Қазақстан республикасы


кезеңдегі әлеуметтаныңдық теориялар мен негізгі шыңдар



жүктеу 8.14 Mb.
бет10/26
Дата19.09.2017
өлшемі8.14 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

кезеңдегі әлеуметтаныңдық теориялар мен негізгі шыңдар
XX ғасырдың 70-80-жылдарында Батыста әлеуметганудың дамуын-

да осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. Әлеумет-

танудың кейпін анықтайтын жаңа тұжырымдамалар мен теориялар пай-

да болуда. Бұлар классикалық үлгідегі ой-пікірлермен тығыз байланыста

дамуда және оларды жалғастыруда. Яғни әлеуметтанудағы сабақтас-

тық өте анық көрсетілуде. Бұл түсінікті де, себебі бұл ғылым әлеуметтік

процестердің шындығын көрсетеді. Алайда, әлеуметтанудағы бұл кезенді

өткен екі кезеңмен тығыз байланыстыра қарастыру қажет. Олай етпеген

күнде әлеуметтанымдық ойдың соңғы жиырма жыл ішіндегі даму өзге-

шеліктерін түсінуге болмайды. Бұл кезендеғі теориялық жұмыстар бір-

неше бағыттардың өмір сүруі арқылы көзге түседі. Мұнда үш негізгі ба-

ғытты ашып көрсету қажет: неомаркстік, неопозитивтік және түсінуші

әлеуметтану бағьптары. Бұлардың біріншісіне Франкфурт мектебі мен

АҚШ-тағы радикалды-сыншыл әлеуметтануды, екіншісіне структура-

лизмді, құрылымдық функционализмді, постпозитивизмда, ал үшіншісіне -

этнометодологияны, символикалық интеракционизмді, феноменология-

лық әлеуметтануды жатқызуға болады. Дәстүрлі тұжырымдамаларды тео-

риялық тұрғыда бірінші болып қайта қарауға ұмтылғандар Франкфурт мек-

тебінің өкілдері М. Хоркхаймер (1895-1973), Т. Адорно (1903-1969), Г. Мар-

кузе (1898-1979), Ю. Хабермас (1929) болды. 1930 жылдардың өзінде

Майндегі Франкфуртта әлеуметтік зерттеулер институты негізінде нео-

марксизмге негіз қалаған Батыс әлеуметтануының бағыты қалыптасты.

Бұл марксизмді жаңаша түсіндіруге тырысқан әлеуметтік-философия-

лық ой ағымы еді. Мұның өкілдері үшін әлеуметтік-экономикалық кате-

гория ретінде алынған «шеттетілу» ұғымы өзекті ұғым болып саналады.

115


Неомарксизм «маркстік» капитализмнің орнына қоғамның еңбектік

негізін өзгертетін «кешеуілдеген капитализмнің» келгенін жариялады.

Бұл мектептің өкілдері, ең әуелі Ю. Хабермас 70-80-жылдардың шегінде

әлеуметтанымдық методология саласы бойынша еңбектер жариялады.

Қазіргі Батыс әлеуметтануының кең тараған бағьггы — неопозитивизм.

Бұл бағыт тұтастыққа қолы жеткен мектептердің қатарына жатпайды,

керісінше ықпалды бағдар іспетті, оның жақтаушылары өздерін ғылыми

әлеуметтанудың немесе әлеуметтанудағы жаратылыстану-ғылымилық

бағыттың өкілдеріміз деп санайды.

Неопозитивизмнің қалыптасуы XX ғасырдың 20-жылдарында бас-

талды, оған «ғылымның стандартты тұжырымдамаларын» жасау негіз

болды. Бұл тұжырымдама бірнеше принциптерді жүзеге асыруды мақсат

тұтады: әлеуметгік құбылыстар табиғи және мәдени-тарихи заңдарға ба-

ғьшады; әлеуметтік зерттеудің әдістері сияқгы қатаң, нақты және объек-

тивті болуы тиіс; адам мінез-құлқының субъективтік мәселелерін (мо-

тивтер, құндылықты бағдарлар және басқалары) тек олардың көзге нақ-

ты көрінуі арқылы ғана зерттеуге болады; ғылыми ұғымдардың ақиқат-

тығы мен бекуі эмпириялық зерттеулер негізінде анықтальш, орнығуы

қажет; барлық әлеуметтік құбылыстар сандық түрде көрсетіліп, жазы-

луы керек; әлеуметтану ғылым ретінде құнды ой-пікірлер мен идеоло-

гиядан еркін болуы тиіс.

Неопозитивизм өзінің қолданбалы эмпириялық бағдарының арқа-

сында әлеуметтанулық зерттеудің әр түрлі әдістерін жасады және мең-

герді, атап айтқанда, іштей және сырттай бақылау әдісі, адамдардың жеке

басына қатысты құжаттарды қолдану әдісі, шкалалық әдіс, панелдік әдіс,

латенттік, контентталдау, т.б. әдістер қалыптасты.

Неопозитивизм шеңберінде әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізуге

қойылатын негізгі талаптар қалыптасты. Оларды әлеуметтану мәдение-

тінің нормалары деп те атайды. Олардың қатарына мыналар жатады: ұғым-

дарды іріктеу және оларға нақты түсінік беру; гипотеза әзірлеу; зерттеу

әдістерін мазмұндау; зерттеудің мәліметтерін және нәтижелерін мазмұн-

дау; қорытындыларын дәлелдеу; зерттеу тақырыптарына орай пікір-сай-

ыстар ұйымдастырып, өткізу. Неопозитивизм өзінің дәуірлеу шыңына 40

50-жылдары көтерілді, бұған дейін біраз уақыт ол құлдырауды бастан

өткерді. Неопозитивизм қазіргі Батыс әлеуметтануында көшбасшы болу

рөлінен айрылды. 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында оның

қайта жандануына қоғамдық-саяси жағдайлар ықпал етті, әсіресе әлеу-

меттік құбылыстарға сенімді ақпараттар мен ғылыми экспертизалар та-

лап ету мемлекеттік тапсырысқа айналды. Әлеуметтану бұған қолданба-

лық функциясын күшейту арқылы жауап береді, ол ең алдымен әлеуметгік

116

инженериядан нақтылы түрде көрінді және қолданбалық зерттеулердің



шеңберінің кеңеюінен де байқалады. Сонымен қатар эмпиризм мен маз-

мұндауды жеңуге байланысты алғашқы қадамдар жасалып отыр. Осыған

орай неопозитивизмнің мына ережелері алдыңғы қатарға шықты: ма-

тематика тілі әлеуметтанулық ақпаратты берудің ең маңызды формасы

болып табылады; ғылымдардың методологиялық бірлігін негізге ала

отырып, мәліметтерді талдау үшін жаңа логикалық-методологиялық

құралдарды қолдануы тиіс; әлеуметтану әлеуметтік зерттеудің этикалық

тұрғыдан алғандағы бейтарап саласы.

Сонымен, әлеуметтік ақпаратқа деген сұраныстың күшеюі неопо-

зитивизмнің дамуы үшін қаржы негізін қалайды және қолайлы саяси ахуал

қалыптастырады. Бірақ бұл әдістің іргелі теориялық базасының болмауы-

на байланысты өрісінің шектеулі екендігін де байқаймыз.

Феноменологиялық әлеуметтану ағымының белгілі өкілдері - Альф-

ред Щюц (1899-1959), Питер Бергер (1929), Томас Лукман (1927). Бұлар-

дьің пікірінше, дүниені және нақты фактіні танып қабылдау адамның

қайсыбір оқиғаларды түсіндіруіне байланысты болады, Жағдайды түсін-

діру тәсілі, нені істеуге болады, нені істеуге толық мүмкіндіктің жоқты-

ғын анықтау индивидтің әлеуметтену процесі барысында меңгерген,

өмірлік тәжірибесінен туындаған құндылықтыр жүйесіне байланысты.

Щюц әлеуметтенудің ерекшелігі және индивидтің қандай мәдениетке,

әлеуметтік, кәсіби топқа жататыны құндылықтардағы өзгерістерге бай-

ланысты екендігін атап көрсетеді. Әлеуметтік нормаланған «дүние кон-

струкциясының» түрлері өте көп.

Мұндай жағдайда адам әрекеттерінің мотивтерін объективті түсіну

мүмкін бе, яғни олардың субъективтік мәнін түсінуге бола ма? деген заң-

ды сұрақ туады. Егер де ол мүмкін болатын болса, онда ненің негізінде

пайда болады? Шюц түсіну мүмкіндігі күнделікті өмір негізінің өзінде,

«күнделікті дүниеде» қаланған деп тұжырымдайды. Оның пікірінше, бұл

әлеуметтанудың ең басты міндетін, яғни индивидтердің субъективтік

тәжірибесі негізінде әлеуметтік құбылыстардың қалыптасу процесінің

объективтілігін ұғыну міндетін шешуге мүмкіндік береді. Алайда, әлеу-

меттанушы өмірлік дүниенің теориялық моделін жасай отырып, келесі

ережелерді (постулаттарды) басшылыққа алуы тиіс: релеванттық посту-

лат. Әлеуметтік дүние моделінің тікелей зерттеу проблемасына қатысы

жоқ, «артық» мазмұнына көңіл аудармай, бірден зерттелетін пәннің өзіндік

байланыстары мен қатынастарын белгілеуді есепке алу керек; барабар

постулаты - әлеуметтанулық модель және ондағы білім, мотивтер, жос-

парлар, әрекетгердің құрылуы «саналы және түсінікті» болып қабылдануы

тиіс; логикалық жүйелік постулаты — әлеуметтану ғылымы қолданатын

117


ұғымдар тізбегі, бір-бірін толықтыратын, бір-біріне сәйкес келетін болуы

және солардың негізінде қозғалуы тиіс, айтылатын ой біріне-бірі қайшы

келмеуі қажет; келісу постулаты - әлеуметтанушы қайтадан дүние жа-

сап шығармайды, ол өзінің түсіндіру моделін оны эмпириялық жолмен

тексеруге болатындай етіп құрады.

Сонымен, феномонологиялық әлеуметтану бірінші болып күнделікті

болатын құбылыстарды әлеуметтік ғылымдардағы зерттеулердің негізі

және алғышарты, тақырыбы мен пәні ретінде қарастырды.

Қазіргі Батыс әлеуметтануының бірден-бір қызықгы және табысты

ағымы символдық интеракционизм болып табылады. Бұл ағымды негіз-

деген - Америка ғалымы Дж. Мид (1863-1931). Ол Ч. Дарвиннің идеясы-

мен рухтанып, арнайы адамзат эволюциясы теориясын жасауға тырысты.

Ол үшін ең алдымен іргелі сұраққа жауап қайтару керек болды: адамның

жануарлардан айырмашылығы неде, оны тұлға ететін не? Оның пікірінше,

адамның ерекшелігін мінез-құлықтың негізгі реттеушісі саналатын дамы-

ған инстинктер жүйесінің болмауы анықгайды. Сондықтан да адамның

символдарды ойлап табу және қолдану қабілеті бар. Бұл адамның қорша-

ған ортаға, саналы мінез-құлыққа және өзін бақылауға саналы бейім-

делуінің негізі болып табылады.

Адам әрекетінің басты сипаты символдарды қолдану. Дж. Мид әлеу-

меттік әрекеттің екі формасын немесе екі сатысын ажыратады: ишарат-

тың (ымның) көмегімен адамның қарым-қатынас жасау сатысы; жанама

қарым-қатьшас жасаудың символдық сатысы.

Ишарат (ым) арқылы қарым-қатынас жасау әрекеттің қысқартылған

түрі секілді сипатталады, жекелеген ишараттардан әрекетті толық қал-

пына келтіруге болады. Мінез-құлықты үйлестіру функциясын өз құзы-

рына алған мұндай түрдегі ишараттар тілдің кейпі сияқгы болып көрінеді.

Символдық жанама өзара әрекеттер, яғни ең алдымен тілдің көмегімен



болатын өзара әрекеттердің сипатталуы былайша жүзеге асады: а) кез

келген индивидпен қарым-қатынаста бірдей реакцияны тудырады; б) өзін басқа адамның орнына қойдырады; в) өзіне басқа адамның көзімен қарайды.

Символдық жанама өзара әрекеттің пайда болуып Дж. Мид функцио-

налдық арқылы түсіндіреді, яғни адамдарда сенімді түрдегі инстинктердің

болмауы салдарынан олардың мінез-құлықгарын үйлестіру қажеттігі тұр-

ғысынан ұғындырады және антропологиялық, яғни адамның символдар-

ды жасау және қолдану қабілетімен түсіндіреді.

Маңызды символдар, егер де бұлар топтардың игілігіне айналса ғана

өздерінің үйлестіруші функциясын орындай алады. «Ана», «әке», «жақсы»,

«жаман» және т.б. ұғымдар өзінің естілуімен және ерекше маңыздылы-

ғымен топтардың игілігі болып табылады, одан жеке адам осы маңызды­

118


лықтарды алады. Адамның қоғам мүшесі болуы оның топтық әрекеттің

үлгілері мен нормаларын меңгеру деңгейіне байланысты.

«Маңызды символ» ұғымы ең алдымен тілге қатысты айтылған, соны

білдіреді. Қарым-қатынастағы әріптестер ешқашан да бірдей тілде сөйле-

мейді. Соның салдарынан көбіне-көп бірін-бірі түсінбейтін немесе қате

түсіністік жағдайлар пайда болады, бұл өзара әрекеттің бұзылуына әкеліп

соғады. Мұндай бұзылуларды (бұрмалаулар) метакоммуникацилардың

көмегімен түзетуге болады, яғни әріптестер қарым-қатынастар орнату

процесінде қолданған ұғымдарының мәнін салыстырмалы және ортақ

маңыздылық жүйесі арқылы жүзеге асыруы қерек. Бұдан шығатын қоры-

тынды: адам объектілерге қатысты қызметті өзі мән берген маңыздылық-

тардың негізінде іске асырады; маңыздылықтың өзі әлеуметтік өзара

әрекеттің жемісі больш табылады; маңыздылықгар өздеріне түсіндірмелер

мен жаңа анықгамалар беру арқылы пайда болады және өзгереді.

Дж. Мидтің пікірінше, қоғам адамдардың жиынтығы, сондықтан да

индивид адамдармен өзара әрекет ету қарым-қатынасын орнатқанда және

өзін-өзі түсінуі арқылы, өз әрекетін жоспарлағанда кімнің ұстанымын,

кімнің көзқарасын негіз етіп алу керектігін қарастырады, пайдалысын қол-

дайды. Қоғамның пайда болуып Дж. Мид, түптеп келгенде, физиология-

льіқ себептер арқылы, яғнй белгілі бір қажеттіліктердің (мұқгаждықтар-

дың) пайда болуы және соларды қанағаттандыру, ең алдымен тамакқа

және өмірді жалғастыру қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттілікте-

рінің пайда болуы арқылы түсіндіреді. Индивид физиологиялық жағьшан

өзін қанағаттандырғанымен, қалай болғанда да басқа адамдармен байла-

ныс орнатады, соларға тәуелді болады.

Нақтылы және идеалды қоғамның өмірін сипаттаған Дж. Мид олар-

ды өзара әрекеттің кең көлемі мен сапасы арқылы қарастырады. Идеал-

дық қоғам нормалардың бәріне ортақ болуы және коммуникация проце-

сіне бүкіл адамзаттың араласуы арқылы сипатталады. Идеалдық қоғам-

ның пайда болуының алғышарттарын ол дүниежүзілік шаруашылықгар

байланысының кеңеюінің, мемлекеттер арасындағы саяси одақтардың

қалыптасуының, діннің әмбебаптығының кеңеюінің нәтижесі деп тұжы-

рымдады. Сонымен қатар Дж. Мид әлеуметтік шиеленістердің конструк-

тивтік рөлін, соның ішінде еңбек пен капитал арасындағы шиеленісті атап

көрсетті, еңбек пен капиталдың шиеленісі барысында үндері шықпай,

беделден айрылған, қоғам әлі мойындамаған және өзінің таптығын қал-

пына келтіру үшін күресуші қанаушылар тобы қайтадан даусын көтере

бастады. Сөйтіп, коммуникацияға тартылған әлеуметтік субъектілердің

шеңбері кеңейді және осы жаңа диалоггың нәтижесі қоғамды қайта құруы

мүмкін.


119

Батыстың қазіргі әлеуметтануының кең таралған тағы бір тұжырым-

дамасы ол — этнометодология. Мұның негізін қалаушы американ әлеу-

меттанушысы Г. Гарфинкель. Бұл тұжырымдаманың мән-мағынасы -

этнофафия мен әлеуметтік антропология әдістерін әлеуметтік зерттеулердің

жалпы методологиясына айналдыру. Этнометодологияның негізгі тала-

бы — зерттеу субъектісі мен объектісінің арасында үзілісті болдырмау.

Әлеуметтанушы зерттеудің жағдайы мен сырына терең үңілуі тиіс, яғни

ол бұл іске сырт көзбен қарай алмайды. Әлеуметганушының міндеті

зерттелетін объектімен өзара тығыз байланыс орнату, сонымен біте қай-

насуы керек, себебі олардың өзара қимылы осыған негізделеді. Этноме-

тодологияның өкілдері осындай өзара қимыл-әрекетте басқа тәсілдерге

қарағанда солардың бәрінен де анағұрлым бай ақпараттар алуға болаты-

нын атап көрсетеді. Сондықтан этнометодолог ғалымдардың осындай

өзара байланыс барысында қолдары жететін, яғни ғылыми қорытынды-

лар жасауға негіз болатын тәсілдерді ұсынуы көбінесе халық даналығы

деп аталатын қарапайым әрі мағынасы дұрыс сипатқа ие болады. Шын

мәнінде мұндай қорытындылар адамдардың жүріс-тұрыс тәртіптерінің

көрінісі ретінде сипатталатын сөздік қатынастар ретіндегі әлеуметтік өзара

әрекетті көз алдымызға елестетіп отырады.

Енді 1990 жылдың шілде айында Мадрид қаласында өткізілген дүние-

жүзілік XII әлеуметтанымдық конгресте ұсынылған ең жаңа әлеуметта-

нымдық постмодернистік тұжырымдама жөнінде аздап түсінік бере кетелік.

Бұл тұжырымдаманың өзіндік ерекшелігі бар. Себебі ол әлеуметтік

нақгылық пен әлеуметтанудың өзін таньш-білу тәсілдеріне ғана қатысты

емес, сонымен бірге, әсіресе қоғамдағы болып жатқан және 90-жылдарда

болуы мүмкін өзгерістерді жаңаша түрінуге мүмкіндік береді. Постмо-

дернистік дамудың бұл жаңа жалпытеориялық тұжырымдамасын ағылшын

әлеуметтанушысы Э. Гидденс ұсынды. Мұның мәні мынада: бұл постмо-

дернизм тұжырымдамасының жақтаушылары қазіргі больш жатқан және

келешекте болатын өзгерістерде мәдени факторлардың ерекше рөл атқа-

ратынын көрсетіп, соны баса айтады. Басқаша айтқанда, дәл осы фактор-

лар қоғамдық прогрестің өлшемдері ретінде қаралады. Бұл жерде Э. Гид-

денс бәрінен бұрын әлеуметтік субъектінің (тұлғаның, кез-келген әлеу-

меттік қауымдастықгың - халықгың, кәсіптік топтың, қоғамдық қозға-

лыстың) және оның қызмет еркіндігі рөлінің артып отырғанын көрсетеді.

Ол қандай деңгейде, қандай аймақта болса да мәдениеттердің әр түрлілігі

мен көп жақтылығы және тең құқықтығы жөнінде сөз қозғаған дұрыс

деп санайды. Гидденстің тұжырымдамасы бойынша, мәдениеттерді олар-

дың аздығына немесе кең көлемде дамығандық белгісіне қарап тізуге бол-

майды. Олардың бәрі де, тіпті дәстүрлі мәдениеттің өзі де бір-бірімен тең

120


дәрежеде құқықты. Вебердің пікірінше, қоғам дәстүрлік және модернистік

больш екіге бөлінеді. Ол қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын дәстүрлі

түрдегі реттеушілік: «ойланбастан, өзіңе дейін қалай істесе, сен де солай

істе» деген принциппен анықгалады десе, модернистік қоғамда адамдар-

дың әлеуметтік жүріс-тұрысын реттеушілік пайдалылықпен, экономи-

калық жөнділікпен, тиімділікпен анықталады делінеді. Ал Гидценс болса

мұндай көзқарастан біршама ілгері жылжыды. Оның ойынша, қазіргі біз-

дің заманымыздағы постмодернистік типтегі қоғамда барлық әлеуметтік

процестерді әлеуметтік қауымдастықгардың мәдени белсенділігімен бай-

лайыстырған субъективтендіру идеясы басты рөл атқаратын болады деп

есептейді.

Әлеуметтанымдық теориялардың ішінде 80-жылдарда қалыптасқан

көзқарас - қоғамның принципті, мүлде басқа типінің пайда болуын атап

көрсетеді. Бұл арада сөз болып отырғаны - жаңа әлеуметтік нақгылыққа,

ақпараттық негізге сүйенетін, «ақпараттық қоғам» деп аталатын қоғам.

Мұнда қоғамдық құбылысты анықтайтын фактор ретінде заттар мен тауар-

ларды өндіру жүйесі емес, керісінше, ақпараттарды өндіру жүйесі қарас-

тырылады. Мұндай постмодернистік қоғамда «экономикалық» адамдар-

дьщ орнына басқа типтегі тұлғалар келеді. Ал, бұл тұлғалардың ұстанған

өмір салтында материалдық тұтыну мұқтаждықтарының шеңберінен тыс

басқа да себептер мен қазыналар басым жатады.

Қазіргі кезеңдегі әлеуметтанудың тағы бір тұжырымдамасы ол - әлеу- .

меттік айырбастау теориясы. Бұл теорияны неғұрлым тез дамытушылар —

американ әлеуметтанушылары Дж. Хоманс, П. Блау, Р. Эмерсон болды.

Бұл теорияньщ тұжырымы бойынша, адам мен қоғамның өзара әрекет

етуі, әр түрлі әлеуметтік игіліктер мен іс-әрекеттер түрлерінің алмасуы

арқасында өкімет, құқықгық жағдай, тәртіп, т.б. өмір сүреді деп түсіңдірі-

леді. Адамның айырбастауға деген ұмтылысы (психологиялық деңгейде)

оньщ қызметі мен тәртібіндегі негізгі бастаманың көзі ретінде қаралады.

Айырбастау арқасында қоғамда жаңадан әр түрлі құрылымдар пайда бо-

льш қана қоймайды, сонымен бірге, атап айтқанда, тану, сыйлау, мақұл-

дау, жетістік, достық, т.б. сияқты көптеген қатынастардың механизмдері

де әрекет етеді. Айырбастау актісі қарапайым әлеуметтік әрекетгер ретінде

жүзеге асады.

121
АЛТЫНШЫ ТАҚЫРЫП
ҚОҒАМ - ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бұл тақырыпта адамзат қоғамының неден тұратынын толығырақ қа-

растыруға көшеміз. Сондықтан бізге мүмкіндігінше жаңа ұғымдардың

мән-мазмұнын жете түсінуге және оларды есте сақгауға тура келеді. Бұл

ұғымдар әлеуметтанудың бастапқы кірпіштері іспетті.

Бұл тарауда әлеуметтік-философиялық ілімдермен тығыз байланыс-

қан, әлеуметтанудың жалпы теориялары тұрғысынан қоғам өзіндік және

біртұтас әлеуметтік организм етінде, тұтас әлеуметтік жүйе ретінде әдейі

толығырақ қарастырылады.

Адамзат қоғамы ұдайы өзгеріп тұрады. Тарихтан белгілі алғаш аңшы-

лар мен терімшілердің қоғамы пайда болды. Кейін оны құл иеленушілік,

феодалдық, капиталистік қоғамдар алмастырды. Адамзат қоғамы осылай-

ша қарапайымнан күрделіге қарай дамыды. Бір елдің шеңберінде әртүрлі

кезеңде қоғамның әртүрлі типтері өмір сүрген.Бұл мәселелердің бәрі осы

тараудың мазмұны мен құрылысынан көрініс тауьш отыр.


1. Қоғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері.

Қоғамды жүйе ретінде қарастыру тұжырымдамалары
Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге

ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қоғамның

адам сияқты жануарлар дүниесінен өзінің саналылығымен және мінез-

құлқымен түбегейлі ерекшеліктілігін көрсетеді. Қоғам адамзаттың

қауымдастығы, оны адамдар құрайды және соның құрамында өздері өмір

сүреді. Жануарлардың биологиялық қатынастары, түптеп келгенде, олар-

дың табиғатқа қатынасы болып табылады, ал адамзат қоғамының ерек-

шелігін адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастары қалыптастырады.

Қоғам адамдардың кез келген механикалық жиынтығы емес, керісінше,

ол адамдардың тұрақгы, орнықты және мейлінше тығыз өзара ықпалы

мен өзара әрекеттерінің негізінде құрылатын бірлестік. Күнделікті өмірде

қоғам ұғымы жиі айтыльш, әр түрлі мағынада қолданылады адамдар-

дьщ шағын тобынан бастап бүкіл адамзатқа дейін және кітап сүюшілер

қоғамынан бастап Қазақстан қоғамына дейін қолданылады. Алайда, әлеу-

меттану ғылымында қоғам ретінде адамдардың ортақ мекен-жайы, өзін-

өзі толықтыру, өзін-өзі қамтамасыз ету сияқтылармен сипатталатын

адамдардың бірлестігі түсіндіріледі.

Ғылымда қоғам түсінігіне берілген ортақ анықгама жоқ. Қоғам ұғымы-

на ортақ анықтама берудің күрделілігі бірнеше жағдайға байланысты, атап

122

айтқанда, көлемі жағынан кең және сипаты жағынан тым абстрактілі бо-



луымен, қоғам әр түрлі бағытта қарастырылатын аса күрделі, көп қабат-

ты, көп жақты құбылыстығымен, қоғам тарихи ұғым болғандықтан ортақ

анықтама оның дамуының барлық кезеңдерін қамту мүмкіндігімен, қоғам

әр түрлі ғылымдардың қолданатын категориясы болғандықган, олардың

әрқайсысы оз пәні мен зерттеу әдістеріне сәйкес қоғамды анықгауымен,

өмірде қоғам ұғымын кең және тар мағынада қолданған сайын оған

түсініктеме беру қажеттігімен байлаңысты.

Жалпы әлеуметтану тұрғысынан қоғамға анықтама беретін болсақ,

онда қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы, өздерінің қажеттіліктерін

қанағаттандыру мақсатында олардың өзара байланысы мен өзара әрекетінің

қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі және тұрақтылығы мен

тұтастығы, өзін-өзі өндірумен, өзін-өзі толықтырумен, өзін-өзі реттеумен

және өзін-өзі дамытумен сипатталатын, адамдардың өзара байланысы мен

өзара әрекетінің негізі болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен құнды-

лықгар пайда болып, мәдениет деңгейі жоғары болатын бірлестік. Ал тар

мағынада француз, жапон, т.б. қоғам мағынасында айтылады. Бұл жерде

қоғам деп тарихи, социомәдени және басқа да ерекшеліктерімен көрінетін

нақгы қоғам түрі түсіндіріледі.

Қоғам адамдардың өзара әрекетінің жемісі екенін өткен және бүгінгі

әлеуметтанушылар толығымен мойындағанымен адамдардың қоғамға

бірігуінің басты негізі не деген сауалға түрліше жауап береді. Мысалы,

француз ғалымы Э. Дюргкейм рухани ақиқат, неміс ғалымы М. Вебер

адамдардың өзара әрекеті, К. Маркс адамдар қатынастарының жиынтығы,

америка әлеуметтанушысы Т. Парсонс адамдар арасындағы қатынастар

жүйесі, Н. Смельзер географиялық шекара, ортақ заң шығару жүйесі,

ұлттық шығу тегінің бір болуы деген.

Демек, қоғам ұғымының мазмұнын ашатын анықгамалардың бәрінде

қоғамның тұрақтылығын құрайтын жүйе элементтері қарастырылып,

қоғамның бәрі бір тектес емес екендігін, көп жақты және әр түрлі сипат-

тағы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді қосқанда олардың өзіндіқ

ішкі құрылымы және құрамы бар екенін көрсетеді. Қоғамның құрамдас

элементтеріне адамдар, әлеуметтік байланыстар мен әрекеттер, әлеуметтік

өзара қимыл-әрекеттер және қатынастар,леуметтік институттар мен

ұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдастықгар, әлеуметтік нормалар мен

құндылықгар және т.б. жататынын айтуға болады. Бұлардың әрқайсысы

бір-бірімен өзара тығыз байланыста болып, қоғамда ерекше орын альш,

рөл атқарады. Сондықган әлеуметтанудың міндеті - қоғам құрылымын

-------------------------------------------------



' Смельзер Н. Социология. М.: Феникс, 1994. С. 84.

123


анықтау, оның ең маңызды элементтеріне ғылыми сұрыптау жасау, олар-

дың өзара байланыстары мен өзара әрекетін анықтау, әлеуметтік жүйе

ретіндегі қоғамдағы олардың орны мен рөлін зерттеу.Түптеп келгенде,

әлеуметтік құрылым қоғамның жүйе ретіндегі тұрақтылығын анықтай-

ды. Өйткені қоғам индивидтердің қарапайым жиынтығы, олардың өзара

байланысы мен әрекеттері және қатынастары ғана емес, керісінше, ол

тұтас жүйе, мұндай жиынтық жаңа, интегралды, жүйелік сапаны тудыра-

ды. Әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам — ол өзінің жеке заңдары бойынша

өмір сүретін және дамитын әлеуметтік организм.

Сайып келгенде, әлеуметгік жүйе күйіндегі қоғам деп бір-бірімен өзара

тығыз байланысқан және өзара әрекеттегі және әлеуметтік тұтастықгы

құрайтын, үлкен реттілікпен жинақталған әлеуметтік құбылыстар мен

процестер түсіндіріледі.

Қоғамның жүйелігін көрсететін ұғымдар мен негізгі принциптері бар.

Оларды жете түсіну үшін ең алдымен жүйе, құрылым, т.б. ұғымдарын

сараптап, білу қажет. Жүйе деп өзара бір-бірімен байланыста болатын

және тұрақгылықты құрайтын тәртіптелген элементтердің жиынтығын

айтады. Бұл ұғымды түсінуде элемент сөзі маңызды рөл атқарады.

Элемент деп отырғанымыз - объекх. Объектілердің тікелей қатысуымен

жүйе құрылады және өмір сүреді. Объектілерсіз немесе элементтерсіз

жүйе ешқашан өмір сүре алмайды. Бірақ жүйеге енген элементтер жүйе-

ге тән қасиеттерді және тәртіп (реттілік) белгілерін қабылдайды. Сөйтіп,

элементтердің белгілі бір жиынтығы кез келген тұтасқан жүйенің маз-

мұнды жағын қалыптастырады. Алайда, элементтердің құрамы тұтастық-

тың қасиеттерін анықгай алмайды. Жүйе объектісінің ерекшеліктерін,

нақгы қасиеттерін анықтауда құрылымды, яғни тұтас жүйенің ішкі ұйым-

дастырылуын білу аса маңызды. Құрылым бұл жүйенің ретке келтірілуі,

ұйымдастырылуы. Бұл, дәлірек айтқанда, жүйе элементтерінің арасын-

дағы байланыстар мен өзара әрекеттердің тәсілі.

Құрылымдық байланыстар элементтердің жүйеде алатын орнымен

анықталады. Сондықтан да құрылымның дамуы басты элементтердің

екінші қатардағы, айталық, таптар, ұжымдағы лидерлер, т.б. элементтер-

мен өзара әрекетінен көрінеді. Құрылымдық элементтердің өзара әрекеті

және олардың дамуы көптүрлі болып, интеграциялық сапаға ие болады,

соның нәтижесінде жүйелік байланыстар көбейеді. Бұдан шығатын қоры-

тынды сол, құрылымда болған маңызды өзгеріс бірден жүйеге ықпал етеді.

Ал өз кезегінде жүйе құрылымға тікелей болмаса да, элементтер арқылы

әсер етеді, сөйтіп, олардың қайсыбір бағытта дамуына қолайлы жағдай

жасайды немесе оған кедергі болады.

124


Әрбір жүйе өзіне басқа да элементтердің арасындағы байланыстарды

қосып алуы мүмкін, сондықган да оларды жүйешелер (подсистемалар)

деп атайды. Басты немесе күрделі жүйеге қатысты жүйешелер оның эле-

менттері ретінде қарастырылады, сонымен бірге сол жүйешелердің өз

жүйешелері де болуы әбден мүмкін. Жүйешелер, нақгы жүйені құрауы,

сайып келгенде, мейлінше көп болуы мүмкін. Негізгі жүйе шеңберінде

жүйешелердің бір-біріне бағынуы белгілі бір иерархияны құрайды. Бас-

ты, анықгаушы жүйешені таба білу бүкіл жүйенің дамуы мен өмір сүруінің

зандылықтарын ашудың кілті болып табылады. Жалпы жүйеге сараптама

жасау барысында оның даму зандары ашылады. Ол үшін ең алдымен

элементтердің құрылымдағы салмағы мен орнын анықтау қажет, содан

алынған мәліметтер ңегізінде жүйенің ең мәнді байланыстарын да анық-

тай аламыз. Содан кейін сол байланыстарды жүйешелердің иерархиялық

контексінде қарастыру керек. Сөйтіп, зерттеудің объектісі ретінде жүйенің

шекарасы анықгалады және оның бастапқы элементтері айқындалады.

Бұдан кейін негізгі жүйешелерді табу қажет және олардың арасындағы

иерархиялық байланыстарды анықтау керек. Жүйе құрылымы анықгал-

ған соң өзгерістеріне тікелей тәуелді болатын басты жүйелік байланыс-

тарды анықгауға көшкен жөн.

Әлеуметтік жүйе - тұтастықты құрастыратын жүйе болып саналады,

оның негізгі элементіне адамдар, олардың арасындағы байланыстар, әре-

кеттер мен қатынастар жатады. Бұл байланыстар мен өзара әрекеттер және

қатынастар тұрақты сипат алады, тарихи процесс барысында ұрпақган

ұрпаққа беріледі. Сондықтан да әлеуметтік жүйе қоғамдық тіршілік иесі

ретінде адамның, адамдардың әрекет ету саласьшың жемісі болып табы-

лады. Қоғамдық өмірдің қай саласына немесе қайсыбір жүйешелерге на-

зар аудармасақта, онда оның әмбебап элементі, бастапқы субъектісі адам,

тұлға екеніне көз жеткіземіз. Қоғам адамды қалай қалыптастырса, адам

да қоғамды қалыптастырады. Адамдардың өзара әрекеті, түптеп келген-

де, әлеуметтік құрылымды құрайды. Ал барлық әлеуметтік функциялар

адам қызметінің нәтижесі болады. Демек, адам әлеуметтік жүйенің бас-

тапқы, әмбебап элементі болып саналады, бірақ ол өзінің қызметін әр

түрлі әлеуметтік қауымдастықтарға біріккен басқа адамдармен өзара әре-

кет ету процесі барысында атқарады. Бұл өзара әрекет индивидтердің

жиынтығын әлеуметтік жүйеге айналдырады. Сол тұста әлеуметтік орта

сол индивидке қалай ықпал етсе, индивид те өзге индивидтермен біріге

отырьш ортаға соншалықгы ықпал жасайды. Нәтижесінде жүйе құрамын-

дағы элементтердің жеке өзінде болмайтын сапаны жинап, әлеуметтік

тұтастықты дүниеге әкелді. Әлеуметтік жүйені үш негізгі мәселе тұрғы-

сынан альш қарастыратын болсақ, онда, біріншіден, әлеуметтік жүйе

125

индивидтердің бірлестігі ретінде зерттеліп, қайсыбір ортақ жағдайлар



олардың өзара әрекетінің негізіне алынады, мысалы, қала, село, еңбек

ұжымдары, Т.6.; екіншіден, әлеуметтік жүйе әлеуметтік ұстанымдардың

иерархиясы іспетті қарастырылады, бұлар индивидтердің бірлесіп істеген

қызмет процесінен көрінеді және содан әлеуметтік қызметтері келіп

шығады; үшіншіден, әлеуметтік жүйе элементтердің негізгі сипаттарын,

олардың нақты әлеуметтік жағдайдағы өзара қатынастары мен мінез-

құлқын анықтайтын әлеуметтік нормалар мен құндылықтардың жиын-

тығы ретінде де қарастырылады. Жоғарыда аталған бірінші мәселе әлеу-

меттік қауымдастық ұғымымен, екіншісі - әлеуметтік ұйым түсінігімен,

үшіншісі - мәдениет ұғымымен байланысқан. Сөйтіп, әлеуметтік құры-

лым белгілі бір тарихи нормалық-құндылықгар негізінде (соның қайнар

көзі сол қоғамның мәдениеті болады) өзара әрекет ететін негізгі әлеуметтік

субъектілердің (тұлғаның, әлеуметтік қауымдастықтың, әлеуметтік ұйым-

ның) органикалық бірлігі ретінде көрінетін болады. Элементтердің бірлігі-

нің тұтастығы олардың өзара әрекетіне негізделген. Адамдардың өзара

әрекетінің тәсілі мен нәтижесі өлшем қызметін атқарады, соған орай адам-

дар бірлестіктерінің негізгі түрлері анықгалады. Адамзат қауымдастығы-

ның басты-басты екі түрі бар: әлеуметтік қауымдастықгар және әлеумет-

тік ұйымдар. Бұлардың ұқсастығы бар. Олар бірігіп, индивйдтердің қызметі

іске асатын «әлеуметтік орта» немесе «әлеуметтік кеңістікті» құрайды.

Әлеуметтік қауымдастық та, әлеуметтік ұйым да тарихи аренада әрекет

етуші маңызды субъектілер болып саналады. Олар, сөз жоқ, ірі әлеуметтік

өзгерістердің, эволюциялық және революциялық процестердің шешуші

факторлары қызметін де атқарады. Олардың арасында өзара ұқсастық-

пен қатар өзгешеліктері де бар. Әлеуметтік қауымдастықтың әлеуметтік

ұйымнан өзгешелігі сонда, оның өмірлік жағдайлар негізінде қальштаса-

тын адамдардың тұрақгы бірлестіктері болады. Мұндай бірлестіктер адам-

дар санасы мен еркінен тыс, объективті, табиғи жолмен қалыптасады.

Мысалы, адам қалада немесе ауылда тұрады, соған орай ол қала немесе

ауыл халқына жатады. Индивид әрдайым қайсыбір демографиялық топ-

қа жатады, этникалық қауымдастықтың мүшесі болады. Ол жұмыссыз

жүрсе немесе еңбек ететін болса, міндетгі түрде, кәсіби, мамандық тобы-

на енеді. Кез келген әлеуметтік ұйым да дәл сондай индивидтердің бірлес-

тігінен құралады. Алайда, оның әлеуметгік қауымдастықган өзгешелігі -

жасанды жолмен құралатындығында, мақсатының ерекшелігі мен өзінің

уақытша сипатта болатындығында. Әлеуметтік ұйымдар қоғамды, өмірді

реттеуде үлкен рөл атқарады. Әлеуметтік бірлестіктердің екі түрі де қажет

және қайсыбір қоғамдық мұқтаждықгарды қанағаттандыруға қызмет етеді.

Ең алдымең олар адамдардың тіршілік әрекеті процесінде адамдар инте­ –

126


грациясын жүзеге асырады, әрине, бұл жерде стихиялық, кездейсоқгық

та орын алады. Бірақ бұл жерде адамдар интеграциясы ретсіз, жөн-жо-

сықсыз болады екен деген ой тумауы керек. Тіршілік әрекетіне әрдайым

нормативтік тән. Адамдардың мінез-құлқын маңызды түрде реттеуші

ретінде олардың тек ниеті мен мақсаты ғана соған қызмет етіп қоймайды,

сонымең қатар сол қоғамда объективті қалыптасқан әлеуметтік норма-

лар да осыған қызмет жасайды. Әлеуметтік нормалар-қоғам мақұлда-

ған мінез-құлықтың белгілі бір үлгісі. Бұл үлгі индивидтердің өзара әлеу-

меттік әрекетіне басқа да қатысушы адамдардың қалай қарайтынын ал-

дын-ала көруге мүмкіндік береді және соған орай өзін, іс-әрекетін қалып-

тастыруға ықпал етеді. Осыған байланысты әлеуметтік норма индивидтің

мінез-құлқының өлшеміне және өзге адамдардың оның қылығына, ісіне

баға беру өлшеміне айналады. Нормативтік үлгілер беталды жасалмайды,

жоқтан пайда болмайды. Олар нақгы бір қоғамның әлеуметтік құнды-

лықтарымен тығыз байланыста және солардың негізінде қалыптасады.

Әлеуметтік құндылықтардан жүйенің дамуы мен өмір сүруі үшін белгілі

бір материалдың және рухани игіліктердің ерекше маңыздылығы байқа-

лады. Құндылықтар есебінде еркіндік, еңбек, әділеттік және т.б. осындай

ұғымдардың қалыптастырылуы мүмкін. Бұл қоғам мүшелерінің әлеуметтік

белсенділігін ынталандырады, өзінің ынталандырушы рөлін идеялар,

үлгілер, мақсатгар түрінде жүзеге асырады, осылардың көмегімен адам-

дар өз әрекеттерін жоспарлайды және оның нәтижесін бағалайды.

Әлеуметтік құндылықгар сол қоғамның рухани мәдениетінің органикалық

бөлімі және бір мезетге индивид санасьшың элементтері больш табыладаУ

Әлеуметтануда рухани мәдениет құндылықтары, сайьш келгеңде,

қоғамдық өмір мен адамдар мінез-құлқының әлеуметтік-нормативтік

реттеушісі есебінде қарастырылады. Әлеуметтік құндылықтардың нақгы

нормативтік қызметі оларды әлеуметтанулық зерттеудің мәнді тақырып-

тық дәрежесіне жеткізеді. Осыдан қорытынды жасайтын болсақ, онда,-

әлеуметтік құндылықгар мен нормалардың қешенін мәдениеттің реттеу-

шілік мәселесі ретінде қарауға болады, осы арқылы мәдениет әлеуметтік

тіршіліктің әрекет ету процесіне нақтылы ықпал жасай алады. Соның

салдарынан мәдениет адамдарға және ұжымдарға іс-әрекеттің үлгілері мен

нормаларын береді, ойдың мазмұнын анықтайды, ниет-мақсатгарын бас-

қарады, тұлғаны қалыптастырады. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік процес-

терге өзіндік «қатысушы» болады, сондықган да әлеуметгік жүйені, әлеу-

меттік құрылымды сараптағанда оның рөлін міндетті түрде ескеру керек.

Әлеуметтік құрылымның құндылық-нормативтік маңызын саралау же-

келеген адамдар мен әлеуметтік топтардың мінез-құлқын анықгайтын

әр түрлі факторлардың әрекеттерін біріктіруге мүмкіндік береді. Соның

127

арқасында әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының жалпы заңды-



лықгарын анықгауға болады. Бұл жалпы әлеуметтік теориялардың басты

міндеттеріне және мазмұнына жатады. Әлеуметтік құрылымның жекеле-

ген элементтерінің ерекшеліктері мен функционалдық рөлі әлеуметтану-

лық білімнің нақгы салаларының шеңберінде, атап айтқанда, мәдениет әлеу-

меттануы, тұлға әлеуметтануы, ұйымдар әлеуметгануы, т.б. анықгалады.

Әлеуметтік байланыс (өзара байланыс) - белгілі бір мақсатқа жету

үшін кесімді мерзімдегі нақгы қауымдастықтың бірлесе еткен қызметін

қамтамасыз ететін факторлар жиынтығы. Әлеуметтік байланыс нақты тұл-

ғалардың, адамдардың сипаттамасынан (ниеті, тілегіне) тәуелсіз түрде

пайда бодады. Бұл байланыстардың орнауына адамдардың нақтылы өмір

сүріп, әрекет ететін объективті әлеуметтік жағдайлары себепші болады.

Әлеуметтік байланыстың мәнін адамдардың қимыл-әрекетінің мазмұны

мен сипаты анықгайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда әлеуметтік байла-

ныстың мынандай негізгі типтерін бөліп қарастыруға болады: өзара әре-

кет, қатынастар, бақылау, институттық, даму, себепті байланыстар,

құрылымдық байланыстар және т.б.

Әлеуметтік өзара әрекет - кез келген жеке адамның басқа адамдар

немесе әлеуметтік қауымдастық үшін маңызы бар мінез-құлқы, әрекеті,

олардың бір-біріне әсер ету процесі болып саналады. Әлеуметтік өзара

әрекет әр түрлі жүйедегі (немесе жүйешедегі) әлеуметтік субъектілер ара-

сында, жүйе ішінде, жүйелер мен оларды қоршаған орта арасында, соны-

мен қатар жалпы жүйелер мен олардың элементтері арасына іске асадьіл

Бұл әрекеттер қоғамда өзгерістер тудырады, өз кезегінде сол өзгерістер

адамдарға ықпал етеді, оған жауап ретінде адамның кері реакциясы да

пайда болады. Әлеуметтік өзара әрекеттің объективтік және субъективтік

жақгары бар. Объективтік жағы - нақгылы функцияның мазмұнынан

туындайтын байланыстар. Әлеуметтік өзара әрекеттің субъективтік жағы

деп отырғанымыз - мінез-құлықтардың ыңғайына қарай негізделген әлеу-

меттік субъектілердің бір-бірімен саналы қатынастары. Белгілі бір жағ-

дайда әлеуметтік субъектілер арасындағы өзара әрекет тұрақтылығымен

және қайталануымен салыстырмалы түрде сипатталады. Дәл осы жағдайда

әлеуметтік субъектілер арасында белгілі бір әлеуметгік қатынастар орнайды.

Әлеуметтік қатынастар - жеке адамдар мен әлеуметтік топтарда болатын тұрақгы және өз алдына жеке байланыс.

Демек,Чоғам көптеп саналатын индивидтерден, олардың арасындағы

әлеуметтік байланыстардан, өзара қимыл-әрекеттерден және қатынастар-

дан құралады.

Қоғамға тұтас жүйе ретінде қарап, оған жүйелік тұрғыдан талдау жасау-

ды ұсынушылар қоғамды жеке адамдардың, олардың байланыстарының,

128

өзара әрекетінің, қатынастарының қарапайым жиынтығы деп қараудан



сақгандыра отырьш, қоғамдық деңгейде болатын индивидтердің әрекеті,

байланыстары мен қатынастары жаңа сапаны, сапалық тұтастық жүйені

құрайтынын атап көрсетеді.

Жүйелік сапа - қоғамның, жүйенің элементтерінің ерекше сапалық

күйі. Бұл жерде элементтерді қарапайым жиьштық деп қарауға болмайды.

Қоғамдық қатынастар мен өзара әрекеттер жеке адамдықтан, тұлғалық-

тан жоғары тұратын сипатқа ие болады, яғни қоғам - бұл индивидтермен

қарым-қатьшаста алшақгылық сақгайтын немесе алдыңғы қатарда тұрған



83 алдына жеке субстанщия. Әрбір адам, жарық дүниеге келген соң бай-

ланыстар мен қарым-қатынастардың қайсыбір құрылымына қезігіп,

әлеументтендірілу процесі барысьшда сол құрылымға енеді. Жүйелік са-

паға, яғни тұтастыққа көптеген байланыстар, өзара әрекеттер мен қаты-

настар тән. Солардың арасында коррелятивтік деп аталатын байланыстар,

өзара әрекеттер мен қатынастар аса маңызды, себебі олар элементтердің

үйлесімділігін және бір-біріне қатаң бағыныштылығын реттеуді өз міндетіне

алған. Үйлесу - қайсыбір элементгердің бір-біріне сәйкестендірілуі. Оның

осы ерекше сипаты элементтердің өзара тәуелділігін, жалпы жүйенің тұ-

тастығын сақтауды қамтамасыз етеді. Бағьшьшттылық - тұтастық жүйедегі

элементтердің ондағы маңыздылығы мен алатын орнының бірдей еместігін

көрсетіп, олардың бір-біріне бағынудағы ерекше орнын айқындайды.

Демек, соның нәтижесінде қоғам сапалы тұтастық жүйеге айналады.

Мұндай сапалық жүйеге қоғамдық тұтастықты құрайтьш бірде-бір элемент

жеке-дара ие бола алмайды.

Әлеуметтік процесс - осы кез келген әлеуметтік объектінің, әлеу-

меттік жүйеленген элементтердің дәйекті түрде ауысып тұратын қозға-

лысы немесе күйі, Әлеуметтік процесс мынандай белгілермен сипаттала-

ды: әлеуметтік прбцестің құрамдас бөлшектерінің өзара әрекет ету белгісі,

объектінің жағдайға сәйкес бағытталуы, мерзімдік белгісі. Әрбір әлеу-

меттік процесс белгілі бір кезеңдегі бағытты және қарқынды түрде өз-

гертуді белгілейтін, құрамдас бөліктердің өзара байланысьш, тәсілдерін

ерекшелейтін бірнеше сатыдан тұрады. Әлеуметтік процесс типтері

әлеуметтік жүйе және оның элементтері, интеграция және дезинтегра-

ция, бірігу мен шиеленіс, ынтымақтастық пен бәсекелестік болып бөлінеді.

Бұлармен қатар әлеуметтік процестерді функционалдық және дамыту-

лық деп те бөледі. Оның біріншісі объектінің сапалық күйін қалпына

келтіруді қамтамасыз етсе, екіншісі объектіні жаңа сапаға көшіреді.

Батыс елдерінің әлеуметтану ғылымында функционалдық процесс өз

алдына жеке бөлініп қарастырылады, соның негізінде әлеуметтік объек-

тінің басты қызметтерін жүзеге асыруға ықпал жасайтын шарттарға

129


назар аударылған. Ал дисфункциялықты зерттегенде объектінің қызмет-

терін атқаруға кедергі келтіретін жағдайды қарастырады.

Қоғамды жүйелілік деңгейде қарастыруда детерминистік және функ-

ционалдық көзқарастар маңызды рөл атқарады. Детерминистік тұрғыдан

қарастыру марксизмде анық байқалады. Бұл ілім бойынша қоғам тұтас

жүйе ретінде төмендегідей жүйешеден тұрады: экономикалық, әлеуметтік,

саяси жөне идеологиялық. Бұлардың әрқайсысының өзін жеке-жеке жүйе

ретінде қарастыруға болады. Бұл жүйелерді әлеуметтіктен айқындау үшін

социенталды деп те атайды. Бұл жүйелердің арақатынастарында басты

рөлді себеп-салдар байланысы атқарады. Бұл дегеніміз, марксизмге

сәйкестендіре айтсақ, аталмыш әрбір жүйе өздігінен өмір сүрмейді, сөйтіп,

басқа жүйелердің себеп-салдарына тәуелді больш келеді. Бұл жүйелердің

бәрі өз арасында иерархиялық құрылымды құрайды, яғни субординация-

лық арақатынасты сақтайды, олардың бір-біріне бағыныштылығы жоға-

рыда көрсетілген деңгейде сақгалады. Марксизмде барлық жүйе эконо-

микалық жүйенің ерекшелігіне тәуелді болады, экономикалық жүйенің

негізі меншіктің сипатына негізделген материалдық өндіріс болады.

Алайда, марксизм әлеуметтік детерминизмді тым қарапайым баян-

дауға қарсы. Ол барлық қоғамдық қатынастарды экономикамен ғана

түсіндірмейді. Марксизм көзқарасы бойынша экономикалық жүйе ол тек

қоғамдық өмірдің басқа жүйелерін дамытуды анықгайды және оның ең

басты себепшісі больш табылады. Марксизмде бүкіл социенталды жүйенің

кері байланыстары атап көрсетілген. Әрбір келесі жүйе алдыңғы жүйеге

кері ықпал жасайды.

Тікелей өзара байланысы бар социенталды жүйелердің бір-біріне әсер

етуі демократиялық сипат алады. Нәтижесінде марксизм қоғамға жанды

дүние, әрдайым қозғалыста және дамуда болатын организм ретінде қарады.

Оны зерттеуде өндірістік қатынастарға талдау жасау шешуші рөл атқара-

ды. Әлеуметтанудағы детерминистік көзқарас тұрғысынан қарау функ-

ционалдықпен толықтырылған. Марксизм сондай-ақ функционалдық

тұрғыдан қараудың жақтаушысы болып табылады. Марксизмде жүйені

жиынтық, органикалық және тұтастық деп бөлу қалыптасқан. Қоғам жүйе

ретінде органикалықтан тұтастыққа өту кезінде қалыптасады. Органика-

лық жүйенің дамуы оның өзін-өзі бөлшектеуімен, жіктеуімен тығыз бай-

ланысты болып, жаңа қызметтер немесе соған сәйкес элементтер

жүйесінің қалыптасу процесі ретінде сипатталады. Қоғамдық жүйеде жаңа

функцияларды қалыптастыру еңбек бөлінісі негізінде іске асады. Қоғам-

дық қажеттілік бұл процестің қозғаушы күші болып табылады.

Қажеттілікті қанағаттавдыру үшін керекті құралдарды өндіруді және тоқ-

таусыз болып жататын жаңа қажеттіліктердің туындауын К. Маркс пен

130

Ф. Энгельс адамның өмір сүруінің бірінші кезектегі алғышарты деп есеп-



теген. Сөйтіп, осындай қажеттілік пен тәсілдер соларды қанағаттандыру-

ды қамтамасыз етеді, даму негізінде қызмет түрлерін тудырады, соларсыз

қоғамның өмір сүруі мүмкін емес. Бұл қызмет түрлерін іске асыру үшін

адамдар жаңа еңбек бөлінісі саласын ойлап тапты. Сөйтіп, бұлар адам-

дардың ерекше назарына ілігеді, сонымен қатар қызметке тағайындап,

сенім білдірген адамдардың да ойынан шықпайды және олар өз алдына

дербестігін сақтап қалады. Сайьш келгенде, марксистердің пікірі бойын-

ша, материалдық өндіріс саласының негізінде ерекше қызметтер атқара-

тьш әлеуметтік, саяси және рухани салалар пайда болады. Алайда, жоға-

рыда атап өтілгендей, қоғамдық өмірді түсіндіруде марксизмге детерми-

нистік көзқарас тән.

Функционализм идеясы - көбіне-көп англо-американ әлеуметтану-

шыларына тиесілі. Функционализмнің негізгі ережелерін ағылшын әлеу-

меттанушысы Г. Спенсер (1820—1903) өзінің үш томдық «Әлеуметтану

негіздері» еңбегінде белгілесе, оны американдық әлеуметтанушылар

А. Радклиф-Браун, Т. Парсонс дамыта түсті.

Г. Спенсердің әлеуметтануға функционалдық тұрғыдан қарауының

негізгі принциптеріне қысқаша тоқгалайық.

Қоғамға жүйелілік тұрғыдан қарауды жақтаушылар сияқты функция-

шылдар қоғамға тұтастық күйде қарап, оны экономикалық, саяси, әске-

ри, діни, тағы басқа көптеген бөлімдерден тұратын организм деп есептеді.

Алайда, олар осыған байланысты, әрбір бөлім тек тұтастық шеңберінде

ғана өмір сүреді дегенді атап көрсетті, солардың құрамында бола отырьш,

әрбір бөлім нақтылы, қатаң белгіленген қызмет түрлерін ғана атқарады.

Бөлімдердің қызметтері қашан болмасын әлдебір қоғамдық қажет-

тілікті қанағаттандырып отырады. Солардың бәрінің біріккен қызметі

қоғамның тұрақтылығын және адамзаттың өсіп-өрбуін қолдауға бағыт-

талған. Қоғамның әрбір бөлімі өзіне тиісті қызметін атқаратыны сияқгы,

оның қайсыбір бөлімнің қызметінде іркілістер, тоқыраулар, қызметтерінің

бір-бірінен ерекшеленетін кездері де кездеспей қалмайды, сөйтіп, өзге

бөлімдер үшін бұзылған қызметтерді қайтадан қалпына келтіру ауыр тиеді.

Г. Спенсер әлеуметтік бақылауға үлкен маңыз берді. Оның пікірі бой-

ынша, әлеуметтік жүйенің тұрақтылықты сақтауының басты себебі, онда

бақылау элементтері бар. Бұған саяси басқару, құқық тәртібінің органда-

ры, діни институттар және моральдық нормалар жатады.

Г. Спенсердің пікірі бойынша, әлеуметтік бақылау «тірілердің алдын-

дағы қорқыньшқа» және «өлілердің алдындағы қорқынышқа» арқа сүйейді.

«Тірілердің алдындағы қорқыныш» мемлекетті қалыптастырьш, орнықгы-

рады, «өлілер алдындағы қорқыныш» шіркеуді дүниеге келтірді. Қоғамның

131


тұтастығын сақтаудың басты шарты - қоғамдағы қабылданған жүйенің

құндылықтарын қалың бұқараның мойындауы. Г. Спенсер дәлелдеген

әлеуметтанудағы функционализм Р. Мертон еңбектерінде терең зерттеле

отырьш дамытылды. Р. Мертон оның тұжырымдамасына бірқатар анық-

тамалықтар енгізді:

1. Өзі бір ғана құбылыс бола тұрғанымен де, әр түрлі қызметтер атқа-

руы мүмкін, сондай-ақ керісінше бір ғаңа қызмет түрінің өзі әр түрлі құбы-

лыстарда да қолданылады.

2. Р. Мертон дисфункция ұғымын енгізді, яғни оған бүлдіруші қызмет

деген мағына береді. Ол бірқатар элементтер бір жүйелі қатынаста функ-

ционалды болуы мүмкін және басқа жүйеге қатынас кезінде дисфунк-

ционалды болуы ықтимал деген қорытынды жасады.

3. Р. Мертон айқын және көзден таса жасырын латентті қызметтер

арасындағы айырмашылықгарды белгіледі. Айқын қызмет - саналы әре-

кеттен туындаған қызмет. Латенттік қызмет әрекет етуші адамның қажетті

амалды табуды ойламауының нәтижесі.

Т. Парсонстың құрылымдық-функционализм көзқарасы функциона-

лизм әдістемелігі дамуының маңызды кезеңі деп сипатталады. Парсонс-

тың пікірі бойынша, кез келген қоғамдық жүйенің екі негізгі бағдары бар,

оларды «бағдардың білігі» (ось) деп атаған. Бірінші білік ішкі-сыртқы білік

деп аталады. Бұл дегеніміз кез келген жүйе қандай да болмасын өзін қор-

шаған ортадағы оқиғаға бағытталады, немесе өзінің проблемаларындағы

оқиғаларды қамтиды. Екінші білік — инструменталды-консумоторлық.

Бұл - жүйе бағдарыйың қандай да болмасын белгілі бір сәттілікке неме-

се ұзақ мерзімдегі қажеттілік пен бір мақсаттарға бағьпталуы.

Бұл біліктерден 4 негізгі функционалдық категориялар пайда бола-

ды: бейімделу, мақсатқа жету, интеграция, құрылымды жаңадан ұдайы

өндіру. Әлеуметтік жүйенің бұл қызметтері, Парсонстың пікірі бойьшша,

әр түрлі жүйешелермен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жүйенің ішінде

бейімделу қызметін экономикалық жүйеше, мақсатқа жету қызметін -

саяси жүйеше, интеграция қызметін - құқық институттары мен әдет-

ғұрыптар, құрылымды жаңадан өндіру қызметін - наным жүйесі, мораль

және әлеуметтендіру органдары қамтамасыз етеді.

Функционализм эмпириялық ғылыми зерттеулерде кеңінен қолда-

нылады. Алайда, басқа әдістемелікті жақтаушы әлеуметтанушылар

функционализмнің 3 басты кемшіліктерін атап көрсетеді: 1) қоғамды зерт-

теу тарихи тұрғыдан қараудан тыс болуы керек. Қоғам функционализмде

динамикалық дамудан бөлек, статикалық тұрғыдан қарастырылады;

2) шиеленістерді жазып талдауда қабілетсіздік көрсетеді, әлеуметтік шие­

132

леністері қат-қабат қазіргі тандағы мәселелерді шешуде қабілетсіз болып



отыр; 3) әлеуметтікте жеке адамды толық қамтып көрсете алмайды.

Функционализмге сын айтушылардың қатарында индивидуализм

әдістемелігінің өкілдері Дж. Хоманс, Джон Линд, Г. Блумер, тағы бас-

қалар бар. Олар функционализмнің орнына индивидуализм әдістемесін

ұсынады. Индивидуализм әдістемелігінің негізгі идеясы мынаған саяды:

кез келген әлеуметтік құбылыс, сонымен қатар қоғамдық өмір индивиду-

алдық іс-әрекет жиынтығы арқылы түсіндірілуі мүмкін. Осыған орай әле-

уметтану ғылымының бірден-бір міндеті жеке адам қимылының нақты

әрекеті дегеніміз не және индивидуалдық іс-әрекеттер жиынттығы дегеніміз

не деген сауалдарды түсіндіру,

Индивидуализм өкілдерінің көзқарасы бойынша іс-әрекет схемасы

мынандай элементтерден тұрады:



іс-әрекет етуші, яғни жеке адам немесе топ;

- жағдайға қатыстырылуы, тартылуы белгілі бір зорлық-зомбылық

керсетудің болуымен сипатталады;

— іс-әрекет арқылы қайсыбір мақсатқа жетуді көздеу;

- мақсатқа жету үшін ресурстарға манипуляция жасау;

— нақгылы белгіленген мінез-құлық.

Индивидуалдық іс-әрекет дегеніміз не? Бұл құбылысты бірнеше әлеу-

меттік өзара қарым-қатынас жасау жөніндегі әрекет теориялары түсін-

діреді. Мұндай теорияның бірі — әлеуметтік айырбас теориясы. Оны аме-

рикан әлеуметтанушысы Дж. Хоманс тұжырымдады. Джордж Хоманс ақы

төлеу және шығын шығарту арқылы адамдардың мінез-құлқына ықпал

ету принципіне арқа сүйейді. Ол өз теориясының мынадай ережелерін

белгілейді:

1) мінез-құлыққа неғұрлым жиі ақы төленіп, сыйлық берілсе, соғұр-

лым ол жиі қайталанатын болады;

2) өткендегі ақы төлеу белгілі бір жағдайға байланысты болса, адам-

дар сондай жағдайды қайталауға тырысады;

3) аз ғана сый-сияпаттан гөрі ақы төлеудің мөлшері анағұрлым үлкен

болса, онда адамдар оны алу үшін артығымен оның өтемін қайтаруға

барады;


4) егер де адамның қажеттілігі толығырақ қанағаттандырылған болса,

онда адам оны қанағаттандыру үшін аз ғана күш жұмсайды.

Джордж Хоманс теориясының тағы бір түрі — әділ айырбас теориясы.

Бұл теорияны қалыптастырғандар Джон Адамс, Дж. Уолстер және тағы

-------------------------------------------------------

1. РадугинАА., РадугинК.А. Социология. Курс лекций. М.: Владос, 1995. С. 46-47.

133


басқалар. Бұл теория да сипаттауды керек етпейтін жорамал жүйесіне

(постулат) негізделген:

1) иңдивидтер қашан болмасын барынша пайда табуға тырысады, бұл

адамның өзімшілдік табиғатынан туындайды;

2) топтар индивидтерге шек қоя отырып және «әділ» қатынастар ор-

натуды талап ету арқылы ұжымдық пайданы арттырады;

3) индивидтер өздерінің «әділетсіз» қатынастарға қатысын анықгаған

соң психологиялық ыңғайсыздыққа түседі;

4) «әділетсіздікті» адам неғұрлым ауыр қабылдаған болса, оның пси-

хологиялық ыңғайсыздығы да соғұрлым артады және «әділеттілік» қаты-

настарды орнатуға деген талпыныстары үдей түсетін болады.

Сайып келгенде, бұл теорияда «әділеттілік қатынастар» категориясы

назар аударарлық болып тұр, өзара әрекетке қатысушылардың пропор-

ционалды үлесі және нәтижесі әлеуметтік қатынастарды анықгайды. Осы

теорияны жақтаушылар әлеуметтік әділеттілікке жетуде индивңдтер мен

топтарды ынталандыру басты, негізгі мәселе деп санайды. Келесі бір тео-

рия — индивидуализм әдістемелігіне негізделген символдық интеракцио-

низм болып табылады. Оның аса көрнекті өкілдері — Джордж Мид пен

Герберт Блумер. Джордж Мид индивидтің мінез-құлқы басқа адамның

мінез-құлқына қайтарған реакциясы деген ілімді ұсынды. Адамзат маңыз-

ды объектілер дүниесінде өмір сүреді. Маңыздылық тек әлеуметтік өзара

әрекет процесінде ғана пайда болады. Әр түрлі әлеуметтік топтар дүниені

жасап орнатады, дүниені құрайтын объектілердің өз маңыздылығын өз-

гертуіне орай бұл дүниелер де өзгереді.

Символдық интеракционизмге сәйкес, индивидтер арасындағы өзара

әрекет үздіксіз диалог ретінде көрінеді, бұл процесте адамдар бір-бірінің

ниетін бақылайды, түсіндіреді және оған жауап қайтарады.

Ынталандыруды түсіндіру дегеніміз — ынталандырудың символмен

байланыс орнатуы және осы символды пайымдау негізінде жауап реак-

циясын тандау болып табылады. Әлеуметтік байланыс, коммуникация

орнату мүмкіндігі адамдардың сол символға бірдей маңыз беруіне орай

қалыптасады. Джордж Мидтің пікірі бойынша, әлеуметтік «мен» мағы-

насы екі жақгы болады: өзіндік «мен» және «біздер». Өзіндік «мен» - бұл

индивидуалдық сана. «Біз» - бұл басқа адамдар алдындағы индивидуал-

дық сана. «Менің» және «біздің» арасында тұрақгы диалог болады. «Мен»

өз іс-әрекетің іштей «бізді» итеру арқылы бағалайды. Сайьш келгенде,

қоғам іштей «мен» іспетті болады. Әлеуметтік «мен» индивидтер арасын-

дағы өзара қарым-қатынастар процесі жиынтығымен тұжырымдалады.

--------------------------------------------------------------

1. РадугинАА,адугинК.А. Социология. Курс лекций. М.: Владос, 1995. С.48.

134


Қайсыбір тұлғаның жауап реакциясының, қызмет тәсілдерінің, сим-

волдық мазмұнының көп болуы ол қатысатын өзара әрекеттер жүйесінің

көп түрлілігіне де байланысты болады.

Дегенмен, қоғамның не екенін, оның қалыптасу механизмдерінің қан-

дай екенін және қалай өмір сүретінін (функционированил) түсіндіруде

бірін-бірі әрдайым мойындай бермейтін, тіптен қарама-қайшылықта болып

келетін методологиялық тұрғыдағы сараптау әдісі әлі де сақталып отыр.

Бірақ бұл тұжырымдамалардың кез-келгені қоғамды тұтас жүйе ретінде

қарастыруда аса маңызды.

Сайып келгенде, қоғам дегеніміз - бұл адамдардың бүкіл негізгі қажет-

тіліктерін, өзін-өзі реттеуді, ұдайы өсіп-өніп отыруды қамтамасыз ететін

әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік өзара әрекеттерді ұйымдастыру-

дың әмбебап тәсілі. Қоғам әлеуметтік байланыстардың реттелуімен, ны-

ғаюымен, бұл байланыстарды қолдап және дамытып отыратын ерекше

институттардың, нормалардың қалыптасуымен пайда болады. Зерттеуші-

лер қоғамның жүйелілік принциптерімен қатар, оның типтерін, белгілерін

және даму зандарын да анықтайды.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет