Қазақстан республикасындағы еңбек кодексі



жүктеу 0.57 Mb.
бет4/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.57 Mb.
түріКодекс
1   2   3   4

3. Қызметкерлердің жұмыс iстеу нормаларын орындауы үшiн жұмыс берушi қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттi.

4. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн жұмыс iстеу нормалары жеке еңбек шартына сәйкес он сегiз жасқа толмаған адамдарға арналған жұмыс уақытының ұзақтығына бара-бар қысқартылған ересек қызметкерлерге арналған жұмыс iстеу нормаларын негiзге ала отырып белгiленедi. (V990760 қараңыз)

Ескерту. 75-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
76-бап. Жалақы төлеу мерзiмдерi
1. Жалақы ақша нысанында және келесi айдың бiрiншi он күндігінен кешіктiрiлмей төленеді. Жалақы төлеу күнi жеке еңбек, ұжымдық шарттарда көзделедi.

2. Жалақы төлейтiн күн демалыс немесе мереке күндерiне тура келген жағдайда, оны төлеу олардың қарсаңында жүргiзiледi.

3. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жалақы, ал қызметкермен жеке еңбек шарты бұзылған кезде - оған тиесiлi басқа да төлемдер белгiленген мерзiмдермен салыстырғанда кешiктiрiлген кезде жұмыс берушi қызметкерге берешек пен өсiмақы төлейдi. Өсiмақының мөлшерi жалақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша белгiленедi және төлем жүргiзiлуге тиiс болған күннен кейiнгi күннен бастап әрбiр кешiктiрiлген күнтiзбелiк күн үшiн есептелiп төленген күнмен аяқталады.

4. Жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерге тиесiлi барлық сомаларды төлеу соңғы жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Ескерту. 76-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
77-бап. Жалақы төленетiн орын
1. Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер жеке еңбек, ұжымдық шарттарда өзгеше көзделмесе, әдетте, олардың жұмысын орындайтын жерiнде жүргiзiлуге тиiс. (P991464; V001333 қараңыз)

2. Тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде (iссапарда, тапсырысшының ұйымдарында және басқаларында) жұмыс берушiнiң тапсырмасын орындаушы қызметкердiң жалақысын жеткiзудi жұмыс берушi өз есебiнен қамтамасыз етуге тиiс.

Ескерту. 77-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
78-бап. Қызметкердiң орташа жалақысын есептеу тәртiбi
3ейнетақы төлемдерiн, еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктiлiк пен босану жөнiндегi жәрдемақыларды және басқа да төлемдердi есептеу үшiн ұйымдар қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. (P001942 қараңыз)
79-бап. Жалақыдан ұстап қалу
Қызметкердiң жалақысынан ұстап қалу сот шешiмi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жүргiзiледi. (Z980253 қараңыз)

Қызметкердің жалақысын бiр немесе бiрнеше атқарушы құжаттар бойынша өндiрiп алған кезде оның жалақысының кемiнде елу проценті сақталуға тиiс.

Ескерту. 79-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.

8-тарау. Қызметкерлерге кепілдіктер беру мен

өтемақы төлеу

80-бап. Қызметкердiң мемлекеттiк және қоғамдық

мiндеттердi орындауы кезiндегi кепiлдiктер
Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкердiң жұмыс орнын және лауазымын сақтай отырып, оны мемлекеттік және қоғамдық мiндеттердi орындау уақытына жұмыстан босатады.

Ескерту. 80-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


81-бап. Жұмыс беруші медициналық тексеруге жiберетiн

қызметкерлерге және донорларға арналған

кепiлдiктер
Мерзiмдi медициналық тексеруден өту кезiнде жұмыс берушiнiң есебiнен осындай тексеруден өтуге мiндеттi қызметкердiң, сондай-ақ донордың тексерiлетiн және қан құю үшiн қан тапсыратын күндерінде жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады. (V042780 қараңыз)

Ескерту. 81-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


82-бап. Бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға

жiберiлетiн қызметкерге арналған кепiлдiктер


Жұмыс берушi қызметкердi өндiрiстен қол үзiп, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберген кезде оның жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ тараптардың келiсiмiне сәйкес басқа да шығындар өтеледi. (P930327 қараңыз)

Ескерту. 82-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


83-бап. Қызметтiк iссапарлар кезiндегі өтемақылар
Қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлерге:

1) iссапарда болған уақыты үшiн тәулiкақылар;

2) тағайындалған жерге барып-қайту жолы бойынша шығындары;

3) тұрғын үй-жай жалдау жөнiндегi шығындары төленедi. (P001428 (9-т.); P011676 қараңыз)


84-бап. Қызметкердi ұйыммен бiрге басқа жердегi жұмысқа

ауыстыру кезiндегі өтемақылар


Қызметкердi ұйыммен бiрге басқа жердегi жұмысқа ауыстыру кезiндегi шығындарды өтеудiң тәртiбi мен мөлшерi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. (P990731 қараңыз)
85-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша

әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау


Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар жалпы ауруларға байланысты (жарақат алуға, жүктiлiктi жасанды жолмен бұзуға, карантинге байланысты, туберкулез немесе кәсiптiк ауру себебiнен уақытша басқа жұмысқа ауыстырылған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында және заңдарда белгiленген басқа да жағдайларда тағайындалады. (P990731; P001942 (2-тарау 17-т. қараңыз)
86-бап. Жүктiлiк және босану бойынша әлеуметтiк

жәрдемақылар мен бала асырап алған әйелдерге

(еркектерге) әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау
Жүктiлiк және босану бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ тiкелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтiк жәрдемақылар жүктiлiк пен босану бойынша бүкiл демалысқа немесе бала асырап алған күннен бастап, сәбидiң туған күнiнен елу алты күн өткенге дейiнгi кезең үшiн демалысқа тағайындалады. (P990731 қараңыз)
87-бап. Қызметкерлерге жұмыс берушiнiң қаражаты

есебiнен әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу


1. Қызметкерге жалпы ауруға, еңбекте мертiгуге және кәсiптiк ауруға байланысты, жүктiлiк және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық жөнiнде әлеуметтiк жәрдемақыларды, сондай-ақ бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтiк жәрдемақыларды жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен төлеуге мiндеттi. (P990731; P001942 қараңыз)

2. Әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу тәртiбi мен олардың мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. (P001942 қараңыз)

Егер еңбекке уақытша жарамсыздық еңбекте мертiгуге немесе кәсiптiк ауруға байланысты болса, әлеуметтiк жәрдемақыны жұмыс берушi еңбекке жарамсыздық орын алған бiрiншi күннен бастап, жұмысқа шыққанға дейiн немесе мүгедектiгi анықталғанға дейiн орташа жалақысының жүз процентi мөлшерiнде төлейдi.

3. Жұмыс берушi әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi өзiнің мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіпте жауаптылықта болады.

Ескерту. 87-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
88-бап. Жұмыс берушінiң қаражаты есебiнен оқыту

және бiлiктiлiгiн арттыру


1. Жұмыс берушiнiң мүдделерiн көздеп кадрлар даярлау үшiн жұмыс берушiнiң өз қаражаты есебiнен қызметкердi оқытуға немесе оқуға жiберуге құқығы бар. (P930327 қараңыз)

2. Жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен оқыған, бiлiктілiгiн арттырған немесе қайта даярлаудан өткен қызметкер сол жұмыс берушiде тараптардың жеке еңбек шартында келiскен мерзiмiнде жұмыс iстеуге мiндеттi.

3. Қызметкердiң бастамасы бойынша немесе қызметкердiң кiнәсi салдарынан жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушiге қызметкер өзiн оқытуға байланысты шығындарды жұмыс iстеу мерзiмiнiң жұмыс iстелмеген мерзiмiне бара-бар етiп, толығымен төлейдi.

9-тарау. Жеке еңбек шарты тараптарының

материалдық жауапкершілігі

89-бап. Тараптардың өздерi келтiрген зиянды өтеу

жөнiндегi мiндетi
1. Жеке еңбек шартындағы басқа тарапқа зиян келтiрген тарап оны осы Заңға және өзге де заң актiлерiне сәйкес сот шешiмi негiзiнде не ерiктi түрде өтейдi. (K990409 қараңыз)

2. Жеке еңбек шартында осы шарт тараптарының материалдық жауапкершiлiгi нақтыланады.


90-бап. Қызметкерге жарақаттанудан немесе өзге де

денсаулығы зақымдалуынан келтiрiлген

зиянды өтеу
1. Егер қызметкер өзiнiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқаруына байланысты жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зақым келiп, соның салдарынан ол еңбек қабiлетiн толық немесе iшiнара жоғалтса, жұмыс берушi қызметкерге сақтандыру өтемi төленбейтiн кезде оған келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiп пен жағдайларда өтеуге мiндеттi. (K990409 (47-тарау, параграф 2) қараңыз)

2. Еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына және ұйымның мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi сақтандырылуға тиiс. (Z050030 қараңыз)


91-бап. Қызметкерлердiң толық материалдық жауапты

жағдайлары


Қызметкерлер:

1) қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында қызметкерге берiлген мүлiк пен басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн өзiне толық материалдық жауапкершiлiк алу туралы жазбаша шарт жасалған;

2) заңдарға сәйкес қызметкерге еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде жұмыс берушiге келтiрiлген зиян үшiн толық жауапкершiлiк жүктелген; (K990409 (47-тарау, 934-бап) қараңыз)

3) қызметкер мүлiк пен басқа да құндылықтарды бiр жолғы сенiмхатпен немесе басқа да бiр жолғы құжаттар бойынша есеп беруге алған; (K941000 (167-бап, 6-т. қараңыз)

4) қызметкер зиянды алкогольдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық мас болу жағдайында келтiрген; (K970167 қараңыз)

5) зиян материалдардың, жартылай фабрикаттардың, бұйымдардың (өнiмдердiң), соның iшiнде оларды дайындау кезiнде, сондай-ақ жұмыс берушi қызметкерге пайдалануға берген құрал-саймандардың, өлшеу аспаптарының, арнаулы киiмдер мен басқа да заттардың жеткiлiксiздiгiнен, қасақана жойылуынан немесе қасақана бүлдiрiлуiнен келтiрiлген; (K990409 (47-тарау қараңыз)

6) зиян коммерциялық құпияны жариялау салдарынан келтiрiлген; (K990409 (638-бап; 55-тарау); K010155; Z922500 қараңыз)

7) зиян қызметкердің қылмыстық тәртiппен қудаланатын әрекеттердiң белгiсi бар iс-әрекеттерiнен келтiрiлген жағдайларда олардың кiнәсiнен жұмыс берушiге келтiрiлген зиянға толық мөлшерiнде материалдық жағынан жауапты болады. (K970167 қараңыз)


92-бап. Толық материалдық жауапкершiлiк

туралы жазбаша шарттар


1. Толық материалдық жауапкершiлiк туралы жазбаша шарттарды жұмыс берушi он сегiз жасқа толған, өндiрiс процесiнде өзiне берiлген құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (босатуға), тасымалдауға немесе қолдануға тiкелей байланысты қызметтi атқарушы немесе жұмысты орындаушы қызметкермен жасасуы мүмкiн.

2. Мұндай қызметтер мен жұмыстардың тiзбесi, сондай-ақ толық материалдық жауапкершiлiк туралы үлгi шарт ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушiнiң актiлерiнде бекiтiледi.

Ескерту. 92-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.

10-тарау. Қызметкерлерді көтермелеу және

жазалау шаралары

93-бап. Еңбегi үшiн көтермелеу


Жұмыс берушi қызметкерге еңбектегi табыстары үшiн көтермелеудiң әр алуан түрлерiн қолдануға құқылы. Көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi жеке еңбек, ұжымдық шарттармен және жұмыс берушiнiң актiлерiмен белгiленедi.
94-бап. Тәртiптiк жазалар
1. Еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, яғни қызметкердiң кiнәсiнен оған жүктелген еңбек мiндеттерiнiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн жұмыс берушi тәртiптiк жазалардың мынадай түрлерiн қолдануға:

1) ескерту жасауға;

2) сөгiс беруге;

2-1) қатаң сөгiс беруге;

3) осы Заңның 26-бабының 9)-12) тармақшаларына сәйкес жеке еңбек шартын бұзуға құқылы.

2. Осы Заңда көзделмеген тәртiптiк жазалау шараларын қолдануға жол берiлмейдi.

Ескерту. 94-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.09.25. N 484 Заңымен.
95-бап. Тәртiптiк жазалар қолдану және оған шағым жасау

тәртiбi
1. Тәртiптiк жазаны қолданудан бұрын қызметкерден жазбаша түсiнiктеме талап етiлуге тиiс.

2. Тәртіптiк жаза терiс әрекет байқалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей қолданылады және оны терiс әрекет жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.

3. Әрбiр жолсыздық үшiн бiр ғана тәртiптiк жаза қ;олданылуы мүмкiн.

4. Тәртiптiк жаза қолдану туралы бұйрық жазаға тартылған қызметкерге қол қойғызылып жарияланады.

5. Тәртiптiк жаза қолданылған жағдайда жұмыс берушi жасалған терiс әрекеттiң ауырлығын, оның жасалу мән-жайларын, қызметкердiң соның алдындағы мiнез-құлқын, еңбекке көзқарасын, сондай-ақ тәртiптiк жазаның жасалған терiс әрекеттiң ауырлығына сәйкестiгiн ескеруге тиiс.

6. Тәртіптiк жазаға еңбек дауларын қарау үшiн белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
95-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар

және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын

құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн тәртiптiк

жаза қолдану мерзiмдерi <*>


1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бiр жыл кешiктiрiп қолдануға болмайды.

2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан немесе қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылуы мүмкін. (Z980267; U990317 қараңыз)

Ескерту. 95-1-баппен толықтырылды- Қазақстан Республикасының 2003.09.25. N 484 Заңымен.
96-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi
1. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi, осы Заңның 94-6aбының 1-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда оны қолданған күннен бастап алты айдан аспауға тиiс. Егер осы мерзiм ішінде қызметке жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, ол тәртiптік жазасы жоқ деп есептеледі.

2. Қызметкерге тәртіптiк жаза қолданған жұмыс берушi оны өз бастамасымен, қызметкердiң немесе оның тiкелей басшысының өтінішi бойынша, қызметкерлер мен олардың өкілдерінің өтiнiш жасауы бойынша мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы.

Ескерту. 96-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.

11-тарау. Еңбек даулары


97-бап. Еңбек дауларын қарау тәртiбi


Еңбек даулары тараптардың келісімi бойынша немесе сот тәртiбiмен қаралады. (Z960020; V001071 қараңыз)

Еңбек дауларын соттарда қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. (K990411 (32-бап; 27-тарау); V001071 қараңыз)


98-бап. Еңбек дауларын қарайтын органдар және

оларды қарау тәртібі


Тараптардың келісімімен еңбек дауларын келiсiм комиссиясы қарауы мүмкін. (V001071 қараңыз)
99-бап. Келiсiм комиссиясын ұйымдастыру және оның

құзыретi
Келiсім комиссиясы тараптардың бірлескен шешiмi бойынша жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң саны тең өкілдерінен тепе-тең негізде құрылады.

Қызметкерлердің өкілдерi келiсiм комиссиясына ұйымның жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады.

Жұмыс берушінiң өкiлдерін ұйым басшысы тағайындайды.

Келiсiм комиссиясын ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жұмыс берушi жүзеге асырады.

Келiсiм комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды. (Z960020; V001071 қараңыз)


100-бап. Еңбек дауын қарау тәртiбi, шешiмнiң

қабылдануы мен орындалуы


Келiсiм комиссиясы арыз берушiнiң өтiнiшiн ол берiлген күннен бастап үш күн мерзiмде қарайды. Оны қарау нәтижелерi бойынша келiсiм комиссиясының шешiмi қабылданып, арыз берушiге берiледi. Келiсiм комиссиясының арыз берушiнiң талабын қанағаттандырған шешiмiн қарсы тарап үш күн мерзiмде орындайды. (Z960020; V001071 (4, 5-тарауларды қараңыз)
101-бап. Қызметкерлердi еңбек iстерi бойынша сот

шығындарын төлеуден босату


Қызметкерлер еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша сотқа жүгiнген жағдайда олар мемлекет кiрiсiне сот шығындарын (мемлекеттiк баж бен iстiң қаралуына байланысты шығыстарды) төлеуден босатылады.

12-тарау. Осы заңның сақталуын бақылау


102-бап. Еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылау


Осы Заңның және еңбек туралы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Ережеге сәйкес еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының осы Заңды және еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актiлердi сақтауын бақылауды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Ескерту. 102-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.06.05. N 146 Заңымен.
102-1-бап. Қазақстан Республикасының еңбек туралы

заңнамасын сақтау жөнiндегi тексеру, олардың

түрлерi мен нысандары
1. Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлiнедi.

Жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн мемлекеттiк орган жоспарлаған тексеру.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жоспарлы тексеру бiр жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бiр реттен аспайтындай, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне қатысты үш жылда бiр реттен жиi болмайтындай етiп жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Жоспардан тыс тексерулердi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттiк органдар жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының мiндеттi талаптарын бұзғаны туралы өтiнiштер жасаған, сондай-ақ осындай бұзушылық белгiлерiнiң болуы туралы куәландыратын құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен расталатын өзге ақпарат алынған жағдайда жүргiзедi.

Анонимдi өтiнiштер жоспардан тыс тексеру жүргiзуге негiз бола алмайды.

4. Тексеру ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемi ауқымды болған кезде мемлекеттiк бақылау органының басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлғалар үшiн күнтiзбелiк жиырма күнге дейiн, ал құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғалар үшiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiн ұзартуы мүмкiн.

Ескерту. 102-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
103-бап. Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек

инспекторларының құзыретi


Осы Заңға сәйкес еңбек жағдайларының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк еңбек инспекторларының құзыретiне:

1) жұмыс берушi мен қызметкердiң осы Заңды және еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нормативтiк құқықтық актілерді сақтауын тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асыру.

2) еңбек туралы заңдардың бұзылу себептерiн анықтау және талдау;

3) осы Заңның 105-бабына сәйкес бақылаудың нәтижелерi бойынша ұйғарымдар беру;

4) еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылаудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi шараларды әзiрлеу;

5) құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау енедi.

Ескерту. 103-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
104-бап Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк еңбек

инспекторларының құқықтары


Ұйымдарда еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторларының:

1) осы Заңға сәйкес еңбек жағдайларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында тексеру жүргізу туралы белгiленген тәртiппен ресімделген қаулыны көрсеткен жағдайда ұйымдарға баруға;

2) қызметкер мен жұмыс берушіден осы Заңда көзделген құжаттар мен мәлiметтерді алуға;

3) тәртiп бұзушылық туралы актілер жасауға, осы Заңның бұзылуын жою туралы ұйғарымдар беруге, сотқа талап арызын беруге;

4) анықталған еңбек туралы заңдардың бұзылуына арналған құжаттарды ресімдеу кезінде белгiленген үлгідегi фирмалық бланкілерді, мөртаңбаларды пайдалануға құқығы бар. (P041132; K010155 қараңыз)
104-1-бап. Алматы қаласының өңірлiк қаржы орталығының

қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi

мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек

инспекторларының мiндеттерi


Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекторлары:

1) өз құзыретi шегiнде еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органды Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының бұзылу фактiлерi туралы хабардар етуге;

2) еңбек жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйi туралы ақпаратты жүргiзуге және оны тоқсан сайын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға табыс етуге мiндеттi.

Ескерту. 104-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.06.05. N 146 Заңымен.


105-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторлары беретiн

ұйғарымдардың түрлерi


1. Еңбек туралы заңдардың талаптары бұзылуының анықталуына қарай бақылаудың нәтижелері бойынша нақты құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында мемлекеттiк еңбек инспекторлары осы Заңда қарастырылған еңбек жағдайларының анықталған бұзылуын жою туралы ұйғарым бередi.

2. Ұйғарымдардың нысандары мен оларды беру тәртібiн еңбек жөнiндегі уәкілетті мемлекеттiк орган белгілейдi. (V043308 (2-тарау; 1-қосымша қараңыз)


106-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары берген

ұйғарымдарды орындаудың мiндеттiлiгі


Еңбек туралы заңдар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк еңбек инспекторлары берген ұйғарымдар меншiк нысандарына қарамастан барлық ұйымдардың орындауы үшін мiндеттi. (P041132; V043308 қараңыз)
107-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының

iс-әрекетiне шағым жасау


Мемлекеттiк еңбек инспекторларының іс-әрекетіне заңдарда белгiленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. (K990411 (26-тарау); K010155 (26-бап; 655-бап; 657-бап); V043308 (2-тарау 10-т. қараңыз)

Шағым жасалу берiлген ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрмайды.


108-бап. Қоғамдық бақылау
Қызметкерлердің өкілдері өздері мүдделерін білдіретін қызметкерлердің жеке еңбек, ұжымдық шарттары талаптарының орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
109-бап. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы

бұзылғаны үшін жауаптылық


Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

Ескерту. 109-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.



Қазақстан Республикасының

Президенті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет