Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі Жалпы ережелер


Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу



жүктеу 0.67 Mb.
бет3/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4

5.5. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу
100. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары:

1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы, мемлекеттік бағдарламалар мақсаттарына, көрсеткіштеріне қол жеткізу және міндеттерін шешудің жолдары мен тәсілдері жазыла отырып, Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік органның мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді тиімді орындауына және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағдарлануы;

2) игілік алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлануы;

3) мемлекеттік органның алдыңғы жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспарының мақсаттары, нысаналы индикаторлары ескеріле отырып әзірленуі;

4) мемлекеттік органның меморандумында айқындалған орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының түйінді нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету ескеріле отырып әзірленуі;

5) тезистік форматта қысқа әрі нақты жазылуы сияқты талаптарға сәйкес келуге тиіс.

101. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

1) миссиясы және пайымы;

2) ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару;

3) аяны/саланы дамытудың басым бағыттары;

4) стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы;

5) стратегиялық бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар;

6) ресурстар.

102. «Миссиясы және пайымы» деген бөлімде мемлекеттік органның миссиясы және пайымы жазылады.

103. Мемлекеттік басқару субъектісі ретінде тиісті салада немесе қызмет аясында мемлекеттік саясатты іске асырудағы оның рөлін айқындауды білдіретін мемлекеттік органның негізгі мақсаты мемлекеттік органның миссиясы болып табылады.

104. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру нәтижесінде жетекшілік ететін салалардың немесе қызмет аяларының перспективалы жай-күйі мемлекеттік органның пайымы болып табылады.

105. «Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару» деген бөлім «Ағымдағы ахуалды талдау» және «Тәуекелдерді басқару» деген кіші бөлімдерден тұрады.

«Ағымдағы ахуалды талдау» деген кіші бөлімде:

1) статистикалық деректер не қызмет саласының немесе аясының жай-күйін сипаттайтын басқа да көрсеткіштер келтіріле отырып, оның ішінде басқа елдермен салыстырылып мемлекеттік орган қызметінің реттелетін саласын немесе аясын дамытудың негізгі параметрлері;

2) экономика мен қоғамның алдында тұрған, шешілуіне мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бағытталған негізгі проблемаларды талдау көрсетіледі.

«Тәуекелдерді басқару» деген кіші бөлімде:

1) мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге әсер ететін ықтимал тәуекелдер тізбесі;

2) мемлекеттік органның объективті немесе субъективті сипаттағы сыртқы немесе ішкі себептер бойынша жоспарланған мақсаттарына қол жеткізбеу тәуекелі күшейген жағдайда, оны болдырмаудың негізгі жолдары көрсетіледі.

Толық қаржыландырылмау тәуекелі мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізбеудің ықтимал тәуекелі ретінде бола алмайды.

106. Ағымдағы ахуалды талдау мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары бөлінісінде жүргізіледі.

107. Ағымдағы ахуалды талдау негізінде мемлекеттік орган жақсартуға, сондай-ақ айқындалған жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізуді маңызды деп есептейтін тиісті салаларды немесе қызмет аясын дамыту бағыттары қалыптастырылады.

108. Ағымдағы ахуалды талдауды жазудың реттілігі стратегиялық бағыттарды жазу реттілігімен сәйкес келуге тиіс.

109. «Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары» деген бөлім:

1) осы бағыттарды Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларына, елдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты басым бағыттар қатарына қосудың негіздемелерін көрсете отырып, аяны/саланы дамытудың басым бағыттарының қысқаша сипаттамасын;

2) аяны/саланы дамытудың басым бағыттарын іске асырудың негізгі жолдарын қамтиды.

Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары мемлекеттік орган қызметінің қолданыстағы стратегиялық бағыттарына ықпалдастырылады немесе мемлекеттік орган қызметінің жаңа стратегиялық бағыттары қалыптастырылады.

110. «Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы» деген бөлімде схема түрінде мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары бөлінісінде мемлекеттік органның іске асырылуына елдің тиісті жалпыұлттық көрсеткіштеріне қол жеткізу тәуелді болатын бюджеттік бағдарламалармен өзара байланыстырылған мақсаттары көрсетіледі.

111. «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар» деген бөлімде мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары, мақсаттары, нысаналы индикаторлары жазылады.

Стратегиялық бағыттар өзгерістері Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарында, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасында, мемлекеттік бағдарламаларда белгіленген мақсаттар мен басымдықтарға қол жеткізу үшін неғұрлым маңызды болып табылатын экономиканың реттелетін салаларын, секторларын немесе қызмет аяларын талдау негізінде қалыптастырылады.

112. Мемлекеттік органның мақсаты осы мемлекеттік органның қызметінде не ол реттейтін аяда нысаналы индикаторларда көрініс тапқан белгілі бір нақты өзгеріске қол жеткізу болып табылады.

Мақсаттарды айқындау кезінде мемлекеттік орган мынадай талаптарды ұстануы қажет:

1) мақсаттың белгіленген проблемалармен нақты себеп-салдарлық байланысының болуы;

2) мақсатқа қол жеткізуді сандық көрсеткіштердің көмегімен көрсету мүмкіндігі;

3) Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік бағдарламалардың мақсаттарына сәйкестігі;

4) мақсаттардың қысқа әрі нақты баяндалуы, оларды тұжырымдау кезінде мыналарға:

ауызекі немесе әртүрлі түсінуге болатын терминдерді, ұғымдар мен сөздерді пайдалануға;

мақсаттың өзіне қол жеткізу салдары болып табылатын өзге де мақсаттарды, міндеттерді немесе нәтижелерді көрсетуге жол берілмейді.

113. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында әрбір мақсат үшін нысаналы индикаторлар айқындалады.

114. Әрбір нысаналы индикатор бойынша есепті және бесжылдық кезеңнің жылдары бойынша нысаналы индикатордың аралық мәндерін айқындай отырып, оның жоспарланған мәніне қол жеткізудің түпкілікті мерзімі (кезеңі) айқындалады.

115. «Ресурстар» деген бөлімде есепті және жоспарлы кезеңнің жылдарына бөле отырып, бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет шығыстарының жиынтығы және стратегиялық жоспарды іске асыруға тартылған штат саны көрсетілген адами ресурстар келтіріледі.

116. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының форматын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.



5.6. Аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу
117. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы әзірлеген облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар келіп түскен күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарайды.

118. Алдағы онжылдық кезеңге арналған елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырудың бірінші бесжылдық кезеңіне әзірленген облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасы алдағы онжылдық кезеңге арналған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы бекітілгеннен кейін екі ай мерзімде белгіленген тәртіппен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына бекітуге беріледі.

Алдағы онжылдық кезеңге арналған елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырудың екінші бесжылдық кезеңіне әзірленген облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасы Алдағы онжылдық кезеңге арналған елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырудың екінші бесжылдығы басталғанға дейін екі ай мерзімнен кешіктірмей белгіленген тәртіппен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына бекітуге беріледі.

119. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасы облысты дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде белгіленген тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына бекітуге беріледі.

120. Аумақты дамыту бағдарламасының әзірленген жобасы:

1) аумақты дамытудың басым бағыттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында белгіленген бағыттармен өзара байланыста айқындалуы;

2) нақты аумақта Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу, ондағы міндеттердің шешілу жолдарының баяндалуы;

3) аумақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бағалаудың баяндалуы;

4) нысаналы индикаторларды көрсете отырып, бесжылдық кезеңнің соңына қарай аумақты дамытудың түпкілікті мақсаттарының айқындалуы;

5) күшті және осал жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің ықтимал жолдары мен тәсілдерінің айқындалуы;

6) мақсаттар мен нысаналы индикаторлардың қисынды өзара байланысының сақталуы;

7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумында айқындалған облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізуінің қамтамасыз етілуі;

8) игілік алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және өңірдің меншікті экономикалық әлеуетін дамытуға бағдарлануы;

9) қаржыландыру көздері мен іске асыру кезеңдері бойынша бөле отырып, бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстардың абсолютті мәніндегі көлемі туралы ақпаратты қамтуы;

10) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар іс-шараларының келісілетіндігінің, сондай-ақ мақсаттар мен ресурстар бойынша құжаттың теңгерімділігінің сақталуы;

11) тезистік форматта, қысқа әрі нақты баяндалуы сияқты талаптарға сәйкес келуге тиіс.

121. Мемлекеттік органдардың ведомствоішілік мәселелерін шешуге бағытталған аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеуге жол берілмейді.

122. Аумақты дамыту бағдарламасының құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:

1) паспорт (негізгі сипаттамалары);

2) ағымдағы ахуалды талдау;

3) негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары;

4) қажетті ресурстар.

123. «Паспорт (негізгі сипаттамалары)» деген бөлімде мыналарды:

1) атауын;

2) әзірлеу үшін негіздемені;

3) осы өңірдің негізгі сипаттамаларын;

4) бағыттарын;

5) мақсаттарын;

6) нысаналы индикаторларды;

7) қажетті ресурстарды қамтитын аумақты дамыту бағдарламасының негізгі параметрлері жазылады.

124. «Ағымдағы ахуалды талдау» деген бөлімде қызмет саласының ағымдағы дамуы сипатталады:

1) өңіраралық ынтымақтастықты ескере отырып, тұтастай алғанда, өңірдің экономикасын дамыту, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау;

2) негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, аумақтың орта мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелес артықшылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы.

125. «Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары» деген бөлімде:

1) өңіраралық ынтымақтастықты, әлеуметтік саланы, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті, инфрақұрылымды, экологияны және жер ресурстарын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ескере отырып, тұтастай алғанда өңірдің экономикасын дамыту бөлігінде өңірді дамытудың негізгі бағыттары;

2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында тұжырымдалған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ұзақ мерзімді жүйесіне сәйкес аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың әрбір бағыты бойынша нысаналы индикаторлары көрсетілген мақсаттары;

3) қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары жазылады.

126. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаты жоспарлы кезеңнің соңына қарай өңірді дамытудың белгілі бір бағытының жай-күйінің пайымын, оны дамытудың сапалық бағдарларын білдіреді.

127. Аумақты дамыту бағдарламасының барлық мақсаттары аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізілуі дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін аралық және түпкілікті мәндері бар нысаналы индикаторларды қамтуға тиіс.

128. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары, оларды іске асырудың нысаналы индикаторлары оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар көрсетіле отырып келтіріледі.

Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен көрсеткіштердің базалық тізбесінде белгіленеді.

Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларын облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және бекітеді.

Аумақты дамыту бағдарламасына Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік бағдарламалардың нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін қосымша декомпозициялау қажет болған жағдайда, орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға көрсеткіштердің базалық тізбесіне түзетулер енгізу туралы ұсыныстарды енгізеді.

Орталық мемлекеттік органдарға көрсеткіштердің базалық тізбесінде көзделмеген индикаторларды аумақты дамыту бағдарламасына енгізуге бастама жасауларына жол берілмейді.

Көрсеткіштердің базалық тізбесінде ресми статистикалық ақпарат қалыптастырылмайтын нысаналы индикаторлар болған жағдайда, орталық мемлекеттік органдар есептеулердің әдістемелерін әзірлейді және бекітеді.

Есептеулер әдістемесінің жобасы кейіннен олар жергілікті атқарушы органдарға жеткізіле отырып, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

Облысты дамыту бағдарламасында нысаналы индикаторлар облысты дамыту бағдарламасына қосымша түрінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бөлінісінде келтіріледі.

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бөлінісінде қалыптастырмайтын нысаналы индикаторлар қосымшаға аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларға бөлмей, жалпы облыс бойынша қосылады.

Облысты дамыту бағдарламасына қосымшаға жалпы облыс бойынша нысаналы индикаторлар мен олардың мәндері өзгертілмей, өзгерістер енгізілген жағдайда, аталған өзгерістер орталық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілмейді.

129. «Қажетті ресурстар» деген бөлімде аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру үшін қаржылық ресурстардың қажеттілігі мақсаттар бөлінісінде жазылады.

130. Аумақты дамыту бағдарламасын қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттің кепілдігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер болуы мүмкін.

131. Қаржыландырудың болжанатын көлемдері әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, республикалық және жергілікті бюджеттердің жоспарлы кезеңге арналған параметрлері, халықаралық шарттар мен басқа да факторлар ескеріле отырып айқындалады.


6. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын,
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру

6.1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырудың негізгі ережелері
132. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының берілген мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, (аралық және түпкілікті) нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу процесі іске асыру болып табылады.

133. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру кезінде:

1) ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасаудың келісілген болуы;

2) берілген нәтижелерге ресурстардың неғұрлым аз шығындармен қол жеткізуге бағдарлану;

3) қаржы, еңбек және басқа да ресурстардың теңгерімділігі қамтамасыз етілуге тиіс.

134. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

135. Мыналардың:

1) Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік – Қазақстан Республикасының Үкіметіне, әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарға;

2) мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік – Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдардың (мемлекеттік кәсіпорындар, ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) бірінші басшыларына;

3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік – тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына;

4) аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік – тиісті аумақтардың әкімдеріне, аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдардың, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

6.2. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму
жоспарын іске асыру

136. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

6.3. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың
болжамды схемасын іске асыру

137. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

6.4. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру
138. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, сондай-ақ облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

139. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары – нысаналы индикаторлардың аралық мәндерін және нәтижелер көрсеткіштерін жылдар бойынша көрсете отырып, мемлекеттік бағдарламаның мерзімдерін, орындаушыларын, аяқталу нысанын, іске асыруға арналған қажетті шығындарды айқындай отырып, мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдар жиынтығы.

140. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мемлекеттік бағдарламаның бүкіл қолданылу кезеңіне әзірленеді.

6.5. Мемлекеттік органдардың
стратегиялық жоспарларын іске асыру

141. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру операциялық жоспарды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

142. Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.



6.6. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру
143. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау арқылы жүзеге асырылады.

144. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары – мерзімі, орындаушылары, аяқталу нысаны, оны іске асыруға қажетті шығындар айқындалған, аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдар жиынтығы.

145. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын тиісті аумақтың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы тиісті аумақтың бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарымен бірлесіп әзірлейді және оны тиісті аумақ әкімдігінің қаулысымен аумақты дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітеді.

Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы тиісті аумақтың бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарымен бірлесіп әзірлейді және тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің қаулысымен аумақты дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітіледі.



7. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын,
мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын мониторингілеу

7.1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары, мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, аумақтарды дамыту бағдарламалары мониторингінің негізгі ережелері
146. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының, мемлекеттік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы есептер мен басқа да ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және жалпылау мониторинг болып табылады.

147. Құжаттар мониторингі:

1) тиісті құжатты іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат алудың тұрақтылығын;

2) мемлекеттік органдардың тиісті құжатты іске асырудағы іс-қимылдарының келісілген болуын;

3) өзгеріп отыратын жағдайларды ескере отырып, тиісті құжаттың уақтылы өзектендірілуін қамтамасыз етеді.

148. Құжаттар мониторингін осы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

149. Құжаттардың іске асырылуын мониторингілеу нәтижелері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысанда және тәртіппен құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдар жасайтын іске асыру туралы есеп түрінде ресімделеді.

150. Іске асыру туралы есеп:

1) құжаттың деректемелерін;

құжаттың атауын, нөмірін, күнін;

әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушыларды;

іске асыру, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімін;

2) жоспарланған және нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторларды және міндеттер нәтижелерінің көрсеткіштерін, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін қамтуға тиіс. Аумақты дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есептерді қалыптастыру кезінде қол жеткізуді қамтамасыз етпеген жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі;

3) қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, есепті кезеңде бөлінген және игерілген бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты көрсетілген жоспарланып орындалған және орындалмаған іс-шаралар және олардың орындалмау себептері, орындалмаған іс-шаралардың өңірдің, елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына ықпалы туралы ақпаратты;

4) қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, бөлінген қаржы қаражатының игерілуі туралы ақпаратты (пайдаланылмаудың көлемі мен себептерін көрсете отырып);

5) құжатты іске асыруға қатысатын әртүрлі тараптардың өзара іс-қимыл жасауын талдауды;

6) құжаттың іске асырылу барысына ортаның сыртқы әсерін талдауды;

7) шешілуіне осы құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесі туралы ақпаратты, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын (осы ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы есепке енгізілуге тиіс);

8) игілік алушылардың қанағаттану деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нақты көлемінің деңгейі туралы ақпаратты (осы ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы болған жағдайда, есепке енгізілуге тиіс);

9) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит, сараптамалық-талдамалық іс-шаралар туралы мәліметтерді және бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша орындалған ұсынымдар туралы ақпаратты;

10) тұжырымдар мен ұсыныстарды, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзгеруі туралы және басқа да ұсыныстарды қамтуға тиіс.

Құжаттың іске асырылуы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына байланысты болған жағдайларда, әзірлеуші мемлекеттік орган іске асыру туралы есепте құжатты іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу дәрежесін айқындау жөніндегі көшпелі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтерді көрсетеді.

151. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізілетін жылы олардың іске асырылуы туралы есеп бүкіл бағалау кезеңіндегі осы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 150-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтиды.

152. Іске асыру туралы есептің негізінде қорытынды дайындалады. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік бағдарламаларға бағалау жүргізілетін жылы мониторинг бойынша қорытынды қалыптастырылмайды.

153. Қорытынды:

1) деректемелерді (стратегиялық және бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауы, нөмірі, күні, әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдар (мемлекеттік кәсіпорындар, ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестер), іске асыру, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімдері);

2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәндерімен қоса алғанда, нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәндерге қол жеткізілмеген жағдайда, қол жеткізілмеу себептерін көрсету);

3) нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етпеген мемлекеттік органдарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдауды;

4)  осы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 150-тармағының 3), 4) және 9) тармақшаларына сәйкес ақпаратты;

7)  Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген, оның ішінде алдыңғы бағалау нәтижелері бойынша енгізілген, сондай-ақ оларды іске асыруға жауапты мемлекеттік орган енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты;

6) тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтуға тиіс.

154. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын түзету мониторинг нәтижелері бойынша жылына бір рет қана жүзеге асырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, оларды әзірлеу кезінде осы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі белгілеген талаптар сақталады.

155. Мемлекеттік бағдарламаларды олардың соңғы іске асырылу жылында түзетуге жол берілмейді.

156. Құжаттарға мониторинг жүргізу жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

157. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына жүргізілген мониторинг нәтижелерінің анықығы мен толықтығы үшін жауапкершілік әзірлеуші мемлекеттік органдарға және осы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі айқындаған тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.

Бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын мониторингілеу процесінде пайдалану үшін өз құзыреті шегінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуші мемлекеттік органдарға берілетін ақпараттың толықтығына, сапасына және анықтығына жауапты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет