Кеше танымал тележурналист, медиаменеджер Владимир Рерих дүние салды. Марқұмның бұрынғы жұбайы Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, ұлының әкесінен кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Владимир Рерих 1996-2003 жылдар аралығында "Хабар" агенттігінде қызмет атқарып, ұйымның қалыптасып, дамуына өзіндік үлес қосты.

"Володя, Владимир, Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды…

1996 жылы 11 наурызда танысқан өзіңмен 2000 жылдан 15 жыл отастық.Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ, сен менің тұлға болып қалыптасуыма, маман болып өсуіме, ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық, даналық, ар, кәсібиліктің биік өлшемі болдың. Парасатың, білімің, шешендік өнерің, зиялылығың ерекше еді. Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ, қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген, Володя! 

“Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой… Мына дүниеден тыныштық таппаған, түсіністік таппаған жаның жәннәттан рахат тапсын! Кешір мені!" — деп жазды Дана.
 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.