Мәдениет және ақпарат министрлігі "Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы" үкімет қаулысына өзгерістер дайындады. Құжатқа сәйкес элиталық зиратқа жерленетін тұлғалардың тізімі өзгереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Yvishion.kz

Жаңа редакцияға сәйкес, Пантеон аумағында жерленетін мына лауазымдағы адамдар жерленеді:

— Қазақстан президенттері;

— Қазақстан Республикасының премьер-министрлері мен олардың орынбасарлары;

— парламент палаталарының төрағалары мен олардың орынбасарлары;

— мемлекеттік кеңесшілер, президент әкімшілігінің басшылары;

— Конституциялық соттың, жоғарғы соттың және Ұлттық банктің төрағалары;

— министрлер, президентке тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерi;

— "Халық қаһарманы", "Қазақстанның еңбек ері" атақтарымен марапатталған адамдар;

— үш дәрежелі "Алтын Қыран", "Отан", "Еңбек Даңқы" ордендерімен наградталған азаматтар;

— "Кеңес Одағының Батыры", "Социалистік Еңбек Ері" атақтарымен марапатталған азаматтар;

— "Қазақстанның Ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағы берілген азаматтар;

— Президенттің арнайы шешімі бойынша басқа да азаматтар;

Пантеонға жерленетін адамдардың жұбайлары да олармен бірге жерленуі мүмкін.

Осылайша, Қазақстан президенттерінің отбасы мүшелері, мемлекеттік хатшылар мен Конституциялық кеңес төрағалары Пантеонға жерленетіндер тізімінен шығарылады.

Сонымен қатар, құжаттан "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен марапатталған азаматтар жерлеу тізімнен шығарылатыны белгілі болды.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңы күшін жойды", — делінген түзетуде.

Қаулы жобасын қоғамдық талқылау 2024 жылдың 4 наурызына дейін жалғасады.

Еске салсақ, Мәжіліс депутаты "Назарбаевтың тұсында байыған" олигархтарды билігінен айыру керегін айтты.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.