Қазақстан республикасы


ӘЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ



жүктеу 8.14 Mb.
бет25/26
Дата19.09.2017
өлшемі8.14 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

ӘЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ

МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСГЕМЕСІ
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықгы талап

етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулық зерттеу

де дәл сондай. Зерттеу нәтижесінде алынған ақпараттың сенімділігі,

құңдылығы оған жан-жақты дайындалуға күш салумен тікелей байланы-

сты. Соңдықтан әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестерді әлеу-

меттанулық сараптаудың әдістеме және практикалық тәсілдерін меңгеру

күнделікті әлеуметтанулық жұмысқа жоғарғы деңгейдегі дайындықты

қамтамасыз етегін ғылыми ережелерді игеруді қажетсінеді.

Әлеуметтанулық зерттеуге дайындық - әртүрлі жұмыстардан, ғылы-

ми процедуралар мен операциялардан тұратын процесс. Зерттеудің сенімді

теориялық негіздерін қамтамасыз ету қажет, оның жалпы логикасын ой-

ластыру керек, ақпарат жинау үшін әдістемелік құжаттар әзірлеу керек,

әлеуметтік құбылыстар мен процестерді пайындауға қабілетті және әлеу-

меттанулық мәліметтерді сараптауға қабілетті зерттеу тобын құру қажет.

Зерттеуді ұйымдық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз

етуді қарастыру керек, зерттеу барысында пайда болатын мәселелерді

жедел шешуге дайын болу қажет. Бір сөзбен айтқанда әлеуметтанулық

зерттеуге дайындық жұмысының бүкіл көлемі соған қойылатын талап-

тарға сәйкес орындалғанына сенімді болған кезде ғана кірісу керек.

Осыны ескере отырып, бұл тақырыпта әлеуметтану зерттеуінің дай-

ындық кезеңінің маңызды мәселелерін қарастырудан бастаймыз.
1. Әлеуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері.

Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете

білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод),

әдістеме (методика) міндетгі түрде қажет. Әлеуметтанудың методология-

сын әркім әрқалай түсінеді. Методология ұғымы гректің «метедос», яғни

таным тәсілі және «логос», яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұра-

ды. Бір сөзбен айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің

жүйесі. Эмпириктер методология туралы айтқанда оны техниканың

-------------------------------------------------------------



1. ЯдовВ. А. Стратегия социологического исследования. Описание, объясне-

ние, понимание социальной реальности. М.: Добросвет, 2000. С. 53.

357

жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жәні ретінде пайымдайды. Тео-



ретиктер методологины әлеуметтікке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме

және техниканы дайындау мен тандауды қажетсінетін әлеуметтік шын-

дық туралы белгілі бір пікірлер жүйесі ретінде қарастырады. Әлеуметта-

нушы эмпириктердің методология жөніндегі түсіндірмесі олардың әлеу-

меттану зерттеулерінде теорияның орны мен рөлін белгілі бір деңгейде

жете бағаламауынан немесе олардың қолдануға жарамайтын теориялық

тұжырымдамалардан бас тартуға тырысуынан туындағанын көрсетеді.

Теоретиктердің методология туралы түсінігі теориялық зерттеулерді эм-

пирикалық ізденістермен тығыз байланыс орнатуға бағыттайды. Бірақ осы

байланыс жөнінде тіс жарып ештеңе айтпайды. Сондай-ақ методология

туралы әлеуметтану зерттеулерін теориялық және тәжірибелік деңгей-

лерде ұйымдастыру мен жүзеге асырудың алғышарттары мен принцип-

терінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпириялық («эмпирия» -

грек сөзі, «тәжірибе» деген мағына береді. Бұдан әрі тәжірибелік деп жазы-

лады) типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі және қолданбалы болып

екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі

зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту

болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы

шешуге арналады.

Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теория-

лық зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді. Өйткені

соның нәтижесінде әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады.

Оны жүзеге асыру зерттелген проблеманы практикада шешуге бағьгг-

талады. Саясаттанушылар мен саясаткерлер, заңгерлер мен басқарушы-

лар, экономистер мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық

бағдардағы мамандар эмпириялық әлеуметтану зерттеулерінің нәти-

жесінде алынатын ақпараттарды белсенді тұтынушылар болып саналады.

Сол ақпараттарды қолдана отырып, олар өздерінің практакалық және тео-

риялық сипаттағы кәсіби мәселелерін шешеді.

Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір

элементтерді қамтады. Бұл элементтерге, біріншіден, объект жатады, ол

әлеуметгік шындықты (ақиқатты) бейнелейтін құбылыстар мен процестер-

ден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеу-

меттанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге

бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық,

ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатады.

Бүгінгі күннің назар аударарлық әлеуметтік құбылыстар тұрғысын-

да жаңа білім алуға бағытталған қызмет түрін әлеуметтану ғылымының

358

зерттеуі деп атайды. Әлеуметтік құбылысқа өндірістегі жағдай, қайсыбір



мәселелер жөніндегі қоғамдық пікір, т.б. жатады. Мұндай құбылыстарды

зерттеу нәтижесінде олардың пайда болу себептері жөнінде жаңа ақпа-

раттар алынады. Ғылыми ізденіске кіріспестен бұрын нені зерттейміз,

кімдерден ақпарат аламыз, зерттеуді қай жерде өткіземіз, т.б. сауалдарға

жауап қайтаруымыз керек. Осыған орай зерттеу жұмысының бірінші кезе-

ңінде оның бағдарламасы мен әдістері дайындалады, ғылыми ізденістің

бүкіл процесін ұйымдастыру мұқият ойластырынады, сұрыптау (кімдер

зерттеледі) белгіленеді. Екінші кезеңінде адамдардың сол мәселе жөнін-

дегі пікірлерін анықтайтын ақпарат жинақталады. Үшінші кезеңде алын-

ған ақпарат қолмен немесе машинамен өңдеуден өткізіледі. Төртінші

кезеңде алынған ақпаратқа ғылыми талдау жасалады. Бесінші кезеңде

алынған ақпарат қорытындыланып, оның нәтижесіне орай шешім қабыл-

данады. Зерттеу жұмысының барлық кезеңдері зерттелетін процестер

мен құбылыстар жөнінде ақиқатты анықтайтын мәліметтер алу мақса-

тына бағындырылғандықтан, олар бір-бірімен өте тығыз байланыста

Әлеуметтану зерттеуі ғылыми ізденістің күрделілігіне қарай: барлау-



шылық, суреттемелік, талдаушылық болып үшке бөлінген.

Бұлардың арасында талдаушылық (аналитиқалық) зерттеу әдісі күрде-

лісі болып есептеледі. Ол терең ойластырылған бағдарламаны және тек-

серістен өтіп сыналған құралдарды (анкета, т.б.) қажет етеді. Талдаушы-

лық зерттеу әдісі кезінде зерттелетін құбылыс суреттелумен қатар оны

тудырған басты-басты себептер де анықгалуы керек.

Суреттемелік зерттеу ізденістің өте қарапайым түрі болып есептеледі.

Мұның басты мақсаты зерттелетін құбылыс пен оның құрылымдық

элементтері жөнінде мағлұмат алу.

Зерттеудің кеңінен тараған түріне барлаушылық зерттеу жатады. Ол

күрделі бағдарлама дайындауды талап етеді, алайда шамалы көлемдегі

зерттеу құралдарын қолданып, шағын топтарда сауалнама жүргізу мүмкін-

дігін сақтайды. Зертгеудің бұл түрі жедел ақпарат алуға бағытталған. Оның

артықшылығы да осында. Мұндай зерттеуде қайсыбір терең процестер

және олардың пайда болу себептері қарастырылмайды, керісінше, көзге

көрініп тұрған ақпараттар жинақталатын болады.

Зерттеу жұмысын бастау үшін оның бірінші кезеңінде дайындық

жұмыстары қолға алынады, әлеуметтік зерттеу бағдарламасын әзірлеу

басталады.

--------------------------------------------------------

1. Здравомыслов А. Г. Методика и процедура социологических исследований. М., 1989. С. 44.

359


Ғылыми ізденістің жолдарын көрсететін және әдістеме шарттарын

қамтитын құжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды. Бағдарлама ме-

тодологиялық, әдістеме, зерттеуді ұйымдастыру тарауларынан тұрады:

-методологиялық тарауда проблема және оның тұжырымы, зерттеу

мақсаттары анықталып, міндеттері белгіленеді, объектісі мен пәні ай-

қындалады, зерттеуде қолданылған негізгі ұғымдары анықталады, көз-

емел (гипотеза) құрылады;

- әдістеме тарауында зерттеуге түсетін адамдарды сұрыптау негізделеді,

мәліметгерді жинақтау және оларды өндеу және талдау әдістері белгіленуі

тиіс;

- зерттеуді ұйымдастыру тарауында зерттеушілердің жалпы саны және

олардың арасындағы еңбек бөлінісі, зерттеудің мерзімі, реті, т.б. көрсе-

тіледі. Бағдарламаның атқаратын міндетін оның үш тарауы қамтыған мәсе-

лелер анықтайтын болады.

Бағдарламаны әзірлеу жұмысы зерттеу проблемасын анықтаудан

басталады. Шешім дайындау мақсатында жедел талдауды талап ететін

жағдайды әлеуметтік проблема деп атайды.

Жалған проблема жасаудан аулақ болу керек. Нақты жағдайды көрсе-

те алмайтын немесе бұрын шешімін тапқан мәселелерді жалған проблема

деп атайды. Мұндай қателіктерге жол бермеу үшін зерттеушінің ғылыми

ой-өрісі кең, өмірден түйгендері терең әрі мазмұнды болуы керек.

Әлеуметтануда әлеуметтік проблемалар бес белгіге: 1) зерттеудің мақ-

сатына орай; 2) проблеманы алға қарай алып жүрушілерге сәйкес; 3) про-

блеманың таралу көлеміне орай; 4) қарама-қайшылықтың әрекет ету уақы-

тына қарай; 5) оның терендік деңгейіне байланысты топтасады.

1. Зерттеудің мақсатына сәйкес проблемалар гнесологиялық (таным-

логикалық) және пәндік сипаттағы деп ажыратынады: а) гнесологиялық

проблемалар әлеуметтік құбылыстар мен процестердің жай-күйі туралы,

олардың өзгеріске ұшырау тенденциялары жөнінде ақпараттың жеткілік-

сіздігінен туындаған мәселелер. Бұл жердегі проблемалар білімнің жеткі-

ліксіздігінен туындайды; б) халықтық белгілі бір топтарының, әлеуметтік

институттардың мүдделерінің өзара қақтығысуы салдарынан пайда бо-

луын, оларды түрлі әрекеттерге итеретін және олардың өмірін тұрақсыз-

дандыратын қарама-қайшылықтарды пәндік проблемалар деп атайды.

2. Өзін «алып жүрушісіне» орай проблемалар әлеуметтік-демография-

лық, ұлттық, кәсіптік, саяси және басқа да топтардың, әлеуметгік инсти-

туттардың, өнеркәсіп орындарының, мемлекеттік мекемелердің, т.б.

мүдделеріне қатысты қарама-қайшылықтарды айқындайды.

3. Таралу көлеміне қарай әлеуметтік проблемалар: аудандық, қалалық,

ауылдық, ұжымдық, жергілікті, аймақтық, қоғамдық, т.с.с. болады.

360


4. Қарама-қайшылықтың әрекет ету уақытына сәйкес проблемалар

қысқа, орта және ұзақ мерзімді болуы ықгимал. Мысалы, студенттердің

немесе оқушының оқу кестесіне қанағаттанбауы қысқа уақытта шешілетін

проблема. Жас маманның еңбек ұжымына бейімделу проблемасы орта

уақытта шешілетін мәселе десек, баспанамен қамтамасыз ету, қылмысты,

нашақорлықгы, т.б. проблемаларды тудыратын қарама-қайшылықгарды

жою ұзақ уақытты қамтитыны анық.

5. Тереңдік деңгейіне орай қарама-қайшылықтар үшке бөлінген: оған,

біріншіден, бір мезеттік проблемаларды жатқызуға болады. Мұндай про-

блемалар әлеуметтік процестер мен құбылыстардың тек бір ғана жағын

қамтиды. Мәселен, депутаттар сайлауында бір адамның балама кандидат-

тарының болуы немесе болмауы, т.б. Екіншісіне жүйелік проблемалар

жатады. Олар тұтас құбылыстар мен процестердің бүкіл элементтер жүйесі-

нің дисбалансын көрсетеді. Үшіншісі - функционалдық сипатгағы қарама-

қайшылықтар тудырған проблемалар. Бұл құбылыстар мен процестердің

себеп-салдар байланысының бұзылуынан болатын мәселелер. Айталық,

қоғамдағы бөлістік қатынастардың ыдырап, күйреуіне орай меншік фор-

маларының көбеюіне байланысты адамдардың ескі идеологиялық түсі-

нігінің бұзылуы.

Әлеуметтік тапсырыс болғанда зерттеуші проблемалық жағдайды өзі

тұжырымдаған проблемаға айналдырады. Бұл төменгідей міндеттерді

шешетін арнайы талдуды іске асыру болып табылддьг. 1) проблеманың ең

мәнді деген элементтері мен факторлары бөлініп алынады. Проблема

экономист немесе технолог қана шешетін құзырға жатпай, тек әлеумет-

танушының еншісіне тиесілі болуы шарт; 2) проблемалық жағдайдың

басты және жанама компоненттері бөлініп алынады, бұл - зерттеудің

негізгі бағытын анықтау үшін керек; 3) осыған ұқсас, бірақ шешімін тап-

қан проблемаларға талдау жасау, әдебиеттермен, әріптестер тәжірибесімен

танысу. Бұл негізгі проблеманы нақтылай түсуге көмектеседі.

Әдетте кейбір әлеуметтік проблемалар ұжымдардың өз ішіңде

(топтық, жергілікгі), локальды (мәселе) ретіңде туыңдайды, оның екінші біреулері үлкен әлеуметтік топтардың, ірі аймақтардың көптеген мүддесіне орай қалыптасады, ал үшіншілері жалпы қоғамның мүддесі мен қажетінен пайда болады.

Проблеманы дәл анықтау үшін ол туралы нені біліп, нені білмейтіні-

мізді саралап алғанымыз жөн. Сондай-ақ проблемада бізді нендей жағ-

дайдың ойландырып отырғанын білу, соған орай мәселені белгілеу басты

шарттардың бірі.

-------------------------------------------------------

1.Как провести социологическое исследование / Под. ред. М. К. Горшкова,

Ф. Э. Шереги. М.: Политиздат, 1990. С. 25-26.

361

Зерттеу жұмысына орай жасалатын келесі талап сол - оның мақсат-

тарын анықгау қажет. Зерттеудің жалпы бағыттын, әрекет етудің жоба-

сын және ғылыми нәтижеге қол жеткізуге талаптануды мақсат деп атай-

ды. Мақсат әлеуметтік зерттеуді қолданбалы және теориялық салалар-

ға бөліп қарастыруды көздейді. Теориялық зерттеу зерттелетін объектінің

құрылымы мен даму үрдісі жөнінде жаңа білім алуға бағытталған. Қол-

данбалы зерттеу болса, нақты жағдайдан, тығырықтан шығар жолын табу

үшін керекті ақпарат алуға бағытталған ізденістің түрі болып саналады.



Ал нені өзгерту керектігін білу үшін нақты зерттеу жұмысы жүргізі-

леді. Бұдан кейін не істеу керектігін анықтаған жөн, дәлірек айтқанда,

алға нақты міндетгер қоюға тиістіміз. Осыдан соң зерттеу міндеттері бел-

гіленеді. Олар негізгі, жеке (негізгінің детальдарға бөлінуі) және негізгі

емес немесе қосымша міндеттер болып ажырайды. Міндеттер бірнеше

сұрақгарды жинақгап тұжырымдайды. Бұл сұрақтарға қайтарылатын жа-

уаптар зерттеудің алға тартқан мақсатына жету үшін өте қажет. Негізгі

міндеттер тікелей зерттеу пәнінен келіп шығады. Егерде мақсат қолдан-

балы болса, онда міндет те қолданбалы сипатта болады. Зерттеудің негізгі

міндетгері қойылған мақсатқа үйлеседі, ал қосымша міндеттер болашақ

зерттеуге дайындық үшін, бұл проблемаға қатысы жоқ жанама гипотеза-

ны (көземелді) тексеруге, кейбір әдістемелік мәселелерді, т.б. шешу үшін

қойылады. Дегенмен, қойылған міндеттердің қызметі ең басты сауалға

жауап қайтаруға бағындырылуы тиіс. Сондықтан да негізгі міндеттерді

шешуге қатысы жоқтың бәрі аяусыз түрде, алғашқы сәттен бастап-ақ

ысырылып, алынып тасталынады. Негізгі міндеттерді шешуге қатысты

ақпараттардың мейлінше дәлелділігін, сенімділігін және тұрақтылығын

қамтамасыз ету қажет.

Бұдан сол зерттеудің объектісі мен пәнін анықтау жүзеге асырылады.

Әлеуметтік проблема өзінен-өзі туындап, өз бетінше өмір сүрмейді, оны

қалыптастыратын белгілі бір адам топтары мен қауымдастықтар болады.

Басқаша тұжырым жасап, сөз қозғасақ, әлеуметтік қарама-қайшылық-

тардан тұратын, проблемалы жағдайды жасайтындар зерттеу объектісіне

жатады. Ғылыми ізденіс процесінің нендей де болмасын бір нәрсеге ба-

ғытталуын әлеуметтанудың зерттеу объектісі деп атайды.

Объектіге қойылатын талаптар да баршылық. Ол кәсіптік-салалық

немесе аймақгық орналасуы және мерзімдік шегі сияқты көрсеткіштер

арқылы белгіленген.

Объекгінің қасиеттері мен қырларын өз бойына сіңірген зерттеу пәнін

де анықтау қажет. Өйткені ол зерттелетін әлеуметтік құбылысты толық

түрде көрсетеді. Зерттеу проблемасы тұжырымдалып, ізденістің мақсат-

тары мен міндеттері анықгалады, оның объектісі мен пәні белгіленгеннен

362

кейін бағдарламада қолданылатын негізгі ұғымдарға теориялық түсінік-



теме беріледі. Зерттеушілердің ұғымдар жөніндегі әр түрлі түсініктері

болады, бұл зерттеу нәтижесіне кері ықпал жасайды. Сондықтан ұғым-

дар төңірегіндегі олардың ортақ пікірлері болуы шарт.

Нені зерттеу керектігін анықтаған соң, зерттеу жұмысын қалай

жүргізу керек деген орынды сұрақ туындайды. Ол үшін зерттелетін про-

блеманы элементтерге беліп, бұдан соң сол элементтердің құрамды бөлім-

дерін анықтаған жөн. Сөйтіп, оны схемаға түсіру керек. Схема зерттеу

пәніне қатысты элементтерді көрсетеді және олардың бір-біріне қаты-

насы мен байланысын толығырақ бейнелейтін болады. Схема дайын бол-

ғаннан кейін көземел құралады.

Қайсыбір фактілерді, құбылыстар мен процестерді түсіндіру үшін жа-

салып, олардың дұрыстығын зерттеу нәтижесінде дәлелдеуді немесе жоққа

шығаруды көземел (гипотеза) деп атайды. Дәлірек айтқанда, көземел схе-

маның жекелеген элементтерінің қалпын немесе олардың арасындағы

байланыстарын көрсетуі керек.

Көземел зерттеу жұмысының қорытындысын алдын ала анықтауы

тиіс. Көземелсіз-ақ бәрі түсінікті болатын болса, зертгеу жүргізудің қажеті

болмас еді. Көземелге қойылатын талаптар бар: анық, тексерістен өтетін,

қарама-қайшылықсыз болуы шарт. Көземелді бастапқы және екіншілік

деп те бөледі. Өйткені бастапқы көземел ақпарат жиналғанға дейін тұжы-

рымдалады. Егер де ол зерттеу барысында жоққа шығарылатын болса,

онда оның орнына екінші көземел ұсынылады.

Көземелде қолданылған ұғымдарға эмпириялық түсініктеме берілуі

қажет. Ұғымдарға эмпириялық түсініктеме берудің өзі де жеке-дара

процесс болып саналады, өйткені оның көмегімен әзірленген көземел-

ден анкета немесе сұхбатнамада қойылған сұрақтарға көшу жүзеге аса-

ды және ол сауалдарға респонденттер (жауапшы, жауапкер) жауап қай-

тарады.

Жоғарыда қарастырылғандардың бәрі бағдарламаға қатысты мәселе-

лер болғандықтан, бағдарлама не үшін қажет деген орынды сұрақ қойы-

лады. Егер зертгеу жұмысын бірден сұрақтарды дайындаудан бастасақ,

онда, біріншіден, өте көп артық сұрақтар және керек еместері де туындар

еді; екіншіден, алынған материалдарды қалай өңдеуді білмегендіктен

жиналған материалдардан бас көтере алмай қалар едік. Бағдарламаның

маңыздылығы, міне, осыларға байланысты. Ол жұмысқа бағыт-бағдар

береді, зерттеу пәні туралы белгілі ақпаратгы қорытындылауға немесе ол

жөнінде әлі де белгісіздерін анықтауға мүмкіндік жасайды. Демек, бағ-

дарлама терең ойластырылған, нақгы, логикалық жүйені сақтаған, икемді

болуы тиіс. Бұл жағдай бағдарламаның барлық элементтеріне керек кезінде

363


өзгерістер жасап отыруға мүмкіндік береді (көземел схема құрудан неме-

се жүйелі-функционалдық талдаудан бұрын құрылмауы керек).

Бағдарлама мен анкетаның дайын болуы әлеуметтану зерттеуін жүр-

гізуге толық жеткілікті дей алмаймыз, ендігі әңгіме кімдермен сауалнама

жүргізілетінін анықтауға келіп тіреледі. Ол үшін сұрыптау мәселесі шеші-

леді. Өйткені зерттеудің объектісі көп жағдайда адамдардың үлкен жиын-

тығын құрайды. Ал олар әлеуметгік-демографиялық белгілеріне қарай

жіктеледі және үлкен аймаққа орналасады. Сондықтан олардың бәрімен

сауалнама жүргізуді ұйымдастыру бірқатар қиындықтарға ұрындырады.

Сонымен қатар қойылған сауалға 5000 адамнан немесе 250 адамнан алын-

ған жауап бірдей ақпарат беруі мүмкін. Мәселе бұл жерде 5000 адамнан

250 адамды қалай сұрыптап алу жайында болып отыр.

Сұрыптау жұмысын жүргізу жиынтыққа байланысты болады. Жиын-

тықтың екі түрі бар: бас жиынтық және іріктелген жиынтық. Бас жиын-

тық деп проблемаға қатысты бақылауға алынған бүкіл бөліктің тұтастай

жиынтығын айтады. Бас жиынтық аймақтық, мерзімдік, өндірістік сала-

ларды немесе кәсіптік, қызметтік шеңберді қамтумен шектелген.

Іріктелген жиынтық бас жиынтықтың бір белігі бола отырып, әзір-

ленген әдістемеге немесе іріктеліп, таңдап алу бағдарламасына сәйкес

зерттелетін объектінің есебіне жатқызылады.

Әлеуметтануда бас жиынтықтан сауалнамаға қатынасатын адамдар-

ды тандап алудың әр түрлі әдістерін сұрыптау қалыптасқан. Ол әдістер бір

ғана мақсатты көздейді: іріктелген жиынтық бас жиынтықты ұдайы да-

мытып, жетілдірумен, дәлірек айтсақ, репрезентативтілікпен (өкілдік)

сипатталуы тиіс. Айталық, педагогикалық колледждің 20 топтан тұратын

курсында сауалнама жүргізу қажет болды делік. Сол 20 топтан біз бәріне

ортақ белгісі бар 3—4 топты ғана бөліп алып сауалнама жүргіземіз. Себебі

бұларды зерттегеннен алынған ақпарат қалған топтарға да қатысты, жа-

рамды больш шығады.

Кейде зерттеудің жаппай жүргізілуі де ықгимал, бұл зертгеу объекті-

сіне кіргендердің бәрімен сауалнама жүргізіледі деген сөз. Бұл әсіресе

бас жиынтықтың көлемі шағын болғанда толыққанды тұрғыда жүзеге

асады. Мәселен, педколледждің курсында небары 3 топ бар екен делік,

бұдан олардан жауап алудың оншалықгы қиыншылық туғызбайтынын

кере аламыз. Сондықтан да 20 топтан сауалнамаға жауап алуға тура келеді.

Қалай дегенмен де, сауалнамаға қатысушылардың саны 100 адамнан кем

болмауын естен шығармаған жен. Бұлай болмаған жағдайда анкетаға анық

жауап алу, жауаптарды топтастырын белу және алынған ақпаратты тал-

дау мүмкіндігі жойылады. Сондай-ақ бас жиынтық тым әркелкі болған

жағдайда жаппай зерттеу жүргізудің қажеті жоқ. Оған нақгы мысал етіп

364


студенттердің әлгі аталмыш топтарын алалық. Түрлі мамаңдықтың

болғаңдықтан 20 топтан 3-4 топты іріктеп ала аламыз.



Енді сұрыптаудың типтеріне тоқталатын болсақ, оның да саны

болмайды. Сұрыптаудың негізгі типтеріне: 1) қарапайым -кездейсоқ;

2) жүйелілік; 3) ұялы; 4) стратификациялық; (жіктелген); 5) көп ет

6) ықтимал; 7) мақсатты түрлері жатады.

Қарапайым-кездейсоқ сұрыптау бас жиынтық жөнінде толық ақпа-

рат алғанда қолданылады. Қарапайым-кездейсоқ сұрыпауды жүзеге ас

үшін әр түрлі әдістер пайдаланылады, соның ішінде «кездейсоқ сандар

кестесі, туған күніне қарап таңдау, шыққан тегіне орай, белгілі бір әріпке

сәйкес іріктеп алу сияқгы әдістер бар.

Бас жиынтықтан әрбір 10-шы немесе 20-шы адамды іріктеп алу жүйелік сұрыптаудың мәнін ашып көрсетеді.

Ұялы сұрыптауда кейбір статистикалық топтар (ұялар), дәлірек айтсақ,

бригадалар, отбасылар, сыныптар, студенттік топтар, т.б. бөлініп алынады да, олар толық немесе іріктелген зерттеулерге түседі.

Стратификациялық сұрыптауда бас жиынтық алдын ала бірнеше жіктерге бөлінетін болды. Мұның басқа сұрыптаудан ерекшелігі де міне осында. Мысалы, облыс көлемінде колледждер проблемасын зерттеу қажет болды делік, онда бүкіл колледждер - қалалық және селолық, базалық кәсіпорыны бар және базалық кәсіпорыны жоқ, т.б. болып, бірнеше жіктерге бөлінеді.

Көп сатылы сұрыптауды іске асыру - бірнеше кезеңді қамтитындығымен сипатталады, сондай-ақ әр кезеңде іріктеудің бірлігі алмасып тұрады. Мысалы, бірінші кезенде колледждерді іріктеу олардың орналасқан мекен-жайына (қала, село, т.б.) қарап жүргізіледі, екінші кезеңде сол қаланың аудандары нақты бөлінеді. Үшінші сатыда қала аудандарында зерттеу жүретін колледждер іріктеледі, бұдан кейін олардағы топтар, ең ақырында студенттер іріктелетін болады.

Ықтимал сұрыптауды қолданған кезде мынандай әдістер пайдаланыла-

ды: 1) стихиялық сұрыптау әдісі, бұл әдіс бойынша зерттелетін объектімен

алғаш рет кездескен кезде сұрақ қойып, жауап алынады; 2) механикалық

сұрыптау әдісі, бұл - жалпы адамдардың тізімінен белгілі бір интервалды

сақтай отырып респонденттердің қажетгі санын бөліп алу; 3) сериялық

сұрыптау, мұнда басты жиынтық белгілі бір белгілері бойынша біртектес

бөліктерге бөлініп, бұдан соң әрбір бөліктен респонденттердің нақты саны

бөлініп алынады; 4) ұялы сұрыптау әдісі жеке адамдарды іріктеу үшін емес

топтарды немесе ұжымдарды бөліп алу мақсатында қолданылады.

Мақсатты сұрыптау мынандай әдістердің көмегімен жүзеге асады.1) сти-

хиялық сұрыптау әдісі (мысалы, газет оқырмандарынан почта арқылы

365


сұрақ-жауап алу; 2) бұқаралық сұрыптау әдісі, бұл бақылауға алынған

бір мәселені барлап-білу үшін қолданылады, осыған орай халықтың

60-70 пайызынан сұрақ-жауап алынады; 3) үлестік сұрыптау, бұл бүкіл

зерттеу объектісінің қатаң сақталған процесін анықтайды. 5 пайыз, 10 пайыз.

Сұрыптаудың екі-үш түрін бір мезгілде қолданғанда сұрыптаудың аралас

та болуы мүмкін.

Ізденіс өрісіне орай бұл процестің қанша адамды қамтитынын білу аса

маңызды мәселе болғандықтан, сұрыптаудың мөлшері де соған орай анық-

талады. Іріктелген жиынтық құрамында болатын бақылау бірлігінің жалпы

санын сұрыптаудың көлемі деп атайды. Сұрыптаудың мөлшері ең алдымен:

1) бас жиынтықтың біркелкілік деңгейіне (ол неғұрлым біркелкі болса,

сұрыптаудың көлемі соғұрлым шағын болады); 2) қажетті деңгейдегі нәти-

женің дәлме-дәл келуіне; 3) сұрыптау белгілерінің санына тәуелді болады.

Ойымызды түйіндер болсақ, сұрыптау жиынтығының көлем-мөлшері

бас жиынтық көлемінің 5 пайызынан кем болмауы қажет. Мүмкіндігінше

сауалдама алынатын адамдар санын 100-ден кемітпеген жөн. Сонымен

қатар, бас жиынтықтың көлемі үлкен болғаңда (сан жағынан жүздеген

немесе мындаған адамды қамтыса) іріктелген жиынтық көлемі бас жи-

ынтықтың мөлшерінен 5 пайызға аз болуы шарт.

Біз жоғарыда келтірген мысалға байланысты сұрыптаудың бірнеше

типтерін пайдалануға әбден болады. Тиімді типті таңдап алмастан бұрын,

жиынтықтағы ең маңызды белгіні анықтау қажет. Ғылыми ізденіс мінде-

тінен туындау арқылы жиынтықгың ең басты белгісі ретінде айқын әрі

нақты аңғарылатын көрініс те қылаң беріп қалады. Оған педагогикалық

практика сабақтарына қатынаспау жатады. Осы жағдайға сәйкес сұрып-

таудың ұялы типін қолданған дұрыс, ол барынша ұтымды әсер етеді.

Демек, курстың 20 тобынан педпрактикаға бармағандардың орташа

сандық көрсеткішін құрайтын 3-4 топты таңдап алуға болады, немесе

іріктелген жиынтықтың тобы етіп сабакқа сирек жөне жиі қатынаспаған

оқушы топтары зерделенеді. Егер де 20 топтың 10 тобы сабаққа көп қаты-

наспаса, 5 тобы орташа жөне 5 тобы сабаққа аз қатынасқан болып шыға-

ды, мұндайда, әрине, сабаққа көп қатынаспағандар топтарынан 2 топ, ал

сабакқа орташа қатынаспаған және сирек қатынасқандар тобынан бір-

бір топтан тандалып алынады. Тіптен бүкіл топтар (сабаққа көп қатыс-

пағандар мен оған сирек және аз барғандар) тұтастай алынатын болса,

мысалға екі топтан дейік, онда аралас ақпарат алынады. Өйткені бас

жиынтыққа (яғни бүкіл курста) мұндай топтардың арақатынасы 2:1:1.

Сұрыптау қатесі деп аталатын кемшілік (өкілдің жеткіліксіздігі) әрдай-

ым болатын құбылыс десек те, зерттеушінің міндеті сол - ол мұндай

қателікгі мейлінше аз жіберуге тырысуы керек.

366

Қысқасы, әлеуметтану зерттеуінің қажеттілігі туындай қалса, онда оған



ең алдымен мұқият дайындық жасалады. Ол үшін нақты нені білу керектігі

анықталады; қарастырылатын мәселе төңірегінде әлі де нендей жағдай-

лардың белгісіз екені шешіледі; зерттеу ісін ұйымдастырып, жүргізу жан-

жақты ойластырылады. Бір сөзбен айтқанда, кімдерден, қалай, қай жерде

зерттеу алу керек деген сұрақтарға жауап іздеген жөн және ең бастысы

зерттеу не үшін қажет деген өзекті сұрауға жауаптар қайтарылуы шарт.

Осы айтылғандарды түйіндеп, одан пікір-байлам жасайтын болсақ,

бағдарлама дайындау мен сұрыптауды анықгау әлеуметтік зерттеу жүргі-

зудің барысына және оның нәтижелі болуына елеулі түрде ықпал етеді.

Бағдарлама әзірленгеннен соң зерттеу жұмысына қажетті құралдарды

дайындауға болады.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет