Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің жобасына



Дата26.11.2018
өлшемі57 Kb.
#55329

«2018 жылғы 4-5 шілдеде Әбу Даби Әмірлігінің Тақ Мұрагері,

Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның

Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің жобасына

түсіндірме жазба

Р/с



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігі.




2.

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

Осы жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 31 наурыздағы №18-1101-3 тапсырмасына сәйкес әзірленді.


3.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Біріккен Араб Әмірліктері делегациясы мүшелерінің Қазақстан Республикасында болу шығыстары «1+12» форматы бойынша немесе өзаралық қағидатына сәйкес 2018 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», 003 «Республикалық деңгейдегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен төленетін болады.


4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Алдағы сапар Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай серпін береді.


5.

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

2018 жылғы 4-5 шілдеде Әбу Даби Әмірлігінің Тақ Мұрагері, БАӘ Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Қазақстан Республикасына ресми сапарын ұйымдастыру және өткізу.


6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ


7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Қажет етпейді.

8.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Қажет етпейді.

9.

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Қайшы келмейді.

10.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Қажет етпейді.

11.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат.

12.

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)




13.

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Қажет етпейді.

14.

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат


Қажет етпейді.


Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов
2018 жылғы «___» ______________


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет