Қазақстан республикасы



жүктеу 8.14 Mb.
бет17/26
Дата19.09.2017
өлшемі8.14 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің

уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызметтің мақ-

саттары және т.б. қазіргі адамның тұлғалығын бейнелейтін мәселелер

болып саналады. Тұлғаны танып-білу бұрыннан келе жатқан нәрсе.

Әлеуметтендіру туралы айтқанда біз мәдени нормаларды игеру мен

әлеуметтік рөлдерді меңгеру процесін әңгіме етеміз. Бұл процесс адам-

ның индивидке және тұлғаға айналуын білдіреді. Әлеуметтендіру процесі

сатылардан өтеді, оларды негізгі өмірлік циклдар деп те атайды. Бұл ба-

лальщ шақ, жасөспірімдік, ер жету, және қарттық шақгар. Әлеуметтендіру

процесінің нәтижеге жету деңгейіне орай немесе аяқталуына сәйкес оны

бастапқы немесе ерте әлеуметтендіру деп бөліп көрсету ғылымда орын

алған, бұл балалық пен жасөспірімдік кезеңді қамтиды және жалғасты-

рушы немесе толығын жеткен есейген әлеуметтендіру деп те бөлуге бола-

ды, бұл қалған екі кезеңді қамтиды.

Әлеуметтік «Меннің» қалыптасуымен, әлеуметтенудің эволюциялық

кезеңдерімен және хронологиялық шеңберімен байланысқан бірнеше

ауқымды мәселелерді қарастырамыз. Соның ішінде, біздерге әлеуметтен-

дірудің агенттері мен институттары қалай әсер ететініне тоқгаламыз.


1. Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы.

Тұлға — әлеуметтік емірдің субъектісі мен объектісі
Адам – биологиялық иңдивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы саты-

сы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволю-

циялық мәдениеттің алғышарты және субъектісі. Биологиялық эюлюция

2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бұрын

тоқгады. Осыған деген бүгінде адамды өзге жануарлар дүниесінең ерек-

шелейтін іргелі белгілері қалыптасты; тік жүруі, миының үлкендігі, екінші

сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалық

шақтың ұзаққа созылуы, еңбек құралдарын және отты меңгеруі және т.б.

Бұлар биологиялықтан мәдени эволюцияға өтудің жағдайы болып

саналады. Адамның соңғы 40 мың жылда қол жеткізгенінің бәрі биоло-

тиямен байланысы жоқ, керісінше, мәдениетпен, қоғаммен байланысты.

Басқаша айтқанда, табиғи жолмен емес, керісінше, мәні әлеуметтік қаты-

настар жүйесінде айқындалған қолдан жасалған ортамен байланысты.

Адам биологиялық тіршілік иесі болғанымен, осыдан бастап оның инди-

видуалдығы қалыптасады, кейін ол тұлғаға айналады.

231


Тұлға ретінде адам туралы түсініктің дамуы бірнеше кезеңді қамтиды.

Ежелгі Қытайдағы (б.з.д. VI—I ғғ.) даосизмде қараңғылық пен жарықгы,

еркектік пен әйелдікті, белсенділік пен енжарлықты, қаталдықпен ізгілікті,

тыныштық пен қозғалысты өз бойына жинап, үйлестірген адам — дүние-

де кіндік орынға қойылды. Ол өткенге бет бұрып қарап, ал болашаққа ту

сыртын берген қалыпта еді. Дүние адам үшін жаратылмаған, адам дүние

дамуының соңғы буыны. Адам құдаймен индивид ретінде қатынас жаса-

майды, рулық әрі ұрпақ ретінде қатынаста болады. Адам өзінің тұлғалық

шекарасын сезбейді. Ежелгі Үндістандағы (б.з.д. ҮІІ-ІҮ ғғ.) буддизм адам-

дардың өзіндік индивидуалдығын жоққа шығарды. Бұған дара тұлға идея-

сы, индивидуалды бірегей өмірдің өлгеннен кейін қайтып оралмайтыны

белгісіз болды. Буддизм түсінігі бойынша, өлгеннен кейін адам денесі мен

санасы көптеген элементтерге бөлініп, басқа жерге барып орнығады. Бірақ

индивидуалдық емес, тек ғарыштық жан ғана басқаға қонады. Ал мұндай

жанда индивидуалдық болмайды. Ерік туралы ойды терістеген буддизм

адамда жан болады деген идеяға да салқын қарады. Ежелгі Грецияның

(6.З.Д. VІ-ІV ғғ.) философтары бірінші болып өмірдің құндылығы оның

қайталанбастығында екенін түсінді. Олар индивидті ғарыштан бөліп,

маңызды қадам жасады. Сократ антропологиялық тақырыпта төңкеріс жа-

сады, оны адам философиясының іргетасын қалаушы дейді. Атақты

«Өзінді өзің таны» нақылы бойынша әрбір адамда ішкі «Мен» болады, оның

орталығы саңа мен ойлау болып табылады. Адам өмірде ұтымдылықты

көздейді: ол өзіне мақсаттар қояды және оларға жетеді, олар үшін жауап-

кершілікті мойнына алады. Адамның жетілуі — оның қызметі мен тәр-

биесінің нәтижесі.

Адам өзін-өзі танып қана қоймайды, сонымен бірге табиғат және

әлеуметтік заттардың өлшеуіші де болады. Гректер адам іспетті, бейнелі

құдайлар құрметіне храмдар тұрғызды, онымен адамңың түйсінуі мен

ойлауының өлшемін бейнеледі. Бұдан кейін адамның құңды өлшеуіш

екендігі жөніндегі түсінікті Демокрит пен Платон дамытты. Нәтижесінде

антропологизм гректерде антропоцентризмге айналды.

Орта ғасырларда (б.з. IV-ХІV ғғ.) христиандық адамға принципті жаңа

тұрғыда қарауды ұсынды, ол гуманизм ілімінен көрініс тапты. Еелгі Қьггай,

үнді және грек өркениеттерін тұлғаға дейінгі мәдениетке жатқызады.

Христиандық адамды дүние жаратылысының дәл ортасына қойды. Адам —

бұл храм, ол құдай сияқты жаратылған. Адамда тұлғаның абсолюттік

жасампаздығы бар.

Қайта өрлеу дәуірінде (ХІVгтХVғғ.) антикалық дүние мен христиан-

дықгың адамға деген ең оң көзқарастары теріп алынып, гуманизм іліміне

сіңірілді. Бұл дәуірдің ойшылдары, рухтың алыптары - Леонардо да Винчи,

232

Микеланджело, Данте - адам тұлғасының бостандығы мен егемендігін



жариялады. Адам тұлғасын олар дене мен рухтың, ақыл-парасат пен

сезімнің, жердегі мен көктегінің үйлесімі деп түсінді. Қайта өрлеу дәстүрлі

қоғамнан қазіргі қоғамға өтуімен, капитализмнің алғашқы көріністерінің

байқалуымен де ерекшеленді. Ал капитализм әлеуметтік және экономи-

калық құбылыс ретінде индивиді жоқ жерде орнай алмайды, ол үшін еркін

кәсіпкер, саудагер, қолөнерші, жалдамалы жұмыскер болуы шарт, олар

өз алдына жеке экономикалық агенттер деп бағалады.

Ренессанстық сана толық мағынада айтқанда, «индивид» ұғымынан

«индивидуалдық» түсінігіне қарай ойысты. Қайта өрлеуді «ақыл-парасат

ғасыры» деп те атайды, өйткені ол сананы адамның ең жоғары жетістігі

деп жариялады. Сөйтіп, Қайта өрлеу антикада пайда болған ұтымдылық-

ты жалғастырып, оны жоғары деңгейге жеткізді.

Ағартушылық (ХVІІ-ХVІІІ ғғ.) Қайта өрлеу дәуірінде басталған

«ақыл-парасат патшалығы» адамның саяси бостандығы мен азаматтық

құқығын орнату күресің одан әрі жалғастырды. Ағартушылық дәуір соңы

екі маңызды құбылыспен есте қалды: 1) ұлы өндіріс революциясы, бұл

капитализм шабуылының тоқтаусыздығын толық нығайтты және 2) ұлы

француз революциясы (1789 ж.), бұл төңкеріс қазіргі демократияның

негізін қалаған саяси бостандық пен саяси әдет-ғұрыпты жариялады. Бұл

дәуір ұлы географиялық және ғылыми ашылымдардың, заңды еркіндікті

жеңіп алудың, буржуазияның билік үшін күресінің заманы болды, соның

нәтижесінде жабық, дәстүрлі енжар қоғам ашық, қазіргі шалымды қоғам-

мен ауыстырылды.

Бостандық, ақыл-парасат, қозғалысты өмір салты, индивидуализм

және кәсіпкерліқ рух - қалыптасу үстіндегі тұлғаның басты көрсеткіш-

тері. Тарихшылардың пікірінше, «индивидуалдық» сөзінің өзі «тұлға» ұғымы

ретінде бұдан 200—300 жыл-бұрып, яғни ағартушылық дәуірде пайда болған.

Қазіргі философияның пайымдауынша, мәңгілік дүниедегі адам мәң-

гілік құндылықтарды жалғастырушы. Уақыт ішіндегі адам тек физика-

лық құбылыс: ол туады және өледі. Уақыт ішінде өмір сүру бұл біздің

қоғам азаматы ретіндегі болмысымыз. Уақытпен біз ас ішеміз және ұйық-

таймыз, билік үшін күресеміз және бала өсіреміз, табыстарға жетеміз және

жеңілістерге ұшыраймыз. Қоғамда өмір сүргендіктен әлеуметтік тіршілік

иесі ретінде біз қоғамнан тыс бола алмаймыз. Өйткені біздер отбасының,

ұжымның, мамандықтың және таптың бірлігінің көрінісіміз. Алайда,

адамның мәні басқада — ол адами мәңгілікте және адамдық еркіндікте.

Біздің өмір сүруіміз уақыт пен мәңгіліктің арасындағы қайшылықта

болады. Адам болмысы әр түрлі екі өлшемде жатыр, сондықтан адам

әрдайым қарама-қайшылықты. Уақыт ішінде өмірді бақылауға болады,

233


ал мәңгілікті тек елестетуге болады. Философтар қарастырған адам бол-

мысының екі тұрғысы осылар.

Жаратылыстанушы ғалымдар адам жөнінде басқаша көзқараста болады.

XIX ғасырда биологияның озық ойшылдары тұлғаға жұмыртқа ішінде толық

қалыптасқан тіршілік иесі сияқты қарады. Индивидтің тұлғалық белгілері

ұзақ уақьгг бойы тұқым қуалаушылыққа таңылды. Адамның отбасы, тұқым-

тұқияны және қанының қасиеті оның ұлы тұлға болуып, асқан мақганшақ,

түзелмес қылмыскер немесе қайырымды сері болуына негіз салады делінді.

XX ғасырдың бірінші жартысында жиналған сан алуан жаңа фактілер

адамның мәні туралы бастапқы көзқарастардаі қайта қарауға мәжбүр етгі.

Сөйтіп, туа біткен ұлылық адамнан автоматты түрде ұлы тұлғаны қалыптас-

тыруға кепілдік бермейтіні белгілі болды. Дәл сол сияқгы тектік жарақат,

ауру немесе басқа да жағымсыз биологиялық алғышарттар адамның толық-

қанды қоғам мүшесі болу мүмкіндігін жоққа шығара алмады. Бұл жерде

басты рөлді әлеуметгік орта атқарады, адам туғаннан кейін осы ортаға түседі.

Сонымен, XIX ғасырда адамдағы биологиялық пен әлеуметтіктің ара-

салмағына қатысты мәселені нақгы ғылымдар әдістерінің көмегімен толық

шешпекші болған ниет іске аспады. XX ғасырда бұл мәселе одан да бетер

үлкен қайшылыққа тап болды. Бүгінде ғалымдар бұл мәселені шешілмей-

тін проблема деп қарауға бағыт ұстап отыр. Адам тұлғасын зерттеуде тұлға-

лық қасиетті анықгаудың бірнеше деңгейлерін қолдану қабылданған:

табиғи, бұл басқа адамдардың ықпалынан тәуелсіз адамның өзінде

болатын және дамитын жағдайлар;

— биологиялық, бұл жалпы шыққан тегі;

тұқым қуалаушылық, бұл ата-ана қаныньің негізінде болатын және

дамитын факторлар (биологиялықтың бәрі бірдей тұқым қуаламайды);

- әлеуметтік, адамға әлеуметтендіру барысында, басқа адамдармен

қарым-қатынаста және өзара іс-әрекет арқылы сіңісті болып, қабылда-

ған белгілер.

Кең мағынада алғанда әлеуметтік үшке бөлінеді:

- өзіндік әлеуметтік, бұл адамның өзінің әлеуметтік рөлдерін дұрыс

орындау үшін қабылдаған аса қажетті белгілерінің жиынтығы;



- ерекшелікті мәдени, бұл әдепті мінез-құлық нормалары мен ережеле-

рінің жиынтығы, олар ырықсыз орындалады, индивидтің сіңісті белгіле-

ріне айналады, осы арқылы өзгелер оны тәрбиелі жан ретінде таниды;

- адамгешілік, этикалық нормаларды абсолюттік талаптар ретінде

орындауына орай адам бойындағы әлеуметтік қасиеттің жоғары көрінісі

және мәдениетгілік бастаулары.

--------------------------------------------------------



1. Платонов К. К. Структура и развитие личности. М., 1986. С. 173.

234


Тұлғаны адам тәнінде өмір сүреді деуге бола ма? Иә, ол айналадағы

кеңістікте жоқ - қасымызда да емес, алыста да емес. Ал тұлғада дене бар

ма? Жоқ, өйткені тұлға материалдық түзілім емес. Онда өзін алып жүруші —

адами психика болады. Бірақ психика адам тәнінің құрамдас бөлігі болып

саналмайды. Психика жоғары ұйымдасқан материяның ойлау сияқты

қасиеті, мидың атқаратын қызметі болып табылады. Психика - биоло-

гиялық эволюцияның белгілі бір сатысында пайда болған, ақиқатты бей-

нелеудің ерекше формасы. Оның мазмұны - бұл тірі жүйелердің айнала-

дағы ортамен өзара әрекетінің жемісі немесе нәтижесі. Психологтар тұлға

туралы әңгіме еткенде, олар ең алдымен психиканы айтадьг. Тұлға тура-

лы жүйелі ілім жасаған 3. Фрейд те дәл солай жасады.

Сонымен, әлеуметтік дегеніміз не? Әлеуметтік - бүл адамдардың өзара

қарым-қатынастарының ерекше сапасы немесе бір адамның басқа біреу-

мен қарым-қатынасының ерекше саласы. Әлеуметтік дегеніміз - адам-

дардың өзара қарым-қатынастары және сол қатынастардың қоғамдық

маңызды нәрсе ретінде қарастырылуы.

Тұлға әлеуметтік өзара қимыл-әрекеттер мен қатынастардың бірінші

өкілі. Ал тұлға дегеннің кім екенін анықтау үшін әуелі «адам», «индивид»,

«индивидуалдық» деген ұғымдарды түсініп алу кереқ. Күнделікті өмірде

және ғылыми тілде бұл терминдер өте жиі кездеседі. Бұл ұғымдар көбінесе

синонимдер ретінде де қолданылады, бірақ олардың қатаң анықтамала-

рына жүгінетін болсақ, онда олардың мән-мағынасындағы айырмашы-

лықгарды аңғару қиын емес. Адам ұғымы hото saріеns бөлініп шық-

қанынан бастап қолданыла бастаған мейлінше жалпылама, атаулық ұғым

болып саналады. Адам дегеніміз жер бетіндегі тірі организмдер дамуының

жоғарғы сатысы, әлеуметтік-тарихи қызмет пен мәдениеттің субъектісі

болып табылады. Адам адамдық түрге еніп, адами-әлеуметтік шығу тегі

процесінің қалыптасқанынан бері 40 мың жылдай уақьгг өтті. Өзінің та-

биғаты бойынша - адам біртұтас биологиялық-әлеуметтік жан. Мұнда

биологиялық пен әлеуметтілік жәйттар бір-бірі мен диалектикалық бірлікте,

өзара әрекеттес, өзараір-бірімен тығыз байланысты болады. Адамның

табиғи негізін оньщ биологиялық ерекшеліктері құрғанымен, оңың мәнді

әлеуметтік сапалары адам дамуының анықгаушы жақгары болып табы-

лады. Қоғамның тарихи қалыптасқдн түрінің экономикалық, саяси, идео-

логиялық және әлеуметтік қатынастары әрбір адамның әлеуметтік сапа-

сьш, оның іс жүзіндегі қызметінің мазмұны мен сипатын анықгай отырьш,

әралуан езгеріске үшырап, керініс табады. Дәл іс жүзіндегі қызмет про-

цесіндегі адам, бір жағьшан, езі емір сүріп отырған айналадағы ортаның

әлеуметтік қдтьшастарьш біріктіреді, ал, екінші жағынан, сыртқы дүние-

ге деген өзінің ерекше көзқарасын білдіреді. Әлеуметтануда адам қандай

235

жағдайларда әлеуметтік қатынастардың нағыз субъектісі бола алатын-



дығы, мұнда оның өзіне және қоғамға не нәрсе байланысты екені анық-

талады.

«Жалпы» адам болмайды, бұл бейнақтылық. Нақтылы адамдар бар.

Нақгылы адамда оның жеке әзіндік (табиғи) белгілері көптеген фактор- .

лар мен жағдайлардың ықпалымен қалыптасатын әлеуметтік белгілермен

қалай ұштасатындығы көрінеді. Алайда, тек осыған сүйеніп, философия

адамды, ал әлеуметтану - тек тұлғаны ғана зерттейді деу дұрыс емес.

Себебі адам мен тұлғаның екеуі де бір объект больш табылады. Демек,

бұл жерде әңгіме осы объекгінің әрқилы тұрғыдағы аспектілері мен сол

объектіге алып баратын әр түрлі жолдары жөнінде болуы керек.

Адам мен тұлғаға алып баратын тағы да бір жол бар. Тұлға есебінде

адам әлеуметгік қатынастардың обьекгісі және олардың субъекгісі ретіңде

қарастырыла алады. Әлеуметтік қатынастардың құрылымына бойлай

отырып, адам тек белгілі бір қоғамдық қатынастардың өнімі болып қана

қоймайды, сонымен бірге олардың жасаушысы да болып табылады.

Адам жалпының, ерекшеліктің және жеке өзіндікгің диалектиқалық

бірлігі. Бұл жерде «жалпы» дегеніміз жалпы адамзаттық, «ерекшелік» деге-

німіз қоғам құрылыстық, таптық, ал «жеке өзіндіқ» дегеніміз өмір сүрудің

жеке түрдегі тәсіл-белгілері. Сонымен, адамзат ерекше материалдық на-

қгылық ретінде өмір сүруде. Алайда, адамзат осы күйінде өз бетінше өмір

сүрмейді. Нақтылы адамдар өмір сүре отырып, қимыл-әрекет жасайды.

Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өмір сүруі «индивид» деген ұғым-

мен байланысты. «Индивид» дегеніміз халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ

сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке өкілі

регінде, нақты адам регінде түсіндіріледі. Әлеуметтануда «иңдивид» ұғымы

әлеуметтік қатынастардың жеке-дара алғандағы өкілі қарастырылған жағ-

дайда қолданылады. Индивидгер қызметінің бірігуі нәтижесінде әлеумет-

тік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Бұл жерде «индивид» ұғымы «нақ-

тылы адам» мағынасында қолданылады. Ал енді индивидуалдық түсінігін

(жеке адамңың өзіне тән) - индивидтің басқаларда қайталанбайтын

бірден-бір өзіндік ерекше қасиет сипатын, бір индивидті екінші индивид-

тен ерекшелейтін белгілердің жиынтығын қарастыру арқылы анықгауға

болады. Бұл ерекшеліктер - биохимиялық, нейрофизиологиялық, пси-

хологиялық, әлеуметтік және т.б. деңгейлерде байқалады. Тұлға ұғымы

адамның және индивидтің табиғи емес мән-мағынасын айқын көрсету

үшін енгізілген, яғни бұл ұғым оның әлеуметтік бастауларын айқындайды.

Басқаша айтқанда, адамның тарихи дамуының әр түрлі деңгейлеріндегі

жеке алғандағы және нақгылы-тарихи өзгешеліктерін көрсету үшін «ин-

дивид» деген ұғыммен қатар, «тұлға» деген ұғымды қолданады. Тұлға

236


дегеніміз - индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адам-

дық сапалар неғұрлым толық көрініс табады.

Әлеуметтік өмірде адамдардың бір-бірімен әр түрлі салада тығыз қарым-

қатынасының, өздерінің белсенді, саналы іс-әрекеттері арқасында инди-

вид (жеке адам) әлеуметтендіріліп, бірте-бірте, келе-келе тұлғаға айна-

луы керек. Тұлғаның өзіндік өзгешеліктері, саналылығы, бағалы бағдар-

лары мен әлеуметгік қатынастары, қоғамға қатысты бірқатар дербесгіктері

және өз іс-әрекеттері үшін өзінің жауапкершілігін түсіну, т.б. тұлғаның

бойынан табылуға тиісті міндетгі сипаттамалары болып саналады. Тұлға

өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортада болып жататын әлеуметгік елеулі

іс-әрекеттердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың себепшісі де

болып табылады. Сондықган да халықгың рөлін жақгаған көзқарастар

проблеманың тұлғалық жағын жоққа шығармауға тиіс.

Тұлғаның әлеуметтік мәнін ашып көрсету тұтас күйінде емес, қайта

оның нақтылы көріністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін

өте маңызды. Ал әлеуметтануда тұлға көбіне-көп қоғамдық, әлеуметтік

қатынастардың субъекгісі ретінде қаралады. Әлеуметтік қатынастар адам-

ның ішкі дүниесімен қабыса отырып, айналадағы ақиқатқа деген оның

тұлғалық көзқарасы ретінде көрініс табады.

Адамдарды біріктіретін әлеуметтік қатынастар - өмір сүріп отырған

әлеуметтік орта жағдайларындағы индивидтердің өзара қимыл-әрекеті

процесінде қалыптасқан олардың белгілі бір тұрақты байланыстарының

жүйесі. Тұлғаның әлеуметтік қатынастары адамның әлеуметтік сапалары

ретінде оның қызметі мен іс-әрекетінен көрінеді.

Жекелеген қоғамдық ғылымдардан әлеуметтанудың айырмашылығы -

ол тұлғаны тұтас күйінде зерттеп, белгілі бір қоғамдьпс-экономикалық

формациялар жүйесіндегі оның мәндік сипаттарын анықгайды. Мұндай

талдау қоғам эволюциясы процесінде тұлға дамуының диалектикасын

көрсетіп, сонымен бірге тарихтың әрбір алға дамуы кезеңіндегі тұлғаның

даму процесінің өзіндік ерекшелігін ашады. Әлеуметгік тұтастық жүйесін-

дегі және әлеуметтік қатынастардың субъектісі болып табылатын көп

қырлы байланыстардың жиынтығы ретінде көрінеді. Қатынастар мен бай-

ланыстардың осы көп қырлылығындағы елеулі нәрсені анықгау тұлға

проблемасын әлеуметтанымдық тұрғыдан талдаудың міндеті болып та-

былады. Адамның әлеуметтік табиғаты өзінің нақтылы іске асырылуын

тұлғаның қоғамдық-тарихи түрлерінен табады.

Тұлғаның әлеуметтік түрі белгілі бір әлеуметтік қауымдастыққа

кіретін тұлғалардың қайталанып отыратын елеулі әлеуметгіқ сапалары

жиынтығының сараланған бейнесі. Тұлғаның әлеуметгік түрге бөлінушілік

сапаларында белгілі бір таптың, я болмаса әлеуметгік топтың адамдарына

237

тән ортақ, біршама тұрақты белгілер көрініс табады. Тұлғаның әлеуметтік



түрлері тарихи қалыптасқан өмір жағдайларының, әлеуметтік айналадағы

ортаның, дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, жалпы дүниетанымның, үлгі-

өнегеліктің және қоғамдық өмірдің, т.б. жақтарының жемісі болып табы-

лады. Тұлғаның әлеуметтік түрге бөлінушілік сипаттамалары белгілі бір

әлеуметтік ортаның шеңберіндегі адамның қоғамдық дамуының өзіндік

ерекше жағдайларын көрсетеді. Белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топ-

тың өкілі және әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретіндегі тұлға сөз

болып отырған қоғамдық даралықгың өзіне тән белгілерімен сипатталады.

Тұлғаның әлеуметтік түрлері қоғамның материалдық өмір жағдайла-

рына, қоғамдық қатынастардың сипатына байланысты қалыптасады.

Адамдардың, оның ішінде тұлғалардың әлеуметтік бейнесін анықтайтын

іргелі негіз олардың белгілі бір өмір салты больш табылады. Тұлғаға ай-

налған адамдардың бірқатары әр сапалық деңгейге, әр түрлі әлеуметтік

атауға ие болады. Мысалы, өткен уақыттардағы немесе қазіргі замандағы

көпшілігі қатардағьі жай тұлғалар ірі, ұлы, белгілі, әйгілі, көрнекті, тарихи,

т.б. тұлғалар болып дараланады, Өткен замандардағы тарихи тұлғалар-

дың рөліне баға беру кезінде жағымсыз тарихи тұлғаларды дәріптеу дұрыс

болмайды. Екінші жағынан, жағымды тарихи тұлғаларды асыра бағалау

басқа бір ұшқарылыққа - тұлғалық негіздерді аса дәріптеуге де соқтыр-

мауға тиіс. Бұл тұрғыда көзге түскен әйгілі, ірі тұлғаларға дұрыс баға беру,

жағымды, жағымсыз тұлғаларды айыра біліп, олардың тарихтағы, қоғам-

дағы рөлін дұрыс түсіне білу маңызды мәселе. Адамдардың, тұлғалардың

өмір болмысы қандай болса, олардың өздері де сондай болады.

Тұлға адамның әлеуметтік сапаларының біртұтас жиынтығы ретінде

қаралады, яғни ол белгілі бір жолмен қоғамдағы әлеуметгік мәнді белгілер

мен әлеуметтік қатынастардың индизидге жүзеге асқан бірлігі және та-

рихи даму мен индивидтің өзінің белсенді тұрлаулы қызметі, байланысы

арқылы әлеуметтік жүйеге енуінің нәтижесі болып табылады. Сонымен

бірге тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі бола отырып, ол қоғам-

нан біршама дербес және тәуелсіз, оған өзін қарсы қоюға да қабілетті.

Қоғам, әлеуметтік қатынастар тұлғаның тұлғалық міндеттерін іске асы-

рудың жеткілікті құралдарына ие. Әлеуметтік қатынастардың субъектісі

регінде тұлға мен қоғам арасындағы өзара қимыл-әрекеттер мен өзара бай-

ланыстар үш элементтен құралады: 1) Тұлғаның іздену элементі; 2) Қоғам-

ның ұсыну элементі; 3) Тұлғаның қоғам ұсыныстарын тандау элементтері.

Әлеуметтік ортаға, әлеуметтік қатынастарға енген әрбір тұлға адами

тәртіптің негізін меңгеруі керек, өзі өмір сүретін қоғам мәдениетінің тілін

білуі шарт. Ол адамзаттың және қоғамның қолы жеткен іргелі жетістіктер

мен құндылықгарды құрмет тұтуға, сыйлауға міндетті. Мұнсыз әрбір инди-

239


видтің тұлғаға айналуы және тұлғаның әлеуметтік ортада субъект міндет-

терін атқаруы жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Тұлға әлеуметтік қатына-

стар жүйесіндегі субъект ретінде өз міндетін атқаруы үшін әуелі ол өзінің

қабілетіне сай өмірлік жоспарын, мақсаттары мен мұраттарын жүзеге асы-

ру жолдарын іздестіру жағдайында болады. Адам, тұлға өзінің келешегін,

өзінің әлеуметтік ортадағы, қоғамдағы міндетін орындауға бағытталған

жолдарын өз қабілетіне сәйкес таңдайды. Тұлға мұндай таңдауды іске

асыра, әлеуметтік орта тәртібін қабылдай отырьш, өзі мен қоғамның өсіп-

өркендеп, дамуы жолында қызмет жасайды. Тұлға өзінің әлеуметтік мін-

детін орындауда әлеуметтік қатынастар қазанында біте қайнасып, алдына

қойған мақсаттарды өзінің қоғамдағы алатын орнына сәйкес іске асыра

алатындығы немесе іске асыра алмайтындығы жөнінде көп толғанып, көп

ойлануы тиіс. Себебі адамдар, соның ішінде тұлғалар өздерінің қажеттілік-

терін қанағаттандыру процесінде басқа адамдармен, қоғаммен өзара

тәуелді жағдайда болып, берік әлеуметтік қатынастарға өнеді. Яғни әрбір

адам, тұлға белгілі бір пайдалы міндеттерді орындай отырып, қоғамды

дамыту ісіндегі әлеуметтік қатынастардың субъектісі рөлін атқарады.

Екінші жағынан, қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік міндетті атқару мен

орындау кез келген тұлғаның қолынан келе бермейді. Сондықтан әлеу-

меттік орта қоғам мүшелері ішінен тапсырылатын қызметтерді орындай

алатын тұлғаларды даярлауға маңыз береді. Әсіресе, қоғамды қайта құру

мен реформалау кезеңдерінде күрделі әлеуметтік проблемаларды шешу

үшін лайықты, қолынан іс келетін, батыл, қайратты тұлғаларды тауып,

тәрбиелеу, сөйтіп оларды әлеуметтік қатынастардың белсенді субъекті-

леріне айналдыру күрделі де маңызды өмірлік мәселе. Тұлғалардың әлеу-

меттік міндеттерді орындау жұмыстары олардың өздерінің жоғары сапа-

лары мен іскерлік қасиеттерін жетілдіруі тиіс.

Тұлғаның қызмет процесіндегі біте қайнасатын көп жақгы және нақ-

тылы әлеуметтік байланыстарында ол объект ретінде де керінеді. Мұндай

қатынастар процесінде тұлға өзін қоршаған әлеуметтік ортаның әрқилы

ықпал-әсерлеріне езінше назар аударып, өзін әр түрлі тәсілдермен көрсе-

теді. Тұлғаның әр түрлі көріністері өзара бір-бірімен байланысты және

өзара бірімен-бірі себептестілік жағдайда болады. Және бұл жерде еңбек

қызметі негізгі, анықтаушы қызмет болып табылады да, ал үлгі-өнегелік,

әсемдік, саяси сапалар туындылар болып есептеледі.

Тұлғаның барлық көріністерінің жиынтығы мен бірлігі, олардың өзара

бір-бірімен байланысы оның әлеуметтік құрылымын құрайды. Тұлғаның

әлеуметтік құрылымының негізін қоғамдық, әлеуметтік қатынастар қа-

лыптастырады. Мұндағы өзгерістер тұлғаның да әлеуметтік құрылымын-

да өзгерістер туғызады. Бұл жерде объект ретіндегі жекелеген тұлғаның.

239


әлеуметтік бейнесіне өндірістік қатынастармен қатар басқа да қоғамдық

қатынастар ықпал етеді. Ал бұл қатынастардың жиынтығы тұлғаның

әлеуметтік құрылымы қалыптасуының қажетті жалпы шарты болып табы-

лады. Тұлғаның өзіндік өзгешелігіне басқа жағдайлар да, атап айтқанда,

нақгы әлеуметтік айналадағы орта да (отбасы, ұжым, т.б.) белгілі ықпа-

лын тигізеді. Алайда, тұлғаның әлеуметтік қатынастардағы объект ретін-

дегі өзіндік өзгешелігі оның өзі қоғамдық байланыстардың кең ауқымы-

на енген сайын анығырақ көрінеді. Себебі тұлғаның өзі туралы түсініктің

шығу көзі ол оның төңірегіндегі және ол үшін мәні бар адамдар болып

абылады. Әр адамның іс-әрекеттері жөніндегі бдсқа адамдардьщ пікірлері,

бағалары бойынша сол адамның қандай адам екендігі туралы түсініктер

жасалады. Әр адамды оның төңірегіндегі адамдар қандай деп есептесе,

сондай түсінік сана-сезімнің мазмұнына ықпал жасайды. Бұл - өр адам-

ды, индивидті ортақ белгілерге бөлу нәтижесі болып табылады. Өзі тура-

лы басқа адамдардың пікіріне тұлғаның қарсы өз пікірі елеулі түрде оның

әлеуметтік мінез-құлық қалпын, бейнесін қалыптастырады. Тұлғаға ықпал

жасау, біріншіден, әлеуметтік ұйым қабілетінің және, екінші жағынан,

тұлғаның басқа адамдардың ықпалына берілу қабілетінің қалыптасуына,

индивидтің қайткенде де әлеуметтік ұйымның элементіне айналуына,

қоғам ішіне қалай енуіне байланысты болады. Әлеуметтануда әлеуметтік

қатынастардың объектісі ретіндегі тұлға өзара байланысты екі процестің

бірлігінде қаралады. Олардың бірін социализация (әлеуметтендіру),

екіншісін идентификация (ұқсастыру) деп атайды.

Тұлғаның объект ретінде әлеуметтендірілуі дегеніміз, мәдениеттің

және әлеуметтік ережелер мен құндылықтардың элементтерін оның игеруі

арқылы, әрі осылардың негізінде тұлғаның әлеуметгік мәнді белгілері

қалыптасып, қоғаммен, әлеуметтік қауымдастықтардың әр түрлерімен

бірігетін процесі. Әлеуметтену ісі өте кең процесс. Бұл жеке мәселеретінде

қарастырылады.

Әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлға дамуының екінші

процесі идентификацияны (ұқсастыру) сөз етсек, мұның мәні мынада:

әрбір индивидтің, тұлғаның өзін-өзі басқа адамдармен, топпен, ұжыммен

Қастырудың психологиялық процесі. Бұл процесс оған әлеуметтік қыз-

меттің әр түрлерін меңгеруге, әлеуметтік ережелер мен құндылықгарды

өзіне сіңіріп, әлеуметтік міндеттерді қабылдауға көмектеседі. Әлеуметтік

қатынастардың объектісі ретінде тұлғаның өзін ұқсастыру процесінің

әдетте үш түрі бар: 1. Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату; 2. Өзін белгілі

бір бағалы әлеуметтік топқа кіргізу (жас шамалық, ұлттық, жыныстық, т.б.);

3. Нақтылы бір әлеуметтік топқа, ұжымға, шағын топқа жатамын деген

сезіммен өзін соларға қосу.

240

Тұлғалар мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік



бақылау негізінде орнайды. Әлеуметтік бақылау бұл оны құрайтын эле-

менттердің тәртіптелген өзара әрекетін қамтамасыз ететін, әлеуметтік

жүйенің өзін реттеп отыратын тәсілі, әлеуметтік бақылау жүйесінің атқа-

ратын тұрақтандыру қызметі үстемдік етуші әлеуметтік қатынастардың,

әлеуметтік (топтық, таптық, мемлекеттік) құрылымның шептерін ұдайы

жандандыру (өндіру де) болып табылады. Әлеуметтік бақылау жүйесінің

атқаратын мақсаттық қызметі, оның бағытталуы мен мазмұны сол тари-

хи қалыптасқан әлеуметтік жүйенің әлеуметтік-экономикалық, әлеумет-

тік-саяси, әлеуметтік-құқықтық; сипаттарына, тарихи даму процесіндегі

қоғам типтерінің бірін-бірі алмастыруда алатын орнына тәуелді болады.

Әлеуметтік бақылау проблемасы негізінде басты мәселе. Себебі ол жеке

адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы тура-

лы мәселені қамтиды.

Әлеуметтік бақылау процесі барысында жеке адамдар мен қоғам ара-

сында әлеуметтік қатынастар қалыптасады. Бірақ ол жеке адамдардың

сапаларын әлеуметтік стандартқа (бірдейлікке) жақындатуға қарағанда

әлдеқайда күрделі. Бұл жерде әлеуметтік басқару механизміндегі жеке

адам санасының қызмет ерекшеліктерін ескеру қажет. Егер де қоғамдық

сана деңгейінде ақпарат тұтастық күйінде берілсе, жеке адамдар санасы

деңгейінде тұтас күйіндегі әлеуметгік ақпаратты әрекеттің мақсаты, құралы

туралы ақпаратқа бөлшектеу мүмкіндігі пайда болады. Осыдан келіп

оларға саналы баға беруге, оларды. қабылдауға, мойындамауға немесе

өзгертуге мүмкіндік туады.

Осының салдарынан жеке адамдар санасы деңгейінде жаңаша қарау

(жаңа ұстаным, құнды бағыттар, т.б.) қалыптасуы мүмкін, жаңаша қарау

бұрыннан әлеуметтік бақылаудың атқаратын қызметтерінің қүрамына

қосылғандйқтан адамның мінез-құлқын өзгертетін болады. Бұл қоғам-

дың дамудың пісіп-жетілген қажетгіліктері көрінетін болған жағдайда ғана



-мүмкін болады.

Қоғам мен жеке адам арасындағы әлеуметтік бақылау механизмі

шеңберінде өмір сүретін әлеуметтік қатынастар субъекгінің объектіге, қо-

ғамның жеке адамға жай ғана қатынастары емес, ол әр түрлі элементтердің

өрдайым сипатына сәйкес белсенді түрдегі өзара әрекеті мен өзара бай-

ланысүрдісі.

Жеке адам және қоғам (әлеуметтік топ) әлеуметгік бақылау жүйесінің

өзара өрекет ететін құрамдас элемештері болып саналады. Әлеуметтік

бақылау процесі бұл жеке адамдардың және әлеуметтік қауымдастьпстар-

дың (топтардың, таптардың, қоғамның) өзара әрекет ету үрдісі. Әлеуметгік

бақылауды схемаға түсіріп қарағанда оған әрекеттің екі түрінің, атап

241


айтқанда, индивидуалдық әрекет және әлеуметтік әрекет (ұжымдық,

топтық) немесе, басқаша айтқанда, жеке адамдардың бақыланушы

қызметі және әлеуметтік институттардың бақылаушы қызметінің қосы-

латыны анықталған.

Мемлекеттік бақылау әлеуметтік бақылаудың дәл өзі болмаса да,

соған жақьш. Әлеуметтік бақылау жеке адамдардың әлеуметтік мінез-

құлқын, жүріс-тұрысын тек саяси тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар

басқа да әлеуметтік институттар (білім, мәдениет, мораль) тарапынан

реттеу болып табылады.

Әлеуметтік бақылау тұрғысынан алғанда жеке адам мен қоғамның

өзара әрекеті олардың өзара әрекетінің ішкі қарама-қайшылықтарын

анықтайды. Бір жағынан алып қарағанда, адам қоғамнан тыс жерде өзінің

индивидуалдығын, әлеуметтік сапалары мен қасиеттерін қалыптастыра

алмайды. Егерде жеке адам әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени ортаның

жемісі болмаса, онда ол адам емес. Екінші жағынан, адам мәдениетінің

үлгілеріне автоматты түрде бейімделетін болса, онда ол индивидуалды-

ғын сақтай да, дамыта да алмайды. Егер адам әлеуметтік мәдени ортаның

тек көшірме бейнесі болатын болса, онда ол тұлға бола алмайды.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет