Астана халықаралық әуежайында өрт шығып, рейстері кешігіп ұшқан жолаушыларға әуекомпаниялары өтемақы төлемейтінін мәлімдеген. Жолаушылар өтемақыны былай қойы, тіпті, су мен тамақ та ұсынылмағанын айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынды

Сағаттап рейсін күткен кей жолаушылар әуе компанияларының мұндай шарапатын көрмедік дейді. Тіскебасар тұрмақ, бір жұтым су да бермеген. Ал өрт салдарынан кешігіп ұшқаны үшін әуе компаниялар жолаушыларға өтемақы төлемейтінін мәлімдепті.

"Рейсіміз сағат 12:40-та еді, Шымкентке, үш сағаттай кешікті. Бізге ешкім ештеңе берген жоқ. Кофесін де, суын да көрген жоқпыз. Күтіп отырмыз. Ешкім жағдайымызды сұрамады, келмеді”, – дейді жолаушылардың бірі. 

Әуежайдағы жағдай түс ауа тұрақтала бастаған. Шымкент, Жезқазған мен Алматыға бағыт алған ұшақтар бірінші болып көкке көтерілді. Ал көліктерге арналған кіреберістегі ақылы шлагбаумдар сол күйі іскке қосылмай ашық тұрды.

Бір мезетте әуежай жұмысының астаң-кестеңін шығарған өрт сыртқы рейстстерді қабылдауды тоқтатпаған. Ал көк түтіннен көз аша алмай қалған 1 және 2-ші терминалдың жолаушылары арнайы көмек көрсету ғимаратына орналастырылды.

"Қатты түтін екі терминалға жеткеннен кейін біз жолаушыларды, шығарып салушыларды, келушілерді эвуакуациялауға мәжбүр болдық. Оған әуежайдың арнайы ғимараттары бар, соған эвакуацияладық. Дер кезінде ыстық және салқын сусындар мен тіскебасар тағаммен қамтамасыз еттік”, – дейді Астана халықаралық әуежайының ресми өкіллі Тойгүл Жұбанысова. 

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында өрттің неден шыққаны белгілі болды. Төтеншеліктер терминалдың электр қалқаны тұтанып кетті деп ресми мәлімдеді. Шамамен 10-15 шаршы метр өрт құрсауында қалып, 18 рейс кешігіп ұшты.

"Өрт болған кезде шамамен 500 адам сыртқа шығарылып, сосын түсіндірген кезде қайта ішке кірді. Өрт сөндіруге 18 техника және 76 қызметкер жұмылдырылды”, – дейді Астана қаласы, Есіл ауданы ТЖБ басшысының орынбасары Қайрат Жұмағалиев.

Еске салайық, Астана қаласында халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскенен жаздық. Министрлік сағат 08:24-те өрт сөндірілгенін мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метрде электр кабельдері жанған. 
 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.