Қазақстан республикасы


Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері



жүктеу 8.14 Mb.
бет13/26
Дата19.09.2017
өлшемі8.14 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері
Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге

ұшырамайды деп қарастыруға әсте болмайды. Оларды үнемі қозғалыста

болатын және бірінің орнын екіншісі басып, алмасып тұратын адамдар

топтары ретінде қарастыру керек. Бұл ауыспалықтарды әлеуметгануда

«әлеуметтік мобильдік» деп атайды Әлеуметтік мобильдік — қоғамның

әлеуметтік теориясының ажырамас бөлігі. Сондықтан ол әлеуметтік

стратификациямен тығыз байланыста, өзара әрекет ету үстінде қарас-

тырылады, Әлеуметтік мобильдік дегеніміз - адамдардың бір әлеуметтік

топтардан немесе қабаттардан екіншісіне, басқасына қарай жылжуы,

соған өтуі.

Әлеуметтік мобильдік категориясын тәлеуметтануға тұңғыш енгізген

П. Сорокин еді. Ол әлеуметтік мобильдікті горизонтальды және верти-

кальды деп екіге бөлді. Мысалы, горизон тальды мобильдікке қалалық

қабаттан ауылдық қабатқа немесе керісінше өту процесі жатады. Халық-

тың әлеуметтік мобильдігіне қаладағы немесе ауылдық жердегі өмір жағ-

дайларының өзгеруі, адамдардың жаңа мамандық алуы немесе қызмет

түрін өзгертуі сияқгы жағдайлар ықпал етеді. Осылар қоғамның әлеуметгік

құрылымдарының өмір сүруінің маңызды сәттері болып саналады. Ал

қайсыбір мамандықтың басқаларға қарағанда артық екендігі жөнінде

қоғамда қалыптасқан пікірдің өзгерістерге ұшырауы және соның салда-

рынан әр түрлі топтардағы адамдардың кәсіби мүдделеріндегі болатын

167


өзгерістер вертикальды мобильдіктің күшею себептерінің қатарына

тады. Мысалы, көптеген адамдар кәсіпкерлікке, саяси және ғылыми

қызметке қызығушылықтанытады, ал қазіргі танда бұған керісінше ауыл

шаруашылығындағы жұмыспен айналысуға қызығушылық әлдеқайда

азая түсті. Дәл осы жағдай қазіргі кезде басқа да көптеген елдерде

байқалады.

Еңбектің сипаты мен мазмұнына және сол саладағы тұрмыс пен өмір

жағдайларына қызығушылық, «елу жылда ел жаңа» дегендей, ұрпақтың

жаңғыруына орай өзгеріске түседі, ал кейде бұл процесс адамдардың бір

ұрпағы екіншісімен алмаспай жатып іске асуы мүмкін, ондай көрініс

өмірде жиі байқалады. Соның нәтижесінде адамдардың бір кәсіби және

әлеуметтік жіктен екіншісіне өту процесі қарқынды жүреді.

Вертикальды әлеуметтік мобильдікте индивидтің жоғарғы қабатқа өтуі

өршең әлеуметтік мобильдік деп аталады. Себебі мұнда қызметі, лауазы-

мы артады, т.б. өзгерістер болады. Ал бұған керісінше, төмен қарай қоз-

ғалу индивидтің әлеуметтік құлдырау мобильдігін сипаттайды, бұл деге-

німіз оның статустарын жоғалтуын, деградацияға ұшырауын, банкротқа

отыруын, идеяларының күйреуін айқындайды.

Адамдардың және басқа да объектілердің әлеуметтік тұрғыда бірінің

орнын екіншісі басып, ауысып тұруы жеке тұлғалар тұрпатында да және

бірлесе, ұйымдасқан түрде де жүзеге асатын болғандықтан әлеуметтік

мобильдікті индивидуалдық және ұжымдық деп те бөлуге болаы. Инди-

видтің стратификация жүйесіндегі орнының өзгеруі үш негізгі фактор-

лардың ықпал етуі арқылы жүзеге асуы мүмкін: а) вертикальды және го-

ризонтальды мобильдік; б) әлеуметтік құрылымды қайта құру; в) страти-

фикацияның жаңа жүйесін енгізу. Вертикальды және горизонтальды тұрды

ауысу әрдайым тұрақты әрекет етеді және көбінесе индивидке қатысты

дүниелердің сипаттарын айқындайды. Қоғамның құрылымы өзгерістерге

ұшырай бермейді, оның өзгеруі әдетте өнеркәсіпте, ауылшаруашылығын-

да, тұрмыстық қызмет көрсету салаларында осы бағыттағы жаңа сала-

лардың пайда болуы арқылы, яғни адамның жаңа мамандықты, кәсіпті

меңгеруіне және т.б. байланысты жүзеге асады. Ал үшінші фактор - бұл

өте сирек кездесетін және өте күрделі құбылыс.

Ұжымдық әлеуметтік мобильдік стратификациялық құрылымға үлкен

өзгерістер енгізеді. Горизонтальдық бағытта, әсіресе вертикаль бағыты

бойынша жаппай ауыспалыктардың орын алуы бірнеше себептер арқы-

лы: біріншіден, экономикадағы ұйымдастыру, ынталандыру және бағыт-

бағдар беру мақсатында жүргізілген құрылымдық қайта құру процесіне

орай өзара байланысқан экономика саласындағы терең өзгерістер; екін-

шіден, осы қайта құруларды басқаратын тұлға ретіндегі белгілі бір

168

топтардың пайда болуы; үшіншіден, идеологиялық бағьп-бағдарлардың,



құндылықгар мен нормалар жүйесінің, саяси басымдылықтардың алма-

сьш ауысуы арқылы бір-бірімен байланысады. Халықгың көңіл-күйін-

дегі, ұстанған бағыт-бағдарындағы және күнделікті қажеттілігін өтеу ба-

рысында болып тұратын өзгерістерді дер кезінде дәл тауын, дөп басу

саяси күштердің ұжымдасқан түрде жоғары қарай көтерілуіне ықпал

етеді. Қаншалықты қиын болғанымен, алайда өмірдің өзі қажетсініп

отырған саяси элйтаның ауысуы қалыптасқан стратификацияның бүкіл

жүйесін, оның негіздерін қайта құрады да, билік жүргізуші шешуші

әлеуметтік қызметтерге өздерін жақтап-қолдаушыларды тағайындауды

жүзеге асырады.

Әлеуметтік мобильділікті зерттеу ғалымдармен қатар мемлекеттік

қызметкерлерді де енжар қалдырмайды, солар үшін де аса маңызды.

Әлеуметтік сатылардан өтудің нақгы көрінісін, бет-бейнесін, олардың

себептері мен ұстанған негізгі бағьптарын толығырақ білу қажет, сонда

ғана қоғам бұл процестерді белгілі бір дәрежеде өзінің бақылауына ала

алады, сөйтіп, әлеуметтік динамиканы сақтау мүддесімен қатар, қоғам-

ның түрақтылығын орнықгыру және адамдардың өмірін жақсарту мақ-

сатында оларға саналы түрде ықпал етеді.

Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік мобильділік мәселесі азамат-

тық қоғам проблемасымен тікелей байланысты. Бұл проблеманы

тұңғыш рет XVIII ғасырдағы Еуропа ойшылдары көтерген болатын,

ал кейінірек бұл мәселені Гегель терең әрі жан-жақты қарастырды.

Ол азаматтық қоғам мен мемлекет үғымдарын бір-бірінен бөліп қарас-

тырды, жеке қажеттіліктер мен мүдделерді іске асыру саласында адам-

зат қоғамын мемлекеттік жүйемен тәуелсіздік тұрғысында салыстыра

сипаттады.

Азаматтық қоғам, Гегелдің пікірі бойынша, жеке меншік пен адам-

дардың жаппай формальды түрдегі тендігі негізінде жүзеге асатын субъек-

тілердің қажеттіліктері мен мүдделерінің өзара әрекеті ретінде алға шық-

ты. Басқаша айтсақ, азаматтық қоғам жеке меншік пен құқыққа арқа сүйе-

ген қоғамдық қатынастар жүйесі ретінде түсіндірілді. Бұл жерде жеке

меншік пен құқық институттары өздерінің дамуында ауқымды, кең кө-

лемді кеңістік алған буржуазиялық қоғамның қалыптасуы әңгіме арқауы

болып отыр.

Жеке меншіктік қатынастарды, азаматгық құқық пен бостандықты

одан әрі дамытушы, алға апарушы - адам және азамат мәселесін Гегель

алдыңғы қатарға шығарып, бірінші кезекке қойды. Оның көзқарасы

бойынша, меншік пен тұлға азаматгық қоғамда заң мен оның маңыздылық-

тарын мойындатуға итермелейді, ал құқық заңның жалпы маңыздылығы

169


болуы тиіс. Гегелдің құқықтық жалпымаңыздылық идеясы шындығында

да құқықтық мемлекет құру жөніндегі идея еді. Бұл жерде Гегель өндіріс

құралдарынан және сол арқылы өндірілген өнімдерден жеке меншіктің

жан-жақты көрініс табуының негізінде дамыған буржуазиялық мемлекетті

мысалға алып отыр. Бұл қоғамдағы жеке меншік иелерінің қолындағы

өңдіріс құралдары мен өндірілген өнімдер заң арқылы, бүкіл құқық

жүйесін қолдану мен сақгау арқылы қорғалады. Азаматтық қоғамның

негізгг элементтері ретінде Гегель: 1) әлеуметтік қажеттіліктер жүйесін

жәңе олардыа субъектілерін; 2) әділ сотты; 3) әділ сот заңдары мен

актілерін күнделікті өмірде жүзеге асыратын полиция мен корпорация-

ларды атаған.

Азаматтық қоғамда ең алдымен кімдердің мүддесі қорғалып, жүзеге

асырылуы тиіс? Бұл сұраққа жауап бере келіп, Гегель, біріншіден, заң

алдында құқықтары, азаматтықтары тең әрбір тұлғаның мүдделері,

екіншіден, негізгі сословиелердің: жер иелерінің (бұған дворяндар мен

шаруаларды жатқызды); өнеркәсіп сословиесінің: фабрика иелері, қол-

өнершілер, саудагерлердің; бәріне де қатысты деп аталатын сословиенің:

чиновниктердің мүдделерінің қорғалатынын жазды. Бұдан Гегельдің аза-

маттық қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси саланың өзара

байланысты болғанын, субъектілердің әлеуметтік қажеттіліктері мен мүд-

делерінің, жеке меншік пен құқықгың өзара әрекет еткенін нақгы мәсе-

ле ретінде ұсынып, оны ғылыми тұрғыда дәлелдеп шешкені байқалады.



"Бұның бәрі азаматтық қоғам проблемасын түсіну мен қазіргі таңдағы

жағдайларға орай осы мәселені дұрыс шешудің аса маңызды екендігін

айғақтап отыр.

Азаматтық қоғам жөнінде кезінде К. Марқс те жазған болатын. Ол

азаматтық қоғамды - тарихи процестің негізгі мазмұнын құрайтын қоғам-

дық қатынастардың өзекті саласы болып табылады деп санады. Сонымен

қатар ол «азаматтық қоғамның анатомиясын саяси экономиядан іздеу

керек» деп жазды. Бұл кездейсоқтық емес еді. Өйткені марксизмнің

логикасы бойынша адамдардың әлеуметтік-экономикалық қатынастар

саласы - қоғамдық өмірдің ең басты әрі, бүкіл басқа салаларды анықгай-

тың және олардың қоғамға ықпал етуін өзі жүйелеп, бір ізге салып отыратын

сала болып саналады. Ол сөз еткен адамдардың әлеуметтік-экономикалық

қатынастар саласы азаматтық қоғам дамуының негізгі буынын құрайды.

Азаматтық қоғам идеясын пайымдаған кезде және ертеректегі ойшыл-

дардың бізге қалдырып кеткен осы мәселенің теориясы төңірегіндегі

-------------------------------------------



^ Гегель. Философия права. М., 1990. С. 256-257.

^МарксК., Энгельс Ф. Сочинения. 2-е изд. М.: Политиздат, 1959. Т. 13 С. 6.

170


тұжырымдарымен қарулана отырып, бүгінгі күннің ақиқаты мен пробле-

масын әзірлеудің қазіргі деңгейін естен шығармау қажет.

Азаматтық қоғамды бағалаған кезде қазіргі таңдағы қоғамда қалып-

тасқан бүкіл үлкенді-кішілі әлеуметтік топтардың өзара әрекеттерін,

соның ішінде таптардың және оларды құрайтын әлеуметтік, кәсіби және

демографиялық топтардың, сонымең қатар ұлттық қауымдастықтардың

өзара әрекеттерін тұтас жүйе ретінде қарастырған жөн. Қоғамда объек-

тивті түрде пайда болған әлеуметтік топтар мен қабаттардың (жіктер)

қызметі мен соған сәйкес орайластырылған мүдделерін ескерумен қатар,

адамдардың саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани тұрғыдағы талап-

тары мен сұраныстарын жүзеге асыру мақсатында олардың өздері құрып

қалыптастырған функционалдық топтар мен ұйымдарды да естен шығар-

мау керек.

Әлбетте, осы топтардың баршасының өмір сүруінің өзіндік эконо-

микалық, саяси және рухани негіздері бар. Егер экономикалық негізді

алатын болсақ, онда ол тек жеке меншіктік қатынастармен шектеліп қал-

майды, сонымен қатар ол корпоративтік, акционерлік меншікті,

кооперативтердің, ұжымдық және қоғамдық ұйымдардың меншігін, эко-

номиканың кейбір салаларында сақгалып отырған және сақтауды қажет

ететін мемлекеттік меншікті өз құзырына қосып алады.

Өндіріс құралдарына деген жеке меншіктің аталмыш бүкіл түрлері

қазіргі капиталистік және социалистік елдерде орныға бастады. Ендігі

міндет осы экономикалық негізге сүйене отырып, азаматтық қоғамды

дамыту және жетілдіру. Бұл қоғамдарда әрбір азамат өзін-өзі еркін ұстап,

білімдарлығы, шығармашылығы арқылы көрінуі тиіс. Басқа адамдар мен

бүкіл қоғамға пайдасын тигізе отырып, олар өздерінің қажеттіліктерін де

қанағаттандырар еді. Оның үстіне кез келген адам.өзінің құқығын жүзеге

асыру мақсатында қолданылып-жүрген зандар, заң қорғау органдары та-

рапынан қолдау тауып, жан-жақты қорғалуы қажет. Мемлекет барша

адамзат қауымына, жеке адамдарға қызмет етуі, олардың құқықгары мен

азаматтық еркіндіктерін қорғауы керек. Өз кезегінде әрбір азамат басқа

азаматтар алдындағы жақын және алыс азаматтар, мемлекет пен қоғам

алдындағы өз міндеттерін орындауы қажет. Мәселе дәл осылай заңды

түрде дұрыс қойылған жерде азаматтық қоғамды жетілдіру мәселесі - құ-

қықгық мемлекетті құру және оның қызметін жетілдіру проблемасымен

органикалық түрде тығыз байланысады. Осы екі проблеманы шешу

біздің қоғам алдында тұрған негізгі міндет.

ТМД елдеріндегі осы проблеманың өзекті мәселе ретінде көтерілуі,

соның негізінде әлеуметтік құрылымының өзгеруі төңірегінде әңгіме

қозғап көрелік. Бұрынғы КСРО-ньш, әлеуметтік құрамы мен оған енген

171

барлық одақтас республикалардағы топтар негізінен жұмысшы табы,



шаруалар және интеллигенциядан тұрды. Барлық одақтас республикалар-

да жұмысшы табы халықгың басым бөлігін құрады. Саны жағынан екінші

әлеуметтік топ — қызметкерлер мен интеллигенция тобы болды.

Халықгың мұндай әлеуметтік құрылымының қаншалықгы тиімді бол-

ғанын дөп басып айту қиын. Алайда, оның қоғамның дамуына қажетті

динамиканы қамтамасыз ете алмағаны анық. Қазіргі таңда дамып келе

жатқан жаңа әлеуметтік топтардың әлеуметтік белсенділік көрсету тұрғы-

сындағы бағыттары кейде өзге әлеуметтік топтардың және қоғамның

мүддесінен алшақ жатқанымен, олар қоғамның алға қарай қозғалуына күш

беріп отыр. Қоғамның тың тұрпаттағы әлеуметтік құрылымы пайда бола

бастаған соң жаңа әлеуметтік топтардың есебінен олардың қатары ең ал-

дымен кәсіпкерлермен, фермерлермен, кооператорлармен толыға түсетін-

дігіне еш күмән жоқ. Бірақ бұрыннан өмір сүріп келе жатқан әлеуметтік

топтардың, ең алдымен жұмысшылардың, шаруалардың және интелли-

генцияның қызметін толықгырып, олардың белсенділігін арттыру қажет.

Бүгінде бұл ТМД елдеріндегі даму процесінің іргелі әлеуметтік-эконо-

микалық проблемасы болып табылады.

Жаңа әлеуметтік топтардың ішінен ерекшеленіп, көзге түсе бастаған

жаңа кооператорлар, фермерлер категорияларын және қалалар мен ауыл-

дық жерлердегі жеке-дара тіршілік ететін еңбек қызметінің өкілдерін атап

айтуға болады. Алайда, ең алдымен өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін

кәсіпкерлерді, қаржы мен делдалдық бизнеспен айналысушыларды, со-

нымен қатар бірлескен кәсіпорын иелерін де осы топқа қосуға болады.

Бұл әлеуметтік топтар қазір ТМД елдерінде белсенді түрде әрекет етуде.

Дегенмен, аталмыш жаңа әлеуметтік топтар қоғамда әлі де болса онша

көп емес және олардың көпшілігі экономиканың дамуына елеулі түрде

ықпал ете алмай отыр. Дәлірек айтсақ, отандық бизнесмендердің эконо-

микаға қосқан бүгінгі үлесі саусақпен санарлықтай. Бұл - фермерлерге

де қатысты. Соған қарамастан күн өткен сайын шаруашылықгар мен

кәсіпкерлік қызметтің жаңа түрлері дами түсуде. Ал бұл болса уақыты

жеткен өз кезегінде осындай әлеуметтік топтардың көбейіп, өсуіне әкеп

соғады және қоғамның әлеуметтік құрылымының одан әрі өзгеруіне

ықпал етеді. Қазір тәуелсіз және егеменді мемлекеттердің бәрінде де осы

процесс жүріп жатыр.

Қоғамның қазіргі әлеуметтік құрылымының дамуында негізгі екі тен-

денция байқалады. Оның бірінші тенденциясына қоғамның белсенді түрде

әлеуметтік тұрғыда жіктелу процесі, халықгың жаңа әлеуметтік топтары

мен қабаттарының пайда болуы жатады. Екінші тенденция — бұл бүкіл

дүниежүзінде жүріп жатқан экономикадағы интеграция процесі, ол

172


қоғамның әлеуметтік құрылымына сөзсіз әсер етеді. Әр түрлі әлеуметтік

топтар өкілдерінің еңбек ету тұрғысындағы жағдайлары, оның сипаты мен

мазмұны бір-біріне жақындаса түсетін болады. Соның негізінде олардың

өмір жағдайлары мен мүдделері де жақындасады. Осының бәрі олардың

әлеуметтік-экономикалық, көпшілік жағдайда рухани және саяси

бірігуіне әкеп соқгырады.

Мемлекеттік қызметкерлер өздері жүргізіп отырған әлеуметтік сая-

сатта өзара органикалық байланыстағы және динамикалық тұрғыда өзара

әрекет етуші осы екі тенденцияны есепке алуы қажет. Бұл - әлеуметтік

құрылымның одан әрі дамуы мен қоғамдағы әлеуметтік динамикаға са-

налы түрде ықпал жасау үшін және осы процестерді қайткен күнде де

ғылыми басқару үшін де аса қажет.

Әлеуметтік саясат - бұл қоғамдағы бүкіл әлеуметгік топтардың ара-

сындағы қатынастарды реттеуге бағытталған саясат. Мұндағы басты

нәрсе - халықгың барлық әлеуметтік топтары мен қабаттарының мате-

риалдық хал-ахуалы мен тұрмысын жақсарту, олардың тіршілік етуіне

қажетті дұрыс жағдайларды жан-жақты қамтамасыз ету және әлеуметтік

әділеттікті сақгау. Осы мәселелерді шешу - әлеуметтік саясаттың негізгі

мазмұнын құрайды.

Әрине, мемлекет, саяси партиялар мен қозғалыстар өкілдері арасын-

да бұл проблемаларды түсіну және оларды шешу, жүзеге асыру барысын-

да әрқилы тәсілдерді қолдану жөнінде әр түрлі көзқарас болуы мүмкін.

Алайда, нағыз демократиялық әлеуметтік саясаттың ең басты және түбе-

гейлі мақсаты барлық әлеуметгік топтардың арасындағы қатынастарды

үйлестіру болып табылады. Билік басында тұрған саяси күштердің бүгінгі-

тандағы дұрыс та дана әлеуметтік саясаты қандай болуы керек дегенге

келсек, олар әлеуметтік топтардың түрмыс-тіршілігіне, әрекетіне, олар-

дың мақсат-мүдделеріне барынша сай, үйлесімді келетін жағдайлар жа-

саулары, олардың осы мақсат-мүдделерін орайластыра аларлық әлеумет-

тік-экономикалық және саяси қатынастардың тиімді механизмін дайын-

дап, өмірге енгізулері болады. Сонымен бірге бүгінгі тандағы қоғам да-

муының нақты жағдайларын есепке алу арқылы объективгі әлеуметтік

зандар қабылдап, оларды жүзеге асыру қажет.

Қоғамның,әлеуметтік құрылымы жоғарыда баяндалған жағдайлармен

ғана шектелмейді. Ол этностарды да қамтвды.

173


СЕГІЗІНШІ ТАҚЫРЫП
ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Этнос әлеуметтануы аса күрделі әлеуметтік-этникалық қауымдастық-

тар мен ұлттық-этникалық қатынастар саласын қарастырады. Әртүрлі

этникалық қауымдастықтар өшрінің барлық жақгары бір-бірімен тығыз

араласын-құраласын кеткендіктен олардың арасындағы қатынастарды

түсіну көбіне-көп қиыншылықгар туғызады және ондағы қарама-қай-

шылықгарды шешудің жолдарын анықтау қажет болады. Оларда этника-

лық қауымдастықтардың, немесе этностардың табиғи және әлеуметтік-

психологиялық сапалары көрінеді. Осы құбылыстардың мәнін және олар-

ды бейнелейтін ұғымдардың мәнін ашу, сонымен қатар ұлттық-этника-

лық қатынастардың және олардың дамуының тарихи тенденцияларының

мазмұның зерделеу, ұлт мәселесінің мазмұнын және оны қазіргі уақытта

шешудің жолдарын талдау әлеуметтану ғылымының маңызды мәселе-

лерінің бірі.
1. Этнос қауымдастығы ұғымы.

Этностың негізгі элементтері және даму кезендері
Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар

мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен қатар олар

көп ұлтты немесе көп тайпалы мемлекеттерде тұрады. Бұл қауымдастық-

тардың қалыптасуы мен дамуын әлеуметтану ғылымының бір саласы —

этноәлеуметтану зерттейді. Этноәлеуметтану әлеуметтанудың маңызды

саласы бола отырып, этностардың генезисін, мәнін, функцияларын, эт-

ностардың дамуының және этносаралық (ұлтаралық) қатынастардың жал-

пы зандылықтарын қарастырады. Ол ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік

дамуы арқылы байланысқан, яғни өзара байланысқан этникалық және

әлеуметтік құбылыстардың, әр түрлі этникалық қауымдастықтардағы эт-

никалық процестердің кешенді мәселелерін зерттейді. Этноәлеуметтану,

сөйтіп, мәдениет пен тұрмыстың, құнды бағыт-бағдарлардың, еңбеқ қыз-

метінің, жүріс-тұрыс тәртібінің, әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің,

ұлттық қатынастардың әлеуметтік себептерін ашуға тырысады, ұлттық

ерекшеліктері бар құбылыстар мен процестерді, атап айтқанда, жұмыс-

бастылықгы, көші-қон және еңбек мобильділігін, урбанизацияны, демо-

графиялық және әлеуметтік ұдайы жаңғырып, жетілуді анықгайды. Этни-

калық ерекшелік көріністері мәдениет пен тұрмыста анық байқалатын

болғандықтан және ең алдымен отбасы арқылы ұдайы жаңғырып, жеті-

174


летіндіктен этноәлеуметтану төңірегіндегі зерттеулер ең алдымен осы

салалар төңірегінде жүргізіледі, яғни нақты этникалық ортаны және ұлта-

ралық қарым-қатынастардың әр түрлі жағдайларын үнемі естен шығар-

мау қажет.

Этноәлеуметтану терминдерінің негізіне «этнос» (гректің тайпа, халық

деген мағына беретін сөзі) ұғымы алынған. Этнос белгілі бір аумақта

тарихи тұрғыда қалыптасқан, мәдени ортақ белгілері мен ерекшеліктері

және өзіндік психологиясы бар адамдардың тұрақты жиынтығы.

Этникалық қауымдастық - бұл шығу тегінің ортақтығымен және

бірлесе өмір сүрудің ұзақгығымен өзара байланысқан адамдардың топта-

ры. Адамдар жылдар, ғасырлар бойы ұзақ бірлесе тіршілік еткен әрекеті

кезінде әрбір топ шеңберінде оларды бір-бірінен ерекшелендіріп көрсе-

тетін тұрақгы және ортақ белгілер қалыптасады. Мұндай белгілердің қата-

рына тіл, тұрмыс мәдениетінің ерекшеліктері, қайсыбір халықтың неме-

се этностың (әр түрлі тілдерде және ғылыми әдебиеттерде «халық» және

«этнос» терминдері синоним ретінде қолданылады) қалыптасу үстіндегі

салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, тағы басқалар жатады.

Бұл белгілер халықтың этникалық сана-сезімінде ұдайы жаңғырып,

жетіледі, сол арқылы халық өзінің бірлігін, тұтастығын, ең алдымен өзінің

шығу тегінің сол адамдардан бөтен еместігін, сөйтіп, өзінің этникалық

жағынан туыс екендігін мойындайды. Сонымен қатар, ол өзін басқа ха-

лықгардан ажырата алады, өйткені оған өзінің шығу тегі, өз тілі мен өз

мәдениеті тән. Халықтың этникалық сана-сезімі ерте ме, кеш пе, әйтеуір

оның шығу тегіндегі, мұраланған дәстүріндегі, басқа халықгар арасын-

дағы өзінің орнын түсінудегі бүкіл түйсігі арқылы оянады.

Тайпалар негізінен көне этникалық қауымдастықтарға жатады. Олар

этностың алғашқы элементі болып табылады. Бұл - екі немесе бірнеше

руларды әр түрлі байланыстар мен қатынастардың көмегімен біріктірген

алғашқы ірі қауымдастық. Рулардың тайпаға бірігуі қандас туыстық пен

бртақ аумақтың негізінде жүзеге асқан болса, ал тайпалардың өмірі мен

әрекет-қызметі туыстық және әлеуметтік байланыстарға негізделген еді.

Әрбір тайпаның өзіндік этникалық қауымдастық белгілері болды: олар

бір-бірінен өздерінің шығу тегімен, тілімен, қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-

дәстүрлерімен, қарапайымнан салыстырмалы түрдегі жоғары дамыған

материалдық және рухани мәдениетке жету көріністері арқылы ерекше-

ленді. Әрбір тайпада өзіндік этникалық сана-сезім қалыптасты. Этникалық

сана-сезім этнонимге (атауға) ие болған. Тайпалар - алғашқы қауымдық

-------------------------------------------------

^ Абсаттаров Р. Б. Национальные процессы: особенности и проблемы.

Алматы: Ғылым, 1995. С. 116.

175

құрылыстың ұйымдық түрі. Бұл құрылыс әр түрлі тарихи дәуірлерде, жер



бетінің әр түрлі құрлықтарында пайда болып, өмір сүрді. Олар қазіргі Азия,

Америка, Африка мен Австралия құрлықтарының кейбір бөліктерінде

әлі де өз дәстүрлерін жалғастырып, өмір сүріп келеді.

Алғашқы қауымдық қоғамда тайпалар пайда болып, тіршілік еткен.

Сонымен қатар, өндірістік және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі

нәтижесінде тайпалар арасында ірілену процесі жүрді, сөйтіп, тайпалар

одақтары құрылды. Осыдан бастап бірқандас туыстық қатынастар этни-

калық қауымдастықгың негізі болудан бірте-бірте қала бастады да, оның

орнын бара-бара әлеуметтік байланыстар алмастырып, күшейе берді.

Тайпаларда меншіктік жіктеліс артқан сайьш мүліктік әркелкілік шықты.

Бұл тайпалық басқару түріне сәйкес келмеді. Сөйтіп, тайпалардың ыды-

рауы мен таптық қоғамның пайда болу процесі басталды.

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына орай тайпалар да ыды-

рады. Туыстық қарым-қатынастардың орнына енді алдыңғы қатарға адам-

дар арасындағы әлеуметтік байланыстар шықты. Тайпа болса әлеуметтік

өркениетке өтуіне орай этностың екінші элементі, этникалық қауымдас-

тықгың басқа типі ұлысқа, халыққа өз орнын босатып берді. Ұлыс -

тайпалық қатынастардың ыдырау нәтижесінде, аумақтың, тілдің, мәде-

ниеттің, шаруашылықты жүргізу мен тұрмыстың бір-біріне орайласты-

рыла жақындасуыңың негізінде қалыптасқан адамдар қауымдастығы.

Этникалық қауымдастықтар ретінде жер бетіндегі халықтардың барлығы

өркениет сатысында (Ежелгі Үндістан, Қытай, Египет, Греция, Рим ха-

лықгары болсын, олардан көп кейінгі кезендегі Франция, Германия, т.б.

халықтар) қашан болмасын бірінен-бірі ерекшеленді және бүгінгі танда

да өзінің ерекшелікті әлеуметтік-этникалық белгілері, соның ішіңде өзінің

шығу тегі, тілі, мәдениеті, этникалық сана-сезімі және т.б. арқылы ерек-



шеленеді. Тайпаларға қарағанда өркениет дәуірінде халықгар қалай де-

генмен де кең ауқымда әлеуметтік-этникалық тұрғыда шоғырланды және

өз тілінің, материалдық әрі рухани мәдениетінің әлдеқайда жоғары саты-

да дамуына қол жеткізді. Дәл сол тұста көптеген халықтардың ұлттық

мінез-құлықтары қалыптаса бастады, бұл олардың ұлттық сана-сезімі мен

санасынан өзінің көрінісін тапты. Басқаша айтқанда, тайпалар енді қалып-

тасу үстіндегі ежелгі халықгар деп саналған ұлттармен алмасты. Ұлттар

бұдан кейінгі тарихи дәуірлерде өздерінің гүлдену сатысына көтерілді.

Әлеуметгік-экономикалық тұрғыдан алғанда ұлыс ең алдымен құл иелену-

шілік пен феодализмге тән құбылыс болды, ол көбінесе қайсыбір ұлттық-

мемлекеттік құрылыс түрлерінде жиі ұйымдасты. Алайда, ұлыс қоғам-

дық дамудың одан кейінгі кезеңдерінде де тоқырап, жойылып кетпей, өмір

сүруін одан әрі жалғастырды.

176


Этноәлеуметтік қауымдастықтың бұл түріне осыдан біраз жылдар

бұрын Ресейдегі Дағыстан мен оның Солтүстік ұлыстарын жатқызған еді.

Мысалы, 1989 жылғы санақ бойынша Солтүстікте 26 ұлыс болса, көпте-

ген ұлыстар саны жағынан аз болды.

Қайсыбір елдердің бүкіл аудандары мен облыстарын біртұтас эко-

номикалық организм етіп құраған, соған көшірген машиналы өндіріс

пен капиталистік нарықтың дамуы ұлттың қалыптасуына негіз болды,

Ал ұлттың қалыптасуы ру-тайпалық құрылыстың ыдырауынан бастау

алған еді.

Экономикалық қарым-қатынастың интенсивтендірілуі адамдардың

саяси және мәдени қарым-кдтынастарының белсенділігін арттырды, бұл

олардың ұлт ретінде шоғырлануына, мәдениеттің гүлденуіне және ұлттық

мінез-құлқын қалыптасып, нығаюына жол ашты.

Демек, ұлт - адамдардың тарихи тұрғыда пайда болған әлеуметтік-

экономикалық және рухани қауымдастығы, этнос типі, Ұлтты аумақтың,

тілдің ерекшеліктері, экономикалық байланыстар, психологияның, мәде-

ниет пен сана-сезімнің ортақтығы сипаттайды.

Бұған адамдар қауымдастығының тарихи-даму мәселесі тұрғысынан

қарауға болмайды. Адамдар қауымдастығының тарихи тұрғыда дамуының

тұжырымдамасына сүйенсек, алғашқы қауымдық тайпалар дамып, кейін

ұлыстарға бірікті, ал ұлыстар өз кезегінде ұлттарға айналған. Осымен

байланысты ұлттар мен ұлыстар, шын мәнінде, екеуіне де ортақ белгілер

арқылы сипатталады. Ол белгілер жөнінде кейінірек жеке әңгіме қозға-

латын болады. Бұл белгілердің даму деңгейі бойынша ұлыстар мен ұлттар

бір-бірінен ажыратылады және уақыты жеткенде ұлыстар ұлттарға

айналады.

Ұлттар мен ұлыстарды анықтау барысындағы көбінесе қолдан жасал-

ған шектеу өлшемдері кейіннен анықталғанындай ғылыми түсіндірме-

лердің дәлелі бола алмады. Мысалы, қырғыздарды, шешендерді, якуттар-

ды этникалық қауымдастықгың қайсысына жатқызуға болады, оларды ұлт

деуге бола ма? Бұлардың қайсысын ұлысқа жатқызуға болатыны және

ұлыстың ұлтқа айналу сәтін қалай анықтау керектігі әлі де түсініксіз

күйінде қалып келеді.

Белгілі орыс этнографы М. В. Крюков айтқан пікірлер негізсіз деуге

әсте болмайды. Оның пікірінше, мысалы, В. И. Ленин «ұлт», «ұлты»,

«ұлыс», «халық» терминдерін синонимдер ретінде қолданған көрінеді, ал

ұлт пен ұлысты қарама-қарсы қою И. В. Сталиннің 1921 жылы жазылған

«Ұлт мәселесіндегі партияның кезектегі міндеттері» атты тезистерінде

тұжырымдалды. М. В. Крюковтың пікіріне сүйенсек, бұл «теориялық

тұрғыдан негізсіздік және практикалық зиянды» болды, өйткені ол жаңа

177

этносаралық қарама-қайшылықтарды қолдан жасады, осыған байла-



нысты этникалық қауымдастықтардың бәрі бірдей өздерін ұлтқа не-

месе ұлысқа еріксіз енгізу әділдік деп санамады. Көптеген этнографтар

сияқты М. В. Крюков осыдан бірнеше жыл бұрын әйгілі «Россия халық-

тарының құқықтық Декларациясында» атап көрсетілгендей, «Совет

Одағы халықтары» сөз тіркесін қолдануға қайта оралсын деген пікірді

ұсынған еді.



Ғылыми әдебиеттерден капитализмге дейін этникалық қауым-

дастық ретінде қалыптасқан ұлт жөнінде көптеген ой-пікірлерді кез-

дестіруге болады. Көрнекті француз ғалымы Э. Ренан, мысалы, ұлттар

орта ғасырдың бас кезінде-ақ, «Рим империясының соңғы кезінде не-

месе Ұлы Карл империясының ыдырау уақытынан бастап өмір сүре-

ді» - деп есептейді.

Ұлт дегеніміз не? Бұл сауалға жауап бере келе, Э.Ренан ұлтты қайсыбір

нәсілсе көшіре салуға болмайды деп әділін айтты. Нәсіл «қаны бір туыс-

тықгы» танытады, ал ұлт бірлесіп өмір сүру процесінде және әр түрлі нәсіл

өкілдерінің «араласуында» қалыптасады. «Ең үлкен елдерде - Англия,

Франция, Германия — бұларда қан көп араласқан». Бұл елдердің ұлтын

тек осы жағдай ғана сипаттай алады. Бүкіл өкілдері тек қана бір нәсілге

жататын ұлт болмайды.

Кейбір зерттеушілер тұжырым жасағандай, ұлтты тек табиғи құбы-

лыс деп қарауға болмайды. Өйткені табиғи және әлеуметтік қасиеттер

ұлт ішінде үйлесімін табады. Тіптен ұлттың бірден-бір мәнді белгілері

болып табылатын оның ортақ шығу тегі қайсыбір бабалардан тарайты-

нын есепке алған күннің өзінде де ұлттың бұл белгімен ғана шектелмей-

тінін, анықтала алмайтынын ұмытпау керек. Оның өзге де белгілері ретінде

Э. Ренан, К. Каутский және басқа зерттеушілер тілдің, аумақтың, эконо-

микалық өмірдің ортақтығын мысалға келтіреді. Мұндай ортақ белгілер,

К. Каутскийдің пікірінше, XIV ғасырда, яғни орта ғасырда пайда болып,

капитализм тұсында аяқгалған.

Ұлттардың құрамына енген адамдардың ортақ мүдделерін Э. Ренан

ұлттарға тән белгілердің бірі деп, осы тұрғыда қарастырады. Э. Ренанның

айтуына қарағанда, өмір сүру, тұрмыс жағдайларының, тарих пен тағдыр-

ларының ортақгығы ұлттардың мүдделерінің ортақ болуына ықпал етеді.

Ортақ мүдде ұлттардың қалыптасуы мен дамуының қуатты алғышартына

----------------------------------------------

1. Советская этнография. 1989. № 4. С. 9-11.

2.Социология / Под ред. В. Н. Лавриненко. М.: Культура и спорт, ЮНИТИ,

1998.07131.

178

айналды. Бұдан кейін ұлттың бүкіл өкілдерін біріктіретін ұлттың азды-



көпті рухани дүниесі қалыптасады. Э. Ренан өз ойын «Ұлт бұл жан»,

деп қорытады.

Ұлттың рухани белгілерін көптеген ойшылдар әр қырынан, әр тұрғы-

да атап көрсетеді. Француз әлеуметтанушысы және әлеуметтік саланың

психологі Густав Лебон «әрбір халық өзінің анатомиялық қабілеті сияқ-

ты соншалықты тұрақты ішкі сезім құрылысын да меңгереді», - дейді.

Осы «ішкі сезім құрылысынан» халықгың сезімі, оның ойлары, діни сенімі,

өнері, сонымен қатар оның қоғамдық өмірін реттейтін дәстүрлі мекемелері

тарап шығады. Лебон «халықтың ішкі сезімі» туралы айта отырьш, «тек

сол ғана ұлтты сақтайды» деген тұжырым жасайды. Халықтың ішкі

сезімі - бұл оның әдет-ғұрпы, сезімі, идеялары, ойлау тәсілдері. Әдет-

ғұрыптар бүлінген кезде, Лебонның пікірінше, ұлттар да жоғалады. Ол

бұған мысал ретінде Ежелгі Римді келтіреді. Римдіктер, оның пікірінше,

өте күшті идеал - мұратты ұстанған көрінеді. «Бұл мұрат - Римнің ай-

бындығы, ұлылығы болатын. Осы идеал бүкіл жандарда абсолютті үстемдік

етті және әрбір азамат сол идеал үшін өзінің отбасын, өзінің хал-жағ-

дайын және өзінің өмірін құрбан етуге дайын болды». Римнің күші

осында еді. Кейін алдыңғы қатарға молшылдық, азғындық секілді теріс

әрекеттер, тоғышарлық шыққанда ұлт та әлсіреді. «Варварлар оның қақ-

пасының алдына келгенде ұлттың ішкі сезімі өліп біткен еді»

«Халықтың ішкі сезімі», «ұлттың ішкі сезімі» сияқты идеяны қолда-

ған және оны одан әрі дамытқан Вильгельм Вундт болды. Ол халықгың

ішкі сезімін түсіну үшін оның тарихын білу керек деп әділін айтты. Оның

пікірінше, этнология, өнер, ғылым, дін, тіл және әдет-ғұрып жөніндегі

білім қашан да аса пайдалы.

Австрияның әлеуметтанушысы және саясаткері Отто Бауэр ұлттың

табиғи және мәдени белгілерін ашып көрсетті. Ол ұлт «табиғи қауымдас-

тық» ретінде «физикалық мұрагерліктен шығады, соның арқасында бала-

ларға ата-аналарының қасиеттері беріледі», - деп жазды. Алайда, Бауэр

оның тілі мен мәдениетін ұлттың ең басты ерекшелігінің белгісі деп сана-

ды. «Ортақ шығу тегі мәдениеттің ортақгығынсыз әр кезде де тек нәсілді

қалыптастырады және ешқашан да ұлтты жасай алмайды»— деп қорыт-



ты ол өз ойын.

---------------------------------------



1.Лебон Г. Психология народов и масс. СПб., 1896. С. 5-118.

2 Бұл да сонда. 138-139-6.

3.Вундт В. Проблемы психологии народов. М., 1912. С. 22-26.

4.Бауэр О. Национальный вопрос и социал-демократия. СПб., 1909. С. 135.

179


Бауэр ұлттық сананы адамдардың бір-бірімен «белгілі мәдени құнды-

лықтарды меңгеруге» жақындасу, сонымен қатар олардың ерік-жігерін

бір арнаға бағыттайтын фактісі ретінде мойындауды ұсынды, бұлар ор-

тақгаса келе адамдардың ұлттық мінез-құлқының ерекшеліктерін құрай-

ды. Ұлттық сана теориялық тұрғыдан алғанда «мен және менің тайпалас-

тарым бір ғана тарихтың жемісі» екендігін мойындау болып саналады.

Бүгінгі танда өте өзекжарды саналып жүрген ұлттық-мәдени автоно-

мия теориясын дамыта отырып, Бауэр «ұлттың мәдениетті бүкіл халық-

тың игілігіне айналдыру және бір ғана мүмкін, осындай жолмен ұлттың

бүкіл мүшелерін ұлттық-мәдени қауымдастыққа шоғырландыру негізгі

міндеттер» деп тұжырым жасады. Ұлттық қауымдастықгы жаңа жағдай-

дағы ру-тайпа байланыстарының қарапайым жалғасы деп есептейтін, со-

ған телитін теориялар да жоқ емес. Ұлт өмірінің мемлекеттік-саяси ерек-

шеліктерін асыра бағалайтын, түптеп келгенде, оны мемлекеттік қауым-

дастыққа әкеліп тірейтін теориялар да бар. М. Вебердің пікіріне сүйен-

сек, ортақ тід, дін, әдет-ғұрып немесе ортақ тағдыр арқылы біріккен

адамдардың қауымдастығында өз мемлекетін құруға тырысу ниеті басым

болады екен. Ұлтты анықгаудың қиындығы сонда, оның бірқатар аса ма-

ңызды және елеусіз белгілері бір орталыққа жинақталып, шоғырланды-

рылып отыр. Ол белгілердің арасындағы ерекше нысандар нақгы анықга-

лған емес. Осыдан барып ұлт жөніндегі қазіргі кез келген анықгамалар

шартты түрде қолданылады және оның қолданылу құзыры да шектеулі.

Жоғарыда аталған теорияларға сүйенсек, негізгі белгілер ретінде этноло-

гия бірегей жүріс-тұрыс стереотипін, шығу тегінің ерекшелігін, сана-

сезімді және т.б. этникалық белгілерді қарастырады. Аталмыш теория-

лардың бері де кең тараған теориялар. Ұлт теориясына К. Маркстің,

Ф. Энгельстің, В. И. Лениннің өз көзқарастары болды. Ф. Энгельстің па-

йымдауынша, Еуропада ұлтгың қалыптасу процесі ұлттық мемлекеттерді

құру процесімен тұспа-тұс келеді екен. Қалай дегенмен де, ұлт аса күрделі

құбылыс және оның барлық белгілеріне ізденіс тұрғысынан қарау керек.

Жоғарыда баяндалған жағдайларды қорьггындылайтын болсақ, онда

ұлт дегеніміз — бұл адамдардың шығу тегінің, тілінің, орналасу аума-

ғының, экономикалық жағынан қалыптасуының, сонымен қатар оның

этникалық санасы мен сана-сезімінің ортақ көрінісінің жиынтығы, яғни

психологиялық құрылымы мен мәдениетінің ортақтығы арқылы сипат-

талатын адамдардың ерекше қауымдастығы.

Ұлттың біртұтас этникалық сипаттамалары ұлттық ұғымының кез

келген көріністерін айқындайды, өзара байланыста болады. Бұл байла-

ныс шамалы деңгейде ғана көрінуі мүмкін, алайда ол біржола жоғалып

кетпейді. Мәселен, осы айтылғандар егер халықгардың-ұлттардың өмірін-

180

дегі этникалық мәселелерді шешуге тікелей байланысты болса, онда эко-



номикалық немесе саяси қатынастар сол уақытта ғана ұлттық мазмұнға

ие болады. Бұл шеңберден шығып кетсе, онда олар әлеуметтік-таптық

немесе басқа да қатынастарға айналады, тек ұлттық болмайды.

Адамгершілік, эстетикалық және басқа да қатынастар туралы да осыны

айтуға болады. Егер олардың әлеуметтік мазмұны этникалық және орга-

никалық байланыста болса, онда олар сол уақытта ғана ұлттық сипатты

алады.

Тәуелсіздік алған елдердегі ұлттық-мемлекеттік құрылым ұлттың



қалыптасу процесін, әсіресе оның әлеуметтік-экономикалық базисінің

қалыптасуын барынша тездетеді. Латын Америкасында ұлттық-мемле-

кеттік құрылым шеңберінде халық испан тілінде сөйлейді, ал мәдениет,

салт-дәстүрлер төңірегінде көптеген ортақ белгілері бар аргентин, уруг-

вай, чили және т.б. жиырмадан астам ұлттар пайда болды.

Қазіргі заман ұлтгың этникалық қасиеттерінің маңыздылығы артып

отырғандығын айқын көрсетіп берді. Тіл мен мәдениет проблемалары

ұлттың қозғалыстар кезінде ерекше маңызға ие болады. Мысалы, Бель-

гия мен Канада мәселесі, Шотландия мен Англияның Уэльсіндегі мәде-

ниет пен салт-дәстүрлер және т.с.с. басты мәселеге айналғаны белгілі.

Бұлар Еуропаның он екі мемлекетін біріктірген Еуропа одағына қарама-

қарсы бағьггга қалыптасқан дезинтеграциялық тенденцияның күш-қуатын

көрсетеді.

Бұдан әрі «этнос», «халық», «ұлт» терминдері синоним ретінде, яғни

мағынасы бойынша бір ұғым ретінде, айталық, қазақ халқы, қазақ этно-

сы және қазақ ұлты секілді түсініктер ретінде пайдаланылады. Бірақ,

олардың бір-бірінен кейбір айырмашылығы бар екенін айтқан жөн.

Осы құбылыстардың ауқымы мен маңызы және оларды ажыратып, ұғыну

ұғымдары мен терминдер өздерінің мән-мағынасы бойынша бірдей.

Бұл орыс, украин, грузин немесе француз, неміс халықгарына (этностарына,

ұлттарына), соған сәйкес осы ұлттар төңірегіңдегі ұғымдар мен термин-

дерге де қатысты. Қазіргі кезде көптеген ғалымдар, соның ішінде таны-

мал оқымыстылар да бұл мәселеге дәл осы тұрғыдан қарайды. Л. Н. Гуме-

лев «этнос» және «халық» ұғымдарын бір мағынада қолданса, белгілі

ғалым-этнограф В. А. Тишков «ұлыс» және «ұлт» ұғымдарының орнына

бір ғана халық ұғымын қолдануды ұсынады.

«Ұлт» ұғымына келетін болсақ, ол белгілі бір аумақта шоғырланып

өмір сүретін тұтас ұлттың этникалық белгілерін ғана айқындап қоймайды,

сонымен қатар олар қай жерде тұрса да, соның ішінде өзге халықтардың

-----------------------------------------------------------------



ТишковВ. Народы и государства // Коммунист. 1989. № 1. С. 50.

181


және мемлекеттердің аумағында өмір сүрсе де, солардың қай ұлттың

өкілі екендігін білдіреді. Ұлттар арасында осылайша қарым-қатынастар

орнайды.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет