Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі



жүктеу 2.94 Mb.
бет1/17
Дата22.04.2019
өлшемі2.94 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы ___ __________

№ _____


қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2014 жылғы


24 желтоқсандағы

№ 1378


қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі

2020 жылға дейінгі бағдарлама

Мазмұны




1.Бағдарлама паспорты 1

3.2. Көлік және логистика 12

3.3. Туризм 16

3.5. Кәсіби көрсетілетін қызметтер 21

3.6. Ақпарат және байланыс 23

3.8. Білім беру 30

3.9. Денсаулық сақтау 34

3.10. Әлемде көрсетілетін қызметтер саласын дамыту үрдістерін талдау 37

5.Көрсетілетін қызметтер саласын дамытудың негізгі бағыттары, Бағдарлама мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар 55




  1. Бағдарлама паспорты


Атауы

Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама

Әзірлеу
негіздемесі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 01-7.9 (ХТ) (3.1.3-тармақша) тапсырмасы;

«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 бұйрығымен бекітілген, Әлемнің

ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі тұжырымдама.



Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Мақсаттары

Көрсетілетін қызметтер саласын цифрландыру, сапасы мен қол жетімділігін, өнімділігі мен экспортын арттыру арқылы Елдің Үшінші жаңғыру мақсаттарына сәйкес бәсекегеқабілетті көрсетілетін қызметтер саласын қалыптастыру

Нысаналы индикаторлар

  1. Көрсетілетін қызметтер саласының ЖҚҚ өсуі, %

  2. Көрсетілетін қызметтер саласындағы еңбек өнімділігінің өсуі, %

  3. Көрсетілетін қызметтер саласындағы жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам.

  4. Көрсетілетін қызметтер экспортының өсуі, %

  5. Көрсетілетін қызметтер саласындағы инвестициялардың өсуі, %

Міндеттер

1. Көрсетілетін қызметтер саласының сауда секторын дамыту.

2. Көлік және логистика секторында қызметтерді дамыту.

3. Туристік қызметтер нарығын дамыту.

4. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар секторындағы қызметтерді дамыту.

5. Кәсіби қызметтерді дамыту.

6. Ақпарат және байланыс секторында қызметтерді дамыту.

7. Қаржы қызметтерін дамыту.

8. Білім беру секторында қызметтерді дамыту.

9. Денсаулық сақтау секторындағы қызметтерді дамыту.

10. Көрсетілетін қызметтер сапасын реттеудің институционалдық негіздерін жетілдіру.



Іске асыру
мерзімдері

2015-2019 жылдар

Қаржыландыру көздері мен көлемі

2015-2019 жылдарда Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа қаражаттар жұмсалатын болады. Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен шығатын жалпы шығындар _____ мың теңгені құрайды.



2. Кіріспе

Қазақстан Республикасында Көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама (бұдан әрі -Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2014 жылғы 6 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмасын орындау үшін әзірленген. Бағдарлама 2017 жылғы 22 сәуірдегі Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары А.Ұ. Маминның тапсырмасын орындау үшін өзекті етілген.

Көрсетілетін қызметтер саласы экономиканың неғұрлым перспективалық және жылдам дамитын салаларының бірін білдіреді. Көрсетілетін қызметтер саласы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дәстүрлі салаларындағы жұмыспен қамтудың төмендеуі кезінде өтемдік рөл көрсетеді. Адам капиталын экономиканың тиімділігі төменірек секторларынан көрсетілетін қызметтер саласына қайта бөлу, тұтас алғанда, экономиканың өнімділігі мен өнімді жұмыспен қамтуды арттыруға көмектеседі.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі уақытта экономикалық өсуге ықпал жасау үшін, дамушы елдер қызметтер саласын қарқынды дамытудың аса маңызды міндетін қояды, өйткені, қызметтер саласы халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту және кәсіпкерлікті дамыту үшін елеулі потенциалды иеленеді.

Соңғы 30 жыл ішінде жаһандық ЖІӨ-гі көрсетілетін қызметтер үлесі 61% ден 70% дейін өсті, ал қызметтер саудасы тауар саудасына қарағанда өте жоғары өсу қарқынымен өсуде.

Бүгінгі күні, жалпы ішкі өнімдегі көрсетілетін қызметтер үлесінің ұлғаюы (бұдан әрі - ЖІӨ) және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі оның салымының артуы Қазақстанның салалық құрылымын түрлендірудегі басым бағыттардың бірі болып табылады.

2016 жылдың қорытындылары бойынша, Қазақстандағы қызметтер саласы жалпы ішкі өнімнің 57,9% құрады, бұл дегенмен, дамыған елдердің көрсеткіштерінен төмен.

«Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясында: Мемлекет басшысымен 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30-елінің қатарына кіру мақсаты қойылды. Қойылған мақсатқа жету үшін көрсетілетін қызметтер саласының үлесі ЖІӨ-нің 70 % шамасында құрауы тиіс, бұл экономиканы әртараптандырудың жоғары деңгейін қамтып көрсетеді және дамыған елдердің ЖІӨ құрылымына сәйкес болады.

Осымен бірге, көрсетілетін қызметтер саласының дамуы инновациялық негізде, соның ішінде келешектегі жоғары технологиялық жобаларды орындау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыратын инновациялық шешімдер мен озық технологияларды енгізу арқылы қызметтердің жаңа түрлерін жасауға мүмкіндік береді.

Дамыған елдердің тәжірибелері көрсеткендей, озық технологияларды қолдану көрсетілетін қызметтер саласын сапалы жаңа деңгейге алып шығуға жағдай туғызады. Сонымен, мысал үшін, көлік пен логистикада - бұлар нақты уақыт тәртіптемесінде тасымал мониторингін жүзеге асыруға, бағыттардың орындалуын бақылауға жағдай жасайтын технологиялар; сауда мен қаржы секторында - ұтқыр байланыс, смартфондар, мобильді қосымша, жылдамдықты курьерлік жеткізу, төлем жүйелері, қашықтықтан қызмет көрсету тәрізді, көрсетілетн қызметтердің халық пен бизнес арасына дендеп енуін арттыратын технологиялар. Денсаулық сақтауда - бүгінде пациенттердің денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйелерінің жұмысы туралы мәліметтерді жинау және өңдеу үшін біртұтас инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін технологиялар.

Тұтас алғанда, цифрлық технологияны жеделдетіп енгізу жоғары қосылған құны бар қызметтерді дамытуға оң әсерін тигізеді. Бұл үшін, мыналарға ерекше көңіл аударылады, соның ішінде, электронды сауданы дамытуды сервистік қолдауға (электронды құжат айналымы және маркетинг, электронды сатып алу, электронды жүкқұжаттар және б.), интеллектуалды көлік жүйесін дамытуға, жылжымайтын мүлік нарығындағы операциялар мен жүктерді ауыстыру мониторингін жүзеге асыруға және басқаларына.

Осылайша, көрсетілетін қызметтердің дамыған саласы экономикалық қызметтердің жаңа түрлері мен келешектегі экономиканың жаңа секторларын құруға мүмкіндік туғызады.

Бағдарлама ЖІӨ-ге жоғары салымдық үлесі бар мына 9 секторды дамытуға бағытталған: көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдарды жөндеу (16,8%) көлік және қаттау (8,3%), туризм (тұру және тамақтандыру бойынша қызметтер) (1,1%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (8,7%), кәсіби қызметтер (кәсіби, ғылми және техникалық қызмет) (5%), ақпарат және байланыс (2,1%), қаржы және сақтандыру қызметі (3,6%), білім беру (2,8%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер (1,9%)1.

Бағдарлама сәйкес бағдарламалар аясында қабылданған шараларды толықтырады («Нұрлы Жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы, білім беру, денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, қаржы және туристік салаларды, 2020 Бизнестің жол картасын, үкіметтің жобалық басқаруын дамыту тұжырымдамалары және басқалары).

Жоғары технологиялық көрсетілетін қызметтер дәстүрлі салалар үшін «өсу нүктесі» болуы және елдің экспорттық әлеуетін бұдан ары ұлғайтуға мүмкіндік жасауы тиіс.

3. Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласының ағымдағы ахуалын талдау

2016 жылдың қорытындылары бойынша, елдің ЖІӨ-гі қызметтер саласының салымы 2014 жылмен салыстырғанда 3%-ға көбейіп, 57,9% құрады. Қызметтер саласының үлесін 2050 жылға қарай 70% жеткізу бойынша мақсаттар мен ЖІӨ қажетті өсу қарқынын ескеріп, қызметтер саласының орташа жылдық өсу қарқыны әлемдік орташа мәндермен салыстырмалы болуы тиіс.


1-сурет. 2014-2016 жылдарға дейін кезеңдегі ЖІӨ құрылымы

прямоугольник 22

Дереккөзі: ҚР ҰЭМ СК
ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, 2016 жылы елден жалпы сомасы 43,6 млрд.долл. болатын тауарлар мен қызметтер экспортталды. АҚШ, осымен бірге қызметтердің үлесі тек 14,4 % (6,3 млрд. АҚШ долл. құрады).

2016 жылы қызметтер экспорты мына түрде бөлінді: көлік және туристік қызметтер – 80,7 %, өзге іскерлік қызметтер – 7,6 %, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – 6 %, ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтерді қос алғанда, телекоммуникациялық қызметтер – 2 %, қаржылық және сақтандыру қызметтері – 1,2 %, өзге қызметтер – 2,5 %.


2-сурет. Қазақстанға қызметтерді экспорттау, 2016 ж.




Көлік және саяхаттау

Басқа іскерлік қызметтер (кәсіби қызметтер)

Құрылыс

Білім беру, денсаулық сақтау

Телекоммуникациялар

Қаржы және сақтандыру

Басқа қызметтер
прямоугольник 1 rectangle 24
81%

8%

4%

3%

2%

1%

1%
rectangle 12 rectangle 7 rectangle 6 rectangle 11 rectangle 9 прямоугольник 176 rectangle 3 rectangle 4

Дереккөзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі

2016 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанға тауарлар мен қызметтер импортының жиынтық көлемі 38,9 млрд. АҚШ долл. құрады. При этом 28,5 % (11,1 млрд. долл.) от общего объема импорта приходится на долю услуг.

2016 жылы қызметтер импорты мына түрде бөлінеді: кәсіби қызметтер, құрылысты қосқанда - 58,7%; көлік және туристік қызметтер - 28,1 %; қаржы және сақтандыру қызметтері - 3,9 %; телекоммуникациялық қызметтер, ақпарат және компьютерлік технологиялар саласындағы қызметтерді қосқанда - 2,5 %; мемлекеттік басқару, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметтер - 1,6 %.

    


3-сурет. Қазақстанға қызметтерді импорттау, 2016 ж.


39%

Басқа іскерлік қызметтер (кәсіби қызметтер)

Көлік және саяхаттау

28%

20%

Құрылыс
rectangle 44
Қаржы және сақтандыру

Телекоммуникациялар

Білім беру, денсаулық сақтау

Басқа қызметтер
rectangle 43 rectangle 42 rectangle 41 прямоугольник 42 rectangle 33 rectangle 32 rectangle 31 rectangle 30 rectangle 29 rectangle 28 rectangle 27

Дереккөзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі


4-сурет. Қазақстанның ЖІӨ құрылымы



Дереккөзі: ҚР ҰЭМ СК

*2018-22 жж. арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.

** 2025 СЖ мәліметтері
Қызметтер саласының әр секторының өсу әлеуетін анықтау үшін қызметтер аясы салаларының стратегиялық маңызды параметрлері тұрғысынан алып талдау жасалды:

  1. көрсетілетін қызметтер саласының жалпы қосылған құны;

  2. көрсетілетін қызметтер аясы салаларындағы еңбек өнімділігі;

  3. көрсетілетін қызметтер салаларына инвестиция жұмсау;

  4. көрсетілетін қызметтерді экспорттау;

  5. көрсетілетін жұмыспен қамту деңгейі;

  6. көрсетілетін қызметтердің сапасы;

  7. көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігі;

  8. көрсетілетін қызметтердің құны.

Тікелей экономикалық әсерді көрсететін параметрлер болып жалпы қосылған құн, еңбек өнімділігі және жұмыспен қамту, инвестициялар мен экспорт табылады.

5-сурет. Тікелей экономикалық әсер тұрғысынан секторлар бойынша болжамды және мақсатты орташа жылдық өсу қарқыны арасындағы алшақтық , 2017-2019жж (%)






ЖІӨ-ге салымдар

Еңбек өнімділігі

Инвестициялар

Сауда

0,4

0,4

0,4

Көлік және қаттау

1,6

1,3

1,7

Туризм

1,1

0,5

1,0

Ақпарат және байланыс

6,2

5,8

6,3

Қаржы және сақтандыру қызметі

-1,0

-0,9

-0,9

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

-1,6

-1,4

-1,6

Кәсіби қызметтер

0,0

0,0

0,0

Білім беру

2,7

2,4

2,8

Денсаулық сақтау

0,1

0,4

0,1

Дереккөзі: 2018-22 жж. арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық даму болжамы., 2025 СЖ мәліметтері

    


Талдау мынаны көрсетеді, 9 сектордың 3-і 2020 жылға қарай мақсаттарға қол жеткізу үшін еңбек өнімділігін едәуір арттыруды қажет етеді (ақпарат және байланыс, білім беру, көлік және қаттау), 9 сектордың 4-і инвестицияны едәуір арттыруды талап етеді (көлік және қаттау, ақпарат және байланыс, білім беру және туризм). прямоугольник 189    

Стратегиялық маңызды параметрлерге қызметтердің сапасы, қол жетімділігі және құны (бағасы) жатқызылады.


6-сурет. Қызметтер аясы салаларының сипаттамасы, 2016 жыл




Түбегейлі өзгертулер қажет



Жақсарту қажет

Сақтау және қолдау

прямоугольник 51прямоугольник 53прямоугольник 55

Дереккөзі: мемлекеттік органдардың есептері негізінде құрастырылған


Бұл параметрлер бойынша жүргізілген талдау мынаны көрсетеді, онда бұл секторлар бойынша жағдайды жақсарту белсенді шаралар қолдануды және түбегейлі не біртіндеп жақсарту жүргізуді қажет етеді.

9 сектордың 6-да сапа параметрі бойынша (ақпарат және байланыс, қаржы қызметтері, сауда, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, кәсіби қызметтер, білім беру) түбегейлі жақсарту талап етіледі.

Салыстырмалы талдау бойынша қызметтердің сапасы, қолжетімділік және баға критерийлері бойынша нысаналы топпен салыстырғанда (Аустралия, Канада, Израиль, Сингапур, АҚШ) Қазақстан денсаулық сақтауды қоспағанда, 8 талданатын қызметтер секторлары бойынша артта қалып келеді.

Бұдан басқа, денсаулық сақтау мен телекоммуникацияны қоспағанда, іс жүзінде барлық талданатын қызметтер секторлары бойынша Бразилия, Ресей, Қытай, Малайзия және Түркия (салыстыру тобы) тәрізді мемлекеттерден артта қалу байқалады.

Осылайша, секторлардың түгелге жуығы жоғарыда аталған парметрлер бойынша едәуір ұлғайтуды қажет етеді.

Қазақстанның көрсетілетін қызметтер саласы талданатын параметрлер бойынша елеулі даму әлеуетіне ие. Бұл ретте, негізгі өсу факторы цифрландыру элементтерін енгізу және жаһандық өнеркәсіптік жаңғырту міндеттеріне сәйкес адами капитал деңгейін ұлғайту болуы мүмкін.


3.1. Сауда

«Көтерме және бөлшек сауда» секторын ұш жылдық кезеңде талдау, сектордың ЖІӨ-гі үлесі 2014 жылы 16%-дан 2016 жылы 16,8% дейін 0,8 пайыздық тармаққа өскенін көрсетті.

2016 жылдың қорытындылары бойынша бұл саладағы жұмыспен қамтылғандар саны 1 305,9 мың адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 15,3% құрады.

2016 жылдың қорытындылары бойынша «Көтерме және бөлшек сауда» секторындағы еңбек өнімділігі бір адамға 6 048,7 мың теңгені құраса, 2014 жылы осы мезеттегі бұл көрсеткіш бір адамға 5 072,8 мың теңгені құрады.

Негізгі капиталға жұмсалатын инвестиция көлемі бойынша оң динамика байқалады. 2016 жылы өткен жылға қатысты инвестицияның артуы 8,5% құрады. Осымен бірге қызметтер саласына жұмсалған инвестицияның жалпы көлеміндегі сауда үлесі 5% құрады.

2016 жылы экспорт 36 775,6 млн. АҚШ долл. құрады, осымен бірге өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға төмендеу беталысы байқалады.

Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде (бұдан әрі - ДЭФ) Қазақстан әлемдік сауда жүйесіне тартылуы жөнінде 2016 жылдың қорытындылары бойынша көрсеткішті 6 позицияға жақсартып, 88-і орынды алды. Оң беталысқа кедендік әкімшілктендірудің тиімділігі мен анықтығы, көлік инфрақұрылымының болуы және сапасы, жұмысшылар ортасы тәрізді қосалқы индекстерді жақсарту есебінен қол жеткізілді. Осымен қатар сыртқы сауда айналымына тікелей әсер ететін қосалқы индекстер едәуір нашарлады.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, Қазақстандағы электронды коммерция нарығы әлсіз дамыған, оның көлемі 226,4 млрд. теңгені құрайды, бұған бөлшек сауда – 78,5 млрд. теңге, көтерме сауда – 67,7 млрд. теңге, қызметтерді өткізу – 80,2 млрд. теңге енгізілген.

2013 жылдан бастап Интернет арқылы бөлшек сауда көлемі (28 млрд. теңге) жыл сайын орта есеппен 41,7%-ға ұлғайды және 2016 жылдың қорытындылары бойынша 78,5 млрд. теңгені немесе жалпы бөлшек сауда айналымының 1 % құрады. Осымен бірге, көтерме электрондық сауданың 2013 жылғы 53 млрд. теңгеден 2016 жылы 67,7 млрд. теңгеге дейін өсуі байқалады.

Сарапшылар болжамына сәйкес бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электронды сауданың үлесі 2025 жылға қарай жалпыәлемдік тенеднцияларға едәуір жуықтайды.

1-кесте. Электронды сауданы дамыту


Көрсеткіштер/ел

Қазақстан

Ресей

Қытай

Аустралия

АҚШ

Электронды сауда нарығының көлемі, млрд. долл. АҚШ

0,4*

8,99

490

22,2

347

Жалпы бөлшек сауда көлеміндегі электрондық сауданың үлесі, %

1

4

8,4

9,8

6,4

Интернетті пайдаланушылардың жалпы санындағы Интернеттегі сатып алушылар үлесі, %

16,2

50

36

55

67

*- көтерме және бөлшек электронды сауда сомасы

Дереккөзі: ҰЭМ СК, eMarketer
Бұдан басқа, электрондық коммерцияны енгізудің өңірлік үйлесімсіздігі байқалады. Сонымен, электрондық коммерцияның үш бағыты бойынша ең дамыған өңір (көтерме және бөлшек сауда, қызметтерді өткізу) Алматы қаласы болып табылады. Астана қ. және Қарағанды облыстарында Интернет арқылы қызметтерді өткізу елеулі дамығын. Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында электрондық коммерция іс жүзінде жүзеге асырылмайды.
7
Бөлшек сауда.

ҚР эл. бөлшек сауда көлеміндегі %


-сурет. Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту

прямоугольник 43093
ҚР эл. қызметтер көлеміндегі %, қызметтерді өткізу

ҚР эл. көтерме сауда көлеміндегі %, көтерме сауда


Ақмола обл.


oval 65
0,01
oval 64 textbox 157
34,7%

0,25

0,99

прямая соединительная линия 43095oval 89
Ақтөбе обл.
oval 88 oval 87 oval 86 oval 85 oval 84 oval 83 oval 82 oval 81 oval 80 oval 79 oval 78 oval 77 oval 76 oval 75 oval 74 oval 73 прямая соединительная линия 43181 прямая соединительная линия 43182
Интернет арқылы бөлшек сауда көлемі

0,68

1,63

0,16

прямая соединительная линия 43096
Алматы обл.
oval 109 oval 108 oval 107 oval 106 oval 105 oval 104 oval 103 oval 102 oval 101 oval 100 oval 99 oval 98 oval 97 oval 96 oval 95
0,14

0,17

0,31

прямая соединительная линия 43094
Атырау обл.
oval 116 oval 115
2,14

0

0,23

БҚО
прямая соединительная линия 43109


7,71

0

0,04

Жамбыл обл.


прямая соединительная линия 43110 oval 131 oval 130 oval 129 oval 128
0,76

0,43

0

прямая соединительная линия 43111
Қарағанды обл.

29,9%

7,08

3,78

23,45

Қостанай обл.


прямая соединительная линия 43122 прямая соединительная линия 43185
Интернет арқылы көтерме сауда көлемі

0,63

0,62

0,33

Қызылорда обл.


прямая соединительная линия 43123
0

0

0,50

Маңғыстау обл.


прямая соединительная линия 43124 oval 158 oval 157 oval 156 oval 155
0

0

0

ОҚО
прямая соединительная линия 43125


0,73

1,87

2,25

Павлодар обл.


прямая соединительная линия 43126
0,30

1,07

0,13

 
СҚО


прямая соединительная линия 43127
35,4%

0,07

0,47

0,32
    


ШҚО


прямая соединительная линия 43128 прямая соединительная линия 43186
Интернет арқылы қызметтерді өткізу көлемі

0,81

Астана қ.


прямая соединительная линия 43129 oval 189 oval 188 oval 187
4,74

0,52

0,16

0,01

16,37

прямая соединительная линия 43130

Алматы қ.



74,19

89,04

54,91


Дереккөзі: ҰЭМ СК
Қазақстанда электронды коммерцияның дамуы мына факторлармен тежеледі, олар халықтың цифрлық сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі, кәсіпкерлер үшін көпшілікке түсінікті үйрету бағдарламаларының болмауы, сайттарды құру мен бизнес жүргізудің жоғары шығындары, көлік-логистикалық қызметтерге жұмсалатын жоғары қаржылай және уақытша шығындар.

Жалпы, соңғы жылдары Қазақстанда нарықтардың сауда алаңдарының жыл сайынғы артуы олардың санының параллель азаю беталысымен бірге байқалады. Бөлшек сауда желісі, гипермаркеттер тәрізді, жаңа сауда форматтары айрықша орын алады.

Қазақстандағы халықты бөлшек сауда қызметімен қамту сондай-ақ өңірлерге байланысты ерекшеленеді. Орта есеппен елдегі 1000 тұрғынға 616 ш.м. сауда алаңдары келеді. Бұл көрсеткіш өңірлер шамасында мың тұрғынға 249 ш.м. бастап (Алматы облысы) 1069 ш.м. дейін түрленеді (Қарағанды облысы).

Едәуір айналымға қарамастан, сауда нүктелерінің қызметінен бюджетке төленетін салық түсімдері мардымсыз. Бір сауда нарығынан алынған түсімнің көлемі сондай-ақ, салық салынбайтын соманың шегінде болуы мүмкін. Осымен бірге, басқа форматтардың сауда кәсіпорындары (мысалы, сауда желілері) тиісті түрде тіркелген және бір дүкенге шаққанда алынатын түсімнің едәуір көлемімен ерекшеленеді. Алайда Қазақстандағы бөлшек сауданың қазіргі форматтарының үлесі төмен - жалпы көлемнің 32 % сақталуда, бұл кезде, мысалы, Түркияда ұқсас көрсеткіш 40 %, Беларуста - 51 %, Ресейде -- 66 % құрайды.


8-сурет. Қазақстандағы бөлшек сауда көрсеткіштері: жеке кәсіпкерлер мен нарық субъектілерінің айналымы және салық түсімдері, млрд. теңге



прямоугольник 268
Айналымы
прямоугольник 270
Төленген салықтар
овал 272
Орташа салық мөлшерлемесі

овал 258
0,46%
овал 260
0,48%
овал 262
0,39%
овал 264
0,44%
прямоугольник 267



9,7

12,5

11,0

13,7


Дереккөзі: ҚМ МКК, ҰЭМ СК деректері бойынша «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ талдауы
Бөлшек сауда нарығын кәсібилендіру салық түсімдерін арттыруға жағдай жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет