Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт Мемлекетінің әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен Кувейт халқын төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен еліңіз болашақта өсіп-өркендеп, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Біз Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Берік достық пен өзара сенімге негізделген әріптестігіміз бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қарқынды дами түсетініне кәміл сенемін”, – деп жазылған жеделхатта.

Президент Кувейт әмірінің аса жауапты қызметі мен барлық бастамаларына мол табыс, ал бауырлас Кувейт халқына құт-береке тіледі. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.