Қазақстан республикасы


ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУ ДАМУЫНДАҒЫ



жүктеу 8.14 Mb.
бет3/26
Дата19.09.2017
өлшемі8.14 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУ ДАМУЫНДАҒЫ

КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ (ХХ ғасыр - XX ғасырдың басы)


Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге

дейінгі аралықта аталмыш ғылымның көптеген теориялары, ілімдері мен

тұжырымдамалары қалыптасып, мектептері мен бағыттары негізделді.

Олар әлеуметтанудың ірге тасын қалап, оның ғылым ретінде дамуына

серпіліс берді. Осы тұрғыдан алғанда дүниежүзілік әлеуметтану даму-

ында классикалық кезеңнің атқарған рөлі мен маңыздылығы ерекше.

Сондықтан бұл кезең әлеуметтанудың атасы О. Конттың, Г. Спенсердің,

К. Маркстың, Э. Дюркгейм мен М. Вебердің ілімдерін жете түсінудің

негізгі кілті іспетті.
1. Огюст Конт - позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғам-

ның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет етуіне дәл талдау қажеттігін

пайымдауға әзір болған еді. Осы мәселеге әділетгілік, өмірдің мәнісі, әлеу-

меттік прогресті қамтамасыз ету мәселелерінің шешілулеріне қанағаттан-

баған XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропаның көптеген ойшыл-

дары өз еңбектерін арнады. Солардың арасынан бірінші қатарға ғылым-

ның атын ойлап тауып, оның негізгі нұсқасын суреттеген, оны ғылыми

білімдер жүйесіне қосқан, әлеуметтануда позитивтік бағытты негіздеген

және оның дамуына ықпал еткен Огюст Конт (1798-1857) шықты.

Ол Францияда қаржы чиновнигінің отбасында дүниеге келген.

1814 жылы Жоғары политехникалық мектепке түсіп, антиклерикалдық

және республикашыл көзқарастары үшін оқудан шығарылады. Отбасын-

дағы оқытушылық жұмысын, кейінірек, яғни 1818 жылдан 1824 жылға

дейін Сен-Симонның хатшысы қызметін атқарумен алмастырды. Бірақ

Сен-Симонның ұстанған утопиялық социализм идеясын қабылдамай, хат-

шылықтан кетіп, таптар келісімі идеясын уағыздайды, жеке меншікті

мейлінше қорғайды. Осы көзқарастары үшін К. Маркс жөне оның ізба-

сарлары оған салқьш қарады. Сол тұста О. Конт өзінің позитивизмін тұжы-

рымдайды. Позитивизм — әлеуметтанулық білімді жаратылыстану ғылы-

мьшың методологиясын қолдану негізінде құрмақшы болған әлеуметтік

ой мен қоғамдық ғылымдағы жаңа ағым болатын. Позитивизм ұғымы ла-

тьшның «позитивюс» — дұрыс, жағымды деген мағына беретін сөздерінен

шыққан. Ол позитивтік көзқарастарын өзінің еңбектерінде тұжырымдап,дәлелдеді.

26

Осыған орай Конт алты томдық «Позитивтік философия курсы» деген еңбегінде (1830-1842 жылдар аралығында жарияланды) ғылым-



ды топтастырып, позитивтік философия мен әлеуметтану принциптерін

жасаса, екінші бір еңбегін саясат негіздеріне және болашақтың дініне

арнады. Ал төрт томдық кітабын «Позитивтік жүйе немесе адамзаттың

дінін белгілейтін трактат» (1851-1854) деп атаған. Конттың тірі кезінде

позитивизмді негіздеген бұлардан басқа да «Қарапайым астрономия

туралы философиялық трактат» (1844), «Позитивтік катехизис» (1856)

еңбектері жарияланып, ал қайтыс болғаннан кейін төрт томдық «Огюст

Конттың өсиеттері» деген шығармасы жарық көрді. Конт әлеуметта-

ну ғылымына «позитивтік синтез» ретінде қарап, оны ғылыми білімді

жинақгаған энциклопедияға балады. Қоғамды зерттеуге жекелеген ғы-

лымдар соншалықты қажет емес, қоғамды зерттеуге бір ғана әлеуметта-

ну ғылымының көмегі жеткілікті деп, әлеуметтануға басымырақ маңыз

берді.

Конт әлеуметтанудын объектісі мен пәнін анық айыра білмей, ғылым-



ның осы атрибуттарын шатастырып алды. Оның пікірінше, әлеуметтану

жалпы зандарды зерттеуі тиіс: а) ерекше әлеуметтік организм ретіндегі

қоғамның тұтастығы; б) адамзат (оның өткені, бүгінгісі және болашағы);

в) бүкіл адамдар ұрпақтарының органикалық тұтастығы ретінде түсіндірі-

летін адамзат; г) қазіргі елдер, халықгар мен мемлекеттер жүйесі ретіндегі

бүгінгі адамзат; д) адамзат қызметі нәтижесінің объективтілігі; ж) адам-

дар санасы мен психологиясын жетілдіру процестері; з) адамдар мінез-

құлқы; и) адамдар идеялары мен ой-пікірлерінің дамуы; ж) отбасы, мем-

лекет және басқа да әлеуметтік институттардың құрылуы. Басқаша сөзбен

айтқанда, Конт әлеуметтануды адамзаттың пайда болуы, өмір сүруі мен

өзгеріске түсуін анықтайтын жалпы заңдар деңгейінде, сонымен қатар олардың нақты қоғамдық құрылыстары мен формаларының заңдары деңгейінде қоғам туралы білімдерді біріктірген әмбебап теориялық ғылым ретінде түсінеді.

Конттың көзқарасына сәйкес әлеуметтану мынадай әдістерді қолда-

нуы тиіс:

- қоғамдық процестердің барысын қадағалау үшін бақылау:

- эксперимент, яғни әдейі, арнайы жасалған өзгерістерге бақылау

жасау;


- адамзат өмірін жануарлар дүниесімен салыстыру;

— әр түрлі елдер мен халықгардың өмірін белгілі бір көрсеткіштер

бойьшша салыстыру;

- тарихи талдау әдісі, әр түрлі тарихи кезенде адамзаттың немесе

жекелеген халықтардың әр түрлі қалпын салыстыру.

27

Алайда, әлеуметтік қалыптағы өзгерістерді анықтауда математикалық



процедура мен өлшемдерді қолдануды талап ететін бақылау әдісін Конт

негізгі әдіс деп санайды. Конт бақылаудың анықтығы мен дәлдігі, осы

әдістің процедурасын жасау проблемаларын көтерді, алайда оларды сол

тұстағы эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер тәжірибесінің шектеулігіне

байланысты шеше алмайды. Аталмыш әдістер, - деп үйретті Конт, іргелі

әлеуметтану теориялары болған жағдайда ғана позитивтік білім алуды

қамтамасыз етеді. Мұндай теориясыз олар тек көңілге қонбайтын толған

фактілерді берген болар еді. Ал мұндай теорияны жасау үшіи айтылған

әдістермен алуға болатын қорытындылаушы материалдар қажет. Конт

пікіріндегі қарама -қайшылықты былайша түсіндіреді: теория мен қоры-

тындылаушы материал бірінсіз-бірі бола алмайды, теория әлеуметтану

материалдарын тиісінше жинауға мүмкіндік берсе, ал қорытындыланған

материалдар теорияның дамуына негіз болады.

О. Конттың ойынша, позитивтік ғылым дінді алмастырып, қоғамды

ұйымдастырушы негізгі күшке айндлуы тиіс болды. Ол өзінің тарихи мис-

сиясын болашақтың «Ғылыми Библиясын» жасауға балап, ғылымды адам-

зат баласының өмір сүру формаларының шыңына көтермекші болды.

Ғылымдарды біріктіру идеясы XVIII ғасырда етек алған еді. Сол тұста

білімді біріктіру - қарапайым және түсінікті ережелерге сәйкес іске асы-

рылды. О. Конт бұл мәселені жаңа қырынан көтерді. Ғылымдарды клас-

сификациялауда ол бірқатар негіздерге сүйенді: тарихи (ғылымның пай-

да болу уақыты және бір ізділігі), логикалық (абстрактіліктен нақтылыққа

өту), зерттеу пәнінің күрделілігі бойынша (қарапайымнан күрделіге

қарай), практикамен байланыс сипаты бойынша.

О. Конт өз шығармаларында өзіне белгілі ғылымдарды нағыз және

жалған ғылымдарға бөлген. Жалған ғылымдар санатына ол шешілмейтін

мәселелерді қарастырумен айналысатын және дәлелдеуге немесе жоққа

шығаруға мүмкін емес ережелі ғылымдарды қосқан. Бұлардың қатарына

теологияны, мистицизмді, спиритуализмді, алхимияны, утопизмді, соны-

мен қатар метафизиканы, яғни философияны жатқызған. Өзінің ұстазы

Сен-Симонның пікірін қолдай отырып ол нағыз, шынайы ғылымдар деп

позитивтік ғылымды атаған. Олардың арасынан абстрактілі (теориялық)

және нақты ғылымдарды бөліп көрсетті. Абстрактілі ғылымдар жалпы

зандылықтарды қарастырады, ал нақты ғылымдар бұл зандарды жеке

салаларда (мысалы, биология, медицина) қолданады.

Конттың пікірі бойынша, абстрактілі позитивтік ғылымдар саны ал-

тау: математика, астрономия, физика, химия, биология, әлеуметтану.

Бұлардың осындай реттілікпен орналастырылуы оларда позитивизмнің

көрінуі мөлшерімен байланысты. Неғұрлым материя қарапайым болса,

28

соғұрлым ол туралы позитивті пайымдау жеңіл болады. Әрбір позитивтік



ғылым алдыңғыларға негізделеді, олардың өзіндік ойлау қалпындағы

жақсыларды қабылдайды және дамытады.

Оның көзқарасы бойынша, математика басқа ғылымдарға айтарлық-

тай тәуелді емес, бірақ соншалықгы абстрактілі, қарапайым және прак-

тикадан аластатылған ғылым, сондықган ол басқа ғылыми таным форма-

ларынан ерте пайда болған. Әлеуметтану, керісінше, практикамен тікелей

байланысқан, күрделі, нақты, өзгелерден кейін пайда болды, өйткені ол

басқалардың жетістіктеріне арқа сүйейді. Әлеуметтанудың қалыптасуын

қоғамның жаңа даму сатысымен байланыстырумен бірге, оны бүкіл

ғылымдардың даму тарихымен де сабақтастырады. Ғылымды топтасты-

ру барысында ғылым иерархиясы жасалып, оған жоғарыда аталған

ғылымдар енгізілді. Сөйтіп, бұл жүйе білім дамуының қарапайымнан

күрделіге, төменнен жоғарыға, жалпыдан ерекшеге өтуінің тарихи про-

цесін көрсетті.

Әлеуметтануға біртабан жақын және біршама туысқан ғылым ретінде

биологияны атайды. Бұл екеуін зерттеу пәнінің күрделілігі біріктіреді,

тұтастық жүйе де соған дәлел бола алады, сондықтан биология мен әлеу-

меттануға талдау жасау жолын негізгі бағьгг етіп ұстанбайды, яғни бөлім-

нен тұтастыққа қарай қозғалмау керек. Жануарлар әлемі мен адамзат

қоғамы индивидтердің механикалық агрегаты емес, керісінше — тұтас-

тық. Бұл тұтастық өз бетінше өмір сүреді және өзін құрайтын бөлімдердің

қасиеттерін белгілейді. Сондай-ақ, жалпы схема бойынша әлеуметтану-

дың тікелей биологияның зандарына сүйенетіндігін, тіптен онсыз мүмкін

емес екендігін айтқанымызбен, алайда, екінші жағынан, әлеуметтанудың

өзіндік ерекшелігінің бар екендігін, бұл заңдардың соның негізінде түрін

өзгертетінін, ал осы заманғы өзгерістер индивидтердің өзара қимыл-

әрекетінің арқасында туындайтынын тұжырымдайды. Конт жануарлар-

дың біріне-бірін тартатын жыныстық инстинктін және олардың ұрпағы-

на қамқорлық жасауын әлеуметтіліктің бастамасы етіп алады. Сурет пен

бейнелеуді (иллюстрацияны) әлеуметтік пен биологияның өзара тығыз

байланыстылығының қос көрінісінің мысалы деп алға тартады. Адамдар-

да өзін-өзі сақгау инстинктінің рөлі жоғарылығын, «индивидтік инстинкт-

тің» болатындығын мойындай отырып, Конт келе-келе адамдарда әлеу-

меттік эгоизмнің үстемдік алатынын жазды.

Әлеуметтану биологияға арқа сүйейді, әрі одан автономдығын да сақ-

тайды, материяның күрделі формасымен байланысады, ең жоғарғы және

күрделі теориялық ғылым болғандықтан позитивтік ғылыми білімдер

жүйесін аяқгаушы болып саналады. Сондай-ақ, оған қоғамдық білімдерде

үстем еткен ойлау қалпы тән болуы тиіс.

29

Қоғам дамуын адамдардың танымдық қызметінің және олардың қоғамдық санасының бір сатысынан келесі сатысына өтуі арқылы түсіндіріп,



«үш сатылы заңды» дәйектейді: теологиялық, метафизикалық және

позитивтік (ғылыми).

Теологиялық сатыда адамзат ақыл-ойының, сонымен қатар қоғамның

дамуы, Конттың пікірі бойьшша, 1300 жылға созылған. Осы сатыда әрбір

құбылыстар жоғары құдіретті күштердің тигізетін әсерінің нәтижесі.

ретінде қарастырылды. Бұл фетишистік діни сананың шыққанын көрсетті,

кейін ол политеизммен, яғни көпқұдайшылықпен алмасып, қайсыбір

құбылыстар түрлі құдайлардың ықпалы арқылы болады деп бейнеленді.

Теологиялық сатының соңына таман бірқұдайлыққа (монотеизмге) өту

қалыптаса бастады. Сөйтіп, барлық құбылыстарды адам дінінің негізінде

жатқан күш деп түсінеді. Мұндай сана тайпа көсемдерінің, әскер басыла-

рының, аристократтардың билігін құдіретті күшпен байланыстырды.

Иерархиялы әлеуметтік ұйым қоғамда өмір сүріп отырған тәртіпті ны-

ғайтуға бағытталды. Теологиялық сатының ең жоғарғы кезеңі - католик-

тік феодалдық қоғам болды. Монотеизм гармониялық әлеуметтік тәртіп

орнатуға ықпал жасады, бірақ ол өзінің тиімділігіне қарамастан консер-

вативтік институттарды қалыптастырды. Алайда, адамзат ақыл-ойының

жетілуі ерте ме, кеш пе, теологиялық түсініктің догматикалық жүйесімен

қақтығысары анық еді. Себебі, ол әлеуметтік жүйенің бүкіл құрылымына

бойлап енді, сөйтіп, бұл тәртіп прогреске кедергі жасады. Бірақ прогресті

тоқтату мүмкін емес еді, даму заңдары ескі жүйені күйрете бастады. Ескіні

бұзу тұтас дәуірді қамтыды, Конттың анықтауынша, бұл қоғам дамуы-

ның метафизикалық сатысы болды. Бұл сатыда бұрынғы қоғамдық тәртіп

ыдырады, ол 13.00-1800 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды.

Бұл сатыда адам санасы жәй пайымдаудан гөрі, сыртқы дүниенің нақ-

ты процестерін білдіретін ұғымдарды көп қолданады. Алайда, ғылымның

баяу дамуына байланысты бұл ұғымдар әлі де болса абстрактілі еді. Бұл

сатыда ескі қоғамдық бастаулар қарайды (реформация, ағартушылық,

революциялар, соғыстар, т.б.,) тұтастық ыдырайды. Бұл күйреудің

жағымды жақтары болғанымен (жаңа экономикалық және саяси идеялар-

дың орнауы, т.б.), «метафизикалық рух» сенімсіздікті, эгоизмді,

моральдық тозушылықты және саяси тәртіпсіздікті жоя алмады. Қоғамда тәртіп орнатып, әлеуметтік тұтастықты жөнге қоятын жаңа идеология қажет

болды. Оны, Конттың пікірі бойынша, позитивизм, яғни ғылымның да-

муы жүзеге асыра алады.

Позитивтік дәуір, Конттың тұжырымына сүйенсек, 1800 жылдан

басталады, оның мәні - ойлау бағдарының түбегейлі өзгеруімен, қайта

құрылуымен сипатталады. Адам санасы өз пайымдауларында және қоры-

30

тындыларында көбіне-көп ғылыми бақылауға сүйенеді. Дүниеге теоло-



гиялық және абстрактілі — метафизикалық тұрғыдан қарауды оның заң-

дарын ашу мен зерттеу, құбылыстарды бақылау секілді тәсілдер алмас-

тырады. Бұл зандарды ұғыну үшін олардың әрекетін ескеру және көре

білу қажет. Сол тұстағы жаңа қоғамға әлеуметтік көзқарас тұрғысынан

қарасақ, онда ол эгоизмді альтуризмнің жеңуі, әлеуметтік сезімнің ар-

туы, әлеуметтік тәртіп пен келісімнің орнауы, әскери қоғамнан өнеркәсібі

дамыған қоғамға өтудің іске асуы арқылы сипатталады. Алайда, жаңа

қоғамның да жақсы жақтарымен қатар, көлеңкелі, теріс тұстары да бар,

сондықган ғылым осы қоғамды келеңсіз қылықтардан тазалауға көмек

көрсетуді өзіне мақсат етті.

Конттын көзқарасы бойынша, қоғамның дамуы заңды және прогрес-

сивті сипатта болады. Ол қоғам өз дамуы барысында биологиялық заңдар-

ға, сондай-ақ «астрономиялық» зандарға, яғни ғарыштың, аспан денелері

мен планеталардың қозғалыс зандарына бағынады. Ол қоғам дамуына ауа

райы мен халықтың нәсілдік құрамырың ықпал ететіндігі туралы да жаз-

ды. Алайда, Конттың пікіріне сай ой тұжырымдасақ, онда адамзаттың

интеллектуалдық эволюциясы қоғамның дамуына ерекше әсер етеді екен.

Әлеуметтік мәселені шешуде адамдар санасының негізгі, бірінші рөл атқа-

ратыны және оның қоғамның дамуына шешуші ықпал жасайтыны тура-

лы О. Конт позитивтік қорытынды жасайды. Осыған байланысты пози-

тивизмнің негізін қалаған интеллектуалдық эволюцияның жоғарғы

көрінісі ретінде ғылымңың осы саласына айрықша мән береді.

Конт өзінің қоғам дамуы жөніндегі көзқарастарын жүйелей келіп,

әлеуметтануды үлкен әрі маңызды екі тарауға: әлеуметтік статика және

әлеуметтік динамикаға бөлді. Әлеуметтік статика қоғам, құрылымының

жұмыс істеу заңдарын қарастырады. Әлеуметтік динамика қоғам жүйесі-

нің өмір сүру жағдайы мен оның жұмыс атқару зандылықтарын зерттеу-

ге тиісті болды. Әлеуметтік динамика ең алдымен негізгі қоғамдық ин-

ституттардың, соның ішінде отбасының, мемлекеттің, діннің қоғамдағы

атқаратын міндеттерін және олардың татулық пен ынтымақгастықты ор-

натудағы рөлін қарастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік динамика

әлеуметтік жүйенің дамуы мен өзгеру заңдарына да назар аударады. Осы-

ған орай қоғамдық прогрестің позитивтік теориясын да О. Конт әлеуметтік

динамика деп атап кеткен еді. Прогресс, оның пікірі бойынша, дамудың

ең биік сатысына көтерілу болып табылады. Қоғамдық прогреске жетуде

материалдық (өмірдің сыртқы жағдайын жақсарту), физикалық (адам

Қараңыз: История социологии / Под общ. ред. А. Н. Елсукова. Минск:

Высшая школа, 1997. С. 38-39.

31

табиғатыи дамыту), интеллектуалдық (ақыл-ой, діни және метафизика-



лық дүниетанымнан позитивизмге көшу) және моральдық (адамгершілік

пен ұжымдық сезімдердің артуы) секілді алғышарттар ең маңыздылары

болып есептелінеді.

Конттың қоғам дамуын гармонизациялау және оның тұрақтылы-

ғының проблемалары жөніндегі көзқарастары да аса құнды. Қоғамдағы

гармония «әлеуметтік жүйенің» тұтастығы мен бөлімдерінің арасындағы

гармония болып саналады, сонымен қатар оған қоғам өмірінің барлық

жақтарының келісімді өзара әрекеті - саяси, экономикалық, рухани, био-

логиялық, т.б. жатады. Оның пікірі бойьшша, әлеуметтік гармонияға

ғылымның көмегі арқылы жетуге болады. Ғылым қоғамның барлық бөлім-

дері арасындағы өзара әрекеттің қажетті механизмін тауып беруі тиіс.

Сондай-ақ, түрлі тұлғалар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін ба-

рынша үйлестіре білуде қоғамдағы гармонияның ерекше рөл атқараты-

нын да жазды. Саяси өкімет билігінің маңыздылығы сонда, ол әлеуметтік

субъектілердің мүдделерін ақылмен дұрыс үйлестіріп отыруы тиіс. Бұдан

Конт саясаткерлердің бедел алатынын пайымдады. Қоғам гармониясы-

нан Конт оның тұрақтылығының негізгі жағдайын, әр сословиенің, әр

халықтың, әр адамның қалыпты дамуынының мүмкіндігін байқады.

О. Конт әлеуметтанудың негізін қалады, ал Г. Спенсер оны одан әрі

дамьпты.
2. Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері

Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің

(1820-1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын

«Бастаудың негіздері» (1862), «Биология негіздері» (1864-1867), «Психо-

логия негіздері» (1870-1872), «Әлеуметтану негіздері» (1876-1896) деген

еңбектерінде баяндады. Спенсердің әлуметтануының аса құнды жағы -

«Әмбебап эволюция заңы». Бұл заң бойынша эволюция – дамудың бірден-

бір қайнар көзі. «Әлеуметтану принциптері» атты еңбегінде Г. Спенсер

осы идеясын терендете келіп, қоғам организм іспетті немесе асқан орга-

никалық агрегат сияқгы деген басты тезисін негіздеді. Қоғам мен оны

қоршаған сыртқы орта арасындағы қарым-қатынас энергияның реттеу

принципі арқылы болады. Бұл зандылық әр түрлі қоғамдар мен сол қо-

ғамдарды құрайтын жеке адамдардың арасында өмір сүру үшін болатын

күрестерде көрінеді. Күрес әмбебап және қоғамдық эволюцияның негізгі

қозғаушы күші больш табылады.

Спенсер қоғам мен биологиялық организм арасындағы ұқсастықгы

толық мойындағанымен, бұл мәселеде ол жалғыз емес еді. Оған дейін

мұндай ұқсастықты Конт, Краузе, Ахренс айтқан болатын. Алайда, Спен-

сер осы бағытты бірінші болып бір жүйеге келтіре отырып жазып шықты.

Бұл жүйенің қарастыратын екі мәселесі бар: эволюция принципі және

қоғам мен биологиялық организмдердің ұқсастығы. Спенсердің аталмыш

жүйесі әлеуметтану теориясының дамуына қосқан басты үлесі болды.

Осы принциптерді Спенсер әлеуметтік саясатты белгілеудегі, әлеуметтік

реформаларды жасап жүргізудегі нақты ұсыныстарында қолдана білді.)

Оның келесі бір тезисінде әлеуметтік саясат - тәжірибелік зерттеудің

нәтижесінде қалыптасуы шарт делінген. Ал, әлеуметтік саясатқа аса қа-

жетті принцип ол - әлеуметтік эволюция процесінің табиғи дамуына

кедергі жасамай, оған жол ашу, бұл процесті жеке адамдар мен топтар-

дың ойына не келсе соны істейміз деуінен құтқару.

Спенсер әлеуметтік заңдарды тұжырымдай отырып, әлеуметтік ре-

формаларды белгілеуден бұрын қоғамның нақты әлеуметтік жағдайын

жете, жан-жақты білу қажет екендігін атап көрсеткен. Оның пікірінше,

еркін және ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік эволюцияның

жетістікке жетуінің бірден-бір шарты - мемлекет қызметіне қатаң шек

қою болып табылады.

Спенсер «еркіндік теңдігі» заңын тұжырымдай келе, онда барлық жеке

адамдардың «еркіндік тендігі» басқа адамдардың еркіндігінің деңгейіне

сәйкес пайдаланылуы тиіс дегенді айтады. Мемлекет те еркін, бірақ ол

жеке адамдардың еркіндігін қорғайтын, соған кепілдік беретін ұйым.

Мемлекет алыпсатарлыққа қатысты зандар шығарумен, діни мекемелерді

және қайырымдылық қоғамдарын басқарумен айналыспауы керек.

Мемлекеттің негізгі міндеті - қоғамда құқықтың жүзеге асырылуын және

еркіндік тендігі заңының сақталуын қамтамасыз ету, сөйтіп, ол өз аза-

маттарын тонау мен зорлықтан және соғыстан қорғап отыруды іске

асырады.


Қоғамды тірі организм іспетті қарауға болады, бірақ бұл жерде мына

нәрсені есте ұстау керек, өзіндік өмір сүру зандарын сақтаған әлеуметтікті

құрайтындардың (ұлттар, мемлекеттер, таптар, басқа да әлеуметтік топ-

тар) организмдік мәні бар.

Әлеуметтік организмдер биологиялық организмге ұқсас. Бұл ұқсастық

барлық мүмкін жағынан емес, тек олардың алты жағынан ғана ұқсастық-

ты белгілейді. Бүкіл организмдер:

1) өседі, көлемі жағынан ұлғаяды;

2) өзінің ішкі құрылымдары болады;

3) өсу деңгейіне сәйкес бұл құрылымдар күрделенеді;

4) құрылымның күрделенуі органдар функцияларының жіктелуінің

күшеюімен қатар жүреді;

33

5) құрылым мен функциялардың күрделенуі жекелеген бөлімдер ара-



сындағы өзара әрекеттің дамуына соқгырады;

6) жекелеген бөлімдер (органдар) тіптен тұтастықгың өмірінің берекесі

кеткен жағдайдың өзінде де белгілі бір уақытқа дейін өмір сүре алады

Қоғамды толығымен биологиялық организмге ұқсастыру қате болған

болар еді, өйткені олардың принциптік тұрғыдан өзгешеліктері бар, ол

кем дегенде үш мәселеде көрінеді:

1) биологиялық организм - бұл нақгы тұтастық, оның бүкіл органда-

ры тығыз байланысқан. Қоғам - дискреттік тұтастық, оның тірі құры-

лымдары мен элементтері бір-бірінен азды-көпті еркін және уақыт пен

кеңістікте бытыраңқы орналасқан;

2) ойлау және сезім функциялары биоорганизмнің белгілі бір бөлі-

мінде ғана шоғырланған, ал қоғамда ойлау мен көңіл-күй (эмоция) бар-

лық құрылымдар мен элементтерге тән;

3) биологиялық организмде элементтер тұтастық үшін өмір сүреді, ал

қоғамда бұл жағдай керісінше болады. Адамдар қоғамға қызмет етпейді,

керісінше қоғам адамдарға қызмет етеді.

Спенсер организмнің ерекшелігін индивидтің автономиясын сақтап

қалуға, жүйенің адамды жұтып қоюына жол бермеуге тырысқандығында

деп түсіндірді.

Г. Спенсер қоғамдық өмірде мемлекеттің рөлін шектеуді, тіптен ке-

дейлерге көмек немесе балаларға тәрбие беру жөніндегі қамқорлығынан

да бас тартуды ұсынды. Ол отаршылдық экспансияны сынады, өйткені

бұл мемлекеттік бюрократияның күшеюіне әкеліп соғатын еді. Спенсердің

пікірінше, кез келген қоғамның дамуы органдардың үш жүйесінің негі-

зінде іске асады: 1) сүйемелдеуші жүйе. Бұл организмді қоректендіріп,

оның дамуын қамтамасыз ететін болса, қоғам да оның дамуына қажетті

өнімдерді шығаратын өндіріс бөлімдерінен құралады; 2) бөлуші жүйе -

еңбек бөлінісінің негізінде қалыптасқан әлеуметтік организмнің әр түрлі

бөлімдерінің байланысын қамтамасыз етеді; 3) реттеуші жүйе - қоғам-

ның құрамды бөлімдерін біртұтас орталыққа бағьшдырып, мемлекет та-

рапынан оның дамуын реттеп отырады. Осы жүйелердің әрқайсысы

әлеуметтік институттардан тұрады. Бұл ұғымдармен Спенсер «әлеуметтік

әрекеттің тұрақты құрылымдарын» белгіледі. Реттеу жүйесін сипаттай

келіп, ол адамдар мінез-құлқын қадағалайтын «әлеуметтік бақылау» ин-

ституттарын бөліп көрсетеді және оның қатарына мемлекетті (саяси бас-

қару), шіркеуді, отбасын, салт және дәстүрлерді жатқызады.Глеуметтік



Григорьев С. И., Растов, Начала современной социологии. Учебное по-

собие. М.; Изд-во Магистр, 1999. С. 50-51.

34

институттарды зерттеу, Спенсердің пікірі бойынша, әлеуметтанудың ма-



ңызды міндеті.

О. Конт, Г. Спенсермен қатар әлеуметтанудың ғылым болып дамуы-

на зор үлес қосқан К. Маркс пен Ф. Энгельс болды.
3. Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылы-

мының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға

дейінгі және қазіргі көптеген әлеуметтанулық теориялар адамзат қоғамы-

ның дамуын, түптеп келгенде, белгілі бір рухани бастаулардың - құдай-

дың, әлемдік еріктің, сонымен Қатар адамдар санасының ықпалымен бо-

лады деп түсіндірді. Адамдар құдайдың немесе ғарыштық ақыл-парасат-

тың еркін жүзеге асырушысы ретінде сипатталады, сонымен қатар адам-

дар мәдениетті жасаушы, оны олар өздерінің мүдделерінен, мақсаттары-

нан және идеяларынан шығара отырда жасайды. Оларды анықтаушы -

сана, ал оның туындысы — адам болмысы, мәдениеті және өмір салты.

Әлеуметтануды қоғамдық ғылым деп танитын бұл ғылымның көпте-

ген өкілдері қоршаған ортада өз түсінігіне орай, өз мақсаттарына және

қызмет-қабілеттеріне қарай әрекет ететін жеке индивидтерді (жеке адам-

ды) тарихи процестің негізгі субъектілері етіп алды. Маркстік әлеуметта-

ну оған басқа тұрғыдан қарады. Маркс пен Энгельс тарихи процесті зерт-

теуді өмірдегі адамдарды, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін, адам-

дардың өзара қарым-қатынастарын және өзара әрекеттерін алғышарттар

етіп қарастырудан бастады. Бүкіл әлемдік субъектілердің қоғамдық

байланыстары мен қатынастарының жиынтығы қайсыбір қоғамды құрай-

ды. Қоғам өзіне тән қоғамдық қатынастар жүйесі, материалдық өндіріс,

саясат және өзге де әлеуметтік институттар арқылы адамдар қызметінің

мазмұнын дұрыс арнаға бағыттайды, белгілі дәрежеде оны анықгайды,

әрбір адамның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Индивидуал-

дықты әлеуметтікке жеткізу маркстік әлеуметтанудың маңызды прин-

ципіне айналды, сөйтіп, ол адамдардың қызметі мен мінез-құлқының

объективтік әлеуметтік негіздерін анықгаудың және пайымдаудың алғаш-

қы маңызды қадамына айналды. Бұдан тарихты материалистік тұрғыда

түсіну келіп шықгы.

Осы бағьпта жасалған келесі қадам - ол адамдар қызметіндегі мате-

риалдықтың рөлін дәлелдеу болды. Әділін айту керек, Маркс пен Эн-

гельс өндірісте, саяси және басқа да қызмет түрлерінде болатын саналы

мотивтердің рөлін ешқашан жоққа шығарған емес. Керісінше, олар

бұл мотивтердің мазмұны мен бағытталуына үлкен маңыз берді. Қоғам

35

тарихында белгілі бір мақсатқа ұмтылған адамдар санамен, оймен әре-



кет етеді.

Бұл жерде бірде-бір іс санадан, ниеттен тыс, мақсатсыз жасалмайды.

Бірақ марксизм тұрғысынан алып қарағанда адамдардың ниеттері және

мақсаттары, экономика, саяси және басқа да қызмет салаларындағы ішкі

мотивтерінің бүкіл жүйесі, түптеп келгенде, объективтік әлеуметтік заң-

дардың әрекетінен жинақталып, көрініс табатын тарихи процестің

объективтік факторлары арқылы дәлелденеді. Бұдан шығатын қорытын-

ды — адамдар қызметінің ішкі мотиві тарихи оқиғалардың соңғы себептері

бола алмайды.

Материалдық қажеттілік (мұқтаждық) пен мүдделер адамдардың

мінез-құлқына, қызметіне, олардың ниетіне, психологиялық көңіл-күйіне,

идеялар мен теорияларға себепші болады. Маркс өзінің тарихты материа-

листік тұрғыдан түсіндіруге субъектілердің әлеуметтік өмірі мен қызметін-

дегі материалдық мүдденің рөлі мен маңыздылығын пайымдау арқылы

жеткенін жазды. Бұл жерде әңгіме олардың жеке басына қатысты және

жалпы материалдық мүдделер жөнінде болып отыр. Мұның соңғысы

үлкенді-кішілі әлеуметтік топтардың мүддесі бола отырып, Маркстің

сөзімен айтқанда, еңбек бөлінісіндегі индивидтердің өзара тәуелділігін

көрсетеді.

Басқаша айтсақ, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі әлеуметтік топ-

тардың түрлі жағдайы олардың әралуан материалдық мүдделеріңе себепші

болады, сөйтіп, ол өндірістік және басқа да қызметтің қуаты есебінде

байқалады.

Тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге сәйкес материалдық игі-

ліктерді өндірудің маңызы да арта түсті. Сол арқылы адамдар өздерінің

алуан түрлі материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыра-

ды. Сайып келгенде, материалдық өмірдің өндіріс тәсілдері өмірдің

жал пы, әлеуметтік, саяси және рухани процестерін қамтамасыз етеді. Ол әр

түрлі дәрежеде қоғам өмірінің аталмыш салаларының дамуына ықпал

етеді. Бұл тұрғыдан алғанда өндіріс тәсілі қоғамның өмір сүруі мен даму-

ының материалдық негізі болады.

Өндіріс тәсілі өзінің негізі жағынан өндіргіш күштер мен өндіріс қаты-

настарын біріктіруші ретінде көрінеді. Өндіргіш күштерге ең алдымен

білімі, дағдысы және өнеркәсіптік қызмет тәжірибесі бар адамдар, соны-

мен қатар олардың өндірісте қолданатын еңбек құралдары мен заттары,

Маркс К., Энгельс Ф.. Сочинения. 2 изд. М.: Политиздат, 1961. Т. 21. С. 306.

Маркс К., Энгеяьс Ф. Сочинения. 2 изд. М.: Политиздат, 1955. Т. 3. С. 31.

Сонда. 7-б.

36

өндірістік ғимарат, энергия көздері, транспорт және т.б. жатады.



Өндірістік қатынастар — бұл адамдардың өндірістік қызмет процесі барысын

да қалыптасатын, ең алдымен олардың өндіріс құралдарымен қатынастары.

Өндіріс құралдарының кімнің меншігінде болуына байланысты, өндіріс

процесінде әрқилы адалдар әр түрлі орындарға ие болады, айталық,

біреулер өндірістің иелері болса, басқалары - жалдамалы еңбеккерлер.

Өндірістік қатынастар сондай-ақ, еңбек бөлінісі мен өндіріс құралдары-

на меншіктік қатынастардың негізінде болатын адамдардың қызметтерін

өзгертулерінен де көрінеді, жүзеге асады. Тұжырымдай айтар болсақ, өн-

дірістік қатынастар - бұл өндірілген қоғамдық өнімдерді бөлу, оларды

айырбастау және тұтыну арқылы жүзеге асатын адамдардың қатынаста-

ры. Бұл қатынастардың мазмұнын, түптеп келгенде, өндіріс құралдарына

меншіктік қатынастар анықгайды.

Маркстік әлеуметтану өндіргіш күштер мен өндіріс қатынастарының

өзара диалектикалық әрекетте болатынын жан-жақгы дәлелдеді. Адам-

дар саналы түрде және алдына белгілі бір мақсат қойып, өндірістік қаты-

настарға түскеніне қарамастан бұл қатынастар өндірістік қызметтің объек-

тивтік жағдайларының шешуші ықпал етуі арқылы қалыптасады. Мұның

соңғысына адамдардың және өндірістің объективтік қажеттіліктері, со-

нымен қатар өндіргіш күштердің даму деңгейі мен сипаты жатады. Қоғам-

ның өндіргіш күштерінің тікелей өндірістік қатынастардың мазмұнын

анықтайтыны сөзсіз. Олар алдарына өндіргіш күштердің дамуына барын-

ша ықпал жасайтын, оларды оңтайлы қолдануға және сонымен бірге

өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруға септігін тигізетін, адам-

дардың қажеттілігін мейлінше толық қанағаттандыратын өндірістік қаты-

настарды орнататын объективті талаптар қояды.

Осы талаптарға қалыптаса бастаған өндірістік қатынастар сәйкес келуі

тиіс. Егер өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің дамуына және тиімді

пайдаланылуына ықпал етсе, онда қоғам тығырыққа тіреледі, экономи-

калық дағдарыстық жағдай пайда болады, өндірістің құлдырауы баста-

лады. Осының бәрі қоғам алдына ескі өндіріс қатынастарын жаңамен,

прогрессивтілерімен алмастыру талабын қояды. Сонда ғана ол өндіргіш

күштердің қазіргі дамуының талаптарына сай келетін болады. Осы объек-

тивті қажеттілікті адамдар ерте ме, кеш пе түсінеді де, оны практикада

жүзеге асырады. Бұл неғұрлым ерте басталса — қоғам үшін соғұрлым

тиімді. Егер басқаша болса, өндірістік қатынастарды жаңалау процесі

ұзаққа созыльш кетсе, немесе оны тиімді іске асыра алмаса, онда қоғам

үлкен экономикалық және әлеуметтік шығындарға ұрынады, ал оның

азаматтарьшың көпшілігі ауыр халге түседі және қайыршылықты басы-

наң кешіруге мәжбүр болады.

37

Өндірістің өсуіне нақгы ықпал ететін, сөйтіп халықтың өмір деңгейінің артуына жағдай тудыратын өндірістік қатынастардың формаларын енгізуге ықпал жасау қажет. Әрине, әлеуметтану үшін адамдардың өндірістік



қызметінің неғұрлым күшті мотивтерін анықтау, сонымен қатар сол атал-

мыш жүйелердің бүкіл еңбекшілерінде құнды бағдарларды қалыптасты-

ру маңызды міндеттер болып қалады.

Қоғам өміріндегі материалдық өндірістің рөлі мен маңыздылығын көр-

сете отырып, маркстік әлеуметтану тарихи прогреске ғылыми сараптама

жасауға, оның объективті зандарын талдауға көп мүмкіндік берді. Әңгіме

материалдық өндірістің объективті даму зандары және оның қоғамдық

өмірдің басқа жақтарына, жалпы қоғамға ықпалы жөнінде болып отыр.

Бұл зандарды ашу және талдау тарихты идеалистік тұрғыда түсінуден

материалистік ұғынуға өтуді мейлінше тездетті.

Маркстік әлеуметтану бойынша қоғам ең алдымен қоғамдық қатынас-

тар жүйесі больш табылады. Бұл жүйе экономикалық, саяси, құқықтық,

діни және басқа да қатьшастардан құралады. Бұл жерде олардың әлеу-

меттік мазмұны – қоғамдық қатынастарды сұрыптаудың негізі етіліп алын-

ған. Егер де оның субъектілерінен бастайтын болсақ, онда әлеуметтік топ-

тардың арасындағы қатынастарды бөліп айтуға болады сонымен қатар

таптық және ұлттық қатынастарды, қала мен ауыл адамдарының арасын-

дағы, ой еңбегі мен дене еңбегі арасындағы қатынастарды, отбасылық

қатынастарды, тұлға мен қоғам, тұлға мен әлеуметтік топ, ұжым арасын-

дағы қатынастарды, тұлға аралық қатынастарды айтуға болады.

Барлық қоғамдық қатынастар өзара органикалық байланыста және

бір-бірімен тікелей немесе жанама қарым-қатынаста болатын адамдар-

дың өзара тәуелділігі мен өзара әрекетін көрсетеді. Бұл қатынастардың

және олардың өзара байланысының объективтік негізі - ең алдымен

қоғамдық еңбек бөлінісі және адамдар қызметінің әр түрінің дамуы.

Өйткені марксизм қоғамды зерттеудің бастауы етіп тек индивидгерді ғана

алып қоймайды, олардың түрлі қызметінен туындайтьш әлеуметтік бай-

ланыстар мен қатынастарды алады. Маркстің сөзімен айтқанда, қоғам

индивидтердің бір-бірімен болатьш байланыстары мен қатынастарының

жиынтығын көрсетеді. Қоғамның құрылымы өзіне тән қоғамдық қаты-

настардың құрылымы ретінде көзге түседі.

Барлық қоғамдық қатынастар, марксизм бойынша, материалдық және

идеологиялық больш бөлінеді. Материалдық қатынастар адамдардың са-

насы мен еркінен тыс қалыптасьш, көрінеді.Бұл олардың ең алдымен

экономикалық, өндірістік-технологиялық қатьшастары, сондай-ақ олардың
Маркс., Энгельс Ф. Сочинения. 2 изд. М., Политиздат, 1965. Т. 46. С. 214.

38

табиғатқа деген материалдық қатынастары, идеологиялық қатынастар,



бұлар осылай болып қалыптасқанға дейін адамдардың санасы арқылы

өтеді, яғни саналы түрде пайда болады. Оған адамдар арасындағы саяси,

құқықтық, эстетикалық, адамгершілік, діни қатынастар жатады. Әрине,

бұл қатынастардың да объективтік негізі бар және адамдардың оған де-

ген объективтік қажетінен пайда болады. Бірақ олар өуел бастан-ақ адам-

дардың санасымен, айталық, қайсыбір идеологтардың, саяси немесе діни

қайраткерлердің және т.б. саналы түрде қалыптастыруы арқылы саяси

бағдарламалар, құқықтық және адамгершілік нормалары, діни идеялар

негізінде құрылады.

Идеологиялық қатынастардың қалыптасуының объективтік негізіне

келсек, онда оның өзінен тікелей көрінетін саясат, құқық, мораль, т.б.

салаларымен қоса, қоғамдық өмірдің материалдық саласьш да аңғарамыз.

Оның объективтік негізі болғандықган, ол адамдар санасының тікелей

әсерімен, олардың экономикалық қатынастарының ықпалымен қальш-

тасқан әлеуметтік шындықгы (ақиқаты) маңызды түрде құрушы ретінде

өмір сүруге мүмкіндік алады. Олардың өмір сүруі саяси, құқықгық, діни

және басқа да ұйымдар мен институттар арқылы жүзеге асады. Олардың

рөлі мен маңыздылығы зор және әрдайым артып отырады.

Қоғамдық қатьшастардың мазмұньш негізге ала отырып, қазіргі маркс-

шіл әлеуметганушылар қоғамдық өмірді экономикалық, әлеуметгік, саяси,

рухани деп бірнеше салаларға бөледі.

Қоғамдық өмірдің экономикалық саласы - материалдық игіліктерді

өндірегін толық көлемдегі өндірісті, өнімді, айырбастауды және тұтыну-

ды қамтиды. Бұл - өндіріс төсілдерінің өмір сүруі, қазіргі ғылыми-техни-

калық прогресті өмірге тікелей енгізу, тауар-ақша қатынастары, адамдар-

дың материалдық қажеттіліктерін (мұқгаждықтарын) және мүдделерін

қанағаттандыру саласы болып есептеледі. Дәл осы жерден экономика-

лық, қоғамдық сананың шындыққа тікелей айналуы және экономиканы

басқару институттарының қызметі жүзеге асады. Экономиканың атал-

мыш объективтік және субъективтік факторларының тұтастықта өмір

сүруін зерттеу қажеттілігі туады. Бұл оны қоғамдық өмірдің ерекше сала-

сы етіп бөліп көрсетеді. Қазіргі көптеген әлеуметтанушылар өздерінің

ғылыми бағьптағы еңбектерін қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-

экономикалық процестерді зерттеуге бағыттап отыр.

Әлеуметтік сала - бұл қоғамда бар үлкенді-кішілі әлеуметтік топтар-

дың және ұлттық қауымдастықгардың өмірлік қызметінің әлеуметтік жағ-

дайынан туындайтын өзара әрекет саласы. Мұнда: адамдардың өндірістік

қызметі үшін керекті жағдайлар жасау; қоғамда жасалған материалдық

және рухани игіліктерді тұтынуда әлеуметтік әділдікті сақтау; қоғамның

39

әлеуметтік жіктелуінен келіп шығатын қарама-қайшылықтарды шешу;



әлеуметтік-таптық және ұлттық қатынастарды реттеу; түптеп келгенде,

жоғарыда аталған субъектілердің әлеуметтік мүдделерінің өзара әрекет

етуін реттеп отыру мәселелеріне көңіл бөлу негізгі тақырыпқа айналуда.

Бұл осы саланы зерттеуші әлеуметтанушылардың негізгі объектісіне және

мемлекеттің әлеуметтік саясаттағы басты объектісіне айналып отыр.

Саяси салаға ең алдымен қоғамда өмір сүріп отырған саяси қатынас-

тардың бүкіл жиынтығы енеді. Оның шеңберінде әр түрлі саяси партия-

лар, ұйымдар, мемлекеттік және өзге де саяси институттар әрекет етеді.

Олардың қызметі әр түрлі субъектілердің, яғни әлеуметтік топтар мен

жіктердің, ұлттардың, тұлғалардың саяси мүдделерін жүзеге асыруға

бағытталған. Олардың бұл мүдделері өкімет билігінің іске асуымен, со-

нымен қатар саяси құқық пен еркіндіктің жүзеге асуымен байланысқан.

Саяси сала - шын мәнінде қоғамдық саяси жүйенің өмір сүру саласы.

Соның арқасында әр түрлі әлеуметтік субъектілер өздерінің саяси көзқа-

растары мен мақсаттарын өмірге енгізеді. Қазір жүріп жатқан әлеуметтік

процестер адамдардың қоғамдық санасын мейлінше саясаттандыруда,

олардың саяси белсенділігін арттыруда. Соның нәтижесінде қазіргі қоғам

өмірінде саяси саланың рөлі мен маңыздылығы артып отыр.

Қоғамдық өмірдің рухани саласьм ғылым, білім, тәрбие, мораль, өнер,

дін құрайды. Бұлар әрбір адамның мінез-құлқы мен қызметіндегі рухани

бастауларды нығайтады,

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін осының бәрі белгілі бір дәрежеде жас-

тарға және өзге де қоғамдық жіктерге білім мен тәрбие беру міндеттерін,

сонымен қатар ғылым мен мәдениеттің даму міндеттерін шешетін көпте-

ген әлеуметтік институттардың қызметіне, құзырына бағындырылған.

Қазіргі жағдайда адамдардың рухани дүниесін қалайша сақгап қалуға және

байытуға болады дегенге келсек, әрбір адам өзінің мүддесімен бірге бас-

қа адамдардың мүддесін қорғауы үшін олардың бойындағы жоғары және

игі идеалдарды ояту керек. Негізгі проблема, міне, осы больш отыр. Сон-

да ғана қоғамдық өмірдің небір күрделі міндеттерін шешуге көмектесе

алатындай қабілетті, әрбір тұлғаның абыройын жоғары ұстауды нығай-

туға ықпал ететін, осы арқылы бүкіл халықгың, қоғамның және мемле-

кеттің абыройын нығайтуға қабілеті бар адам мен бүкіл қоғамды қальш-

тастырамыз, бұлардың рухани саулығының көрініс табуына әсер етеміз.

Қоғамдық өмірдің аса ірі салаларының өмір сүруі мен дамуын зерт-

теу - қоғамды тұтас әлеуметтік организм ретінде талдау мен сипаттау үшін

аса маңызды. Қоғамның тұтастығы оның мызғымастығында ғана емес.

Қоғам тұтастықгығы өз ішінде бөлімдерге бөлінген, сондықтан қоғам-

ньші өзіндік құрылымы бар. Қоғамдық өмірді аталмыш салаларға бөлу

40

бұл салалардың өмір сүру мазмұны мен ерекшеліктерін, олардың объек-



тивтік арақатынасын және өзара тәуелділігін анықтап, қоғамды құрылым-

дардың тұтастығы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Олардың өзара

әрекетінің сипаты туралы ғылыми түсінік арқылы бүкіл қоғамның дамуы-

на саналы ықпал жасауға болады.

Марксизмнің қоғамды тұтас әлеуметтік организм ретінде қарау жөнін-

дегі ілімі оның қоғамдық-экономикалық формация ұғымынан көрініс

тапты. Бұл ұғым өзіндік экономикалық базисі, ерекше әлеуметтік құры-

лымы, саяси қондырмасы және рухани өмірі бар біртектес қоғамдарға

ортақ және мәнді ерекше белгілерді көрсетеді. Бірдей әлеуметтік-эконо-

микалық формация әр түрлі елдерде өзінше ерекше көрініс табады, бұл

олардың жанама белгілерімен, дәлірек айтқанда, сол елдердің тарихи даму

ерекшеліктерімен байланысты болады.

Қоғамдық-экономикалық формация өзіне тән өндіріс тәсілі, әлеумет-

тік құрылымы, саяси жүйесі және рухани өмірі бар нақты тарихи қоғам

типі ретінде көрінеді. Сол немесе басқа қоғамдық-экономиқалық форма-

ция қоғамдық дамудың әр түрлі деңгейінде тұрған және оның белгілерін

әр түрлі дәрежеде белгілейтін қоғамдарды біріктіре алады. Бірақ бұл қоғам-

дардың ең мәнді белгілері бірдей, соның арқасында ортақ объективтік

заңдармен дамитын бір ғана қоғамдық-экономикалық формацияны

қалыптастырады.

Қоғамдық-экономикалық формация ілімі сынға алынғанымен, қоғам

өмірінде және тарихи процесті талдауда әлі де өз құндылығын жойған

жоқ. Марксизмнің тұтастай әлеуметтік организм ретіндегі қоғам жөнін-

дегі ілімі өте мұқият әзірленген және бұл туралы мейлінше нақгы түсінік

береді.

Марксизм әлеуметтануының маңызды ережесінің бірі - қоғам дамуы-



ның объективтік зандары туралы ереже. Бұған ең алдымен қоғам даму-

ындағы өндіріс тәсілінің рөлін анықтайтын заң, өндірістік қатынастар-

дың сипаты мен деңгейінің өндіргіш күштердің дамуына сәйкес келу

заңы, қондырмаға қарағанда экономикалық базистің анықтаушы рөлі

заңы, қоғамдық болмыстың біріншілігі және қоғамдық сананың екін-

шілік заңы енеді.

Қоғамдық-экономикалық формация мен қоғам дамуының объективті

заңдары туралы маркстік ілімдер - адамзат дамуын объективтік және

занды табиғи-тарихи процесс ретінде қарастырып, бір қоғамдық-эконо-

микалық формация екіншісімен, прогрессивтімен ауыстырылатынын

көрсетуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты К. Маркс пен Ф. Энгельс қоғамдық-экономика-

лық формациялардың архаикалық, экономикалық, коммунистік типтерін

41

атап көрсетті. (Алайда, әдебиеттерде бұрынғы бес формация пайдаланы-



лып келеді: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық,

капиталистік және коммунистік). Бұлардың әрқайсысы өзіне тән өндіріс

тәсілімен, әсіресе өндірістік-экономикалық қатынастар жүйесімен

ерекшеленеді. Сайып келгенде, осылар әрбір формацияның әлеуметтік

құрылымының, саяси жүйесінің және рухани өмірінің ереқшеліктерін

анықтайды. Соның нәтижесінде олардың әрқайсысы белгілі сападағы

қоғам типі ретінде көрінеді. Марксизм іліміне сәйкес қоғамдық-эконо-

микалық формацияның алмасуы негізінен өндіріс тәсілдерінде ірге теп-

кен экономикалық алғышарттардың ықпалымен болады, онымен байла-

нысқан осы процестердің басқа да факторлары, сонымен бірге әлеуметтік-

саяси, идеологиялық және рухани мәдениет саласына қатысты алғышарт-

тары да әсер етеді. Шындығында бұл революциялық процесс, оның ба-

рысында қоғамның бір типі екіншімен алмастырылады. Әлеуметтік рево-

люцияның материалдық алғышарты бар, ол шиеленісіп терендеген ескі

экономикалық қатынастардың қоғамның прогрессивті дамуындағы

өндіргіш күштерімен сәйкес келмеу шарты. Дамушы өндіргіш күштер

үшін ескі өндіріс қатьшастары шеңбері тарлық жасайды, олардың дамуы

баяулайды, соның салдарынан өндіріс тәсілінде дағдарыстық жағдай

қальштасады. Өндіргіш күштердің кең қанат жайьш дамуы, қоғамдық

өндірістің көтерілуі және осыған байланысты қоғамдық дамудың басқа

да проблемаларын шешуді қамтамасыз ететін ескі өндірістік қатынастар-

ды жаңамен өзгертудің объективті қажеттілігі туады. Адамдардың қажет-

тіліктері мен мүдделерін барынша толық қанағаттандыратын, тарихи

прогрессивті формацияға өтудің диалектикасы осы.

Әлеуметтанудың атасы атанған ойшылдар Э. Дюркгейм мен М. Ве-

бер әлеуметтану ілімдерін өздерінің тың көзқарастары арқылы одан әрі

дамьпты.
4. Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет