Ќазаќстан Республикасыныѕ Ауыл шаруашылыєы министрлігі


СТАНДАРТТАУДЫҢ САНАТТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ



бет8/126
Дата27.07.2022
өлшемі2.9 Mb.
#174952
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   126
Байланысты:
Стандарттау учебник
Дипломканың қолданылу саласы, Analitikaly 1179 oylau
1.3 СТАНДАРТТАУДЫҢ САНАТТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ


Стандарттың санаттары
Біздің елімізде дайындалған барлық стандарттарды мынадай категорияларға бөледі: мемлекеттік стандарт (ҚР СТ), мемлекет- аралық стандарт (ГОСТ), халықаралық стандарт (ИСО), өңірлік стандарт (ӨТ), ұйым стандарты (ҰСТ), қоғамдық ұйымдардың ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар мен басқа бірлестіктердің стандарттары (ҚҰСТ) (Сурет 1.1).
Бағыныштылығы мен меншік түріне қарамай барлық мекеме, кәсіпорын, ұйым, министрліктер мен ҚР-ның жергілікті басқару органдары, жеке кәсіппен айналысатын барлық азаматтар үшін тиісті қызмет аясында міндетті түрде қолданылады. Негізінен мемлекеттік стандарттар жаппай ірі көлемде үздіксіз шығарылатын өнімдерге, мемлекеттік аттестациядан өткен бұйымдарға, экспорттық тауарлаға, сондай-ақ өнім сапасын қамтамасыз ету, ғылым мен техника, өндіріс салаларының өзара байланыс, бірлігін нығайтуға қажетті ереже, норма, талаптар қатарлы стандартаудың тиісті объектілеріне әзірленеді. Мысалы, мемлекеттік стандарттау объектілері мыналар болуы мүмкін:

  • Ұйымдастыру - әдістемелік және жалпы техникалық объектілер соның ішінде стандарттау жұмыстарын жүргізетін ұйым, мекемелер, біріккен техникалық тіл, типтік мөлшерлі қатарлар және жалпы қолданыстағы бұйымдардың ( сайман, құрал т.б.) үлгілік құрылымы ақпараттық технологияның бағдарламалық және техникалық құралдары, метрологияның қамтамасыздандыру жұмыстары, заттар мен материалдардың қасиеттері туралы нақты анықтамалық мәліметтер, техникалық- экономикалық ақпараттарды жіктеу және кодтау.

  • Халық шаруашылығының ірі кешендері (көлік, энергия жүйесі, байланыс, қорғаныс, қошаған ортаны қорғау т.б.);

  • Мемлекеттік ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағдарламалармен жобалар;

  • Кең қолданыстағы (соның ішінде сала аралық) өнім;

  • Өнім мен технологияның бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ететін ғылым мен техника жетістіктері;

  • Өндіріс пен ішкі тұтынушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өндірілетін жәнеде басқа мемлекеттерге шығарылатын өнім.

  • Конструкторлық және техникалық құжатар жүйесі, өндірісті басқару, ұйымдастыру саласының құжаттары т.б.

ҚР-ның мемлекеттік стандарттарын әзірлеу жұмысын мемлекеттік тиісті бағдарлама, жоспар бойынша стандартау жөніндегі техникалық комитеттер атқарады.


Стандартты әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының заңдары, мемлекеттік стандартар, стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттар басшылыққа алынады, сондай-ақ стандарттау жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдардың құжаттары ескеріледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына мыналар қамтылады:



  • Өнім, жұмыс, қызмет спасына қойылатын міндетті талаптар. Бұл талаптар адамдардың өмірі, денсаулығы мен үй мүлкінің және қоршаған ортаның қуіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

  • Өнімнің сыйымдылығы мен өзара алмасымдылығы жөніндегі міндетті талаптар.

  • Өнім, жұмыс, қызмет сапасына қойылатын талаптарды бақылаудың (өлшеу, сынау, талдау) міндетті тәсілдері. Бұл тәсілдер адам өмірі мен денсауілығы, үй мүлкі, қоршаған ортаның қауіпсіздігі, өнімнің сыйымдылығы мен өзара алмасушылығын қамтамасыз етуі тиіс.

  • Бұйымдардың параметрлік қатары және үлгілік конструкциялары.

  • Өнімнің негізгі тұтынушылық (пайдалану) қасиеті. Өнімді буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау және жою талаптары.

  • Өнімді дайындау, өндіру, пайдалану, қызмет көрсету кезінде техникалық бірлікті қамтамасыз ету ережелері.

  • Техникалық құжатты ресімдеу ережесі.

  • Өнім сапасын қамтамасыз ету, барлық қорларды үнемдеу, қорғау және өнімді пайдаланудың жалпы ережесі, терминдер, анықтамалар мен белгілеулер, метрологияның және басқа жалпы техникалық ереже, нормалар.

Мемлекеттік стандарттар төмендегі құрылымдық элемент- терден тұрады: титульдық бет, алғы сөз, мазмұн, кіріспе, стандарт- тың атауы, қолдану саласы, нормативтік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар, талаптар, қосымшалар, библио- графиалық мәліметтер.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартын республиканың стандарттау жөніндегі жоғарғы ұйымы – Техника- лық реттеу және метрология комитеті бекітеді. Бекіткен кезде стандарттық күшіне енетін уақыты көрсетіледі. Күшінде болу мерзімі көрсетілмейді. Бекітілгеннен кейін Мемстандарттың индексі беріледі, номері және бекітілген немесе қайта қаралған жылы көрсетіледі.
Ұйым стандарттары - мемлекеттік стандартты жоқ объектілерге әзірленеді немесе мемлекеттік стандартта көрсетілмеген талаптарды енгізу қажет болған жағдайда әзірленеді. Ұйым стандарттың талаптары мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарына қайшы келмеуі тиіс. Ұйым стандартын сол саланың барлық мекеме, кәсіпорындары пайдаланады. Сондай-ақ сол министрлікке қарасты өнім, бұйымдарды өндіретін, пайдаланатын мекеме, кәсіпорындар (бағыныштылығы мен меншік түріне қарамай) қолданады. Салалық стандарттар мемлекеттік стандартауға жатпайтын арнайы салалық өнім, технологиялық жабдық, құрал-саймандарға бекітіледі. Сондай-ақ салалық кәсіпорын, ұйымдардың өндірістік-техникалық іс қызметінің өзара байланысын қамтамасыз ету, өнім сапасының тиімді деңгейіне жету үшін қажетті норма, ережелер мен терминдерді белгілейді.
Ұйым стандарты сол саланың кәсіпорын, мекемелері мен қатар сол өнімді пайдаланатын (тұтынатын) басқа да салалар (тапсырыс берушілер) үшін міндетті болып табылады. Ұйым стандартын сол өнімді өндіруде жетекшілік міндет атқаратын министрлік мекеме кәсіпорын басшылығы бекітеді. Бекітілген соң стандартқа оның индексі, саланың цифрлік коды, стандарттың номері және бекітілген (қайта қаралған) жылының соңғы екі цифрі жазылады.
Ұйымдық стандарттарды Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік басқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдар, концерндер мен қарымқатынастар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми зерттеу институттары әзірлеп, бекітеді.
Ұйымдық стандарттар объектілеріне осы мекемеде жасалатын және қолданылатын өнім, үрдіс, қызмет жатады, соның ішінде:
- өнімнің құрамдас бөліктері, технологиялық жабдықтар мен құралдар;
- технологиялық үрдістер оған қойылатын талаптар қоршаған орта және адамдардың өмірімен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары;
- кәсіпорынның өз ішінде көрсетілетін қызметтер;
- өндірісті ұйымдастыру және басқару жұмыстары, соның ішінде экологиялық басқару, өнім сапасын басқару, сәйкестендіру, кодтау және терминология.
Ұйымдық стандарттар Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттар мен техникалық регламенттердің міндетті талаптарына қайшы келмеуі тиіс.
Заңды және жеке тұлғалар егер өнімді өңдеу, өндіру, өткізу жөніндегі келісімдерде фирмалық стандарттарға сілтеме жасалған болса онда осы стандарттарды міндетті түрде ұстанады.
Ұйым стандарты талаптарының республикада қолданылатын техникалық регламенттері мен стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігі және оларды сақтау жауапкершілігі, оларды бекіткен мекемеге жүктеледі.
Халықаралық, аймақтық және шетелдік ұлттық стандарттарын ҚР СТ 1.9 стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының мемле- кеттік стандарты ретінде қабылдануына дейін фирмалық стандарт ретінде қолдануға болады.
Ұйымдық стандарттарды басу, қайта басуды, оларды бекіткен мекеме ұйымдастырады.
Әкелінген өнімдерге фирмалық стандарттар әзірленбейді және мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
Ұйымдық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, қолдану, жаңарту және жою тәртібін мекемелер осы стандарттың талаптарын ескере отырып өз бетімен белгілейді.
Ұйымдық стандарттарды құру. Баяндау, ресімдеу және мазмұндау ҚР СТ 1.5 бойынша жүргізіледі.
Ұйымдық стандарттарды мекеме басшысының бұйрығымен күшіне енеді.
Бұйрықта стандарттың күшіне енген күні, күшінде болатын мерзімі белгіленіп, стандартты қолдануға байланысты ұйымдық-техникалық дайындық шаралары бекітіледі.
Ұйымдық стандарттың күшінде болу мерзімін әзірлеуші мекеме стандартты тіркеу кезінде өзі белгілейді.
Стандарттарды енгізу уақыты тіркеуден ілгері болуға болмайды.
Ұйымдық стандарттар мекемеде белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   126




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет