«Қазақстан Республикасындағы банктер жңне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы №2444 Заңы



жүктеу 3.68 Mb.
бет9/20
Дата19.09.2017
өлшемі3.68 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

34-бап. Банктік қарыз операциясы

1. Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалған банк қарызы, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын жүзеге асыру, вексельдердi есепке алу, кепiлдiктер, кепiлдемелер, аккредитивтер шығару шарттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында айқындалған шарттарда мемлекет қатысатын кредиттік бюроға міндетті түрде беруге жатады.

2015.17.07. № 333-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

Банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесімен, атап айтқанда қарыз алушы - жеке тұлғаға арналған жадынама нысаны белгіленеді.

Қарыз алушы - жеке тұлғаға арналған жадынамада қарыздың жалпы сомасы мен валютасы, қарыз мерзімі, қарыз бойынша төлемдер саны, сыйақы мөлшерлемесінің түрі (тіркелген немесе құбылмалы), жылдық пайыздардағы және анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, қарыз бойынша өтеуге қатысты жалпы сома, сыйақының қорытынды сомасы, негізгі борыш уақтылы өтелмегені үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) мен сыйақы мөлшері, сақтандыру шарттарын ұзарту мерзімі, банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес айыппұлдардың, өсімпұлдардың өзге де түрлері қамтылады.

Қарыз алушы - жеке тұлғаға арналған жадынамаға банктік қарыз шартының әрбір тарапы қол қояды, банк мөрімен бекемделеді және банктік қарыз шартына қоса беріледі.

2015.17.07. № 333-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды



2-1. Осы баптың 2-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінің талаптары бір айдан аспайтын мерзімге берілген қарызға, кредиттік желі шеңберінде төлем карточкасы бойынша берілген қарызға, овердрафт кредитіне қолданылмайды.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)



3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шартының талаптарын, қарыз алушы үшін оларды жақсарту талаптарын қоспағанда, біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.

Осы тармақтың мақсаттарында қарыз алушы үшін банктік қарыз шартының талаптарын жақсарту деп:

банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты көрсетілетін қызметтер үшін комиссияларды және өзге де төлемдерді азайту жағына қарай өзгерту немесе толық күшін жою;

тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгерту немесе толық күшін жою;

банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту;

банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және (немесе) ұзарту түсініледі.

Банктік қарыз шартында қарыз алушы үшін жақсарту талаптарының қосымша тізбесі көзделуі мүмкін.

Банк жақсарту талаптарын қолданған жағдайда, қарыз алушы банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен банктік қарыз шарты талаптарының өзгергені туралы хабардар етіледі.

Қарыз алушы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен банк ұсынған жақсарту талаптарынан бас тартуға құқылы.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)



3-1. Жеке тұлға өтініш жасаған күннің алдындағы қатарынан алты ай ішінде шетел валютасында кірістері жоқ жеке тұлғаларға осы валютада ипотекалық қарыз беруге тыйым салынады.

4. Кез келген валютаның баламасына таңылып, теңгемен берілген банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені және төлемдерді индекстеуге жол берілмейді. Бұл шектеулер банктердің арасында жасалатын шарттарға қолданылмайды.

5. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғаларға банктік қарыздар беруге тыйым салынады.

6-тармақтың қолданысы 2011 ж. 10.02. № № 406-IV ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылады



6. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның мынадай:

1) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жаңа қарыздар беруді жүзеге асырмау құқығы туындайтын, банктік қарыз шартында көзделген;

2) қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алдындағы өз міндеттемелерін бұзған;

3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін мониторинг нәтижелері бойынша анықталған қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлаған;

4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз шартын тиісінше орындауына әсер ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары өзгерген жағдайларды қоспағанда, жасалған банктік қарыз шартының (шарттарының) шеңберінде жаңа қарыздар беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға құқығы жоқ.

7. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қарыз алған қарыз алушы - жеке тұлға, қарыз берілген күннен бастап банк есептеген сыйақыларды төлей отырып, банктік қарыз шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қарызды қайтаруға құқылы.



Осы тармақта көзделген жағдайда, қарызды қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері алынбайды.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады)



7-1. Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жүргізген төлем сомасы, егер ол қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:

1) негізгі борыш бойынша берешек;

2) сыйақы бойынша берешек;

3) осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);



4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;

5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;

6) кредитордың орындауды алу бойынша шығасылары.

Мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жүргізген төлем сомасы, егер ол қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:

1) негізгі борыш бойынша берешек;

2) сыйақы бойынша берешек;

3) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;

4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;

5) осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);

6) кредитордың орындауды алу бойынша шығасылары.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



8. Банктiк қарыз операциялары банктiң, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымының басқару органы бекiтетiн Ішкi кредит саясаты туралы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

9. Банктiң кредит комитетi ішкi кредиттік саясатты жүзеге асыратын орган болып табылады.

10. Iшкi кредиттік саясат туралы қағидалар банктiк қарыз операцияларын жүзеге асыру кезiнде тәуекелдi төмендету мақсатында жасалады және мыналарды:

1) жеке және заңды тұлғаларға кредиттер беру шарттарын;

2) лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiне кредит беру шарттарын;

3) кредиттік комитеттiң ұйымдық құрылымын, функциясын және өкiлеттiгiн;

4) кредиттік комитет мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн;

5) кредит берудiң лимиттерін;

6) кредиттік шарттарды бекіту рәсiмiн;

7) кредит беру туралы өтініштерді қараудың, кредит беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдаудың, кредит беру шарттарын өзгертудің шекті мерзімдерін айқындайды.

11-тармақтың қолданысы 2011 ж. 10.02. № № 406-IV ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылады



11. Егер қарыз беру туралы шарттарда сақтандыру және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын айқындау мақсатында бағалау жүргізу шарттарын жасасу туралы талаптар көзделген болса, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушыға, кепіл берушіге сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдауда шек қоюға құқығы жоқ.

Қарыз алушыға банктік қарыз шартымен өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндеті жүктелмейді.

2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



12. Осы баптың 4, 5, 8 - 11-тармақтарында белгіленген нормалар банктердің кепілдіктер мен кепілдемелер беру жөніндегі операцияларына, сондай-ақ ислам банктерінің осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3), 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларына қолданылады.

13. Ислам банкінің банктiк қарыз және өзге де операцияларды жүргiзу ерекшелiктерi мен шектеулерi осы Заңның 4-1-тарауында белгiленедi.

Кредиттеу жөніндегі құжаттамасынжүргізу ережесін қараңыз

 

ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 35-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 35-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)



35-бап. Кредиттердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету

1. Кредиттердің қайтарымдылығы тұрақсыздық айыбымен, кепiлмен, кепiлдiкпен, кепiлдемемен және Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген басқа да әдiстермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.

2-тармақтың қолданысы бұрын жасалған банктік қарыз шарттарынан туындайтын қатынастарға қолданылады. 2011 ж. 10.02. № 406-IV ҚР Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін төленген жеке тұлғалармен жасалған банктік қарыз шарттары бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) не заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес төленуге жататын тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қайта есептеуге жатпайды

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін төленген, жеке тұлғалармен жасалған банктік қарыз шарттары бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) не заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес төленуге жататын тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қайта есептеуге жатпайды) (бұр.ред.қара)



2. Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні ішінде мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5 пайызынан аспауға тиіс, мерзімін өткізіп алудың тоқсан күні өткеннен кейін мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,03 пайызынан аспауға, бірақ банктік қарыз шарты қолданылатын әрбір жылға берілген қарыз сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс.

3. Клиент кредитті өтеу қабiлеті жоғары және сенiмдi болған жағдайда, банк қамтылымсыз кредит (бланктік кредит) беру туралы шешiм қабылдауға құқылы. Қамтылымсыз кредит (бланкілік кредит) беру критерийлері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

4. Егер кредиттің қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін бірнеше кепіл нысанасы берілсе, онда қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда және қарыз алушы, кепіл беруші кепілдік қамтамасыз етуді азайту туралы талаппен өтініш жасаған кезде бағалаушы айқындаған кепіл нысаналарының нарықтық құны банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) кепілдік саясатының талаптарын ескергенде, қарыз алушы міндеттемелерінің орындалмаған бөлігінің сомасынан асып кеткен жағдайда, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушы, кепіл беруші өтініш жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарыз алушы міндеттемелерінің мөлшерінен асып кеткен бөлігінде бір немесе бірнеше кепіл нысанасының кепілі туралы шартты (шарттарды) бұзу (өзгерту) жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

5. Кепiл туралы шартта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, банк кепiлдегі мүлiктi сот тәртiбінен тыс сауда-саттық (аукцион) өткізу арқылы мәжбүрлі түрде сот тәртібінен тыс дербес өткізуге құқылы.

6. Осы баптың 1 - 5-тармақтарында белгiленген нормалар банктердiң кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру жөніндегі операцияларын қамтамасыз етуге қолданылады.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1 Заңдарымен 36-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 36-бап өзгертiлдi (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



36-бап. Төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар

1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімінің өтуі басталған кезде, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен және мерзімдерде, бірақ міндеттемені орындау мерзімінің өтуі басталған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді енгізу қажеттігі туралы және қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамау салдарлары туралы хабардар етуге міндетті.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):

2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде қарыз алушы алатын ақшаны, сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген және «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы.



1) тармақшаның екінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Төлем талабын ұсыну арқылы банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу оның банк шотындағы ақша сомасының және (немесе) кейіннен қарыз алушының банк шотына түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде шектеледі және төлем талабын толық орындау үшін қажетті барлық соманың банк шотына түсімдері күтілместен жүзеге асырылады. Көрсетілген шектеу қарыз алушы жеке тұлғаның жинақ шотындағы ақшаға қолданылмайды;

2) қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені қарауға құқылы. Шаралар қолдану туралы шешім қабылдау Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген кез келген шараларды қолдануға, оның ішінде банктік қарыз шартының орындалу талаптарын өзгертуге, банктік қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап қоюмен жүгінуге, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікке сот тәртібінен тыс (Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда) не сот тәртібімен өндіріп алуға құқылы.

Банктік қарыз шартының орындалу талаптарын өзгерту банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен жасалады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы - дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа талап қоюмен жүгінуге құқылы.

3. Жеке тұлға болып табылатын қарыз алушының берешегінің ұлғаюын болғызбау мақсатында банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша кез келген төлемдерді өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін есептелген сыйақыны, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуді талап етуге құқылы емес.

4. Жеке тұлғаға берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы шартын орындау талаптары өзгерген немесе жеке тұлғаның ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу мақсатында жаңа қарыз беру кезінде, мерзімі өткен сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) негізгі борыш сомасына капиталдандыруға (жинақтауға) жол берілмейді.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 37-бап жаңа редакцияда; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі

Банктердiң, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердiң еншілес ұйымдарының, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдардың, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның кредит шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін қарыз алушыларға қоятын талаптарына талап қоюдың ескіру мерзімі қолданылмайды.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен 38-бап өзгертiлдi



38-бап. Төлемдер және ақшалай қаражаттар аударуды жүзеге асыру

1. Банктер Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын заңдарда белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

1-1. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда қызметтер көрсеткені үшін төлемақыны қабылдауға және жүргізуге байланысты халыққа көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін өздерінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзімен тікелей немесе банкаралық ақша аудару жүйесі операторының ақпараттық жүйесі арқылы интеграциялауды жүзеге асырады.

2. Ақша және төлемдер аудару тиiстi дәрежеде жүзеге асырылған ретте банк Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен (депозитормен) жасасқан шартқа сәйкес жауапты болады.

3. Ақшаның халықаралық төлемдерін және аударылымдарын банкiлер халықаралық банк тәжiрибесiнде қолданылатын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн түрлерiнде әдiстер мен тәртiп бойынша жүзеге асырады.

4. Банк төлем құжатының қолдан жасалғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ олардың қате есептелу фактiсi анықталған жағдайда клиенттердiң (депозиторлардың) есепшотынан есептелген ақшаны олардың келісімiнсiз есептен алып қоюға құқылы.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 39-бап жаңа редакцияда; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 39-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



Каталог: files -> uploads -> file -> law
file -> Администрация Жерновецкого сельского поселения Троснянского района Орловской области сообщает : в соответствии со ст
file -> Документ: ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2016. 26. 12 №311 Қаулысы
file -> Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне өтуге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы жөніндегі өтініш нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
file -> Тұрақтандыру банкін басқару, оларды жасасуға қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу, консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу
file -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі 2014 жылғы 11 ақпандағы
law -> «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 006 жылғы шілдедегі №169-iii қазақстан Республикасының Заңы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет