Өз әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты алғашқы сот тыңдалымы өтетін күн белгіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Facebook/Қуандық Бишимбаев

Қылмыстық іске байланысты сот тыңдалымы 2024 жылғы 11 наурызда өтеді деп жоспарланған. Бұл туралы Жоғарғы соттың сот кабинетінде жарияланды. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай қоғамда үлкен резонанс тудырған Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істі Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Кульбаева қарайды.

Бишімбаевқа ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша кiнәлi адамға материалдық жағынан тәуелдi адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылған.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.