Қазақстан республикасы


Қоғамның типтері, белгілері және даму заңдары



жүктеу 8.14 Mb.
бет11/26
Дата19.09.2017
өлшемі8.14 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
2. Қоғамның типтері, белгілері және даму заңдары
Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген

тәсілдері қалыптасқан. Солар арқылы қоғамньщ даму деңгейі, оның да-

муының бір сатысынан келесі сатысына өтуі, т.б. анықталады. Марксшіл-

дер қоғамның типін белгілеуде өндіріс тәсілін, яғни қоғамның экономи-

калық ресурстарының қалай пайдаланыльш, қалай бақылауға алынаты-

нын басшылыққа алады. Г. Ленски мен Дж. Ленски қоғамдарды сұрып-

тау барысында оларға тән өндіріс тәсілдерімен қатар өзге де маңызды

белгілерді ашып, қоғамды 4 типке бөлуді ұсынды: 1) аңшылық пен терім-

шілдік қоғам; 2) бау-бақшалық қоғам; 3) аграрлық қоғам; 4) өнеркәсіптік

қоғам. Неміс ғалымы Ф. Теннис өнеркәсіп қалыптасқанға дейінгі қоғам

мен қазіргі қоғам арасындағы мәнді өзгешеліктерді зерттей келіп, ша-

руалар қауымдастығын белгілейтін «Гемайншафт» терминін және инду-

стриялды - қалалық қоғамды анықгайтын «Гезельшафт» ұғымдарын енгізді.

Осы қоғамдар арасындағы айырмашылықтардың мәні мынаған саяды:

а) «Гемайншафт» типті қоғамда адамдар қауымдастық міндеттеріне

сәйкес өмір сүреді, «Гезельшафт» қоғамы адамдардың жеке бастары үшін

пайда табуға негізделген; б) «Гемайншафт» қалыптасқан салт-дәстүрлер-

ге негізделсе, «Гезельшафт» формалды заңдарға маңыз береді; в) «Ге-

майншафт» шектелген мамандандыруды ұсынса, «Гезельшафт» маман-

дандырылған кәсіби рөлдерді қалыптастырады; г) «Гемайншафт» діни

135

мұраларға арқа сүйесе, «Гезельшафт» зиялылық құндылықтарды жоғары



қояды; д) «Гемайншафта» қоғамның басты институттары болып отбасы

мен қауымдастық саналады, ал «Гезельшафтта» қоғамның негізгі инсти-

туттарына адамдар бірігуінің ірі корпоративтік және ассбциативтік фор-

малары жатады.

Қоғамдарды типтеуде 60-жылдары бұлардан басқа да көзқарастар

қалыптасты. Соның негізінде қоғамдарды топтау жөніндегі ұстанымдар-

да, бүгінгі ғылыми әдебиеттерде қоғам түрлерін: дәстүрлі (аграрлық);

индустриялды және постиндустриялды деп бөлу басымырақ орын алып

отыр. Енді соларға тоқталайық.

Сонымен, дәстүрлі қоғам деп аграрлық укладты қоғамды айтады.

Қазіргі біздің түсінігімізде дәстүрлі қоғам қарапайым және артта қалған

қоғам түрі. Шындығында бұл қоғамда өндірістің даму қарқыны өте төмен,

адамдардың қажеттілігі минималды деңгейде ғана қанағаттандырылады,

жаңаны қабылдамайды. Онда индивидтердің мінез-құлқы қатаң бақылауға

алынады, салт-дәстүр, нормалар және әлеуметтік институттармен шек-

теледі.


«Индустриялды қоғам» терминін ғылымда алғаш қолданған Сен-Симон

болды, сол ұғым арқылы ол қоғамның өзгеше өндірістік негізін айқында-

ды. Индустриялдық қоғамның басқа да маңызды белгілеріне адамдардың

қажеттіліктері мен мүдделерінің өзгеруіне сәйкес қалыптасатын икемді

әлеуметтік құрылымдар, әлеуметтік мобильдік, коммуникация жүйесінің

дамуы жатады. Мұндай қоғамда индивидгің еркіңдігі мен мүддесін ортақ

принциптермен үйлестіруге мүмкіндік туады. Ортақ принциптер инди-

видтердің бірлесе еткен қызметін реттеп отырады.

Индустриялды қоғам теориясын екі вариантта жасағандар - фран-

цуз әлеуметтанушысы Р. Арон мен американдық экономист, әрі саясат-

танушысы У. Ростоу болды. «Индустриялды қоғам» теориясы қоғамның

жедел дамуының жолдарын көрсетіп, натуралды шаруашылық үстемдік

еткен, артта қалған аграрлық қоғамнан алдың қатарлы, өнеркәсібі да-

мыған индустриялды қоғамға өтудің орнығатынын дәлелдейді. Бұлардың

пікірінше, индустриялды қоғам, ең алдымен еңбек бөлінісінің дамуы және

күрделі жүйесі арқылы сипатталады, бұл өндірістің нақты салаларға ма-

мандандырылуы мен басқару жүйелерінен байқалады. Екіншіден, инду-

стриялды қоғамда рынокқа арнап кең көлемде жаппай тауар өндіру қалып-

тасады. Үшіншіден, ол өндірісті автоматтандыру мен механикаландыруға

және басқаруға иелік етеді. Төртіншіден, индустриялды қоғам ғылыми-

техникалық революциямен сипатталады. Транспорт пен байланыс құрал-

дарының жоғары дамуы, жоғарғы деңгейдегі мобильдік пен урбаниза-

цияның болуы, ұлттық тұтыну құрылымындағы сапалы өзгерістер осы

136


процестердің нәтижесі болып саналады. Бұл теория тұрғысынан алып

қарағанда ірі өнеркәсіптің негізгі сипаттамасына индустрияның өндірісті

ұйымдастыру мен басқару саласындағы мінез-құлық, тәртіп формаларын

реттеуімен қатар, қоғамдық өмірдің барлық салаларында реттеу жұмыс-

тары жүргізіледі.

Э. Дюркгеймнің пікірі бойынша, дәстүрлі қоғам мен индустриялы

қоғам арасында қалыптасқан айырмашылықтар бар, олар: әлеуметтік

ынтымақтастықтың формасында және әр түрлі моральдық жүйелерде

орын алған өзгерістер. Қарапайым қоғамдағы ынтымақтастықгың түрі -

«механикалық ынтымақтастық» десек, ал индустриялы қоғамда - орга-

никалық ынтымақгастық болады. Дәстүрлі қоғамдағы қатынастар негізі-

нен туыстық қарым-қатынастарға негізделген еді, ал қазіргі индустриялық

қоғамдағы қатынастар саяси ұйымдарға, шіркеуге, бизнес пен мектепке

арқасүйейді.

Дәстүрлі және индустриялды қоғам атаулары жаңа айдарлармен де

беріліп жүр. К. Поппер жоғарыда баяндалған әлеуметтік бақылау мен ин-

дивидтің еркіндігінің арақатынасындағы өзгешелікті негізге алып, ашық

және жабық қоғам деген ұғымдарды қолданды. Магиялық, тайпалық не-

месе ұжымдық қоғамды К. Поппер жабық қоғамға балайды, ал индивид-

тердің өздері еріксіз шешім қабылдауға мәжбүр болатын қоғамды - ашық

қоғам деп санайды.

XX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғам дамуының дәстүрі және оның

индустриялдық екі сатысы 70-жылдары үшінші сатымен толықты. Сол

тұста постиндустриялды қоғам тұжырымдамасы пайда болды. Ол тұжы-

рымдаманы жасаған американдық әлеуметтанушы Д. Белл мен батыс-

еуропалық әлеуметтанушы А. Турен еді. Бұл тұжырымдаманың пайда бо-

луына дамыған елдердің экономикасы мен мәдениетіндегі құрылымдық

өзгерістер себеп болды. Бұл өзгерістер қоғамға жаңаша қарауды талап етті.

Ең алдымен білім мен ақпараттың рөлі шұғыл артты. Қажетті білім альш,

жаңа ақпаратқа қолы жеткен индивидтің әлеуметтік иерархияның саты-

сымен алға жылжуына қолайлы, біршама үстем мүмкіндіктер жасалды.

Жемісі мол шығармашылыққа жету үшін еңбек еркіндігінің болуы, оның

табысы адамның да, қоғамның да гүлденуінің негізіне айналды.

Беллдің пікірінше, бұл қоғамда капиталистер табы жойылып, олар-

дың орнын білім деңгейі жоғары жаңа басқару элитасы басады. Әлеуметгік

стратификацияның өлшемі больш саналатын меншік өзінің маңыздылы-

ғьш жоғалтады, шешуші өлшем больш білім деңгейі есептелетін болады.

Меншік капеталистердің қолына шоғырланған, еңбек пен капитал арасыңда

негізгі шиеленіс сақталған индустриялды қоғаммен салыстыртанда поетин-

дустриялық қоғамдағы негізгі шиеленіс білім мен құзыреті болмауының

137

арасындағы күрестен көрінеді. Индустриялыққа дейінгі қоғамның басты



мақсаты билік, индустриялдық қоғамның басты мақсаты ақша, пост-

индустриялды қоғамның негізгі мақсаты білім. Бұл үш сатының әрқай-

сысына әлеуметтік ұйымдардың өзіндік ерекше формалары тән, атап

айтқанда, аграрлық қоғамға шіркеу мен әскер, индустриялыққа корпо-

рация, постиндустриялыққа университеттер қажет. Осыған орай олар-

дың әлеуметтік құрылымдары да қалыптасады, мысалы, аграрлық қоғам-

да билеп-төстеу дін қызметкерлері мен феодалдардың қолында болды,

индустриялдық қоғамда бизнесмендер, постиндустриялдық қоғамда

ғалымдар мен менеджерлер үстем болады. Индустриялды және постин-

дустриялды қоғам теориялары әлеуметтік эволюционизм шеңберінде бо-

лады, өйткені олар жаңа техника мен технология негізінде қоғамның

белгілі бір сатыға өтуіне мүмкіндік тудырады. Технологиялық төңкерістер

қоғамдық өмірдің басқа салаларына да төңкеріс жасайды, бірақ бұлар

әлеуметтік төңкерістерге соқтырмайды.

Технологиялық ақпараттық прогрестің негізінде қауіпті процестер де

дамыды. Маңызды әлеуметтік-саяси ақпаратқа, электронды коммуника-

ция құралдарына қолы жеткен мемлекет пен басқару элитасы бұқара ха-

лыққа ықпал жасау мүмкіндігіне ие болды. Сөйтіп, технократиялық

мемлекеттің рөлі артын, оның азаматтық қоғамды біртіндеп өзіне бағын-

дыру қаупі төнеді. Әлеуметтік бақылау жасаудың жатық, жасырьш фор-

масының күш алу қаупі артады.

Десек те, қоғамды классификациялау тек осылармен бітпейді. Коғам

саяси критерийлерге орай ( әсіресе қоғам мен мемлекет арақатынасы-

ның сипаты мен формасына қарай ) азаматтық қоғам ретінде қалыптас-

қан, мемлекет соған бағынып, қызмет ететін - демократиялық қоғам;

азаматтық қоғамы жоқ, ал мемлекет қоғамды және тұлғаны өзіне ба-

ғындырып, басын-жаншып отыратын тоталитарлық қоғам және алғаш-

қысы мен кейінгісінің арасындағы - авторитарлық қоғам деп бірнеше

жікке бөледі. Қоғамды типтеу басқа да көптеген белгілерге қарап жүргі-

зіледі. Айталық, қоғамдағы үстемдік етуші дінге байланысты христиан

немесе мұсылман қоғамына, кеңінен тараған тілдік қарым-қатынасқа

қарап ағылшын тілді, француз тілді, орыс тілді және т.б. қоғамдарға

бөледі. Жалпы осы топтаулардың рөлі мен маңызын анықтау қоғамды

нақты қай жағынан зерттеуге байланысты болады. Егер қоғам халық-

тың этникалық құрамы жағынан алып зерттелетін болса, онда бірінші

қатарға қоғамды бір ұлттық, екі ұлттық, көп ұлттық деп топтау қойыла-

ды, ал қалғаны екінші қатарға шығарылады. Демек, күрделі әлеуметтік

құрылым ретіндегі қоғамды типтеу жөнінде бір ғана немесе әмбебап

көзқарас жоқ. Ол зерттеушінің қандай методологиялық тұрғыдан қарауы,

138


проблеманы өз бетінше көре білуі, өз пайымдауының негізі етіп нені алуы

арқылы анықталады.

Жоғарыда қоғам ұғымы мен мемлекет түсінігі бір-біріне ұқсамайды

деген едік. Олай болса, олардың белгілерінде де өзгешелік болады. Де-

мек, қоғамды қандай белгілерге қарап анықтауға болады деген орынды

сауал туындайды. Индивидтер арасында өзара әрекеттер, өзара байланыс-

тар және қатынастар орнайды. Мұндай байланыстарды дүние жүзі карта-

сымен салыстыратын болсақ, онда осы байланыстардың бір-бірімен ұшта-

сып, жүйеленіп мемлекетгік-аумақгық бірлікке келіп тірелетінін көруге

болады. Сонымен, қоғам - адамдар арасында қалыптасқан байланыстар

мен өзара әрекеттердің жиынтығы.

Қоғамның алғашқы белгісіне әдетте әлеуметтік байланыстардың шо-

ғырлануы жүретін аумақгы жатқызады. Біздің планета көптеген қауым-

дастықтарға экологиялық мүмкіндік беру арқылы адамдардың мұқтажын

қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және климаттық жағдай мен табиғат

ландшафтысының көп түрлілігіне орай индивидтердің тіршілік әрекетте-

ріне өзіндік қайталанбас белгілер қалдырды. Аумақ - индивидтер ара-

сында қатынастар мен өзара әрекеттер қалыптасатын, дамитын әлеуметтік

кеңістіктің негізі болады.

Қоғамның екінші ерекшелікті белгісі оның ішкі өзара байланыста-

рының жоғары интенсивтілігін қолдап отыру және ұдайы туындатын,

жетілдіру қабілеті болып табылады. Қоғамның маңызды сипаты ретінде

тұрақгылықты айтқанмен, әлеуметтанушылар оның негіз болатын се-

бептерін түсіндіруде бір жерден шықпады, пікірлері қайшылықта болды.

Э. Дюркгейм қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығының басты негізіне

«ұжымдық сананы», ортақ жігердің болуып алады. Р. Мертон болса қоғам-

ның сақталуын халықтың көпшілігі меңгерген және әрбір индивидті

біріктіретін тіршілік әрекеттерінің нормаларын сақтауға бағыттайтын

«келелі құндылықтар» арқасында болады деп есептейді. Э. Шилз қоғам

бүкіл аймаққа бақылау жасайтын және ортақ мәдениетті таңатын тек қана

«ортақ биліктің» ықпалымен өмір сүреді деп пайымдайды.

Қоғамның тұрақтылығын сақтайтын алғышарттарды толық анықгау

тіптен мүмкін емес сияқгы. Адамзат тарихының көне кезендерінде қоғам-

ның тұрақтылығы ең алдымен тұлға аралық өзара әрекеттердің есебінен

сақталып келді. Адамдар өздерін туыстық және көршілік, әдет-дағдылар,

көмек пен қолдау көрсету, олардан айырылудың қорқынышты екендігі

сияқты дәнекерлермен байланыстырды. Ф. Теннис осындай принциптерге

негізделген қоғамды қауымдастық деп атаған.

Алайда, халық санының өсуіне орай байланыстардың өзара әрекет

жүйесі бұрынғыдай қолданыла алмады. Басты тұрақгандырушы алғышарт

139

болып әлеуметтік құрылым шықты. Әлеуметтануда құрылым деп тұрақ-



ты түрде болатын әлеуметтік түзілімдерді, байланыстарды және қатынас-

тарды айтады. Бұл әлеуметтік институттар, әлеуметтік қауымдастықтар

болуы мүмкін. Олардың айрықша ерекшеліктеріне мақсатқа лайықты

қызметтері жатады. Бұл дегеніміз, қоғам үшін өмірлік маңызы бар мін-

деттерді орындау мен атқарушылардың құзырына біршама тәуелсіз болу

деген сөз.

Басқаша сөзбен айтсақ, меншік институты немесе мемлекет, интел-

лигенцияның әлеуметтік тобы немесе соттың кәсіби рөлі қоғамда тұрақ-

ты немесе ұзақ кезендер бойы өмір сүріп келеді және осы құрылымдар-

дың өмір сүруін қамтамасыз еткен нақгы адамдар әлденеше рет ауысып

отыруы мүмкін.

Әлеуметтік құрылымдар бір мезетте және жоқтан пайда болмайды.

Олар бастапқыда тұлға аралық контактілер мен өзара байланыстар негі-

зінде пайда болып, өзара әрекеттер және қатынастардың тұрақтылығын

нығайтудың нәтижесінде қалыптасады. Олар индивидтердің өз міндеттерін

тиімді шешуге, жеке өз мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін, бірлесе

өмір сүруді реттейтін принциптер мен нормаларды мейлінше дұрыс таң-

дап алуға негізделеді. Мысалы, барлық халықтарда реттеуші - жұмылды-

рушы қызметін атқара алатын институттық құрылымдар қалыптасқанға

дейін мемлекеттің орнығу процесі көптеген жүз жылдықтарға созылды.

Қоғамдағы тұрақтылық ең алдымен әлеуметтік құрылымның қалып-

тық және функционалдық қасиеттеріне байланысты болады. Әрбір құры-

лым әрекеттер мен өзара байланыстардың белгілі бір түрлерін тәртіптейді

(реттейді) және оларды ұдайы өндіреді. Айталық, отбасы институты неке

қатыпастарын, ақша институты тауар айырбастауды реттейді. Бұлардың

бәрі біріге отырьш, сабақтастықты қамтамасыз етеді, онсыз әлеуметтік

байланыстарды ұдайы өндіру мүмкін емес.

Қоғамның үшінші ерекшелікті белгісіне оның автономдығы және өзің-

өзі жоғары деңгейде реттеушілігі жатады. Қоғамның автономдығы оның

көп функциялылығымен жүзеге асады, яғни индивидтердің алуан түрлі

қажеттілігін қанағаттандыру үшін керекті жағдайлар жасау қабілетінің

болуы және индивидтерге өзін көрсету, өзін бекіту үшін кең мүмкіндіктер

жасауы қажет. Адам тек қоғамда ғана шағын кәсіби қызметімен айналы-

са алады, өзінің азық-түлікке және киім-кешекке деген қажеттілігін әр

кезде қанағаттандыра алады. Қоғамда ғана адам өзіне керекті дағдыларды

қалыптастырады және ғылым мен мәдениеттің жетістіктерімен таныса-

ды. Тек қоғам ғана оған мансапқа жетуге және әлеуметтік иерархияның

биігіне көтерілуге мүмкіндік береді. Басқаша айтар болсақ, қоғамның жан-

жақгы, толыққанды болуы оның сырттай араласусыз-ақ негізгі міндеттерін

140


орындауына, яғни адамдардың жеке мақсаттарына жетулерін жеңілдететін

өмірді ұйымдастыру формаларын көрсетіп беруіне жол ашатыны анық.

Қоғамның автономдығы және өзінің толықтылығы сыртқы басқару-

шылардың болмауынан көрінеді. Қоғам өз ішінде пайда болған және жа-

салған нормалар мен принциптердің негізінде, институттар мен ұжым-

дардың арасында реттеліп отырады және басқарылады. Өзін-өзі реттеу-

шілік қоғамның маңызды қасиеті, бұл оның көлеміне қарамастан өз

бетінше дербес әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Төртіншіден, қоғамды үлкен интеграциялық күш ерекшелейді. Ол

әрбір жаңа ұрпақты әлеуметтендіреді, сол ұрпақты қалыптасқан қаты-

настар жүйесіне қосады, соларды бәрі мойындап қабылдаған нормалар

мен ережелерге бағындырады. Аталмыш салалардың арқасында қоғам жа-

ңаны енгізуге қабілетті болады, өйткені ол өзіне жаңа әлеуметтік түзілім-

дерді, институттарды, нормаларды таңдайды, сөйтіп, сол арқылы дамуды

жаңалайды және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Қоғам мен тілдің,

мәдениеттің шығу тектері «көрінбес жіптер» арқылы байланысқан, адам-

дардың өздері де оған ұмтылады. Ол адамдарға әдеттегі мінез-құлық үлгі-

лерін қолдануға мүмкіндік береді, тұрақталған принциптерді басшылыққа

алдыртады.

Қоғамды дамытатын өзіндік зандар мен заңдылықтар қалыптасты.

Солардың бірі — эволюционизм. Ол XIX ғасырда дарвинизмнің ықпал

етуімен әлеуметтану ғылымында қалыптасты. Бұл әлеуметтік дамудың

объективтік сипатын мойындаған көзқарастың жүйесі еді. Мұндай көзқа-

растар қоғам эволюциясьша табиғи-тарихи процесс ретінде қарап, қоғам-

ды түбегейлі өзгертетін оның шешуші буындарын, қоғамның үлгілерін

анықтаудағы ғалымдардың рөлін де белгілеп берді.

Осындай көзқарасты ұстанғандардың бірі О. Конт болды. Ол қоғам

эволюциясын анықтаушы алғышартқа білімділік прогресті жатқызды.?

Білімнің теологиялық, мистикалық түрінен позитивтікке, яғни ғылымға

қарай дамуы адамның әскери қоғамнан индустриялы қоғамға өтуін қам-

тамасыз етеді. Әскери қоғам теологиялық, мистикалық білімге сүйене

отырып, адамдарды құдайдың «баламасына» айналған, құдайдан бір кем

емес көсемдер мен батырларға бағындырған еді. Мұндай қоғамның даму

процесі төменгі деңгейде болды. Керісінше, индустриялы қоғам ғылыми

білімге сүйенетін өндірісті жоғары деңгейде дамытып, адам қажетін қана-

ғаттандыруды іске асырып отыр, деп пайымдады О. Конт.

Г. Спенсер эволюцияның мәнін қоғамның күрделенуінен, оның ішкі

жіктелісінің күшеюінен көре білді. Бұл процесс қоғам дамуының әрбір

жаңа кезеңінде әлеуметтік организмнің тұтастығын қалпына келтіріп

отырады. Қоғамның гемогендіктен гетерогендікке қарай қозғалуы жеке

141

адамдар бостандығын шектемей, арттырумен қатар жүреді, қоғам өз аза-



маттарын қатаң бақылауға алуды тоқтатады және олардың мүддесін ба-

рынша қанағаттандыру үшін қызмет жасайды. Демек, әлеуметтік прогресс

дегеніміз, Г. Спенсердің сөзімен айтқанда, азаматтардың еркіндігін ұлғай-

туға жеткізетін күрделі қоғам болады,

Э. Дюркгейм эволюцияның мазмұнын жеке адамдардың механика-

лық ынтымақгастығынан органикалық ынтымақгастыққа өту жолдары

арқылы түсіндіреді. Жеке адамдардың механикалық ынтымақтастығы

олардың даму деңгейлерінің өте төменгі дәрежеде болуы және бір-бірімен

ұқсастығы негізінде орнаған еді. Ал жеке адамдардың органикалық ын-

тымақтастығы еңбек бөліністері мен әлеуметтік жіктелу негізінде пайда

болады. Соңғы айтылған мәселенің нәтижесінде өзгеше принципке негіз-

делген адамдардың өзара тәуелділігі орнатылады, олардың тұтас әлеу-

меттік организмге бірігуі жүреді, қоғамның ең жоғары моральдық прин-

ципі есебінде ынтымақтастық сезімдері қалыптасады.

Марксизм өндіргіш күштерді әлеуметтік дамудың шешуші алғышар-

ты етіп алған еді. Өндіргіш күштердің дамуы өндіріс тәсілдерін өзгертуге

жеткізеді, соның нәтижесінде қоғамда түбегейлі өзгерістер жасальш,

қоғамдық-экономикалық формациялардың бірінен екіншісіне ауысуы

қамтамасыз етіледі.

Марксизм эволюционизмді төңкеріспен біріктіруге тырысты, қоғам

дамуында төңкеріс маңызды алғышарт деп қарады. Төңкеріс, дәлірек айт-

қанда, жаңа экономикалық және саяси құрылымдарды қалыптастырушы

рөлін атқаратын болды. Олай болмаған күнде қоғам өзін іріп-шіруге

жеткізетін себептерден құтыла алмайтын еді. Сондықтан К.Маркс төңке-

ріске қоғамды өзгертетін және оның дамуын жеделдететін тарихи локо-

мотив ретінде қарады. Қоғам дамуының маркстік тұжырымдамасы тарих-

қа формациялық тұрғыда қарауға да негізделген еді. Осыған орай қарас-

тырсақ, онда адамзат өзінің дамуында бірнеше сатьшы басынан кешіреді.

Бір қоғамдық әлеуметтік-экономикалық формациядан екіншісіне өту

әлеуметтік революция арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік революция бүкіл

қоғамдық өмір жүйесіндегі түбегейлі сапалы төңкеріс болып саналады.

Қоғамдағы өндіргіш күштердің артуы мен ескірген өндіріс қатынастары-

ның арасындағы тереңдеген шиеленіс әлеуметтік революцияның эконо-

микалық негізі етіп альшады. Осының негізінде әлеуметтік антагонизм

күшейіп, өмір сүріп отырған құрылысты сақтауға мүдделі билеуші таптар

мен қаналған таптардың арасында тап күресі шиеленіседі. Әлеуметтік

революцияның бірінші жеңісі саяси билікті жеңіп алу болып саналады.

Билік құралдары арқылы жеңген тап қоғамдық өмірдің барлық саласына

142

қайта өзгертулер енгізеді, сөйтіп, жаңа әлеуметтік-экономикалық және



рухани қатынастар жүйесін қалыптастыру үшін алғышарттар жасалады.

Марксизм көзқарасы бойынша революциялар қоғам дамуы жолындағы

барлық тосқауылдарды жоюда, стратегиялық бағьггга зор рөл атқарады,

қоғамдық дамудың қуатты ынталандырушылары қызметін атқарады.

Нақты айтар болсақ, қоғам дамуын ың эволюциялық және революция-

лық теориялары қоғамдық прогресқе негізделген.

Эволюционизмнің келесі бір өкілдері революцияны қоғам дамуының

зандылығынан гөрі кездейсоқ, қан төгісті, қатал құбылыс деп есептеді.

Мысалы, А. Токвиль Үлы француз революциясы туралы айта келіп, оның

жасаған өзгерістерін революциясыз-ақ іске асыруға болатындығын атап

көрсетті. Эволюционизмнің маңыздылығы оның қоғам дамуының

объективті құбылыс екенін мойындағандығында еді. Тарихтың тоқгау-

сыздығы сияқгы қоғамның да өзгеріске ұшырауы уақыткд ғана байланы-

сты болады. Қоғамдағы әлеуметтік құрылымдар, институттар, нормалар,

құндылықтар қайта жаңғыратын болғандықган, соған орай жеке адам-

ның мүддесі, идеалдары, бағдарлары да дәйектілікпен өзгеріске түсетін

болады. Ал бұған кереғар жағдай қалыптасса, айталық, қажеттілікті

бәрінен жоғары қою, ойлаудың пәрменділігін арттыру, білімді тереңдету

адамды мақсатты түрде әлеуметтік ортаны өзгертуге бағыттайды.

Осы аталған бағыттың төңірегінде әлеуметтік эволюцияның кейбір

үрдістері анықталады. Қоғам қарапайым күйден күрделі күйге қозғалып

өтеді, яғни терең құрылымды, жіктелген қоғамға көшеді. Күрделі әлеу-

меттік құрылымдардың қалыптасуы жеке адамдардың талап-талғамдары-

ның, сенімдерінің артуының нәтижесі де болып табылады. Шығарма-

шылықпен айналысатын тұлға өзінің ауқымы мол ой-өрісінің негізінде

тарихты жасаушы басты адамға айналды. Ол өзінің ішкі жасампаздық

қуатына ерік беруді талап етеді және өзіне бостаңдық беретін қоғамға

ұмтылыс жасайды.

Даму процесі соншалықты күрделі болғандықтан эволюционизм

өзінің XIX ғасырдағы қол жеткен табыстарына қарамастан, тарих соқпа-

ғында сүріністерге ұшырады. Әлеуметтану ғылымы алға тартқан қөпте-

ген сауалдарға эволюционизм жауап бере алмайтын болды. Қоғамның

дәйектілікпен даму принципін басшылыққа алған дәстүрлі эволюционизм

шеңберінде қоғамның кері қозғалуын, дағдарыстары мен ыдырауын, бүтін

өркениеттің жойылуын түсіндіру мүмкін болмай қалды. Мұндай құбы-

лыстарды түсіндіру үшін зерттеушілер циклдік даму теориясын ойлап

шығарды (О. Шпенглер, А. Тойнби). Ендігі жерде қоғам эволюциясы түп-

түзу қозғалыс ретінде есептелуден қалды, ол тұйық күйдегі өрлеу мен

143

гүлденудің және құлдыраудың циклі ретінде, олардың басталып, аяқга-



луына байланысты қайталанып отыратын цикл есебінде қарастырылатын

болды.

Қоғамның түп-түзу дамуын жоққа шығаратын дамудың маятниктік

тұжырымдамасы пайда болды. Бұл тұжырымдама бойынша қоғам қай-

сыбір алғышарттардың ықпалымен өзінің тепе-теңдігінен айырылып,

тербелістік қозғалысқа көшеді, тербеліс бір нүктеден соңғы нүктеге дейін

қозғалады, кейде орта тұсында тоқтап та қалады немесе тұрақты қозға-

лысты қалпына келетін де болады.

Эволюционизмнің келесі бір осалдығы даму мөлшерін, белгілерін

анықтаудан байқалды. Осыған орай әлеуметтік прогрестің әмбебап

елшемдерін табуға тырысып бақгы. Ол өлшемдерді жоғарыда көрсеттік.

Олар қоғамды өзгерістерге түсіріп, дамуды қамтамасыз ететін негізгі

буындар болатын: білім, әлеуметтік жіктеліс, тұлға бостандығы, ынты-

мақтастық, техникалық прогресс, өндіргіш күштер. Алайда, аталмыш бу-

ындардың рөлін терең зерттеу барысында олардың тек қана жағымды рөл

атқаруымен шектеліп қалмай, келеңсіз прогреске соқтыратыны да анық-

талды. Білім адамдарды жаппай қырғынға ұшырататын қаруды жасау үшін

қолданылады, жіктеліс пен бақылаусыз қалған бостандық әлеуметтік эн-

тропияға соқтырады, ынтымақгастық адам инициативасы мен тәуелсіздігін

басып тастайды, ғылыми-техникалық революция экологияны күйзеліске

ұшыратты.

Эволюционизм қысқа мерзімдік процестер мен құбылыстарды түсін-

діруде дәрменсіздік таньпты. Пайда болған өзгерістер зерттеушілер үшін

адамдардың міңез-құлқын, институттар мен әлеуметтік ұйымдардың

қызметін түбегейлі өзгерткенін көрсете алғанда ғана құнды болады.

Мұндай «ұсақ» өзгерістер, айталық, үкімет дағдарысы, қылмыстың өршуі,

девианттық мінез-құлық, тағы басқалары эволюция теориясынан тыс

қалып қойды. Әлеуметтік дамуды зерттеу үшін аталмыш шектеулікті жой-

ып, өзгеше тұрғыдан қарап зерттеу талап етілді. Осыған орай әлеуметтік

өзгеру теориясы пайда болды. Оның мән-мағынасын Т. Парсонс өз тұжы-

рымдамаларында ашып берді.

Т. Парсонс әлеуметтік өзгеру мәселесін жүйелік тұрғыда талдау жа-

саумен байланыстырып қарастырды. Оның пікірінше, қоғам жүйе ретінде

тұрақгылықгы сақтауға, өзін-өзі жаңалауға қабілетті, бұл жағдай қоғам-

ның негізгі құрылымдық элементтерінің тұрақгылығынан анық көрініп

отырады.


Бақылау барысында қайсыбір іс-әрекеттің, оқиғаның нәтижесінде

жүйедегі тепе-тендікті сақгап тұрған күштердің, элементгердің арасалмағы

144

бұзылатын болса (кейбір топтардың ықпал жасауы артады, мемлекеттік



органдардың жаңа құрамы қалыптасады, т.б.), онда қоғам өзгеріске түседі.

Мұндай өзгерудің түрін Т. Парсонс «тепе-тендіктің» өзгеруі деп атаған.

Алайда, қоғамдық жүйе мен оның элементтерінің арқасында бұзылған

тепе-тендікті қоғам тез қалпына келтіріп отырады. Жүйе ішкі резервтердің

көмегімен өзгеріске бейімделетін болады және пайда болған жаңа түзілім-

дерді өзіне қосьш алады. Т. Парсонстың бұл тезисін бұрынғы КСРО-ның

50-60-жылдардағы реформа жасамақшы болған талпынысы дәлелдей

түседі. Әлеуметтік қажеттіліктердің өзгеруі, демократиялық көңіл күйдің

артуы сол тұстағы ел басшыларын осыларға сәйкес біртектес шараларды

жүзеге асыруға итермелеген еді. Алайда, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы

жоғары болды. Олай дейтініміз, әлеуметтік жүйе негізгі құрылымдық эле-

менттерді сақгап, жаңа бетбұрыстарды өзіне қосқанымен, ескі принцип-

тер негізінде міндетін атқаруды тоқтатпайды.

Т. Парсонстың пайымдауынша, әлеуметтік өзгерудің екінші түріне

құрылымдарды өзгерту» жатады екен. Жүйеге іштен және сырттан қысым

жасау аса қүшті болған шақта ж:үйе өзі айырылып қалған тепе-тендігін

қалпына келтіруге дәрменсіз болады. Қоғамның тұтастығын сақтау мақ-

сатында, оның бейімделу қабілетін арттыру үшін жүйенің маңызды құры-

лымдық элементтерін (әлеуметтік рөлдерді, институттарды, ұжымдарды)

ауыстыру жүзеге асады. Көптеген жүйешелер: экономикалық, саяси

құндылықгар жүйесі өздерінің түрлерін өзгертеді.

Т. Парсонс эволюциялық әмбебап ұғымын енгізіп, сол арқылы жаңа

күйдегі сапалы жүйе пайда болуын анықгайтын құрылымдарды белгілеген.

Әлеуметтік жүйеде ең алдымен төрт әмбебап қалыптасады: қатынастар

жүйесі, туыстық жүйе, дін және технология жүйелері. Бұлардан кейін

стратификация құрылымы, бюрократия, ақша мен нарық кешендері, демо-

кратия бірлестіктері пайда болады.

Т. Парсонс дәлелдеген құрылымдық қайта құру кезеңін немесе жаңа

эволюциялық әмбебап кезеңін ТМД елдері, соның ішінде Қазақстан да

өз басынан кешіріп отыр. Қоғамның тұтастығын сақгау, бүкіл жүйенің

сапасын өзгерту өте ұтымды элементтер мен құрылымдарды құра білуге

тікелей байланысты болып отыр. Бұл іске асқанда ғана қоғамның өзгер-

ген жаңа жағдайға тез бейімделу қабілеті артатын болады.

Демек, Т. Парсонстың тұжырымдамаларының практикалық мәні зор.

Ол қандай құбылыстар мен процестердің құрылымдық қайта құруларға

әкеліп соғатынын, олардың ең маңыздыларын анықгауға мүмкіндік береді.

Қоғамның даму заңдары, түптеп келгенде, қоғамның жаңа сатыға

көтерілуіне, ілгері дамуына ықпал етеді.

145


3. Қоғандық прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар.

Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет