Қазақстан республикасы


Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері



жүктеу 8.14 Mb.
бет16/26
Дата19.09.2017
өлшемі8.14 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
2. Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
Отбасының құрылымдық типтері - ерлі-зайыптылық, тұрмыстық

және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан құбылыс.

Сондықтан отбасы құрылымын оның мүшелері арасындағы өзара қарым-

қатынастар, рөлдерді бөлісу мен ішқі билікті жүргізу анықтайды. Бұл

тұрғыдан алғанда оның ең кең тараған түрі — нуклеарлық немесе ерлі-

зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі-зайыптылар мен олардың балала-

ры құрайды, яғни мұндай отбасында екі ұрпақгың өкілдері өмір сүреді.

Отбасының бұл түрінің аса көлемді етек алуына әлемдегі қазіргі таңда

кеңінен жүріп жатқан индустрияландыру мен урбанизация процестері

себепші болып отыр. Туыстық жағынан алғанда бүгінгі тандағы отбасы-

ның тағы бір түрі - кеңейген немесе туыстық тұрғыдан жақын отбасы-

лар. Мұнда ерлі-зайыптылар өз балаларымен, ата-аналарымен, бауырла-

рымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді. Отбасының құрамы

мен құрылымының осылай өзгеруі отбасылық-туыстық байланыстардың

әлсірегені емес пе деген қорытынды жасауға да итермелейді. Конттың

пікірі бойынша, отбасындағы адамдардың жас ерекшеліктеріне қарап

балаларды ата-аналарына және әйелдерді жыныстық белгісі бойынша ер-

кектерге бағындыру тиіс. Бүгінгі таңда осы екі параметрлер де түбегейлі

түрде өзгеруде. Жастар өз беттерінше өмір сүрулері үшін ата-аналары-

ның отбасынан ерте кетеді, әке-шешесінің мамандығына сәйкес келмейтін

басқа кәсіпті таңдайды. Әйелдердің эмансипациясы отбасының иерар-

хиялық тұрғыда ұйымдасуына, ыдырауына өз әсерін тигізді. Осыған

байланысты отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу

және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақ-

талған. Оның біріншісі - дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Мұндай

отбасында кем дегенде үш ұрпақтың өкілдері тұрады, билікті, яғни ли-

дерлікті жасы үлкен ер адам өз қолына алады. Дәстүрлі отбасына ммынан-

дай сипаттар тән:

213

- ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы болып са-



налады, оның қожайындығы басым;

- әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі;

— отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндетте-

рінің бекітілуі (ер адам асыраушы, әйел отанасы). Мұнда үй шаруасы мен

бала тәрбиесі негізінен әйелдің иығына түседі.

Қазіргі кезде осындай отбасылардың құрылымын демократияланды-

ру процесі жүріп жатыр, әсіресе ер адамның отбасындағы авторитарлық

билігі жойылуда. Алайда, тұрмыста әлеуметтік теңсіздік әлі де сақгалып,

ол бірден-бір өткір мәселе болып отыр. Отбасындағы билікті, т.б. бөлуге

орай қалыптасқан отбасының екінші түрі — эгалитарлық немесе демок-

ратиялық отбасы. Бұл отбасына:

- үй шаруасына қатысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең,

әділ бөлінуі;

— ерлі-зайыптылардың тұрмыстық мәселелер бойынша бірлесіп

шешім қабылдауы;

- демалыстарын бірге өткізуі, балалар тәрбиесіне бірдей қатысуы тән.

Отбасыларының өтпелі типтері де бар. Онда ер адамның өз рөлін ат-

қарудағы алға қойған мақсаты оның нақгы тәртібіне қарағанда дәстүрлі

сипатта болады, демократиялық мақсатта рөл атқаратын ер адам керісінше

үй шаруашылығымен айналысуға аз қатысады.

Сайып келгенде, қазіргі отбасында әйелдердің кәсіби қызметпен жап-

пай айналысуына байланысты әйелдердің дәстүрлі рөлдерінің өзгеруімен

бірге ер адамдардың рөлдері де басқа сипатқа ие болады. Бұған Батыс

Еуропа елдеріндегі ер адамдардың баланы күтіп-бағу үшін демалысқа

шығуы дәлел бола алады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың жаңа осы жағ-

дайды қалай қабылдайтынын, отбасындағы лидерлікті шешетін отбасы-

лық міндеттерді қайта бөлуге дайындығын анықтаудың маңызы да зор.

Ата-ана - ерлі-зайыптылар туыстық өлшемдермен анықталатын отбасы

құрылымының типтері алуан түрлі болуымен қатар, оның әкенің немесе

шешенің қайсыбір қасиеттеріне байланысты екендігін де атап көрсетеді.

Осыған байланысты этноәлеуметтануда, отбасы және туыстық әлеумет-

тануында әлеуметтік әкелік және физиологиялық әкелік және дәл сон-

дай дәрежеде шешелік деп бөлу қабылданған. Отбасы топтарын патри

немесе матрилокалдандыру принциптері негізінде фамилияны, мүлік-

дүниені, әлеуметтік жағдайды әкесі немесе шешесі жағынан мұралану

патрилиниялық және матрилиниялық отбасылар деп екіге бөлінеді.

Ерлі-зайыптылардың немесе олардың ата-аналарының, туыстарының

алатын орнына қарай отбасылар гемогенді және гетерогенді болады.

Гемогенді отбасында ерлі-зайыптылар бірдей әлеуметтік жіктен шыққандар

214


болса, ал гетерогенді отбасында олар әр түрлі әлеуметтік топтардан,

касталардан, таптардан тарайтындар. Отбасы мен некені әлеуметтік және

демографиялық белгілерінің ерекшеліктеріне қарап гомогамдық отбасы

және гетерогамдық отбасы деп бөлу әдісі де қолданылады. Гомогамдық

отбасы мүшелерінің ұлты, жас мөлшері, кәсібі, білімі, т.б. біртектес

болса, ал гетерогамдық отбасында бұл көрсеткіштер керісінше әр түрлі

болып келеді.

Отбасы кеңістік-аумақтық, яғни тұрған мекен-жайына қарап патри-

локалды және матрилокалды болып бөлінеді. Патрилокалды отбасында

жас жұбайлар күйеуінің әкесінің үйінде тұрады, матрилокалды отбасын-

да келіншек пен күйеу жігіт әйелдің ата-анасының үйін бірге мекендейді.

Эванклюлелокалдық отбасы ерлі-зайыптылардың ағасының немесе

әпкесінің отбасымен бірге түрумен сипатталады. Жас жұбайлар ата-ана-

ларынан мүлдем бөлек тұратын болса, онда оны неолокалды отбасы дейді.

Әр қоғамдағы некенің түрлері да әр түрлі болады. Алайда, кез келген

қоғамда адамдар бас қосып, шаңырақ көтерердің алдында әр түрлі кедер-

гілерге тап болады, олар бір-бірін сынап, байқайды және некеге отырар

алдында соған дайындалады, осы шаралар барысында болашақ жұбайлар

өз тандауының дұрыс-бұрыстығын тексеріп, оның көңілге қонымды, оңды

екендігіне көз жеткізеді. Өйткені некеге тұрған адамдар енді бірлесіп

шаруашылық жүргізуге және балаларды тәрбиелеуге ден қоя бастайды,

соған бел буады. Некені әлеуметтік тұрғыда мойындалған тәртіптің үлгісі

ретінде анықтауға болады, себебі соның көмегімен екі немесе бірнеше

адам отбасын құрайды. Некеге отыру ерлі-зайыптылардың балаларды

дүниеге әкелу және оларды тәрбиелеу деңгейімен ғана шектеліп қалмай-

ды, ол басқа да көптеген құқықтар мен міндеттерді белгілеп, бекітеді. Неке

арқылы сол қоғам олардың ерлі-зайыптылық, ата-аналық қарым-қаты-

настарын да реттеп отырады. Десек те, әр қоғам отбасындағы тәртіп

үлгілерінің өз құрылымы мен қағидаларына сай жүйесін дамытады, бұл

үлгілер тарихи себептерге байланысты болады әрі нақты экономикалық

негіздерге арқа сүйейді.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, некенің байланыс үлгілері қоғамдағы

басқа да мәдени үлгілерге қарағанда этноцентризмге қарай біршама бой

алдырған. Осыған дәлел ретінде мынандай мысал келтірелік. Қазіргі таң-

дағы кейбір қоғамда болашақ жұбайлар алдын ала бірін-бірі көрмей, кез-

деспей-ақ құда түсу арқылы да некеге отыра береді. Олар бірін-бірі ұната

ма, жоқ па, бұл мәселені қоғам қалай біліп, бағалайды, олардың сезімі

ешкімді неге қызықтырмайды деген сұрақгардың туындауы әбден мүмкін.

Біз осылай деп ойласақ, басқа мәдениеттегі адамдар дәл біздей тұжы-

рым жасайды және дәл осылай сезінеді деп санасақ, ол этноцентризмнің

215


әдеттегі қателігі болып табылады. Біздің қоғамда жұбайлардың түтін түтету

қарсаңындағы қадамына алғашқы кезде жастардың арман-қиялынан туған

сезім көрінісі ретінде қарайды, үйренісе келе адамдар махаббатқа кенеледі

деп түсінеді. Алайда, ертедегі классикалық Қытай мен олардың қазіргі

отбасыларында қыз, мысалы, ата-анасы таңдамаған адамға тұрмысқа

шығуды оғаш, ақылға қонбайтын нәрсе деп қарайды. Этноцентризм ба-

ғытын ұстайтын біздер басқа қоғамда қалыптасқан тәртіпке, болашақ

жарып тандауға еркі жоқ жастарға жанашырлық, аяушылық білдірсек,

олар, керісінше, ата-анасының қамқорлығынан, билігінен шығып кеткен-

дер деп біздің жастардың өзін сөгеді. Алайда, екі жақтың да жастары

мұндай аяушылықтарды өздеріне қажет деп санамайды.

Әрбір қоғам некеге отырар жастарға тандау берерде отау тігушілердің

өздеріне қандас шағын топқа жатпайтын, бөтен жердегі адамға үйленуіне

ғана рұқсат етеді. Бұл құбылысты экзогамия деп атайды. Біздің қоғамда

жақын адамдардың қандарының араласып кетуінен сақтандыру үшін

осындай шектеулер қойылады. Біздің адамгершілік нормаларымыз өзіміз-

дің қандас қарындастарымызға және өзге де жақын туыстарымызға үйле-

нуге тыйым салады. Қазақта жеті атаға толмай қыз алысып, қыз берісуге

тыйым салынған норма әлі күнге дейін сақталып келеді. Көптеген қоғам-

дарда өз ағайынының, руының, тіпті тайпасының, ауылының ішінен жұбай

тандауға тыйым салынған.

Өмірде осыған кереғар келетін талаптар да кездеседі. Некеге отырар

кезде тек өз тобының ішінен ғана жұбай тандауды талап ететіндер де бар.

Мұндай мәдени үлгі эндогамия деп аталады. Ағайындық, ауылдық неме-

се тайпалық эндогамия көбіне-көп қарапайым қоғамдарда кездеседі.

Қазіргі қоғамға, ондағы бірқатар талаптарға келсек, нәсілдік эндогамия

немесе қоғамның төменгі жігінен жұбай тандауға тыйым салатын сосло-

виелік эндогамия кеңінен тараған. Эндогамия - таза түрінде касталық

типтегі жабық топтарға тән. Эндогамда некемен байланыстыру арқылы

олардың өз ішіндегі жабықгығы сақталады. Экзогамиялық және эндога-

миялық некелермен қатар некенің моногамия және полигамия деген

түрлері де бар. Моногамияда бір ер адам бір ғана әйелмен некеде тұрады.

Бұл форма ағылшын, т.б. халықгар үшін ерлі-зайыптылықгың ең өрке-

ниетті түрі болып саналады. Алайда, көптеген қоғамдардың дамуында

некенің полигамияльщ түрі де орын алды. Полигамия - бұл жұбайлардың

бірінің, яғни бір әйелдің бірнеше ер адамдармен немесе бір ер адамның

бірнеше әйелмен некеде болуы. Теориялық жағынан алғанда полигамия-

ның үш формасы болуы мүмкін. Оның біріншісіне топтық неке жатады.

Мұнда бірнеше еркек және бірнеше әйел бір мезгілде өзара некелік қаты-

наста болады. Кейінгі уақытқа дейін некенің бұл формасы кеңінен тараған

216

еді, ол, мысалы, Маркиз аралдарында қазір де кездеседі. Полиандрия поли-



гамиялық некенің өте сирек кездесетін түрі болып табылады. Бұл некеде

бірнеше еркекпен бір ғана әйел тұрмыс құрады. Бұған Тибет пен Оңтүстік

Үндістандағы отбасылардың әдет-ғұрыптары мысал бола алады. Мұнда

күйеуге шыққан әйел автоматты түрде күйеуінің аға-інілеріне де әйел

больш, бәрі бірге тұрады. Оңтүстік Үндістандағы отбасындағы полианд-

рияның сақгалуы демографиялық жағдайға талдау жасағанда анықгал-

ды. Ер адамдар санының әйелдерге қарағанда әлдеқайда басым болуы осы

аймақга полиандрияның сақгалуына себепші больш отыр.

Полигиния немесе бір еркектің көп әйелге үйленушілігі полигамдық

некенің кеңінен тараған соңғы, үшінші түріне жатады. Бүгінгі Еуропа мен

Солтүстік Америка өкілдерінің көп әйел алушылың жөніндегі пікірлерінде

этноцентризм басым. Бүгінгі қоғамдағы көптеген адамдардың пікір-та-

ластарына ден қойсақ, некенің мұндай формасын дәріптеу әйелдердің адам

санатына қосылмауына, олардың күңге айналуына әкеліп соқгырады.

Сөйтіп, бұл бұрын-сонды болмаған каталдық пен ашу-ызаның бір көрінісі

іспетті қарастырылады. Алайда, фактілер кері дәлелдерді алға тартады.

Әйел қай қоғамда жоғары мәртебеге (статусқа) жетеді ~ полигамиялық

па, әлде моногамиялық неке формасы қалыптасқан қоғамда ма, ол жағын

ашып айту қиын. Өйткені, біріншіден, полигамиялық отбасы кеңінен та-

раған қоғамның өзінде некелер әдетте моногамдық больш табылады.

Жоғары статусқа ие болған, мүмкіндігі бар адамдар ғана бірнеше әйел

ала алады. Екіншіден, әйелдердің арасында атқаратын міндеттер нақты

бөлінген, бірінші әйелдің, яғни бәйбішенің күйеуіне, оның тыныс-тір-

шілігі мен тәртібіне елеулі түрде ықпал жасауы жиі кездеседі. Барлық

әйелдерінің күнделікті тұрмыс-тіршілігі барынша қамтамасыз етілген,

сондықтан да олар өздеріне бүдан өзге артық үлесті тілемейді де.

Алғаш түтін түтеткен сәттен бастап, ерлі-зайыптылардың ақгық дем-

дері біткен кезге дейінгі отбасындағы өзгерістерді есепке алар болсақ,

оньщ құрылымында көптеген айырмашылықгар больш тұрады. Отбасы-

ньщ бүкіл өмірінде болатын өзгерістер мен оның қаншаға созылатынын

анықтайтын параметрлерді енгізу «отбасының циклдік өмірі» ңемесе «от-

басьшьщ өмірлік циклдары» тұжырымдамасын біртіндеп қалыптастыр-

ды. Отбасының циклдік өмірі әр түрлі критерийлерге байланысты құры-

лады. Оларды таңдап алғанда оның тек циклдылығын, яғни отбасылық

оқиғалардың үнемі қайталануын көрсететіндерді ғана ескеру керек. Бұл

жерде отбасында күнделікті болатын миллиондаған жағдайлар оқиғалар

ретінде түсіндірілмейді, керісінше, отбасы құрылымын өзгертуге мәнді

ықпал жасайтын ең маңызды ситуациялар ғана ұғындырылады. Отбасын-

да нәрестенің дүниеге келуі және отбасы мүшелерінің қайтыс болуы,

217


біреулерінің отбасында болуы немесе болмауы ең қажетті және маңызды

оқиғалар қатарына жатады. Сөйтіп, отбасы оқиғаларының жиынтығы от-

басының циклдік өмірінің негізгі кезендерін құрайды. Әлеуметтік инсти-

тут тұрғысында бірнеше фазаларды қамтитын өмірлік циклдары мына-

лардан тұрады:

1) Қальштасу фазасы. Бұл фазаны некеге алғаш рет отыру мен бірінші

баланың дүниеге келуі төңірегіндегі оқиғалар сипаттайды;

2) Өсіп-өну (көбею) фазасы. Бұны бірінші баланың дүниеге келуі мен

соңғы баланың тууы сипаттайды;

3) Өсіп-өну фазасының, аяқгалуы. Бұл фазаны соңғы кенже баланың

дүниеге келуі мен тұңғыш баланың ата-анасының шаңырағынан бөлініп,

жеке отау құруы сипаттайды;

4) Азаю фазасы. Тұнғыш баланың ата-анасының үйінен бөлініп, жеке

түтін түтетуі және соңғы баланың ата-анасының үйінен бөлініп кетуі

сипаттайды;

5) Азаюдың аяқгалу фазасы. Соңғы кенже баланың ата-ана үйінен

бөлек шығуы және бірінші жұбайдың қайтыс болуы оқиғасымен сипат-

талада;

6) Отбасының ыдырау фазасы. Бірінші жұбайдың қайтыс болуы және

одан ұзағырақ өмір сүрген екінші жұбайдың да қайтыс болу оқиғасы

сипаттайды;

Некелік жүріс-тұрыс некеге деген қажеттікті қанағаттандыру мақса-

тындағы және некелік жұбайды таңдауға байланысты жүріс-тұрыс больш

табылады. Некеге отыратын жар тандау дегеніміз де тұтас бір процесс,

оның нәтижесінде некеге отырар адамды таңдау мүмкіндіктерінің жиын-

тығынан қайсыбір тәсілмен бір ғана жұбай тандап алынады да, күйеуі

(әйеді) болады.

Некеге отыратын жар таңдау нақты тарихи процесс, ол қоғамда бар

экономикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-мәдени және басқа да жағдайлар-

ға нақгы тәуелді. Некеге отыратын жар тандау процесінің негізгі ерекше-

ліктері әр түрлі мәдениеттерде және тарихи дамудың әр түрлі сатысында

болатын жар таңдау мүмкіндігін сақгаған кеңістікке және өзінің жеке жар

таңдау еркіндігі деңгейіне байланысты. Бірінші қатынаста, яғни некелік

жұбайды таңдау мүмкіндігі бар кеңістікті анықтауға орай, барлық мәде-

ниеттер қайта некеге отыруға рұқсат етумен немесе оған жол бермеумен

өзгешеленеді. Егере некеге қайта отыруға жол берілсе, некелік жұбай



-------------------------------------------------------

1. АнтоновА. И., МедковА. И., НетрусовМ. А. Демография семьи — проблемы моделирования семейного цикла жизни // Вестник МГУ. Сер. 18. Социология и политология. 1997. № 2. С. 105.

218


тандауды жүзеге асыратын жиынтық өзіне некеге тұрмағандарды да, не-

кеге отырғандарды да қосқандықган мейлінше ауқымды кең болып келеді.

Бұл жердегі ереже бойынша ер немесе әйел адам үшін некеде тұруына

немесе тұрмауына қарамастан әрдайым олардың басы бос болады. Аме-

рика әлеуметтанушысы Б. Фарбердің пікірінше, әрбір адам теориялық

тұрғыдан алғанда жынысы басқа барлық өзге адамдардың үнемі потенци-

алды жұбайы болып табылады. Бұл жердегі маңызды жағдай некеде тұрған

адамның кейінде некеге отырып жұбай болу мүмкіндігін сақгауы. Ал,

екінші рет некеге отыруға жол бермейтін мәдениеттерде дәстүрлі, қатаң

моногамиялық жар таңдау мүмкіндігі сақталған кеңістікке некеде тұрған

адамдарды қоспайды. Бұл кеңістікке адам саж немесе заң бекіткен некелік

жасқа жеткенде ғана енеді және одан некеге отырғаннан кейін ғана шы-

ғады. Қазіргі қоғамда, яғни еуропалық, батыстық типтегі қоғамда жесір

қалған адамның екінші рет некеге отыруы қиындатылған қатаң монога-

миядан екінші рет некеге түру әдеттегі іс болып саналатын сериялық мо-

ногамияға өту тарихи тенденция болыр отыр. АҚШ-та 80-жьщдардың орта

тұсында бүкіл некеге отырғандардың 46%-і екінші рет үйленуі соған дәлел.

Екінші қатынасты, яғни жеке жар тандау еркіндігі деңгейіне қатыс-

тының бәрін айтар болсақ, онда әр түрлі қоғамдар арасында үлкен өзге-

шеліктердің барлығы байқалады. Кейбір мәдениеттерде, жас адамдар

кімдердің қамқорлығында болуына орай ата-аналары немесе өзге туыс-

тары ұйымдастырған некелерге отыру жаппай етек алған. Басқа мәдени-

етте еркін жар тандау басым болғандықган некеге отырушылардың өздері

жар тандаудьщ негізгі агенттері больш табылған. Алайда, қандай жағдай-

да болмасьш некеге түру, болашақ жүбайды таңдау әркімнің өз еркінше

жүргізілмейді. Некеге отыру және некелік қосақгы тандау мәдени, әлеу-

меттік, психологиялық алғышарттарға, тіптен кейде әлеуметтік-бология-

лық сипаттарға да байланысты болады.

Бұлардың арасында ең кең тарағаны және аса қуаттысы - мәдениет-

танулық алғышарттар. Эндогамиялық және экзогамиялық ережелер деп

аталатын алғышарттар мәдениеттанулық алғышарттардың аса маңызды-

сы болып саналады. Этнология ғылымында бұл ұғымдар бір тайпадағы

рулар арасында некеге отыратын жар тандаудың қалай және қандай си-

патга жүретінін анықтауда қолданылады. Оның функционалдық рөлі -

болашақ қосағын тандау мүмкіндігінің шектелуі, некеге отырьш, бір-

біріне жұбай болуға тыйым салынғандар санаттан шығарылып тасталы-

нуы арқылы анықгалады.

Әлеуметтануда бұл ұғым қазіргі уақытта некеге отыратын жар тандау

процесін сипаттау үшін тек шартты түрде және шектеулі дәрежеде ғана

қолданылады. Бұл жерде эндогамия ережесі бойынша өзіне жар болатын

219

жұбайды өзінің этникалық тобынан таңдаумен қатар, әр түрлі қауымнан



қалап алу нақты ұйғарым болып саналады. Ал экзогамия ережесі бойын-

ша өз отбасы арасынан, яғни сол топ ішінен екі адамның некеге отыруы-

на тыйым салынады, жақын туыстарының арасында некелік қатынастар

орнатуға жол берілмейді. Эндогамия ережесін кейде эндогамиялық қысым

деп те атайды. Ол әсіресе, этникалық немесе нәсілдік тегі жөнінде әңгіме

қозғалғанда өте күшті және қатаң түрде қолданылады. ТМД елдерінде

өзге ұлтгың өкілдерімен тұрмыс құру мысалдары аз емес. Бұл - эндога-

мия ережесінің әрекеті екенін аңғартады. Ал АҚШ-та эндогамия ережесі

этникалық емес, керісінше, адамның нәсілдік тегін саралағанда қолда-

нылады. Мысалы, 1990 жылы 50 млн. астам некеге отырған жұптардың

тек 1,8%-і ғана нәсіларалық болған, соның қара-ақ жұптары, яғни ақгар

мен афро-америкаңдықгардың арасындағы неке жарты пайызға да жет-

пеген. Эндогамия ережесі өмбебап ереже емес. Оның әрекеті өз күшін

жоя бастаған, қазіргі мәдениеттерде 30 жастан асьш некеге отырғанда

немесе екінші реттұрмыс құрса, бұл ереже жойыладьг. Крі қалаларда эн-

догамия ережесі жан-жақты әрі түбегейлі қолданылмайды. Оның қолда-

нылу аясы сондай-ақ халықгың этникалық құрамы аралас қоныстанған

аймақтарда өзінің ауқымын тарылта түседі. Өйткені өр түрлі ұлт өкілде-

рінің арасындағы қарым-қатынастар жеке адамның өз шаруасы больш

табылады және ол соңғы кезде кең өріс ала бастады. Экзогамия ережесіне

келсек, бұл эндогамияға мүлде жанаспайды. Экзогамия ережесінің әрекеті

әмбебап әрі қатал, кейбір жағдайда туыстардың ішінен екі адамның не-

кеге отыруына тыйым салатын құқықтық нормалармен бекітіліп тұжы-

рымдалады. Инцесталық табуға келсек, ол әлеуметтік-мәдени тыйым салу-

дың айқын мысалы. Экзогамияның редуцируялық әрекет ету ережесі

жақын туыстарға қолданылады және ата-аналары мен балаларының, аға-

інілері мен әпке-қарындастарының, немере аға, іні, жиен мен немере әпке,

қарындас, жиен қыздың арасында некеге отырып, отау құруға жол

бермейді.

Некелік тандаудағы әлеуметтанудың келесі маңызды алғышарттары-

на гомогамия және іргелес қоныстанушылық (көршілік) жатады. Гомо-

гамия термині, әлбетте, некеге отырар адамдардың кейбір әлеуметтік,

психологиялық, физикалық, т.б. ортақ немесе ұқсас сипаттары бар тен-

денцияны белгілеу үшін қолданылады. Бұған кері сипаттағы тенденция

гетерогамия ұғымы арқылы айқындалады. Гомогамияны некелік жар таң-

даудьщ бірден-бір негізгі алғышарты ретінде қарастыратын әлеуметтану

теориялары жас мөлшерді, этникалық шығу текті, әлеуметтік статусты,

білімді, интеллект деңгейін, сыртқы пішінін және т.б. осы орайдағы ма-

ңызды сипаттамаларға жатқызып отыр. Бұлардың арасында жас мөлше­рінің,

220


этаикалық шығу тегінің және білімнің алатын рөлі жоғары болады.

Этникалық шығу тегі жөнінде жоғарыда біршама әңгіме қозғалды. Бола-

шақ жұбайлардың жас мөлшері бірдей болмауы ықгимал, керісінше, ер

адам әйелден жас мөлшері жағынан сәл де болса егделеу келеді. Амери-

кандық зерттеушілер В. М. Кепхарта мен Д. Едличкидің пікірлерін негізге

алсақ, бұл мәдениетте әйелдер өздерінен жасы үлкен еркектерді ұнатса,

ал ер адамдар керісінше, өзіне қарағанда біршама жас әйелдерді басқа-

ларға қарағанда жақсы көреді екен. Ер адамдарды жас әйелдердің жас-

тық шағындағы сүйкімділігі еліктірсе, егде жастағы ер адамдар әйелдерге

ел алдындағы жоғары беделі мен дәрежесі арқылы ұнайтын көрінеді.

Білім де некелік жар таңдауда ерекше рөл атқарады. Екі адамның

білімдеріне қарай некеге отыруы олардың әлеуметтік тұрғыдан деңгей-

лес болуының тең жартысын қамтамасыз етеді. Некеге отырғанға дейінгі

және некеге отырғаннан кейінгі қарым-қатынаста білімнің бірдей болуы

немесе соған орайлас келуі адамдар арасында жиі бай-қалады. Білім

деңгейі әлеуметтік статуспен тығуз байланысатындықтан, жұбайлар

бірдей немесе соған деңгейлес әлеуметтік топтарға жатқан кезде білімдік

гомогамия бір мезгілде статустық гомогамияны да білдіреді. Сонымен

қатар, бұл жұбайлар өздерінің бойларындағы құндылықтары, бір-біріне

деген сенімдері, өмірдің әр түрлі қырларына көзқарастары, дәлірек айт-

қанда, ата-аналарына, табыстарына, мамандығына, т.б. келгенде бір-біріне

ұқсас болуы тұрғысындағы мүмкіндігі арта түседі. Жас, білім, әлеуметтік

шығу тегі сипаттамаларын қарастыратын болсақ, онда неке таңдау

процесінде ер адамдардың білім деңгейлері өздерінен біршама төмен және

төменгі әлеуметтік топқа жататын жас әйелдерді ұнататын тенденция-

ның орын алатындығы және әйелдер үшін бұған қарама-қарсы тенден-

цияның басым болатындығы байқалады екен. Бұл тенденция некелік гра-

диент деп аталады. Әлеуметтік құрылымы мейлінше жіктелген қоғамдар-

да егде тартқан, кемел білімді, кәсіби мамандығы бойынша қызмет ететін,

өздерінің білімі мен статусын асыра бағалайтын әйелдердің өздеріне тең

болар қосағын табуға мүмкіндігінің төмендеуіне, осыдан барын, тұрмыс

құрмаған әйелдер санының ерлерге қарағанда артық болуына некелік

градиенттің ықпал жасауы мүмкін.

Мұндайда жоғары білімді әйелдердің басым көпшілігі еріксізден түгін

түтете алмай, жалғыз басты болып қалады. Бұдан некесіз бала туу пайда

болады, яғни күйеуге шығу үмітінен айырылған осындай әйелдер саналы

түрде жалғыз басты ана болудың жолын таңдайды. Гомогамия ережесі

тұлғаның бұдан өзге де сипаттамаларына орай әрекет етеді. Бұлардың

-----------------------------------------------------------------

1.АнтоновЛ. И., МедковВ. М. Социология семьи. М.: Изд-во МГУ, 1996. С. 154.

221


арасынан ақылдылық, физикалық жағынан алғандағы сүйкімділігі, био-

логиялық ритмдердің сәйкестігі, некелік статус пен саяси көзқарастарды,

діни сенімдерді, т.б. біріктірген құндылықтар бағдары ерекше орын алады.

Ал адамдардың бас қосуы мен түтін түтету жағдайын әңгіме етсек, онда

некеде бұрын тұрмаған адам дәл сондай некеде тұрмаған жанды, айыры-

лысқандар — айырылысқандарды, жесірлер — жесірлерді тандайды.

Некелік жар тандаудың әлеуметтанулық тұрғыда қарастыратын ма-

ңызды алғышарты — отбасыларының іргелес қоныстануы (көршілік).

Іргелес қоныстану деп бір төңіректегі, аумақтағы жақындықты, көршілес

болуды, сонымен қатар бір мекемеде жұмыс істеуді немесе бір оқу ор-

нында қатар жүріп, ер жетуді айтады. Бұлар болашақта өзіне жар бола-

тьш адаммен кездесудің мүмкіндігін арттырады және тұлғалық, әлеуметтік

сипаттамаларының ұқсас болуы да осындай іргелестік, бірге жүріп-тұру

нәтижесінде қалыптасады.

Ата-аналар өз ұрпағын сүйіспеншілікке бөлеп, үнемі ұйытып отырса,

олардың балалары да өзіне лайықты қосағын ұяда көрген тәрбиесіне орай

дұрыс таңдайды. Жастар өздеріне тәрбие берерлік ата-аналарының мейі-

рім, сүйіспеншіліктерін көріп өссе, содан үлгі боларлықгай тәжірибелерін,

жақсы қасиеттерін қабылдайды. Мұнда гемогамия бағьггы үстемдікке ие

болады. Өздерінің болашақ жарын таңдаған кезде адамдар, әдетте, ата-

аналарының кейпіне, тұрғысына, басқа да қасиеттеріне ұқсас жандарды

іздестіреді. Мәселен, қыздар өз әкелеріне ұқсас адамдарды тандаса, жігіт-

тер де аналарына ұқсас қалыңдықтандауға бейім тұрады. Ата-аналар өзде-

рінің ұлдары мен қыздарының пір тұтар үлгісіне айналады. 3. Фрейдтің

теориясынан бастау алған бұл көзқарас бойынша жыныстық қатынасқа

лайықгы объектіні тандауда алғашқы махаббат объектісіне, яғни ата-ана-

сьша қарай адам энергиясының ауытқуы байқалады. Басқаша айтқанда,

3. Фрейдтің тұжырымына сәйкес, ер адам өзіне анасына ұқсас әйел таң-

даса, ал әйел адам өзіне әкесіне ұқсас күйеу іздейді.

Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан алғанда жар тандаудың мұндай

сипаты төмендегі тұжырым бойынша түсіндіріледі. Адам ата-анасына

ұқсас жынысты тандауы арқылы өзіне етене таныс тұлғаның бойындағы

қасиеттер сипаттамасьш және өзі ұнатьш, ұстанатын оның құндылықга-

рын бағалау негізінде лайықты жар тандайды. Мұндай таңдау өзіне

сүйеніш болар, жағдайын түсінерлік серікті алдын-ала болжауды, қымбат

қасиеттерін сезінуді қамтамасыз етеді. Ал ортақ құндылықтар болашақ

жұбайлардың бір-бірімен оңтайлы байланыс орнатуына көмектеседі.

---------------------------------------------



1.Абсаттаров Р. Б. Демографические процессы: особенности и проблемы //

Евразийское сообщество. 1996. № 4. С. 35-36.

222

Өйткені адамдарға өздерімен келісетін, сырын, жан сарайын іштей ұғына-



тындар ұнайды. Неке тандаудың келесі әлеуметтік-психологиялық тео-

рияларының бірі - Р. Ф. Уинчтың комплементарлық қажеттілік теориясы.

Бұл теория бойынша жар тандау кезінде адамдар кімнің психологиялық

ерекшеліктерінің өзіне қарама-қарсы екендігін бағалайды және олардың

өзінікіне лайықты комплементарлық болуын (қосымшалықты) қалайды.

Мысалы, жасқаншақ, бойкүйез және біреуге тәуелді болуға бейім адам

өмірлік серігінің күшті де доминантты болуын ұнатады. Бұл - индивидтің

өз қажеттілік деңгейін барынша қанағаттандыруға тырысуы. Ал осы ба-

рынша қанағаттандыру сол уақытта іске асады, егерде ер адам мен әйелдің

дербес қажеттіктері бір-біріне үйлесімді болса. Уинчтың бұл теориясын

басқа зерттеушілер сынаса да, бірақ аталмыш теорияның негізінде жар

тандаудың басқа да теориялары қалыптасты.

Сексуалдық мінез-құлық және ұрпақ жаю ұғымы биологияда қолда-

нылады және оны синоним ретінде пайдаланады. Биологтар жыныстық

қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған, соның нәтижесінде репродук-

ция процесі жүзеге асатын жануарлардың физиологиялық және тәртіптік

реакциясын анықтау үшін осы ұғымдарды қолданды.

Әлеуметтануда бұл ұғымдардың мазмұны өзгерген. Аталмыш ұғым-

дар синоним болудан қалды, бір-бірінен бөлінді. Шындығында, сексуал-

дық және ұрпақ жаю тәртіптері әр түрлі құбылыстар, бұлар әлеуметтік

тәртіптің дербес типтері. Өйткені олардың мақсаттары мен қисындары да

бөлек. Сонымен, сексуалдық тәртіп дегеніміз не? Қазіргі түсінік тұрғысьш-

да сексуалдық тәртіп - бұл жыныстық қажеттікті қанағаттандыратын

әрекеттер мен қатынастардың жүйесі. Сексуалды тәртіп - бұл әлеуметтік,

адами тәртіп, мұнда биологиялық тетіктерді қолдану негізінде адам алды-

ңа белгілі бір мақсаттар қояды, белгілі бір мүдделерін жүзеге асыруға

тырысады.

Сексуалдық тәртіпке физиологиялық, психологиялық және социом-

әдени процестер кіреді, бұлардың алғашқы екеуі соңғысына бағынды-

рылған, құрамына енген. Көптеген әр түрлі мақсаттар сексуалдық қаты-

насқа түсу арқылы болатын адамның сексуалдық тәртібінің сипатты

белгілері болып табылады. Сексуалдық тәртіп жыныстық қажеттіліктен

басқа да көптеген қажеттіліктерді қанағаттандыра алады.

Алайда, сексуалдық тәртіптің осы көптеген мақсаттарынан бала туу

мақсатын бөліп алу оның ауытқыған формаларына әкеп соқтыратынын

естен шығармау керек, бұл аталған мақсаттарда қауіптің жасырынуы

дегуманизация, сексуалдық мінез-құлықгың ауытқуы, гомосексуализм,

топтық жыныстық қатынастар, порнография, т.б. формаларда көрінеді.

Қазіргі жағдайда оның ауқымы кеңейіп, сексуалдық тәртіптің аномиялық

223


формасына ұқсас форманы қабылдады және олардың кейбіреулерінің

квазинормалық мәртебеге ие болуы отбасында дағдарысты жағдайдың

қалыптасқанын көрсетеді, әрі ол сол шаңырақтың келешекте күйреуінің

алғышарты болып табылады.

Бүгінгі түсінікке сәйкес сексуалдық тәртіптің мақсаттары мыналар

болып табылады: релаксациялық, жыныстық кіріптарлықтан құтылу; бала

туу, яғни жүкті болу және туу қажеттігін қанағаттандыру; сезімдік құмар-

лықгы мақсат ету (гедонизм); танымдық, жыныстық әуестікті қанағат-

тандыру. Бұл мақсат жыныстық қатынас өмірін жаңа бастағандар үшін,

әсіресе, жасөспірімдер (бозбала) үшін ерекше маңызды; коммуникация,

психологиялық тұрғыдан тұлғалық сезіміне қол жеткізіп, өзге адаммен

толық бірігуі; өзін сезімдік тұрғыда тануы, өзінің сексуалдық әрекетінің

дұрыстығына нақты және сенімді дәлелінің болуы. Бұл мақсат жасөс-

пірімдер үшін де, өзгелер үшін де аса маңызды болып табылады. Сезімдік

тұрғыда өзін танытуға деген қисын күші аса жоғары; сексуалдықтан тыс

мақсаттар, яғни өзінің сексуалдық тәртібіне сырттай қатысы бар мақсат-

тар. Бұған қайсыбір материалдық игіліктер мең пайдалар, сондай-ақ адам-

ның иеленуге ұмтылатын кез келген әлеуметтік құндылықтарын айтуға

болады. Сонымен қатар, бұған белгілі бір салт-жоралар немесе әдет-

ғұрыптар жатады, Мысалы, некеге қатысты сексуалдық қатынас бір

мезгілде ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасының тұрақты және

оның қастерлі болуын көздейді, сексуалдық тәртіптің көп түрлі мақсат-

тары мен қисындары оның күрделілігін және әмбебап сипатын, өзіне ин-

дивидуалдық пен әлеуметтік, биологиялық негіздерді және әлеуметтік

мәселелерді қамтитынын көрсетеді. Бұларды индивидуалдық сексуалдық

тәртіпке әлеуметтік жүйе, қоғам енгізіп отыр.

Социомәдени құбылыс ретіндегі сексуалдық тәртіптің мазмұнын

ашатын маңызды ұғымдар бар. Солардың бірі - сексуалдық мәдениет.

Сексуалдық мәдениет адамның сексуалды тәртібін реттейді, әлеуметген-

діру процесінде баянды болған тәртіп үлгілерін, сонымен қатар құнды-

лықгарды, тыйым салу дағдысын және ұстанымдар жүйесін қалыптасты-

рады, жеке адамның сексуалдық күйін, оның серігімен өзара қарым-қаты-

нас таңдауын анықтайды, жыныстық өмірді қоғамның, отбасының,

некенің игілігі үшін әлеуметтік қолданыс шеңберіне енгізеді. Десек те,

қоғамның сексуалды мәдениетін индивидтің игеру деңгейі тіптен әр түрлі

болуы мүмкін, бұл адамның жеке басының сексуалдық мәдениетінің

сипатымен байланысты.

Аталмыш ұғым жыныстық қатынас рөлі деген ұғыммен тығыз бай-

ланысты. Жыныстық рөлі, әдетте, социомәдени нормалардың жиынты-

ғын білдіріп, түсіндіреді, ол еркектердің немесе әйелдердің қандай болуы

224

немесе болмауы керектігін, олар өздерін қалай ұстауы керектігін немесе



керек еместігін анықтайды. Сексуалдық рөл деп сексуалдық қарым-қаты-

насқа қатысы бар және индивидтен өзгелердің, қоғамының жыныстық өмір

саласындағы талаптары мен күтілістерін сипаттайтын жыныстық қаты-

нас рөлінің мәселесін айтады.

Сексуалдық сценарий ұғымы индивидтің меңгеріп, өзінің тұлғалық

болмысына айналған сексуалдық мәдениеттің бөлігі болып саналады, сон-

дықган да осы сценарий оның сексуалдық тәртібін «іштей» басқарады.

Сексуалдық сценарий когнитивтік, эмоциялық және қоздырушы элемент-

терінен тұрады. Бұлардың біріккен әрекеті индивидуалды сексуалдық

тәртіптің ерекшеліктерін, яғни оның мақсаттарын, жыныстық өмірдің

басталу уақыттын, жыныстық қатынастың жиілігін, т.б. анықгайды.

Қазіргі дүниеде сексуалдық тәртіптің қандай негізгі бағыттары мен

зандылықтары бар? Әлеуметтану ғылымы сексуалдық тәртіпті қалайша

зерттейді және түсіндіреді?

Бұл мәселенің алғашқы проблемасын айтқанда, көңіл аударатын мәсе-

ле некеге дейінгі сексуалдық төртіп, оның ішінде жасөспірімдердің сек-

суалды тәртібі туралы сөз болуға'тиіс. Соңғы жиырма, отыз жыл ішінде

бүкіл дүние жүзінде аталмыш мәселеге қатты қызығушылық байқалады.

Өйткені некеге дейінгі жыныстық байланыстың басым бөлігі және оның

артуы жасөспірімдердің үлесіне тиіп, олардың сексуалдық байланысы

экономикалық, әлеуметтік, медициналық және т.б. проблемаларды ту-

ғызды. Дегенмен, бұл жаңа проблема емес. Некеге дейінгі жыныстық бай-

ланыстардың өсу тенденциясы соңғы 2-3 ғасырдан келе жатыр. Америка

отбасын зерттеген тарихшы Э. Шортер, ағылшын тарихшысы Питер Лас-

летт және т.б. зерттеулері осы көзқарастың дұрыстығын аңғартады. Бұлар

дүниеге нәресте әкелу тәртібі динамикасының себептерін әр түрлі

түсіндіреді. Мысалы, жасанды түсіктің аз болуы, қолдан жасалған сақга-

нулардың төмен болуы, антисексуалдық репрессияның күшеюі, инду-

стрияландырумен байланысты сексуалдықтың төмендеуі, т.б.

Әлеуметтану тұрғысынан және әлеуметтік институт ретінде отбасы

дағдарысы теориясы тұрғысынан алып қарағанда, некеге дейінгі жыныс-

тық байланыстардың етек алуына отбасында береке мен бірліктің бол-

мауы, жастардың төртібіне отбасы тарапынан бақылаудың азаюы, отба-

сынан тыс құрылымдардың көршілер қауымы, шіркеу, т.б. тарапынан

қадағалаудың жоқтығы, әлеуметтік нормалар мен құндылықгар жүйесінің

интеграциялануы себепші болған. Отбасы неғұрлым берік, ондағы ұрпақ-

тардың өзара қарым-қатынасы неғұрлым дұрыс болатын болса, неғұрлым

әлеуметтік бақылау қатаң және бәрін қамтитын болса, соғұрлым некеге

дейінгі жыныстық ұстамдылық жоғары болдды. Дегенмен, соған қарамастан

225


некеге дейінгі сексуалдық байланыстар, әсіресе жас адамдар мен жас-

өспірімдер арасында кеңінен тараған.

Бұл тенденция XX ғасырда және XXI ғасырдың басында орын алып

отыр. Оған статистикалық мәліметтер мен әр түрлі елдерде жүргізілген

әлеуметтану саласындағы зерттеулердің қорытындылары дәлел. Соғыс-

тан кейінгі жылдары кәмелетке жетпеген қыздардың босанып қалу жағ-

дайы көбейді. Мұнда бір-бірінен өзгеше екі кезең анық байқалады. Оның

70-жылға дейінгі бірінші кезеңі бүкіл дамыған елдерде жасөспірім қыз-

дардың тұрмысқа шықпай туьш қалуларының өсуімен сипатталады.

Осыған қарамастан бұл елдерде жалпы туу саны күрт төмендеді. Бірақ

жасөспірім қыздардың тууы Норвегия мен Ұлыбританияда 2 есе, тіпті одан

датез өскен, ал өзге жеті елде бұл көрсеткіш 1,5 есе болған. Мұндай өсудің

себебі жыныстық пісіп-жетілу жасының төмендеуінен, жасөспірімдердің

еркіндігі мен дербестігінің артуымен, дәстүрлі моральдық ұстанымдар-

дың әлсіреуімен байланысты, сайып келгенде, бұл жағдайлардың жиын-

тығы некеге дейінгі сексуалдық белсенділік деңгейінің көтерілуіне әкеп

соғып отыр.

Бірақ кейін жағдай өзгерді. Жасөспірім қыздардың туу динамикасы-

ның өзгеруі үш нұсқадан көрінді. Оның бірінші моделін 20 жасқа дейінгі

1000 әйелге 100—200 туудың келуі, яғни бұл жас қыздардың туу деңгейінің

төмендеуін сипаттайды, бұл көрсеткіш 70-жылдардың аяғына дейін одан

әрі төмендеген. Осы нұсқа бойынша кәмелет жасына жетпей туу бірнеше

Батыс Еуропалық елдер мен Жапонияда өзгерді. Екінші нұсқада, бірінші

нұсқаға қарағанда, жасөспірім қыздардың тууы әлдеқайда жоғары болған.

Осы модель бойынша жасөспірімдердің туу ы Батыс және Солтүстік Еуро-

паның кейбір елдерінде, Австралияда, Канадада өзгерген. Үшінші нұсқа-

ньщ ерекшелігі жасөспірім қыздардың тууы деңгейінің өзге деңгейлер-

мен салыстырғанда төмендеу болуы. Бұл нұсқадағы өзгеріс Шығыс және

Оңтүстік Еуропада байқалады.

Неке жағдайындағы сексуалдық тәртіп те әлеуметтануда маңызды

мәселе болып саналады. Мұнда сексуалдық тәртіптің некеде алатын рөліне

баса назар аударылады. Некелестер арасындағы сексуалдық қатынастар-

дың рөлі ғана некелік сексуалдық тәртіптің негізгі мәселелеріне талдау

жасауды қажет етеді. Бұл жерде басты мәселе - сексуалдық тәртіп дина-

микасы некенің ұзақтығына және т.б. алғышарттарға байланысты бола-

ды. Неке баянды болған сайын, сексуалдық қатынас жиілігі азаяды, бұл

некелік сексуалдық тәртіптің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Осы

тенденцияға А. Кенизи аса көңіл аударған еді. Оның зерттеу деректеріне

--------------------------------------------------------

1.ИвановЛ. С. Семья и ее проблемы. Саратов, 2001. С. 56.

226


сәйкес, жыныстық қатынастардың жиілігі ерлі-зайыптылардың жас

мөлшеріне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 16-25 жастағы ерлі-зайып-

тылардың жыныстық қатынастарының орташа жиілігі жетісіне 2,45 рет;

26-35 жастағыларда жетісіне - 1,95 рет; 36-45 жастағыларда жетісіне -

1,40 рет; 46-55 жастағы ерлі-зайыптыларда жетісіне - 0,85 рет; ал 56 жас-

тан асқан жұбайларда жетісіне 0,50 рет болған. А. Кенизидің бұл көзқа-

расын 25 жылдан кейін, яғни 1972 жылы ағылшын зерттеушісі М. Хант

бекіте түсті. М. Хант жүргізген сауалнама бойынша ер адамдар арасында

жыныстық қатынастар жетісіне жоғарыдағы жас мөлшеріне сәйкес:

3,25; 2,55; 2,00; 1,00; 1,00 реттен келген. Сексуалдықтар тәртіптің неке ста-

жына тәуелді екендігі өзге де зерттеулерде дәлелденген. Американдық

К. С. Гринбалттың зерттеулері бойынша бес жылдан кейін отбасында

қалыптасатын жағдайлар - балалардың дүниеге келуі, жұмыс мәселесі,

отбасы міндеттері, қаражат проблемалары - некелік жыныс қатынасы-

ның жиілігін төмеңдетеді. Мұндай әлеуметтану саласындағы оқшау

зерттеулердің қорытындысын 80-жылдардың соңы 90-жылдардың ба-

сында бүкіл дүниежүзілік демография және денсаулық бойынша (ДНS)

жүргізген зерттеу нәтижелері де нықтады. Әлемнің барлық елдерінде неке

стажының артуына байланысты жыныстык, қатынастар жиілігінің төмен-

деуі байқалды. Мұның себептеріне орай зерттеушілер бірнеше алғышарт-

тарды алға тарта келіп, олардың ішінде бірінші орынға, әдетте, кәсіби

жұмыстың қауырттылығын және осыған байланысты шаршап-шалдығу-

дың пайда болуын, балалардың тууын, сонымен қатар ерлі-зайыптылар-

дың қанағат тұтуларын қояды.

Некелік сексуалдық тәртіптің келесі маңызды ерекшелігі — оның

ұрпақ жаю тәртібі екені рас. Қазіргі қоғамда сексуалдық пен репродук-

тивтік тәртіптердің арасындағы өзара байланыс ең алдымен балалы болу

ниетінен туындайтын жыныстық қатынастар жиілігіне тәуелді болады

және содан көрініс табады. Отбасына қажетті бала санының болуына

ықылас неғұрлым күшгі болса, қажет еткен бала саны мен оның нақты

балаларының арасында неғұрлым үлкен алшақтық болса, некедегі жы-

ныстық қатынастар жиілігі соғұрлым жоғары болуға тиіс. ДНS-тың мәлі-

меттеріне қарағанда, әйелдер болашақ балаларының санына қарай жы-

ныстық қатынас жиілігін реттеп отырады. Барлық елдерде көп балалы

болғысы келетін әйелдер көп балалы болғысы келмеген әйелдерге қара-

ғанда жиі жыныстық қатынасқа түседі.

ДНS-тың мәліметтері бойынша, некелік сексуалдық және ұрпақ жаю

тәртіптерінің өзара байланысы жыныстық қатынас жиілігін сақтау шара-

ларып қолдану түрлеріне байланысты болады. Жүкті болудан сақгану-

дың дәрі-дәрмек ішу, спираль салу сияқты әдістерін қолданған некелі

227

әйелдердің жыныстық қатынастары жиілейді. Мұндай әйелдер өзінің



балаға деген қажетін қанағаттандырса да, көп балалы болғысы келген

аналар сияқты тым жиі жыныстық қатынасқа түседі.

Әлеуметгану тұрғысынан жоғарыда аталған некелік сексуалдық тәр-

тіптің ерекшеліктерін қалай бағалауға болады? Әдетте аса тиімді контра-

цепция қолдану арқылы жиі жыныстық қатынасқа түсу мүмкіндігіне ие

болатын сексуалдық тәртіптің ұрпақ жаю тәртібімен байланысты бол-

мауын жағымды құбылыс ретінде қарастырады. Себебі ол индивидгің кез

келген тәртіп нұсқасы мен үлгісін таңдауға мол мүмкіндік пен еркіндіктің

пайда болғанын көрсетеді, әйел еркіндігі және оның ер адаммен барған

сайын тең бола түсуі қазіргі неке-отбасы қатынастары қалыптасуының

айғағы регінде керінеді. Сонымен қатар, бұл отбасының ғаламдық дағда-

рысын да керсетеді, оның әлеуметтік, әсіресе ұрпақ жаю қызметтерінің

жойылуын немесе басқа жағдайға ауысуын байқатады.

Отбасының ұрпақ жаю қызметі ұрпақ жаю тәртібі арқылы жүзеге аса-

ды. Ұрпақ жаю тәртібі отбасында балалардың белгілі бір туылу санын

белгілейтін жанама әрекеттер мен қатынастар жүйесі болып табылады.

Адамның кез келген тәртібі сияқты ұрпақ жаю тәртібі оның әрекет етуінің

белгілі бір төменгі және жоғарғы шеңберімен, яғни адамның дүниеге бала

келтіруінің табиғи циклына кіруімен шектелген. Бұл шектеулер, бір жа-

ғынан, бала туу әлуетінің нақгы тарихи жағдайын сипаттайды, әйелдің

бүкіл өмірінде болатын жағдаяттар, айталық, демофафиялық құрылымы,

денсаулық жағдайы, балалардың шетінеу деңгейі, т.б. балалардың туылу

санының физиологиялық мүмкіндігін білдіреді. Екінші жағынан, бұл

шектеулерді әлеуметтік бақылау жүйесі қалыптастырады. Ол баланың

туылуының нақгы қандай әлеуметгік-биологиялық деңгейде жүзеге аса-

тынын, әйелдің нақгы неше бала туу мүмкіндігін анықгайды.

Ұрпақ жаю тәртібі құрылымының негізгі элементтері бар. Балалы

болуға деген қажеттілік ұрпақ жаю тәртібінің ең басты қозғаушы күші.

Балаларға деген қажеттілік бұл биологиялық нәрсе емес, керісінше, ол

әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік категория. Баласы жоқгық

және қажет еткен бала санының болмауы индивидгің өзін тұлға ретінде

керсетуіне нұқсан келтіреді, бұл әлеуметтік сипатқа ие болған жеке

тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.

Мұндай қиыншылықтар күнделікті өмірде тұлғаның отбасындағы

мәртебесін анықгау кезінде де алдан шығады. Мысалы, көптен көрмеген

таныстар кездескенде бір-бірінің балалары жөнінде сұрап жатады, осы-

лайша тұлғаның ұрпақ жаю нормасына өзінен-өзі еріксіз баға беріледі.

----------------------------------------------------------



1. АлексюкЛ. Ю. Демографическая политика. Киев, 2000. С. 96.

228


Балаға қажеттіліктің мәнін түсінуде ұрпақ жаю нормалары ұғымы

үлкен рөл атқарады. Ұрпақ нормалары - бұл белгілі бір бала саны-

ның тууына қатысты қоғамдық болмыс детерминдірген және индивид

жататын әлеуметтік топтар қабылданған тиісті тәртіп принциптері мен

үлгілері.

Тұлға кез келген социомәдени нормаларды меңгергені сияқгы, ұрпақ

жаю нормаларын да тәртіп бағдарының құралы ретінде меңгереді жә-

не белгілі бір балалардың тууына қатысы бар әр түрлі әрекеттер мен

іс-қимылдардың үйлесімін қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың негізін

құрайды. Меңгерілғеннен кейін, тұлғаның ішкі әлеуметтік-психология-

лық құрылымына айналатын ұрпақ жаю нормалары өздерінің мазмұны-

на сәйкес балаға деген қажеттіліктің мәнін анықгайды.

Балаға саңдық және сапалық тұрғыдан қажеттілік болады. Бұлардың

мазмұнын ұрпақ жаю қисындары ашады. Ұрпақ жаюға қатысты байлам-

дар - әр түрлі әрекеттердің өзара үйлесімділігін қамтамасыз ететін, белгілі

бір бала санының дүниеге келуін оң немесе теріс деп білетін тұлғаның

психологиялық күйі. Ұрпақ жаю белгілеулері екі класқа бөлінеді: 1) ба-

лалардың белгілі бір санға жетуін реттейтін белгілеулер; 2) жүкгі болуға

қарсы шараларды қолдануға және жүктілікгі әдейі тоқтатуға бағыттал-

ған белгілеулер. Осы белгілеу түрлері нақты жағдайда балаға деген

қажеттіктің уақыты мен орнын және оның күшін байқатады, сондықган

да олар өзара байланысты болады. Неғұрлым кезекгі баланы тууға дайын-

дық күшті болған сайын, контрацепция мен әдейі түсік жасаудан ары-

льш, ұрпақ жаюға таңдау жасау соғұрлым жоғары болады.

Егерде репродуктивтік белгілеулер қажетті бала санына қатысты

болса, онда репродуктивті қисындар оның сапалық жағын, мазмұнын

ашады. Репродуктивтік қисындар индивид белгілі бір бала санының тууы

арқылы өзінің алдына қойған әр түрлі мақсаттарын жүзеге асыруға

итермелейтін оның ерекше психологиялық күйін білдіреді. Репродуктивгік

қисындар балалардың кез келген кезекпен дүниеге келуіне тұлғалық мән

беруімен сипатталады. Солай болғанмен де бала қайсыбір мақсаттарға

жетудің құралы болып қалады.

Ұрпақ жаюға немесе балалы болуға қатысты қисындар экономикалық,

әлеуметгік және психологиялық болып бөлінеді. Бала туудың экономи-

калық қисындары бұл қайсыбір бала санының туылуына итермелейтін,

сол арқылы белгілі бір экономикалық мақсатқа қол жеткізуге, яғни мате-

риалдық пайда табуға немесе экономикалық мәртебесін көтеруге негіз

болатын қисындар. Әлеуметтік қисындар - бұл балалы болудың қалып-

тасқан социомәдени нормалары шегінде белгілі бір бала санының дүниеге

келуіне итермелейтін қисындар және олар осы нормаларға индивңдуалдық

229

көзқарас та болып табылады. Әлеуметтік қисындар ынталандыру бар



жерде өмір сүреді, мысалы, бұл әлеуметтік мәртебені, беделді арттыру

және жұртшылық алдында қадір-қасиетін баянды етуден немесе асырудан

көрінеді. Керісінше мұндай ынталандырулар, жеңілдіктер мен «пайдалар»

болмаған ретте, белгілі бала санының туылуына әлеуметтік қисындар да

болмайды. Мәселен, қазіргі 1-2 балалы отбасына негізделген қалалық

ортада үш немесе одан да көп балалы ата-аналар келеңсіз әлеуметтік-

психологиялық кедергілерге ұшырайды. Оларды көбіне әжуа-күлкі етеді,

моральдық тұрғыдан сынап-мінейді және т.б. жағымсыз қоғамдық пікір-

лерге желеу етеді. Психологиялық қисындар — бұл белгілі бір бала саны-

ның туылуына түрткі болатын қисындар, сол арқылы тұлғаның жеке басы-

ның кейбір әлеуметтік-психологиялық, тіптен ішкі мақсаттары орында-

лады. Бұл қисындар баланың туылуына деген қоғамдық мүддені жоққа

шығарьш, жеке бастың мүддесін көрсетеді. Психологңялық қисындар ата-

аналардың субъект немесе объект ретінде қарым-қатынас жасауына қарай

екі класқа бөлінеді: бірінші класс қисындарында ата-аналар субъекті

ретінде көрінеді, бұл олардың балаға деген сезімдері мен талаптарына,

балаға қамқорлық жасауға деген ықылас-ынтасына, махаббатына, бала-

ның өсіп-жетілуіне бағыт-бағдар жасауға, т.б. байланысты. Ата-аналар

объекті болып табылатын келесі класс қисындары барлығын біріктіреді,

баламен қарым-қатынас жасау арқылы ата-ана бала тарапынан туындай-

тын сезім объектісі болу қажетін қанағаттандырады. Айталық, баладан

ата-ананың сүйіспеншілік пен құрмет күтуі, бала арқылы өзінің ұрпақ

сабақтастығын жалғастыруға ұмтылу немесе солар арқылы өзіндегі

қайсыбір қасиеттерінің жалғастығын көру, т.б.

Ұрпақ жаю қисындары құрылымында экономикалық, әлеуметтік және

психологиялық қисындардың арақатынасы тұрақгы болмайды. Бұл ұрпақ

жаю мәселесі уақыт өткен сайын өзгеріп, ғаламдық процесте көп бала-

лықгың тарихи тұрғыдан өрісі тарыльш бара жатқанын көрсетеді. Бұл

жердегі жалпы тенденция отбасында бірнеше баланың дүниеге келуінің

экономикалық жәңе әлеуметтік қисындарын біртіндеп әлсіретіп немесе

мүлде «жоқ» етіп, алдыңғы қатарға психологиялық, ішкі қисындарды

шығарады.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде бірнеше міндеттер атқаратынын

жоғарыда айттық. Солардың маңыздыларының бірі - тұлғаны қалыптасты-

ру. Келесі тақырыпта жалпы тұлға мәселесі жан-жақгы қарастырылады.

230


ОНЫНШЫ ТАҚЫРЫП
Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет