Қазақстан республикасы



жүктеу 8.14 Mb.
бет12/26
Дата19.09.2017
өлшемі8.14 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

Қоғамның қызметі
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Лристо-

тель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихьшың барысын

түсіну мақсатында — қоғам деген не, жалпы прогресс деген не? деген

сұрауларға жауап іздеген еді. Олар бұл мәселеде өз заманының шек қоюла-

рына қарамастан данышпандық болжамдар айтқан. К. Маркс, Ф. Энгельс,

В. И. Ленин «қоғам» және «қоғамдық прогресс» категорияларьша ғылы-

ми тұрғыдан қарауға, олардың мазмұны мен объективтік өлшем белгілерін

анықтауға теориялық үлес қосты.

Қоғамдық-прогресс ұғымы латынның «прогрессус», яғни алға қарай

қозғалыс деген сөзін білдіреді. Қоғамдық прогресс дамзатқоғамының

даму бағыты. Ол адамзат өмірінің барлық жақтарын өзгертеді, соның

нәтижесінде адамзат дамуының төменгі сатыдан жоғары сатыға көтерілуі

жүзеге асады. 'Қоғамдық прогресті қалыптастыратын адамның, адамдар-

дың, азаматтың қажеттілігі, мұқтажы больш есептеледіоғам дамуына

ықпал еткен қажеттіліктерді екі топқа бөлген: 1) табиғи; 2) адамның әлеу-

меттік қажеттілігі.

Бірінші топқа, яғни табиғатқа адамның табиғи қажеті арқылы бай-

ланысқан қажеттіліктің бәрі жатады. Адам биологиялық тіршілік иесі

ретінде өмірін сақгау мен оны жалғастыру үшін өзінің табиғи қажетін

қанағаттандырады (оттекке, суға, азық-түлікке, киімге, баспанаға, т.б.).

Табиғаты оңды жерлерде адам осы қажеттіліктердің кейбіріне (мысалы,

отгекке) еңбек шығынын шығармайды. Басқа қажеттіктерді (суға, тамаққа,

киімге, баспанаға) қанағаттандыру еңбек шығынымен, өмірлік игіліктерді

өндірумен байланысты болады. Адамның табиғи қажеті шектеулі. Екінші

топқа, яғни адамның әлеуметтік қажетіне қалған барлық әлеуметтік және

рухани қажеттіліктер (қоғамға, қоғамдық іс-әрекетке, білімге, мәдениет-

ке, т.б.) жатады. Бұлар адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретінде өзін сақ-

тауы, дамуы үшін қажет. Бұл қажеттіліктердің бірде-біреуі қоғамнан тыс,

қоғамдық материалдық және рухани өндіріссіз қанағаттандырылмайды.

Адамның әлеуметтік қажетінің табиғи қажеттілігінен өзгешелігі сонда -

оның шегі болмайдьғ, өйткені қоғамдық және интеллектуалдық процесс

тоқтамайды, үнемі дамиды, ол да шексіз. Қоғамның дамуы, бір жағынан,

адам қажетін қанағаттандыру үшін жаңа құралдар шығарса, екінші жа-

ғынан, әлеуметтік қажеттілік адам сұранысының бірін қанағаттандырса

да, оңың орнына жаңа бір қажеттілік туады.

Жалпы әлеуметтанудың қоғамдық прогресс өлшемі өндіргіш күштер

мен өндіріс қатынастары болып табылады. Бірлескен іс-әрекет процесінде

146


адамдар өндірістік қатынасқа түседі. Оның негізіне өндіріс құралдарына

деген меншіктілік жатады. Өндіріс қатынастарының жүйесінің қалып-

тасуы негізгі өндіріс құралдарының кімнің меншігінде екендігіне байла-

нысты. Бұл адамның өндіріс жүйесіндегі (иемденуші, басқарушы,

өндіруші) және өнімді бөлудегі, айырбастау мен иемденудегі орнын анық-

тайды. Табыстың негізгі бөлігі өндіріс құралының иесіне тиеді, өндіруші

тек жалақы алады. Өндіріс құралдары білімі бар және еңбек дағдылары

қалыптасқан адамдармен бірігіп, қоғамның өндіргіш күштерін құрайды.

Еңбек құралдарын - алғашқы тас шапқыштардан қазіргі компьютерлік

техникаға дейін жетілдіру процесі қаншалықгы шапшаң жүрсе, адамдар-

дың еңбек дағдыларын жетілдіру де соншалықты қарқынмен дамуда.

Нәтижесінде еңбек өнімділігі артып, ол қоғам өмірінің барлық жақгары-

на, қоғамдық прогреске ықпалын тигізеді, Алайда, өндіргіш күштер мен

өндіріс қатынастарының арасында динамикалық қарама-қайшылық та,

өзара байланыс та бар. Бұлар - қоғамдық прогрестің қайнар көзі.

Қоғамдық прогресс бір қоғамдық-экономикалық формацияның екін-

ші, әлдеқайда жетілгеніне өтуімен де сипатталады. К. Маркс өзінің «Саяси

экономияға сын» деген еңбегінде осындай формациялардың архаикалық,

экономикалық, коммунистік түрлерін көрсеткен. Тұтас экономикалық

қоғамдық формацияға К. Маркс «.. .азиаттық, антикалық, феодалдық және

қазіргі буржуазиялык тәсіддерін» сыйдырған. Алайда, қоғамдық форма-

циялар бірінен екіншісіне автоматты түрде өтпейді. Ол адамдардың, топ-

тардың өз мүдделеріне жету жолындағы әлеуметтік және саяси күрестері

немесе реформаларға байланысты жүзеге асады.

Адамгершілік, моральдық нормаларды жетілдіру прогрестің өлшемі

болып саналады. Қоғамдық адамгершілікті дамыту - қоғам өмірін бар-

лық жағынан жетілдірудің ңегізі болып саналады! Қоғамдық прогресті

анықтайтын бұлардан басқа да өлшемдер бар.

Солармен қатар, қоғамдық өмірдің барлық құбылыстарының қайнар

көзі қарама-қайшылық екені де белгілі, оның негізгі екі типі бар: антаго-

нистік және антагонистік емес қарама-қайшылықтар. Марксизм-лени-

низм бойынша антагонистік қарама-қайшылық деп субъектілердің

түбегейлі, өмірлік мүдделерінің алшақтығын, мүдделердің соқтығысуын

айтады. Мұндай жағдайда өмір сүріп отырған әлеуметтік жүйені сақгап

қалу немесе оны жою мәселесі күн тәртібіне қойылады. Ал, антагонистік

емес қарама-қайшылықтарға субъекгілердің түпкі мүдделері бір болғаны-

мен, мәнсіз мүдделердің алшақтауын жатқызады. Жеке меншік тудырған

---------------------------------------------------



1. Маслов Н.К Политическая история СССР: предмет, содержание, задачи.

М.: Знание, 1991. С. 23.

147

антагонизмдер капитализмді қоғамдық құрылыс және дүниежүзілік сис-



тема ретінде де қамтыған. Марксшілдердің пікірі бойынша, капитализм-

нің: 1) еңбек пен капитал арасындағы; 2) империалистік елдер арасын-

дағы; 3) капи-талистік елдер мен дамушы елдер арасындағы қарама-қайшы-

лықгары маңызды болып табылады.

Қазіргі кезде де капиталистік қоғамның ішкі қайшылықтары сақгал-

ған. Соның бірі еңбек пен капитал арасындағы қайшылық. Еңбек пен

капитал арасындағы қарама-қайшылық қоғамдық құбылыс ретіндегі

капитализмнің қайшыдығы болып табылады, барша капиталистік елдер-

ге сай өндірістің қоғамдық сипаты мен оның нәтижесін жеке адамдардың

иемденуі арасындағы қарама-қайшылық осы қайшылықгың негізі болып

саналады. Оның әрекет етуі ұлттық-мемлекет ішінде болады. Сөйтіп, бур-

жуазиялық қоғам шеңберінде еңбекшілердің капиталға қарсы таптық

күресінің алғышарты қалыптасады. Капиталистік қоғамның негізгі қай-

шылықтарының бірі ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен

және соның шеңберінде ғаламат өскен өндіргіш күштер мен қоғамдық

қатынастардың арасындағы шиеленістен көрінеді. Бұл қайшылық әр түрлі

формада: құрылымдық және циклдық дағдарыстардан, жұмыссыздар са-

нының артуынан, т.б. байқалады.

Қазіргі капитализм елдерінің арасындағы қайшылықтардың екі түрі

орын алып отыр. Оның біріншісі — бәсекенің негізгі үш орталығы болып

отырған АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония арасындағы қайшылықтар,

екіншісі, «жалпы рынокқа» енген Батыс Еуропа елдерінің арасындағы

қайшылық. Олардың арасында өнім өндіруші рыноктары, капитал жұмсау

өрістері, шикізат көздері жолындағы, ғылыми-техникалық прогрестің

шешуші салаларындағы басымдық жолындағы бәсекелестіктегі күрес

белең алған. Кейін бұлардан басқа да капиталистік жаңа «күштердің ор-

талықгары» көріне бастауы мүмкін. Бұл жағдай қайшылықгар түйінінің

одан әрі көбеюіне, олардың өзара тығыз астасып, шиеленісуіне әкеліп

соғуы ықгимал. Бұл қайшылықгар капиталистік елдер арасындағы қай-

шылық болғанымен, мұның өзі сол елдердің экономикалық дамуына,

жалпы ішкі қайшылықтарын шешуде елеулі рөл атқарады. Қайшылық-

тардың жаңа түрі ұлтаралық корпорациялар мен қоғамдық саяси ұйым-

дардың формасы болып саналатын ұлттық мемлекет арасындағы қайшы-

лықгар. Ұлтаралық корпорациялар өздеріне пайдалы кезде мемлекеттік-

монополистік реттеуді білек сыбана пайдаланады. Ал егер үкімет тара-

пынан олардың пайдасына зәредей қатер төнсе, үкіметпен аяусыз жан-

жалға барады. Қазіргі капиталистік қоғамда басқа да бірнеше ішкі қай-

шылықгар сақталған.

148

Капиталистік елдер мен үшінші елдер арасындағы қайшылықтар капитализмнің дүниежүзілік жүйе ретіндегі ерекше қайшылықтары болып саналады. Бірақ олар капитализмнің барлық сатысында шешуші рөл атқармайтындықтан, бұл жүйенің негізгі қарама-қайшылығы бола алмайды. Олардьің рөлі де және салмағы да өзгеріп отырады. Мысалы, метрополиялар мен отар елдер арасындағы қайшылық, егер де бұл жүйе отарлық империялар түрінде сақгалса, дүниежүзілік капиталистік жүйенің өткір қайшылығы ретінде шегіне жеткенге дейін өмір сүреді. XX ғасырдың басына дейін



солай болды. Олардың күйреуімен, отарлық жүйенің ыдырауымен бұл қайшылықтар метрополиялар мен отарлар арасындағы қарама-қайшылық болудан қалды. Өйткені қазіргі кезде екеуі де бұрьшғы күйінде сақталмаған. Егер де бұрынғы метрополиялар мен бұрынғы отарлар арасындағы қайшылықгар сақгалған жағдайда, оңда олардың сипаты өзгереді: айталық, бұрьшғы метрополия Франция мен бұрынғы отар ретіндегі Вьетнам арасындағы антагонизм АҚШ пен Вьетнам арасындағы антагонизмге қарағанда әлдеқайда төмен. Басқаша айтқанда, аталған қайшылықтар капитализм дамуының жекелеген кезеңіне тән. Бұрынғы отар елдер мен өнеркәсібі дамыған капиталистік елдер арасында экономикалық өркендеу деңгейіне байланысты алшақгық барған сайын терендеп, азат елдердің

оларға қарызы 1,3 трлн долларға жетіп, қыспаққа түсіп отыр. Азат елдердің мұндай борышты қайтара алмайтыны да анықгалды. Сондықтан капиталистік елдер алдына осы қарыздарды тегін жою мәселесі қойылуда.

Қайшылықтардың тағы бір тобына — өркениеттің өмір сүруіне қатыс-

ты ғаламдық ауқымдағы қайшылықгар жатады. Бұлар да кез келген елдің

елеуметтік-экономикалық жағдайына қатты әсер етеді. Әңгіме айнала-

дағы ортаның, ауа бассейні мен мұхиттардың ластануы, табиғи ресурстар-

дың сарқылуы, азық-түлік тапшылығы, түрлі аурулардың көбеюі жайын-

да болып отыр. Бұл проблемаларды бір мемлекеттің немесе бір топ мем-

лекетгің күшімен шешуге болмайды. Мұнда жалпы дүниежүзілік көлемдегі

ынтымақтастық, көпшілік елдердің тығыз да сындарлы өзара іс-қимылы

керек.

Қоғамдағы әлеуметтік қарама-қайшылықтар көп болғандықтан олар-



ды топтастырып қарастырғанда мынандай топтарды атап айтуға болады:

түрлі таптардың, топтардың, жіктердің, қабаттардың, саяси партиялар-

дың, қозғалыстардың және т.б. арасындағы экономикалық, саяси, руха-

ни, өзге де мүдделеріндегі қарама-қайшылықгар; мемлекет пен азамат-

тық қоғам арасындағы әрекеттен, мүддеден туындаған қарама-қайшылық-

тар; индивид, тұлға және қоғам арасындағы әрекеттерден, мақсаттардан,

мүдделерден пайда болған қарама-қайшылықтар, Осылармен байланысты,

149


индивидуалдық, корпоративтік, аймақтық, мемлекеттік мүдделер қара-

ма-қайшылықтары келіп шығады. Аталмыш қарама-қайшылықтар кез

келген үлгідегі қоғамға тән. Әлеуметтанудың міндеті әлеуметтік қарама-

қайшылықтардың шығу себептерін, ерекшеліктерін түсіндіру болады.

ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан Республикасьшда да нарықгық

экономикаға көшуге байланысты әлеуметтік қарама-қайшылықгардың

бірнеше түрлері қальштасты, атап айтқанда, әлеуметтік-таптық қарама-

қайшылық, мемлекет мүддесі мен халық мүддесі арасындағы қайшылық,

мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы, т.б. қарама-қайшылықгар.

Қоғамның өмір сүру тәсілі ретінде белгілі бір қызметтерді анықгау

керек. Қоғам бірнеше қызметтерді атқарады. Оларсыз ешбір қоғамның,

жалпы адамзаттың өмір сүруі тіптен мүмкін емес. Қоғамдық қызмет

түрлерін атап айтар болсақ, олар: материалдық игіліктерді өндіру; дүние-

ге ңәресте әкелу және адамды әлеуметтендіру; рухани игіліктерді өндіру

және адамдардың белсенділігін зерітеу; еңбек өнімдерін бөлу; мінез-

құлық пен қызметті тәртіптеу мен басқару. Бұл қызмет түрлерін жүзеге

асыру үшін керекті институттар және қатынастар қалыптасады.

Қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіруі оның тұтылуы мен

мұқтажьшан туьшдаған. Егер адамзат өзі үшін азық-түлік, киім, үй және

басқа да материалдық игіліктерді жасап шығармаса, ол өмір сүре ал-

майды. Адам өзіне қажетті заттардың бәрін табиғаттан даяр күйінде ала

алмайды. Табиғаттың беретіндерін ол өндеп, тұтынуға жарамды етуге тиіс.

Оларды өндіруде адамдар өзара өндірістік қатынастармен байланыстарға

түседі.


Нәрестені дүниеге әкелу биологиялық процесс болуымен қатар, адам

күшін өндіру де больш табылады. Адам өндіруді әлеуметтік жағынан алып

қарасақ, индивидтің әлеуметтік субъектіге айналғанын айтуға болады.

Одан мемлекет пен азаматтық қоғамның арақатынасынан туындайтын

маңызды әлеуметтік құбылысты, яғни тоталитаризмді байқауға болады.

Мұндайда мемлекет бәріне қожалық етіп басқарады, азаматтық қоғам

өмірінің кейбір мәселелерін реттеп отыруға тырысады.

Қоғамның рухани өндіріс қызметі адамдардың мінез-құлқы мен

қызметін рухани тұрғыда реттеп тұратын құндылықгарды жасаудан көрі-

неді. Рухани құндылықтарға әр түрлі заттық формалар тән дегенімізбен,

олардың мазмұндық ерекшеліктері рухани мәдениетті құрайтын - өнер,

дін, философия, адамгершілік нормалары түрінде де байқалады. Адам-

дардың мінез-құлқы мен қызметінде құндылықгар жүйесі үлкен рөл ат-

қарады. Субъект қоршаған ортаны сол қалпында қалыптасқан құнды-

лықгар жүйесі негізінде қабылдайды. Құндылықтар жүйесі адамдардың

мінез-құлқын және қызметін реттеуде ерекше рөл атқарады.

150

Рухани құндылықтардың көмегімен реттеп отыру күштеу, зорлау-



мен емес, дәлелдеуге негізделген. Рухани құндылықтарды өндіру, со-

нымен қатар, адамның дамуына, оның рухани қажетін қанағаттанды-

руға да бағытталған. Олар демалыс, көңіл көтеру құралдары болып та

қызмет етеді.

Қоғамның келесі бір маңызды қызметі ретінде бірқатар материалдық

құндылықгарды, адам ресурстарын (қызмет айырбасы) және рухани құн-

дылықгарды айырбастау қызметін атаған едік. Бұл функцияның іске асу

жолы - тауар мен тұтыну құны негізінде іске асатьш экономикалық ай-

ырбаста жатыр. Айырбас пен тұтыну қажеттілігінің пайда болуы қоғам-

ның қалыптасуымен және еңбек бөлінісінің шығуымен байланысты. Бұлар



03 кезегінде әлеуметгік функциялардың одан әрі терендеп, жіктелуіне қол

жеткізеді. Айырбас пен бөлудің арнайы құралы - қаражат механизмі жа-

салды. Айырбас пен бөлу әр адамның мүддесіне тікелей қатысты, ол өзінің

тұтыну деңгейін көтеруге тырысады. Сондықган еңбек үшін төленетін ақы

өндірілген өнімнің саны мен сапасына, еңбек шығынына, әлеуметтік ста-

тусқа, т.б. байланысты болады. Осыған орай қоғам әлеуметтік әділеттілік

принципін басшылыққа алуы тиіс. Демек, қоғамның реттеушілігі де осы

мәселеде сақталады.

Мінез-құлықты, қызметті және елді билеу тәртібі қызметін айтқанда,

тәртіптің өзі - мінез-құлық пен қызметте орныққан ережелер мен нор-

малардың жүзеге асырылуына еркіндік бермей, күш көрсету қаупі бола-

тындығы. Тәртіптеу процесі саяси және құқықтық қатынастарда жүзеге

асады. Тәртіптеу функция ретінде әлеуметтік өмірдің барлық саласында

орнаған. Сондықтан саяси және құқықтық қатынастар және олардың

субъектілері ел шеңберіндегі бүкіл функционалдық құрылымдарды бірік-

тіруші рөлін атқарады. Адамдардың мінез-құлқы мен қызметін тәртіптеу

қайдан шықты? Оған екі негізгі жағдай себеп болды. Оның біріншісіне

жекелеген индивидтердің кездейсоқ немесе саналы түрде әлеуметтік,

функционалдық өзара әрекетті бұзуы, басқа адамдардың өмір жағдайына

әр түрлі тәсілдер арқылы теріс ықпал етуі жатады. Екінші себепке әр түрлі

топтағы адамдардың өздерінің әлеуметтік мүдделері үшін күресуі саяды.

Топтық мүдделер үшін болған орынсыз күрес дағдарыстық күйге әкеліп

соқтырады, өндіру мен тұтынуды бұзады. Кез келген қоғамда әлеуметтік

мүдделер өте көптүрлі болады, сондықтан олардың арасынан әлеуметтік

құрылысты сақтап қалу немесе өзгерту үшін қақтығыстар мен күрестер

туындайды. Қоғамның тұрақтылығын сақтауда саяси қатынастар мен

саяси жүйе шешуші рөл атқарады. Олар билік пен заңның көмегімен

адамдардың мінез-құлқын тәртіпке келтіріп, реттеп отырады. Ол үшін

қоғамның әлеуметтік құрылымын білу аса маңызды мәселе.

151


ЖЕТІНШІ ТАҚЫРЫП

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК

ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЩІЯСЫ

Әлеуметтік стратификация - әлеуметтанудың орталық тақырыбы.

Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық қү-

рылымды біз мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі

арқылы, және т.б. арқылы құрылатынын көрсетуге талпындык. Қарапайым

қоғамда мәртебелер саны аз және еңбек бөлінісі деңгейі төмен болады,

ал қазіргі замандағы қоғамда мәртебелер көптеп саналады және еңбек

бөлінісін ұйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары.

Әлеуметтік құрам әлеуметтік стратификацияға айналады вертикаль-

ды тәртіппен орналасқан әлеуметтік жіктердің жиынтығы, дәлірек айт-

қанда кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы.

Адамдар әрдайым қозғалыста болып, өздерінің мәртебесін өзгертіп

отырады. Қаржы буржуазиясы жер аристократиясының орнына келіп,

оны алмастырды, қазіргі өндірісте біліктілігі шамалы мамандықгарды «ақ

жағалылар» деп аталатындардың өкілдері — инженерлер, програм-

мистер, роботталған кешендердің операторлары ығыстырып шығарды.

Соғыстар мен революциялар қоғамның әлеуметтік құрылымын қайта

жасап, пирамиданың шыңына кейбіреулерді көтерсе, басқаларын тө-

мендетті. Олар қазір де жүріп жатыр, партиялық элитаны бизнес-элита

келіп алмастырды.

Өрлеу мен құлдыраудың арасында белгілі бір асимметрия бар: бәрінің

де көтерілгісі келеді және ешкімнің әлеуметтік сатыда төмендегісі

келмейді.

1. Әлеуметтік құрылым және стратификация ұғымдары,

олардың негізгі элементтері мен формалары
Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық

қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті

түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байла-

ныстар мен қатынастардан құралады. Сонымен бірге, олар тек осы 5ай-

ланыстар мен қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін

көрсете алады. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік

организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мұның мәнін өздерінің

теорияларында О. Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және

152

т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді. Қоғамның әлеуметтік құрылы-



мы - адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының ара-

сындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмір жағдайла-

рының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының даму негізіне: 1) қоғамның еңбек

бөлінісі; 2) өндіріс құрал-жабдықтарына және оның өніміне меншік қа-

тынастары жатады. Қоғамдық еңбек бөлінісі әлеуметтік топтардың, тап-

тардың, кәсіби топтардың, сонымен бірге қала мен ауыл адамдарынан, ой

еңбегі мен дене еңбегі өкілдерінен тұратын үлкен топтардың пайда

болып, одан әрі өмір сүрулеріне себепші болды.

Өндіріс құрал-жабдықтарына деген жеке меншіктік қатынастар қоғам-

ның осы ішкі бөліністеріндегі оның экономокасын және ішінара қалып-

таса бастаған құрылымды нығайтады. Қоғамдық еңбек бөлінісі де, меншік

қатынастары да қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының объективті

әлеуметтік-экономикалық алғышарттары болып табылады.

Қоғам өмірінде әр түрлі қызмет түрлерінің пайда болуына, материал-

дық өндірістің және рухани мәдениеттің дамуларына еңбек бөлінісінің

белгілі дәрежеде елеулі ықпал ететінін кезінде Опост Конт, Эмиль Дюр-

кгейм, Питрим Сорокин және т.б. дәлелдеген болатын. Тарихи процестегі

қоғамдық еңбек бөлінісінің рөлі жөніндегі кең ауқымды ілім, сонымен

бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының дамуы жөніндегі тұжырымда-

ма ретінде марксизмнің әлеуметтік-экономикалық теорияларында да орын

алған еді. Марксизм теориясы жеке меншіктің осы процестегі рөлін де

ашып берді.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтеріне:

— қоғамдық еңбек бөлінісі, өндіріс құралдарына деген жеке меншіктік

қатынастар және қоғамдық өнімді бөлуде соған ортақтасатын әр түрлі

таптар жатады. Оларды осылайша түсіңдірудің қажеттілігін әр түрлі ба-

ғыттың әлеуметтанушылары мойындап отыр:

— қала мен ауыл адамдары;

- ой және дене еңбегінің өкілдері;

- сословие;

- әлеуметтік-демографиялық топтар (жастар, әйелдер мен еркектер,

ағаұрпақ);

- ұлттық қауымдастықгар (ұлттар, ұлыстар, этникалық топтар).

Жоғарыда аталған әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықгар

құрамдары бойынша біртектес болғанымен, олар осы әрекет барысында

жеке жіктер мен топтарға бөлінеді, бұлар әлеуметтіқ құрылымның өз ал-

дына әрекет ететін элементтері болып саналады, өйткені басқа субъек-

тілермен өзара қарым-қатынас орнату негізіңде әлеуметтік жіктер мен

153

топтар өздеріне тән мүдделерді жүзеге асырады. Сондықтан кез келген



қоғамның әлеуметтік құрылымы аса күрделі және тек әлеуметтанушы-

лардың көңіл аударатын тақырыбы ғана емес, оғаң әлеуметтік басқару

ғылымының өкілдері, сонымен бірге саясаткерлер мен мемлекеттік қай-

раткерлер де назар аударатын мәселе. Қоғамның әлеуметтік құрылымын

анықтап алмайынша, оның ішінде қандай әлеуметтік топтардың өмір

сүретіндігін және олардың мүдделерінің қандай екендігін, яғни олардың

қай бағьггта әрекет ететіндігін нақгы білмейінше, қоғамдық істерді бас-

қаруда, соның ішінде экономика, әлеуметтік, саясат және рухани өмір

салаларында бір қадам да алға басуға болмайтынын ұғынудың маңызы

өте зор. Қоғамның әлеуметтік құрылымына қатысты мәселенің маңыз-

дылығы, міне, осында. Оны шешуді әлеуметтік диалектиканы, тарихи және

қазіргі қоғамның даму тәжірибесінің деректерін терең түсіну негізінде

іске асыру қажет.

Қоғамда өмір сүріп отырған әлеуметтік топтар мен адамдар қауымдас-

тықгарының өзара байланысы статикалық емес, керісінше, динамикалық

болып саналады, ол адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мен

мүдделерін іске асыру мақсатында туындайтын әрекеттерінен көрінеді. Бұл

өзара әрекеттер екі негізгі факторлармен: біріншіден, қоғамның әрбір

субъектісінің белгілі бір талабын қанағаттандыруға негізделген қызметтің

түрімен; екіншіден, әлеуметтік субъектілердің өз қажеттіліктері мен мүд-

делерін қанағаттандыру мақсатында пайдаланатын қоғамдық қатынастар-

мен сипатталады.

Бұл жерде қоғамдық қатынастардың әлеуметтік құрылымның өмір-

шеңдігі қанша уақытқа жалғасатындығы әңгіме арқауы болып отыр және

бұл қатынастардың түрлері де өте көп. Кең мағынада алатын болсақ,

барлық қоғамдық қатынастарды әлеуметтік, яғни қоғамдық деп ажыра-

тамыз. Тар мағынада қарастырсақ, әлеуметтік қатынастар жүзеге

асырып отырған экономикалық, саяси және т.б. қатынастармен бірге

ерекшелікті қатынастар да маңызды орын алады. Әлеуметтік ерекшелікті

қатынастар субъектілер арасында қалыптасады, сонымен бірге адамдар-

дың қажеттіліктеріне сәйкес еңбек жағдайына, материалдық игіліктерге,

тұрмыс пен демалуды жақсартуға, білім алуға және рухани-мәдени бай-

лықгарды игеру барысында еркіндікке жетуге, сонымен қатар медицина-

лық қызмет көрсетуге онды ықпал етіп, оны дамытады және әлеуметтік

қамсыздандыруға байланысты жоғарыда аталған әлеуметтік топтар ара-

сында да осы әлеуметтік ерекшелікті қатынастар орнайды. Бұл жерде адам-

дардың өміршең әлеуметтік саласы деп аталатын саладағы қажеттіліктерді

қанағаттандыру — ұдайы өндіруге деген қажеттіліктер және олардың

өмірлік күштерінің дамуы, олардың әлеуметтік өзін-өзі көрсетуі,

154


қоғамда олардың өмір сүруі мен дамуының негізгі жағдайларын қамта-

масыз ету.

Осы талаптар тұрғысында сол жерде пайда болатын адамдар арасын-

дағы әлеуметтік қатынастарды одан әрі жетілдіру - қоғам өмірінің

әлеуметтік саласының тоқгаусыз алға басуының аса маңызды алғышар-

ты болып саналады.

Әлеуметтік құрылымда адамның алатын орнын әлеуметтік теңсіздік

те анықгайды.

Айырбас теориясының тұжырымдамасы бойынша адамның атқарған

қызметінің нәтижесін әділ бөлмеу процесінен барып теңсіздік пайда бо-

лады. Әлеуметтанудың бірқатар классиктері стратификация пробле-

масын кең көлемде қарастырады. Мысалы, М. Вебер экономикалық белгі-

лермен қатар бұл орайда (адамның жеке меншікке қатынасы және табыс

деңгейі) әлеуметтік мәртебе (адам туған кезден бастап қалыптасқан не-

месе өзі қолдан жасаған статус) мен белгілі бір саяси топтың (партия-

ның) мүшесі болуы белгілерін қолдануды ұсынады. П. Сорокин адамды

қандай тапқа (жікке) жатқызуды анықгайтын бірыңғай өлшемдер жиын-

тығын ұсыну мүмкін емес дей келіп, қоғамда үш: саяси, кәсіптік әрі эко-

номикалық стратификациялық құрылымдардың бар екенін анықтады.

Т. Парсонс та адамдарды жіктерге бөлетін белгілердің үш тобын атап

көрсетті, оның бірінші тобын адамдар дүниеге келген кезде пайда бола-

тын сипаттар (этникалық тегі, жыныс-жас ерекшеліктері, туыстық бай-

ланыстары, т.б.) қалыптастырады; екінші белгілерге - адам түйсініп,

қабылдайтын, сол арқылы меңгерген әлеуметтік статусы мен соған орай

адамның атқаратын рөлі де енеді (әр түрлі кәсіби-еңбек қызметі); үшінші

топты «меңгеру» элементтері (жеке меншік, материалдық және рухани

құндылықгар, жеңілдіктер, біреудің екінші бір адамнан қүқықгық артық-

шылығы, адамдарды басқару мүмкіндігі және т.б.) қүрайды .

Бүл мәселеге баға берер болсақ, оның көп өлшемділікпен ерекше-

ленетініне қарамастан, ол жөнінде қалыптасқан ортақ үстанымдарды бір-

бірінен бөліп қарастыруға да болады. Әлеуметтік стратификация адам-

дар арасьшдағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік, бүл олардың иерар-

хиялық сипаттағы әлеуметтік өмірінен байқалады, аталмыш теңсіздікке

әр түрлі институттық механизмдер қолдау көрсетеді және оны реттейді,

бүған қоса ол әрдайым үдайы жаңаланып, дамиды және модификацияла-

нады, бүлар кез келген қоғамның өмірін реттейтін жағдай ретінде сипат-

талады және оның дамуының қайнар көзі болып табылады.

Осы анықгаманың дүрыс екендігіне кез келген қоғамның тіршілік ету

түрғысындағы күнделікті әрекетіне жасалған талдау көз жеткізеді жоне

адамзаттың ықылым заманнан бергі басынан кешірген стратификация-

155

сының тарихи тұрғыда қалыптасқан түрлері (құлдық, каста, сословие,



таптар) оны нақгы дәлелдейді.

(«Теңсіздік» және «әділетсіздік» ұғымдарын бір-бірінен ажырата білу



қажет; Теңсіздікке ең алдымен әлеуметтің тікелей өзі себепші болған және

ол қажетті құбылыс; екіншісі - әділетсіздік болса, бұл эгоистік мүдде-

лердің көрінісі. Әділетсіздік - тұрақсыздық арқылы сипатталады. Ол

қоғам үшін де, қабаттарға енген нақты адамдар мен топтар үшін де зиян-

ды, өйткені әлеуметтік қатынастарды қалыптасқан нормалардың шегінен

асырып жібереді соның нәтижесінде бүкіл қоғам дүрлігеді. Сондықган

кез-келген әділетсіздікке қарсы күрестің өріс алып, күштің қолданыла-

тыны табиғи нәрсе. Эгалитаризмге келсек, бұл иерархияның антипо-

ды, түптеп келгенде, бүл - миф, себебі табиғатта адамдардың толық,

абсолютті тендігі болған емес және болмайды да. Соған қарамастан эко-

номикалық дағдарыстарды, әлеуметтік тұрақсыздықтардың әрқилы кезең-

дерін және әсіресе билік үшін күресте тендік, әділдік, жеңілдік секілді

елді алдауратар мәселелерді бетперде ретінде саяси күштер белсенді пайда-

лана біледі, сөйтіп, өздерінің мақсаты үшін халықты қанайды. Бұл

әрдайым осылай болған, бола да бермек.

Қоғамның әлеуметтік тұрғыда жіктелуін қарастырған кезде ең алды-

мен бірдей әлеуметтік белгісіне қарап, адамдардың топтары мен қауым-

дастықтарының бөлінуін жүзеге асыратын бір өлшемді стратификация-

ны және көптеген ортақ белгілері бар адамдардың тұрақты топтарын,

қауымдастьпстарын бөле-жаруға мүмкіндік беретін көп өлшемді страти-

фикацияны бір-бірінен ажырата білу керек. Әлеуметтануда осы екі тәсіл

де қолданылады, соның нәтижесінде маңыздылығы әрқилы аса мол жік-

тердің арасынан әлдебір тұрақгы әлеуметтік топтар дараланып, анық көзге

түсе бастайды, сол әлеуметтік топтарға жататындар бүкіл стратификация

жүйесінде ерекше рөл атқарады.

Жалпы адамзаттың стратификация қартасып жасауда бірөлшемді

және көпөлшемді стратификация тәсілдерін үйлесімді пайдаланудың

үлгісін П. Сорокин көрсетіп берді. Ол социомәдениет дүниесінде үйым-

дасқан түрде өзара әрекет ететін диад пен триадтан басталып, империя-

лар мен миллиондаған мүшелері бар бүкіл дүниежүзілік діни бірлестіктер-

мен аяқталатын миллиондаған әр түрлі ұйымдасқан топтардың немесе

әлеуметтік жүйелердің өмір сүретіндігін атап көрсетті. Әлеуметтік жүйе-

лердің осы саналуан түрлерінің көпшілігін классификацияның мақсат-

тарына орай әр түрлі топтастарға бөлуге, топтастыруға болады. Әлеумет-

танушыларды ең алдымен уақьгг пен кеңістікте алмасып және құжынап

жатқан индивидтер, тарихи дамудың барысына ерекше ықпал жасайтын

аса майызды басқа да әлеуметтік топтар қызықгырады.

156


П. Сорокиннің көзқарасына сүйенсек, мұндай әлеуметтік топтарға

мыналарды жатқызуға болады:

I. Сыңаржақты маңызды (бір қатардағы негізгі құндылықгардың ма-

ңында құрылған және топтасқан) топтар:

а) биоәлеуметтік: 1 нәсілдік, 2 жыныстық, 3 — жас мөлшеріне

орай;

б) социомәдени: 4 - ру, 5 - аумақгық-көршілестік, 6 - тілдік, этни-

калық және ұлттық топтар, 7 мемлекет, 8 кәсіби, 9 — экономикалық,

10 - діни, 11- саяси, 12 - идеологиялық топтар (ғылыми, фрлософия-

лық, этникалық, білімділік, эстетикалық, демалу және сауық-сайран топ-

тары), 13 - элитаның нормалды топтары (кесемдер, данышпандар және

тарихи тұлғалар).



ІІ.Көпжақгы маңызды топтар (екі немесе одан да кеп құндылықгар

қатарларының комбинация теңірегіне біріккендер): 1 отбасы, 2- клан,

3 - тайпа, 4 - ұлт, 5 - әлеуметтіқ жүріс-тұрыс немесе сословие (орта

ғасырлық ақсүйектер қатарына жататындар; дін басылары; буржуазия,

жұмысшылар мен шаруалар), 6 — әлеуметтік тап.

2. Сорокиннің бұл схемасы әлеуметтануда дау тудырмайды және

дүниежүзінің стратификация картасының теориялық моделі болып қыз-

мет атқара алады.

Әлеуметтік стратификация нақты бір елдің шеңберін, қоғамның

әлеуметтік елшемін және нақгы уақьгг шеңберін қарастырғанда кебірек

байқалады.

Еңбек белінісінің қалыптасуына және әлеуметтік-экономикалық

қатынастардың даму деңгейлеріне байланысты әлеуметтік құрылымдар-

дың тарихи типтері қалыптасты.

Стратификацияның тарихи типтері - құлдық дәуірі, касталар, сосло-

вие жабық қоғамды сипаттайды, ал таптар болса, ашық қоғамды айқын-

дайды. Жабық қоғамда теменгі сатыдан жоғарғы сатыға әлеуметтік

түрғыда кетерілуге толық тыйым салынған немесе оған қатаң шектеу

қойылған. Ашық қоғамда бір сатыдан екіншісіне етуге ресми түрде еш--

қандай шек қойылмаған.

Страта - стратификацияның төрт шкаласы бойьшша бір-біріне ұқсас

объективтік көрсеткіштері бар адамдардың әлеуметтік қабаты (жігі).

Стратификация түсінігі латынның stratum қабат, жік, facio жасай-

мын, істеймін деген ұғымдарын білдіреді. Стратификация ұғымы әлеу-

меттануға геологиядан ауысқан. Геологияда страта түсінігі - тігінен әр

түрлі топырақ жыныстарының орналасу қабатын білдіреді. Страта табы-

сы, білімі, билігі және бет-беделі, мөртебесі бірдей адамдарды бір ортаға,

өз төңірегіне біріктіреді.

157

Құлдық — теңсіздігі мүлде шектелген адамдарды құлдыққа салудың



экономикалық, әлеуметтік және занды түрі. Құлдық — тарихи эволюция

сатысынан өткен көрініс. Оның екі түрін ажыратып көрсетеді: 1) пат-

риархалдық құлдық. Бүл құлдықтың ең қарапайым түрі. Құл отбасы-

ның ең кіші мүшесінің бүкіл құқығын пайдаланады: қожайынмен бір

үйде тұрады, қоғамдық өмірге қатысады, еріктілермен некеге отырады,

қожайынның мүлік-дүниесіне мүрагер бола алады. Құлды өлтіруге тый-

ым салынды; 2) ал классикалық құлдықга құлды толық басыбайлылыққа

салды: ол жеке тұрды, ештеңеге қатыстырылмады, ештеңеге мүрагер бола

алмады, некеге отырмады, отбасы болмады. Оны өлтіруге рұқсат етілді.

Құлдың жеке меншігі болмады, бірақ ол қожайынның жеке меншігі деп

саналды.

Құлдық кемелденген сатыға жеткенде құл иеленушілік қалыптасты.

Құлдықгы стратификацияның тарихи бір типі ретінде қарастырған кезде

оның жоғарғы сатысын тілге тиек етіп, алға тартады. Құл иеленушілік

құлдардың ең төменгі сатыда тұрған, кез келген құқық пен еріктіліктен

айырылған, бір адамның екінші біреудің меншігі болған кезенді сипат-

тайтын әлеуметтік қатынастардың бірден-бір тарихи түрі. Қоғамдық

касталарда, сословиеде, таптарда мұндай жағдай болған емес.

Құл иеленушілік қоғамның әлеуметтік құрылымын құлдар мен құл

иеленуші таптардың, сонымен қатар қолөнершілер, саудагерлер, жер

иелері, еркін шаруалар, ой еңбегінің өкілдері — ғалымдар, философтар,

ақындар, абыздар, мұғалімдер, дәрігерлер және т.б. құрағаны белгілі.

Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі, Шығыстың бірнеше елдеріндегі ғылы-

ми ой мен рухани мәдениеттің дамуының жарқын жақтарып еске түсірсек,

онда бұл елдердегі халықтардың дамуында интеллигенцияның қаншалық-

ты маңызды рөл атқарғанына көз жеткіземіз. Мұны антикалық дүниенің

саяси дамуының жоғары деңгейі және Римнің әйгілі жеке ұстанған құқығы

нығайта түсті.

Сонымен қатар, құлдық шаруашылықта әр түрлі мамандықгар мен

қызмет түрлерінің болғаны белгілі. Ол: басқарушылар, қазынашылар,

бау-бақша өсірушілер, аспазшылар, наубайшылар, кондитердер, салта-

натты шерулерге арналған және жәй аспаптар, киімдер сақталатын қой-

маларды меңгерушілер, бекзадалар ұйықтайтын бөлмелердің күтушілері,

шаштараздар, жүк тасушылар, монша жағушылар, массажистер, шұға

өндірушілер, бояушылар, тоқымашылар, тігіншілер, етікшілер, балташы-

лар, ұсталар, музыканттар, мәнерлеп мәтін оқушылар, әншілер, кеңсе

хатшылары, дәрігерлер, құрылысшылар, балгерлер, суретшілер, ерекше

мамандығы жоқ баскд да көптеген қызметшілер. Бұл құлдық қоғамға тән

жағдай ежелгі құлдық қоғамдағы еңбек бөлінісі мен оның маманданды­

158


рылуының деңгейі жөнінде, олардың кәсіби және әлеумеггік құрылым-

дары хақында жан-жақты әрі нақты мәліметтер береді.

Касталық құрылыс құл иеленушілік құрылысқа қарағанда бертінде

ғана пайда болды және де ол бүкіл әлемге тараған жоқ. Егер де құлдықты

әлемнің бүкіл елдері басынан өткізсе (әрине, әр түрлі деңгейде), ал кас-

талық тек Үндістан мен Африканың кейбір елдерінде ғана кездесті.

Үндістан касталық қоғамның классикалық үлгісі бола білді. Ол құл

иеленушіліктің жойылған кезінде жаңа заманның бірінші ғасырында пайда

болды.

Каста деп адамның туғанынан бастап, кейін өзі мүшесі болатын

әлдебір әлеуметтік топты (қабатты) айтады. Адам өз тіршілігінде бір

кастадан екіншісіне өте алмаған. Ол үшін тағы да бір рет дүниеге қай-

та келуі керек еді. Касталық жағдайды үнділіктердің діні бекітті. Оның

қағидаларына сүйенсек, адамдар бір өмір емес, бірнеше өмір кешетін

көрінеді. Әрбір адам өткен өміріндегі өзінің тұрмыс-тіршілігі, тәртібі

қандай болса, соған байланысты дәл соған сай кастаға енеді. Егер де оның

жүріс-тұрыс тәртібі жаман болса, екінші рет дүниеге келгенінде адам

төменгі кастаға өтуі тиіс және бәрі кейде керісінше болады. Үндістанда

төрт негізгі касталар бар: брахмандар (діни адамдар), кшатрилер (жауын-

герлер), вайшилер (көпестер), шудралар (жұмысшылар, шаруалар) және

шамамен алғанда 5 мыңдай негізгі емес касталар бар. Индустриялан-

дыру барысында касталар енді таптармен ауыстырылды. Үндістанның

қалаларында таптар басым болса, деревняларында касталық сипат

сақталған.

Феодалдық қоғамның әлеуметтік қүрылымы капитализмге дейінгі

дәуірдегі Еуропа елдерінің дамуынан жақсы көрінеді. Ол негізгі таптар-

дың - феодалдар мен басыбайлы шаруалардың өзара байланысынан, со-

нымен қатар сословиелер мен интеллигенцияның әр түрлі топтарынан

құралды. Аталмыш таптар қай жерде пайда болмасын қоғамдық еңбек

бөлінісінде және әлеуметтік-экономикалық қатынастарда алатын орын-

дарына қарай өзара ерекшеленді. Сонымен, топтардың, таптардың анық-

тамалары белгілі болды. Ал сословие дегеніміз — бұл да әлеуметтік топ-

тар, олардың қоғамдағы орны әлеуметтік-экономикалық қатынастар

жүйесіндегі жағдайларымен қатар, қалыптасқан дәстүрлерімен және

құқықтық актілермен де анықталады. Осылар арқылы мұндай ақсүйек

феодалдар және дін басылары сияқгы сословиелердің құқықгары, мін-

деттері және жеңілдіктері анықгалды. Феодалдық қоғамның сословие-

лерге бөлінуінің классикалық үлгісін қалыптастырып, дүниеге әкелген

Францияда билік етуші аталған екі тап сословиелермен қатар жеңілдікті

пайдалана алмайтын үшінші сословие өмір сүрді, бұған шаруалар,

159

қолөнершілер, көпестер, аяғынан тік басып, енді ғана қалыптасу үстіндегі



буржуазия мен пролетариаттың өкілдері енеді. Мұндай сословиелер

әлемнің басқа елдерінде де болды.

Ресейдегі дворяндар, дін басылар, шаруалар, көпестер, мещандар

сословиблерін атап өткен жөн. Бұлардың арасында дворяндар жетекші

орын алды. Бастапқыда дворяндар (ХІІ-ХІІІ ғғ.) орыс княздарьша әске-

ри қызмет көрсететін феодалдық әскери-қызметтік сословиенің бір бөлігі

ретінде қалыптасса, XIV ғасырда олар сарай адамдары (дворяндар) ретінде

өз қызметтері үшін жеке иелік жерлер ала бастады. Ал XVII ғасырда

дворяндар Ресей феодалдарының бұқарасының негізін құрағандық-

тан олардың мүдделері үшін басыбайлық құқығын енгізген болатын.

1861 жылғы реформадан кейін дворяндардың ұстанымдары қатты әлсіреді,

бірақ олар патша өкіметінің басты тірегі болып қала берді. Дворяндық

және оның жерге иелік ету құқықтары 1917 жылғы Қазан төңкерісі

барысында жойылды.

Дін басылар, шаруалар мен көпестер сословиелерінің мәні түсінікті.

Ал мещан сословиесі 1775 жылы патша жарғысымен пайда болған еді.

Оны бұрынғы қала сыртындағы сауда-қолөнер өнеркәсібі орындарының

адамдары қолөнершілер, ұсақ саудагерлер және жеке меншік иелері

құрады. Аталмыш жарғы сауда мен өнеркәсіптегі халықгы көпестер мен

мещандар сословиесі деп екіге бөлді. Мещандар өзін-өзі басқару құқығын

алып, іргелес орналасқан мекен-жайларына орай қауымдастықтарға

бірікті.


Феодалдық қоғам дамуының соңғы кезендерінде буржуазия мен про-

летариат пайда больш, қалыптасты. Бұлар жаңа қоғамның әлеуметтік

құрылымын, таптық қатынастарды өзгертті.

Тап ұғымы екі мағынада кең және тар мағынада түсіндіріледі. Өнді-

ріс құралдарын қол астына, меншігіне алған, қоғамдық еңбек бөлінісі

жүйесінде белгілі бір орынға ие болған және табысқа иелік етудің ерекше

тәсілдері арқылы сипатталатын адамдардың үлкен әлеуметтік тобы кең

мағынадағы тап деп аталады. Жеке меншіктің пайда болуымен байла-

нысты бір-біріне қарама-қарсы тұрған таптар пайда болды, құлдық қоғамда

құлдар мен құл иеленушілер, феодалдық қоғамда - басыбайлы шаруалар

мен феодалдар (помещиктер), капиталистік қоғамда - жұмысшы табы мен

буржуазия қалыптасты. Бұл қоғамдарда антагонистік таптар: қанаушы

және қаналушы таптар болды. Бұл көзқарасты К. Маркс қағида етіп

ұстанды, оны бүгінгі таңдағы көптеген шет елдік әлеуметтанушылар да

қолдайды.

* МарксК., Энгелъс Ф. Сочинения. 2-е изд. М.: Политиздат, 1955. Т. 4. С. 425.

160


Қазіргі қоғамдағы бірінен-бірі өзінің табысы, білім деңгейі, билік мөл-

шері және престижі (дәрежесі) арқылы ерекшеленетін кез келген әлеу-

меттік қабатты (жікті) тар мағынада тап деп атайды. Бұл көзқарас әсіресе

бірқатар шет елдік әлеуметгану ғылымында кең етек алған. Қазіргі қоғамда

жоғарыда баяндалған өлшемдер мен белгілерге байланысты қарама-қарсы

тұрған бар болғаны екі ғана қабат (жік) бар деуге болмайды, керісінше

бірінің орнын екіншісі басатын бірнеше қабаттар бар, оларды таптар дейді.

Тар мағынаға сәйкес қарастырсақ, құл иеленушілік, феодалдық қоғам-

дарда таптар болған емес. Таптар тек капиталистік қоғамда, яғни жабық

қоғамнан ашық қоғамға өту кезінде пайда болды. Қазіргі қоғамда өндіріс

құралдарына деген жеке меншіктілік аса зор рөл атқарғанымен, оның

маңыздылығы бірте-бірте төмендеп келеді. Индивидуалдық және отба-

сылық капитализм дәуірі келмеске кетіп барады. XX ғасырда ұжымдық

капитал үстемдік етті. Бір кәсіпорынның акциясын жүздеген, мыңдаған

адам иеленеді. АҚШ-та 50 млн. аса акционерлер бар. Жеке меншіктілік

сондай қаптаған акционерлер арасында бөліске түскенімен, түйінді әрі

маңызды шешімді қабылдау мүмкіндігіне акциялардың бақылау пакет-

терін ұстағандар ғана ие бола алады. Ал бұларға көбінесе жоғарғы сатыда

тұрған менеджерлер, яғни компаниялардың президенттері мен директор-

лары, басқару кеңестерінің төрағалары жатады. Менеджерлер жігі дәс-

түрлі жеке меншікке ие таптарды ығыстырып, біртіндеп алдыңғы қатарға

шықты.

Алайда, тап ұғымының анахронизм деп санала қоймаған кезеңі бол-

ған еді. Керісінше, таптың пайда болуы жаңа тарихи дәуірдің өзгеше

екендігін дәлелдеп көрсетті. Бұл XVIII ғасырдың соңында пайда болды

да, жаңа тарихи күш — буржуазияның үні басымырақ шыға бастады. Ол

дворян сословиесін екінші қатарға ығыстырьш тастады. Буржуазияның

тарих аренасына шығуы бүгінгі менеджерлердің сахнаға шығуындай

қоғамға революциялық тұрғыда ықпал етті.

Капиталистік қоғам, әсіресе оның қазіргі түрі, өзіндік күрделі әлеу-

меттік құрылымнан тұрады. Оның әлеуметтік құрылымының шеңберінде

ең алдымен әр түрлі буржуазия топтары, орта тап және жұмысшылар деп

аталатындар өзара әрекетке түседі. Бұл таптардың қоғамда бар екендігін

капиталистік елдердің жалпы әлеуметтанушылары, саясаткерлері және

мемлекет қайраткерлері мойындайды, бірақ олардың кейбіреулері тап-

тарды түсінуде, олардың арасыңдағы шекараларды болдырмауға, оны алып

тастауға, т.б. әр түрлі әрекеттер жасауды ұсынады.

Әсіресе буржуазиялық қоғамның орта табы жөнінде ерекше көп

әңгімелер қозғалды. Оны өзіндік ұқсастықтар арқылы сипаттайды. Оның

құрамына өздерінің табыс деңгейлері бойынша ұсақ және орташа

161


кәсіпкерлер, фермерлер, саудагерлер, жоғары жалақылы жұмысшы-

лар мен қызметкерлер, кәсіпорын, фирма, офис иелері, жеке істермен

айналысатындар, ғалымдар, дін адамдары, дәрігерлер, адвокаттар, орта

менеджерлер, ұсақ буржуазия өкілдері енгізілген. Индустриялды тұрғы-

да дамыған капиталистік елдерде халықгың орташа табыс деңгейін есепке

ала отырып, олардың көпшілігін ортаңғы тапқа жатқызады. Мұндай

тұрғыдан қараудың құқысы да, оның өзіндік логикасы да бар, өйткені

ірі буржуазия мен жұмысшылардың көпшілігі ортаңғы тап құрамына

енгізілген.

Ортаңғы тап - дүниежүзілік тарихтағы бірегей құбылыс. Ол адамзат

баласының бүкіл тарихында бұрын болған емес. Ортаңғы тап XX ғасырда

пайда болды. Қоғамдагол ерекшелік қызметін атқарады. Ол — қоғамның

тұрақтылығын сақтаушы. Олардың саны көбейген сайын, қоғамдағы

революциялық ой-пиғыл ауқымы да соншалықты азаяды, ұлтаралық

шиеленістердің, әлеуметтік катаклизмалардың болу мүмкіндігі де мүлде

кемиді. Бұл тап өз тағдырын өз қолымен жасап, қалыптастыратындардан,

соған орай қоғамдық құрылысты сақтап қалуға ынталы адамдардан

құралады. Ортаңғы тап қарама-қарсы тұрған екі тапты — кедейлер мен

байларды бір-бірінен аластатып, олардың қақтығысуына жол бермейді.

Ортаңғы тап неғұрлым үзілуге таяу тұрса, солқылдақ болса, стратифика-

цияда қарама-қарсы тұрғандар соғұрлым бір-біріне жақындаса түседі,

олардың қақтығысқа баруының ықтималдығы артады және керісінше де

болады. Ортаңғы тап шағын және орта бизнестің бірден-бір тұтынушы

рыногі болып саналады. Бұл тап неғұрлым көп болған сайын шағын биз-

несте соғұрлым аяғын тік басып, өркендеп дамиды. Әдетте экономика-

лық тұрғыда басқаларға тәуелділер орта таптың құрамына кіреді. Бұлар

қоғамның әлеуметтік жотасы, арқасы.

Буржуазиялық қоғамдағы таптар жөніңде бұлардан басқа да көзқа-

растар қалыптасқан. Мысалы, АҚШ-тьің таптары жөнінде әр түрлі пікір-

лер айтылып жүр. Біреулер онда жеті тап бар десе, екіншілері - алтау,

үшіншілері бесеу, тағы да сол сияқгы сандары әркелкі әлеуметтік тап-

тар бар дейді. АҚШ-тың таптарың XIX ғасырдың 40-шы жылдарында ал-

ғаш рет бір үлгіге түсірген американдық әлеуметтанушы Ллойд Уорнер

болды. Оның пікірінше, АҚШ қоғамы: жоғарғының-жоғарғы табы

болды, «бұған ескі отбасылары» деп аталатындарды жатқызды, өйткені

ондай отбасылардың құрамы бизнесмендер мен кәсіби мамандар деп ата-

лғандар еді; материалдық деңгейі жоғарғының-жоғарғы табынан кем

түспейтін, бірақ ескі рулық отбасыларының құрамына кірмейтіндерді

төменгі-жоғарғы тап деп атады; жоғарғы екі таптан шыққандарға қара-

ғанда материалдық жағдайы төмендеу, алайда қаланың қоғамдық өміріне

162

белсене араласқан жеке меншік иелері мен кәсіби мамандарды жоғар-



ғы-орта тапқа жатқызды; төменгі орта тапқа дәрежелері төмен қызмет-

керлер мен білікті жұмысшылар кірді; жоғарғы-төменгі тапқа жергілікті

фабрикаларда жұмыс істейтін, салыстырмалы түрде ауқатты өмір сүргені-

мен біліктілігі аз жұмысшылар енді. «Әлеуметтік түп» деп аталатындар

жертөлелерде, шатырдың астында, қаланың лас, шеткері, қараңғы түпкір-

лерінде, т.б. өмір сүруге қолайсыз жерлерде тұратындар болды. Бұлар ең

төменгі тап деп аталды.

«Жоғарғы-жоғарғы тап» ұғымы - жоғарғы таптың жоғарғы қабаты

деген мағынаны берді. Ал қалған екі құрамды сөздің біріншісі қабатты

немесе жікті білдірді, екіншісі сол жіктің енген табын көрсетті. «Жо-

ғарғы-төменгі тап» ұғымын кейде сол қалпында да айта береді, ал кейде

осы ұғым арқылы жұмысшы табын белгілейді. Орталық таптың өзіне қа-

тысты жіктері мен қабаттарына орай жұмысшы табынан бірқатар айыр-

машылықтары да болады. Алайда, жұмысшы табының да жұмыс істе-

мейтіндер, жұмыссыздар, үйлері жоқтар, қайыршылар және т.б. секілді

төменгі тапқа қарағанда өзіндік өзгешеліктері бар. Әдетте біліктілігі жо-

ғары жұмысшыларды қатардағы жұмысшы табына жатқызбай, орталық

таптың санатына енгізеді, бірақ олар біліктілігі мардымсыз ой еңбегінің

қызметкерлері мен орта таптың төменгі қабатына жатады. Басқа да вари-

анттары болуы мүмкін: мәселен, жұмысшыларды орта тапқа қоспайды,

бірақ оның екі жігін де жалпы жұмысшы табының қатарында қалдырады.

Ал маман болса орта таптың келесі қабатына енеді, «маман» ұғымының

өзі — кем дегенде адамның колледж көлемінде білімінің болуын талап

етеді. Орта таптың жоғарғы қабатын негізінен «кәсібилер» (профессио-

налдар) толтырады. Шет елдерде әдетте университеттік білімі және үлкен

практикалық тәжірибесі бар, өз саласында үлкен шеберлігімен ерекше-

ленетін, шығармашылық еңбекпен айналысатын және өзінің ісі бар адам-

дарды кәсібилер деп айтады. Бұлар заңгерлер, дәрігерлер, ғалымдар,

оқытушылар және т.б. Олардың кәсіби деген атаққа ие болуының өзі өте

құрмет болып саналады. Бұл түсіндірмелер буржуазиялық қоғамның тап-

тарын олардың қоғамдық еңбек бөлінісі мен өндіріс құралдарына жеке-

меншіктік қатынастар жүйесіндегі алатын орнына сай бағалайды.

Капиталистік қоғамның экономикасы мен әлеуметтік-саяси саласын-

да монополистік буржуазия жетекші рөлді атқарады, соньщ ішінде тек өз

елдерінде ғана емес, басқа, бөтен елдерде де экономиканың негізгі сала-

ларьш монополиялап, ірі трансұлттық корпорациялар құрған ірі өнеркә-

сіпшілер, бизнесмендер, банкирлер көптеп кездеседі. Буржуазия мен

------------------------------------------------

Кравченко А. И. Социология. Екатеринбург: Деловая книга, 1998. С. 224.

163


жұмысшы табының арасындағы қатынас бұрынғысынша капиталистік

қоғамның әлеуметтік құрылымының басты буыны болып қалды. Сонымен

қатар, онда ірі жер иелері - латифундистер мен шаруалар таптары, соның

ішінде фермерлер де бар. Өздері пайдаланатын жалдамалы жұмысшы

күштерінің санына және табыс деңгейіне байланысты фермерлер біршама

ауқатты өмір сүретін шаруалар ретінде немесе ұсақ және орташа дәулет

иесінің өкілі ретінде ғана емес, кейде тіпті ірі ауылшаруашылық буржуа-

зиясы ретінде де алға шықгы. Қалай дегенмен де, интеллигенция аса ма-

ңызды рөл атқарады. Соның ішінде ғылыми-техникалық, гуманитарлық

( мұғалімдер, дәрігерлер, заңгерлер, т.б.), шығармашылық (жазушылар,

суретшілер, сазгерлер және басқалары ), солармен қатар мемлекеттік қыз-

мет сатысында еңбек етуші интеллигенция ерекше мәртебеге ие болады.

Орталық, Шығыс Еуропа мен Азия елдерінің социалистік қоғам құру

жөніндегі тәжірибесі олардың әлеуметтік құрылымын дамыудың негізгі

бағыттарын, оң немесе теріс жақгарып көрсетіп берді. Жұмысшы табы,

кооперативтелген шаруалар, интеллигенция, осы елдердің кейбіреуле-

рінде, дәлірек айтсақ, Польша мен Қытайда әлі де сақгалып қалған жеке

кәсіпкерлер жігі, сонымен қатар кәсіби және демографиялық топтар және

ұлттық қауымдастықтар осылардың негізгі элементтеріне жатады. Әлеу-

меттік-экономикалық қатынастардың бұрмалануына байланысты қоғам-

ның әлеуметтік құрылымы да бұрмалауға ұшырады. Бұл әсіресе, ең алды-

мен қала мен ауылдың әлеуметтік топтарының арасындағы қатынастарға

қатысты болды, соның ішінде өнеркәсіптің жұмысшы табы мен шаруа-

лардың арасындағы қатынастар бұрмаланды.

Күштеп ұжымдастыру, сайып келгенде, шаруалардың іскер топтары

мен өнім өндірушілердің үлкен бөлігін құртып жіберді, ал өнеркәсіп өнім-

дерін ауылшаруашылық өнімдеріне эквивалентсіз айырбастау село хал-

қының, соның ішінде колхозшылардың, совхоз жұмысшылары мен

қызметкерлерінің және ауыл интеллигенциясының өмірі мен түрмыс жағ-

дайын нашарлатуға әкеп соқты. Сол елдерде орнығып қалыптасқан тота-

литарлық жүйе негізінен алғанда интеллигенцияға білікті, білімді топ емес,

керісінше, жұмысшылар мен колхозшылардың мүддесіне сай қызмет ат-

қаратын жік ретінде қарады, олардың жеке мүдделерімен шамалап қана

санасты, кейде интеллигенцияға ашық түрде құрмет көрсетілгенімен, оның

озық ойлы өкілдерін өз мақсаттарын жүзеге асырту құралы ретінде пай-

даланды, соған мәжбүр етті. Осының бәрі интеллйгенцияның өркендеп,

дамуын тежеді, оған зор кедергі келтірді. Жоғарғы сатыдағы басқарушы

орындарда отырған бюрократиялық топ жұмысшылардың атынан өз дик-

татурасын жүзеге асырғандықган осыған байланысты жұмысшы табы да

жағдайдың қожасы бола алмады.

164

Бүкіл қоғам сол кезде қалыптасқан әкімшілік-бюрократиялық жүйе-



ге және чиновниктердің үлкен аппаратына бағындырылды, бұл дегеніміз

қоғамның барлық әлеуметтік жіктерін өздерінің экономикалық және са-

яси мүдделеріне қызмет етуге мәжбүр еткізуі еді. 80-ші жылдардың орта-

сында бірнеше социалистік елдерде басталған қоғамдық қатынастарды

қайта қүру женіндегі қозғалысты алғашқыда қоғамның көптеген жіктері

бар ынта-жігерлерімен қолдады, өйткені қоғамдық қатынастарды қайта

құру әлеуметтік құрылымның дамуында орын алып келген бұрмалау-

ды барлық әлеуметтік топтар арасында гармониялық қатынастар орнату

жолымен, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін толық және әділ қана-

ғаттандыру арқылы жоюды өзінің мақсаты деп жариялады.

Жоғарыда айтылғандай, кез келген қоғамның әлеуметтік құрылы-

мы аса күрделі түзілім болып саналады. Қазіргі ғылыми-техникалық

төңкеріс дәуірінде және бірнеше рет күрделеніп, жаңарған қоғамдық

өмірде әр түрлі таптар, сословиелер, интеллигенциялар секілді, олар-

дан өзге де топтардың - жастар мен әйелдердің, басқа да демография-

лық топтардың рөлі үнемі арта бастады, бұлар да қоғамдағы өздерінің

жағдайын жақсартуға, мүдделерін толық қанағаттандырып, жүзеге

асыруға тырысуда. Қазіргі кезде ұлттық қатынастардың өткір мәселеге

айналып отырғаны белгілі. Қоғамды жаңалау жағдайында әрбір ұлт пен

ұлыс өзінің экономикалық, саяси және рухани мүдделерін іске асыруға

тырысады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымын оның келесі бір қырынан талдауға

да болады. Бұл жерде негізгі әңгіме, біріншіден, қоғамның әлеуметтік

құрылымында объективті түрде қалыптасатын, яғни, түптеп келгенде,

адамдардың санасы мен еркінен тәуелсіз түрде орнығатын; екіншіден,

тарихи процеске қатысушылардың өздерінің саналы және ұйымдастыру-

шылық қызметгерінің барысында қалыптасатын үлкен және кіші (шағын)

әлеуметтік топтардың бөлінуі жөнінде болып отыр. Оңың біріншісіне

жоғарыда сипатталған әлеуметтік топтарды, соның ішінде таптарды,

сословиелерді, кәсіби, демографиялық, сондай-ақ ұлттық қауымдастық-

тарды жатқызуға болады. Екіншісіне саяси партиялар, кәсіподақтар мен

жастар ұйымдары, ғылыми қоғамдар, өздерінің мүдделеріне орай клуб-

тар, тіпті жора-жолдастардан құралатын топтар жатады. Осы әлеуметтік

топтар мен ұйымдардың арасынан формальды емес ұйымдарды бөле-жара

атап өтуге болады. Формальды ұйымдар көбіне-көп өздері қабылдаған

жарғылар мен бағдарламалар (айталық, саяси партиялардың) негізінде

әрекет етеді, бұлардың өздерінің тұрақты бағытттаушы және жетекші

органдары бар. Формальды емес ұйымдарда бұлардың бірде-біреуі бол-

майды және олардың әрекеті негізінен жеке қарым-қатынастар мен

165


жиналыстар, конференциялар, митингтер, бұқаралық қозғалыстар ұйым-

дастыру әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Формальды емес ұйым-

дар белгілі бір мақсаттарға ағымдағы және ұзақ мерзімдік мақсатта-

рға жету үшін құрылады.

Батыс әлеуметтануында өздерінің атқаратын қызметтері мен әлеу-

меттік рөлдеріне байланысты бір-бірімен ортақтасқаң функционалдық

тоотар ерекше дараланып, бөлек қарастырылады. Бұл жерде саясат, эко-

номика және рухани қызмет саласындағы кәсіби топтар, әр түрлі білікті

адамдар құайтын топтар, өздері тіршілік ететін ортада белгілі бір әлеу-

меттік мән-мағынаға ие болып отырған кәсіпкерлер, жұмысшылар, қыз-

меткерлер, интеллигенция өкілдерінің топтары, қала мен село тұғында-

рының топры, сонымен қатар әлеуметтік-демографиялықтоптар әңгіме

арқауына айналып отыр. Әр түрлі әлеуметтік топтардың функционалдық

қызметін оған әлеуметтану тұрғысынан зор мән беріп, зерттеуді алғаш

бастаған Э. Дюркгейм еді, бұл жұмысты кейін оның Еуропамен АҚШ-тағы

ізбасарлары одан әрі жалғастырды. Әсіресе Америка әлеуметтанушыла-

ры Т. Парсонстың, Р. Мертонның және қазіргі әлеуметтанудың құры-

лымдық-функционалдық талдауларын жасаған басқа да өкілдерінің

еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

Көптеген әлеуметтанушылар өздерінің білімдері мен күш-жігерлерін

кіші (шағын) топтар деп аталатын топтардьі зерттеуге бағыттаған еді, Кіші

топтар азын-аулақ адамдар арасында тығыз қарым-қатынастар орнату

негізінде біршама тұрақталып қалыптасады немесе қайсыбір үлкен әлеу-

меттік топтың ыдырау салдарынан пайда болады. Көбінесе осы екі про-

цесс бір мезгілде жүреді. Кейде қайсыбір үлкен әлеуметтік топ шеңберінде

бірнеше кіші топтар пайда болып, әрекет етуі мүмкін. Кіші топтардағы

адамдардың саны екіден онға дейін жетеді, одан артық болуы сирек кез-

деседі. Әлеуметтанушылар кіші топтардың оптималды көлемін жеті адам-

мен өлшейді немесе одан екі адам артық, яки сонша адам аз болады дейді.

Мұндай топтарда оған енген адамдардың әлеуметгік-психологиялық қарым-

қатынастары жақсы сақталады, мұндай қарым-қатынастар олардың өмірі

мен қызметінің мәнді сәттерінің көп болуына ықпал етеді. Кіші топтар-

ды жора-жолдастардың, таныстардың, кәсіби мүдделері арқылы байла-

нысқан, заводта, ғылыми мекемеде, театрда, т.б. жұмыс істейтін адамдар-

дың топтары құра алады. Өндірістік қызметтерін атқара отырып, олар

психологиялық жағынан үйлесімділікке қол жеткізеді және қайсыбір

мәселеде ортақ мүдделіктері арқылы ерекшеленетін бір-бірімен өзара

тұлғалық тұрғыда қарым-катынастар орнатады.

Мұндай топтар құнды бағыт-бағдарларды қалыптастыруда, өз өкіл-

дерінің жүріс-тұрыс тәртібін сақгауы мен қызметтерінің дұрыс арнаға

166

бағытталуын анықтауда үлкен рөл атқарады, Мұндағы олардың рөлі үлкен



әлеуметтік топтардың немесе бұқаралық ақпарат құралдарының рөл-

дерінен әлдеқайда зор болады. Сөйтіп, олар тұлғаға ықпал ете алатын,

әлеуметтанушылардың назарынан тыс қалуға тиісті емес ерекшелікті

әлеуметтік ортаны құрайды. Кіші топтардағы адамдардың өзара әрекетін

зерттеу арқылы, әлеуметтанушы олардың жүріс-тұрыс төртібінің және

қызметінің көптеген нақты себептерін анықгайды.

Кіші әлеуметтік топтарды зерттеуде Американың әлеуметтанушылары

Э. Мэйо; Дж. Хомансу Дж. Морено және басқалары үлкен рөл атқарып,

елеулі жұмыстар тындырды. Орыстың көрнекті педагогі А. С. Макарен-

ко жасөспірімдер мен бозбалалардан құралған кіші топтардың өз құрбы-

құрдастарын тәрбиелеуде маңызды рөл атқарғандығын атап көрсетті.

Соңғы жылдары кіші топтарды саралап, сараптауға әлеуметтанушылар

көбірек көңіл аударып келеді. Стратификация теориясының құрамды

бөлігі әлеуметтік мобильдік. Енді соған тоқгалайық.


2. Әлеуметтік мобильдік.

Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет