Ќазаќстан Республикасы


-бөлім. Мата емес материалдар өндірісі



жүктеу 5.07 Mb.
бет16/17
Дата19.09.2017
өлшемі5.07 Mb.
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

14-бөлім. Мата емес материалдар өндірісі

266. Ватинші

Параграф 1. Ватинші, 3- разряд

1088. Жұмыс сипаттамасы:

инемен тесетін агрегатта ватин шығару;

каркас матаны даярлау және толтыру;

түту машина шанабына жіпті салу;

конвейер инелеріне каркас матаны үздіксіз қадау;

ватиннің талшық қабатының біркелкі болуын бақылау;

ватинның дайын орамасын алу;

қоқыстардан тазалап, жұмыс істеп жатқан машиналарды қалыпқа келтіру.

1089. Білуге тиіс:

инемен тесетін агрегат құрылысын, механизмдер мен түйіндердің өзара әрекеттесуін;

оларды тазалап-қарау ережелерін, ватин мен каркас матасы сапасына қойылған талаптарды және агрегатты толтыру ережелерін білу;

қалған қоқыстардың түрлері;

нормасы мен оларды азайту шараларын.


267. Өсімдіктен жасалған киізді түйреуші

Параграф 1. Өсімдіктен жасалған киізді түйреуші, 2- разряд

1090. Жұмыс сипаттамасы:

инемен тесетін машинада киіз жасау;

қабақты талшық орамын толтыру, настиланы тегістеу;марлямен қатырмаланған;

инеге ілуді бақылау;

төсеме үстелден талшықты түсіру, апару;

машинаны сүртіп-тазалау.

1091. Білуге тиіс:

қолданылып жатқан машинаның құрылысын, оны құлдану мен күтім ережелерін;

қабақты талшықтың түрлері мен қасиеттерін;

селдір матаның артикулын, талшық орамдарын ау және толтыру тәсілдерін.


268. Тоқу-тігу жабдығының операторы

Параграф 1. Тоқу-тігу жабдығының операторы, 4- разряд

1092. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі тоқу-тігу жабдықтарында тоқымалы емес кенептерді шығару;

қызмет көрсетіліп жатқан машиналарды каркас кенеппен, шпуляникті тығырықпен толтыру;

тігу, жіптердің созылуы, тығырықтан(арқау өткізетін біліктен) каркас кенебінің және иірілген жіптің біркелкі түсу үрдісін бақылау;

машинада және шпулярниктен үзілген иірілген жіптерді алып тастау;

дайын болған кенепті түсіру, таңбалау;

белгіленген кесте бойынша машиналарды тазалау.

1093. Білуге тиіс:

берілген жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу принциптері;

механизмдерінің өзара әрекеттесуі, оларды күту ережелерін;

тоқымалы емес кенептердің әр алуан түрлерін шығарудың технологиялық тәртібін;

тоқымалы емес кенептер сапасына қойылатын талаптарды;

иірімжіптердің(жіптер) сызықтық тығыздығын, каркас кенептің артикулын;

иірімжіптердің (жіптердің) үзілу себептерін және оның алдын алу тәсілдерін;

қоқыстардың түрлері, нормалары, оларды азайту шараларын.
269. Желімдеу жабдығының операторы

Параграф 1. Желімдеу жабдығының операторы, 3- разряд

1094. Жұмыс сипаттамасы:

қашықтықта бақылау пультымен талшықты алу технологиялық үрдісін жүргізу, тауар білікшеге жапсырылған кенепті айналдыру;

дәрежесі жоғарырақ жабыстыру жабдығының операторының қадағалауымен түту машиналарына және жапсыру жабдығының шығару бөлігіне қызмет көрсету;

түту машинасының автоқоректендірушісіне талшықтың біркелкі келіп отыруын, түту үрдісін, талшықты кенептің шығуын, кенеп ұзындығын көрсететін есептеуіш, жинақтаушының деңгейін қадағалау;

желілер, діріл қоректендіргіш, түту машиналары, айналдыру қондырғысының пульты жұмысын басқару;

талшық кенебінің үзілуін жою;

пышақтардың жұмыс істеуін қадағалау, тауар білікшесін көтерілу деңгейін реттеу ;

дайын кенепті түсіру, өлшеу, орап салу, таңба қою;

кенепті дұрыс орауды бақылау, зертханалық сынақтарға үлгілер таңдау;

қолданылып жатқан қондырғыны тазалау.

1095. Білуге тиіс:

жабыстыру жабдығының құрылымын;

пайдалану мақсаты, механизмдерінің өзара әрекеттесуін, қолдану және күту ережелерін;

жабысқан кенепті жасау технологиялық үрдісін;

басқару пультының сызбасын және онымен жұмыс істеу ережелерін;

даяр болған кенепті түсіру тәсілдерін;

қайта өңделетін шикізат сапасына қойылатын талаптар мен оның түрлерін.
Параграф 2. Желімдеу жабдығының операторы, 4-разряд

1096. Жұмыс сипаттамасы:

жабыстыру жабдығының барлық түрлерінде талшықты кенепті құрғату үрдісін жүргізу;

жоғары білікті жабыстыру жабдығының операторының қадағалауымен кенепті жабыстыру;

сіңдіру машинасы және барлық шайқау жүйесін, кептіру камераларын (машиналары) жұмыс істеуге даярлау;

талшықтың, кептіргішке будың үздіксіз және біркелкі келуін, талшықты кенептің сіңдіру машинасы арқылы бүріккіш қондырғылы машинаға қалыпты түрде келуін және өтуін қадағалау, басқару пультындағы приборлардың көрсеткендерін бақылау;

сіңдіргіш машинаға байланыстырғыш құрамның келуін және бүріккіш қондырғыға ауаның келуін реттеу, кептіргіш машиналарындағы (камералардағы) және каландрлардағы температураны қадағалау;

талшықты кенептің үзілуінің және сіңдіру машина торшасының байланыстырғыш құраммен бітелуінің алдын алу;

талшықты кенептің тегістігін бақылау;

қолданылған байланыстырғыш құрамды төгу;

қолданылып жатқан жабдықты тазалау.

1097. Білуге тиіс:

сіңдіргіш машина құрылымы мен жұмыс істеу принципі, жабдықты қолдану және оны күту ережелерін;

кенепті жабыстыру, кептіру технологиялық тәртібін, қолданылып жатқан химиялық материалдардың қасиеттерін және байланыстырушы құрамның рецептурасын, бақылау пультында орналасқан бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен құрылымын.


Параграф 3. Желімдеу жабдығының операторы, 5-разряд

1098. Жұмыс сипаттамасы:

жабыстыру жабдықтарының барлық түрлерінде талшықты кенепті жасау және жапсыру үрдісін жүзеге асыру;

жабдықты қосуға дайындау, жабыстыру жабдығының, бақылау-өлшеу құралдарының дұрыс істеуін тексеру;

жұмыс бактарына байланыстырғыш құрамды құюдың белгіленген ережелерге сай келуін бақылау;

басқару пультында орналасқан аспаптар көрсеткіштерін, кептіргішке будың келуін, кенептің дұрыс қозғалуын бақылау;

жабыстыру жабдығының барлық бөлімдерінің бірдей уақытта жұмыс істеуін жүзеге асыру және талшықты кенептің жапсырылуын бақылау.

1099. Білуге тиіс:

жабыстыру жабдығының барлық бөлімдерінің құрылымын, жұмыс істеу принципін және өзара әрекеттесуін;

оны қолдану және күту ережелерін;

шикізаттың, байланыстырғыш құрамның, электроэнергия, сығылған ауаның шығындарының шегін, талшықты кенепті жапсыру технологиялық тәртібін;

қолданылып жатқан химиялық материалдардың қасиеттерін және олармен жұмыс істеу ережелерін;

байланыстырғыш құрамның рецептурасы мен концентрациясын, талшықты материалға қойылатын талаптарды, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысының бір уақытта болуын жүзеге асыруды.
270. Термобіріктіру жабдығының операторы

Параграф 1. Термобіріктіру жабдығының операторы, 5- разряд

1100. Жұмыс сипаттамасы:

бақылау пультымен термобіріктіру жабдығында тоқымалы емес кенептің термобірігу үрдісін жүргізу;

жабдықты қосуға дайындау, бақылау-өлшеу құралдарының және машина механизмдері мен түйіндерінің дұрыс жұмыс істеуін тексеру;

термобіріктіру жабдығын қажет материалдармен қамтамасыз етуге қатысу;

тоқымалы емес кенептің, тефлон және силикон таспаларының ұзындығы мен қалыңдығын, созылуы мен параллелдігін бақылау, айналдыру қондырғысы жұмысын және каландрларды қыздыру жүйесі жұмысын бақылау;

тоқымалы емес кенептің созылуы мен қозғалу жылдамдығын реттеу;

термобіріктіру үрдісін, май құю станциясының жұмысын, бақылау пультында орналасқан аспаптардың көрсеткіштерін бақылау;

суытуға ауа жіберілуін, май деңгейін, қысымды, температуралық режимді реттеу;

термобіріктіру жабдығын тазалау.

1101. Білуге тиіс:

термобіріктіру жабдығының механизмдерінің құрылымын, жұмыс істеу принципін және өзара әрекеттесуін, күту ережелерін;

тоқымалы емес кенепке қойылатын талаптарды, термобіріктірудің технологиялық тәртібін;

басқару пультында орналасқан басқару-өлшеу аспаптардың мақсаты мен жұмыс істеу принциптерін.
271. Түту-тоқу жабдығының операторы

Параграф 1. Түту-тоқу жабдығының операторы, 4- разряд

1102. Жұмыс сипаттамасы:

түту-тоқу жабдығының барлық түрлерінде тоқымалы емес кенептердің және ватиндарды жасау;

түту және тоқу үрдісін бақылау, білікше, тығырықтардан каркас кенебінің, жіптер мен иірілген жіптердің қалыпты түсіп отыруын, автоматты қуаттандырғышқа талшық қоспасының берілуін қадағалау;

түту машинасын толтыру немесе жабдықты кенеппен қамтамасыз ету;

шпулярникте тығырықтарды орналастыру, ауыстыру;

иірілген жіптердің және тарамдардың үзілуін тоқтату;

түту-тоқу жабдығын каркас кенеппен қамтамасыз ету;

инелер мен платиналарды алмастыру, инелерді түзеу;

даяр болға кенепті түсіру, өлшеу және таңба қою;

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты тазалау, оралып қалған тұстарын түзеу, қоқыстан тазалау.

1103. Білуге тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың механизмдерінің мақсатын, құрылымын, өзара әрекеттесуін;

қолдану ережелері мен күту шараларын;

тоқымалы емес кенептерді шығару технологиялық тәртібін, иірілген жіптің, кенептің сызықтық тығыздығын, каркас кенептің артикулын және түптеудің түрлерін;

иірілген жіппен қамтамасыз етудің ережелерін;

шығарылып жатқан өнімге техникалық шарттар;

тоқымалы емес кенептер және ватиндар сапасына қойылатын талаптар;

тоқымалы емес кенептер мен ватиндарды сорттарын анықтау әдістерін;

қоқыстардың түрлері мен шегі, оларды азайтудың амалдары.
272. Өсімдіктен жасалған киізді престеуші

Параграф 1. Өсімдіктен жасалған киізді престеуші, 3- разряд

1104. Жұмыс сипаттамасы:

өсімдіктен жасалған киізді механикалық және гидравликалық престерде белгіленген өлшемге және салмаққа сәйкес байламдарға престеу;

киіз бұйымдарды таспалық-пішу станоктарда кесу;

өсімдіктен жасалған киіз пластиналарын мемлекеттік стандарттарға сай жинақтау, орау, таңба қою;

салуға арналған ыдыс даярлау;

пышақтарды қайрау, қолданылып жатқан жабдықты сүртіп-тазалау.

1105. Білуге тиіс:

престер мен таспалы-пішу станоктардың құрылымын, қолданылу мақсатын, қолданылуын, оларды күту ережелерін;

престің шектік қысымын, өсімдіктен жасалған киізді орап салу және таңба қою ережелерін;

киіз бұйымдары сапасына қойылатын талаптар;

өсімдіктен жасалған бұйымдар мен пластиналарды жинақтау, белгілеу, орап салудың мемлекеттік стандарттарын.
273. Жабыстырушы

Параграф 1. Жабыстырушы, 2- разряд

1106. Жұмыс сипаттамасы:

тоқымалы емес кенепті, жасанды терінің теріс жағын, кілем және кілем бұйымдарын кептіру-жамау машинасында ерітіндімен жабыстыру;

тоқымалы емес кенептің, жасанды тері, кілем, кілем бұйымдарының машинаға берілуін, жабыстырушы ерітіндінің берілуін қадағалау;

жабыспай қалған тұстарды қолмен жөнге келтіру;

кептіру-жамау машинасына жабыстыру ерітіндісінің құйылуын бақылау;

шпулярниктерді тығырықтармен қамтамасыз ету, машинада және шпулярникте иірілген жіптің үзілгенін түзеу;

жабыстырылған кенеп пен бұйымдарды алып түсіру;

жұмыс істеп жатқан машиналарды тазалау.

1107. Білуге тиіс:

жұмыс істеп жатқан машиналардың құрылымын, қолдану және күту ережелерін;

кенеп пен бұйымдарды жабыстыру сапасына қойылатын талаптарды;

жабыстыру ерітіндісінің қасиеттерін, тоқымалы емес кенептің созылу және берілу ережелерін;

иірілген жіптің сызықтық тығыздығын, жұмыс істеп жатқан машиналарды тазалау тәсілдері мен тазалау жиілігін.
274. Термоорналастырушы

Параграф 1. Термоорналастырушы, 3-разряд

1108. Жұмыс сипаттамасы:

термоорналастырушы камераға талшықты негізді орналастыру;

жартылай өңделген өнім орамын орау қондырғысына орналастыру, құю жағына тігу, термоорналастырушы камераға ораманы беру;

термокамера температурасын, талшықты негіздің созылуын бақылау, орау қондырғысының жылдамдығын басқару;

техникалық талаптарға сай талшықты негізді орналастыруды бақылау;

даяр болған талшықты негіздің орамасын түсіру, өлшеу және таңбалау;

жұмыс істеген жабдықты тазалау.

1109. Білуге тиіс:

жұмыс істеп жатқан жабдықтың құрылымын, қолдану және оны күту ережелерін;

қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының қолданылу мақсатын;

даяр болған талшықты негіздің сапасына қойылған талаптарды, оны орналастыруды бақылау әдістерін;

жабдықты тазалау тәсілдері мен тазалау жиілігін.


15-бөлім. Ау тоқу өндірісі

275. Ілмектер жасаушы

Параграф 1. Ілмектер жасаушы, 3- разряд

1110. Жұмыс сипаттамасы:

торларға арнап жоғарғы және төменгі ілмектер жасау;

арқан айлақтарын жұмыс орнына әкелу және ашу;

арқанды металл тіректер арқылы созу (крутканы түзеу);

арқанды өлшеу, арқанды кесу, қыспаққа алу;

жеке тұлымдар жасап, өру;

ілмектерге арқандарды өлшеу, оларды бөлек тұлымдарға бөлу, белгілі бір өлшемдегі ілмектер жасау.

1111. Білуге тиіс:

ілмектерді жасау жолдары, ілмектердің өлшемі, арқандардың атауы мен өлшемі;

жасалған ілмектер сапасына қойылатын талаптар.
276. Ау тоқыма өнімдерін бақылаушы

Параграф 1. Ау тоқыма өнімдерін бақылаушы, 2- разряд

1112. Жұмыс сипаттамасы:

даяр аутоқыма сапасын бақылау;

өлшеуіш машинада аудың ұзындығын, ұя көлемін өлшеу, аудың жалпақтығы бойынша ұя санау;

аудағы түйін қатарларының санын анықтау;

барлық даяр аутоқыма бұйымдарын қарап шығу, оларды түр-түрі бойынша қойып шығу;

аудағы табылған ақауларды есептеу, түрі мен ауда табылған ақаулары жазылған жапсырма толтыру;

ауларды таразыда өлшеу, нәтижелерін жазу;

аутоқыма өнімдерін тасу;

өлшеуіш машинаны тазалау, үйкелген жерлерін майлау.

1113. Білуге тиіс:

даяр аутоқыма бұйымдары түрлерін, оларды өлшеу ережелерін;

аудағы қатарларды анықтау тәсілдерін;

аутоқыма бұйымдарының ақауларын табу әдістерін;

жіпшелерде және аулардағы аққаулар түрлерін;

аутоқыма бұйымдарының сапасына қойылатын талаптарды, өлшеуіш машинаны тазалау тәсілдері мен тазалау жиілігін;

үйкелген жерлерін майлау тәсілдері мен жиілігін.


Параграф 2. Ау тоқыма өнімдерін бақылаушы, 3- разряд

1114. Жұмыс сипаттамасы:

аутоқыма бұйымдары сапасын жасалып жатқан кезде бақылау;

жіптердің қалыңдығы, аутоқыма бұйымдарының жалпақтығы мен ұялардың көлемінің техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру;

аутоқыма бұйымдарын ұзынынан кесу дұрыстығын, түйіндердің пайда болу және тартуын, ұялардың қалыптасуының біркелкілігі мен аутоқыма бұйымдарының жөнделуін бақылау;

жіптердің созылуын бақылау;

аутоқыма бұйымдарында ақаулардың пайда болу себептерін табу;

жұмысшылар мен шебердің көмекшілеріне төменгі сапалы бұйымдарды қайтып беріп, жою үшін табылған ақауларды көрсету;

тапсырысқа сәйкес аутоқыма бұйымдарын шығару үшін кесте құру;

есеп кітапшасына бақылау нәтижелерін жазу.

1115. Білуге тиіс:

жасалып жатқан аутоқыма бұйымдарының түрлерін;

жіп қалыңдығын және аутоқыма бұйымдарына және жіп сапасына қойылған талаптарды, аутоқыма бұйымдарын жасауға техникалық шарттар, оларды өлшеу ережелерін;

аутоқыма және жіп ақаулары түрлерін;

оларды табу және жою тәсілдерін.
Параграф 3. Ау тоқыма өнімдерін бақылаушы, 4- разряд

1116. Жұмыс сипаттамасы:

дәрежесі төменірек аутоқыма бұйымдарын бақылаушы анықтаған түр-түрге бөлуді таңдап бақылау;

шеберге табылған ақауларды оларды жою үшін хабарлау;

тапсырыс берушілерден келіп түскен шағымдар мен арыздарды қарастыруға қатысу;

мемлекеттік стандарттарға сай емес аутоқыма бұйымдарының тіркеуге алу және акт рәсімдеу.

1117. Білуге тиіс:

даяр аутоқыма бұйымдарының түр-түрін, аутоқымаларға мемлекеттік стандарттар, аулардағы ақауларды табу әдістерін;

жасаудың барлық деңгейлердегі ақаулардың пайда болуының себептерін, аутоқыма ақауларының түрлерін;

оларды түрлерге бөлуді есепке алу тәртібін.


277. Торшаларды айналдырушы

Параграф 1. Торшаларды айналдырушы, 3- разряд

1118. Жұмыс сипаттамасы:

айналдыру, тростилді-айналдыру, габлирттайтын машиналарда табиғи және химиялық талшықтарды айналдыру;

айналдыруға келіп жатқан жіптердің қалыңдығы, қабат саны, айналу сапасын бақылау,

патрондар, гильзалар, орауыштарды тексеру;

қызмет көрсетіп жатқан машиналарды қажет заттармен қамтамасыз ету, орауыш, тығырықтарды ауыстыру;

жіптер мен жіпшелердің үзілген жерлерін түзеу;

айналдыру сапасына қойылған талаптары орындау;

қызмет көрсетіп жатқан машина бөліктеріне оралып қалған жіптерден тазарту;

ескірген жүгірткі, рогулькаларды ауыстыру, үзіліп қалған ілмектерді қайта ілу;

машинадан заттарын алу мен қамтамасыз етуге қатысу;

қоқыстарды жинау мен тапсыру;

қызмет көрсетіп жатқан машиналарды күту, машиналарды жөндеуден кейін қабылдау

1119. Білуге тиіс:

айналдыру, тростилді-айналдыру, габлирттайтын машиналардың құрылымы;

қолданылуын, өңделіп жатқан жіпшелер мен жіптердің түрі, қалыңдығы, қабатын, айналудың шамасы мен бағыты, жіптердің үзілуінің алдын алу және үзілу деңгейін төмендету;

айналмаған жіпшелер мен жіптердің сапасына қойылатын талаптарды орындау;

айналдыру кезіндегі ақаулардың пайда болу себебі, оның алдын алу шараларын, оларды жоюды, ставкаларды қосуды, қоқыстар түрлері мен оларды азайту шараларын, қызмет көрсетіп жатқан машиналарды күту ережелерін.
278. Инелерді ораушы

Параграф 1. Инелерді ораушы, 1- разряд

1120. Жұмыс сипаттамасы:

инелерге жіптерді қолмен орау;

жіптердің ұштарын байлау;

инелерді қажет белгіленген орындарға тасымалдау.

1121. Білуге тиіс:

инелерге жіптерді қолмен орау тәсілдерін;

жіптердің қалыңдығы мен түрлерін.
Параграф 2. Инелерді ораушы, 2- разряд

1122. Жұмыс сипаттамасы:

инелерге жіптерді бекіту, жұмыс істеп жатқан машинаға орналастыру;

машинаны қосу, тоқтату, жұмысын бақылау;

тығырықтарды алмастыру;

оралған инелерді алып тастау, белгіленген жерге апару.

1123. Білуге тиіс:

жұмыс істеп жатқан машинаның құрылымын және жұмыс істеу принципін;

жіп қалыңдығын;

жұмыс істеп жатқан машинада жіптердің үзілу себептерін және оны тоқтатудың тәсілдерін.


279. Тарқату машинасының операторы

Параграф 1. Тарқату машинасының операторы, 2- разряд

1124. Жұмыс сипаттамасы:

тарқату машинасында барабаннан барабанға капрон торларды тарқату және жинау;

тарқату машинасына барабанды торлармен жеткізу;

тарқату машинасы кронштейндеріне дуал орнату;

машина нөмірі, жіп қалыңдығы, торлар түрлері көрсетілген жапсырмалар жасау;

торларды байлау, тарқату машиналардан барабандарды шешіп тастау, белгіленген жерге жеткізіп салу;

бакты сумен толтыру, торлары бар барабандарды салу, оларды бактан шығару;

созылмалы валдарға торларды салу;

торлардың созылыңқы валдар арқылы бір қалыпты өтуін бақылау. барабандарды аутоқыма машиналарға апару және оларды орналастыру.

1125. Білуге тиіс:

тарқату машинасының құрылымы мен қолданылуын;

капрон торлар түрлерін, жіптер қалыңдығын.


280. Созу машинасының операторы

Параграф 1. Созу машинасының операторы, 2- разряд

1126. Жұмыс сипаттамасы:

созу машинасында 1,9-дан 2,8-ге дейін жіптерден жасалған аутоқыма бұйымдарының ұяларын түзеп, түйіндерін созу;

атоқыма бұйымдарын жеткізу;

ваннаға су толтырып, оны қыздыру;

ваннадан суды сору үшін насосты қосу;

аутоқыма бұйымдарының жиектерін темір шыбықтың ұзындығына сәйкес дайындау, шыбықты тараққа кигізу;

аутоқыманы шығырды қосқан кезде және жүк түсіретін платформаны ашқан кезде көтеру;

аутоқыма бұйымдарын ваннаға салу, ваннаға ыстық су құю, аутоқыма бұйымдарын тегістеу, оларды созу үрдісін бақылау;

аутоқыма бұйымының түріне қарай созу деңгейін анықтау, ваннадан суды төгіп тастау;

аутоқыма бұйымын шығару;

тарақтан шыбықты алып тастау, аутоқыма бұйымының жиегін шыбықтан алып тастау, байлау;

белгіленген жерге аутоқыма бұйымын жеткізу.

1127. Білуге тиіс:

созу машинасының қолданылу мақсатын, құрылымы, қолдану ережелерін;

аутоқыма бұйымдарының түрлерін, оларды созудың технологиясын;

созылған аутоқыма бұйымдары сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 2. Созу машинасының операторы, 3- разряд

1128. Жұмыс сипаттамасы:

түйіндерді созу және 1,8 және одан төмен нөмірлі жіптерден өңделген ау өнімдерінің ұяларын түзету немесе оларға эквивалентті жібек, капронды нөмірлерін созатын машинада созу.

1129. Білуге тиіс:

ау өнімдерінің ассортименті, оларды созу технологиясын;

созылған ау өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар.


281. Ауларды ауыстырушы

Параграф 1. Ауларды ауыстырушы, 2- разряд

1130. Жұмыс сипаттамасы:

ауыстыратын машинада метал шыбықтарына ауларды жіптерден орнату;

ауларды, метал инелерді және шыбықтарды дайындау;

инелерді аудару, көзше арқылы жіптерді кигізу және ауларды және бөлшектерді орнату;

ауларды белгіленген орынға тасымалдау.

1131. Білуге тиіс:

ауыстыратын машинаның белгіленуі, құрылымы және эксплуатациялау ережесі;

аулардың ассортименті, ауыстырылған және созылған аулардың сапасына қойылатын талаптар.


282. Ау материалдарын дайындаушы

Параграф 1. Ау материалдарын дайындаушы, 1-разряд

1132. Жұмыс сипаттамасы:

ау кенебін ұзындығы бойынша бөлек ауларға кесу, түзу емес жиектерді кесу;

кенепті жұмыс орнына тасымалдау және оларды жаю;

берілген ұяшық санымен байланыстыратын жіпті созу немесе кесу;

аулардың ұяшықтарын теру, түзету және кесу;

ауларды созу және белгілеу үшін дайындау;

жиегі бойынша ауларды теру;

шпагатты шеңберге байлау;

ауларды байлау, жинау және белгіленген орынға тасымалдау.

1133. Білуге тиіс:

өңделіп жатқан аулардың ассортименті, ау материалдарын дайындау ережесі;

ау кенептерін кесу және жиектерді қалыптастыру, ұяшық пен жиекті теру.


Параграф 2. Ау материалдарын дайындаушы, 2- разряд

1134. Жұмыс сипаттамасы:

екі жарты ауды бір ауға байлау;

жарты ауларды тасымалдау, тоқуға дайындалған жарты аулардың өлшемін тексеру;

жіптерді орау, инелерден талап етілетін нөмірлер;

ауларды жазу, жиектерді түзету, ұяшықтарды жазу;

ұяшықтарды ілеспелі тоқу, ауларды орау және белгіленген орынға тасымалдау.

1135. Білуге тиіс:

өңделіп жатқан аулардың ассортименті;

жіптердің қалыңдығын, жіптердің және аулардың сапасына қойылатын талаптар;

байлау және ауларды түйіндерге байлау ережесі.
283. Ау өнімдерін жөндеуші

Параграф 1. Ау өнімдерін жөндеуші, 2- разряд

1136. Жұмыс сипаттамасы:

ау өнімдерін қарастыру және жыртылған жерлерін, тастап кетулерді қарау, қисық ұяларды түзету, жіптердің шеттерін қию;

инеге жіптерді орау;

басқа қалыңдықтағы жіптерді кесу, кесілген кенептерді жалғау;

капрон жіптерінен жасалған ау өнімдерін жөндеу кезінде су құйылған ваннаға ау өнімдерін салу;

жөндеу кезінде ау өнімдерін ілмешектерде тасымалдау;

ау өнімдерін жинау және белгіленген орынға тасымалдау.

1137. Білуге тиіс:

ау өнімдерін жөндеу тәсілдері және олардың ассортименті;

жіптерге және ау өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар.


284. Шпульдарды жөндеуші

Параграф 1. Шпульдарды жөндеуші, 2- разряд

1138. Жұмыс сипаттамасы:

ау тоқитын машиналарда қайық шпульдарын қарау;

ақаулы шпульдарды шпуль үстеліне тасымалдау;

қайық шпульдарын қарау және жөндеу түрлері бойынша сорттау;

шпульдардың ішкі жағтарын жіптердің қалдықтарынан тазарту;

қайықты металды шпульдарды дұрыстау және тегістеу;

шпульдардың айналасындағы майысқан орындарды түзету;

жиектерін үгіту және шпильдарды тегістеу;

жөнделген қайық шпульдарын ау тоқитын машиналарға тасымалдау.

1139. Білуге тиіс:

шпульдарды жөндеу тәсілдері;

ау тоқитын машиналардың классы бойынша шпульдардың өлшемі;

жөнделген шпульдардың сапасына қойылатын техникалы талаптар.
285. Ау тоқушы

Параграф 1. Ау тоқушы, 2- разряд

1140. Жұмыс сипаттамасы:

қолдан немесе калибрді пайдаланып жіптерден немесе шпагаттан белгіленген өлшемдегі және түзу формалы ауларды немесе аулау сайманының әртүрлі түрлерінің бөлшектерін тоқу;

өңделіп жатқан өнімнің сапасын бақылау.

1141. Білуге тиіс:

ау өнімдерін қолдан тоқу тәсілдері;

аулаудың аулы сайманының дайындауға қолданылатын материалдардың түрлері және құрамы.


Параграф 2. Ау тоқушы, 3- разряд

1142. Жұмыс сипаттамасы:

қисық формалы торлы кенептерді тоқу, тралды өнімдерді және пластиналарды белгіленген формадағы және өлшемдегі жіптен немесе шпагаттан тоқу.

1143. Білуге тиіс:

ау өнімдерін тоқу тәсілдері;

аулаудың ау саймандарын өндеуге қолданылатын материалдардың түрлері және құрамы;

ау саймандарының ассортименті.
Параграф 3. Ау тоқушы, 4- разряд

1144. Жұмыс сипаттамасы:

аутоқитын машиналарда оралған жіптерден ауларды тоқу;

түскен жіптердің сапасын және қалыңдықтарын тексеру;

технологиялы процесстің бағытын бақылау, негізгі және қайықты жіптердің үзілулерін ликвидациялау, сапасыз шпульдарды ақаулыққа жатқызу, жіптердің ішкі ақауларын жою, негізгі жіптердің ұйысуларын ликвидациялауды реттеу, аулардағы шеткі, қалыңдаған жіптердің барлығын тексеру;

ау кенептерінің шеттерінің жіптерге дұрыс киілуін және аудан катушкаға жіптердің уақытылы оралуын тексеру;

ау кенебінің тоқылуының сапасын, олардың жұмсаруын және салуын бақылау;

ауа кенебіндегі жыртылған орындарды жөндеу;

ау кенебін берілген ұзындықта кесу, кесулерді орау, оларға биркаларды жапсыру;

орауларды кесу, қалдықтарды жинау және ұстаның көмекшісіне тапсыру;

ау тоқитын машинаның сызылған үстіңгі беттерін тазарту және майлау.

1145. Білуге тиіс:

ау тоқитын негізгі машиналардың құрылымы;

жұмыс мақсаты, өңделіп жатқан өнімдердің ассортименті, жіптердің қалыңдығын, жіптердің сапасына, қайықтарға, шпульдарға және дайын ау өнімдеріне қойылатын талаптар, негізгі және қайық жіптерінің үзілуінің себептері;

алдын алу және жоюдың тәсілдері;

ау өнімдерін тоқу кезіндегі қалдықтардың нормасы және оларды азайтудың шаралары;

ау тоқитын машиналарды тазарту және майлаудың тәсілдері және мерзімділігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет