Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет инфрақұрылымның адам капиталына әсер ету тиімділігін талдау Хайржанова Ахмарал Хатифовна фил.ғ. к. Мукашева Маншук Тынышкалиевна фил.ғ. к., ассос профессор



Дата08.10.2017
өлшемі112.31 Kb.
#3126

Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет инфрақұрылымның адам капиталына әсер ету тиімділігін талдау
Хайржанова Ахмарал Хатифовна фил.ғ.к.

Мукашева Маншук Тынышкалиевна фил.ғ.к., ассос. профессор
Қоғамның әлеуметтік қызмет инфрақұрылымын басқару халықтың тиімді өмір сүру жағдайын, экономикалық, әлеуметтік және рухани саласының дамуын қамтамасыз етеді. Оның негізгі мақсаты – тұрғындарды әлеуметтік, тұрғын үй – тұрмыстық, коммуналдық, мәдени, білім алу және т.б. секілді қызмет түрлерімен толықтай қамтамасыз ету.

Әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы тікелей адам капиталы қызметінің экономикалық нәтижелеріне әсер етеді. Өндіріс нәтижелілігіне әсер ететін факторлар жүйесінде әлеуметтік инфрақұрылыммен анықталатын жағдайларды ескеру қажет. Әлеуметтік инфрақұрылым институттары жұмыс күшінің ұдайы өндірісін кеңейту үшін, білікті мамандарды тарту және бекіту алғы шарттарын қалыптастырады.

Адам капиталы кез – келген қоғамның ең басты және құнды ресурсы болып табылады, ал әлеуметтік – экономикалық қарқынның басты көрсеткіштері – бұл адамды дамыту және оның қажеттілігін қанағаттандыру.

Қазіргі жағдайда білім экономиканың басты ерекшелігі оның адами әлеуетінің деңгейі болып табылады. Нарықтың жаһандануы және экономикалық қатынастардың трансұлттық жағдайы елдер арасындағы бәсекені және ірі корпарациялар арасындағы бәсекені жандандырады. Дәл осы адам капиталы инновацияның жүзеге асырылуын, экономиканың жаһандық жағдайға бейімделуін, жоғары бәсекеқабілеттілікке қол жеткізуді мүмкін етеді [1].

Адам капиталының дамуының ақпараттық кезеңіне аяқ басуы адам ресурстарының бәсекегеқабілеттілігі ролінің ерекше екендігін көрсетеді. Қоғамның ұдайы өндірістегі ақпараттық сипаттағы құрылымдық жетістіктер, заттық емес өндіріс ролінің артуы адам капиталы әлеуетінің жүйелік эволюциясын анықтады. Интелектуальдық әлеуетінің жинақталуы тұрақты экономикалық дамудың және ұлт игілігінің негізі болып табылады. Қызметкер білімінің, талантының және кәсібилігінің маңыздылығы технологиялық тез арада жандануынан, бағалық емес бәсекенің күшеюінен көрінеді. Адаммен қалыптасатын жаңа идеядан туындаған өнім ұдайы өндірістік емес ресурстардың, тауар, қызмет көрсету және жұмыс орындарының мәселелерін шешеді. Отандық өндірістің экономикалық қарқыны адам әлеуетінің ғылыми қолданысына негізделеді.

Қазақстан Республикасындағы адам әлеуетінің басты факторы – адам капиталы болғандықтан, жаһандық экономика жағдайында адам капиталын қалыптастырып, дамыту үшін ғылым және білім маңыздылығын ескерту қажет. Ғылым және білім жергілікті халықтың инновациялық білімін арттырады. Ғылым білімдер материалдық емес және материалдық өндірістің даму факторы болып табылады. Білім саласы инновациялық экономиканы қолдау бойынша мемлекеттік қызметтің басты бағыты болу қажет.

Адамдардың және адам әлеуетінің өндіргіш мүмкіндіктерін бағалау мәселесі экономикалық теорияның шешілмеген міндеттерінің бірі болып табылады. Адам капиталының тұжырымдамасы оны өлшеу құралдарының жоқтығын көрсетеді.

Бұл міндеттердің шешілуі білімге және жаңа білімге негізделген ақпарат қоғамдардың, экономиканың қалыптасуы деп аталатын мәдениеттің даму кезеңінде адамзаттың кездескен жаһандық мәселелердің шешілуін күштейді.

Постиндустриалдық экономика өндіріс факторларына деген қарым – қатынасын өзгертті. Индустриалды экономикада нарық өндірісті қаржымен жабдықтауға бағытталса постиндустриалдық кезеңде интелектуалдық өнім өндірісінің қоғамдық құндылықтар жүйесіндегі негізгі бағыт өндіріс, сондай –ақ қызмет көрсету саласындағы жоғарғы технологиялармен жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан технологиялық жаңартулар болады.

Сонымен қатар қазіргі кезеңде еліміздің экономикалық дамуында адам ресурстарына деген тәуелділік байқалып отыр. Адам ресурсының сапа көрсеткіштері күннен күнге әлеуметтік – экономикалық дамудың негізгі параметрлеріне әсер етіп отыр.

Әрбір жеке адамның денсаулығы оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайды. Халықтың денсаулығы еліміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдени және индустриалды даму деңгейін көрсетеді.

Адам әлеуеті күрделі экономикалық категория ретінде сандық және сапалық сипаттамаға ие. Адам әлеуетін есептеудің ең қарапайым тәсілдерінің бірі білім алу бойынша адам- жыл көрсеткіші арқылы есептеу болып табылады. Адам қаншалықты көп оқыса, оның білім деңейі де жоғары болады, соған сәйкес адам әлеуетінің көлемі де көп болады. Сондай - ақ әр түрлі білім беру деңгейіндегі білім алу ұзақтығы да ескеріледі (мысалы орта білім және университеттегі жоғары білім). Ол адам әлеуетін оның өндірістік күші арқылы бағалады. Оның есебінше адамдардың бір топ массасының негізгі құндылығы оның жылдық 20 есептік көрсеткіш табысына тең екен.

Қазіргі кезде жинақталған адам әлеуетінің көлемін анықтау үшін агрегациялы көрсеткіш адам әлеуетінің даму индексі қолданады.

АӘДИ – адам әлеуетінің даму көрсеткіші. Ол дамудың 3 аспектісі бойынша сипатталады [2]:



  1. Адам денсаулығы және өмір сүру ұзақтығы

  2. Білім алуға қол жетілділік

  3. Сатып алу мүмкіндігі бойынша АҚШ $-да шаққандағы жан басына есептегенде ЖІӨ көлемінен өлшенетін өмір сүру деңгейі.

Осы 3 саладағы жетістіктің орташа көлемі 0 - ден 1-ге дейінгі шкала бойынша бағаланады. Көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалық оң нәтиже береді.

Қоғамның еңбек әлеуеті ауру санының және жарақат алуының орасан есебінен артады. Жергілікті тұрғындардың денсаулығының жақсаруы өнім өндіру және қызмет көрсету үшін, білім жинау үшін және т.б. Мүмкіндіктердің кеңейтілуі, физикалық дамуының маңызды факторы, жұмысқа деген қабілеттілікті арттыру ретінде қаралады.

Сонымен АЭДИ адам капиталының негізгі құзіреттілігін қамтиды және мемлекетпен жинақталған адам капиталының көлемімен сипатталады. 1990 жылдан бастап адамдардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін әрбір елдерде көрсеткіштер БҰҰ-ң әдістемесі арқылы бағаланады.

Бұл индекстің мағынасы білім, табыс деңгейі және өмір сүру ұзақтығының орталық арифметикалық көлемі. Бұл көрсеткіш шамасы 1-ге жуықтаған сайын сол аймақтағы адам әлеуетінің дамуы да жоғары болады.

2010 жылдан бастап баяндамада өлшемнің 3 жаңа құралы көп өлшемді теңсіздік, гендерлік диспропорциялар және шекті депривация арқылы қолданады. Қазіргі кезде д.ж. қауымдастық адам дамуының әр түрлі деңгейіндегі кезеңдердегі мемлекеттерден тұрады. Д.ж. эксперименттермен анықталған 187 елдің адам дамуы бойынша рейтингтігі 4 топты жіктеді
Кесте 1 - Дүниежүзі елдеріндегі АӘДИ, 2013ж




Топтар

Топтағы ел саны

АӘДИ

1

Адам әлеуеті өте жоғары деңгейде дамыған елдер

47

0,889

2

Адам әлеуеті жоғары деңгейде дамыған елдер

47

0,741

3

Адам әлеуеті орта деңгейде дамыған елдер

47

0,630

4

Адам әлеуеті төмен деңгейде дамыған елдер

46

0,456




Дүниежүзі бойынша

187

0,682

Адам әлеуеті жоғары дамыған елдерде жергілікті халық мүмкіндігін толық пайдаланады. Қол жеткізген экономикалық көрсеткіштері осы елдегі халықтың өмір сүру деңгейі мен ұзақтығын арттыратын ресурстарғадеген қол жетімділікті білімімен қамтамасыз етеді. АӘДИ төмен елдерге тар мамандандырылған. Экономика тән, өндіріш күштерінің дамуы бойынша артта қалған, меншік құралдары жеткіліксіз, несиелік ресурстарға қол жетпеуі инновациялық жаңалықтар енгізуде және экономиканы модернизациялауда әлсіз, бұл жағдайлар адам мүмкіндігін де шектейді.

Адам әлеуетінің құрылымын потетциалдау жүйесі арқылы көрсетуге болады. Әлеует үнемі оның қолданылу және қолданылмауына қарамастан есепте жүреді. Осы элементтер белсендірілген болса, өндірісте қолданыста жүріп табыс әкелетін болса, онда олар актив деп аталады.

И.В. Ильинский негізгі активтердің құнын былайша анықтады:

- зияткерлік капитал: білім беру, ғылыми, инновациялық әлеует

- біліктілікті, дағдылы және өндірістік тәжірибені біріктіретін өндірістік дайындық әлеуеті;

- денсаулық әлеуеті.

Осы құрамның ішіндегі ең бастысы – зияткерлік әлеует болып табылады. Тар мағынада алып қарағанда зейнеткерлік әлеует дегеніміз – адами әлеуеттің басты бөлігі: яғни зияткерлік әлеуетінің қозғалысы үдерісіндегі қосымша өнімді қалыптастыру мүмкінділік қамтитын білім мен дағды жиынтығы болып табыдады. Ал кең мағынасында адам әлеуеті дегеніміз тек қана адамдардың арнайы дағдылары емес, сондықтан, оның психологиялық және моральдық сипаттары болып ьтабылады.

Қорытындылағанда адам әлеуеті дегеніміз – 2 жақта сипатта жүретін, яғни адам әлеуетінің жиынтық құралы және оның қызмет көрсету нәтижесі болып табылатын инновация, білім және дағды жиынтығы болып табылады. Зияткерлік әлеует дегеніміз – адам әлеуетінің жиынтығының құралы. Қазіргі жағдайдағы зейнеткерлік әлеует дегеніміз – нақты білім беру кезеңіндегі қолданылатын білімінің ғылыми жасақтаулар теориясының алдын ала қалыптасқан қоры болып табылады. Білім беру формасы мекемедегі білім алуы немесе өзін - өзі оқыту болуы да мүмкін.

Зияткерлік әлеует адам әлеуетінің қызмет көрсету нәтижесі болып табылады. Нәтижесі ұлттық өндіріс құрылымының қалыптасқан жаңа білімі негізіндегі модификациялаудың білімі болып табылады.

Осылайша зияткерлік әлеуетті 2-ге бөлуге болады; білім беру әлеуеті және ғылым мен инновация әлеуеті. Білім беру әлеуеті бұл базалық білім мен қоғам және табиғат түр түсініктердің жиынтығы болып табылады. Бұл білімнің кеңінен етек алуы және оны келесі ұрпаққа беру қоғамның басты шарты және экономикалық қызметтен басқа әлеуметтік қызметтерді де орындайды. Жалпы дайындық адам қызметінің барлық саласында қайтарымын береді және экономикалық қызмет субъективі үшін мүдделі болып табылады.

Қажеттілік дегеніміз - әлеуметтік топтардың жеке адамдардың организмінің өмір сүруіне қолдау үшін қажетті элемент болып табылады. Қажеттілік 2 топқа бөлінеді: материалдық және материалдық емес.

Адам капиталының теориясында 2-ші топтағы қажеттілік алғы орынға шығады (өзін - өзі дамыту, рухани зияткерлік даму, әлеуметтік ортаға деген қажеттілік). Бұл қажеттіліктер өндіріс құрылымының өзгерісіне әсер етпейді.Жеке тұлға емес, экономика жеке тұлғаға жағдай жасайды.

Экономикалық қатынастардың мұндай типі жаңа типті индивидтің пайда болуына, адами әлеуетінің құрамының сапалы өзгерісіне жағдай жасайды. Сапалы жаңартылған және жетілдірілген адами әлеует «жоғары деңгейдегі зияткерлік әлеуеті» өніруге мүмкіндігі болады, ол мультипликациялық тиімділікпен адами әлеуетінің қалыптасуында және жинақталуында көрінеді. Адам әлеуетінің барлық элементтері өзара байланысты және адам әлеуетінің басқа компоненттеріне әсер етеді [3].



Ғылыми әлеует



рухани

Білім әлеуеті




Инновациялық әлеует



әлеуметтік

20бет

А
Мәдени әлеует

виталды
дам еңбегінің сәттілікке бағытталуы компонентінің барлық

Адам әлеуеті


Игілік әлеуеті



Денсаулық сақтау әлеуеті






Экономикалық қызметтердің ынталандырушылық әлеуеті


Сурет 9 - Адам әлеуетінің құрылымы


Адам әлеуеті 3 компоненттен тұрады: виталды (өмірлік), әлеуметтік және рухани игілік. Виталды дегеніміз- адамның туа біткен құрамы. Әлеуметтік әлеуетті адам білім алу, денсаулық сақтау және әлеуметтік төлемдер арқылы алады. Рухани әлеует ол адамдардың ішкі өзін - өзі жетілуі арқылы алынады.

Адами әлеуетінің қолданылуы ұдайы өндіріс үдерісінде білім алуға, идеяға, гепотезаға және жоспарына қол жету мүмкіндігін береді. Жұмысшының білімі адам әлеуеті ретінде айрықшаландырылған, жекешелендірілген және тексеруге берілмейді. Бұндай білімдердің берілуі жұмыс орнында оқыту арқылы жүзеге асады.

Адам әлеуеті - өндірістік және ұйымдық сипаттағы инновацияны қалыптастыратын және жүзеге асыратын өндіріс күші болып табылады.

Қазіргі кезеңде ақпараттық экономика адам әлеуетінің қозғалмалы, өзгермелі ресурсы болып табылады. Технологиялық әлеует жұмысшылардың өнімділік және компаниясының қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін тауар өндірісінің әдістерін, әдістемелерін, программалық қамтылуын, анықтама базасын, ұйымдық құрылымын, шаруашылық байланыстарды қамтиды. Мұнджа өнімнің жасақталу кезеңінен соңғы өндірісіне дейінгі кезеңде қолданылатын барлық зияткерлік активтерінің жиынтығын құрайды. Ғылыми және техникалық идеялар мен жасақтаулар, жалпы ғылыми және кәсіби білім, барлық адамдардың тәжірибесі мен біліктілігі, кәсіпорынның ұйымдық мәдениеті, басқарушылық технологиялар және т.б.

Адамның денсаулығы мен біліміне салынатын инвестиция ең маңызды болып табылады. Білім және өндірістік дайындық адам білімінің деңгейін арттырады, бүгінгі заманда кез - келген жобада білімнің 80%-ы өзіндік оқумен жүзеге асады.

Денсаулықты қорғау ауру мен өлімді қысқарта отырып, адамның өмір сүруін ұзартады және оны қолдаудың интенсивтігін арттырады. Денсаулыққа салынатын инвестиция – бұл ұзақ мерзімді әрекет факторлары.

Білім беру үдерісінің нәтижесі күрделі еңбекке мүмкіндік беретін жоғары білікті сапалы жұмыс күші болып табылады. Қызметкердің білім әлеуеті мен мүмкіндіктері тек оның еңбегінде ғана жүзеге асады.

Екінші жағынан әлеует құнын арттыру адаммен қандай да еңбек шығынын талап етпейді. Өзінің мазмұны бойынша ерекшелене отырып физикалық және адам капиталының қалыптасуы ұқсас болып келеді. Бұлардың әрқайсысы белгілі көлемдегі құралдарды қажет етеді, болашақтағы экономикалық даму деңгейіне екеуі де әсер етеді. Салымның 2 түрі де өздерінің мазмұны бойынша ұзақ мерзімді өндірістік тиімділікті береді [4].

Адамның өмір сүру кезеңінде бұл капитал тозады, ал жас ұлғайған сайын тозу жеделдей береді. Денсаулықты қорғауға салған инвестиция бұл үдерісті тежей түседі.

Батыс зерттеушілерінің айтуынша білім бойынша дайындалып келген маман тиімді. Мысалы, АҚШ- та білім мен денсаулық сақтау жүйелеріі арасында сандық байланыс бар. Жоғары білім алған адамдар үшін өлім деңгейі төмен болады, әр түрлі ауру түрлері де (мысалы, жоғары қысым, қанындағы холестериннің жоғары деңгейі) аз болады. Сонымен қатар жоғары білім және денсаулық жағдайы қандай да бір себептердің тәуелсіз нәтижесі бола алады. Мысалы, адамда субъективті уақыт нормасы аз болса, ол ертеңгі күнге үлкен дайындықпен дайындалады. Бұл тәжірибеде жинаққа, білім мен денсаулық сақтауға инвестицияны аямады, ал немесе тауар алуға онша ынталанбайды.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан -2030» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жыл, 12 желтоқсан //http:www.akorda.kz/kz/page_poslanie-presenta-republiki-kazakstan-lidera-natsii-nursultana-nazarbaueva-narodu-kazakhstana-(02.02.2013)

2. Мельдаханова М. Адам ресурстарын тиімді басқару: жаһандану жағдайындағы табиғаты және ерекшеліктері // Қазақстандағы еңбек. – Алматы, 2004. – № 7. – 4–13 б.

3. Сулейманова Л.Ш. Адам капиталы еуропалық экономикалық интеграция факторы ретінде // Хабаршы ТИСБИ , 2005, №1.

4. Мельдаханова М.К. Современная концепция человеческого капитала в экономической теории II Формирование и развитие конкурентоспособного человеческого капитала в Казахстане: Сборник материалов Международной научно-практической конференции / Под ред. О. Сабдена и Н.К. Нурлановой. - Алматы: Институт экономики КН МОН РК. 2010. - с. 49-53.

5. Базаров Т. Ю. Человеческий капитал - самый выгодный объект для инвестиций // Психологическая газета; Мы и Мир. 2006. №12. С.2.

6. Днишев Ф.М. Совершенствование процесса развития человеческих ресурсов в сфере науки // Формирование и развитие конкурентоспособного человеческого капитала в Казахстане: Сборник материалов Международной научно-практической конференции // Под. ред. О. Сабдена и H.К. Нурлановой. - Алматы: Институт экономики КН МОН РК. 2010.-с. 89-92.



7. Кошанов A.K. Человеческий капитал как фактор форсированной индустриализации экономики Казахстана // Формирование и развитие конкурентоспособного человеческого капитала в Казахстане: Сборник материалов Международной научно-практической конференции / Под ред. О. Сабдена и Н.К. Нурлановой. - Алматы: Институт экономики КН МОН РК, 2010. - с. 40-45.





Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет