Қазақстан республикасы


ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ



жүктеу 8.14 Mb.
бет15/26
Дата19.09.2017
өлшемі8.14 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Отбасы және неке әлеуметтануының адамның тіршілік әрекетінің

формасы ретінде отбасының өмір сүруі, дамуы мен өзгеруінің ішкі және

сыртқы факторларының жүйесін, сонымен қатар оның құрылымын және

қоғамдағы әлеуметтік функцияларын қарастыруды қамтиды.

Отбасы және неке әлеуметтануында әлеуметтік қатынас ретіндегі неке

және осы қатынастың негізі болып саналатын әрі тарихи белгілі бір ұйым-

дасқан ерекшелікті әлеуметтік жүйе ретіндегі отбасы арасында қайсыбір

айырмашылықтар қалыптасқан. Осыдан келіп, неке әдетте әйел мен ер-

кектің арасындағы тарихи өзгеріске түсетін қатынастардың әлеуметтік

формасы ретінде пайымдалады. Ал отбасын тарихи белгілі бір ұйымдық-

ты меңгерген шағын әлеуметтік топ ретінде және бір мезетте ерекше

әлеуметтік институт ретінде қарастыру анықталған. Отбасына деген

әлеуметтік қажеттілік ең алдымен қоғамның халықты физикалық және

рухани жағынан ұдайы өндіру мұқтаждығынан туындаған. Отбасындағы

көшбасшылық, оны анықтаудың өлшем-бірліктері, отбасының қоғам

алдында атқаратын міндеттері, некеге отыру мен ажырасудың уәждері

үлкен зерттеуді тудырып келе жатқан мәселелердің қатарына жатады.
1. Отбасы әлеуметтануының пәні мен оның функциялары.

Некенің мотивтері және ажырасудың себептері
Отбасы - ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғам-

ның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды.

Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасын-

дағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей оты-

рып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғам-

мен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады.

Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды са-

раптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен

шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі

құрылысын, атқаратын функциясын және т.б. зерттеу әлеуметтану ғылы-

мының алға қояр аса маңызды талаптары.

Отбасы белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық

(жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-

аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен

сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.

201


Сонымен қатар отбасы — некеге немесе қаны бір туыстыққа негіз-

делген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауап-

кершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке

отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.

Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар тандау-

еркіндігі, сүйіспеншілік, өзара сыйластық, т.б. жатады.

Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақгылығына

мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен

ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың қоғаммен,

мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады.

Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, эконо-

миканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогика-

ның, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып са-

налады. Олардың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отба-

сының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарас-

тырады. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны

некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқ-

арушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты

немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жол-

дарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен

шағын әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасы-

ның пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы зандылықтарын зерттейтін

әлеуметтанудың тағы бір саласы - отбасы әлеуметтануы қалыптасты.

Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағы-

ты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік

заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі

(отбасы мен қоғамның өзара әрекетін талдау) қазіргі отбасының қалпын

және шағын әлеуметтік топ ретіндегі (отбасы ішіндегі қатынастарды зерт-

теу) жағдайын зерттейді.

Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасыны қарастырғанда неке-от-

басы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі

жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жал-

пылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру

тиімділігіне және т.б. баса назар аударылады.

Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде қазіргі отбасы-

ның даму кезендерінің, құрылымдарының және атқаратын қызметтерінің

қалыптасу жағдайлары, әке-шеше мен олардың ұрпағының арасындағы

өзара қарым-қатынас, отбасындағы міндеттерді әркімге бөлу, ажыра-

судың себептері мен мотивтері және т.б. осындай мәселелер қарасты-

рылады.

202

Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келең-



сіз құбылыстарға ( ажырасу санының артуы, көптеген отбасыларының

дүниеге бір ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы, жалғыз бастылардың

санының өсуі, т.б.) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда отбасы белгілі бір локалдық құрылымы

және атқаратын әлеуметтік қызметтерінің ерекшеліктері арқылы сипат-

талады.


Отбасының локалдануы бұл тек туыстық қарым-қатынастармен

шектеліп қалмай, туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды,

сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы мү-

шелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі үнемі ұшырасып тұрады.

Бұл тұрғыдан алғанда отбасын қоғамның экономикалық ұясы ретінде

қарастыруға болады.

Отбасының құрылымы - бүл оның негізгі элементтерінің тұтастығын

қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. Отбасының құрылымы мен тәртібі,

өмір салты, дәстүрі, өзге отбасыларымен және қоғаммен өзара қарым-

қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты екені рас

Отбасылары қоғамдық басқа да институттар іспетті белгілі бір функ-

циялар атқарады. Отбасының функциясы дегеніміз оның белгілі бір әлеу-

меттік салдары бар қызметі. Өзге институттардың атқаратын міндеттерінен

мұны жеке-дара бөліп көрсету үшін отбасы қызметін ерекшелікті және

ерекшеліксіз деп ажыратады. Отбасының ерекшелікті қызметтері оның

отбасылық мәнінен келіп шығады және қоғамдық құбылыс ретінде отба-

сының ерекшеліктерін бейнелейді, ал ерекшеліксіз қызметтер белгілі бір

тарихи жағдайға орай еріксізден немесе бейімделуден туындайтын отба-

сының міндеттері. Отбасының ерекшелікті, қызметтеріне:

- халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;



- балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды);

— балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру) жатады.

Бұл қызметтер қоғамның әр дәуірде өзгерістерге түсуіне қарамастан

отбасының ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.

Отбасының ерекшеліксіз қызметтері жеке меншіктің жинақталып

қорлануы мен оған ие болу жөніндегі статусты, өндіріс пен тұтынуды, үй

шаруашылығын жүргізу мен демалуды ұйымдастыруды, отбасы мү-

шелерінің денсаулығы мен амандығына қамқорлық, микроахуал жасау-

ды қамтидьк Бұл қызметтердің бәрі отбасы мен қоғам арасындағы байла-

ныстың тарихи сипатын көрсетеді, отбасындағы нәрестенің дүниеге келуі,

оның күтімі мен тәрбиесінің қалай жүретіндігі назардан тыс қалмайды.

-----------------------------------------------



1.ХарчевА. Г. Быт и семья в социалистическом обществе. Л., 1968. С. 16.

203


Сондықтан отбасындағы өзгерістер әр түрлі тарихи кезендегі олардың

ерекшеліксіз қызметтерін салыстырудан байқалады. Айталық, жаңа бір

жағдайға орай қызмет түрлері де модификацияланады, шеңберін тарыл-

тады немесе кеңейтеді, толық немесе жартылай іске асады, тіптен жойы-

лып кетуі де мүмкін.

Қазіргі кездегі халықты ұдайы көбейтіп, өсірудің (репродуктивтік)

жағдайына тоқгалатын болсақ, онда еліміздегі өр отбасыңда екі немесе

үш баладан болуы керек, сонда ғана халықгың саны азаймайды. Алайда,

бүгінде дүниеге нәресте әкелу деңгейінің төмендеуі, қарттардың саны-

ның артуы, бір балалы немесе баласыз отбасыларының көбеюі, некесіз

туған сәбилер санының артуы байқалады. 80-жылдарда қалыптасқан

қағида бойынша көптеген отбасылар баланы күтуге, асырауға, жақсы

тәрбие беруге жағдай жоқ, оған баспананың тарлығы, материалдық қиын-

шылықтар, үй шаруашылығының ауырлығы мүмкіндік бермейді десе, енді

берулері ең алдымен өздері үшін өмір сүргісі келетіндерін желеу етті.

90-жылдары бала тууды шектеудің сылтаулары мен қағидаларында басқа

да үлкен өзгерістер байқалды, соның ішінде материалдық-экономикалық

себептер, ертеңгі күнге деген сенімсіздік алдыңғы қатарға шықты. Ажыра-

сулар, некеге адамдардың кеш отыруы да (35—40 жаста) бала туу саны-

ның азаюына әкеліп соғуда. Елдің әр аймақгары мен халықгың әрқилы

топтары арасында дүниеге нәресте әкелу көрсеткіштері әр түрлі. Қазақ-

стандағы экономикалық дағдарыс украин, орыс, беларус, неміс, корей,

татар диаспораларының нәрестелі болуына аса кері әсер етті. Бұларда

адамның ұдайы өсу қарқыны байқалмайды. Қазақ халқының да жағдайы

соларға жақын. Жұмыссыздық, балаларға арналған тауарлар бағасының

артуы, мемлекеттарапынан берілетін жәрдемақы мөлшерінің төмен болуы,

т.б. себептер ата-аналардың қоғам алдыңдағы ерлі-зайыптылық парызда-

рын орындау арқылы өмірге нәресте әкелу жөніндегі міндеттерін жүзеге

асыруға кедергі келтіріп отыр.

Халықтың ұдайы өсуі мен күнделікті бала тәрбиелеу жөніндегі

мәселелерді бір-бірімен ұштастыратын орта — отбасы. Ол дұрыс қалып-

таспай, сәбидің, баланың жан-жақты дамуы мүмкін емес. Оның үстіне

отбасын бұл мәселеде бірде-бір институт немесе ұйым алмастыра алмай-

ды. Отбасындағы тәрбие атаулының барлығына әке-шеше тікелей ықпал

етеді. Отбасының күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі өзара қамқорлық пен

жылылық сезім, туыстық қарым-қатынастар, басқа да жағдайлар бала-

ның бойындағы көптеген мәні зор әлеуметтік сапаларды қалыптасты-

ратын және оның дұрыс дамуына үздіксіз ықпал ететін тәрбиелік күш

болып табылады. Өйткені әке-шешенің үлгі боларлық қасиеттері ұл мен

қыздың ой-санасының, таным дүнңесінің артуына, адамшылық жақта­рының

204

орнығуына әсерін тигізбей қоймайды. Ата-ананың тәрбиесі



сәбидің туған күнінен бастау алып, оның жас ерекшеліктеріне сәйкес

күрделеніп, тәрбиенің талап-міндеттері күшейеді. Отбасыда ұлдар мен

қыздар тәрбиенің маңызды түрлері еңбек сүйгіштікке, кішіпейілділікке,

ұқыптылыққа және т.б. баулынады. Үй шаруашылығындағы еңбекке

жасөспірімдерді тарту, соған жаттықтыру арқылы оларды жұмыс істеуге,

оны сүюге тәрбиелеудің маңызы зор. Ата-ананың ішімдікке салынуы бала-

ның тұлға ретінде қалыптасуына кері әсер етіп, олардың мінез-құлықга-

рының, тәрбиесінің теріс бағыт алуына, сөйтіп жеткіншектің қылмыс

жасауына себепкер болады. Отбасындағы тәрбие рөлінің осылайша құлды-

рауы отбасы ішінде болып жататын аса өзекті өзгерістерге де тікелей

байланысты. Отбасында қалыптасқан дәстүрлі ережеден, яғни шаңырақ

иесі - ер адам деген қағидадан ауытқып, ерлі-зайыптылардың отбасын-

дағы құқығын бір деңгейге қою да ер адамның тәрбие барысындағы беделін

жойып, оның отбасы мүшелеріне ықпал ету дәрежесін төмендетгі. Осыдан

барып өкесі мен шешесі отбасындағы біртұтас тұлға деген түйсік-түсінікті

бойына қалыптастырып, сіңістіре алмаған жасөспірімдер әкесі мен шешесі

бір-біріне мүлде тәуелсіз, бөтен адамдар деп қарастырады. Әлеуметтану-

шылардың пікіріне сүйенсек, отбасы тәрбиесінің қалыптасқан бірнеше

тұрақгы стереотиптері бар: бала центризмі, профессионализмі, прагма-

тизмі. Бұлардың біріншісінде балаларға деген жалған махаббат бәрін

кешірімпаздыққа сайдырып, соған итермелейді. Мұндай отбасында бала-

лар шолжың больш өседі, тыйым салулар мен жүктелген міндеттерді мой-

ындамайды, соның ішінде ата-ананың алдындағы міндетін, борышын да

ескермейді. Әдетте осындай балалардың қалыптасуына отбасындағы ере-

сек адамдар ықпал етеді. Әсіресе бұл бір бала өсіріп отырған отбасында

және немерелерін өмірде кездесетін қиыншылықгардан қызғыштай қоры-

ған әжесі мен атасының тәрбиесіне берілген балалар бойында жиі кезде-

седі. Осының салдарынан өзіне қойылатын жауапкершілікті қабыл ал-

майтын инфантильді жас адамдар легі өсіп-жетілуде. Профессионализм-

ге келетін болсақ, онда ата-аналар балаларының тәрбиесін бала-бақша-

лары мен мектептердегі кәсіби тәрбиешілер, педагогтардың иығына ар-

тып, өздері тәрбие беруден тыс қалады. Мұндай ата-аналар өз балалары-

на материалдық жағдай жасауды ғана басты борышым деп санайды. Ал

тәрбие дұрыс болмаса, оған балалары кінәлі деп есептейді немесе өздеріне

ауыртпалық түскенде ғана тәрбие ісіне араласады. Әлбетге, мұндай ата-

аналар өз балаларына тәрбие тұрғысында ықпал етуде қатаң тыйым салу,

олар-ды балағаттау, ұрып-соғу тәсілдерін қолданады. Сөйтіп, ата-аналар

мен балалар бір-бірінен алшақтай бастайды, өзара қарым-қатынастары

бұзылады, олардың сенімі де жоғалады, бірлесе отырып талқылайтын

205


мәселелерінің шеңбері де қысқара түседі. Осылардың салдарынан мұндай

отбасындағы баланың бойында ересектермен пікір алысу тәжірибесі

қалыптаспайды, ересектермен өзара қарым-қатынас орнатудағы қабілет-

тері дамымайды да, бұл жағдай кейін баланың әлеуметтік ортамен байла-

нысуын күрделендіреді. Прагматистік тәрбие — баланы тәжірибелілікке,

істі тез шешу қабілетін арттыруға, материалдық пайда табушылыққа,

іскерлікке бағытталған. Нарықтық экономикаға көшу кезінде тәрбиенің

осы бағыттының кең түрде етек алуы әдетте қауіп-қатерге ұрындырады.

Утилитаристік тәртіпке келетін болсақ, ол әдеттегі сана деңгейінен тым

жоғары дәрежеде дамымайды, жаңа жағдайға орай соның ықпалынан шыға

алмайды. Жоғарыда баяндағанымызды түйіндейтін болсақ, отбасының

тәлім-тәрбиесінің статусы да, онда орын алған келеңсіздіктер де жас

ұрпақтың әрқайсысына көп әсер етеді. Сонымен бірге бұл жаңа адамды

дайындаудың маңызды процесінің болашақтағы қорытындысы қандай

болатынын анық көрсетеді.

Отбасының шаруашылық-экономикалық функциясы отбасылық

қарым-қатынастардың әр түрлі мәселелерін, нақты атап айтар болсақ, олар

үй шаруасын жүргізу, отбасы бюджетін құрып, жұмсай білу, тұтынуды

ұйымдастыру, үйдегі жұмысты тең бөлу проблемасы, қарт-тар мен мүге-

дектерге қолдау, көмек көрсету мен қамқорлық жасау, т.б. қамтиды. Үй

тіршілігін механикаландыру деңгейінің төмен болуы, тұрмыстық қызмет

көрсету тораптарының қызметін пайдаланудың қиындауы мен қымбат-

тауы тұрмыстағы проблемаларды ең алдымен әйелдердің иығына артты,

бұл олардың онсыз да ауыр рөлдік жағдайын қиындата түсті, дәлірек

айтқанда, әйелдердің кәсіби қызметі мен олардың отбасындағы міндетте-

рі арасында, әйел, ана және еңбекші арасында қайшылықгар туындады.

Зерттеулерге жүгінсек, жұмыс істемей отбасында отырған әйелдердің

тұрмыс-тіршілігі әйелдерді аздап болса да қызықтырады, өйткені олар

балалары мен күйеулерін күтуді маңызды шара деп есептейді. Көптеген

әйелдер ер адамдарға қарағанда жұмыс уақыттарының қысқа болуып, ал

жылдың демалыстарының ұзақ болуын қалайды.

Отбасының рекреациялық функциясы қазіргі кезде ерекше маңызға

ие болып отыр. Өмірдегі құбылыстар тез өзгерістерге ұшырап, соның сал-

дарынан әртүрлі әлеуметтік және психологиялық тұрғыда ықпал ету арта

түскен бүгінгі танда стрестік жағдайлар саны біршама көбейіп, отбасы

бұдан кейінгі ерекше терапиялық рөл атқару міндеттерін өз мойнына алды.

Өйткені әрбір отбасы жан тыныштығын, өзара сенімнің қалыптасуын,

қауіпсіздік сезімі мен психологиялық тұрғыдағы оңды ортаны қалайды,

әрі соны орнықтырады. Аталмыш функция өзіне рухани-эстетикалық

сәттерді, сонымен қатар отбасылық демалысты ұйымдастыруды да өз

206

құзырына қосып алған. Отбасы өмірінің рекреациялық мәселесі отбасы



қатынасының мәдениетімен тығыз байланысты, бұл отбасының жалпы

өміріне, оның тұрақтылығына, тіптен некенің сақталуына үлкен ықпал

жасайды.

Отбасының статустық функциясы да бар. Отбасында тәрбиеленген

әрбір адам өз отбасының мүшелеріне етене жақын кейбір статустарды

мұра етіп алады. Бұл ең алдымен тұлғаның мынандай аса маңызды ста-

тустарын: ұлтын, қала немесе село мәдениетіндегі орнын және т.б. жағ-

дайларды қамтиды. Таптық қоғамдарда отбасының белгілі бір әлеуметтік

жікке бөлінуі баланың келешек өмірін көбіне-көп анықтайтын мүмкіндік-

тер жасайды. Әлбетте, таптық статус адамның күш-жігеріне орай және

қолайлы жағдайлардың тууына байланысты өзгерістерге ұшырайды, алай-

да, адамның болашағын оның өз отбасынан іздеу керек. Ата-анасының

және туыстарының статустарына етене жақын рөлді атқара білу статус-

тарына баланы дағдыландырып, дайындауды міндетті түрде отбасы жүзеге

асыруы тиіс. Оны іске асыру барысында баланы әр түрлі жағдайларға, мүд-

делерге, құндылықгарға, өмір салтына қызықтыра отырьш тәрбиелейді.

Қорғау функциясына келетін болсақ, онда отбасы институты өз мүше-

лерін әр түрлі деңгейде физикалық, экономикалық және психологиялық

тұрғыда қарастырады. Отбасы институты қоғамдық басқа институттар-

дьщ арасында ерекше орын алады, оны жете зерттеуге де айрықша көңіл

бөлінеді. Өйткені отбасы ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалатын мәде-

ниет үлгілерін одан әрі жалғастырушы, ілгері апарушы болуымен қатар,

тұлғаны әлеуметтендірудің қажетті жағдайын да қальштастырады. Адам

әлеуметтік рөлдерді тек отбасында ғана үйренеді, білімнің негіздерін ала-

ды, мінез-құлық дағдыларын қабылдайды.

Отбасылық өмір ережелері, олардың алғышарттары мен бастаулары,

салт-дәстүрлері әр қоғамда өзіндік өзгешеліктері арқылы ерекшеленеді.

өз қоғамындағы отбасылық өмірдің құрылымы, отбасылық дәстүрі мен

бастаулары әркімге ең тәуірі, бірегейі больш көрінеді. Сөйтіп, отбасы-

лық өмір көбіне-көп этноцентризм тұрғысынан қарастырылған. Отбасы

қоғамның маңызды бөлігі болып саналады десек, онда неге адамзат бәріне

ортақ отбасы үлгісін жасамайды? деген сауал туады. Бұған жауап беру

үшін отбасы институтының шығуы мен дамуы туралы мәселені қарастыру

қажет.


Көптеген қарапайым қоғамда отбасы ешкімге ұқсамайтын бірден-бір

дара түрған ерекше өміршең және функция атқарушы институт болып

есептеледі. Айталық, қазіргі Орталық Африка тайпалары мен Солтүстік-

тің көптеген халықтарында әлеуметтік институттардың басқа елдерге тән

өзге формалары байқалмайды. Оларда әр деңгейдегі билік етушілер,

207


формалды заңдар, дін қызметшілері, мамандандырылған кәсіпкер жоқ.

Бұл қоғамдағы адамдардың бүкіл өмірі отбасында ғана өтеді. Билікті, азық-

түлікті және өзге де құнды ресурстарды бөлу мәселелері бір ғана отбасы-

ның шеңберінде, тіпті әрі кеткенде бірнеше отбасының кеңесінде ғана

шешіледі. Бір сөзбен айтсақ, қарапайым қоғамдарда әлеуметтік инсти-

туттар қанағаттандыруға тиісті физикалық және әлеуметтік қажеттіліктер

болмайды. Ондай қоғамдарға отбасы институты жеткілікті. Сайып кел-

генде, отбасы қарапайым аңшылар мен жер өңдеушілер үшін экономи-

калық өнімдерді бөлудің бірегей үлгідегі жеке-дара және жеткілікті ин-

ституты болып табылады.

Бұған қарағанда біршама күрделі мәдениет деңгейіне көшу кезінде

басқа институттық құрылымдар үлкен маңызға ие болады. Қарапайым

тайпалардың өзіне етене жақын адамдармен және өзге де көрші тайпа-

лармен сауда-саттыққа көшуі саудагерлерді, тауар тиеушілерді және т.б.

отбасы институтының шеңберінен өрбитін мамандықтарды қалыптастыр-

ды. Бұлардан сәл кейін сауда өнімдерін өндіретін арнайы шеберлер мен

қолөнершілер пайда болады. Олар кәсіби жіктелістің одан әрі іске асуы-

ньщ негізіне айналады. Пайда болған экономикалық институттар отба-

сылық рөлдер мен функциялардан тыс қызметтерді мамандандыруды

жүзеге асырады.

Қарапайым қоғамдарда тәртіпті сақтау мен орнықгыру әлі де ресми

зандардың, полиция органдарының, соттың қатысуынсыз-ақ қолдау тау-

ьш отырады. Онда отбасы ғана бедел иесі болып саналады: отбасының

ішінен сайланған бедел иесі оның өзге мүшелеріне өз билігі мен ықпалын

жүргізеді. Тайпа көлемінің ұлғаюына байланысты мәдениет те күрделене

түседі, сөйтіп енді формалды саяси ұйымдардың қажеттілігі туады. Отба-

сыларының отағалары тайпалық кеңестерге біріге бастайды, тайпалар -

конфедерацияларға бірігеді, түптеп келгенде, мұның өзі бюрократияның

пайда болып, дамуына әкеп соғады.

Сайып келгенде, қарапайым қоғамда немесе қазіргі қоғамда бол-

сын саяси ұйымдардың қалыптасуы ғана ұйымдаспай келген адамдар

тобырын бірлескен, үйлесімді саяси немесе әскери әрекеттер жасай

алатын адамдар қауымдастығына біріктіруге ықпал етеді. Дәл осын-

дай жолмен, яғни кәсіби еңбек бөлінісінің арқасында дін қызметкерлері

мен мұғалімдердің заңдастырылған рөлдері пайда болып, дін және білім

институттары дами бастайды. Адамдар мұндай тәжірибемен өте сирек ай-

налысатындықтан, бұл отбасы дәстүрімен шендеспейді. Демек, отбасы

бүкіл әлеуметтік институтардың негізі больш саналады, біз отбасы-

лардың дамуын сөз еткенде жалпы қоғамның дамуын қарастырғандай

208


боламыз. Қоғамның өзге де институттары сияқты отбасы да қоғам үшін маңызды белгілі бір функцияларды атқару үшін қабылданған нормалар мен

процедуралардың жүйесін құрайды. Бұл жағдайда отбасы неке немесе

адамдардың туыстық қатынастары арқылы байланысқан топ ретінде анық-

талады. Ол балаларды тәрбиелеуді қамтамасыз етеді және басқа да қоғам-

дық маңызы бар қажеттіліктерді қанағаттандырады. Көптеген қоғамдар-

дағы отбасы функциялары бір-бірінен соншалық деңгейде ерекшелене

қоймайды, ал отбасында қалыптасқан дағдылар мен әдет-ғұрыптар осы

функцияларды жүзеге асыруда адамдарға үлкен көмек көрсетеді. Алай-

да, бұлар мейлінше әр түрлі болады. Отбасылық өмірдің бүкіл түрлерін,

бітім-болмысын теріп жазатын болса, онда әр қоғамның отбасын құру-

дағы өзіндік ерекше формасының болғанын аңғару қиын емес.

Ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу санының өсуінен көрініп отыр-

ғандай, неке мен отбасының тұрақтамау көрсеткіші дүние жүзінің бүкіл

дамыған елдеріне тән нәрсе. Бұл урбанизация және оның халықтың

интенсивті көші-қонына тигізетін әсері, әйелдердің эмансипациясы, ғы-

лыми-техникалық төңкерістің ықпалы, әлеуметтік-экономикалық, мәде-

ни, этникалық, діни сипаттағы себептер арқылы түсіндіріледі. Қазіргі

уақытта отбасы институты аса ауыр жағдайды басынан кешіріп отыр.

Отбасын сырттан тұрақтандыратын көптеген алғышартгар, атап айтсақ,

әйелінің күйеуіне экономикалық тәуелділігі, ажырасуға заң, дін, мораль

тұрғысында тыйым салулар немесе әрқилы кінәлаушылықгар жойылды.

Мұндай жағдайда некенің тұрақтылығын сақтаудағы отбасына тән ішкі

алғышарттардың маңыздылығы артады. Әлеуметтану зерттеулері көрсет-

кеніндей, ажырасуға көбінесе ерлі-зайыптылардың арасында болатын әр

түрлі өзара шиеленістер (жанжал) ықпал етеді. Ерлі-зайыптылардың өзара

қарым-қатынастарының бірнеше деңгейлері бар. Сол деңгейлерде, яғни

өзара үйлесім таппаған жағдайда олардың арасында шиеленістер бой

көрсете бастайды. Оның біріншісі - психофизиологиялық деңгей. Мұнда-

ғы үйлеспеушілік жыныстық қарым-қатынастың бұзылуынан байқалады.

Жалпы бұл құбылыс өте жиі кездеседі, алайда көптеген зерттеушілер оны

ажырасудың негізгі себебі деп қарастырмайды. Психологиялық деңгей

кезінде отбасында әрқилы жағымсыз ахуалдардың пайда болатындығы

байқалады, бұл үнемі кездесіп, қайталаньш тұратын отбасындағы ұрыс-

керістен, бір-біріне тиісуден, ашушандықтан құралады. Мұндайда ата-ана

өзінің алаалмаған ашу-ызасын балаға төгеді. Үшіншісі әлеуметтік-рөлдік

деңгей. Бұл деңгейде отбасындағы ымырашылдық, сыйласымдық пен

тұрақтылықгың бұзылуы мына белгілерден байқалады: отбасылық-тұрмыс-

тың ауыртпалықтардың кімге түсегіндігі мен міндеттерді қате түсіну, оны тең бөлмеу, қиыншылықты бірлесе отырьш көтермеу, отбасылық укладтың

209

жөн-жосықсыздығы секілді көріністер. Төртінші — әлеуметтік-мәдени



деңгей. Мұнда шиеленістер ерлі-зайыптылардың бірін-бірі түсінуден қалуы,

сыйламауы, қызығушылықтың жойылуы немесе қарым-қатынасқа қана-

ғаттанбау, оның өмірлік құндылықтарын, идеалдарын қабылдамау сипа-

тында орын алады.

Қай деңгейде болмасын шиеленісті тудыратын себептер аса мол, әрі

оның түрлері мен сипаттары да аз емес. Десек те, сол себептердің мезгілге

орай пайда болуына байланысты оларды екі үлкен топқа бөлуге болады.

Оның алғашқысы - отбасын құрғанға дейінгі объективті түрде қалыптас-

қан өзара қарым-қатынастардың, некеге тұрғаннан кейін, бірлесіп өмір

сүрген кездегі және ортақ шаруашылықты жүргізу тұсында пайда болған

себептер. Екінші топтағы себептерді тәуекел етудің алғышарттары деп

атайды. Өйткені некеге отырғанға дейінгі қыз бен жігіттің танысуы кезінде

қалыптасқан іңкәрлік сезім мен сыйластық ажырасуды біршама тежейді.

Тәуекелдің алғышарттары адамның кемел тұлғалылығына, оның шыққан

тегіне, алған тәрбиесіне, некеге отыру кезіндегі щарттарына тікелей бай-

ланысты. Тәуекелдік алғышарттарға: ерлі-зайыптылардың білімі мен жас

мөлшеріндегі айырмашылықгар; ерлі-зайыптылардың бірінің маскүнем-

дікке салынуы; некеге, жалпы отбасына немқұрайлы, жеңіл-желпі қарауы;

некеге аса жас кезінде тұрудың себептері, бір-бірін жете танып-білудің

ұзаққа созылмауы; некеге отыруға ата-аналардың қатаң қарсы болуы;

өзара келісімсіз, қысыммен некеге отырулар жатады. Бұл алғышарттар-

дың қалай жүзеге асып жатқаны бірлесіп өткізген ғұмырларының алғаш-

қы жылында-ақ өзін байқата бастайды. Зерттеулердің қорытындыларын

сараласақ, жас адамдардың біраз бөлігі некеге отырғанда отбасына жат

әрекеттерді басшылыққа алып, соларға сүйенген. Мысалы, ата-анасының

жанынан, сол өзі өскен отбасынан кетуге, өз бетінше жеке-дара жауапты

қадам жасауға, біреуден кек алуға немесе тандап алған досына серік бо-

луға ниеттенеді. Әлбетте, некеге бұлайша атүсті, жауапкерсіздікпен қарау,

бірігіп түтін түтетуге сай келетін мақсат-мүдделердің болмауы, түптеп

келгенде, ерлі-зайыптылардың алдына біршама қиыншылықгарды то-

сады. Олар - отбасының өзін-өзі билеуі, ерлі-зайыптылық рөлдерді анық-

тау, әрқайсысының отбасының ішіндегі статусын, өздерінің ортақ мақ-

саттарын белгілеу жөніндегі міндеттері. 20 жастан аспай үйленгендер ара-

сында некеге отырудың психологиялық дайындығының болмайтыны

анықталған. Жас отбасы әдетте ата-анасынан бөлініп кетпейді және бас-

тапқы кезде материалдық жағынан әке-шешесіне тұтастай тәуелді болады.

Мұндай жағдайда жаңадан отау көтерген жастар арасында өз тіршіліктерін

өз беттерінше қамтамасыз ету, ондағы отағасылық, билік, үй болған жас-

тар арасындағы және олармен бірге тұратын ата-аналарымен өзара дұрыс

210


қарым-қатынас орнату проблемалары туындайды. Бұл проблемалар ерлі-

зайыптыларды қалай болған күнде де әрқилы шиеленістерге әкеліп

соқгырады.

Ерлі-зайыптылардың ажырасу себептерінің арасында олардың бір-

бірінен көңілдерінің сууы және осының негізінде алғашқы махаббат

сезімінің жойылуы да жиі кездеседі. Бұл көбінесе үш айдан алты айға дейін

ғана таныс болып, бірін-бірі жете білмей үйлене салғандар арасында ұшы-

расады. Демек, некенің беріктігіне, босағаның солқылдамауына теріс әсер

ететін бірнеше алғышарттардың отбасын құрмай тұрып қалыптасуы да

ықтимал. Десек те, екі жастың бірлесіп өмір сүру кезінде қалыптасатын

бірқатар себептер ерлі-зайыптылардың ажырасуына ықпал етеді. 25-30 жас-

тағы ерлі-зайыптылар арасында некенің бұзылуы көптеп кездеседі. Осы

жастағы ерлі-зайыптылардың тұрмыс-жағдайлары жақсы болғанымен,

оның үстіне бір-бірін түсінісіп, кемшіліктерін де біршама тәуір біліп

қалғанына қарамастан, әлдебір себептердің түрткі болуы арқылы олар

бірге тұрудың мүмкін еместігіне көз жеткізеді де, ажырасып тынады.

Сонымен бірге айта кететін бір жай, бұлар толыққанды жаңа отбасын

құрудың жөн-жосығын біле бермейді және де балалы болып, оны тәрбие-

леуге де тәжірибелі емес. Ажырасудың үлкен бөлігі 40 жастың мөлшеріне

тура келеді. Бұл кезде олардың балалары ер жетеді де, енді солар үшін

ғана отбасын ажырасудан сақтап қалудың қажеттілігі болмайды, оның

үстіне ерлі-зайыптылардың кез келгені басқа бір адаммен көңіл жарас-

тырьш, екінші отбасып құрауы мүмкін. Екеуара бас қосып, түтін түтет-

кен алғашқы бес жыл ішінде ерлі-зайыптылардың ажырасуы жиі кездеседі.

Отбасында балалардың болуы некенің бұзылмауына тікелей ықпал етеді.

Көп балалы отбасыларда, яғни 3-4 балалары барларда ажырасу пайызы

басқаларға қарағанда әлдеқайда төмен болады.

Ажырасуға әкеліп соқтыратын себептерді негізінен үш топқа бірік-

тіруге болады. Оның бірінші тобында - тұрмыстық ахуал, яғни баспана

жағдайы, ерлі-зайыптылар арасында біреуінің үй шаруашылығьш жүргі-

зуге икемінің жоқгығы, немесе соған ықыласының болмауы, материал-

дық жағынан қамтамасыз етілмеуі, содан барьш екеуінің еріксіз бөлек

түруы себепкер болса, екінші топта тұлғалар, яғни ерлі-зайыптылар ара-

сындағы кикілжіңдер мен содан туындайтын шиеленістер ықпал етеді.

Дәлірек айтсақ, бұған махаббат сезімінің жойылуьш, отбасындағы өрес-

келдікті, өмірге көзқарастың әр түрлі болуын, ерлі-зайыптылардың бірінің

ауруға шалдығуын, қызғаншақгықты, күмәншылдықты жатқызуға болады.

Осы топтағы ең басты алғышарттардың бірі - ерлі-зайыптылардың бір-

біріне өрескелдігі мен өзара сыйласпаушылығы. Күйеулері маскүнемдікке

салынған, өздеріне өрескел қылық көрсеткен, ұрьш-соғып қорлаған,

211

қорқытқан және т.б. әрекеттерге барған ер адамдардың әйелдері осы се-



бептерге орай ажырасады. Ер адамдар үшін, әдетте, әйелдер өрескелдік

танытса, онда бұл басқаша мазмұнға ие болады. Бұл дегеніміз ең алды-

мен күйеуін сыйламау, оның қабілетіне сенбеу, оның не нәрсеге қызыға-

тындығымен есептеспеу, өндірістегі немесе кәсіби қызметіндегі табыста-

ры мен сәтсіздіктеріне немқұрайлы қарау, сөгіп-мұқату, ұсақ-түйек қам-

қорлық жасағансу, күйеуінің достарына құрметтің көрсетілмеуі және т.б.

Екеуінің өмірге деген көзқарастарының әр түрлі болуы, мінез-құлықгың

сәйкеспеуі деп аталатын алғышарттар, міне, тікелей осындай көріністер-

мен ұштасып жатыр. Бұл әйелдерге қарағанда ер адамдар үшін аса маңыз-

ды. Үшінші топтағы себептерге сыртқы алғышарттарды, яғни ерлі-зай-

ыптылардың теріс жолға түсіп, көзге көп салуын, ажырасуға бірден-бір

себепкер болған жаңа отбасын құруға ниеттерінің ауғандығын немесе жаңа

сезімнің пайда болуын, бұған ата-аналарының және өзге де адамдардың

араласуын жатқызуға болады.

Үшінші топтағы алғышарттардың бәрі де, әлбетте, бір-бірімен тығыз

ұштасып жатады. Айталық, көзге шөп салу біреуіне екіншісінің көңіл аудар-

мауының кесірінен туындаса, ал өрескелді үй шаруасындағы келіспеушілік

содан өрбіген ырың-жырындық және т.б. жағдайларға орай өріс алады.

Адамдар өз табиғатына орай отбасыларының ыдырауына әр түрлі

тұрғыда қарайды. Зерттеушілердің жасаған тұжырымдары мен берген ба-

ғасына қарағанда еңбек белсенділігінің төмендеуі, жүйке стресінің жоға-

рылау мүмкіндігі, психологиялық өзгеріске түсуі ажырасудың кеңінен

тараған негізгі себептері болып табылады.

Демек, некенің тұрақсыздығы отбасын құрамын деушілер үшін де және

отбасы ыдырағандар үшін де аса өткір проблемаларды алға тартады. Соны-

мен бірге ажырасуды тек жағымсыз құбылыс деп қарауға болмайды. Өйткені

некені бұзу жөніндегі әркімнің еркіндігі отбасы-неке қатынастарындағы

әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудің бірден-бір құралы, олардың мораль-

дық негіздерін сақгаудың тұғыры болып саналады. Әрине, ажырасу жөнінде

берілген еркіндікті асыра пайдалану да жақсы емес. Себебі адамдардың әр

жағдайға байланысты ажырасуының орын алуы табиғи құбылыс дейтін

болсақ, онда ажырасуды негізсіз қаралай беруге де жол бермеу қажет.

Әлбетте, әр адам отбасы проблемасын жеке өзі шешеді. Іргетасым

мықты болсын десең, оның негізінде, бұрынғы бабаларымыз айтқандай,

шынайы махаббат, түсіністік, төзімділік жатуы керек. Кесе-шәйнек сыл-

дырады екен деп бақан ала жүгіріскенше, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің

қабағын баға білгені, бір-бірін айтқызбай-ақ қабақтан түсінгені жақсы.

---------------------------------------------------



* ӘбсаттаровР. Отан отбасынан басталады // Ақиқат. 1996. № 3. 22-6.

212


Ойымызды тұжырымдасақ, қазіргі отбасы-неке қатынастарында

негізгі үш мәселенің басын ашып, бөле-жара қарауға болады. Оның бірін-

шісі — отбасының тұрақтылығы проблемасы, екіншісі — бала туу мәселесі

және үшіншісі - тұрмыс саласындағы проблемалар. Алайда, ажырасу-.

дың жоғары деңгейге жетуінің өзі некенің институт ретіндегі ыдырауы

немесе жалпы отбасының дағдарысы да емес. Бұл жерде әңгіме отбасы-

лық қатынастардың сапасы туралы ғана больш отыр. Отбасы қатынаста-

рының сапасы оның типтері, онда қалыптасқан мінез-құлық, жүріс-тұрыс

түрлері арқылы да анықталады.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет