Ќазаќстан республикасы єылым жјне білім министірлігі


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 1.59 Mb.
бет3/10
Дата24.09.2017
өлшемі1.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.


1. Тегеурінді құбырөткізгішті есептегенде қандай теңдеуді қолданамыз? 2. Қандай құбырөткізгіштерді қысқа, ал қандайын ұзын деп атайды? Мұндай құбырөткізгіштерді есептеу ерекшелігі неде? 3. Құбырөткізгішті есептегенде кездесетін негізгі мәселелерді айаңыз? Қарапайым құбырөткізгішті есептеген кезінде туындаған типтік есептерді шешуәдісін түсіндіріңіз? 4. Құбырөткізгішті есептегендегі графоаналитикалық әдістің ерекшелігі неде? 5. Құбырөткізгіштерді тізбектей және параллельді қосқандағы есептерінің ерекшелігі. 6. Сифонды құбырөткізгіштер. Сифонды құбырөткізгіштерді есептеу ерекшелігі.
Ұсынылатын әдебиеттер:

Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б. –118 – 136 бет;

Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –105 – 127 бет;

Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б.– 122 – 146 бет.


Дәріс 9. Қалыптаспаған қозғалыс. Жуковский формуласы.

Дәріс жоспары.

1. Дөңгелек құбырдағы сұйық ағыны үшін қалыптаспаған қозғалыс теңдеуі. Гидравликалық соққы құбылысы.

2. Тура соққы үшін Жуковский Н.Е. формуласы. Тура емес соққы туралы түсінік.

3. Гидравликалық соққыны жекелеу тәсілдері. Іс жүзінде техникада гидравликалық соққыны пайдалану.


Қалыптаспаған қозғалыста сығылмайтын сұйық, қозғалып бара жатқан сұйық массасына әсер ететін инерциялық күштер әсерінен туатын инерциялық тегеурін шығыны, Бернулли теңдеуіне енетін қосымша шамамен ескеріледі. Мұндай қозғалыс поршенді сораптар жұмыс істегенде байқалады, конструкциясының ерекшелігі – сұйықтың ауыспалы тегеурінде ағу кезінде, бітелген құралды кенеттен ашқан кезде инерциялық күштер пайда болады.

Тегеурінде сәл үдеу болған кездегі, гидравликалық жүйелерді есептегенде сұйықтың аз сығылатынын ескеру керек, себебі құбырдағы соққылы қысымның толқынды таралуы гидравликалық соққы құбылысына әкеліп соғады. Гидравликалық соққы дегеніміз сұйықтың қозғалыс жылдамдығы кенеттен өзгерген кездегі ағынды құбырөткізгіштегі қысымның кененеттен өзгеру құбылысы.

Гидравликалық соққы құбылысын Н.Е. Жуковский тәжрибелік жолымен алған және теориялық негіздеген. Ол физикалық және математикалық интерпретация сұйық және құбыр қабырғасының қаттылығын ескерген кезде ғана мүмкін.

Тура соққы, тығынның жабылу уақыты гидравликалық соққы фазасынан аз болғанда, және түзу емес соққы, тығынның жабылу уақыты гидравликалық соққы фазасынан көп болса. лық соққы ғалыс жылдамдығы кенеттен көлденең қима ауданының сұйықтану периметріне қатынасы месе сұйықтың ішкі үйкелісі деп ата





Өзін-өзі тексеру сұрақтары.


1. Инерциялық тегеурінді анықтау формуласын жазыңыз. 2. Гидавликалық соққы дегеніміз не? Гидравликалық соққы туатын құралдарды мысалға келтіріңіз. 3. Гидравликалық соққы құбылысының механизмін түсіндіріңіз. 4. Тура және тура емес гидравликалық соққы дегеніміз не? Гидравликалық соққы фазасы дегеніміз не және оны қалай анықтайды? 5. Сұйық жылдамдығының жылдам өзгеруі кезіндегі құбырдағы қысымның өзгеруін қалай анықтаймыз? Соққылы толқынның таралу жылдамдығы неге байланысты? 6. Құбырөткізгіштегі соққының жоғарлау қысымын азйту немесе болдырмау әдісін көрсетіңіз? 7. Гидравликалық соққы құбылысының техникада қолданылуына мысал келтіріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:

Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б. – 136 – 147бет;

Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –127 – 132 бет;

Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б.– 147 – 154 бет.


Дәріс 10. Сұйықтардың тесіктер және саптамалар арқылы ағып шығуы.

Дәріс жоспары.

1. Тұрақты ағын кезінде сұйықтың жұқа қабырғамен өте ұсақ тесіктер арқылы ағып шығуы. Сығу, жылдамдық және шығын коэффициентері.

2. Саптамалардың түрлері. Цилиндрлі насадкалар арқылы сұйықтардың ағып шығуы. Әртүрлі типтегі саптамалар.

3. Ауыспалы ағын кезінде ағып шығу.


Гидравликада, сұйықтың ағу сипатына байланысты жұқа және қалың қабырғалы кіші тесіктер арқылы, үлкен тесіктер арқылы, сондай-ақ саптамалар арқылы ағу деп бөледі. Саптама дегеніміз тесікпен жалғасқан қысқа құбыр, ұзындығы .

Тесік және саптама арқылы сұйықтың ағу жылдамдығын және оның шығынын, Бернулли теңдігі негізінде алынған формула арқылы анықтайды





,

мұнда – ағысты сығу коэффициенті,



– жылдамдық коэффициенті,

– шығын коэффициенті

Рейнольдс саны үлкен болған кезде (квадраттық кедергі аймағы) ағу коэффициенті Рейнольдс санына тәуелді емес, тек тесік және саптаманың түріне ғана байланысты болады. Бұл жағдай жұқа қабырғалы кіші тесікті және шығынды өлшеуге арналған құралдардағы саптамаларды пайдалануға мүмкіндік береді. Келтірілген теңдіктердің ортақтығына қарамастан тесік және саптама арқылы ағу коэффициенттерінің айырмашылығы бар.

Ол саптама арқылы сұйықтың ерекшелігімен түсіндіріледі және оның бастысы – қимада вакуумның болуы, ол саптаманың өткізу қабілетін жоғарлатады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.


1.Кіші тесік, қалың және жұқа қабат, саптама дегеніміз не? 2. Сығу, жылдамдық, шығын, кедергі коэффициентідегеніміз не? Осы коэффициенттер арасында қандай байланыс бар? 3. Толық және толық емес, жетілген және жетілмеген сығу дегеніміз не? Шығын коэффициентіне сығу түрлері қалай әсер етеді? 4. Сұйықтың тесік және саптама арқылы ағуы кезінде жылдамдық пен шығын қалай есептелінеді? 5. Дөңгелек тесік арқылы және тура сондай диаметрдегі цилиндрлік саптама арқылы біркелкі сұйықтардың ағуы кезінде тегеурін қандай қатынаста болады? 6. Сұйықтардың үлкен тесіктен ағуының кіші тесіктен ағуымен салыстырғандағы ерекшелігі қандай 7. Тұрақты қимадағы ыдыстағы, ауыспалы тегеурін кезіндегі және биіктігі бойынша ауыспалы қимадағы сұйықтың ағуының айырмашылығы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б. – 106 – 117 бет;

Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –133 – 156 бет;

Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б.– 104 – 114 бет.
Дәріс 11. Гидравликалық машиналар.

Дәріс жоспары.

1. Сорғылар туралы жалпы түсінік. Сораптардың жіктелуі, жұмыс істеу принципі.

2. Сорғылы қондырғылардың жалпы сұлбасы.

3. Сорғылы қондырғылардың жалпы сұлбасы.

Гидравликалық машиналар дегеніміз электрқозғалтқыштың механикалық энергиясын тасымалданатын сұйықтың ағын энергиясына айналдырып, қысымын көбейтеді немесе қозғалыстағы сұйық тегеурін энергиясын механикалық энергияға айналдыратын (гидравликалық құбырлар) машиналар. Гидравликалық жетек дегеніміз сораптан және сәйкес реттегіш және таратқыш аппаратурасы бар гидроқозғалтқыштан тұратын гидравликалық жүйе және жұмысшы сұйық көмегімен беріліс беруді қамтамасыз етеді.

Сұйық қоспаларды кәсіпорын ішінде аппараттар мен қондырғылар арасында және кәсіпорыннан тыс басқа жақтарға тасымалдауға арналған гидравликалық машиналар сораптар деп аталады.

Сораптар үш түрге бөлінеді: қалақшалы немесе ортадан тепкіш, көлемді және ағынды.

1. Қалақшалы /ортадан тепкіш/ сораптардағы қысым, қалақшалы доңғалақтардың айналуындағы ортадан тепкіш күштің сұйыққа әсерінен пайда болады. Бұларға ортадан тепкіш, құйынды және осьтік сораптар жатады.

2. Көлемді насостардағы қысымдар айырмасы сұйықтардың белгілі бір көлемін жабық камерадан жылжымалы немесе айнамалы денелер арқылы ығыстырып шығарғанда пайда болады. Бұларға поршенді /плунжерлі, диафрагмалы/ және роторлы /тісті доңғалақты, пластинкалы, винтті/ сораптар жатады.

3. Ағынды насостарда сұйықтарды тасымалдау үшін жұмысшы сұйықтың /ауа, бу, су т.б./ кинетикалық энергиясын пайдаланады.

4. Сұйықтардағы сығылған газ немесе ауа жәрдемімен тасымалдау үшін газлифт /эрлифт/ және монтежюлар қолданады.

Сорап берілісі немесе өнімділігі – сораптың уақыт бірлігінде тасымалдайтын сұйық мөлшері;

Сораптың тегеуіріні - тасымалданатын сұйықтың салмақ бірлігіне берген салыстырма энергиясы сипаттайды. Тегеуірін насостың 1 кг сұйыққа берген энергиясы арқылы, осы сұйықтың қанша биіктікке көтерілетінін көрсетеді

Сораптың куаты - сұйыққа энергия беру үшін жұмсалған салыстырмалы энергия мен сұйық мөлшерінің көбейтіндісіне тең. Теориялық (пайдалы) қуат және электроқозғалтқыш шығындаған толық қуат деп бөледі.

Сораптың пайдалы әсер коэффициенті – пайдалы қуаттың толық қутқа қатынасы. Ол үш пайдалы әсер коэффициентің туындысына тең (п.ә.к.): көлемдік, гидравликалық және механикалық. Көлемдік п.ә.к. сұйық көлемінің шығынын ескереді (берілістің аздығын). Гидравликалық п.ә.к. және механикалық п.ә.к. – сорап тегеуріні мен машина элементтері арасындағы үйкелісті азайтуға арналған.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Сораптардың толық жіктелуін көрсетіңіз, олардың ерекшеліктері мен қолданылу аймағы қандай? Қалақшалы және көлемді сораптардың жұмыс істеу принципінің мәні неде? 2. Сораптың негізгі параметрлерін атаңыз? Олардың қысқаша сипаттамасы? 3. Сорап тегеурінін қалай анықтауға болады? 4. Сораптың пайдалы және толық қуатын қалай анықтауға болады? 5. Сораптың толық пайдалы әсер коэффиценті дегеніміз не? Сораптың көлемдік, гидравликалық, механикалық ПӘК-нің қатынасы қандай шамаға тең? 6. Геометриялық және вакуумды биіктікте сорудың арасындағы байланыс қандай? Мүмкін болатын вакуумметрлік биіктік қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –179 – 186 бет;

Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б.– 201 – 206 бет.
Дәріс 12. Ортадан тепкіш сораптар. Эйлер теңдеуі.

Дәріс жоспары.

1. Ортадан тепкіш сораптар. Құрылғысы, жұмыс істеу принципі, классификациясы.

2. Эйлер теңдеуі. Сорғының теориялық тегеуріні. Теориялық тегеурінге құрылымдық өлшемдерінің әсері. Пайдалы ағын.

3. Ортадан тепкіш сорғылардың теориялық сипаттамалары.


Сорап жұмыс істегенде сұйық жұмыс доңғалағының қалақшалар арасындағы каналмен күрделі қозғалыспен; қалақша бойлап салыстырмалы жылдамдықпен және жұмыс доңғалағымен бірге айналмалы жылдамдықпен қозғалады. Жылдамдық векторы «» жылдамдық құрайтын екі вектордың геометриялық қосындысы.

1. ауыспалы жылдамдық векторы «» - жұмыс доңғалағымен бірге айналмалы жылдамдықпен қозғалады;

2. салыстырмалы жылдамдық векторы «»жұмыс доңғалағының қалақшалар арасындағы каналмен күрделі қозғалады.

Қалақшалы машиналардың негізгі теңдеуін Л. Эйлер енгізді, ол идеальды жұмысшы доңғалақ моделі шексіз жұқа қалақшалар және ағыс теориясының шексіз санынан шығады



.

Бұл теңдеуді барлық ортадан тепкіш машиналар үшін қолдануға болады. Жоғарыда көрсетілген теңдеу, ортадан тепкіш сорап туғызған теориялық тегеурін сорап сорған сұйықтың қайдан шыққанына байланысты емес. Сонымен қатар, жұмысшы доңғалақтың диаметрін және айналыс санын жоғарылату, кез-келген жоғары тегеурінді туғызуы мүмкін. Қалақшалы сораптардың тегеуріні мен берілісі өзарабайланысты екеніне де көңіл аудару керек. Бір параметрін өзгерту екінші параметрінің өзгеруіне әкеліп соғады.

Жұмысшы доңғалақтың қалақшалар түрі де сорап тегеурініне әсер етеді. Доңғалақтардағы калақшаларды, артқа қарай қайырылған, радиальды қалақшалы және қалақшалары алға қарай қайырылған деп бөледі. Ең жоғары теориялық тегеурін қалақшалары алға қарай майысқан жұмысшы доңғалақта пайда болады, ал ең кіші тегеурін қалақшалары артқа қайырылған қалақшаларда болады

Ортадан тепкіш сораптардың теориялық сипаттамасы, теориялық тегеурін нің беріліске тәуелділігін тағайындайды. Бұл сипаттама идеал сұйық және шексіз қалақшалар саны бар жұмысшы доңғалақ сипаттамаларын сәйкес келеді.


Өзін-өзі тексетру сұрақтары.

1. Бірсатылы ортадан тепкіш сораптардың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз және сұлбасын сызыңыз. 2. Ортадан тепкіш сораптар қандай белгілері бойынша жіктеледі? 3. Жұмысшы доңғалаққа кірерде және шыға берістегі жылдамдық параллелограммын тұрғыз. және бұрыштары неге тәуелді? 4. Жұмысшы доңғалақ пен спиральды камераның жұмыс істеу орны қандай? 5. Қалақшалы доңғалақтың негізгі теңдеуін жазыңыз. Ортадан тепкіш сорапта туатын теориялық тегеурін неге байланысты? Нақты тегеурінді қалай анықтайды? 6. Сораптардың теориялық сипаттамасын тұрғызыңыз. Сораптың теориялық тегеурініне жұмысшы доңғалақ қалақшаларының түрі қалай әсер етеді?


Ұсынылатын әдебиеттер:

Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б. – 154 – 174 бет;

Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –189 – 197 бет;

Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б.– 207 – 212 бет.


Дәріс 13. Ортадан тепкіш сорғылар. Ұқсастықтың негізгі теориясы.

Дәріс жоспары.

1. Ұқсастықтың негізгі теориясы және ұқсастық теңдеуі.

2. Қалақшалы сорғылардың түрлері және жылдамжүрістілік коэффициенті.

3. Сорап сипаттамаларын есептегенде ұқсастық формуласын қолдану.


Конструкциясы және дайындалатын сорап түрлеріне, өлшемдерінің әртүрлілігіне сәйкес сораптар жұмысының нақты шарттары әртүрлі болып келеді. Сондықтан олардың жаңа түрлерін жасағанда, оларды модель түрінде тәжрибелік зерттеуден өткізеді және алынған мәліметтерді нақты сорап жасауға пайдаланады. Және де белгілі бір гидравликалық сапаға ие болатын модель, осы сериядағы барлық машиналармен гидравликалық ұқсас болуы керек.

Қалақшалы сораптардың ұқсастық заңдары, геометриялық өлшемдері мен жұмысшы доңғалақтың айналыс сандары ұқсас сораптардың берілісін, тегеурінін және қуатын тағайындайды.

Ұқсас сораптар үшін көрсетілген формулалар басқа да мақсатта қолданылуы мүмкін – сол және басқа да сораптардың жұмысшы доңғалақтың айналыс санын өзгерткен кездегі берілісті, тегеурінді және тұтынатын қуатты өзгерткендегі есептерді шығарғанда пайдаланады, егер осы үш шама қандай да бір айналыс саны үшін белгілі болса. Бұл айналыс саны бірдей болған кездегі модельді сорапты сынауды одан әрі жеңілдетеді, ал айналыс санының мәні басқа болса, онда пайдалы әсер коэффициентің шамасын анықтау жеткілікті.

; ; .

Қалақшалы доңғалақ пішінінің жылдам жүрісіне әсері

Бұл формуланы пропорциональдық немесе ортадан тепкіш сораптың пропорциональдық заңы деп атайды.

Іс жүзінде олар сораптардың пайдалану шарттарын анықтау үшін қажет.

Барлық ұқсас сериялы, ұқсас тәртіппен жұмыс істейтін сораптардың негізгі ұқсастық критериі болып жылдамжүрістілік коэффициенті табылады

.

Бұл коэффициент сораптар түрінің сипаттамасы болады және сораптардың қолдану аймағын анықтайды. Келтірілген формуладан көріп отырғанымыздай, жоғары жылдамжүрістілік коэффициенті бар сораптар көп жағдайда аз

тегеурінде үлкен беріліс беретін сораптар үшін қолданылады, ал жылдамжүрістілік коэффициенті кіші болатын сораптар аз берілісте үлкен тегеурін туғызады. Сондықтан жоғары тегеурінді сораптардың айналыс саны көп емес (баяуайналатын сораптар), ал аз тегеурінді сораптар – көпайналысты (жылдамжүрісті сораптар) болады.
Өзін -өзі тексеру сұрақтары.

1. Қалақшалы машиналар үшін ұқсастық және пропорциональдықтың негізгі заңдарын көрсетіңіз. Олар қандай мақсатта пайдаланылады? 2. Жылдамжүрістілік коэффициенті дегеніміз не? 3. Жылдамжүрістілік коэффициенті бойынша ортадан тепкіш сораптарды жіктеңіз? 4. Қалақшалы сораптардың негізгі жұмысшы сипаттамаларын атаңыз? Сораптың басты жұмысшы сипаттамасы дегеніміз қандай сипаттама? 5. Сораптың жұмысшы нүктесі дегеніміз не? Жұмысшы нүктені анықтау үшін сәйкес график тұрғызыңыз? 6. Сұйық қозғалысының турбулентті режимі үшін жүйесі қандай түрге ие болады? 7. Жүйе сипаттамасын негізгі теңдеуін жазыңыз? Осы теңдеуге енетін барлық шамалардың мәнін түсіндіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б.– 175 – 186 бет;

Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –197 – 216 бет;

4.2.1. Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б. –212 – 218 бет.


Дәріс 14. Сорапты қондырғылар.

Дәріс жоспары.

1. Кавитациялық қор және кавитациялық сипаттама. Руднев с.с формуласы және оны пайдалану.

2. Ортадан тепкіш сораптар сипаттамасы. Жүйедегі сораптар жұмысы.

3. Сораптарды тізбектей және параллельді қосу.


Үрлеу желісіндегі ортадан тепкіш сораптар іс жүзінде шексіз теориялық тегеурін туғызуы мүмкін.

Бірақ сорудың геометриялық биіктігі – қоректендіргіш резервуардағы сұйық деңгейіне сораптың орналастыру биіктігі, оның мәні сору жағындағы сораптың жұмысшы шарттарымен шектелген және көптеген факторларға байланысты болады.

Сору биіктігін анықтағанда - қоректендіргіш резервуардағы сұйық деңгейіне сораптың орналасу биіктігін ескеру керек, оның мәні сору жағында қатаң шектелген және көптеген факторларға байланысты болады.

Сораптың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сорапқа кірердегі қысым берілген температурада сұйықты сору кезіндегі буғаайналу қысымынан көп болуы керек. Егер осы шарт орындалмаса. Кавитация құбылысы пайда болады.

Мұндай процесс сораптың қысым аз болатын аймағында – жұмысшы доңғалаққа сұйыққа енуі кезінде жиі кездеседі. Осыны ескеріп, мүмкін болатын сору биіктігі келесі қатынас арқылы анықталады

,

мұнда - қаныққан бу қысымы;



- сорғыш құбырөткізгіштегі тегеурін шығыны;

- Руднев формуласы бойынша анықталатын кавитация коэффициенті.

Екі сипаттаманың қиылысу нүктесін («а» нүктесі) берілген жүйеде жұмыс істейтін сораптың жұмысшы нүктесі деп атайды. Осы нүкте бойынша сораптың барлық сипаттамаларын (, , және ) анықтайды. Жүйедегі берілген шығын сораптың берілісіне тең, ал беріліс сорап тегеуріні сияқты, өз кезегінде жүйедегі тұтынытын тегеурінді анықтайды.

Іс жүзінде сораптар паралель және тізбектеліп қосылып жұмыс істейді.

Параллель қосылып жұмыс істегенде сораптардың жалпы сипаттамасы, әр сораптың сипаттамасының абсциссаларының қосындысына тең болады.

Тізбектеліп қосылған кезде сораптардың жалпы сипаттамасын, әр сораптың тегеурінін қосу арқылы алады.

Сораптардың бірігіп жұмыс істеуі мүмкін, мысалы, ортадан тепкіш және поршенді. Егер поршенді сораптың іс жүзінде шексіз тегеурін туғызатынын ескерсек, ортадан тепкіш сораптар үлкен берілісті болады, олар жүйеде бірігіп жұмыс істегенде оларды көбінесе параллель қосады.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Сораптардың бірігіп жұмыс істеуі қандай мақсатта қолданылады? Тиімді жұмыс істеу шарттарын көрсетіңіз: параллелді қосылғанда және тізбектей қосылғанда. 2. Сораптардың бірігіп жұмыс жасағандағы жұмысшы нүктесін қалай анықтауға болады? Сәйкес график тұрғызыңыз. Жұмыс істеу принципі бойынша әртүрлі сораптардың бірігіп жұмыс істеуі мүмкін бе? 3. Қалақшалы сораптардың жұмысы кезіндегі кавитация құбылысының физикалық мәні неде? 4. Кавитация құбылысының алдын-алу шартында сорапты орнату биіктігін қалай анықтайды? Руднев формуласын жазыңыз. 5. Ортадан тепкіш сораптың сору биіктігіне сұйықтың температурасы қалай әсер етеді? 6. Кавитация коэффициенті дегеніміз не? 7. Егер сору және айдау құбырларының диаметрі әртүрлі болса, олардың қайсысы үлкен болады?


Ұсынылатын әдебиеттер:

Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б.– 186 – 225 бет;

Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –213 – 231 бет;

Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғарғы мектеп, 1976. – 416 б. – 219 – 231 бет.



Дәріс 15. Көлемді сораптар.

Дәріс жоспары.

1. Көлемді сораптар. Жалпы түрлері, жұмыс істеу принциптері, жалпы құрамы және жіктелуі. Қолдану аймағы. Поршенді сораптардың құрлысы, құрылымдық сұлбасы және қолдану аймағы.

2. Беріліс графигі және оларды теңестіру тәсілдері. Индикаторлық диаграмма. Поршенді сораптардың ПӘК-і. Сору биіктігін анықтау. Поршенді сорап берілістерін реттеу. Ауалық қалпақтар.

3. Роторлы сораптардың жіктелуі, жұмыс істеу принципі. Әртүрлі роторлы сораптар құрылғысы және ерекшеліктері: а) роторлы-поршенді; б) пластиналы; в) винт тәрізді; г) шестернялы. Жұмысшы көлемдерін анықтау. Беріліс және оның біркелкілігі. Берілісті реттеу. Сораптардың сипаттамасы, олардың жұмысы.


Жұмыс істеу принципіне байланысты көлемді сораптарға поршенді сораптар жатады.

Поршенді сорғылар элетроқозғалтқыш арқылы айналады да, кривошипті-шатуды механизм жәрдемімен поршен цилиндр ішінде ілгерінді-кейінді жылжиды. Піспекті оңнан солға қарай жылжығанда цилиндр ішінде қысым пайда болады. Соның салдарынан сору клапаны жабылып үрлеу клапаны ашылады. Сұйық үрлеу клапаны арқылы айдау құбырына ығыстырылып шығарылады. Негізгі кемшілігі жұмыстың инерциондығы және сұйықты берудің біркелкеместігі.

Роторлы сораптарды тұтқырлығы жоғары және ластанған сұйықтарды тасымалдау үшін пайдаланады. Роторлы сораптарда клапандар және ауалы қақпақтар болмайды.

Роторлы сораптардың көлемі кішкене, ПӘК көп, поршенді сораптарға қарағанда берілісі біркелкі және реттеу мүмкін. Осы қасиеттеріне байланысты, сонда ақ жылдамжүрістілік және үлкен сенімділігіне байланысты роторлы сораптар гидрожетектерде және басқа да гидрожүйелерде қолданылады. Поршенді сораптар конструкциялық ерекшеліктері мен технологиялық міндеттеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді

1. Айдау және сору циклдарының саны бойынша бір екі жүрісті сораптарды біржақты жұмыс істейтін және екіжақты жұмыс істейтін деп ажыратады.

2. Поршендер немесе плунжерлер саны бойынша сораптар бірпоршенді, екіпоршенді, үшпоршенді және көппоршенді болады. Көппоршенді сораптарда жалпы кривошипті біліктен бір уақытта бірнеше біржақты немесе көпжақты әсердегі цилиндрлер жұмыс істейді. Бірақ әрбір цикл уақыт бойынша жылжиды, оның нәтижесінде берілістің бірқалыпсыздығы азаяды.

3. Сорғыш конструкциясы бойынша – сұйықты цилиндрден соратын жұмысшы орган, поршенді сораптар дискілі поршенді, плунжерлі, дифференциалды поршенді, сол сияқы мембраналы болады.

4. Жетек түрі бойынша – сораптар тура әрекетті және кривошиті механизмді.

5. Цилиндрлердің орналасуы бойынша – сораптар кеңістіктегі цилиндрлерінің орналасуы бойынша горизонтальды және вертикальді.

6. Клапандардың түрі бойынша тәрелкелі клапанды және шарлы клапанды.

7. Міндеті бойынша – сораптар суға, кірге, кислотаға, ыстық сұйықтарға және т.б. арналған болады. Сораптың берілісі деп бірлік уақытта айдағыш құбырөткізгішке сораппен берілетін сұйықтың көлемдік мөлшері. Бұл анықтама барлық сораптар үшін ортақ болады. Поршенді сораптар үшін беріліс біркелкі болады. Көппоршенді сораптарды қолдану берілістің біркелкіеместігін азайтуға мүмкіндік береді.

Сораптың максималды берілісінің орташа берілісінен қаншалықты үлкен екенін көрсететін біркелкіеместік коэффициентін анықтау үшін графиктік әдіс қолданылады.





Құрылған диаграмманың ордината шамасы беріліс диаграммасы деп аталады, ол поршеннің берілген жылдамдығы кезіндесораптың лездегі секундтық беріліске пропорциональды.

Берілісті реттеудің тағы бір әдісі гидропневматикалық аккумуляторларды (ауа қалпақтарын) қолдану.





Ауа қалпақтарын сорғыш және айдағыш желілерде, жұмысшы камераға, одан қалпақтарға дейінгі жол минимальды болатындай, жақын жерге орналастырады. Сорап цилиндріндегі қысымның өзгеру графигі (тегеурін) поршен жүрісі бойынша поршенді сораптың жұмысшы сипатын анықтайтын

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Поршенді сораптардың толық жіктелуін көрсетіңіз, олардың ерекшеліктері мен қолданылу аймағы қандай? 2. Кривошипті жетекпен поршеннің негізгі қозғалыс заңдылығын көрсетіңіз 3. Поршенді сораптардың берілісі неге байланысты? Қарапайым және күрделі сораптардың берілісін анықтайтын теңдеуді жазыңыз. 4. Поршенді сораптың берілісінің бірқалыпсыздық дәрежесі дегеніміз не? 5. Индикаторлық диаграмма не үшін керек? Индикаторлық қуат, индикаторлық қысым дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

4.1.1. Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б.,– 275 – 306 бет;

4.1.2. Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б.,– 255 – 300 бет;

4.2.1. Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б., – 236 – 274 бет.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет