелердің параллелдігін реттеу тәсілдері;

білікшелерді тесу ережелері мен оларды түрпілі ленталармен тарту, киіз бұйымдарының техникалық шаралары, киіз бұйымдарын өңдеу сапасын анықтау әдістері;

өңдеу материалдарының қасиеті мен шығындалу нормасы.


Параграф 4. Киіз бұйымдарын өңдеуші, 4- разряд

902. Жұмыс сипаттамасы:

вибро тегістеу машинасында фетрлі бас киімдерді соңғы рет өңдеу, бас киімдердің беттерінде күдері немесе басқа әсерлерді жасау.

тығырық немесе вибратор қалпақшасын қағазбен, шұғамен, фетрмен толтыру.

киіз бұйымдарын өңдеу түрі мен қайталануына байланысты вибратордың тербеліс амплитудасын орнату.

бас киімдерді вибро тегістеу машиналарына салу.

вибро тегістеу машинасының өңдейтін беттеріне бас киімдерді отырғызу және өңдеу жылдамдығын реттеу.

бас киімнің түсі мен қалыңдығының біркелкілігін тексеру.

бас киімдердің күдері әсерінің сапасын бақылау.

дайын бас киімдерді вибро тегістеу машинасынан шығару және салу.

бас киімдерді жұмыс орнына қабылдау және тасымалдау.

вибро тегістеу машинасын күту.

903. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтардың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

фетрлі бас киімдердің түрлері мен құрылымы, күдері және басқа әсерлерді жасаудың технологиялық тәртібі;

вибратордың тербеліс амплитудасын орнату ережелері мен бас киімдерді өңдеудің жылдамдық тәртібін реттеу;

дайын бас киімдердің техникалық шаралары, бас киімдердің түсі мен қалыңдығын тегістеу тәсілдері;

бас киімдерді өңдеу кезінде қолданылатын заттардың түрлері және оларға қойылатын талаптар, бас киімдерді соңғы рет өңделу сапасын анықтау әдістері.


216. Киіз бұйымдары мен терілерді престеуші

Параграф 1. Киіз бұйымдары мен терілерді престеуші, 2- разряд

904. Жұмыс сипаттамасы:

кептіруден кейін терілерді жазу және икемділі ету үшін түрлі жүйедегі механикалық престерде престеу;

тақта немесе пресс негізінде терілерді дымқылдау және салу;

терілерді шығару, тасымалдау;

прессті тазарту, үйкелетін беттерді майлау.

905. Білуге тиіс:

қызмет ететін престеу жабдығының жұмыс принципі, оны күту ережелері;

пресс қысымын реттеу ережелері;

терілерді дымқылдату, салу және престеудің техникалық тәртібі;

терілерді престеу сапасын анықтау әдістері,

престеу жабдығын тазалау және майлау тәсілдері мен жиілігі.
Параграф 2. Киіз бұйымдары мен терілерді престеуші, 3- разряд

906. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес түрлі жүйедегі пресстерде бас киімдерді, киізді, киіз шеңберлерін престеу;

пресстер мен бақылау өлшеу аспаптарының дұрыстығын тексеру;

берілген бас киімдердің түрлерін престеу үшін пресс пішіндер мен дөңгелек тіреулерді іріктеу;

бұйымдардың белгілі өлшемдері мен түрлерін іріктеу, бұйымдарды пресске салу;

технологиялық процесстің барысын бақылау, бұйымдарға пресс қысымын, пресс пішіндері мен тақталардың қызу температурасын реттеу;

бұйымдарды пресстен шығару, бұйымдардың пішіндері мен тығыздығын бақылау;

бұйымдарды тасымалдау;

қызмет ететін жабдықты күту.

907. Білуге тиіс:

қызмет ететін престеу жабдығы мен бақылау өлшеу аспаптарының құрылымы;

пресс қысымы мен пресс пішіндер мен тақталардың қызу температурасын реттеу ережелері;

престелетін бұйымдардың түрлері мен оларға қойылатын техникалық талаптар;

престеудің технологиялық тәртібі;

престеу сапасына қойылатын талаптар.


217. Терілерді дәрілеуші

Параграф 1. Терілерді дәрілеуші, 4- разряд

908. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес түрлі жүйедегі машиналар мен науаларда талшықтарға аударылу қабілеттігін бері үшін терінің қыл жамылғысын азотты пергидрамен дәрілеу;

терілерді дайындау;

терінің түріне, сапасына, өлшемі мен ақаулығына байланысты дәріні пайдалану деңгейі мен дәріленетін қыл жамылғысының биіктігін реттеу;

қажетті қоспалы дәрілі ерітіндіні әзірлеу;

терілерді ұзақ жату үшін белгілі тәртіппен бүктеу;

дәріленген мамықты немесе терілерді шығару, сығу және кептіру;

терілер мен мамықты белгіленген орынға тасымалдау;

қызмет ететін жабдықты күту.

909. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

терілердің түрлері және олардың технологиялық қасиеттері;

дәрілеу мен кептірудің технологиялық тәртібі;

дәрілеу ерітіндісін әзірлеу тәртібі мен оның құрамдас бөліктерінің қасиеті, түкті дәрілеудің деңгейі мен биіктігін реттеу ережелері;

дәріленген терілердің қыл жамылғысына қойылатын талаптар, терілердің дәрілену және кептірілу сапасын анықтайтын әдістер;

қосылымды азот қышқылы мен азот тотығын пайдалану ережелері.


218. Киізді тегістеуші

Параграф 1. Киізді тегістеуші, 3- разряд

910. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары дәрежелі киізді тегістеушінің басшылығымен технологиялық тәртіпке сәйкес қосарлы ленталы машинада киізді тегістеу;

қосарлы ленталы машинаға киізді салу;

технологиялық процесстің барысын бақылау, киізді жіберу жылдамдығын реттеу;

киіз бен қалдықтарды тасымалдау;

қызмет ететін машинаның үйкелетін беттерін майлау.

911. Білуге тиіс:

қызмет ететін машинаның құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

киіздің түрлері;

киізді тегістеудің технологиялық тәртібі;

қызмет ететін машинаның үйкелетін беттерін майлау тәсілдері мен жиілігі.
Параграф 2. Киізді тегістеуші, 4- разряд

912. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес қосарлы ленталы машинада киізді тегістеу;

қажетті қалыңдықта киізді тегістеу үшін қызмет ететін машинаның ажыратқыштарын орнату;

технологиялық процесстің барысын бақылау, киізді тегістеу процесі кезінде машина ажыратқыштарын реттеу;

киізді тегістеу сапасын бақылау, сызықтық өлшемдерді жүйелі түрде тексеру;

тегістеу механизмінің жіберу пышақтары мен түрпілі шеңберлерін реттеу;

қалдықтардың есебін жүргізу;

қызмет ететін машинаны күту.

913. Білуге тиіс:

екі ленталы машинаның құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

киіздің түрлері;

оны тегістеудің технологиялық тәртібі;

киізді тегістеу сапасына қойылатын техникалық талаптар;

қызмет ететін машина мен тегістеу механизмін реттеу тәсілдері;

киізді тегістеу сапасын бақылау ережелері.


219. Киіз бұйымдарын жазушы

Параграф 1. Киіз бұйымдарын жазушы, 1- разряд

914. Жұмыс сипаттамасы:

бас киімді боялғаннан кейін қолдан жазу және тазарту;

бас киімдерді тасымалдау және бүктеу.

915. Білуге тиіс:

бас киімдерді жазу ережелері және оларды салу;

бас киімдердің сапасына қойылатын талаптар.


Параграф 2. Киіз бұйымдарын жазушы, 2- разряд

916. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес тіректі жазу станогында киіздеуден кейін аяқ киімдерді, дөңгелек үшбілікті машинада пішіндеу алдында бас киімдерді жазу;

жүннен басылған аяқ киімнің негізін қолдан алдын ала жазу, созу станогында негіздерді салу және белгіленген өлшемдерге дейін жазу, негізді шығару;

бас киімдерді ылғалдау және қызмет ететін машиналарға салу, иін сызығын ығыстырып, қайта салу жиілігі, қайта салулардың кезектесу жүйелігін өзгерту;

қызмет ететін машинаның жұмыс білігінің қысымын реттеу;

бас киімдер мен жүннен басылған аяқ киім негізінің пішінін, өлшемін, тегістігін, тығыздығын бақылау;

қызмет ететін машинаны күту.

917. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

киіз бұйымдарының түрлері;

киіз бұйымдарын жазудың технологиялық тәртібі;

киіз бұйымдарының сапасын бақылау ережелері.
Параграф 3. Киіз бұйымдарын жазушы, 3- разряд

918. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес киіз тегістеу шеңберлерін түрлі жүйедегі станоктарда және машиналарда және жазып сығу машиналарында киіздерді жазу;

соңғы пішіндер мен өлшемдерді жасау, киіз бұйымдарын қалыңдығы мен тығыздығы бойынша тегістеу;

қол бақылау өлшеу құрал саймандарын пайдалана отырып, киіз тегістеу шеңберлерін түрлері мен өлшемдері бойынша іріктеу;

киіз бұйымдарының берілген түрлерін өңдеу үшін қызмет ететін жабдықты қайта қосу;

киіз бұйымдарының сапасын бақылау және тасымалдау;

қызмет ететін жабдықты күту.

919. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

киіз бұйымдарының түрлері және киіз бұйымдарын жазудың технологиялық тәртібі;

қолданылатын бақылау өлшеу аспаптарын пайдалану ережелері.


220. Киіз басушы

Параграф 1. Киіз басушы, 2- разряд

920. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес домалату машинасы мен тығыздау тақталарында жүннен басылған аяқ киімдер өндірісінде пласттарды, беттерді, конустарды алғаш киіздеу;

бұйымдарды домалату машиналары мен тығыздау тақталарына салу;

бұйымдарды дымқылдау деңгейі мен тақталардың қызу температурасын реттеу;

бұйымдарды домалату машиналары мен тығыздау тақталарынан шығару, оларды жазу және келесі өңдеуге жіберу;

қызмет ететін жабдықты күту.

921. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

жүннен басылған аяқ киімдер өндірісінде пласттардың, беттердің, конустардың қызметі мен оларға қойылатын техникалық талаптар;

алғашқы тығыздаудың технологиялық тәртібі.


Параграф 2. Киіз басушы, 3- разряд

922. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары дәрежелі киіз басушының басшылығымен технологиялық тәртіпке сәйкес түрлі жүйедегі домалату және киіздеу машиналарында бас киімдерді, жүннен басылған аяқ киімдерді, киіздер мен киізді тегістеу шеңберлерін киіздеу;

қызмет ететін машиналарға бұйымдарды салу, өңделетін бұйымдарды түзетуге, ауыстырып салуға, айналдыруға, тұтастыруға, қайталауға, дымқылдауға қатысу;

білік қысымын, тербеліс амплитудасы мен киізделетін тақталардың қызу температурасын, бұйымдардың дымқылдану деңгейін, оларды отырғызу шамасы мен тығыздығын реттеу;

бұйымдарды киіздеу сапасын бақылау, жұқарған жерлерді қалпына келтіру;

бұйымдарды қызмет ететін машинадан шығару және белгіленген орынға тасымалдау;

қызмет ететін жабдықты күту.

923. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

киіз бұйымдарының түрлері;

оларға қойылатын техникалық талаптар;

киіздеудің технологиялық тәртібі;

киіз бұйымдарын киіздеудің сапасын анықтайтын әдістер.


Параграф 3. Киіз басушы 4- разряд

924. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі жүйедегі домалату және киіздеу машиналарында бас киімдерді, жүннен басылған аяқ киімдерді, киіздер мен киізді тегістеу шеңберлерін киіздеу.

жүннен басылған аяқ киімдерді соңғы рет киіздеу.

киіз бұйымдарын түзету, ауыстырып салу, айналдыру, тұтастыру, қайталау, дымқылдау.

білік қысымын, тербеліс амплитудасы мен киізделетін тақталардың қызу температурасын, бұйымдардың дымқылдану деңгейін, оларды отырғызу шамасы мен тығыздығын реттеу.

бұйымдарды киіздеу сапасын бақылау, жұқарған жерлерді қалпына келтіру.

бұйымдарды қызмет ететін машинадан шығару және белгіленген орынға тасымалдау.

қызмет ететін жабдықты күту.

925. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

киіз бұйымдарының түрлері мен құрылымы, оларға қойылатын техникалық талаптар;

негіз жасау мен киіздеудің технологиялық тәртібі;

киіздеудің сапасын анықтайтын әдістер;

пайдаланылатын бақылау өлшеу аспаптарын пайдалану ережелері.
221. Аяқ киімдерді қалыптан шығарушы

Параграф 1. Аяқ киімдерді қалыптан шығарушы, 2- разряд

926. Жұмыс сипаттамасы:

жүннен басылған аяқ киімді қолдан қалыптан шығару;

аяқ киім дұрыстығын және олардағы және қалыптардағы бүлінулердің болмауын қадағалау;

аяқ киімдер мен қалыптарды тасымалдау, оларды белгілі тәртіппен орналастыру.

927. Білуі тиіс:

жүннен басылған аяқ киімдерді шығару ережелері;

оның пішінінің дұрыстығын анықтайтын әдістер мен тәртібі;

аяқ киімдер мен қалыптардың бүлінулерін анықтау тәсілдері.


Параграф 2. Аяқ киімдерді қалыптан шығарушы, 3- разряд

928. Жұмыс сипаттамасы:

жүннен басылған аяқ киімді қалыптағыш станогында қалыптан шығару.

станоктың дұрыстығын тексеру, берілген аяқ киім түрлеріне сәйкес оны жұмысқа дайындау.

жүннен басылған аяқ киімді қалыптағыш станогына салу, қалыпты жою, аяқ киім мен қалыпты станоктан шығару.

аяқ киім дұрыстығын және олардағы және қалыптардағы бүлінулердің болмауын қадағалау.

аяқ киімдер мен қалыптарды тасымалдау және орналастыру.

қалыптағыш станогын күту.

929. Білуге тиіс:

қалыптағыш станогының құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

бұйымдардың пішінінің дұрыстығын анықтайтын әдістер;

бүлінген аяқ киімдер мен қалыптарды анықтау.


222. Бас киімдерді қалыптаушы

Параграф 1. Бас киімдерді қалыптаушы, 3- разряд

930. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес түрлі жүйедегі қалыптау машиналарында қолдан береттерді қалыптау, бас киімдерді алдын ала қалыптау жұмыстарын орындау;

бас киімдерді түрлері, өлшемі мен түстері бойынша ажырату;

берілген өлшемдегі қалыптарды іріктеу және қыздыру;

булау қазанында бас киімдерді булау;

бас киімдерді қалыптау машиналарына салу және қалыптау барысын бақылау;

түрлері мен өлшеміне сәйкес бас киімдердің қалпақшалары мен жиектерін созу үшін қалыптау машиналарын реттеу;

кептіргіште қалыпқа келтірілген береттерді кептіру, қалыптау сапасын бақылау;

береттерді кептіргіштен шығару, оларды қалыптардан және жиек үтіктерінен шығару;

бас киімдерді белгіленген орынға тасымалдау;

қызмет ететін жабдықты күту.

931. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтардың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

бас киімдердің түрлері мен өлшемдері, олардың қалыпталуына қойылатын талаптар;

бас киімдердің қалыпталуы, булануына, кептірілуі мен үтіктелуінің технологиялық тәртібі;

бас киімдердің сапасына қойылатын талаптар;

бас киімдердің қалыпталу сапасын анықтайтын әдістер.
Параграф 2. Бас киімдерді қалыптаушы, 4- разряд

932. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес түрлі жүйедегі қалыптау машиналарында немесе қолдан бас киімдерді соңғы рет қалыптау;

қалыптау машиналарына бас киімдерді салу, технологиялық процесстің барысын бақылау, бас киімдердің әр түрлері мен үлгілерін қалыптау үшін машиналарды реттеу;

үлгіге сәйкес ерлер бас киімдерінің жиектерін қалыптау;

үтікті белгіленген температураға дейін қыздыру, бас киімдердің жиектерін дымқылдау, бауларды салу және жиек шеттерін бұрмалау;

бас киімдерді булау және созу;

қажет болған жағдайда бас киімдерді желім ерітіндісінде өңдеу, қалыпталған бас киімдерді кептіру;

қолдан қалыптау үшін пішіндерді іріктеу;

бас киімдерді қалыптау машиналарынан шығару, қалыптау сапасын бақылау;

қызмет ететін жабдықты күту.

933. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтардың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

бас киімдердің түрлері мен өлшемдері, олардың қалыпталуына қойылатын талаптар;

бас киімдердің қалыпталуы мен булануының технологиялық тәртібі;

қалыптау машинасының жұмысын реттеу ережелері;

бас киімдердің қалыпталу сапасын анықтайтын әдістер.
223. Қалыптаушы

Параграф 1. Қалыптаушы, 2- разряд

934. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі жүйедегі қалыптау пресстерінде киізді иығындар дайындау;

қалыптың жұмысын реттеу;

киіз бұйымдарды қалыңдығы мен тазалығы бойынша кесу сапасын бақылау;

киіз бен дайын өнімді тасымалдау, салу;

қызмет ететін жабдықты күту.

935. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтардың құрылымы, оны пайдалану және күту ережелері;

киіз бен киіз бұйымдарының түрлерін анықтайтын әдістер.
Параграф 2. Қалыптаушы, 3-разряд

936. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі жүйедегі қалыптау пресстерінде түрлі кескінді және өлшемді киіз тетіктерін дайындау;

қалыптың жұмысын реттеу;

кескіштерді, дайын үлгілерді, қалыптарды іріктеу;

киіз бұйымдарды қалыңдығы мен тазалығы бойынша кесу сапасын бақылау;

киіз бен дайын өнімді тасымалдау, салу;

қолданылатын жабдықты күту.

937. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтар мен өлшеу аспаптарының құрылымы, оларды пайдалану және күту ережелері;

киіз бен киіз бұйымдарының түрлері;

қалып жұмысын реттеу ережелері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет