Қазақстан республикасы


олардың негізгі элементтері, функциялары мен формалары



жүктеу 8.14 Mb.
бет20/26
Дата19.09.2017
өлшемі8.14 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26

олардың негізгі элементтері, функциялары мен формалары
Қоғамда бар саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің

маңызды буынын құрайды, бірақ бұл жүйе осы институттармен ғана

шектеліп қоймайды. Саяси функцияларды тек «таза саяси» мекемелер мен

ұйымдар ғана атқармайды. Оларды көптеген қоғамдық ұйымдар, соның

ішінде кәсіподақ, жастар, ардагерлер және т.б. ұйымдар, соңдай-ақ жазу-

шыларды, суретшілерді, сазгерлерді, кинематографистерді, журналистерді

және сол сияқтыларды біріктіретін ұймдар да атқарады. Бұл ұйымдардың

270


әрқайсысы қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік топтардың және жіктердің мүдделерін білдіреді әрі қорғайды. Осымен байланысты олар да қоғамдағы саяси жүйенің белгілі бір буынын құрайды.

Сайып келгенде, қоғамның саяси жүйесі мекемелер мен ұйымдардың

жиынтығы болып табылады. Өйткені олардың қызметі саяси сипат алған,

яғни олардың қызметі белгілі бір таптардың, басқа да әлеуметтік топтар-

дың, сондай-ақ ұлттық қауымдастықтардың саяси мүдделерін іс жүзіне

асыруға бағытталған. Бұл мекемелер мен ұйымдар азды-көпті біртұтас

саяси жүйе құрып, өзара байланысқан және өзара әрекет етеді.

Аталмыш жүйенің негізгі функцияларына әлеуметтік топтардың және

ұлттық қауымдастықтардың арасындағы, сондай-ақ мемлекеттер арасын-

дағы кең көлемдегі саяси қатынастардың жиынтығын реттеу жатады. Осы

қатынастардың шеңберінде барлық әлеуметтік субъектілердің қызметі,

олардың өз саяси мүдделері үшін күресі, саяси қарсыластығы мен ынты-

мақтастығы іске асады.

Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:



- мемлекет органдары, оның заң шығарушы және атқарушы бөліктері;

әскер;

- құқық қорғау органдары, ең алдымен сот, прокуратура, полиция;

- мемлекеттік арбитраж;

саяси партиялар;

- саяси қозғалыстар;

- қоғамдық ұйымдар (кәсіподақгар, жастар, шығармашылық, т.б. сол

сияқты ұйымдар). Бұлардың қызметі белгілі бір әлеуметтік топтардың

саяси мүдделерін жүзеге асырумен байланысты болады. Сондықтан белгілі

дәрежеде саяси сипатқа ие болады.

Қоғамның саяси жүйесінің бүкіл осы элементтері экономикалық

қатынастардың негізінде пайда больш, өмір сүретін қоғамның әлеуметтік-

таптық құрылымын тікелей немесе жанама көрсетеді. Қоғамның саяси

жүйесі өзіне тән әлеуметтік-экономикалық және идеологиялық қатына-

стардың бүкіл жиынтығының ықпалымен дамиды және ол аталған қаты-

настарға елеулі әсер етеді. Бұл ықпал күші осы саяси жүйені жетілдіруге

байланысты, сондай-ақ қоғам өмірінің өзге де жақгары оның қалыптас-

тырған өзара әрекет механизміне де тәуелді. Әлбетте, бұл өзара әрекет-

тер көбіне-көп объективті факторлармен, ең алдымен қоғам дамуының

объективті заңдарымен анықталады. Бірақ бұл жерде субъективті фактор

да біршама рөл атқарады, соның ішінде саяси және мемлекет қайраткер-

лерінің қоғам дамуындағы объективтік жағдайлардың маңызын, әр түрлі

әлеуметтік күштердің шынайы мүдделерін түсінуі мен санасу іскерлігін

айтуға болады және бұдан саяси жүйенің өмір сүруі мен дамуы, оның

271


қоғам өмірінің барлық жақтарына әсер ету тиімділігін арттыру пробле-

маларын шешу келіп шығады.

Мемлекет — қоғамдық саяси жүйенің негізгі элементі. Бұл кездейсоқ

емес, өйткені саяси қатынастардағы ең басты мәселе билік туралы мәсе-

ле, ал ол ең алдымен мемлекеттік мәселе. Осы биліктің тетіктерін қолда-

на отырып, мемлекеттік органдар қоғамның саяси жүйесінің бүкіл басқа

да буындарына шешуші ықпал жасайды. Мемлекет ең алдымен заң шы-

ғарушы, атқарушы және сот аппараты ретінде көрінеді. Ал олардың

биліктері қоғамда үстемдік етуші әлеуметтік-таптық күштердің қолында

болады. Мемлекеттік аппарат билігінің көмегімен осы күштер қоғамда

өздерінің саяси үстемдігін орнықтырады және өз ырқып тек қана саяси

салада ғана емес, әлеуметтік-экономикалық, рухани-адамгершілік, басқа

қоғамдық қатынастарда да жүзеге асырады.

Қоғамның таптарға бөлінуінің нәтижесінде мемлекет пайда болды.

Бұл ережені әр түрлі бағыттағы бүгінгі әлеуметтанушылар мойындап отыр.

Қоғамның мемлекеттік ұйымдары бастапқыда қоғамның алғашқы мем-

лекеттік емес ұйымдарынан біраз мәнді белгілері бойынша ерекшеленді.

Олардың негізгілері:

— биліктің пайда болуы, ол өзін бүкіл қоғаммен теңестірмеді, яғни

бір адам басқа адамдарға билік етті;

— халықтың аумақтық бөлінуі, бұдан кейін қандастық байланыстар

есептелмеді;



өнімді еңбекпен айналыспайтын, басқаруды кәсіпке айналдырған

адам топтары қалыптасты, яғни мемлекеттік аппарат пайда болды;



әр түрлі салықгар шықгы.

Билеуші әлеуметтік күштер әрдайым мемлекетті барлық азаматтар-

дың мүдделерін қорғайтын орган есебінде көрсетуге тырысты және оны

бүкіл қоғамның тұрақтылығын сақтайтын факторы ретінде дәріптеп бақ-

ты. Бұл белгілі деңгейге дейін шындыққа сай келеді, дәлірек айтқанда,

бұл күштердің мүдделері өзге таптар мен халық жіктерінің мүдделерімен

сәйкес келгенге дейін. Егер де олардың мүдделері қайшы келсе, онда

билеуші күпггер ең алдымен өз мүдделерін қоғамның бүкіл қалған мүше-

леріне таңып, іске асыруға тырысады. Ол үшін билеуші күштер өз мүдде-

лерін сол елдің бүкіл халқының, бүкіл ұлттың немесе көп ұлтты қоғам-

ның мүддесі етіп көрсетеді. Сөа жоқ, бұл билеуші күштер өз билігін

басқа саяси күштермен ымыраға келу жолымен де орнатуы мүмкін.

Мемлекеттің мәні мен негізгі қызметі оның функцияларынан байқа-

лады. Бұл функцияларға мыналар жатады:

-------------------------------------------------------

ВятрЕ. Социология политических отношений / Пер. с польск. М., 1979. С. 344.

272


— қоғамда қайсыбір әлеуметтік-таптық күштердің үстемдігін қамта-

масыз ету;



- сыртқы жаулардан елді қорғау;

- елдің экономикасының дамуына қандай да болсын ықпал жасау;



- рухани мәдениет пен идеологияны дамыту;

- өзге елдермен сыртқы (елшілік, сауда, өнер, т.б.) байланыстар орнату.

Аталмыш функциялардан басқа да мемлекеттің атқаратын міндеттері

бар. Мемлекет ұлттық интеграцияның маңызды құралы ретінде көрінетін-

діктен ұлтты қалыптастыру және ұлттық қатынастарды реттеуші функ-

циясын, сонымен қатар қоғам өміріндегі әлеуметтік саланың және ха-

лықты әлеуметтік қорғаудың көптеген проблемаларын шешуге байла-

нысты әлеуметтік функция да атқарады.

Әлбетте, мемлекеттің осы функцияларьш тек қана таптық тұрғыдан

түсіндіру дұрыс болмас еді. Мемлекеттің көптеген әрекеті бүкіл халық-

тың немесе қоғам мүшелерінің басым көпшілігінің мүддесі үшін жасала-

ды. Бұл ең алдымен елді қорғау, мемлекеттік деңгейде экологиялық про-

блемаларды шешу, ұлттық салт-дәстүрлерді және мәдениетті дамыту, т.с.с

қатысты болып отыр. Сонымен бірге оның әрбір функциясының шеңбе-

рінде мемлекеттің таптық және жалпы әлеуметтік мәселелерінің өзара

араласуы орын алады.

Мемлекеттің құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік

тарихи типтерін ерекше бөліп айтуға болады. Мұндай бөлуге қоғамның

сипаты негіз болды, соның шеңберінде мемлекет қызмет атқарады. Мем-

лекеттің әрбір типі өзіне сай мемлекеттік басқару формалары арқылы

көрінеді. Ал мемлекетті басқару формалары мемлекеттік билікті жүзеге

асырудың ерекше тәсілі болып саналады. Айталық, мемлекеттің құл иеле-

нушілік типі деспоттық шығыстық монархия, аристократия және демо-

кратиялық республика формасыңда; феодалдық - сословиелік-өкілдік

және шексіз монархия формасында; капиталистік - парламенттік және

президенттік республика немесе конституциялық монархия формасын-

да; мемлекеттің социалистік типі социалистік республика формасында

көрінді. Мемлекеттің формалары қандай да болсын қоғам дамуының та-

рихи жағдайларымен, ұлттық салт-дәстүрмен анықталады, сонымен қатар

қоғамдағы әлеуметтік, таптық күштердің арасалмағы, қайсыбір партия-

лардың рөлі, тіптен жетекші мемлекет қайраткерлерінің рөлі сияқты

факторлармен де айқындалады.

Қазіргі кезде көпшілік азаматтардың мүддесіне сай, қоғамда жүріп

жатқан процестерге мемлекеттік билік органдарының ықпал ету тиімділі-

гін арттыруға бағьпталған қызметін жетілдіру туралы мәселе аса өткір

қойылып жүр. Ол үшін сол билік органдарының біліктілігі мен кәсіби

273


деңгейін арттыру, басшылық стилін жетілдіру және қоғамды басқару ісінің

барлық деңгейінде бюрократиялық әдістерді қолдануды шектеу талап

етіледі. Ең бастысы бүкіл мемлекет органдары қызметінде шынайы де-

мократизмді дамыту болып табылады. Сонда ғана олар елдің ең үлкен жік-

терінің мүддесін іс жүзінде қорғай алатын болады. Заң шығарушы, атқа-

рушы және сот биліктерінің өзара әрекеттерін жетілдіру қажет, сонымен

қатар бұдан басқа қоғамда төртінші билік деп айтылып жүрген бұқара-

лық ақпарат құралдарының жұмысын демократияландыру деңгейін арт-

тыру керек, сонымен бірге азаматтардың өмірін, ар-ожданы мен абырой-

ьш, олардың мүліктік және саяси құқын қорғауға арналған құқық қорғау

органдарының жұмысын жақсартқан жөн, сондай-ақ мемлекеттік басқа-

рудьщ өзге де буындарының жүмысын дұрыс жолға қою қажет.

Бүгінде Қазақстанда бірнеше саяси партиялар мен қозғалыстар қалып-

тасты. Бұл саяси плюрализмнің әлеуметтік-экономикалық базасын да-

мытуға негізделген, көп укладты экономика қалыптастырған, өздерінің

еңбегін жеке меншік секторьплен, бірлескен кәсіпорындармен, коопера-

цияның жаңа формаларымен, т.с.с. байланыстырған жаңа әлеуметтік топ-

тарды дүңиеге келтірді. Елдің социалистік жолмен дамуын қолдайтын

қоғамдағы жіктер де өз партиялары мен қозғалыстарын құрды.

Қазіргі Қазақстан қоғамында экономика мен әлеуметтік-саяси сала-

да әр түрлі бағыттардың күресі оның саяси жүйесінің тыныс-тіршілігіне

сөзсіз әсер етеді.

Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру мен құқықтың мемле-

кет үшін күрес жағдайында қоғамдағы жоғары билік заңға бағынады, бар-

лық саяси күштер өз бағдарламаларын жариялауға және оларды жүзеге

асыру үшін күресуге құқы бар. Осындай жағдайда қоғамның прогресивті

саяси күштері саяси жүйенің басты буындары қызметінің тиімділігін

арттыру үшін күресуде. Сол буындар негізінде Қазақстанда көпшілік

халықтың мүддесіне сай келетін шынайы демократияланған саяси-

мемлекетгік құрылыс құруға қол жеткізуге болады.

Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері ретінде мемлекетпен

қатар саяси партиялар да қоғам дамуында маңызды роль атқарады.

Кейбір саяси партиялар әлеуметгік қозғалыстан тікелей пайда болады.

Дәл осындай жолмен жұмысшы қозғалысынан жұмысшы партиялары, ұлт-

азаттық қозғалыстан ұлттық-демократиялық, экологиялық қозғалыстан

жасылдар партиялары және т.б. партиялар өмірге келді. Ал келесі бір

партиялар қоғамдық ұйымдардың трансформациялануымен құрылды.

XX ғасырдың басында ағылшын тред-юнионы парламентке жұмысшы-

ларды ұсынатын комитет құрған еді, сол комитет кейін лейбористік

партияға айналды. Жалпы партиялардың құрылуының негізгі үш жолы

274

бар: «жоғарыдан», «төменнен», «құрама» тәсілмен. Партияны «жоғарыдан»



қалыптастыру жолы парламенттік топтардың, саяси элиталардың, қысым

жасау топтарының, партиялық бюрократгардың негізінде жүзеге асады.

«Төменгі» жолды қоғамдық қозғалыстардан туындаған, немесе нақты

бір идеологияны, лидерді қолдаушыларды біріктірген партиялар өтеді.

«Құрама» тәсілмен партиялар элитарлық топтар мен қарапайым азамат-

тардың күштерін біріктіру негізінде құрылады. Ғылыми әдебиеттерде

саяси партиялардың табиғаты мен мәні жөнінде әр түрлі түсініктеме

берілген.

Гоббс партияны адамның қарама-қайшы рухының табиғи көрінісі десе,

Макиавелли, Моска оның мәнін «саясилықтан» немесе Юм, Михельс,

Дюверже «партиялықтан», Маркс пен Ленин әлеуметтік-таптық құрамы-

нан іздестірді. Саяси партиялардың мәнін бір жақгы анықгау мүмкін емес,

өйткені олар көптеген сипаттамаларды, соның ішінде психологиялық

белгілерді де қамтыған.

Саяси партия дегеніміз - саяси биліктің көмегімен белгілі бір адам-

дар қауымдастығының мүдделерін қорғау үшін мақсат пен әрекеттің бірлігі

негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы. Саяси партиялардың тікелей

саяси билікке қатысы бар. Олар оны жеңіп алуға немесе оған ықпал етуге

күшін салады. Саяси партиялар ішкі ұйымдасу қабілетімен де ерекше-

ленеді. Олардың кейбіреулері мүшелікті есепке алып, бекітеді, өздерінің

ішкі өмірің жарғымен, нұсқаулармен реттеп отырады. Партиялық құры-

лым лидерлерден, партиялық бюрократиядан, идеологтардан, партия

активтерінен және қатардағы мүшелерден құрылған. Партия өзінің сая-

си әрекет ету бағдарламасының, сонымен қатар белгілі бағыт-бағдарлы

идеологиялық жүйесінің болуымен ерекшеленеді.

Кез келген партияның саяси қызметі оның атқаратын функциялары-

мен тікелей байланысты. Олар қоғамдың ұйымдар мен қозғалыстардың

функцияларымен бірдей. Алайда, саяси партиялардың ерекшеліктерін

есепке алатын болсақ, онда атқаратын функциялары нақгы мазмұнмен

толыға түскен. Саяси партия ең алдымен өзінің әлеуметтік базасы болып

саналатын әлеуметтік топтар мен жіктердің мүдделерін анықгау, негіздеу

және формаға келтіру үшін жұмыс істейді, сол арқылы олардың белсен-

ділігін арттырады. Саяси партия анықталған мүдделерді, оларды іске асы-

руды қамтамасыз ететін жолдар мен тәсілдерді көрсететін өз қызметінің

бағдарламасын жасайды, ұстаған доктринасын шығармашылықпен дамы-

тады және анықтаулар енгізеді, бағдарламалық талаптарын және қабыл-

данған платформасын насихаттайды, өзін көпшілік жұрттың қолдауын

қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік қозғалыстармен және ұйымдар-

мен байланыс орнатады.

275


Партия өзінің басты мақсатын сайлауға дайындық жасау және қатысу

жолымен билікті жеңіп алудан, қоғам дамуының бағдарламасын жасау-

дан көреді. Билеуші партия болуға дайындала отырып, мемлекеттік

қызметтерді атқару үшін және қоғамды басқаруға қатысу үшін ол алдын

ала лидерлерінен саяси элитаны қалыптастырады.

Билікке келгеннен соң, партия қоғамды дамыту жөніндегі өз бағдар-

ламасын мемлекеттік аппарат арқылы жүзеге асыруға тырысады. Сайлау-

да жеңіліске ұшыраған немесе оның барысында парламентте көпшілік

өкілдікке қол жеткізе алмаған партия үшін парламенттен тыс немесе

парламенттік оппозиция ұйымдастыру және келесі сайлауға дайындық

жасау маңызды функция больш қалады. Партия әрдайым өз қызметінің

материалдық базасьш нығайтуға қамқорлық жасаңды, өзге партиялармен,

ел ішіндегі және шет елдегі ұйымдармен байланыс орнатады.

Мемлекет пен қоғам арасында аралық рөлді іске асырушы саяси

партиялар, сайып келгенде, саяси жүйенің маңызды да белсенді эле-

меңті болып табылады. Олар өздерінің мәнісі жағьшан мемлекеттік

билікті қалыптастырудың, әр түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың

мүдделерін мемлекеттің нақты саясатына айналдырудың шешуші фак-



торы болды.

Саяси партиялар нақты елдердің әр түрлі тарихи және әлеуметтік-

мәдени жағдайларына орай әрекет етеді. Бұл жағдайлар олардың көптүрлі

болуына ықпал жасады. Партиялардың қалыптасу негіздері мен мүшелік

шарттарына сәйкес олар кадрлық, бұқаралық және қатаң орталықганды-

рылған партиялар типтеріне бөлінген. Кадрлық ұйымда партиялық құрам

партия комитеті басшылығымен саясатшылар топтарының төңірегіне

бірігеді. Мұнда партияға еркін мүшелік орнатылған, құрамы тұрақсыз

болып келеді. Олардың белсенділігі көбіне-көп сайлау кезінде көрінеді

және бұл белсенділік сайлаушыларды қолдауды ұйымдастыруға бағьггга-

лған. Бұқаралық партиялар - әлдеқайда ұйымдасқан, тәртіпке негізделген,

жарғы талабына сай мүшелік орныққан, өз идеологиясын және көзқа-

растардың біртұтастығын сақтаған саяси ұйым. Қатаң орталықтандырыл-

ған партияларда идеологияға шешуші маңыз берілген. Оларға қатаң тәртіп,

ұйымшылдық, көсемдерді құрмет түту іспетті сипаттар тән. Ал алға қой-

ған мақсаттары мен әлеуметгік ұстанымдарына орай қимыл-әрекеттің

практикалық жағына бағыт ұстағандарды патронажды партиялар, өзінің

идеялық тазалығын сақтау үшін күресушілерді идеологиялық партиялар

деп топтастыру да ғылымда орын алған.

Ұйымдасу және функциялық сипаттарына байланысты да саяси пар-

тиялар топтасқан. Ондай партиялар төртеу. Авангард типтегі партияларға

партия мүшелеріне жоғары талаптар қою, партия ішкі өмірін толық



276

­тәртіппен белгілеу, қатаң тәртіпті сақтау және еңбекші бұқарамен

күнделікті жұмыс жүргізуге бағьгг ұстау тән.

Алайда, мұндай партия билікке келетін болса, онда ол тез арада

әкімшілік жүйенің құрамдас бөлігіне айналып кетеді. Сайлау науқанына

арналып құрылған партиялар қаражат жинау, кандидаттар ұсыну, олар-

ды қолдау үгітін жүргізумен сипатталады. Әдетте мұндай партиялардың

мүшелері, билеттері, жарна төлеу белгіленбейді. Олардың бюджеті ерікті

жәрдем беруден және мемлекеттік қаржыландырудан құралады. Парла-

менттік партиялар алғашқыларға ұқсас. Бірақ олардың атқаратын

міндеттері парламенттік қызметті де қамтиды. Осьплен байланысты олар-

дың тұтас құрылымы, тұрақгы жұмыс істейгін басқару органдары қалып-

тасқан.


Партия-клубтар бұқаралық ұйым болып саналады, оның қатары

қайсыбір платформаны ұстанған адамдарды ғана біріктіріп қоймайды,

оларды бірікгіруде көзқарастардың ортақгығы, мүдделердің, мөдени сұра-

ныстардың бірдейлігі маңызды рөл атқардды. Осындай саяси партиялар-

ды топтастырумен қатар, олардың статусын, қоғамның саяси жүйесіндегі

орнын ескерегін болсақ, онда олардың бөлінуі «билеуші-оппозициялық»

бағыттарда жүреді. Билеуші партия - елдің заң шығарушы органына

сайлауда жеңіске жетудің нәтижесінде үкімет құруға құқылы болған және

өзінің мақсаттарына сөйкес қоғам дамуыньщ саяси бағдарламасын жүзеге

асыруға мүмкіндік алған саяси ұйым. Оппозияциялық партия дегеніміз

заң пығарушы органға сайлауда жеңіліске ұшыраған немесе парламент-

те көпшілік орын ала алмаған және билеуші партияның баламасы ретінде

өзінің қызметін бағдарлама, ұстанымдар дайындауға жұмылдырған партия.

Ол парламенттен тыс және оның ішінде де әрекет ете береді.

Демократиялық қоғамдарда жеңген және жеңілген партиялар «саяси

ойындар» ережесін бұзбай сақтайды, сайлауда партиялар бағдарламала-

рын көпшілікке танымал етудің басты механизмі мөртебесін қамтамасыз

етеді. Мұндай жағдайда жеңіске жеткен партиялар қызметіне кедергі

келтірмейді, ал жеңілген партиялар билеуші партиялардың саясатын сын-

ға алады, азаматтардың саяси таңдауын құрметтейді және үкіметке ниеті

түзу қарым-қатынасын сақгайды.

Қоғамдағы партиялар бір-бірінен, мемлекеттен, басқа да қоғамдық

ұйымдар мен бірлестіктерден оңашаланған емес. Олар тұрақгы түрде өзара

әрекет етеді, белгілі бір жүйені құра отырып, соның шеңберінде пар-

тиялардың шешім қабылдауға ықпал ету деңгейі және олардың қоғамды

басқаруға қатысуының сипаты ашылады.

Жалпылама алғанда партиялық жүйені бірпартиялы жөне көппарти-

ялы деп қарастыруға да болады. Бірпартиялық жүйе қоғам үшін қауіпті.

277

Өйткені бір өзінің ғана болуы, бәсекеге түсетін өзге партиялардың бол-



мауы оны сөзсіз мемлекетпен біріктіреді, бұқараға мемлекеттік ықпал

ету әдістерін қолданатын болады және осы жағдайлар оның партия

ретіндегі сенімін жояды.

Көппартиялық жүйе қоғамда бірнеше партияның болуын қалайды.

Қоғамда партиялардың саны қанша болса да, заң шығаратын билікке

сайлауға қатысу үшін оларға бірдей құқық болуы шарт, сонымен қатар

партиялардың және мемлекеттің функциялары бір-бірінен бөлек болуы

керек. Көппартиялық қоғам үшін тиімді, өйткені партиялар билікке

келудің өркениетті механизмдерін меңгерген, ал олардың бәсекелестігі

арқылы қоғам дамуының балама нұсқаларын ұсыну қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, көппартиялық жүйе саяси мәдениетгі, қоғамның моралін

маңызды сынау болып саналады. Сондықтан бірнеше партияның өмір

сүруі құқықгық мемлекет жағдайында ғана іске асатын болады.

Қазіргі Батыс қоғамының көппартиялық жүйесінде атқарушы билік

туралы мәселені шешу үшін партиялардың өзара әрекет етуінің бірнеше

нақгы механизмдері жасалған. Бұл механизмдер бірнеше, атап айтқанда,

коалициялық, доминациялық және бипартиялық (екіпартиялық) уклад-

тарды қамтыған. Коалициялық уклад сайлауда жеңген партиялардың бірде-

біреуі парламентте - заң шығарушы билік органдарында көпшілік орын

ала алмаған жағдайда қолданылады. Осының салдарынан жеңген партия-

лар бірігуге мәжбүр болады және коалициялық үкімет құрады. Алайда,

мұндай үкімет тұрақсыз болады, өйткені оның құрамына енген саяси

күштердің өкілдерінің қарама-қайшылыққа толы мүдделерін қорғайды.

Бұл үкімет келесі дағдарысқа дейін ғана өмір сүреді. Содан кейін жаңа

сайлау өтеді, мұнда да сайлау күресіне қатысушы көппартиялардың бірде-

біреуі дауыстардың бөлініп кетуінен салмақпен басым түсе алмайды.

Дәл осындай уклад Италия, Бельгия, Голландия, Дания секілді елдерде

әрекететеді.

Доминация уклады (немесе көппартиялық жүйе монопольді билеуші

партиясымен) парламентте басым көпшілік бір партияға жататын кезде

ғана қолданылады, сондықган да ол бірпартиялық үкімет құрады. Мұндай

жағдайда билеуші партия өзінің таптың және жалпыұлттық мүдделерді

қорғау қабілетін көрсетумен, күшггі идеологиялық ықпал жасаумен қатар,

партиялық жүйеде үстем орынға ие болады. Әдетте қоғамда күшті және

топтасқан оппозиция болмаған жағдайда басым партия ұзақ уақыт бойы

(25 және одан да көп жылдар) үстемдік етеді. Дәл осындай уклад Шве-

цияда қалыптасқан, мұнда социал-демократтар ұзақ уақыт бойы басым

партия ретінде болды, осындай жағдай Жапонияның либерал-демокра-

тиялық партиясының басында болған еді. Екіпартиялық укладта саяси

278


аренада бірін-бірі билікте алмастырып отыратын екі негізгі партияның

үстемдік монополиясы орнайды. Бұл осы укладтың сипатты белгісі бо-

лып саналмады. Олардың бірі билеуші де, екіншісі оппозициялық партия.

Олар уақытты келгенде орын алмастырады. Қоспартиялық укладта салыс-

тырмалы түрде тұрақты үкімет құрылады. Мұндай үкімет тұсында жаңа

партиялар құруға көптеген қиыншылықтар туады, үстем етуші партия-

лардан басқа партиялардың қызметіне кедергі келтіріледі. Екіпартиялық

укладтың классикалық үлгісіне буржуазиялық (мысалы, АҚШ-тың демо-

кратиялық және республикалық), немесе буржуазиялық және социал-

демократиялық (Ұлыбританиядағы консервативтік және лейбористік

партиялар) партиялар құрылған жүйе жатады. Екіпартиялық укладтың

бір түрі модифицияланған уклад деп аталады. Оның өзіндік ерекшелігі

бар. Үкімет құруға қабілетті және бәсекеге түскен екі партияның бірде-

біреуі парламентте көпшілік орынға ие бола алмаса, оның бірі заң шыға-

рушы органда тұрақты өкілі бар, саны жағынан аз үшінші бір партиямен

коалицияға түседі.

Мұндай реттеуші релін атқаратын үшінші партияның қатарына Гер-

маниядағы еркін демократтар партиясы жатады. Онымен кейде СДПГ,

бірде ХДС/ХСС блок құрады. Австралияда аграрлық жөне либералдық

партиялар лейбористік партияға қарсы одақ құру тәжірибесі сақгалған.

Кез-келген саяси әрекеттер мен адамдардың өзара әрекеттері саяси

сананың ықпалымен жасалады, бұлардан әрқилы саяси процестер қалып-

тасады. Оның саясилығы ең алдымен мазмұнға байланысты. Саяси сана-

ны құрайтын сезім, көңіл-күй, идеялар мен теориялар адамдардың өмірдегі

саяси және мемлекеттік құрылысқа, саяси билікке, ұлттық саяси пробле-

маларға, сонымен қатар азаматтардың саясй құқығы мен бостандықга-

рына көзқарасынан көрінеді. Таптардың, әлеуметтік топтардың және.

ұлттық қауымдастықтардың әрбір саяси әрекетінде саяси сананың

қайсыбір компонеттері болады. Саяси көңіл-күй, көзқарастар, қисындар,

мақсаттар адамдар әрекетіне түрткі болады, оның мазмұны мен бағыттын

айқыңдайды. Саяси сана бүкіл саяси институттардың, саяси жүйенің ба-

сқа да элементтерінің қызметіне еніп, орнығады. Ол қоғамдық-саяси

өмірдің субъективтік жақгарын бейнелейді.

Саяси сана мейлінше күрделі рухани түзілім. Ол алуан түрлі күй мен

деңгейлер арқылы көрінеді. Әлеуметтанушылар саяси сананың деңгейлері

туралы айтқанда, олар әдеттегі және теориялық сананың көрінуін айта-

ды. Саяси сананың ерекшелікті көрінісі ретінде саяси психология және

саяси идеология алға шығады. Енді соларға қысқаша сипаттама берелік.

Адамдардың әдеттегі (қарапайым) саяси санасы адамдардың больш

жатқан саяси құбылыстар мен процестер туралы тұрмыстық түсінігі

279

көбінесе ғылыми білімге негізделмеген таза ойша жорамалдаушылық пен



пайымдаушылыққа саяды. Олар адамдардың күнделікті іс-тәжірибесінің

ықпалымен қалыптасады. Ал олардың күнделікті іс-тәжірибесі адамдар-

дьщ әр түрлі саяси оқиғаларға кезігуінен, осы оқиғалардан алатын жеке

әсерінен, адамдар арасында өзара пікір алмасу барысында және ең со-

ңында, алуан түрлі насихаттың ықпалымен, яғни саяси жарнамалардан

бастап теледидар, радио, баспасөз арқылы бұқараға ықпал жасаудан жи-

налады.

Адамдардың әдеттегі саяси санасы көбіне-көп олардың ағымдағы



саяси оқиғалар туралы көпшілігінде толық емес және таяз, осы оқиғалар-

дьщ себептері мен заңдылықгарының байланыстарын қамтыған, олардың

даму тенденцияларын елемеуден пайда болған түсінігі. Әдеттегі саяси са-

нада саяси шындықты дұрыс көрсететін элементтердің болуына қарамас-

тан, бұл санаға біршама саяси алданышты елестер сіңген, қайсыбір саяси

құбылыстар жөнінде қате түсініктер орныққан, соның ішінде қоғамдағы

әр түрлі саяси күштердің арасалмағы туралы, әр түрлі саяси партиялардың

қызметтерінің шындыққа жақындығы, олардың көсемдерінің шын мақсат-

тары туралы және сол сияқгылар жөнінде жалған ұғымдар қалыптасқан.

Саяси өмірдің тең даму зандары туралы білімі болмағандықтан қоғам

мүшелерінің басым көпшілігі қарапайым саяси сана деңгейінде ойлайды.

Әлбетте, білім және мәдени деңгейлері өр түрлі адамдардың саяси сана-

ларының даму деңгейі де әр түрлі. Олардың кейбіреулері саяси ойлауда

ауқымдылық пен икемділік танытса, басқалары мұндайға қабілетсіз, яғни

бұлардың саяси ойлары тар өрісті, жартыкеш келеді, сондықган да көбіне

өзгере бермейтін қасаң көзқарастарды ұстанады. Қалай десек те, саяси

шындықтың даму заңдары біліміне сүйенбегендіктен бұл екі жағдай олар-

дың әдеттегі саяси санасын көрсетеді.

Адамдардың теориялық саяси санасының әдеттегі саяси санасынан

айырмайшылығы бар. Теориялық саяси сана көбінесе олардың ғылыми

дәлелденген небір саяси идеялары мен көзқарастарының жүйесі ретінде

байқалады. Әрине, қайсыбір саяси процестерді ғылыми түсіндірудің өзі

әр түрлі тендікте және негізділікте болуы мүмкін. Сонымен бірге саяси

теория атаулының бәрі бірдей шынайы ғылыми да бола алмайды. Деген-

мен, теориялық саяси сана өзінің табиғатынан қарапайым пайым даулар-

дан көп алда болады, саяси құбылыстардың өзара терең байланыстарын

ашуға тырысады.

Теориялық саяси сана деңгейінде өр түрлі саяси күштердің әлеуметтік

табиғаты пайымдалады, ең алдымен таптар мен саяси партиялардың, соң-

ғының объективті саяси мүдделері оларды тікелей саяси іс-қимылға ба-

ғыттайды. Ақырында, теориялық сараптаудың арқасында қайсыбір

280


субъектілердің қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзінің алатын орны ту-

ралы және бұл қатынастар шеңберінде өзін баянды ету мүмкіндігі жөнінде

аса анық түсінігі болады.

Әрине, кез-келген адам саяси процестер мен олардың заңды байла-

ныстарын тереңірек ұғынуға жол ашатын саяси теориялар деңгейінде

ойлай алмайтыны анық. Ол үшін соған сай білім қажет. Қазіргі кезде сая-

си құбылыстар туралы қарапайым сана немесе саяси қиялдар деңгейінде

ойлайтын адамдар аз емес. Соған қарамастан ғылыми саяси сананың

қалыптасуы барған сайын көптеген адамдарды қамтуда. Мұны бүгінгі

өмірдің өзі талап етіп отыр. Жүріп жатқан саяси процестердің мәнін түсіну,

оған бейімделу және оларға сауатты ықпал жасау қажеттігі туып отыр.

Саяси мүдделерін жүзеге асыруды көздейтін көптеген әлеуметтік

топтар мұндай мақсатты өз алдарына қояды. Осындай жағдайда саясат

әлеуметтануының маңызы артады, бұл заңды да.

Саяси психология бұқара халықтың саяси санасының маңызды

көрінісі болып табылады. Ол саяси шындық пен оған деген көзқарасты

жете түсінудің тұтастығы ретінде көрінеді. Осыған орай адамдардың нен-

дей бір ұғыну деңгейін көрсететін олардың саяси құбылыстар туралы

түсінігі ғана оның компоненттері болып қана қоймайды, сонымен бірге

әрекеттің саяси себептері мен қисындары, неге де болса саналы саяси

мүдделілік, қандай да бір саяси әрекеттерді іске асырумен байланысы бар

саяси мақсаттар да психология компоненттері қатарына жатады.

Саяси психологияның бүкіл осы көріністері саяси шындық жөніндегі

белгілі бір пайымдауды өзіне ендіреді, сонымен бірге қайсыбір әлеу-

меттік-саяси топтардың, партиялардың және жекелеген тұлғалардың

нақты саяси іс-әрекеттерінің бағыт-бағдарын көрсетеді.

Саяси психология кейде қалың бұқараның неңдей бір саяси санасының

жай-күйі ретінде, таптардың, ұлттар мен халықтардың психологиялық түрі

ретінде сипатталады.

Оның көрінісіне аталмыш субъектілердің мол саяси сезімдері мен

көңіл-күйлері жатады. Бұл саяси сананьщ эмоционалдық жағын құрайды.

Бірақ саяси психология сонымен бірге өзіне белгілі бір интеллектуалдық

әлеуметті, яғни саяси шындық жөніндегі мейлінше тереңірек пайымдау-

ды сіңіреді. Бұл пайымдау қарапайым сана деңгейінен анағұрлым терең

болуы мүмкін. Бұл өзіне жүйеленбеген жекелеген ғылыми түсініктер мен

ұғымдарды қоса алады. Мұның бәрі субъектілердің, тіптен таптың, ұлтгың

немесе түтас қоғамның қайсыбір саяси себеп-салдарында, парасатты ақыл-

ойында, мақсаттары мен сенімдерінде қабысады.

Түптеп келгенде, саяси психология субъектілердің саяси эмоциясы-

ның, көңіл-күңінің, ақыл-ойының және ерік-жігерінің бейне бір мәйегі

281

ретінде көрінеді. Ол бұқаралық сананың бүкіл салаларын қамтиды, сон-



дықтан да ол аса қозғаушы және жұмылдырушы күшке ие болады. Саяси

партиялар мен қозғалыстардың кең және терең ойлайтын көсемдері мен

жетекшілері бұқараның саяси көңіл-күйін, олардың саяси санасының

бағыт-бағдарын әрдайым есепке альш келуі де және ала да беретіні кез-

дейсоқ нәрсе емес. Бұқараның саяси психологиясын, олардың саяси көңіл-

күйін есепке алу аса көкейкесті міндеттердің қатарына жатады. Бұл

мемлекеттің, саяси партиялардың, әрине, әлеуметтанушылардың қызмет

процесінде шешілуге тиіс.

Саяси идеология таптар, ұлттар, саяси партиялар және басқа да саяси

күштердің мүдделері арқылы көрінетін саяси шындықгың теория түрінде

бейнеленуі болып табылады. Ол белгілі бір саяси теориялардан немесе

олардың жиынтығынан құрылады. Бұл да саяси психология сияқты саяси

шындықгы түсіну деңгейін және оның қайта құруға бағытталуын, саяси

қатынастар жүйесіндегі қайсыбір субъектілердің жағдайын нығайтуды

білдіреді.

Саяси идеология әлеуметтік-таптық сипатта болады. Бұл фактіден

ешкім ешқайда кете алмайды, тек оны мойындау керек. Саяси идеоло-

гияның әлеуметтік-таптың сипатта болуы ол әрдайым таптық күреске ша-

қыруға тиіс дегенді білдірмейді. Мұндай тар таптық догмалық тұрғыдан

қарау тіптен де орынсыз. Идеология, соның ішінде саяси идеология өр

түрлі әлеуметтік-таптық күштерді ымыраға келуге, ынтымақгастық ор-

натуға бағыттай алады. Бірақ та кез келген жағдайда саяси идеология —

объективтік әлеуметтік-таптық мүдделердің теориялық көрінісі. Мұны

саяси психологияға да айтуға болар еді. Бірақ мұнда таптардың, басқа да

әлеуметтік топтардың және ұлттық қауымдастықгардың объективгі мүд-

делері көбіне-көп стихиялы, жартыкеш, таяз, кейде бұқараның саяси

инстинкттері мен интуициялары деңгейінде ғана байқалады.

Саяси идеологияда аталмыш әлеуметтік-саяси күштердің мүдделері

теориялар мен ғылыми тұжырымдамалар деңгейінде көрінеді. Мұндайда

бұл мүдделерді мейлінше терең түсінуге қол жетеді, олардың мәні, маз-

мұны мен бағыт-бағдары ашылады.

Сайып келгенде, жоғарыда келтірілген материалдар саяси қатынас-

тар әлеуметтануының саяси психология мен саяси идеологияға, жалпы

бұқараның саяси санасында барынша көңіл аударуды талап ететінін дә-

лелдейді. Өйткені олардың қазіргі қоғамда рөлі артып келеді.

Саясат әлеуметтануы қоғамда бірнеше міндеттер атқарады. Атап

айтқанда, дүниетанымдық, тәрбиелік, практикалық-саяси функциялар.

Саяси әлеуметтанудың дүниетанымдық функциясы әрбір адамның,

әсіресе саяси басшының санасында жаңаша саяси ойлауды қалыптастыру

282


жалпы азаматтық құндылықтардың, жалпы адамзаттықтың топтық (тап-

тық, ұлттық, діни, т.б.) мүдделерден басымдығын, әлеуметтік-саяси

прогрестің формасы деп саналып келген күштеу мен зорлауды теріске

шығару, әрбір халықтың әлеуметтік және саяси тандау бостандығын

мойындау принциптерін терең зерделеуге бағыттайды. Таңдау бостанды-

ғын қорғау дегеніміз - дамудың көп нұсқалылығын, саяси шешімдерді

мойындау, өзге көзқарастарға төзімділікпен қарау, заң шеңберінде өзгенің

мүддесін құрметтеу.

Саясат әлеуметтануы саяси процестерді суреттеп, түсіндіріп, оның

дамуының бағыттарына болжам жасаумен қатар, ол кәсіпкер, жартылай

кәсіпкер, әсіресе маман емес саясаткерлерге қажетті білім береді. Бұл

оларды саясатты өз интуицияларына ғана сүйеніп жүргізуден сақгайды.

Саясат әлеуметтануы тәрбиелік те функция атқарады. Адамдарды

жауапты азаматтық міндеттерін атқаруға дайындайды. Бұл әсіресе жас-

тарды тәрбиелеуде маңызды. Ол саяси идеялар мен нормаларды, әдет-

ғұрыптарды, саяси ақпаратгар мен білімді кеңінен таратуға үлкен ықпал

жасайды. Сондықтан да өркениетті елдердегі оқу орындарында оны

оқьггуға баса назар аударылады, оқыту сағаттары көбейтілген. Оқу кур-

сымен қатар арнайы хурстар өткізіледі.

Практикалық-саяси функциясы да өте маңызды. Қоғамдық білімдер

жүйесінде саясат әлеуметтануы көп жақты нақты практикаға аса жақын,

қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы адамдардың өзгертуші немесе

консервативтік қызметіне де тым жақын. Саясат әлеуметтануы жалпы

әлеуметтану ғылымының мәліметтерін қоғамдық өмірді жақсарту мақса-

тында іс-тәжгрибеде қолданады және қолдануға тиіс. Саясаттың әр түрлі

салаларымен өзара әрекетін зерттей отырып, саясат әлеуметтануы қоғам-

ның неғұрлым тиімді әлеуметтік-саяси құрылысы мен әлеуметтік-саяси

прогресі моделін іздестіру және анықтау міндеттерін іс жүзінде шешеді.

Саясат әлеуметтануының ғылыми қорытындылары мен ұсыныстары

тікелей практикаға шыға алады. Оның қорытындыларын қатаң басшы-

лыққа алса, қоғамдағы күрделі процестер мен бағыттарды дұрыс пайым-

дауға болады, соның негізінде саяси мәселелердің практикалық оң ше-

шімдері жасалады.

Саясат әлеуметтануы сияқты арнайы әлеуметтану теорияларында

мәдениет әлеуметтануының да маңызы зор.

283


ОН ЕКІНШІ ТАҚЫРЫП
МӘДЕНИЕТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Мәдениеттің мазмұны әдет-ғұрыптар, салттар, заңдар, символдар жә-

не тағы басқалардан тұрады, бұлар ойлаудың, сананың және тілдің ар-

қасында пайда болады, бұлар жануарлар әлемінің өкілдерінде тіптен де

болған емес.

Мәдениет — таза адами өмір салты. Мәдениеттің жануарларда бол-

майтыны сияқты, дәл солай мәдениетсіз адамдар да болмайтыны анық.

Мәдениетке әр түрлі түсініктеме беріледі. Бірде ол туралы ұрпақган ұрпақ-

қа берілетін және кейбір топтар немесе қоғамға тән жүріс-тұрыс форма-

ларының, жиынтығьг ретінде айтылады. Екінші бір жағдайда оны мате-

риалдық және рухани ескерткіштердің, символдардың, әдет-ғұрыптардың

жиынтығы сияқгы қарастырады.

Біз мәдениет әлеуметтануының маңызды ұғымдарына тоқгалудан бас-

таймыз. Мәдениетті әртүрлі қоғамдйқ ғылымдар зерттегенімен олардың

әрқайсысы өзінің ерекшелікті пәндік кетігін тауып қарастырады. Әлеу-

меттануды мәдениеттің ең алдымен қоғамның өмір сүруі мен дамуындағы

атқаратын рөлі қызықгырады. Мәдениет қоғамда жүріп жатқан барлық

өзгерістерді анық сезінетін, оған өзі белгілі бір ықпал жасайтын ерекше

құбылыс.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет