Ќазаќстан республикасы єылым жјне білім министірлігі



жүктеу 0.57 Mb.
бет2/2
Дата15.09.2017
өлшемі0.57 Mb.
1   2

4.Экожүйелердің өнімділігі

Экологиялық түрғыдан қарағанда теңіздердің құрлық пен өзен суларынан белгілі ерекшеліктері бар. Олар:

- теңіздер (мұхиттар)бөлінбей біртұтас болып, бір – бірімен жалғасып жатады. Теңіз организмдерінің өмір сұруі, өзара қарым – қатынасы судың температурасына, тұздылығына және терендігінебайланысты;

- теңіз сулары үнемі белгілі бір бағытта айналып ағып жатады. Экватор мен полюстер (жер меридиандары түйіскен торап) арасындағы температура айырмашылықтарына байланысты жыл бойы үнемі бір бағытта соғатын күшті желдер (пассаттар), жер шарының айналуымен қосылып мұхит суларында күшті ағын пайда болуына себеп болады. Экватордан батысқа және шығысқа қарай, жағадан оңтүстік пен солтүстікке қарай соққан желдерден пайда болған белгілі Гольфстрим және Солтүстік Атлантика ағындары Еуропаның жоғарғы ендіктеріне жылы су апарып климаты жұмсартса, Калифорния ағыны керісінше оңтүстікке салқын сулар әкеледі. Бұл ағындар, балалар ойнайтын зырылдауықтарға үқсап, солтүстік жарты шарда сағат тілінің бағытымен, Оңтүстік жарты шарда оған қарсы бағытта айналып ағып жатады.

Ағын теңіз суының тек үстіңгі қабатында болып қана қоймай, төменгі терең қабатында да болады. Ол судың тұздылығына, тығыздығына және температурасына байланысты. Сөйтіп теңіз сулары тез араласады да, көлдегі сияқты бір қабаты жылы, екінші қабаты салқын болып, бөлінбейді. Сондықтан төменгі қабатында оттек көп болып, тірі организмдер үлкен терендікте де өмір сүре береді.

- теңіздер өте терең болады. Ғылымға белгілі мұхит терендігі 12 км шамасында.

- теңізде толқын көп болады. Күн мен айдың өздеріне Тарту күші заңдылығына байланысты толкындар әрбір 12,5 сағат сайын теңіз суын жағаға әкеліп, кері әкетіп жатады. Сөйтіп тәулік бойына екі рет көтеріліп, екі рет кері кетеді. Келесі тәулік сайын

бұл құбылыс 50 минөтке кешігіп басталып отырады. Екі жеті өткен соң күн мен айдың өздеріне тарту күштері теңеліп, судың ең жоғар көтерілуі мен кері серпілуі болады. Теңіз ортасында толқынның биіктігі 30,5 см-ден басталса, жағаға жеткенде 3,5 м-ге дейін биіктейді.

Теңіз суының орташа тұздылығы 3,5 процент, басқаша айтқанда, 1000 бөлек суға 35 бөлек тұз келеді, ал тұщы суда тұз мөлшері 0,5 проценттен аспайды. (Мыңнан бір бөлек былай жазылады 1%). Сол 35 бөлектің 27- сі хлорлы натрий, магний, калий т.б. тұздардан құрылады.

- теңіз суы сілтілі және коректік заттарға кедей

болады. Тұздардың құрамында коректік заттар 1 проценттен аспайды. Соңдықтан да теңіздегі коректік заттар өнімі аз болғандықтан тіршілік судың барлық қабаттарында бола бермейді.

Ашық мұхиттар экологиялық жүйесі теңіз сулары жүйесінде көлемі жөнінен үлкен алқапты алып жатыр. Бұл жүйенің шекарасы жағадан есептегенде 12-20 км. қашықтықта басталады. Орта еңдікте орналасқан теңіздермен салыстырғанда Арктика мен Антарктика теңіздері балыққа да, китке де, басқа жануарларға да өте бай. Сондықтан да ол жақтарға барушылар да балық аулаушылар да жылдан жылға көбейіп келеді.

Теңіз суындағы коректік тізбек энергияны қайдан алатыннын соңғы кезге дейін талас пікірлер туғызып келген болатын. Кейбір ғалымдар коректік заттар энергияны макропланктоннан (рас түстес, диотемей, динофлагеллат т.б.) алатын болар деген болжам айтса, соңғы зерттеулер негізгі энергия көзі микропланктон (өте ұсақ, көзге ілінбейтін жасыл және түссіз флагеллат пен түрлі түсті бактериялардан) алатыны белгілі болды.

Мүхит терендігінде өмір сүретін балықтар мен жануарлардын түрлері көп, ерекше қасиеттері бар. Кейбіреулері сәуле шашып (шам жақса), екіншілері (балық періштелер) әлсін-әлсін жарқырайтын сәуленің көмегімен жемдерін ұсатуға әрекет жасайды. Үшіншілерінің (балық жыландар хаулиодтар) ауыздаары сонша үлкен, өздерінен зор жануарларды жұтады. Коректік заттар аз болғандықтан ондағы балықтар мен жануарлар сирек кездесетін қайырлы сәттерді пайдаланып қалуға әбден ұйренген.

Жағадағы сулар экологиялық жүйесі теңіз жағалауынан басталып ашық мұхиттар экологиялық жүйесі теңіз жағалауынан басталып ашық мұхиттар экологиялық жүйесіне дейінгі алқапты алып жатыр. Бұрын мемлекеттер жағадан 12-20 км, қашықтықты континеталды шельф (жаға сулары) деп атап сол елдің шекарасына кіретін болатын. Қазір кейбір мемлекеттер жағадан 200 км-ге дейнгі қашықтық аралығын экономикалық мұдделі аймақ деп атап, онда басқа елдің балық және теңіз жануарларын аулауына тыйым салды.

Жағадағы суларға коректтік заттар ағын сулармен, жағада өскен өсімдіктермен көп келетін болғандықтан ондағы тіршілік түрі де өте бай болады. Ашық мұхиттағы зоопланктон өмір бойы өспей, бір қалыпта қалатын организмдерден тұратын болса, жаға суларындағы зоопланктондар негізінен су түбіндегі өмір сүретін краб, теңіз құрты, моллюскі, тағы басқалардың личинкаларынан құралады.

Балықтың көбі осы жаға суларынан ауланады. Олардың түрлері де көп. Мұнда май шабақ, треска, мокрель, сайда, сарлина, комбала, палтус, арқан балық, тунец т.б. түрлері кездеседі.

Балық аулайтын үлкен кемелер, тоңазытқыштар көбейген сайын жағадан алысқа кетіп, ашық мұхитта 6 ай бір жыл жүріп аулайтын болды.



Дәріс № 8

Тақырыбы: Апвеллинг, континентальдық шельф аймағы және мұхит аймақтары. Лимандар (жайылған су)

Мақсаты: Теңіз су экожүйелерді қорғаудың экологиялық негіздері мен міндеттерімен танысу.

Жоспар


1.Экожүйенің жалпы мінездемесі

2.Экожүйелердің фаунасы


3.Антропогендік ластану. Экологиялық зардаптары


Апвеллинг аудандар экологиялық жүйесі. Апвеллинг деп теңіздің тік жағалауынан үстіңгі қабаттағы жылы суды желмен теңіздің ортасына қарай қуып, олардың орнына төменгі қабаттаң сулар көтеріліп жататын табиғи құбылыстарды айтады. Төменгі қабаттағы коректік заттардың мол қорлары жоғары көтеріліп үстіңгі қабатта өмір сүретін балықтар пайдаланды. Сондықтанда бұл аудандарда балықтар өте көп ұсталады. Жер жүзінде Апвеллинг аудандар көп емес, бар болғаны 5 және теңіздердің тек батыс жағалауларында ғана орналасқан. Перуан-Чили Апвеллинг ауданы (жылына 12 млн.тонна балық ауланады), Оңтүстік батыс Африка ауданы (5 млн.тонна), Ореган Калифорния ауданы (5 млн.т.), Солтүстік батыс Африка ауданы (4 млн.тонна) және Араб теңізі ауданы (4 млн.тонна). Бұл аудандардың бір-бірінен айырмашылығы балық аулау мерзімдерінің түрлі уақытта болатыны. Мысалы, Перуан ауданында 12 ай бойына аулауға болса, Араб теңізінде 6 ай ғана аулайды.

Апвеллинг аудандарда құстар көп жиналуына байланысты нитрат пен фосфатқа бай миллиондаған тонна жиналған қиды тыңайытқыш ретінде пайдалануға болады.

Апвеллинг аудандардың басқа теңіз суларынан мынадай айырмашылықтары бар:

- коректік затттар көп болуына байланысты мұнда балықтар тез өседі, әсіресе судың жоғарғы қабатында балықтар көп.

- балық пен құстардың көп болуы мұнда коректік тізбек қысқа екенін көрсетеді.

- теңіз түбіндегі тұнбалар органикалық заттар мен фосфат элементтеріне өте бай болады;

- топырақ бетіндегі құнарлы заттарды үнемі соғатын жел ұшырып әкетуіне байланысты апвеллинг ауданы маңайындағы құрлық өсімдектер өспейтін тақыр болды.

Дәріс № 9-10

Тақырыбы: Қазақстанның өсімдік әлемі және олардың экологиялық мәселелері. Құрлық және су жануарларын қорғау

Мақсаты: Теңіз су экожүйелерді қорғаудың экологиялық негіздері мен міндеттерімен танысу.

Жоспар


1.Адам өмірінде өсімдіктердің маңызы

2.Өсімдік бірлестігіне антропогенді факторлардың әсері


3.Жойылу қаупі бар өсімдіктерді және өсімдік бірлестігін қорғау. Өсімдік түрлерінің санының азаю себептері.


4.Жануар әлемін қорғау

5.Құрып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар түрін қорғау


Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенге бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұзағы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) таралған. Ал Торғай бұғасынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы, Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.

Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған.Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Зайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батысқа ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлеі қалыптасқан.Оған грек жаңғағы, емен, шамшат, терек т.б. жатады.

Теңіздің шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дәуірден) бастап, Иран арқылы Африка флорасы кірген. Олардың ішінде эфемерлі өсімдіктер, жоңышқа, қараған бұталары мен ағаштардың кейбір түрлері болған.

Палеоген дәуірдің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларда субтропитік жалпақ жапырақты орман өсіп тұрған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, орнына осы күнгі ірілі, ұсақты көлдер қалыптасқан.

Неоген дәуірде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып қалған. Сібір жатқан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер таралған.Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзақ кезенді басынан өткізіп қалыптасқан. Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктермен қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен.

Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейт аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Касий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірде ғана босаған. Үстірт пен Бетпақдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген.

Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңғағы, бадам ,түркістан үйеңкісі, алмұрт және т.б. түрлері кездеседі. Сырдария-Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жоңғар Алатауының тау беткейлерінде қылқан жаырақты ормандар таралған. Оларда шырша, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Биік таулы белдеу шымдышалғынды, бұталды шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань жүйесінің тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда эфермер тәріздес өсімдіктер (өлең, қоңырбас, көкнәр, қызғалдақ және т.б.) кең тараған Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандар тұрады.

Солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 км-ге созылып жатқан Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Шөлді аймақтарда (Сарыесік Атырау, Мойынқұм, Бетпакдала т.б.) сексеуіл, өзендер бойында жыңғыл, жиде,тораңғы тоғалары кездеседі.

Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар жасайды.Өткені шөп қоры жайылымы есебіне бағалы, ал орман өндіріс үшін керекті материал болып саналады. Қазақстан дүние жүзі бойынша орманы аз елдердің қатарына жатады. Бүкіл аумағының 11,4 млн гектар жерін (4,2%) ғана ормандар алып жатыр. Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозиядан сақтап, оның тамырын бекітуде, егіндік-шабындық жерлерді қорғау мен құм көшкіндерін бөгеуде аса маңызды рөл атқарады. Ауанышаң-тозаңнан тазартып, аңызақ желден,құрғақшылықтан сақтауда да орман мен жасыл өсімдіктер пайдалы.Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері қылқан жапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман-тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсімдіктер, сексеуіл, шөлдің бұталы өсімдіктер, дала өсімдіктер, субтропиктік өсімдіктер, шалғындар,тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді. Оларға геоботаникалық жағынан Еуразияның ылқан жапырақты орманы (Оңтүстік Алтай), Еуропа, Сібірдің орманды даласы (Солтүстік Қазақстан), Еуразия даласы (Еділ-Жайық, Мұғалжар-Торғай, Есіл-Нұра, Қарағанды,Ұлытау-Сарысу,Зайсан бойы), Азияның шөлді аудандары (Тұран ойпаты, Солтүстік Тянь-Шань, Қаратау) кіреді.

Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған.Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қаныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Кетпен жотсы) сақталып қалып мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады.

Мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқан. Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда әлі де сақталған. Олрға тундра кекілігі,жапаоақша т.б. жатады. Мұз дәуірінен кейін Қазақстанға Орталық Азия жануарлары мен құстары өткен. Оларға құр, тоқылдақ, самырсын құс, ақ қоян жатады. Кейін олар дала және шөл зоналарына ауысқан.

Қазақстанның жануарлар дүниесі қазір сүтқоректілердің 178, құстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл ( Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бйы, Торғай, Қызылқұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлы-тау, Қалба, Сарыарқа) жатады.

Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған.Ондай қасиеттер тышқандар мен сарышұнақтардың көптеген түрлеріне тән. Даланы тышқан, ала қоржын, қасқыр, түлкі, борсық көп мекенделейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі (қараторғай, бозторғай, шымшық торғай) кездеседі.

Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қоян, су тышқаны, ақ тышқан, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі мұнда да жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл кең тараған, кайынды ормандарды қырғи, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш кұстар мекендейді. Ашық алаңдарда тоқылдақ, қарғаның түрлері, бұлдырық бар. Орман ішінде жылан аз кездеседі, кесірткенің біраз түрлері ұшырасады.

Шөл даланың жануарлары ысыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. Олардың біразы күндіз терең қазылған інде жатып, түнде жемін аулауға шығады. Күндіз жүретін аңдар тым ерте және кешкі мезгіде ғана далада болады. Күндіз көлеңкеде, бұта түбінде жатады. Шөл хайуандары жүйрік келеді, алыс жерлерден су ішіп қайтады, құстары да қонбай, алысқа самғап ұша алады. Көбі шөлге шыдамды келеді. Олар (суыр, құм тышқандары, торғайдың кей түрлері) ылғалы мол өсімдіктермен коректенеді,соны қанағат тұтады. Көктемде, жаздың басында жерде ылғал бар кезде өмір сүріп, жазғы ыстықта ұйықтайтын да жануарлар бар. Сарышұнақ осылай тіршілік етеді. Олар мауысым айынан бастап жазғы ұйқыға кетеді. Дала тасбақасы ұйқыны одан да ертерек бастайды.

Қазақстан далаларында омыртқасыз жәндіктер де көп кездеседі. Олардың ішінде зияндылары да аз емес. Шегіртке егін мен шабындық шөптері жейді. Қарақұрт , бүйі,шаян,жылан,кененің түрлері адам өміріне қауіп туғызады. Көбелек құрттары ағаштар мен жеміс-жидекті сорады. Ағашты, сулы жерлер мен қалаларда маса ұрық таратады.

Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, олардың адам өміріне, халық шаруашылығына келтіртін зиянынақарсы күресу- мемлекеттік шара болып табылады. Жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу аз түрі «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі алынған. Олардың ішінде

сүтқоректілерден,құстардан,бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділер мен балықтың бірнеше түрлері бар. Елімізде бұрын көп болған құлан, қарақұйрық, ақбөкен сияқты аңдардың санын қалпына келтіру, сырттан әкелінген жануарларды жерсіндіру бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Өзен бойларында ондатр, Алтай тауларында қара күзен мен бұлғын, Каспий жағалауында ит тәріздес жанат өсіру қолға алынған.Өзендер мен көлдерге балықтың жаңа тұқымдары жіберілуде.

Қазақстан табиғатының байлығы мен жануарларын қорғау мақсатында Ұлттық парктер (Баянауыл,Іле Алатауы,Қарқалалы,Алтынемел,Ордабасы) мен қорықтар (Ақсу-Жабағылы,Наурзым,Алматы,Барсакелмес,Үстірт,Қорғалжын,Батыс Алтай, Алакөл) ұйымдастырылған.


Дәріс № 11

Тақырыбы: . Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

Мақсаты: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен танысу.

Жоспар


1.Қорық аймағы және басқа да қорғайтын аумақтар

2.Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи заказниктер, мемлекеттік табиғи ескерткіштері

3.Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды басқару және ұйымдастыру принциптері

4.Жаңа ерекше қорғалатын аумақтарды құру перспективасы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.

1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік – табиғи қорықтарының объектілері саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі.

3.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүліктік қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.

4.Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар және осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілермен айқындалған өздерінің құзіреті шегінде облыстардың өкілді және атқарушы органдары жүзеге асырады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік табиғи қорық - қорының объектілерін күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Жеке тұлғалар:

1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдалануға;

2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мәселелер бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге;

3.Табиғатты қорғау ұйымдарымен бірлесіп, мемлекеттік табиғи – қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларға қатысуға.



Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ. 1-бап.Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақ- ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері;

1) биологиялық ресурстар- экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдері немесе олардың бөліктері, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөліктері;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі- өздеріндегі барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерінің репрезентативтік өкілдігін қамтамасыз ететін санаттары мен түрлері саналуан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жиынтығы;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрі- күзету) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және оның жолын кесу, өрттің алдын алу, байқау және жою үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуі мүмкін іс-шаралар кешені;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау(бұдан әрі – қорғау) – судың қолайсыз әсерін жою, өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуі мүмкін іс-шаралар кешені;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару және бақылау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендері – ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектілерінің жиынтығы;

8) интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін олар мекендейтін орта шегінен тыс жерлерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру;

9) мемлекеттік табиғи – қорық қоры – табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, оқу- ағарту, білім беру, туризм және рекреация нысанасы ретінде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектілерінің жиынтығы;

10) мемлекеттік табиғи – қорық қорының объектілері – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи – мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафтық объектілер мен олардың кешендері, жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген түрлері(таралымдары) (соның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлері);

11) рекреациялық жүктеме – есептік кезеңде немесе уақыт бірлігінде демалыс түрінің жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бірлігіне шаққандағы демалушылардың бір мезгілдегі саны;

12) Табиғат жылнамасы – мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар және мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ғылыми бөлімшелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерінің жай-күйіне бірыңғай әдістеме бойынша жүзеге асыратын жүйелі байқаулар мәліметтерінің жиынтығы;

13) табиғи кешендерді орнықты пайдалану – табиғи кешендердің биологиялық ресурстарын ұзақ мерзімді перспективада биологиялық саналуандылықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану;

14) табиғат қорғау ұйымдары – мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер(табиғат қорғау мекемелері) және мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекетік дендрологиялық парктер;

15) экологиялық дәліз – тірі табиғат объектілерінің табиғи қоныс аударуын қамтамасыз ету және биологиялық саналуандылықты сақтау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерімен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектілері учаскелерін білдіретін экологиялық желінің бір бөлігі;

16) экологиялық желі - өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерімен экологиялық дәліздер арқылы байланысқан және өңірдің табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған әртүрлі санаттар мен түрлердегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешені.



Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер:

1).Биологиялық саналуандылықты, бірегей және типтік ландшафтарды сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін экологиялық желінің базалық құрамдас бөлігі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту;

2).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;

3).Мемлекеттік табиғи қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелерді сақтау;

4).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениетті, оқу-ағарту, білім беруді, туризмді дамыту мақсаттарында пайдалану;

5).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы;

6).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;

7).Жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы;

8).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қол жетімділігі;

9).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

Табиғи кешендер, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ осы жерлерде және басқару санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілері болып саналады.

Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыретіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға түсініктеме беріңіз.

2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі дегеніміз не?

3.Биологиялық ресурс дегеніміз не?

4.Мемлекеттік табиғи-қорық қоры дегеніміз не?

5.Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне нелер жатады?

6.Экологиялық дәліз дегеніміз не?

7.Экологиялық желі ұғымына анықтама беріңіз.

8.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптерді атаңыз.

9.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілеріне нелер жатады?

10.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілері кімдер болып табылады?

III. Практикалық сабақтар
1 Практикалық сабақ

Тақырып: Су және құрлық экожүйелерін қорғаудың негіздері. Қазақстандағы табиғатты қарғау ғылымының қалыптасу аспектілері.

Сабақ мақсаты:Табиғаттағы экожүйенің ғылым көзқарастарын қалыптасуын және дамуының оқу сатылары.

Жоспар:1:Әл-Фарабидің ғылым туралы еңбегі.

2:Табиғи экожүйелердің био алуан түрлігінің оқыта бастауы.

3: Қазақстандағы табиғатты қорғау ғылымының қалыптасуы.(М.Папова, Д. Кашкарова, т.б. еңбектері.)
Бақылау сұрақтары:


  1. Шоқан Уәлиханов экологияның қай бағытын жазды?

  2. Поллас өзінің зерттеулерін қай жерде қайдан жүргізді?

  3. «Тәуке ханның заңын» қай ғалым ғылымға еңгізді?

  4. Шоқан Уәлиханов А. Гумбальдтің қай еңбегіне сүйенеді?

  5. А. Гумбальт Қазақстанда қандай зерттеулерін жүргізді?

  6. Ш. Уәлихановтың ботаникалық және зоологиялық мәліметтер көрсетілген еңбегі қалай аталады?

  7. Л. Берг Қазақстанда қандай зерттеулеурін жүргізді?

Әдістемелік нұсқаулар: Әдебиеттерді зер салып оқып, табиғи экожүйелерді танып білу аймағындағы ғылымның жетілу деңгейін анықтау, осы сұрақпен қандай ғалымдар айналысқанын айтыңыз. Қазақстандағы ғылымның жетілу деңгейін кесте түрінде беру.

Әдебиеттер:

1: Экология и природопользование. Учебник Сулеев Д.К., Сагитов С.И., П.И., Жумагулов К.К.,-Алматы. Ғылым,2004.-392с.


2 Практикалық сабақ

Тақырып: Құрлық және су экожүйелерінің табиғатты қорғау негіздері.

Сабақтың мақсаты:Табиғатты қорғау, экожүйе ұғымдарын меңгеру. Құрлық және су экожүйелерінің жіктелуін оқу. Өсімдік және жануарлар әлемін қорғаудың негізгі шараларын қарастыру.

Жоспар:

  1. Сабақтың пәні және сұрағы.

  2. Табиғатты қорғаудың негізгі сұрағы.

  3. Экожүйе туралы ұғым.

  4. Ю.Одум бойынша экожүйенің жіктелуі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сабақтың негізін атаңыз?

  2. Биоценоз, биогеценоз, экожүйе ұғымдарына анықтама беріңіз?

  3. Ос, табиғи орта, ООС ұғымдарына анықтама беріңіз?

  4. Экожүйе жіктемесін беріңіз?

Әдістемелік нұсқаулар:

Материалды оқып, ұғымдардың ерекшеліктеріне назар аударыңыз. Олардың мағынасын есіңізге сақтаңыз, экожүйелер жіктелуін беріп оны есіңе сақтау қажет.



Әдебиеттер:

  1. Коробкин В.И. Передельский Л.В. Экология Учебник для вузов-м: Феникс,2001

  2. Каимов К. Любите и берегите животных.- Алма-Ата: Мектеп, 1984-135с.

  3. Прокопов К.П., Стариков С. В..



3 Практикалық сабақ
Тақырып:Құрлық экожүйелерін қорғау. Орман- экожүйе табиғатындағы өсімдіктер ресурстарының маңызы.

Сабақ мақсаты:Қазақстанның орман ресурстарын оқыту және орман массифтеріне

факторлар әсерін анализдеу.



Жоспар:


  1. Қазақстанның орман ресурстары.

  2. Қазақстанның қазіргі кездегі орман ресурстары жағдайы.

  3. Өсімдіктердің өсу ұзақтығына байланысты классификациясы.

  4. Қазақстанның орман ресурстарының жойылу себептері.

  5. Қазақстанның орман ресурстарын жаңартуға арналған іс-шаралар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Адам өміріндегі орман маңызы

  2. Орман ресурстарының жойылу себептері

  3. Қазақстанда өсетін орман өсімдіктерінің классификациясы

  4. Қазақстанның қанша жерін қылқан жапырақты ормандар алады?

  5. Қазақстанның қай аймағы орманға бай келеді?

  6. Көпжылдық ағаштардың өсу ұзақтығы қаншаға созылады?

  7. Ағаштардың қай түрлері аса көпжылдық өсімдіктерге жатады?

  8. Орман бірлестіктерінің қай түрі жойылу қауіпінде?

Әдістемелік нұсқаулар:

Орман ресурстарын мұқият оқып, ормандардың структуралық ұйымдастыруын, орман бірлестіктерінің түрлерін, Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша орман қорын есте сақта. Орманның жойылуының негізгі себептерін және жаңартуға арналған іс-шараларын анықта.



Әдебиеттер:

1: Панин С.М., Экология Казахстан Учебник –Семипалатинск 2005.


4 Практикалық сабақ

Тақырып:Тундра зонасының құрлықтық экожүйелерін, Бореал

зонасын және жапырағы түсетін ормандарды, Е.Қ.Т.Т. табиғи зоналарын қорғау.

Сабақ мақсаты:

Табиғи зоналардағы қорықтар және ұлттық сабақтардың

тарихын,ерекшеліктерін, географиялық орналасуын, сонда қорғалатын өсімдік және жануар әлемін оқыту.

Жоспар:


  1. Европаның және Ресейдің қорықтары

  2. Ұлттық Камарг резерваты

  3. Татрон ұлттық сабағы, Плетвикалық көлдер, Энгадин ұлттық сабағы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғи зоналардағы қорықтардың санын және ерекшеліктерін атаңыз?

  2. Қандай тірі организмдер онда өмір сүреді, қайсылары Қызыл кітапқа енген, қайсылары жойылу қауіпі үстінде?

  3. Қорықтардың көп түрлігін қорғау шаралары?

Әдістемелік нұсқаулар: Берілген әдебиетті оқып, жоғарыда ұсынған мемлекеттердің ОППТ туралы негізгі мағлұматтарды дәптерге жазу: қорықтар, жануар мен өсімдік әлемі, сирек кездесетін өсімдік және жануар түрлерін жазу. Оқыған қорықтардың орналасу орнын картаға түсіру.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Қызыл кітабы.

  2. КСРО қорықтары. Анықтама кітап(Н.Г. Васильев және т.б.)

  3. Борисов В.А.әлемнің қорғалатын табиғи территориялары.

  4. Шет ел қорықтары.М; Мысль 1976-351с

  5. www.zapovednik. Com.

  6. www.geosite. Com.



5Практикалық сабақ

Тақырып:Құрлық экожүйелерін қорғау. ООПТ Қазақстан.

Сабақ мақсаты: Қазақстан табиғатын ұлттық саябақ пен ескерткіштерінің

Заказниктерін, өсімдік және жануралар әлемінің қорықтарын,

Физико-географиялық жағдайын, тарихи дамуын оқу.

Жоспар:


  1. Қазақстан қорықтары

  2. Қазақстан заказниктері

  3. Қазақстан ұлттық саябақтары

  4. Қазақстан табиғи ескерткіштері.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан қорықтарын атаңыз. Оларға мінездеме беріңіз.

  2. Заказниктердің қандай түрлерін білесіз, оларға мінездеме беріңіз.

  3. Табиғи заказниктердің физико-географиялық жағдайы.

  4. Қазақстан табиғи саябақтарын атаңыз, оларға мінездеме беріңіз.

  5. Қазақстан орман резерватын атаңыз және ерекшеліктерін атаңыз.

Әдістемелік нұсқаулар:

Республика қорықтарын оқып, бірінші бағанада қорық туралы қысқаша мәліметтерді жазып, өсімдік және жануарлардың сирек кездесетін түрлерін кестеге жазу, Қазақстан картасында қорықтардың орналасу жерін белгілеңіз.



Әдебиеттер:

  1. Орта Азия және Қазақстан қорықтары.(серия Заповедники СССР).- Мысль, 1990-399б.

  2. Қазақстандағы қорықтық іс. Алма-Ата: Наука,1982-216б.

  3. Каимов К. Любите и берегите животных. Алма-Ата:мектеп,1984-135б

  4. Зоповедники СССР. Справочник Н.Г. Васильев, т.б. М; Лесная промышленность,1983.

  5. www.geosite.com.


6Практикалық сабақ

Тақырып:Су экожүйелерін қорғау. Қазақстанның тұщы су экожүйелерінің дағдарысы мен апаты. Қазақстан өзендері.

Сабақ мақсаты:Қазақстан тұщы су экожүйелерінің жағдайын

Оқу.

Жоспар:

1.Дағдарыс және апат ұғымдары

2.Қазақстан тұщы суларының жағдайы

3.Балқаш көлі және оның маңындағы елді мекендердің экологиялық мәселелері.

4.Жер асты сулары және олардың жағдайы

5.Тұщы су экожүйелерінің су қоймаларының азалогы және ластану мәселелерінің шешу жолдары.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан су фондіне мінездеме беру.

  2. ҚР гидросфера жағдайы туралы қысқаша мінездеме.

  3. Қазақстан өзендерінің экологиясы қандац, ол немен түсіндіріледі.

  4. Балқаш көлінің мәселесі, ол немен түсіндіріледі.

  5. Лентті және лотты экожүйелерінің экологиялық проблемаларының шешу жолдары.

Әдістемелік нұсқаулар:Әдебиетті мұқият оқып,(сандық және сапалық көрсеткіштер) Қазақстанның тұщы судың жағдайы туралы қорытынды жасап, апаттық жағдайдың негізгі себептерін нақтылап, Қазақстан тұщы сулардың апаттық жағдайынан шығудың негізгі жолдарын көрсету.

Әдебиеттер:

  1. Коробкин В.И. Передельский Л.в. Экология Учебник для вузов –М-Феникс 2001.(307-324)

  2. Панин М.с. Химическая экология (Учебник Семей 2002.(202-205,450-465)

  3. Панин М.с. Экология Казахстана Учебник Сесей 2005(89-109,133-153).


7 Практикалық сабақ

Тақырып: Су экожүйелерін қорғау. Арал дағдарысы және Каспий

өңірінің экологиялық мәселелері.

Сабақ мақсаты:ҚР. Теңіз экожүйесінің экологиялық жағдайын оқу

Және оларды шешу перспективалары.

Жоспар:

  1. Каспий теңізінің жалпы мінездемесі. Ластанудың негізгі көздері.

  2. Каспий өңірінің экологиялық мәселелері.

  3. Каспий өңірінің экологиялық қауіпсіздік шараларының принциптерін қарау.

  4. Арал кризисі

  5. Арал және оның маңындағы елді мекендердің экологиялық мәселелерді шешу жолдары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Каспийдің экологиялық мәселелерін сипаттаңыз

  2. Каспий теңізінің негізгі ластану көздері. Экологиялық қауіпсіздігінің негізгі принциптерін атаңыз.

  3. Арал кризисі. Оның экологиялық себебі неде

  4. Арал және Арал маңының мәселелерін шешудің негізгі жолдарын атаңыз


Әдістемелік нұсқаулар:

Әдебиетті оқып, негізгі ластану көздерін біліп, Каспий мен Арал фаунасыы мен флорасында зиянды заттардың жиналуына көңіл бөліңіз Олардың адам организіміне миграция(көшу) жолдары. Проблеманы шешу жолдары.



Әдебиеттер:

  1. КоробкинВ.И. Передельский Л.В Экология Учебник для вузов.-м; феникс,2001(307-324)

  2. Понин М.С. Химическая экология Учебник Семей 2002,(202-205,450-465).

  3. Понин С.М. Экология Казахстана Учебник Семей2005,(89-109,109-133).


ӘДЕБИЕТ



1 Негізгі

1.1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Алматы,: Юрист 2003

1.2. Сагимбаев Г.К. Экология и экономика. Алматы, 1977.

1.3. Коробкин В.И. Передельский Л.В. Экология./ Учебник для вузов.- М.: Феникс, 2001

1.4. Борисов В.А., Белоусова Л.С., Винокуров А.А. Охраняемые природные территории мира.-М.: Агропромиздат, 1975.-310с .

1.5. Заповедники СССР. Справочник. / Н.Г. Васильев и др./, М.: Лесная промышленность, 1983.

1.6. Заповедное дело в Казахстане.- Алма-Ата: Наука, 1982.-216 с.

1.7. Прокопов К.П., Стариков С.В., Браташ И.В, Позвоночные Восточного Казахстана.- Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2000.-224 с.

1.8. Заповедники Средней Азии и Казахстана (серия «Заповедники СССР»). – М.: Мысль, 1990.-399 с.

1.9. Заповедное дело в Казахстане.- Алма-Ата: Наука, 1982.-216 с.

1.10. Экология и природопользование. Учебник Сулеев Д.К., Сагитов С.И., Сагитов П.И., Жумагулов К.К.-Алматы.Ғылым, 2004.-392 с.

1.11. 2.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы, 2002

1.12.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экологиядан оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2000
2. Қосымша

2.1. Экология и природопользование. Учебник Сулеев Д.К., Сагитов С.И., Сагитов П.И., Жумагулов К.К.-Алматы.Ғылым, 2004.-392 с.

2.2. Энциклопедия КазССР. Том 2.

2.3. Каимов К. Любите и берегите животных.-А-Ата: Мектеп, 1984.-135 с.

2.4. Охрана окружающей среды. Учебник. /Автор составитель А.С. Степановских/.- М.: Юнити – Дана, 2000

2.5. Панин С.М. Экология Казахстана: /Учебник /.- Семипалатинск 2005.


2.6. Красная Книга Казахстана


2.7. Охрана окружающей среды: Сборник нормативных правовых актов.- Алматы: Юрист, 2004.- 220 с.

2.8. Заповедными тропами зарубежных стран. –М.: Мысль, 1976.-351 с.

2.9. Панин М.С. Химическая экология /Учебник/ г. Семипалатинск 2002

2.10. www.zapovednik.com



2.11. www.geosite.com


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет