Ақтауда коммуналдық қызметкерлердің жол жиегіндегі суды күреспен жинап жатқаны тұрғындардың наразылығын туғызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Желіде ақтаулық кіші қызметкерлердің суды күрекпен жинаған видеосы тарады. Желі қолданушылары не себепті билік арнайы техникамен қамтамасыз етпегенін сұрап, сынға алды.

  • Қазақстанда еден жуушы болып жұмысқа кіру 500 мың теңге – депутат Дәулет Мұқаев жемқорлық туралы

Бұл оқиғаға қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі түсініктеме берді.

Шенеуніктер белгілі бір аумақта жиналған судың мөлшері аз болғандықтан, арнайы құрылғыны, моторсорғы қолдану мүмкін емес екенін түсіндірді. Сол себепті жұмысшылар қала жолдарын қолдап тазартуға мәжбүр.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.