«Ќазаќстан Республикасыныѕ Азаматтыќ процестік Кодексі» Ќазаќстан Республикасыныѕ 2015 жылєы 31 ќазандаєы №377-v кодексі


-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы



жүктеу 4.35 Mb.
бет17/19
Дата19.09.2017
өлшемі4.35 Mb.
түріКодекс
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

412-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы

Апелляциялық шағым, наразылық бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және осы Кодекстің 413-бабының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларының анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық процестік заң нормаларының сақталуын тексереді.

 

413-бап. Апелляциялық қараудың шектерi



1. Сот істi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемде тексередi.

2. Апелляциялық сатыдағы сот істе бар, сондай-ақ осы Кодекстің 404-бабының екінші бөлігіне сәйкес ұсынылған дәлелдемелерге мәлімделген талап қою шегінде баға береді.



Егер апелляциялық сатыдағы сот жаңа дәлелдемелердің бірінші сатыдағы сотқа ұсынылуы дәлелді себептермен мүмкін болмағанын таныса, оның ішінде егер адам бірінші сатыдағы сотта іске қатысуға тартылмаса, сондай-ақ егер бірінші сатыдағы сотта дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхат мәлімделсе, бірақ ол қанағаттандырусыз қалдырылса, сот жаңа дәлелдемелерді қабылдайды.

Апелляциялық сатыдағы сотқа дәлелдемелерді ұсынатын тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және оларды ұсыну қажеттілігі қандай мән-жайларға байланысты туындағанын көрсетуге міндетті.

3. Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және бөлу, талап қою талаптарының мөлшерін өзгерту, талап қою нысанасы мен негізін өзгерту, тиісті емес жауапкерді ауыстыру, қарсы талап қою туралы қағидалар апелляциялық сатыдағы сотта қолданылмайды.

Егер осы Кодекстің 427-бабы төртінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша шешімнің күші жойылса және үшінші тұлғалардың қатысуынсыз істі мәні бойынша қарау мүмкін емес деп танылса, апелляциялық сатыдағы сот өз алдына бөлек талаптарды мәлімдемеген үшінші тұлғаларды іске қатысуға тарта алады.

 

414-бап. Істі апелляциялық сатыдағы сотта қарауға дайындау



1. Істі апелляциялық шағыммен немесе наразылықпен бірге алған апелляциялық сатыдағы соттың судьясы бірінші сатыдағы соттың осы Кодекстің 405-бабының талаптарын орындауын тексереді. Бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 405-бабының талаптарын орындамаған жағдайда іс кемшіліктерді жою үшін бірінші сатыдағы сотқа қайтарылуы мүмкін.

2. Судья апелляциялық шағымда немесе наразылықта жазылған дәлелдерді ескере отырып, істі апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылдау және істі қарауға дайындау туралы ұйғарым шығарады. Судья осы Кодекстің 165-бабында көзделген әрекеттерді іс жүргізуге қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасайды.

3. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлайды.

 

415-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың істі қарау мерзімі



Осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, іс апелляциялық сатыдағы сотта ол сотқа келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде қаралады.

Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдерін, қорытындыларын, нұсқамаларын даулау туралы іс сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Іс Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасында ол сотқа келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қаралады.

 

416-бап. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу



1. Осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда апелляциялық сатыдағы соттың отырысына прокурор қатысады, ол іс бойынша қорытынды береді.

Апелляциялық сатыдағы сот прокурорға апелляциялық сатыда қаралуға тиіс істер, апелляциялық сатыда қаралған істер бойынша қабылданған шешімдер туралы хабарлайды.

2. Бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша апелляциялық сатыдағы сот істі дұрыс шешу үшін маңызы бар, тараптар ұсынған немесе олардың өтінішхаттары бойынша талап етіліп алынған қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды зерттейді, отырысқа шақырылған тұлғалардан жауап алады.

 

417-бап. Істі талқылаудың басталуы



1. Төрағалық етуші апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысын ашады және қандай іс, кімнің апелляциялық шағымы, наразылығы бойынша және қай соттың шешімі қаралуға жататынын, апелляциялық сатыдағы сот құрамын, сот отырысының хатшысын, сондай-ақ істі қарауға қатысатын болса, прокурорды хабарлайды. Төрағалық етуші іске қатысатын адамдардың және өкілдердің қайсысы келгенін анықтайды, келген тұлғалардың жеке басын анықтайды, лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді және іске қатысатын адамдардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстырылғанына көз жеткізеді. Құқықтарымен және міндеттерімен таныстырылмағаны анықталған жағдайда бұл туралы мәлімдеген тұлғаларға олардың құқықтарын және міндеттерін таныстырады. Егер қарсылық білдірулер мәлімделсе, олар осы Кодекстің 41-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.

2. Сот отырысына келген іске қатысатын адамдардың және өкілдердің түсініктемелерін сот тыңдайды. Шешімге екі тарап та шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның және іске қатысатын басқа тұлғалардың, олардың өкілдерінің түсініктемелерінен кейін апелляциялық сатыдағы сот дәлелдемелерді зерттеуге көшеді.

 

418-бап. Іске қатысатын адамдардың сот отырысына келмеуінің салдарлары



1. Істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілмеген іске қатысатын адамдардың қайсыбіреуі апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысына келмеген жағдайда сот істі талқылауды кейінге қалдырады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген тұлғалардың келмеуі істі талқылауға кедергі болмайды. Алайда, сот бұл жағдайларда да келмеу себептерін дәлелді деп тани отырып, істі талқылауды кейінге қалдыруға құқылы.

3. Iстi талқылау кейiнге қалдырылған кезде апелляциялық сатыдағы сот iске қатысатын тұлғаларға iстi қараудың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлайды. Егер іске қатысатын адамдар істі басынан бастап талқылауды талап етпесе, істі қайта отырыста талқылау жалғастырылады.

 

419-бап. Соттың іске қатысатын адамдардың арыздары мен өтінішхаттарын шешуі



1. Іске қатысатын адамдардың апелляциялық сатыдағы істі талқылауға байланысты барлық мәселелер бойынша арыздары мен өтінішхаттарын сот іске қатысатын басқа да тұлғалардың пікірлерін тыңдағаннан кейін шешеді.

2. Тараптар бірінші сатыдағы сот қанағаттандырудан бас тартқан дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхаттарды мәлімдеуге құқылы.

3. Істің мән-жайларын зерттеуге байланысты арыздар мен өтінішхаттарды шешу осы Кодекстің 195-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі. Бұл ретте апелляциялық сатыдағы сот өтінішхатты бірінші сатыдағы сот қанағаттандырмаған деген негізде оны қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.

 

420-бап. Дәлелдемелерді зерттеу



1. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібі мен шектерін іске қатысатын адамдардың пікірлерін ескере отырып сот айқындайды.

2. Тараптардың, іске қатысатын басқа да адамдардың түсініктемелерінен кейін сот істе бар дәлелдемелерді, сондай-ақ осы Кодекстің 413-бабының екінші бөлігінің қағидаларына сәйкес ұсынылған дәлелдемелерді тексереді.

3. Сот іске қатысатын, сот отырысына келмей қалған адамдардың түсініктемелерін, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот отырысына шақырылмаған куәлардың айғақтарын жария етуге құқылы.

4. Тараптар бірінші сатыдағы сот куәлардан жауап алудан және дәлелдемелерді зерттеуден бас тартқан куәларды шақырту мен олардан жауап алу және дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхаттарды мәлімдеуге құқылы. Егер куәлардың айғақтарын тараптар даулайтын болса, көрсетілген адамдар апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылуы мүмкін.

5. Апелляциялық шағым, наразылық берген тұлға қатыстылығы, жарамдылығы, дұрыстығы жағынан даулаған дәлелдемелер істегі басқа дәлелдемелердің жиынтығымен бірге сотта зерттелуге және бағалануға жатады.

 

421-бап. Сот жарыссөздері



1. Төрағалық етушi іс мәні бойынша қарау аяқталған соң іске қатысатын адамдардан өтінішхаттардың бар-жоғы туралы сұрайды. Сот осы өтінішхаттарды шешіп, содан соң сот жарыссөздеріне көшеді.

2. Сот жарыссөздері осы Кодекстің 217-бабында көзделген қағидалар бойынша өткізіледі, бұл ретте апелляциялық шағым немесе наразылық берген тұлға және (немесе) оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап та шағым берген жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөз сөйлейді.

3. Сот жарыссөздері және прокурордың қорытынды сөзiн тыңдау аяқталғаннан кейін сот қаулы шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.

 

422-бап. Сот отырысының хаттамасы



Апелляциялық сатыдағы сотта сот отырысының хаттамасы осы Кодекстің 281-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша жүргізіледі.

 

423-бап. Сот актісін шығару және оны жариялау



1. Сот актісін шығару және оны жариялау осы Кодекстің 222, 223 және 224-баптарында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.

2. Сот осы баптың бірiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, сот актісін түпкілікті нысанда дайындау мерзімін көрсете отырып, оның қарар бөлiгiн шығарып, жариялай алады. Сот актісінің қарар бөлігі іс материалдарына қоса тігіледі.



Уәжді сот актісін іс қаралған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде судья дайындап, оған қол қояды. Уәжді сот актісінің көшірмесі ол дайындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде іске қатысатын адамдарға жіберілуге (табыс етілуге) тиіс.

 

424-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері



Апелляциялық сатыдағы сот:

1) шешімді - өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;

2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;

3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;

4) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не осы Кодекстің 277-бабында және 279-бабының 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арызды қараусыз қалдыруға;

5) осы Кодекстің 427-бабы төртінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген процестік құқық нормаларының бұзылғандығы белгіленген жағдайда, шешімнің күшін жоюға және істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберуге;

6) осы Кодекстің 427-бабы төртінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша сот шешімінің күші жойылған жағдайда, бірінші сатыдағы сот қағидалары бойынша мәніне қарай қарау үшін істі өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқылы.

 

425-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың актілері



Апелляциялық сатыдағы сот мынадай актілерді:

1) бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша іс мәні бойынша қаралғаннан кейін жаңа шешім қабылданған жағдайда, осы Кодекстің 424-бабының 1), 2), 3), 5) тармақшаларында, сондай-ақ 6) тармақшасында көзделген жағдайларда қаулы;

2) сот шешімінің күші жойылған және бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша іс мәні бойынша қарау үшін апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылданған жағдайда, осы Кодекстің 409-бабының екінші бөлігінде, 424-бабының 4) тармақшасында, сондай-ақ 6) тармақшасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ іс мәні бойынша қаралмаған, сот актісін шығару талап етілетін өзге де жағдайларда ұйғарым шығарады.

 

426-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны



1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:

1) қаулының шығарылған күні мен орны;

2) қаулыны шығарған соттың атауы және сот құрамы;

3) апелляциялық шағым, наразылық берген адам, іске қатысатын басқа да адамдар және олардың өкілдері;

4) даудың нысанасы немесе мәлімделген талап;

5) бірінші сатыдағы сот анықтаған істің мән-жайлары, шешімді немесе ұйғарымды шығарған кезде ол басшылыққа алған уәждер; бірінші сатыдағы сот шешімінің қысқаша мазмұны;

6) апелляциялық шағымның немесе наразылықтың және оларға пікірдің қысқаша мазмұны;

7) апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдыру, күшін жою не өзгерту негіздері;

8) апелляциялық сатыдағы соттың өз түйіндерін жасауға алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;

9) істі қарау нәтижелері бойынша апелляциялық сатыдағы соттың түйіндері;

10) сот шығыстарының бөлінуі;

11) қаулыға шағым жасаудың, наразылық білдірудің мерзімдері мен тәртібі көрсетілуге тиіс.

2. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Апелляциялық шағымда немесе наразылықта бірінші сатыдағы соттың қарау нысанасы болып табылмайтын дәлелдерге сілтеме жасалған жағдайда, апелляциялық қаулының уәждеу бөлігінде сот отырысында көрсетілген сілтемелер мен дәлелдер бойынша олар қарауға және зерттеуге қабылданбаған негіздер көрсетілуге тиіс.

3. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 235, 237-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында кеткен қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету туралы немесе апелляциялық қаулының мәнін өзгертпестен, ұйғарым шығару арқылы қаулыны түсіндіру туралы мәселені қарауға құқылы.



Апелляциялық сатыдағы соттың көрсетілген мәселелер бойынша ұйғарымы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді және оған шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

4. Осы Кодекстің 236-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот қосымша қаулы шығаруға құқылы.

 

427-бап. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жою не оны өзгерту негіздері



1. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға не оны өзгертуге:

1) іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымының дұрыс айқындалмауы және анықталмауы;

2) бірінші сатыдағы сот анықтаған, іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі;

3) шешімде баяндалған бірінші сатыдағы сот түйіндерінің істің мән-жайларына сәйкес келмеуі;

4) материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы;

5) сот отырысының хаттамасын жүргізу міндеттілігі осы Кодексте көзделген сот отырысы, жеке процестік әрекет хаттамасының істе болмауы негіз болып табылады.

2. Егер сот:

1) қолданылуға жататын заңды қолданбаса;

2) қолданылуға жатпайтын заңды қолданса;

3) заңды дұрыс түсіндірмесе, материалдық құқық нормалары бұзылған немесе дұрыс қолданылмаған деп есептеледі.

3. Мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күші бір ғана формальды пайымдаулар бойынша жойылмайды. Материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы, егер осы бұзушылық дұрыс шешім қабылдамауға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіз болып табылады.

Егер сот дұрыс шешім қабылдаса, бірақ көрсетілген бұзушылықтарға жол берілсе, қаулыда уәждер, материалдық және процестік құқық нормалары келтіріледі, оларға сәйкес шешім өзгеріссіз қалдырылуға жатады.

4. Егер:

1) істі соттың заңсыз құрамы немесе соттылық туралы қағидаларды бұзып қараған;

2) осы Кодекстің 133-бабының қағидалары бойынша қаралған істерді қоспағанда, сот істі сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған іске қатысатын адамдардың қайсыбіреуі болмағанда қараған;

3) істі қарау кезінде сот ісін жүргізу тілі туралы қағида бұзылған;

4) сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселені шешкен;

5) судья шешімге қол қоймаған немесе істі қарап, шешкен судьядан басқа судья қол қойған кез келген жағдайда бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылуға жатады.

5. Осы баптың төртінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер болған кезде апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жояды, бұл туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда істі бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу қағидалары бойынша қарауға көшу туралы, іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер және оларды жасау мерзімдері көрсетіледі. Көрсетілген әрекеттер аяқталғаннан кейін істі әдеттегідей апелляциялық сатыдағы соттың сол құрамы қарайды.



Қалған жағдайларда, оның ішінде жаңа шешім шығарылып, сот шешімінің күші жойылған кезде, апелляциялық сатыдағы сот істі бір сот актісін қабылдап, бір сот отырысында қарайды.

6. Сот шығыстарын бөлу туралы мәселенің шешілмеуі немесе дұрыс шешілмеуі сот шешімінің күшін жою немесе оны өзгерту үшін негіз болып табылмайды. Сот шығыстарын бөлу қаулының қарар бөлігінде көрсетіледі.

 

428-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып немесе арызды қараусыз қалдыра отырып, сот шешімінің күшін жою



Бірінші сатыдағы сот шешімі осы Кодекстің 277-бабында және 279-бабының 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға немесе талап қоюды қараусыз қалдыруға байланысты апелляциялық тәртіппен күші жойылуға жатады.

 

429-бап. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымына (қаулысына) шағым жасаудың, наразылық білдірудің тәртібі мен мерзімдері



1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ сот ұйғарымы істің одан әрі қозғалу мүмкіндігіне бөгет болатын жағдайларда бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына осы Кодекстің 401-бабында көрсетілген тұлғалар жеке шағым жасауы, наразылық білдіруі мүмкін. Егер ұйғарым іске қатыспайтын тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты болса, олар да сот ұйғарымына шағым жасауға құқылы.

Жеке шағым, наразылық ұйғарым түпкілікті нысанда дайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.

2. Бірінші сатыдағы соттың қалған ұйғарымдарына, оның ішінде сол жерде сот отырысының хаттамасына енгізіле отырып шығарылған ұйғарымдарға жеке шағым, наразылық берілмейді, бірақ қарсылықтар апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.

3. Шешім шығарылып аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған ұйғарымға шағым жасалған, наразылық білдірілген жағдайда, шешімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткен соң ғана іс жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі. Бұл ретте, шешімге апелляциялық шағым, наразылық берілсе, жеке шағымды, наразылықты тексеруді істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот сатысы жүргізеді.

4. Жеке шағым, наразылық іске қатысатын адамдардың саны бойынша құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып, осы ұйғарымды шығарған сотқа беріледі, оларды судья соларға жібереді немесе табыс етеді. Судья жеке шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін азаматтық істі немесе материалдарды апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді.

5. Жеке шағымдар мен наразылықтар осы тарауда белгіленген тәртіппен апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және қарау үшін қабылданады және қаралады.

Осы Кодекстің 414-бабында көзделген тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын адамдарға жеке шағымды немесе наразылықты қарау уақыты мен орны туралы хабарлайды. Іске қатысатын адамдардың апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысына келмеуі оларды қарауға кедергі болмайды.

6. Жеке шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша апелляциялық сатыдағы сот:

1) сот ұйғарымын - өзгеріссіз, ал жеке шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру;

2) сот ұйғарымының күшін толық немесе бір бөлігін жою және мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру;

3) сот ұйғарымының күшін толық немесе бір бөлігін жою және мәселені мәні бойынша шешу;

4) ұйғарымды өзгерту туралы ұйғарым шығарады.

7. Жеке шағым немесе наразылық бойынша, талап қою арыздарын қайтару, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, талап қою арыздарын қарамай қалдыру мәселелері бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда істің одан әрі жылжыту мүмкіндігіне бөгет болатын апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

 

430-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы



Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 270-бабында көзделген негіздер бойынша жеке ұйғарым шығара алады.

Жеке ұйғарымға осы Кодекстің 429-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

 

431-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің заңды күші



Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері олар жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.

 

432-бап. Сот актісін жіберу және істі бірінші сатыдағы сотқа қайтару



Апелляциялық сатыдағы сот істі қарағаннан және іске қатысатын адамдарға сот актісінің көшірмелерін жібергеннен (табыс еткеннен) кейін істі бірінші сатыдағы сотқа қайтарады.

 

433-бап. Іс апелляциялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен апелляциялық (жеке) шағымды, наразылықты қарау тәртібі



1. Белгіленген мерзімде немесе өтіп кеткен мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген апелляциялық (жеке) шағым немесе наразылық апелляциялық сатыдағы сотқа іс басқа шағымдар бойынша қаралғаннан кейін түскен жағдайда, сот мұндай шағымды, наразылықты өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.

2. Апелляциялық (жеке) шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша және негіздер болған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот бұрын шығарылған сот актісінің күшін жояды және келіп түскен шағым, наразылық бойынша жаңа қаулы, ұйғарым қабылдайды.



Мұндай негіздер болмаған кезде апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымды, наразылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы, ұйғарым шығарады.

 

 



54-тарау. КАССАЦИЯЛЫҚ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ

 


Каталог: fileadmin -> user upload -> npa
npa -> «Азаматтыќ ќорѓау туралы» Ќазаќстан Республикасыныњ 2014 жылѓы 11 сєуірдегі №188-v зањы
npa -> Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларын бекіту туралы
npa -> Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығы
npa -> Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер
npa -> Ќазаќстан Республикасыныѕ Су Кодексі (2003 ж. 9 шілде №481-іі)
npa -> «Елді мекендердіњ сумен жабдыќтау жєне су б±ру ж‰йелерін пайдалану ќаѓидаларын бекiту туралы» Ќазаќстан Республикасы ¦лттыќ экономика министрініњ 2015 жылѓы 28 аќпандаѓы №163 б±йрыѓы (Paragraph)
npa -> «Ќазаќстан Республикасыныњ Экологиялыќ кодексі» Ќазаќстан Республикасыныњ 007 жылѓы ќањтардаѓы №212-iii кодексі
npa -> «Сумен жабдыќтау жєне су б±ру жµнінде кµрсетілген ќызметтіњ кµлемін есептеу єдістемесін бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Ќ±рылыс жєне т±рѓын ‰й-коммуналдыќ шаруашылыќ істері агенттігініњ 2011 жылѓы 26 ќырк‰йектегі №354 б±йрыѓы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет