Қазақстан республикасы


Мәдениет әлеуметтануы ұғымы, құрылымы



бет21/26
Дата19.09.2017
өлшемі8.14 Mb.
#1260
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

1. Мәдениет әлеуметтануы ұғымы, құрылымы,

мазмұны және функциялары
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан түрлі. Сондықтан оны фило-

софия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зертгейді,

бірақ олардың әрқайсысы бұл құбылысты қарастырғанда өзінің ерекше

пәнін тауып зерттейді. Ең алдымен әлеуметгануды қоғамның өмір сүруі

мен дамуындағы мәдениеттің рөлі қызықгырады. Мәдениет социумде

болып жатқан барлық өзгерістерге бірден көңіл аударады. Мәдениет

көптеген әлеуметтік процестерді қалыптастыру мен анықтауда өзі де

оларға белгілі бір ықпал жасайды.

Мәдеңиет әлеуметтануы жалпы әлеуметтану ғылымының бір саласы.

Оған әлеуметтанудың тұтас ғылым ретіндегі ортақ, жалпы заңдылықгары

тән және оның өзіндік ішкі зандылықтары, өзіндік ұғымдар жүйесі бар. Олар-

ды түсіну үшін қоғамдық құбылыс ретіндегі мәдениетгің мәнін түсіну қажет.

Балалық шақтан бастап, тілді меңгергеннен кейін, біз адамзаттың

мөңгілік құндылықтар дүниесіне шығамыз, бізді қоршаған қайсыбір зат­

284

тардың қолданыс аясын білеміз, оларды қолдануды үйренеміз, біз мек-



тепте ең алғашқы, жер үстінде жатқан мәдениетті меңгереміз, бұл дүниенің

есігін ашамыз. Адам дамуы оның бүкіл өмірі бойы іске асатын, өшпейтін

мәдениет құндылықгарының шексіз әлеміне ену. Кейде мәдениетті тек

«адамзат жинақгаған құндылықтардың жиынтығы» ретінде қарастырады,

оны көркем мәдениет құндылықгарымен шектеу де кездеседі. Мәдениетті

мұндай тұрғыдан қарастыру өте тар шеңберге соқтырады, сондықтан да

ол қате. Адам кез келген практикалық қызмет процесі барысында дүниені

өзгертеді, ол реалды өзгерту ғана емес, сонымен қатар идеалды, яғни өз

санасында өзгертеді. Дүниені өзгерту арқылы өзінің қабілеттерін жетілді-

реді, қажеттіліктерін қанағаттандырады, білімін көтереді, дүниетанымьш

кеңейтеді, әлеуметтік сезімін жетілдіреді, бір сөзбен айтқанда, өзінің

әлеуметтік күштерін жетілдіру арқылы адамның өзі де өзгереді.

Жалпы айтқанда, мәдениет «адамзат тарихының кесіндісі», ол тарихи

даму барысындағы адамдағы өзгерісті көрсетеді. Мәдениет оның әлеу-

меттенуінің құралы болып табылады яғни оның қоғамдық тұтастықпен

қарым-қатынасың, қоғам мүшесі болып қалыптасуын білдіреді. Бірақ осы

әлеуметтенудің өзі мәдениетті меңгеру барысында тұлғаның индиви-

дуалдығы ретінде жүзеге асады, оның өзгеге ұқсамайтын «менін» игеру

ретінде көрінеді. Әлеуметтендіру мен индивидуалдандыру - мәдениетті

меңгеру процесінің екі жағы.

Мәдениет адамның еркіндік, бостандық саласы, өйткені мәдениет

адамды өзін қоршаған басқа адамдарға конформистік еліктеу шаблоны

мен стереотиптерінен босатады, өз бетінше әрекет етуге кепіл болады,

оның тұлғасын егеменді етеді. Мәдениет адамның өз ісінің шебері бо-

луына, кәсіби қызметтің ең биік деңгейіне дейін көтерілуіне мүмкіндік

береді. Ол адамның саяси қызметінің бостандығын қамтамасыз етеді -

саяси партиялар мен қозғалыстардың көп түрлі бағдарламалары мен плат-

формаларын талдап түсіну қабілетін қальптгастырады.

Бірақ, мәдениет бостандық саласы болуымен қатар, тәртіпке және

жауапкершілікке тәрбиелейді, оларсыз бостандық, еркіндік өмір сүрмейді.

Мәдениет - нормалар жүйесі, яғни олар әлеуметтік ықпалды күш болып

табылады, күнделікті тәртіп нормалары — қарапайым әдептен бастап

құқық және мораль нормаларымен аяқталатын қоғамның әрбір адамға

қоятын талаптары.

Көбінесе мәдениетті халық шаруашьшығының белгілі бір «саласы»,

тіптен «қызмет көрсету саласының бөлігі» деп те санайды. Мұнымен

келіспеуге болмайды. Мәдениет - қоғамның бүкіл саласын қамтитын

қоғамдық жүйе, оған бүкіл қоғам, оның барлық құрылымдары еніп

отырады.

285


Мәдениет тұрғысынан қарастырылмайтын бірде-бір қоғамдық құбы-

лыс жоқ, өйткені әлеуметтік өмірдің кез келген «буынына» құрамдас эле-

мент ретінде енеді. Мәдениеттің көп түрлілігі адамзат қызметінің көп

формасына сәйкес келеді.

Мәдениетті, оның сан қырлы әлеуметтік қызмет процесіндегі адамды

елеулі күш ретінде қарастыруға болады.

Мәдениет адамның рухани байлығын, ол жинаған білімді, дағдыныны,

қабілетті, әлеуметтік сезімді заттық сипатқа ие етеді, шығармашылық қыз-

мет процесінде олар қоғамдық мәні бар мәдени құндылықтарға айналады.

Мәдениет ұғымы бастапқыда жерді өңдеу тәсілін білдірді. Мәдениетгің

осы тар мағынасы Еуропаның қоғамдық санасында ХҮІІ-ХҮІІІ ғасыр-

ларда кең мағынада қолданыла бастады. Бұл өте маңызды болды, өйткені

сол тұстан бастап мәдениет еуропалықтардың өзіндік санасының басты

ұғымына айналды.

Мәдениеттің орнықты түсіндірмесі ағартушылық дәуірге сай келеді.

Осы кезде мәдениет табиғатқа қарама-қарсы ұғымда түсіндірілді. Бұл екі

түрлі сипатта көрінді: табиғат — жетілдіруден алыс тұрған, бастапқы қальш,

ал мәдениет осы кемелденуге жетудің жолы, құралы немесе, керісінше,

табиғат — үйлесімдіктің идеалы, ал мәдениет — қолдан жасалған бір түзілім

болғандықтан бұзушылықгы, әр түрлі кемістікті, т.б. өзіне жинақгаған.

Осымен байланысты Руссо мен Вольтер арасында талас туғаны мәлім.

Руссо мәдениет адамды бұзады, ддамның жетілуі тек табиғаттан беріледі,

ал одан әрі мәдениеттің араласуы жетілуді баяулатады, адамды езеді,

бұрмалайды, қатынастарды әлсіретеді, ең бастысы, оларға екіжүзділікті

енгізеді дейді. Вольтер, керісінше, адамзат тарихының жабайы күйден

басталатынын, адамды адам еткен тек мәдениет екенін дәлелдеп бақты.

Мәдениетке деген бұл екі көзқарас қоғамның әлеуметтану нұсқасын жа-

сауда белгілі дәрежеде ықпал етгі. Руссоның пайымдауынша, бұл тек адам

қоғамы. Оның негізіне қоғам мүшелерінің еңтөменгі қажеттіліктері алып-

ған. Вольтердің қоғамында байлықгы, материалды және рухани игілік-

терді дәріптеу орын алды, ал қоғам мүшелеріне күштеу көрсетілмейді,

бірақ олардың жағдайы индивидуалдық қабілеті мен талантына байланыс-

ты болады. XVIII ғасырдың соңына қарай мәдениеттің келеңсіз жақта-

рына баса көңіл аудару тоқтады, ал мәдениеттің өзі құрал ретінде түсінді-

рілді, соның көмегімен адам биіктейді, өзінің табиғи шектеулігін жояды.

Германия мен Ресейде XVIII—XIX ғасырлар қарсаңында жоғарыда

айтылған пікірлерге қарама-қарсы мәдениет және өркениет идеясы пайда

болды. Рухани, моральдық және эстетикалық құндылықтарды шоғырлан-

дырушы ретіндегі мәдениетке адам үшін утилитарлық, сыртқы және

екіншілік ретіндегі өркениет қарама-қарсы тұрды. Өйткені ол ең алдымен

286

материалдық-технологиялық прогреспен байланыстырылды, ал мәдениет



болса көбіне стихиялы болып келеді. Сондықтан бұған прогресс катего-

риясын қолдануға болмайтын еді, ол өзінің негізінде жоғары азаматтық

құңдынылықтары бар рухани процеспен байланысқан-ды.

XX ғасырда мәдениет көркем-шығармашылық процесс ретінде түсі-

нілумен қатар, қоғамда орын алып отырған әдет-ғұрып, құндылықтар,

көзқарастар, яғни адамның өзін-өзі әлеуметтік тұрғыда түсінуінің бүкіл

саласы ретінде танылады. Осыдан адамзаттың өмір сүруінің сыртқы жағ-

дайын жетілдіруге және адамның өзінің ішкі табиғатына деген қызығу-

шылық артты. Мәдениет ұғымының мазмұнын анықтай келе қазіргі

зерттеушілер, әдеттегідей, оны қоғамда әлеуметтік бағдар функциясын

атқаратын нормалар, құңдылықтар, идеалдар жиынтымен теңестіреді.

Бұл материалдық және рухани еңбек нәтижелерінде, әлеуметтік норма-

лар мен институттардың, рухани құндылықгардың жиынтығында көрі-

нетін адамзат тіршілігін ұйымдастыру мен дамытудың ерекше әдісі. Мәде-

ниет аддм мен табиғат, адам мен қоғам, адам мен адам арасындағы қаты-

настардың жүйесі ретінде қарастырылады.

Сайып келгенде, мәдениет рухани және материалдың құндылықгар

жиынтығы іспетті, оларды жасауда, таратуда және сақтаудағы адамның

тіршілік еңбегі ретінде түсіндіріледі.

Мәдениет сөзінің аталмыш мәні өзінің шығу тегімен және кең мағы-

надағы ұғымымен өзара байланысқан. Бұлардың бәрі өте маңызды.

Алайда, мәдениет сөзіне ұнатпай қарау да орын алған. Мұндай көзқа-

рас өнер мен өмірдегі эстетизмге жауап ретінде Англияда XIX ғасырда

пайда болды. XX ғасырдың алғашқы он жындығында орыс және шетел

нигилистері мен авангардистері, кейіннен, 60—70 жылдары Батыс ел жас-

тарының көсемдері және бұқара халық мәдениетті қиратуды қуаттайды,

олардың түсінігінде мәдениет ескі дәстүрдің тірегі және адамзат бола-

шағы жолындағы басты кедергі болып табылады.

Әлеуметгік ғылымдар мәдениетгі ең алдымен нақгы, яғни адам қызме-

гінің нәтижелерінің жиынтығы регінде түсінеді, ал ол нәтиже материал-

дьпста, белгілі бір жағдайларға жауап берегін идеялар сипатыңда да болуы

мүмкін. Адам қызметінің барлық нәтижелері мәдениетке жата бермейді.

Мысалы, бұған авторлар шығарған, бірақ жазылмаған, материалдық жа-

ғынан баянды етілмеген, өздерінің тәжірибесіне қиын соғатын өлеңдер

мен музыкалық шығармаларды айтуға болады. Өйткені олар жоғалады.

Жазылып немесе ауызша берілген қайсыбір шығармалар қалайда адамдар-

дьщ санасында сақталғанда, олардың рухани дүниесінің бөлігі болғанда

--------------------------------------------------

1. КаганМ. С. Философия культуры. СПб, 1996. С. 48.

287


ғана, адамдардың мінез-құлық қалпын анықтайтын, олардың талаптарын

айқындайтын, яғни қоғамдық өмірді қалыптастыратын күшке айналған-

да ғана мәдениеттің элементі деуге болады.

Мәдениетгің ішкі құрылымы бар. Себебі ол адамзат қауымдастығы-

нан тыс өмір сүрмейді, сондықтан оны индивидтің жеке мәдениеті және

қауымдастық мәдениеті деп бөледі.

Индивидтің жеке мәдениеті бұл оның өзіндік тәртіп үлгілерінің,

қызмет әдістерінің, сол қызмет нәтижелерінің, оның ойлары мен идеяла-

рының жиынтығы. Индивидтің жеке мәдениетінің қауымдастың мәдениеті

шеңберінде өзіндік орны болады, бірақ оған біржола сіңіп кетпейді, белгілі

бір дербестігін сақтайды, бұл оның жалпы мойындалған үлгілерден ауыт-

қуынан көрінеді. Бірақ мұндай ауытқу жалпы мойындалған үлгілерді қира-

туға және айыптаушылыққа жол беруге тиіс емес.

Қауымдастық мәдениеті - шығармашылық туындылардың, қауым-

дастық мойындап қабылдаған құндылықтар мен тәргіп тәсілдерінің жиын-

тығы оның мүшелері үшін маңыздылығы артып, олардың тәртібін анық-

тап, өмір сүрудің ортақ та міндетті ережелерін белгілейді.

Мәдениеттің әлеуметтанулық зерттеу пәні: біріншіден, біртұтастық

ретінде мәдениеттің бүкіл жүйесі немесе басқа қоғамдық жүйелермен өз-

ара әрекеттегі оның кез келген түрі болуы мүмкін; екіншіден, мәдениеттің

өзге элементтерімен арақатынасына немесе басқа қоғамдық жүйедегі ара-

қатынасына орай алынған мәдениет социодинамикасының, мәдени ком-

муникацияның әрбір элементтері зерттеу пәні бола алады.

Бірінші жағдайда: 1) сол социум өмірінде мәдениеттің рөлі мен орны

зерттеледі. Мұндай зерттеудің мақсаты қайсыбір әлеуметтік-демогра-

фиялық топтардың мәдени деңгейің қарастыру. Бұл аса күрделі және

көлемі жағынан өте ауқымды зерттеу. Шындығында, зерттеуші бұл жағ-

дайда материалдық және рухани мәдениеттің барлық түрлеріне талдау

жасауы қажет болады, бұл жерде әрбір индивидтегі мәдениетгің әр түрінің

дамуының біркелкі болмауы оның мүдделері мен бейімділіктерін, оның

кәсіби қызметінің ерекшелігіне байланыстығын ескеруді қажет етеді.

Сондықтан батыстық әлеуметтану әдебиеттерінде «саяси адам», «көркем

адам», т.б. солар сияқгы терминдер кеңінен тараған. Мәдениеттің бүкіл

түрін бірдей меңгеру ешқашан да болған емес. Сондықтан адамның (не-

месе топтың) мәдени дамуының интегративті көрсеткіші шартты және

салыстырмалы түрде ғана.

Екінші жағдайда зерттеудің негізгі үш аспектісі туралы айтуға болады:

1) мәдени коммуникация элементтерінің ішкі өзара әрекеттері зерттеледі.

Осы тұрғыдан алғанда, мәдениетті жасау, сақтау, бөлу және тұтыну ара-

сындағы өзара әрекет зертгеудің пәні бола алады, сондай-ақ осы элемент­

288

тердің кез келгенінің басқаларымен арақатынасы да зерттеу пәніне жа-



тады. Сонымен қатар, кәсіби немесе мәдениетті өз бетінше жасаушылар-

дың тұтынушылармен (мысалы, жазушы-оқырман, идеолог-саяси әрекет-

ке қатысушылар, артист-көрермен, т.б.), сынау-басқару органдарымен,

т.б. өзара қарым-қатынасын зерттеу кең тараған. Осыған сәйкес осындай

зерттеу пәні мәдениетті сынаушы немесе тұтынушы, яғни мәдени ком-

муникацияның кез келген қатысушысы бола алады; 2) мәдени коммуни-

кацияның жоғарыда аталған элементтерінің кез келгенінің өзге де қоғам-

дық жүйелермен (экономикалық, саяси, отбасы-тұрмыстық, экологиялық,

көркемдік және т.б.) арақатынасы зерттелуі мүмкін. Осы қоғамдық жүйе-

лердің «түйісер» жерінде мәдениетті әлеуметтанулық зерттеудің ерекше-

лікті пәні - өндіріс, отбасы, тұрмыс, демалыс, тәрбиелік қызмет және

т.б. пайда болады; 3) қайсыбір мәдениет түрін тұлғаның, топтың немесе

қоғамның меңгеру деңгейін салыстырмалы түрде зерттеуге болады, бұл

жағдайда олар зерттеу пәніне айналады (мысалы, адамгершілік, көркем

шығарма және мәдениеттің басқа түрлері).

Зерттеудің бағыты мен сипаты, әлеуметтанушы қолданатын құралдар

көбіне-көп мәдениет әлеуметтануының пәнін дәл анықтауға байланысты.

Қазіргі зерттеушілердің назары, өкінішке орай, мәдениеттің өз ішкі заң-

дылықтарына емес, оған өзге қоғамдық жүйелер ететін ықпалға аудары-

лып жүр.

Адам қызметінің түрі қанша болса, мәдениеттің де сонша түрі бар.

Сондықтан әлеуметтануда мәдениетті зерттеудің пәнін анық табу ерек-

ше маңызды. Жоғарыда аталған мәдениеттің түрлерінде ортақ заңдылық-

тар болуымен қатар, олардың әрқайсысына тән ерекше заңдылықтар да

бар, мәдениеттің нақгы бір түрін зерттейтін адам осыларды ескеруі қажет.

Сөйтіп, мәдениет әлеуметтануы өзіне бірнеше салыстырмалы түрдегі дер-

бес ғылыми пәндерді қосқан, олар бір-бірімен байланысқан үш топқа

бірігуі мүмкін:

1) негізінен материалдық мәдениетті зерттеуге бағытталған әлеумет-

танулық пәннің тобы: а) материалдық өндіріс мәдениетінің әлеуметта-

нуы; б) тұрмыс мәдениеті әлеуметтануы; в) физикалық мәдениет әлеу-

меттануы; г) сексуалдық мәдениет әлеуметтануы;

2) негізінен рухани мәдениетке жататын әлеуметганулық пәндер тобы:

а) білім беру әлеуметтануы; б) ғылым әлеуметтануы; в) адамгершілік мәде-

ниеті әлеуметтануы; г) діни мәдениет әлеуметтануы; д) көркем мәдениет

әлеуметтануы;

3) материалдық және рухани мәдениетке, яғни вертикальды қиылы-

суға жататын әлеуметтанулық пән топтары: а) саяси мәдениет әлеумет-

тануы; б) құқық мәдениеті әлеуметтануы; в) экономикалық мәдениет

289


әлеуметтануы; г) эстетикалық мәдениет әлеуметтануы; д) экологиялық

мәдениет әлеуметтануы.

Әлбетте, зерттеуші мұның бәрін қамтуы тіптен мүмкін емес, ол үшін

мәдениеттің әрбір түрі туралы арнайы танымы болуы керек, ал бұл түсінік-

ті себептерге байланысты мүмкін емес. Сондықтан дүниежүзілік практи-

када мәдениет әлеуметтануы, әдетте, жоғарыда аталған «буындардың»

екіншісімен, яғни рухани мәдениет әлеуметтануымен шектеледі. Соның

өзінде де әлеуметтанушы мәдениеттің бір ған а түрін зерттеумен шектеледі,

айталық, білім әлеуметтануы, ғылым, мораль, дін, өнер. Қазіргі кезеңде

одан да тар мамандандыру байқалады. Айталық, өнер әлеуметгануынан

ерекше ғылыми пән ретінде театр әлеуметтануы, кино, концертгік қызмет,

бейнелеу өнері әлеуметтануы бөлінді. Білім әлеуметтануынан орта мектеп

әлеуметтануы, кәсіптік-техникалық білім, жоғары мектеп әлеуметтануы

бөлінді. Әлеуметтану пәні бұдан әрі де жетіле, тереңдей беретін сияқгы.

Мәдениет әлеуметтануының өзге әлеуметтану пәндері сияқты өзінің

ұғымдық аппараты бар. Оның ең басты ұғымы - «мәдениет» жоғарыда

қарастырылды. Сонымен қатар, белгілі бір жүйені құрайтын оның басқа

да негізгі ұғымдары бар. Мәдениет негізгі үш «буынды» құрайды: когни-

тивтік, жүріс-тұрыс (тәртіп), пракссологиялық. Әлбетте, мүндай бөлу

шартты ғана, өйткені бұл «буындардың» бәрі бір-бірімен өзара-тығыз бай-

ланысқан, өзара әрекеттес. Бірақ мәдениетке әлеуметтанулық талдау

жасау үшін, оның ұғымдар жүйесін терең түсіну үшін мұндай бөлудің

белгілі бір мәні бар.

Когнитивтік «буын» мәдениеті адамзат баласының жинақтаған дүние-

Танымдық парадигма, білім, дағдылар, іскерліктер - әлеуметтік қызметтің

барлық түрлерін әлеуметтік тәжірибенің қозғалысы, даму жиынтығы ре-

тінде сипаттайды. Оның негізгі әлеуметтанулық бірлігі ретінде мәдениет

құндылықтары ұғымы алынған. Кейде мәдениет құндылығы деп оның

қайсыбір шығармаларын және зат формасындағы: кітап, сурет, мүсін және

т.б. есептейді. Алайда, мұндай тұрғыдан қарау өте тар және дәл емес.

Мәдениеттің құндылығы қызмет түрінде де өмір сүре алады, оның авто-

рынан ажырамайды. Орындалатын өнердің бүкіл түрлері - би, жеке ән

салу, актердің сахнада ойнауы, эстрада өнері және т.б. орындаушының

қызметі ретінде өмір сүреді және бұл қызмет белгілі бір уақыт аралығын-

да ғана іске асады. Бұл қызметті таспаға жазып алу, пленкаға түсіру осы

қызметті сақтау, қалпына келтіру болады. Мұғалімнің, шешеннің, лек-

тордың, адвокаттың, діндардың қызметі туралы да осыны айтуға болады.

Сонымен, мәдениет құндылығы мәдени қызметгің нәтижесі ретінде

немесе қайсыбір адамдардың әлеуметтік қауымдастықгары үшін жалпы

маңызды мәдени құндылығы бар осы қызметтің өзі қарастырылады.

290

Мұндай қауымдастық ретінде қайсыбір адам топтары, мамандық (ма-



мандық мәдениеті құндылығы), діни қауымдастық, әлеуметтік-демогра-

фиялық топтар (мысалы, жастар мәдениетінің құндылығы), тап, халық,

ұлт, бүкіл адамзат қарастырылуы мүмкін.

Адамның қызметі мәдениеттің тәртіп «буыны» арқылы да реттеледі.

Мұндай реттеудің мақсаты - қоғамның әлеуметтік күтілісіне, қызметтің

сәйкестігіне қол жеткізу. Осы реттеу құралы ретінде мәдениет нормала-

ры алға шығады. Бұл нормалар қызметтің сапасына және осы қауымдас-

тық мүшелерінің тәртібіне қойылатын әлеуметтік қауымдастықгың тұрақ-

ты топтары болып табылады.

Ең алдымен нормативтік құқық та адамгершілік мәдениетіне тән, соң-

ғысы адамдардың қоғамдағы күнделікті жеке басының тәртібін өзіне жи-

нақтаған этикет нормаларын да қамтыған. Десек те, нормалар жүйесі

ғылымға да, көркем мәдениетке де ортақ. Сонымен қатар, барлық кәсіби

мәдениет нормативті, өйткені ол осы мамандықгағы адамдарға ең жоға-

рғы үлгідегі- «дүниежүзілік стандарт» деп аталатынға сөйкес талаптар

қояды. Мәдениет нормаларын салт-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-жоралар,

тыйым салу нақтылай түседі. Бұл әлеуметтік институттардың өздері де

қайсыбір нақгы жағдайда қажетті тәртіп үлгісін орнықгыратын нормалар

болып саналады. Құндылықтар мен мәдениет нормалары тығыз байла-

нысқан, яғни нормалардың өзі мәдени құндылықтар болып табылады.

Мәдени құндылықгар мен нормалардың бірлігі мәдениет субстанциясын,

оның «денесін» құрайды.

Когнитивтік және тәртіп «буындары» праксеологиялық «буынмен»

Синтезделеді. Бұл буын адамдардың мәдени қызметінің өзін реттейді, сон-

дықган оны «мәдениетті ұйымдастырушы» деп те атауға болдды. Мәде-

ниетті мұндай реттеудің құралы, дәлірек айтқанда, оның өзін-өзі ұйым-

дастыру құралы мәдениеттің әлеуметтік институттары болып табылады.

Мәдениеттің институттендірілуінің бастауы ежелгі заманнан, абыз-

дардың салт-жораларды ұйымдастыруынан басталған. Бұл процесс біртін-

деп мәдениеттің барлық түрлері мен салаларын қамтыған. Әлеуметтік

институттар ретінде білім, ғылым, құқық, дін, мораль, өнер қалыптасты.

Олардың әрқайсысы, өз кезегінде, өз құрылымдарында олардың қызметін

ұйымдастыратын көптеген әлеуметтік институттарды қалыптастырды.

Мәдениеттің тұлғалықа спектісін зерттеуде ол ұғымдар жүйесіне арқа

сүйейді, олардың ең маңыздысы «мәдени қажеттіліктер, мүдделер, ұста-

нымдар», «мәдени қызмет», «мәдени орта» және т.б. Бұл жағдайда тұлға

әлеуметтануының, оның бір қырынан алынған - мәдениетте қолданыла-

тын жалпы ұғымдық аппарат қолданылады. Дегенмен, бұл жерде ең негізгі

ұғым «мәдени қызмет» болуы керек. Ол адам қызмегінің материалдық-

291


өндірістік, саяси, экономикалық, педагогикалық және т.б. ерекше, жеке

түрі ретінде байқалмайды. Бұл кез келген әлеуметтік қызметтің саласы,

адам дамуы үшін осы қызметтің маңызының сипаттамасы.

Мәдени қызмет мәдениет құндылықтарын жасауға, таратуға және

тұтынуға бағытталған қызмет болғандықтан кез келген әлеуметтік қыз-

меттің: материалдық-өндірістік, экономикалық, тұрмыстық және т.б.

құрамдас бөлігі больш табылады. Бірақ, қызметтің осы түрлерімен айна-

лыса отырып, адам өз алдына өзгеше, утилитарлық мәдениеттен тыс

міндеттер қояды.

Қызмет, егер де ол тұлғаның дамуына ықпал ететін болса, мәдени деп

аталады. Сонымен қатар, тек тұлғаның дамуын арнайы мақсат еткен кызмет

те бар. Мұндай қызметгі тар жөне қатаң мағынада «мөдени» (культурный)

деп атайды. Тек осындай қызметті ғана әдетте мәдениет әлеуметтануы

зерттейді.

Бұл қызметтің қайнар көзі адамның мәдени қажеттіліктері болып та-

былады. Бұған адамның ең жоғарғы әлеуметтік қажеттіліктері - дамуы,

өзін-өзі танытуы мен өзін-өзі баянды етуі, өз өмірінің шығармашылығы,

оның мақсаты мен мәнін іздеу жатады. Тек осы қажеттіліктер ғана адам-

ның мәдени, рухани деңгейін сипаттайды. Кең мағынада мәдени деген

ұғымға, егер де оның жүзеге асуы тұяғаның дамуымен байланысты болса

(культурный), кез келген қажеттілікті жатқызуға болады. Дәл осындай

пікірді қажеттіліктерді нақтылайтын мүдделер мен нұсқаулар туралы да

айтуға болады. Мәдениеттік байланыс белгілі бір мәдени ортада іске аса-

ды. Мәдени орта деп отырғанымыз әлеуметтік субъектіні қоршаған және

оның мәдени дамуына, әрі мәдени қызметіне тікелей ықпал ететін заттық

және тұлғалық элементтердің тұрақгы жиынтығы. Кеңестік әлеуметтану

әдебиеттерінде осы тұрғыдан қала, ауыл, еңбек ұжымы, жатақхана, отба-

сы, т.б. мәдени орта ретінде зерттелді.

Мәдени ортаның заттық элементгерінің қатарына: а) мадениет ме-

кемелерінің саны жөне күйі, олардаң материалдық базасы мен кадрлары

(он мың адамға шаққандағы), б) әлеуметгік кеңістіктегі аймақ мәдениеті

(қала, ауыл, қоғамдық мекеме, баспана, т.б. мөдениеті); в) жұртгың жеке

меншігіндегі ұзақ пайдаланылатын мәдени заттар жатады.

Мәдеңи ортаның тұлғалық элементтері мьшалар: а) халықгың білім

және мамандық деңгейі; б) мәдениет қызметіне үстем етуші нұсқаулар;

в) аймақтағы рухани ахуалдық, тұлғаралық қатынастар мәдениетінің

жәй-күйі.

Сонымен, әлеуметтанушының мәдениетті эмпирикалық зерттеуі не-

гізгі элементтердің тізбегін: мәдени қажеттіліктерді - мәдени ортаны -

нақгы мәдени қызметті қарастыруға саяды.

292

Жоғарыда айтылғандардан келіп мәдениеттің негізгі функциясы ай-



қындалады:

- адам шығармашылдығы (ізгіліктік), яғни адамның шығармашылық

қуаты оның өмір тіршілігінің барлық формасында дамиды (басты функция):

- мәдениет таным құралы және қоғамның, әлеуметтік топтың, жеке

адамның өзін-өзі тануы болғандықган, гносеологиялық (танымдық) мін-

деттер атқарады;

— ақпараттық- бұл әлеуметтік тәжірибені хабарлап, басқаларға қара-

ғанда уақыт байланысын- өткенді, бүгінгіні және болашақты қамта-

масыз етеді;

- коммуникативтік - бұл өзара түсіністіктің бірдейлігін қамтамасыз

ететін әлеуметтік қарым-қатынас (общения) міндеті;

- құндылық-бағдарлық міндеті, яғни мәдениет өзіндік ерекше «өмірлік

құндылықгар картасы» іспетті белгілі бір бағыт жүйесін береді, соның

негізінде адам өмір сүреді және оған бағьгг ұстайды;

- нормативтік-реттеушілік (басқарушылық) міндетінде мәдениет адам

мінез -құлқына әлеуметтік бақылау құралы ретінде көрінеді.

Мәдениет ұғымының әр түрлі түсіндірілуі оны әлеуметтану тұрғы-

сьшан зерттеуде түрлі-түрлі тұрғыдан қарауға себепші болды. Мәде-

ниет әлеуметтануы мәдениет дамуының әлеуметтік заңдылықтарын

және сол заңдылықгардың адам қызметінде көріну формаларын зерт-

теумен шұғылданады. Өйткені олар қоғамдағы қатынастарды, сонымен

қатар қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарды реттеп отыратын идея-

ларды жасаумен, меңгерумен, сақтау және таратумен, түсініктермен,

мәдени нормалармен және құндылықтармен, мінез-құлық, тәртіп үлгі-

лерімен байланысқан.

Қазіргі кезеңде отандық және еуропалық әлеуметтану әдебиеттерінде

мәдениет әлеуметтануы жинақгаушы ұғым ретінде қолданылады. Оған

кино, театр әлеуметтануы, яғни алуан түрлі өнер әлеуметтануы, мәдени-

ет аралықтарын түсіну проблемалары, әр түрлі мәдениеттің ымыралас-

тығы мен шиеленістері, мәдениеттің әлеуметтік-тарихи процеске, топ

құруға, әлеуметтік стратификацияға және әлеуметтік-саяси қозғалыс-

тарға ықпал ету мәселелері жатады.

Кең мағынада айтар болсақ, мәдениет әлеуметтануы әлеуметтанудың

жай ғана саласы емес, ол қоғамдық өмірдің бүкіл проблемаларын қам-

тып, оларды өзіндік ерекше көзқараспен қарастырады. Кез келген мақ-

сатқа бағьпталған әлеуметтік қызметтен, айталық, еңбек, тұрмыс саясат,

денсаулық сақгау, білім беру, т.с.с. мәдени мазмұнды табуға болады.

-----------------------------------------------------------



1. Витаньи И. Общество, культура, социология. М., 1984. С. 19.

293


Мәдениет әлеуметтануының тар мағынада қолданылуы рухани сала-

да топталған өзінің жеке пәнінің болуында. Әлеуметгануда мәдениетті

зерттеу кезінде оның аксиологиялық мәселесінің құнды компоненттерін

бөліп көрсетудің ерекше маңызы бар, бұл әр түрлі деңгейде мәдениет эле-

менттерін, атап айтқанда, жалпы қоғам, әлеуметтік топтар, тұлғалардың

өзара байланысын қамтамасыз ететін мәдениет элементтерін бір жүйеге

біріктіруге мүмкіндік береді. Мәдениетті әлеуметтану тұрғысынан зерт-

теуде мына міндеттерді шешу керек: дұрыс идеяларды анықтау, оны

жасаушыларды белгілеу, оларды тарататын әдістер мен құралдарды

анықтау, идеялардың әлеуметтік топтардың, институттардың және қоз-

ғалыстардың қалыптасуы мен ыдырауына ықпалын бағалау. Нарықгық

экономикаға көшумен байланысты іскерлік мәдениетті зерттеудің маңы-

зы артьш отыр.

Кәсіпкерлік қызметтен туындаған іскерлік мәдениет ТМД елдерінде

енді ғана қалыптасьш келеді. Патшалық Ресейде кәсіпкердің іскерлік

белсенділігінің басты негізі сыртқы рьшокқа шикізат шығару болды. Бұл

оның саудаға ептілігін көрсетіп береді. Ал ішкі рынокта белсенділігі

кәсіпкерлердің елдің түпкір-түпкіріне жеткізіп, таратқан халық тұтыну

заттары төңірегінде жүзеге асты.

Қскер адамның мақсаты жеке басының баюы ғана больш қалмады, ол

өзінің еңбегінен қанағат алуды да мұрат етті. Оның қызметінде жетекші

рөлді еңбектің нәтижесі емес, керісінше, үрдіспен байланысты ішкі мо-

тивтер атқарды. Онда жыртқыштық, мемлекетін көбірек талан-таражға

түсіру орын алғанымен, қайырымдылық тән болды. Қскерлік белсенділік

формасы көбінесе өндірістік сипат алды. Өзара әрекеттипі негізінен ашық,

тілектес болды. Алайда, Ресейде кәсіпкердің тұтьшушылармен және

қызметкерлерімен өзара әрекеті нашар дамыды, бұған басыбайлық құры-

лыс ықпальш тигізді және қоғамдық санада орын алған оның қалдықга-

ры да әсер етті.

Осылайша қалыптасьш келе жатқан кәсіпкерлердің іскерлік мәдение-

тін 1917 жыл тас-талқан етті. Бұл күйреу бірнеше механизмдердің күшімен

іске асты: 1) мүлікті тәркілеу, бұл помещиктермен, капиталистермен қдтар

қолөнершілерді, орта шаруаларды да қамтыды, 2) халықтың бұрынғы

кәсібилігінен айырылуы, бұл көпшілікті әдеттегі еңбекпен айналысу мүм-

кіндігінен айырды; 3) қауымдастық өмір формасының енгізілуі, бұл адам-

дардьщ индивидуалдық белсенділігін көрсету қажетінен айырды; 4) жеке

адам өмірінің қоғамдастырылуы, отбасьш қоғамның ұясы деп жариялау,

бұл оньщ экономикалық белсенділігін және өзінің жағдайьш жақсарту

қамқорлығьшан айырды; 5) біртұтас қауым - совет халқын құру ұраны-

мен барлық ұлтгар мен ұлыстарды араластырьш жіберу.

294

Сөйтіп, революцияға дейінгі Ресейде қалыптасқан өмір сүру затта-



рын жасау дәстүрлі тәсілдері және кәсіпкерлердің іскерлік мәдениеті

жойылған болатын. Кеңес өкіметі жылдарында оның орнына іскерлік

мәдениетінің басқа бір сипаттағы бағыты дамыды. Ол мемлекетпен,

әкімшілік-ұйымдық құрылыммен және қоғамдық меншікпен байланыс-

ты болды. Бұл құрылым вертикальды құрылыстан тұрып, биліктің иерар-

хиялық сатысын құруды және жоғарыдан төменге дейінгі бағынушылық-

ты ұйғарды, бұл билік құрылымының инициатива таньггу мен өз бетінше-

лігін көрсетуді анықгатты, сонымен қатар, бұқара еңбекшілерді өздерінің

индивидуалдық белсенділігінен айырьш, тек атқарушыға айналдырды.

80-жылдардың соңында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

қайтадан кәсіпкерлік қызметті жандандырды. Қоғам кәсіпкерлік, жеке

іс атқаруға рұқсат етілген жаңа экономикалық саясат жылдарын қайта-

дан бастан кешкендей болды.

Алайда, бұл жылдары адамдардың психологиясы өзгерген еді және

ынтасы мен белсенділігін, өз бетінша пайымдау қабілегін, өзінің аман-

есендігі туралы қамқорлық жасауын жаңадан дамыту талап етілді.

Горизонтальды қатынастарды дамытуды жорамалдайтын және оны-

мен байланысты құндылықтар мен нормаларды дамытуды ойластыратын

жаңа іскерлік мәдениетін қалыптастыру қажет.

Іскерлік мәдениетін кең және тар мағынада қарастыруға болады. Кең

мағынада ол - адамның жалпы еңбекке көзқарасы және құндылықтары,

ал тар мағынада - бұл қазіргі кәсіпкердің, бизнесменнің, кез келген іскер

адамның мәдениеті. Бұл нормалар мен құндылықтардан, іскер қарым-

қатынас мәдениетінен, адамдардың қызметін ұйымдастырудан және жал-

пы билік мәдениетінен тұрады.

Іскерлік мәдениеттен екі жікті ерекшелеуге болады: құндылық жігі

және ментальды. Құндылық жігі мәдени құбылыс ретінде алға шығады,

ол дәстүр ретінде біреуден екінші біреуге беріле алады және іскерлік

қарым-қатынастардың этикалық жағын анықгайды. Ол кәсіби қызметтің

негізі болып саналады және білім, ептілік, тәжірибе арқасында автомат-

ты түрде іске қосылады. Бұл жік көбіне-көп стереотип, әдеттегі қызмет,

лауазым тәртібі ретінде, нақты, практикалық қызметтің құндылықтары

мен нормалары ретінде көрінеді.

Іскерлік мәдениеттің ментальды жігі әдеттегі нормалар мен құнды-

лықгар жұмыс істемеген және ойлауды іске қосу қажетгігі туған жағдаймен

байланысты. Нарықтық экономика жағдайында, еркіндік жағдайында

әдетгегі іскерлік қатынастар болып саналатын дәстүрлі қатынастар әрекет

етуін тоқтатгы. Адамдар жаңа құндылықтар мен нормаларды ойлап шы-

ғарды, алайда олар іскерлік мәдениет практикасынан алыс тұрғандықган

295


тек абстрактылық болып қалды. Оларды тек әлі де өзектілікке жетпеген,

бірақ ойлау деңгейінде жасалған кәсіпкердің мінез-құлқын анықгайтын

идеалды модель ретінде қарастыруға болады.

Іскерлік мәдениетінің құндылықгары мен нормаларын алып жүруші

тұлға адамдарды ұғынуы немесе жете түсінбеуі мүмкін. Кәсіпкердің мінез-

құлқын басқаратын олардың ең маңыздысын сана деңгейіне дейін жеткізу

қажет, соның негізінде ескірген стереотипті қайта құруға, өзгертуге бо-

лар еді.


Абстрактілі жорамалданатын идеалды іскерлік мәдениет, оның іскер

адамдар санасында теориялық тұрғыдан қарастырылған құндылықтары

мен нормалары өркениет әлемінде қабылданған негіздерге сүйенеді. Олар

ресми түрде айтылғанымен, іштей әрдайым мақұлданбайды және орын-

дала бермейді, тек сырт көзге қабылданған сияқты болып көрінеді. Бұл

өркениет әлеміндегі кәсіпкерлердің құндылықтары мен нормалары қазіргі

ТМД елдерінің кәсіпкерлерінің бизнес саласында нақты әрекеттерін

сәйкестендіру проблемасын қоюда.

Сөйтіп, басты мақсаттың бірі — ТМД елдерінің кәсіпкерлерін «өрке-

ниет кәсіпкерлерінің» деңгейіне көтеру. Өркениетті деп басқаларға жұмыс

орындарын ашатын, өз қызметкерлерінің әл-ауқатына және тұтынушы-

лардың сұраныстарын қанағаттандыруға қамқорлық жасайтын, қызметі-

мен тек өзіне ғана емес, өзге адамдар мен жалпы қоғамға пайда келтіруге

тырысатьш кәсіпкерді айтады. Бұл адам бір сәттегі пайдадан гөрі даму-

дың стратегиялық бағыттына бағдар ұстайды. Мұндай кәсіпкерді қалып-

тастыру өркениетті қызметтің нормативтік базасын, сонымен қатар ме-

ценаттықты ынталандыратын салық жүйесін жасауды талап етеді. Кәсіп-

керге іскерлік мәдениет және оны құрайтындардың сапасы жөніндегі

білімдерді жеткізу маңызды шара болып саналады.

Батыс Еуропа елдерінде іскерлік мәдениеті қалыптасьш болған, басшы-

менеджерлерді оқыту жүйесі жұмыс істейді, Кәсіпкерлерді мәдениетке

тәрбиелеудегі оқу курсы екі бөлімнен құралған, оның біріншісі іскерлік

мәдениеттің сыртқы факторларын меңгеруді, яғни басшыға қойылатын

сыртқы талаптарды, сөйлеу мәнерін, мимикасын, дене қимылын, әріптес-

терімен қарым-қатынас ерекшеліктерін игеруді, өз көзқарасын қорғай білу

шеберлігін үйретеді. Ал екінші бөлім іскерлік мәдениеттің тереңдегі

негіздерін оқытады. Бұл бөлім кәсіпкердің қоғам, әріптестер, тұтынушы-

лар, қызметкерлер алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды

қамтыған.

Оқыту бағдарламасы ұйым және ойлау мәдениеттерін меңгеруді де

қамтыған. Соның негізінде кәсіпкер қол астындағы қызметкерлердің

пікірін ескеретін болады, адам құндылықгарын түсіну негізінде оларға

296

адамгершілік, ізгілікпен қарайтын болады. Өйткені қызметкерлердің жеке



басының мақсаттары мен мүдделері кәсіпорынның жұмыс атқаруы мен

дамуының ең басты мәселесі болып табылады. Басшыны ойлау мәдение-

тіне тәрбиелеу проблеманы кешенді көруге және шешуге үйретеді, се-

беп-салдарларды сараптауға баулиды, қызметтің әр түрлі жақтарын есепке

алуды, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті шыңдауды үйретеді.

Басшылардың кейбіреулері өзінің негізгі бәсекелестерін білмейді, өз са-

ласы жөнінде ақпараты болмайды, рыноктың қажеттіліктері туралы мәлі-

меттерді меңгермейді, өз тауарларының өтімі мүмкіндігі жөнінде мағлұ-

маттары болмайды, ұсыныс пен сұранысты жан-жақты зерттеудің маңыз-

дылығын түсінбейді және оған мән бермейді, кәсіпорынның қалыпты

жағдайы мен болашақ дамуын сараптау үшін қажетті ақпаратпен қару-

ланбайды. Кәсіпкердің көпшілігі іскерлік мәдениеті туралы білімнің не

үшін қажет екенін, оның қажетті ұйымдастырудағы және қарым-қаты-

настағы рөліне түсінбейді, іскерлік мәдениеттің құндылықгарынан, нор-

маларынан және даму бағыттарынан хабарсыз, бұларды өз кәсіпорындары

мен ұйымдарында қалыптастырудың әдістерін білмейді. Кәсіпкерлер

халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарынан шыққандықтан өздерінің

ұстаған құндылық бағыт-бағдары жағынан да әр түрлі. Бұл өзгешеліктер

нақты жағдайдан, стереотипті мінез-құлықгардан, бағалау мен нормалар-

дан, қызметтің негізгі құндылықтарынан, басқа адамдармен қарым-қаты-

нас пен мінез-құлық, жүріс-тұрыс үлгілерінен байқалады.

Батысеуропалық іскерлік мәдениетге құндылықтар қалыптасқан, олар

кәсіпкерлердің қызметін анықтаушы болып саналады. Оның қатарына

жасампаздық, тәуелсіздік, өзара пайдалылық жатады. Жасампаздық іскер-

лік мәдениеттің құндылығы ретінде жаңа құндылықтарды жасауға күш-

жігерді бағыттауды және өндірістік қызметке, оның нәтижелігіне, маңыз-

ды деп саналатын практикалық мақсаттарға қол жеткізуге бағдар ұстау-

ды көздейді. Ол жеке адамның, әлеуметтік топтың, институттың және

қоғамның мүддесіне бағытгалған әлеуметтік ұйымдастырушылық және

әлеуметтік-шығармашылық қызметтің пайдалылығы, тиімділігі сияқты

негізгі құндылықгармен байланысқан. Тәуелсіздік те іскерлік мәдениеттің

құндылығы болып есептелінеді және ол өзбетінше жеке шығармашылық-

ты қамтиды. Қожайынның өз жағдайын сезінуі тәуелсіздіктің негізі және

абыройы болып табылады, бұл оның жұмысының табысты болуының ар-

қасында жүзеге асады. Бұл жағдай кәсіпкерге әлеуметтік кеңістікте

еркіндікті сезінуге мүмкіндік береді. Алайда, тәуелсіздік кәсіпкерден

әлеуметтік-типтік белгілер мен құндылықгардан тұратьш белсенділікті,

жауапкершілікті, өзбетіншелікті талап етеді. Тұлғалық деңгейде автоно-

мия мен егемендік әлеуметгік құндылықгар больш табылады.

297


Өзара пайдалылық- өркениетті елдердегі іскерлік мәдениеттің келесі

бір құндылығы. Кәсіпкер алдьша мақсаттар, міндетгер қоюда және оларды

жүзеге асыру құралдарын тандауда ешкімге бағынышты емес, өзі шешеді.

Алайда оның осындай тандауы сұраныстан келіп шығады. Ол өндірісті

өзінің жеке тұтынуы үшін емес, керісінше, тауар өндіріп, оны сату үшін,

адамдардың мүддесі мен сұраныстарын қанағаттандыратын заттар мен

қызмет көрсетудің пайдалысын ескеріп ұйымдастырады. Қызметте тұты-

ну құндылығы бар және ол екі жаққа да пайдалы. Осы және басқа бизнес

құндылықтары мен нормалары Еуропада ертеден қалыптасқан, бүгінде

кәсіпкерлер оларды келіссөз жүргізгенде, келісім-шарт жасасқанда,

келісімдегі міндеттерді орындауда, өзара қарым-қатынаста нақгы іске

асырьш отыр.

Мәдениеттің мазмұнын терең ашуда, оның құрылымын анықгауда

мәдениеттің негізгі элементгері ерекше орын алады.


2. Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары

Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды

мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік эле-

менттеріне әдет-ғұрыптар, адамгершілік, зандар, құндылықгар жатады.

Алғашқы үшеуі мәдени нормалардың түрлері больш саналады, сондық-

тан да олар мәдениеттің нормативтік жүйесін құрайды. Бұл жүйе қоғам

мүшелеріне не істеу керегін, оны қалай істеу керектігін және қандай жағ-

дайда өзін қалай ұстау керегін белгілейді зін ұстау мәнерлері, әдеп (эти-

кет) пен кодекс те мәдениеттің нормативтік жүйесінде, бірақ негізгі

есебінде емес, керісінше, оның қосымша элементтері ретінде енеді. Кез

келген қоғамда, айталық, қарапайымнан бастап бүгінгі астам (супер)

қоғамға дейінгі қоғамдардың бәрінде әдет-ғұрыптар мен заңдар болған,

бірақ мәнерлер, этикет және кодекс кез келген қоғамда бола бермейді.

Құндылықгар мәдени нормалар түріне жатпайды, бірақ мәдениеттің

нормативтік жүйесінің өзге де элементтері сияқгы осы жүйеге енеді және

онда ерекше функция атқарады. Құндылықтар мәдениетте ненің қастер-

ленетінін және сақгальш қалатьшьш көрсетеді, бірақ оларды ешкімге таң-

байды. Қоғамдағы ең негізгі құндылықгар ғана әлеуметтік нормалар та-

рапынан қорғалады. Сөйтіп, мәдени нормалардың өзі әлеуметтік норма-

лардың түрі больш табылады. Нормативтік жүйеде әдет-ғұрыптар, адам-

гершілік, заңдар базистік элементтер ретінде дәл осылайша реттілікпен

берілуі керек, өйткені қоғамда тәртіп бұзушыларға қолданатын тыйым

салулардың (санкциялардың) алғашқыдан үшіншіге қарай өтуі қатандық

деңгейінің артқандығын көрсетеді.

298

Әдет-ғұрыптар - ұжымдық әдеттермен бекітілген дәстүрлі тәртіптер.



Адамгершілік — моральдық маңызға ие болған әдет-ғұрып.

Заң- конституциялық негізде мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы

органдарының қабылдаған нормативтік актісі.

Мәдениеттің анықтамасы мен оның құрылымы индивидтер мен

қауымдастықтардың, жалпы қоғамның әлеуметтік өміріне ықпалын сара-

лауға мүмкіндік береді. Оның ықпалы мынандай бағыттарда жүзеге асады.

1. Әлеуметтендіру және жеке тұлғаларды қалыптастыру арқылы. Сәби

жарық дүниеге қуатты қасиеттері бар тек биологиялық организм ретінде

келеді. Ол қасиеттерді төрбие дамытады, үлгілейді, қалыптастырады, еңбек

пен шығармашылыққа қабілетті саналы тіршілік иесі, адамға айналдыра-

ды. Төрбие - тұлғаны қалыптастыратын, оны қоғамдық өмірге бейім-

дейтін, мәдениетке баулитын мақсатты бағьгг. Бұл процесс тұлғаға сол

мәдениетті түсінуге және оның шеңберінде саналы әрекет етуге мүмкіндік

береді. Дәлірек айтқанда, аталмыш процесс адамды әлеуметтендіреді.

Демек, әлеуметтендіру - бұл индңвидтің қоғамдық өмірге қатысуына

тартатын, мәдениетті түсінуге және әлеуметгік ортада, ұжымда өзін-өзі

ұстау дағдысына үйрететін, өзін баянды ете түсетін және әр түрлі әлеу-

меттік рөлдерді орындаттыратын жалпы ортаның ықпалы.

2. Қоғамдық өмірге мәдениеттің ықпал жасау тетіктерінің аса маңыз-

дысы мәдениеттің құндылықгар жүйесін және оларды анықтайтын кри-

терийлерді белгілеу болып табылады. Адамның тәртібі оның қажеттілік-

терімен анықталады. Туғаннан (биологиялық) және күнделікті өмірден

туындайтын қажеттіліктер болады. Бұлардың соңғысы қайсыбір жоқшы-

лық сезімінен туындап, әрекетке итермелейді. Қажеттіліктердің көлемі

және оларды қанағаттандыру тәсілдері тарихтың жемісі және мәдениет-

ке тәуелді больш келеді.

Әлеуметтануда мәдени құбылыстарды дәстүрлі бөлулер мен эмпири-

калық талдаулар бар.

Мәдениетті өзіне сіңірген субъектілер: қоғам, ұлт, тап, өзге де әлеу-

меттік топтар (демографиялық, аймақтық, т.б.) немесе жеке тұлға бір-

бірінен ерекшеленеді. Мәдениеттің бұл топтарьшың арасындағы қаты-

настар өр кезде сайма-сай келе бермейді. Бұған бүгінгі ұлттық мәдениет-

тер арасындағы шиеленістер, қоғамдық және индивидуалдық мәдениет-

тер арасындағы қарама-қайшылықгар мысал бола алады.

Функционалдық рөліне қарай мәдениетті қайсыбір қоғамның әрбір

мүшесіне қажетті жалпы (өзекті) мәдениет және қайсыбір мамандық адам-

дарына қажетті арнайы мәдениет деп бөлуге болады.

Жалпы және арнайы мәдениеттер арасында қатаң белгіленген шека-

ра жоқ. Өзекті мәдениет әрдайым вариативті, бірақ оның моделін жалпы

299


орта білім беру бағдарламасы анықтайды. Мамандар мәдениетін, өз кезе-

гінде, тек кәсіби біліктілік деңгейімен теңгеруге болмайды. Ол өзіне

кәсіптік этика мен эстетиканы қосьш алғанда, мамандықтың дүниетаным-

дық негіздерін пайымдауды талап етеді.

Мәдениетті шығу тегі (генезис) бойынша белгілі бір стихиялық жағ-

дайда пайда болған, нақты авторы жоқ халықгық мәдениетке және ав-

торларын нақгы анықгауға болатьш, кәсіби мамандардың – интеллиген-

цияның жасаған «білімді» мәдениетіне бөлуге болады.

Мәдениетті түрлеріне қарай материалдық (мысалы, материалдық

игіліктерді өндіру мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, т.б.) және рухани (ғылым,

өнер саласындағы қол жеткен табыстар, сонымен қатар адамгершілік, көр-

кем, педагогикалық мәдениет, т.б.) мәдениеттер деп бөлу қалыптасқан.

Мәдениетгі материалдық және рухани деп бөлу шартты екені даусыз.

Өйткені оларға ортақ бірнеше мәдениеттер бар, айталық, экологиялық,

физикалық, т.б.

Өзінің сипаты және «мақсатты» міндеті бойьшша мәдениет діни және

зиялылық болады.

Әлеуметтанушылар мәдениет дамуының бірнеше негізгі заңдылық-

тарын атап көрсетеді:

- мәдениеттің типі қоғам өмірінің табиғи және қолдан жасалған жағ-

дайына және оның өзгеруіне, олардың кері ықпалына тәуелді;

- мәдениет дамуы уақыт пен кеңістікте, жағымды және жағымсыз

жағдайда сабақгастығьш табады;

- мәдениеттің әркелкі дамуы, бұл екі мәселеден көрінеді: а) мәде-

ниеттің гүлденуі мен құлдырауы қоғамдық өмірдің басқа салаларының

гүлденуі мен құлдырауының дәуіріне сәйкес келмейді, мысалы, эконо-

микада; б) мәдениеттің өз түрлері де біркелкі дамымайды. Бүгінде көркем

мәдениеттің тәп-тәуір даму деңгейінде саяси мәдениеттің жоқгығы не-

месе экологиялық күйреу жағдайын әңгіме етеміз;

- мәдени процестегі тұлғаның, адами даралықтың ерекше рөлі.

Мәениеттің өмір сүруі мен дамуы үшін ғылым мен технологиядағы

сапалы өзгерістердің үлкен маңызы бар. Олар мәдени құндылықтарды

жасау мен тарату үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды. Үш сапалы кезеңді

айрықша айтуға болады:

- көптеген мәдениет туындыларын сақтауға және оларды алмасуға

мүмкіндік беретін жазудьщ шығуы;

- кітап баспа ісінің дамуы, соньщ нәтижесінде мәдениет туындыла-

рын тез арада тарату көлемі артты;

- қазіргі ғылым мен техниканың: теледидар, география, т.б. жетіс-

тіктері


300

Техникамен қарулану алғашқыда ең қуанышты үміт отып тұтандыр-

ды. Қуатты техникалық құралдар арқасында мәдениет адамды әлдеқайда

ертерек тиімді әлеуметгендіруі керек еді. Алайда, мәдениеттің шарықга-

уынан негізгі күткеніміз іске аспады. Сонымен бірге, әлеуметтанушы-

лардың анықтағанындай, адамның мәдениеті өзінің тұтастығын жоғалта

бастаған және әсіре қызылалалыққа айналған. Қатардағы адамның әлем

бейнесін түсінуінде бүгінде оның жарнамадан оқығаны, кинодан немесе

теледидардан көргені, газеттен оқығаны немесе қызметтес әріптестерімен,

көршілерімен әңгімесі бәрінен де үлкен рөл атқарады.

Ғылыми-техникалық төңкеріс бұқара мәдениетін кеңінен таратуды

ынталандырды. Бұкаралық мәдениет идеясы бұқаралық қоғам ілімінің

шеңберінде XX ғасырдың 20-жылдарында пайда болды. Бұқаралық қоғам

теориясы бойынша XX ғасырда таптарға бөліну жойылады және тарихи

процесте басты рөлді «бұқара» атқаратын болады. «Бұқара» ұғымы сан-

дық (қоғамдағы көпшілік) ғана емес, сапалық та сипатқа ие болады, яғни

ол адамды ерекше қасиеттерден айырады, сезіміне басымдық береді жөне

оның өз шешімі мен ісіне жеке жауапкершілігін жояды. Тард пен Лебон-

ның пікіріне қарағанда, қоғамда болып жатқанның мәнін түсінбейтін бұқа-

радан (немесе тобырдан) азды-көпті түсінігі бар жұртшылыққа және жо-

ғары мәдени құндылықгарға қолы жететін элитаға бөлінеді. Осыдан келіп

«бұқаралық» қоғам қалыптасады, оның адамы әлеуметтік машинаның

сұрықсыз элементіне, «винтикке» айналған, қоғам қажетіне ыңғайласты-

рылған болады. Ал бұқаралық мәдениет деп шынайы мәдениетке қара-

ма-қарсы тұрған мәдениетті айтады.

Бұқаралық мәдениеттің мәні сол мәдениетті тұтыну мақсатында жа-

саумен айқындалады. Оның басты атқаратын екі міндеті: көңіл

көтерушілік-компенсаторлық (орын толтырушылық). Бұл мәдениет

тапсырыс негізінде өмір сүру мен дамудың ішкі қайнар көздерінен айы-

рылған. Оның бұлай аталуы өзінің көлеміне, яғни адамдарды қамтуы мен

уақыт мөлшеріне қарай пайда болған, яғни бұл мәдениет тұрақгы, күнбе-

күн жасалуына қарай бұқаралық больш саналады. Бұқаралық мәдениет-

те мәдениеттің жеңілдетілген, ат үсті варианты -бейімделушілік орын

алады. Нәтижесінде бұқаралық мәдениет бизнестің ерекше түріне айна-

лады, оны адамның тұтынуынан гөрі, адамның есін шығатын етіп және

оған өзге мәдениет қабаттарын ауыстырып, адамның өзін тұтынатын етті.

Теледидарда бас-аяғы бітпейтін көбік сериалдар деп аталатындардың

үздіксіз берілуі осыған мысал.

Бұқаралық мәдениеттің ең шектен тыс жүзеге асуы- китч. Бұл неміс-

тің «kitsch» деген сөзінен шыққан, ол «шалағай, дөрекілік, еліктеушілік»

деген мағында қолданылады. Китч өзінің әдеттегі өмір сүру ортасынан

301


кетіп, қалаға келген ауыл тұртыньшың сұранысьша жауап ретінде бұқаралық

урбанизация кезінде пайда болды. Китчтың міндеті — бақьгг туралы иллю-

зия қалыптастыру. Китчтың кеңінен тарауы Батыс әлеуметганушыларын

халықгың материалдық және мәдени деңгейінде кері тәуелділік байқалуы

мүмкін, яғни әл-ауқат деңгейінің ете жедел жаппай артуы рухани сұраны-

стардың төмендеуімен қатар жүруі мүмкін деген қорьпындыға әкелді.

Батыстың бұқаралық мәдениеті мазмұны жағынан 60-жылдарда түбе-

гейлі орнықгы десек болады. Батыс Еуропа елдеріндегі жастар бүлігі бұқа-

ралық мәдениеттің адамға аса тиімді әсер етпейтінін көрсетті, өйткені ол

бірден барлық адамдарға есептелген болатын. Бұдан шыққан қорьггын-

ды: қандай да болсын қоғамдық мұраттарды әр түрлі әлеуметтік топтарға

(жастарға, кәсіби, аймақгық топтарға және т.с.с.) әр түрлі тәсілдермен

жеткізу кджет.

Әлеуметтанушылардың алдында мынандай келесі міндеттер тұрады:

мәдени белгілеріне қарай топтарды жіктерге бөлу; олардың мүдде-қызы-

ғушылықтарының ерекше шеңберін анықтап және бір-бірімен жанасу

мүмкіндігі нүктелерін табу; қайсыбір топқа әсер етудің жолдарын, тәсіл-

дерін және құралдарын анықтау.

Бұқаралық мәдениет әр түрлі әлеуметтік топтардың ерекшелікті си-

паттарын есепке ала отырын модификацияланады. Оның ықпал ету тәсіл-

дері де біршама өзгереді: оның тандап алуы, техникалық жетілдірілуі,

ойлап тапқыштығы бұрьшғыдан да артқанмен, өзінің негізгі құралы ретінде

статустық тұтыну механизмін қолданады. Мысалы, қайсыбір заттарды

сатьш алу олардың техникалық сипаттамасына және атқаратын қызметіне

қатысты емес, керісінше, мәртебе көруден туындайды.

Егерде шынайы және бұқаралық мәдениет өздерінің мақсаттары мен

құндылықгары жағынан айырмашылықтары болса, үстемдік етуші мәде-

ниетке орай суб- және контрмәдениеттер, яғни әр түрлі әлеуметтік топ-

тардың: жастардың, кәсіби, аймақтық топтардың, т.с.с. мәдениеті айы-

рықшаланады. Бұларды, басқаша сөзбен айтқанда, жарым-жарты мәде-

ниеттер деп атайды. Кез келген субмәдениеттің өзіндік құндылықгары

бар, олар: жалпы қабылданған біршама ерекшелікті, мінез-құлықтың

ерекше ережесі мен үлгілері, киім-кешек стилі, қарым-қатынас мәнері.

Сонымен бірге, субмәдениет ресми түрдегі құндылықгар мен өмір салты-

ньщ сипатына байланысты, осы құндылықтарды бөлісетін топтардың

көлеміне, топ мүшелерінің ерекшеліктеріне, сонымен қатар олардың өз

мүдде-қызығушылығын және өмір салтьш қорғау үшін белсенді әрекет-

терге дайын болуына қарай өзгеріп отырады.

Әлеуметтанушылар кейінгі жылдары жастар субмәдениетіне көп көңіл

аударып жүр. Ол түсінікті де. Өйткені ұзақ жылдар бойы әлеуметтік бір­

302

келкілікке жетекші болған социалистік қоғамда жастарда ерекшелікті



құндылықтар болған емес және болмайды да деп есептелді. Ешкімге ұқса-

майтын өзіндік, әдеттенбеген мінез-құлық формаларының көрінуі ано-

малия, әлеуметтік ауытқушылық, Батыс-қа еліктеушілік деп бағаланды.

Келесі бір ұстанымда бұл ауьггқушылықгар адамның өзін-өзі көрсетуі

тәсілі ретінде, қоғамға өзі туралы білдіру, өзіне көңіл аударту мүмкіндігі

ретінде қарастырылды. Осымен байланысты «формальды емес жастар

бірлестіктері» дегең ұғым қалыптасып, ол ғылыми және көпшілікке ар-

налған әдебиеттерде, сонымен қатар күнделікті қолдану аясында орын

тепті. Батыс әлеуметтануын осы құбылысты белгілеу үшін «пеер гро-

уп» деген ұғымды қолданады. Бұл ұғым жас мөлшерімен қатар әлеуметгік

статустағы, көзқарастағы құндылықтарға, мінез-құлық нормаларына

тендікті айқындайды.

Жастардың субмәдени белсендігі бірқдтар алғьшартгарта байланысты

болады: 1) білім деңгейіне байланысты. Білім деңгейі төмен адамда бұл

белсеңділік білім деңгейі жоғарылардан әлдеқаңда жоғары; 2) жас мөлшеріне

байланысты. Мұндай белсенділіктің шарықгау биігі 16-7 жас-та болады,

ал 21-22 жаста ол әлдеқавда төмендейді; 3) мекен-жайына байланысты.

Формальды еместердің қозғалысы ауылға қарағанда қалада басым орын алып

отыр, өйткені қалада әлеуметгік байланыстардың өте көп болуы құндылық-

тарды және мінез-құлық формаларын тандауға нақгы мүмкіндік береді.

Формальды емес жастар бірлестіктері әлеуметтік бағьгг-бағдарының

сипатына орай, топтық құндылықгар типі бойынша, демалыс уақьпта-

рын өткізу ерекшеліктеріне қарай бөлінеді. Бұлардың арасында кеңінен

танымал болғаны қазіргі музыка, би, әр түрлі спорт түрлерінің әуесқой

топтары. Қоғамдық пайдалы қызметпен, яғни мәдениет ерекшеліктерін

қорғау, қоршаған ортаны қорғау, т.б. айналысатын топтар да бар, бірақ

олардың саны онша көп емес. Мінез-құлқы әлеуметгік патогендік неме-

се қылмыстық сипаттағы топтар бар: нашақорлар, токсикомандар, т.б.

Әлбетте, өр түрлі субмәдениет топтарын бөліп көрсету шартты ғана,

өйткені олар бір-біріне өте алмайтындай қоршаумен қоршалмаған.

Металлистердің арасында, айталық, токсикомандар, нашақорлардың ара-

сында жезөкшелер кездеседі, өйткені олар денесін сатып, анашаға, т.б.

ақша табады. Бұл жерде әңгіме мұндай топтардың әр түрлі типтері тура-

лы болып отьф. Рокерлер, металлистер, футбол фэндері ортақ қызығу-

шылыққа біріккен және онысын сыртқы символдармен көрсететін топ-

тар. Ал әлеуметтік кереғар мінез-құлық үлгілері, айталық, нашақорлық

немесе жезөкшелік топтасудан гөрі жекелік деңгейде жүзеге асады. Әре-

кеттің мұндай сипаты оларды біріктіріп, топтастырудан гөрі оқшаулап,

жеке әрекет еткізеді.

303


Субмәдениет үстемдік етуші мәдениетке ашықтан-ашық шиеленістік

жағдайда, қарама-қарсылықта тұрғандықтан оны контрмәдениет деп те

атайды. Бұл ұғым 60-жылдардағы Батыс жастарының қозғалысын сипаттау

үшін ғылыми айналымға ендірілді. Оның авторы американ әлеуметтану-

шысы Т. Роззак. Басқаша сөзбен айтқанда, контрмәдениет - қоғамда

үстем етіп отырған нормалар мен құндылықтарға теріс көзқарастағы

қайсыбір әлеуметтік топтың нормалары мен құндылықгарының жиын-

тығы, кешені.

Қазіргі кезде контрмәдениет - бұл дүниетану жөніндегі түсінікке

қарсылық көрсету үрдісі, үстем мәдениетке оппозициядағы өмірдің ба-

лама стилі: дәстүрлікке қарсы көркем шығармалардың формалары.

Мәдениетте ішкі біркелкіліктің болмайтындығын ескере келіп, әлеу-

меттанушылар көп деңгейлі нұсқа жасауға тырысты, ол бойынша мәде-

ниеттегі көп түрлі мәнді өзгерістердің болуы өзгеріске түскен қоғам тара-

пынан мәдениетке «шақырудың» көп түрлі болуына байланысты. Бұл

жерде мәдениет жүйешелері бір-біріне бағыну, субординация принципі

боййынша арақатынаста болмайды, керісінше, толықтыру принципін

басшылыққа алады. Бұл нұсқада әлеуметтік құрылым, әлеуметтік тапсы-

рыстағы белгілі бір мінез-құлық және мәдениет жүйешелерінің өмір сүруі

арасындағы өзара байланыс анық, сезіледі. Біртұтас адамзатгың мәдениет

сан түрлі мәдениеттен тұрады, олардың әрқайсысы ортақ мәдениетке өз

үлесін қосады және олардьщ әрқайсысьшсыз мәдениет толық болмаған

болар еді. Барлық мәдениет қажет: құнды және бірін-бірі алмастыра

алмайды.


Бірде-бір мәдени процесті «жақсы» немесе «жаман» деген тұжырым-

мен бір жақты және қатаң бағалауға болмайды, әсіресе біздің еліміздегі

қазіргі мәдениет жағдайы туралы айтқанда, мұны ерекше ескеру керек,

өйткені ол аса күрделі және қарама-қайшылықты, әлі де болса жүріп

жатқан өзгерістердің тереңдігі және ауқымы айқын емес. Бірақта қазірдің

өзінде бірнеше тенденция анық байқалады. Атап айтар болсақ, мәде-

ниеттің идеологиялануынан бас тарту және мәдениеттегі мемлекеттік мо-

нополияның жойылуы орын алып отыр. Мазмұны жағынан алғанда, бұл,

біріншіден, үлкен шығармашылық еркіндігі мен мәдениет саласын таң-

дау еркіндігіне қол жеткізсе, екіншіден, тұтынушыға ұсынатын мәдениет

туындыларының, ол қарапайым әдебиет немесе көптеген оқу орындары

болсып, сапасы мен деңгейіне бақылау жойылды. Мәдениет ғимаратта-

рьш жекешелендіру және коммерцияландыру бағыты байқалады. Қазіргі

кезде бұл процесс бір жақты бағыт алып отыр эротикалық, т.б. мол табыс

көзіне айналған. Революцияға дейінгі мұраларға, соның ішінде дін мен

шіркеуге (мешітке) қызығушылы қартты. Ұлттық мәдениеттің жекеленуі

304

және оларды саясаттың, сайлаушылардың сеніміне кіру құралы ретінде



қолдану тенденциясы бар. Мәдени-коммуникативтік енжарлықгың кү-

шеюі, кітап оқуға деген қызығушылықгың төмендеп, керісінше, теледи-

дар т.б. көрудің етек алуы, театр, мұражай, кітапханаларға барудың кемуі

байқалады.

Адамның ұлттың мәдениетті білу деңгейі бірнеше компоненттерден:

- өткен мәдениетті, оның дәстүрін білуден құралады. Әлеуметгік жағы

болмайынша ұлттық мәдениеттің болуы да мүмкін емес. Тоталитарлық

тәртіп ұзақ жылдар бойы ұлттық дәстүрлерге ашықтан-ашық нигилистік

көзқарасты орнатты. Қазіргі жастар өзінің азаматтық, отандық тарихын,

соның ішінде мәдениет тарихын өте нашар біледі, әсіресе өз халқының

көрнекті мәдени қайраткерлерін жақсы біле бермейді, көбінесе дін, мешіт

жөнінде олардың қарапайым мағлұматтары да жоқ;

- ұлттың мәдениетті білу – халықтың салт-дәстүрін, ұлттық ойындар

мен мейрамдарын, ұлттық ән-билері мен күйлерін, мақал-мәтелдерін,

ертегілерін, эпостарын білуден құралады. Бұл жерде халықгық педагоги-

каның, халықтық медицинаның, этиканың, халықгық спорттың дәстүрлері

туралы әңгіме етіп отырғанымыз жоқ. Бұларды білу нұр үстіне нұр.

Жастардың аздаған бөлігі ғана ұлттық музыкалық аспаптарда ойнай

алады, ұлттық киімдерді, т.б. біледі;

- ұлттық мәдениеттің дүниежүзілік мәдениеттегі рөлін, осы ұлттың,

оның ұлы адамдарының бүкіл адамзаттың рухани өміріне қосқан үлесін

білуден құралады;

- ұлттық психологияның көрінісі ретінде ұлттық мәдениетінің ерек-

шеліктерін білуден құралады.

Шығарма мазмұнының ұлттық сипаты мына негізгі факторларға:

- мәдени құндылықгы жасаушының өз шығармаларында осы халық

үшін, сол ұлт үшін аса маңызды көкейтесті мәселелерді көтере білу қабі-

летіне байланысты;

- ұлттық мәдениет дәстүрін, соның ішінде халықгық (фольклорлық)

мәдениет дәстүрлерін - халық дүниетанымын, халықгық этиканы, педа-

гогиканы, медицинаны, дінді, өнерді шебер қолдана білуіне байланысты;

- қоғамдық ғылымдар, философия, мораль, теология жөнінде жазыл-

ған еңбектерде, көркем шығармаларда ұлттық психологияның ерекшелік-

тері, яғни ұлттық мінез-құлық, ұлттық сезім, ұлттық қарым-қатынас және

т.с.с. терең ашылуымен байланысты;

- өмірде бар ұлтгық мектептер мен мәдениеттегі бағьптарға арқа сүйеу-

ге байланысты. Бұл әсіресе ғылым үшін аса маңызды. Бұл мазмұнның

ұлттық көріністері рухани мәдениет шығармаларының формаларына да

бойлай енеді.

305


Мәдениеттін коғамдық өмірдегі орны мен рөлін, оның даму занды-

лықтарын зерттеудің үлкен практикалық маңызы бар. Қазіргі кезде анық

көрініп отырған бір нәрсе бар, ол экономикалық және саяси бағдарлама-

ларды халықтың мәдени деңгейін ескермей өмірге енгізуге болмайтын-

дығы. Сондықтан Қазақстан Республикасы 2000 жылды мәдениет жылы

деп жариялауы заңды. Басқаша айтқанда, мәдени деңгейді арттыру

әлеуметгік-экономикалық өркендеудің қажетгі алғышарты болып саналады.

Екінші жағынан, тұлға бұрыннан жиналған мәдени құндылықгарды

игеріп, оларды өзінің рухани байлығына айналдырғанда ғана шығарма-

шылық болады.

Мұндай адамның кез-келген қызметіне нормативтік талаптар қойы-

луға тиіс, ол, Гегельдің дәл тауып айтуындай, адамды әлемде жалпы қабыл-

данған стандарттарға дейін көтереді. Сонымен бірге мәдениет адамзат

қызметі плюрализмінің, оның еркіндігінің, шексіз индивидуалдығының

көп түрлілігінің қажетті шарты болып табылады. Мәдениет адам миы мен

қолының жасампаз туындысы ретінде табиғатқа қарама-қарсы тұр. Бірақ

мәдениет табиғаттың өзін де жетілдіреді, оның сақгалуын және ұтымды

пайдалануын қамтамасыз етеді.

Мәдениет - бүкіл адамзаттың игілігі. Ол өзіне әрбір дәуірде барлық

ұлттар мәдениеті, барлық халықтың жіктері жасаған барлық жақсы атау-

лыны, аса құңдыларды біріктірген. Бұл тұрғыдан алғанда мәдениет мәң-

гілік, жалпыадамзаттық құндылықтар болып қалады. Бірақ кез келген

жалпыадамзаттық мәдениет құндылықгары өзін жасаған дәуірдің ізін

және бір мезгілде ұлттықты сақтайды. Сол ұлттың ішіндегі қайсыбір жіктің

мәдениет игілігі болады. Сондықган мәдениет әрдайым жалпыадамзат-

тық және ұлттық мәдениеттің диалектикалық бірлігін талап етеді.

Мәдениетгі тоқтаусыз процесс ретінде де қарастыруға болады: мәде-

ниетте әрдайым жаңа шығармалармен қатар жаңа мектептер мен бағьгг-

тар да пайда болады. Бір мезгілде ескірген, «уақыт сынынан» өте алма-

ғандар қайтып оралмасқа кетеді, жоғалады. Бұл мәдениетті статикалық,

қозғалыссыз күйде қарастыруға болмайтындығын көрсетеді.

Сөйтіп, мәдениет - аса күрделі және іштей қайшылықгы жүйе. Бұл

қарама-қайшылықтар мәдениеттің салыстырмалы түрдегі дербестігіне

себепші болады. Мәдениетті зерттеу - әрдайым қоғамдық қатынастар

жүйесіндегі адам қызметіне, оған ықпал еткен қисындар мен оны жүзеге

асыру жағдайына талдау жасау деген сөз. Осыған орай мәдениет әлеу-

меттануының адам қызметін зерттеуде өзіндік ерекше қырлары бар. Ол

әлеуметтанушыны тұлға дамуына ықпал етуші тұрғысында қызықгыра-

ды, ал ол ықпал жағымды және адамды тоздыратын жағымсыз да болады.

Осы ықпал қызметтің мазмұнына тікелей тәуелді болып келеді.

306

Кез келген қызмет тұлғаның рухани дүниесін байытуы да, тоздыруы



да мүмкін. Бірақ әлеуметтану зерттеулерінде еңбек саяси және рухани

қызметтер мазмұнына қарамастан адамды байытушы ретінде жиі қарас-

тырылады. Дене еңбегі, ауыр еңбек, консервативтік, ұлтшыл ұйымдар-

дағы белсенді қызмет, анайы әдебиеттер оқу немесе зорлық-зомбылықты,

әдепсіздікті дәріптейтін фильмдерді көру тұлғаны тоздырып, күйретеді.

Сондықтан зерттеуші үшін адамның қайсыбір қызметке қатысу

фактісінен гөрі сол қызметтің реалдық мазмұны, оның адам дамуына нақ-

ты ықпалы аса маңызды. Осы қызметпен айналысу қисындары да маңыз-

ды. Адам тіптен жағымды әлеуметтік-саяси қызметпен айналысқанның

өзінде де сыртқы оңтайлы себептердің негізінде жеңілдіктер алуға, ман-

сапқорлыққа ұмтылады. Мұндай жағдайда тіптен жағымды, сәтті қызмет-

тің өзі адам үшін сыртқы, парықсыз болады, өмірлік мақсат бола алмайды,

тек ол мақсатқа жетудің құралына айналады.

Сөйтіп, мәдениетті әлеуметтану тұрғысынан зерттеу адамньщ ішкі

дүниесін, оның тұлғалық «өзегін» зерттеуге сезсіз итермелейді. Түптеп

келгенде, олардың бастау керіністері қажеттіліктер мен мүдделерді қа-

растыру болып табылады. Бұдан тыс мәдениет әлеуметтануы өмір сүре

алмайды.


Мәдениет әлеуметтануы - бұл бір аспектіде қарастырылған тұлға

әлеуметтануы, кеп түрлі әлеуметтік қызмет процесінде оны даму тұрғы-

сынан қарау.

Айтылғандардан мынандай қорытынды жасауға болады. Әдебиеттер-

де, күнделікті санада мәдениет тек қана жағымды құбылыс ретінде қара-

стырылады. Ал өмірде прогрессивтік мәдениетпен қатар кертартпа мәде-

ниет орын алған. Оны кейде «антимәдениет», яғни професке қарсы тұрған

мәдениет деп те атайды. Қызмет мазмұны сол қызмет барысында затқа

айналған мәдениет мазмұнын да анықтайды. Прогресс пен регресс бір-

біріне қарама-қарсы екі даму бағыты бар, соның ішінде бұл тұлға дамуы-

на да қатысты. Тұлға қазіргі жағдайда қарама-қарсы тұрған сан қырлы

мәдениеттің күрес арнасына айналған, тұлғаның рухани дүниесі және

әлеуметтік ұстанымы оның мәдениетті тандауына кеп байланысты. Мәде-

ниет проблемасы, сайьш келгенде, тұлғаның даму бағытын анықтайтын

қайсыбір құндылықгарды тандау проблемасы. Басқаша айтқанда, тұлға-

ның бағыт-бағдары — оның мәдени қызметінің мазмұны.

Жоғарыда мәдениеттің көп түрлілігі жөнінде айтылды. Оның бір түрі

басқару мәдениеті еді. Келесі тақырыпта жалпы басқарудың мазмұны,

т.б. мәселелері қарастырылады.

307
ОН ҮШІНШІ ТАҚЫРЫП


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> -
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет