Қазақстан республикасының білім және ғылым



жүктеу 0.6 Mb.
бет3/4
Дата24.09.2017
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4

Түймешетен (Пижма, ). Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын, көп жылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 1 метр, жапырақтары түсті, шетен ағашының жапырақтарына ұқсайды. өзіне тән камфораға ұқсас иісі бар: құрамындағы эфир майы гүл шоғырында 1,5-2% жапырақтарында 0,2-0,6% ға дейін болады. Бұл майдың 47% - ы туйлон затынан тұрады. Май құрамында 1% камфора, бор және пинен, сонымен қатар, альколоидтар, органикалық ұышқылдар бар. өсімдіктің токсикологиялық қасиеті бар эфир майына байланысты, ол жергілікті жерге тітіркендіріп әсер етеді.

Клиникалық белгілері. Басында қатты қозып, кейіннен депрессия байқалады, көруі нашарлайды, уланған мал басында мазасызданады, кенеттен жабырқайды. Көз қарашығы тарылып, көруі нашарлайды, іші кебеді, құсады. Улану іш тастауға әкеліп соқтырады. Мал бір тәулік ішінде өліп кетуі мүмкін.

Емі. Іш айдағыш дәрілермен азық қалдығын шығарып тастап, содан кейін симптоматикалық ем жасайды, жануардың жағдайына қарай, ем қолдану керек.

Қазанақ (Багульник болотный ). Шым тезекті батпақты жерлерде, орман және тундрадада кездеседі. Гүлдеген кезде қазанаұ өткір, есеңгңрететін иіс бөледі, сондықтан мал көп жемедйі. Барлық жануарларға уытты әсер етеді. Қазанақ құрамында 0,3-2% эфир майы бар және гликозид эриколин табылған. Май құрамындағы ледоль жергілікті жерге тітіркендіріп әсер етеді. Ол біраз мөлшерде организмге түсіп орталық жүйке жүйесін салдандырады, ішектің жатырдың сезімтал жүйкелерін салдандырады және тыныс алумен жүрек жұмысын бұзады.

ТАПСЫРМА: Сасық қурай (Вех ядовитый ).

Көбінесе көлеңкелі батпақты аймақтарда, өзен бойында, жайылым шабындықта өседі. Уытты бастамасы май тәрізді алкалоид-цикутотоксин. Сонымен қатар, эфир майы цикудоль бар. Цикутотоксин ас қорыту жолының кілегейлі қабаттары арқылы сіңіп, орталық жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді. Цикутотоксин жүйке жүйесінің тікелей әсер етеді. Цикутотоксин жүйке жүйесінің қозуын арттырып, тырысып, құрысулар пайда болады. өлім көбінесе тыныс алу орталығының салдануынан болады.

Клиникалық белгілері: ірі қара көктемде сасық қурайдың тамырын жұлып жеп қояды. В.Веденский зерттеулері бойынша 200г өсімдікті жеген ірі қара уланған. Шөптің тамыры мен жапырақтарының салмағы 70-80г екенін ескерсе 2-3 тамырды жеген мал уланудан өледі.

Патологиялық өзгеріс. Дәнекер ұлпада, тыныс алу жолдарының кілегей қабықтарында, эпикард, эндокард астында бүйрек паренхимасы мен қабы астында қанталаулар болады.

Емі. Андидот жоқ, симптоматикалық ем жүргізіледі. Жылқы асқасзанын 0,5% -ы танин ерітінідісімен жуады. Құрысып-тырысуға хлоралгидраттан клизма жасайды, ішке спирт береді.

Жусан (полынь ). өсімдіктер түрлері өте көп. Қазақстанда 81 түрі өседі, бірі-бірінен морфологиялық ерекшеліктері бар. Көпшілігін дәрілік зат түрінде пайдаланылады. (ащы жусан ), дермене   ). Қазіргі уақытта тек тавриялық жусанның ғана улы әсер ететіндігі белгілі. Үй жануарлары ішінде жылқы сезімтал келеді. Тавриялық жусанның летальды мөлшері жылқы үшін 500-700г, улану белгілері 200-500г жегеннен кейін байқалады.

Клиникалық белгілері. Улану ірі қара, және ұсақ малда жіті, созылмалы түрде өтеді. Кілегей қабықтар бозаруы, зәр құрамында ақ зат табылған.

Жылқыда. Мал жалпы қозады, қорқақтық байқалады, тері сезімталдығы жоғарылайды, алға ұмтылу, соғылу. Басын жерге ұрады, тісін шықырлатады. Терісі ылғалданады, тыныс алуы салданып, тоқтауға әкеледі.

Патологиялық өзгеріс. Улануға тән патологиялық өзгерістер болмайды. Кілегейлі және сірілі қабықтар (жүрек, плевра, қуық) және де ми ұлпасында қан ұюлар кездеседі. Катаральды қабынулар. Бүйрек, бауыр және юұлшық етте дегенерациялық өзгерістер байқалады.

Емі. Уланудың жіті түрінде тыныштандырғыш заттар береді. Симптоматикалық ем. Жылқы жусанмен уланғанда П.Н.Будников мынадай у қайтарғыш ұсынды: 15-30г марганец қышқылды калиймен бірге 60-100г қос көмір қышқыл содасын 3-6 литр суда ерітіп, танау зонд арқылы енгізеді. Тік ішек арқылы 50-70г хлоралгидратты кілегейлі қайнатпа ретінде енгізеді тері астына кофейнді егеді.

Балау. Жусанмен улану жылқының инфекциялық энцефаломиелитіне ұқсас келеді. Улану күшті өтеді, ауыз қуысы сарғаяды, жусан иісі шығып тұрады.

Болжау. Уланудың жіті түрінде эпилептиформды құрысып тырысу дене қзуының көтерілуі (40С ) терлеу болса болжам жағымсыз. Тырысып-бүрісі дене қызуы көтерілмесе, созылмалы түрінде жазылады.

5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығының «Фармакология токсикология, токсикологиялық анализ» пәнінен № 11 Дәріс



Модуль 3 Өсімдіктер токсикологиясы
Тақырыбы: Құрамы толық зерттелмеген, бірақ токсикологиялық маңызы бар басқа да өсімдіктер. Фотосенсибилизациялаушы өсімдіктер.
Сабағымыздың қысқаша мазмұнында қарастырылатын негізгі мәселелер:

  1. Токсикологиялық маңызы бар сүттіген өсімдігі токсикологиясына жалпы сипаттама;

  2. Кене дән өсімдігінің токсикологиясы;

  3. У кекіре өсімдігінің токсикологиясы;

  4. Фотосенсибилизациялаушы өсімдіктер токсикологиясы;

  5. Улану жағдайларындағы ветеринариялық іс шаралар.


Қосымша тапсырма: өсімдіктермен улануларға зертханалық сараптама. Химиялық-токсикологиялық зерттеуге сынама жіберудегі негізгі қағидалар, ережелері мен патоанатомиялық өзгерістерге сипаттама беріңіз.
1 Негізгі әдебиеттер.

1. Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Дәуір-2011, Алматы. 319 бет.

2 Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Нур-Принт, Алматы, 2009. 327 бет.

3 Малдың азықтан уланулары: Оқу құралы. / Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н. Семей .- 2010. 139 бет.



2 Қосымша әдебиеттер

1 Қожанов К.Н., Балтыбеков С.О. Қосымша оқу құралы. Малдың азықтан уланулары., Семей .- 2000. 71 бет.

7.2.2 Бурсинин И.А. Токсикология ядовитых растений. Москва 4-е издание. 1962г. 624с.

3 Руководство по клинической токсикологии / под ред. Е.А.Биртанова - 2006

4 Хмелинский Г.А., Локсионов В.Н., Повоз. Д.Д. Ветеринарная токсикология. Москва. 1987г. 319с.

5 Основы токсикологии / Авт.: П.П.Кукин, Н.Л.Пономарев, К.Р.Таранцева и др. - 2008


Мақсаты: Жануарлардың улы өсімдіктер және улы химикаттармен өңделген өсімдіктерді және сапасыз азықтық өнімдерді пайдаланудан, олармен қатынастық жағдайда және кездейсоқ жағдайда жануарларды азықтандыру технологиясының бұзылуы салдарынан туындайтын уланулар кезінде көрсетілетін ветеринарлық көмек және уланудың алдын алу іс шараларын ғылыми негізде түсінуді оқыту.

Өсімдіктер токсикологиясы негізінде – жануарлардың азықтық шөптермен улануы, удың азықпен жануар организміне түсуі және азықтық удың дербес жүйелер қызметіне әсері бар бөлімдері бойынша улы заттар әсерінің жалпы заңдылықтарына сәйкес улардың токсикодинамикасы мен токсикокинетикасы, әсер ету механизмдері, удың организмде шоғырлануы мен бөлініп шығу заңдылықтарын білу мақсатында беріледі. Улы өсімдіктердің ауыл шаруашылығында қолданылуы жағдайларында уланудың ықтималдығын, улану кезінде оларды балау және емдеу қағидалары үйретіліп, соттық-ветеринариялық сараптау, азықтық-токсикологиялық талдаудың негізгі әдістері жан-жақты түсіндіріледі.

Уланудан болатын патогенездік ерекшеліктерге байланысты қолданылатын дәрі-дәрмектер әсерінен жануарлар организміндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қалыпты жағдайына келіп, жұмыс істеуіне және организмнің уланбауының алдын алуды, дерттің ары қарай ұласпауына қатысты мәселелерді түсіндіре отырып, улану салдарынан лажсыз сойылған жануарлар өніміне немесе шикі затқа ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізу қағидалары оқытылады.
Сүттіген /молочай, / сүттіген тұқымдасына тұқымдасына жатады, Еуропада өте кең тараған өсімдік. ТМД – елдерінде бұл өсімдіктің і. Түрі өседі. өсімдіктің барлық түрі өз бойынан сүт тәрізді уытты сөл бөледі. Сүттіген бақша, жайылым, астықты зақымдайтын өте зиянды өсімдік.

Жануар сүттіген араласып кеткен шөпті жегенде улану байқалған. Улану белгілері өсімдіктің түрлік ерекшеліктеріне қарамастан барлығында бірдей болған. Сүттігеннің шырынының улы заты ЭЙФОРБИН болып есептеледі.

Сүттігеннен улану белгілері. Жануарлардың сүттігеннен улануы көбіне жайылым, яғни көк шөппен азықтану кезінде байқалып, улану жіті немесе жітілеу түрінде өтуі мүмкін. Сыртқы белгілерібарлық жануарларда бірдей өтеді. Уланудың созылмалы түрі де байқалуы мүмкін. Бірақ оларды балау өте қиын.

Жануар табыннан қалып қояды, сілекейі шұбырып, күйіс қайыруы тоқтайды. Сүттігенді жегеннен кейін 2-4 сағаттан соң байқалады. Тамыр соғысы әлсіреген, кілегей қабықтар бозарған, қарын атониясы, ішек перисталтикасы артады. Жагнуар құрсағына қарай береді. Қан аралас іш өту. Ауыр және өлімге соқтыратын улануларда геморрагиялық гастроэнтерит белгілері анық байқалады. Жүйке жүйесіндегі өзгерістер, бұлшық ет тартылады, сіресу уланумен білінеді. Кейде тәулік ішінде өлімге ұшырауы мүмкін.

Созылмалы түрінде алғашқы күндері жануарларда іш өту байқалып, соңы іш қатуға ұласады.

Жылқы. Дефекация мен несеп бөлінгенде қатты ауырсынуы, тамыр соғуы жиілейді және кілегей қабықтың гиперемиясы байқалады. Уланғанда негізінен ас қорыту жолдары зақымданады, гастроэнтериттің көбіне геморрагиялық түрі ұшырасады, кейде жылқыда жүйкелік құбылыстар да байқалады. Ұйқы басу, қарашығының кеңеюі, сіресу болады.

Балау. Жануарлардың сүттігеннен улануын сырт белгілеріне қарап, айыру қиын, себебі мұндай белгілер этиологиясы басқа аурулар кезінде де көрінеді. Сондықтан балауды сырт белгілеріне және азық құрамындағы сүттігеннің бар-жоқтығына қарап қояды.

Болжам. Симптомдары тез арада айқын көрінсе, болжам жағымсыз, өйткені мал өліп кетуі мүмкін.

Емі. Жіті түрінде ең алдымен жүрек жұмысын қалпына келтіру керек (койейн, камфора) қарынның ішіндегі азықты сыртқа шығару, кілегей қайнатпалар беру керек. Көп мөлшерде сүт, қою кофе, түймедақ шайын берсе көмектесуң мүмкін.

Гастроэнтеритті әдеттегідей емдейді. Ас қорыту жолдарында геморрагиялық зақымданулар ауқымды болса, емдеу аз нәтиже береді. Ішектердің ауырсынуларды майлы заттармен, препараттар беру арқылы жеңілдетуге болады.

Патологоанатомиялық өзгерістер. Жіті түрінде бауыр зақымданады. Егер мал уланнғаннан соң 3-4 күннен кейін өлсе, бауыр және бүйректің түсі сары балшық сияқтанып, тығыздығы босаңсып, өт қабы өтке толып кетеді, жүрек еті босаңсыған.

Алдын алу. Жайылымда 1-3% болса қауіпті емес, ал 10% дан асса жаппай улану байқалуы мүмкін. Жайылымды тазарту, тамырымен жұлу.

Кене дән (клещевина ) тропикалық елде биіктігі 10-13 м-ге жететін терек, тал секілді биік өсімдік. Бұл өсімдіктің құрамында алкалойд бар және басқа өсімдіктердегідей 15-20 емес ( қына ағашы, опий) жалғыз ғана болатындығын А.П.Орехов дәлелдеді.

Рицин( ) пиридин туындысы болып табылады және құрамында циан тобы бар алкалойдтарға жатады. Рициннің токсикологиялық маңызы әлі анықталмаған. Рициннің уытты әсері оның қанды ұйытуына байланысты, оны тері астына енгізгенде әсері қатты байқалады.

Бұл әдіспен енгізгенде ол стрихнин және синиль қышқылынан да күшті әсер етеді.

У кекіре (горчак, ) күрделі гүлділер туысына жататын, биіктігі 60-70 см, тамыр жүйесі жақсы жетілген көп жылдық арам шөп. Жергілікті атаулары. Василек, сибурлак, жыбырлақ. Гүлдері қалың жапырақты, сабақшаларының ұшында бір талдан орналасқан, түсі қызыл. Тамыры және тұқымдары арқылы көбейетін, өте улы және зиянды арам шөп.

Клиникалық белгілері. Жылқыларда улану іртүрлі уақытта бөлінеді. Және клиникалық белгілерінде әртүрлі көріністе болады. Қимыл-қозғалыс бұзылу, сіресу, күйзелу, бауырларында сыртылдаған дыбыстар шығады. Аяқтарының ісінгені байқалады. Перистальтика күшейген, іші өтеді. Дене қызуы 40 С көтеріледі, тамыр соғысы 60-80 рет/мин. Ауру ұзақтығы 12-14 тәулік, емдемесе өлім көрсеткіші төмендейді.

Балау. У кекіреден уланғанда балауды азықтық шөпке ботаникалық талдау жасамай қою мүмкін емес.

Клиникалық белгілер. Жылқының инфекциялық энцефаломиелитіне ұқсас келеді.

Емі. Алғашқы тәулікте аштық диета, суды шексіз беру. Шайнау бұлшық еттері салданған болса, жануарларды қолдан азықтандырған жөн. Ішке ихтиол (2л суға 10г) мен күкірт қышқылды магнезия (500г) енгізеді. Венаға 40% глюкоза  (200-400мл ) енгізген жөн.

Патологиялық өзгерістер. Макроскопиялық өзгерістер тек жіті түрінде ғана кездеседі. Созылмалы түрінде өзгерістер байқалмайды. Талақ ұлғаюы, жүрек еті мен бауырда дегенеративтік өзгерістер, ми қабықшаларының гиперемиясы байқалады.

Қырықбуын. (хвощ ) қырықбуынның уытты заттары туралы нақты мәліметтер жоқ. Кейбір шет ел зерттеушілерінің айтуынша батпақ қырықбуыны ЭКВИЗИТИН деген уытты зат бөліп шығарады. Бірақ қырықбуынның басқа түрінде бұл алкалоид кездеспеген.

Фотосенсибилдеуші өсімдіктер.

Сарыбасқурай (сарымсақты және оқ жапырақты сарыбасқурай) – бар сарыбасқурай барлық жерлерде өсетін арам шөп, түрі өте көп. Көбінесе күздік егістіктерде, жол жиегінде, арам шөпті жерлерде кездеседі. Сыртқы орта әсерлеріне өте төзімді өсімдік. Көп мөлшерде ұрық салып, жаздың барлық уақытында гүлдейді. Тұқымы арқылы көбейеді.

Токсикологиясы. Сарыбасқурай барлық түрлері улы болып саналады. Сарымсақты сарыбасқурай сүттің дәмін бұзатын өсімдік ретінде танылады.

Оқ жапырақты сарыбасқурай өте кең зерттелген, сарыбасқурайдың улы бастамасы туралы мәліметтер нақты емес. Тек қана олардың ұрықтары, пішені улы болып келетіндігі ғана белгілі. Жылқы сезімтал.

5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығының «Фармакология токсикология, токсикологиялық анализ» пәнінен № 12 Дәріс

Модуль 3 Өсімдіктер токсикологиясы
Тақырыбы: Жабайы және мәдени алқа тұқымдастарды, басқа да екпе өсімдіктерді мал азығы ретінде пайдаланғанда болатын токсикоздар.
Сабағымыздың қысқаша мазмұнында қарастырылатын негізгі мәселелер:


  1. Картопеен улануға жалпы сипаттама;

  2. Қызылша және басқа құрамында азоты бар өсімдіктер токсикологиясы;

  3. Улану жағдайларындағы ветеринариялық іс шаралар.


Қосымша тапсырма: өсімдіктермен улануларға зертханалық сараптама. Химиялық-токсикологиялық зерттеуге сынама жіберудегі негізгі қағидалар, ережелері мен патоанатомиялық өзгерістерге сипаттама беріңіз.
1 Негізгі әдебиеттер.

1. Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Дәуір-2011, Алматы. 319 бет.

2 Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Нур-Принт, Алматы, 2009. 327 бет.

3 Малдың азықтан уланулары: Оқу құралы. / Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н. Семей .- 2010. 139 бет.



2 Қосымша әдебиеттер

1 Қожанов К.Н., Балтыбеков С.О. Қосымша оқу құралы. Малдың азықтан уланулары., Семей .- 2000. 71 бет.

7.2.2 Бурсинин И.А. Токсикология ядовитых растений. Москва 4-е издание. 1962г. 624с.

3 Руководство по клинической токсикологии / под ред. Е.А.Биртанова - 2006

4 Хмелинский Г.А., Локсионов В.Н., Повоз. Д.Д. Ветеринарная токсикология. Москва. 1987г. 319с.

5 Основы токсикологии / Авт.: П.П.Кукин, Н.Л.Пономарев, К.Р.Таранцева и др. - 2008


Мақсаты: Жануарлардың улы өсімдіктер және улы химикаттармен өңделген өсімдіктерді және сапасыз азықтық өнімдерді пайдаланудан, олармен қатынастық жағдайда және кездейсоқ жағдайда жануарларды азықтандыру технологиясының бұзылуы салдарынан туындайтын уланулар кезінде көрсетілетін ветеринарлық көмек және уланудың алдын алу іс шараларын ғылыми негізде түсінуді оқыту.

Өсімдіктер токсикологиясы негізінде – жануарлардың азықтық шөптермен улануы, удың азықпен жануар организміне түсуі және азықтық удың дербес жүйелер қызметіне әсері бар бөлімдері бойынша улы заттар әсерінің жалпы заңдылықтарына сәйкес улардың токсикодинамикасы мен токсикокинетикасы, әсер ету механизмдері, удың организмде шоғырлануы мен бөлініп шығу заңдылықтарын білу мақсатында беріледі. Улы өсімдіктердің ауыл шаруашылығында қолданылуы жағдайларында уланудың ықтималдығын, улану кезінде оларды балау және емдеу қағидалары үйретіліп, соттық-ветеринариялық сараптау, азықтық-токсикологиялық талдаудың негізгі әдістері жан-жақты түсіндіріледі.

Уланудан болатын патогенездік ерекшеліктерге байланысты қолданылатын дәрі-дәрмектер әсерінен жануарлар организміндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қалыпты жағдайына келіп, жұмыс істеуіне және организмнің уланбауының алдын алуды, дерттің ары қарай ұласпауына қатысты мәселелерді түсіндіре отырып, улану салдарынан лажсыз сойылған жануарлар өніміне немесе шикі затқа ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізу қағидалары оқытылады.
Мал шаруашылығы саласында кейбір жағдайларда азық ретінде картоп, қарамықша, тары сияқты өсімдіктерді пайдалануға тура келіп, дұрыс азықтандырмаудан малдар улануы мүмкін. Осы себепті бұл жағдайды токсикоз ретінде қарастыруға болады.

Мысалы жүгерідегі нитриллгликозидтердің, ал картоппен және жабайы алқа тұқымдастарымен азықтандырғанда, олардың құрамындағы солониннің жинақталуынан улану туады.



Картоппен улану. Вегетациялық белгілі бір фазасында көптеп ерекше зат – гликозид солонин бөледі. Оның ерекше бөлу себебі гликозидтікте, алкалоидтықта (солонидин) қасиет көрсете алады. Сондықтан ол гликоалколоидтарға жатады.

Солонин картоптың, қызанақтың, баклажанның және т.б. да алқа тұқымдастардың құрамында болады. Солониннің токсикологиясы. Солонинді 1820 жылы көрнекті ғалым Деффос ашқан. Солонин суда және эфирде ерімейді, спиртте және ыстық суда әлсіз ерид, ал 1-2% қышқылда өте жақсы ериді. Солонин күйдіргіш, ащы дәмді, кристалды түрде болады.

Солониннің гликозид ретінде қайнату кезінде құрамы бұзылса, ал алкалоид солонидин өзгеріссіз қалып, улану белгілерін тудырады. Солонин теріні қабындырып, құрғатады және тітіркендіріп әсер етеді. Солониннің барлық әсері бүйректің зақымдануына (қатерлі нефрит), гастритке әкеп соқтырады. Сонымен қатар, тыныс алу мүшелері, жүрекөқан тамыр жүйесі зақымдалынады.

Құсу процессі тән болғандықтан шошқалар солонинмен көп уланбайды. Қанға жиналған солонин сапонин секілді әсер етіп, эритроциттерді гемолиздейді. Нәтижесінде несеп қызыл түстеніп кетеді.

Зертханалық тәжірибеде: қоянға 0.02г вена арқылы енгізгенде уланса. Аз мөлшерін (0.01) жылдам енгізсе өлімге ұшыратады, ауыз арқылы енгізілген 0.06-0.12г солонин қоянға өлтіре әсер етсе, итті 0.6г жіті уландырады 0.005г мөлшерін венаға енгізсе ит өлімге ұшыратады.

Клиникалық елгілері. Солониннен улану жіті , жітілеу, созылмалы түрде өтеді. Бұл азық құрамындағы гликоалкалоидқа және жануарлардың сезімталдығына байланысты өтеді. ЖІТІ түрінде – жүйке жүйес ізақымданады;

ЖІТІЛЕУ – жүйкелік-гастриттік белгілері;

СОЗЫЛМАЛЫ гастритке ұшырайды және тері зақымдалады.

Ірі қара мал – құрамында солонині бар өсімдікті жегенде бірнеше сағаттан соң уланып, салданып, өлімге ұшыратады, жүйке жүйесі зақымданады. Қатты уланғанда сілекей ағады, іші кебеді, іш өту, тері сезімталдығы төмендейді.

Жіті уланғанда – ас қорыту жолы қабынып, 2-3/ күнде өлімге ұшыратады. Ірі қара терісінің әр жерінде экзема (бөртпе) п.б. тұяқтары жарылып, жүре алмай ауырсынады, жалқы аяқ ағады. Улану белгілері ұқсас.

Ірі қараны көп мөлшерде ботвамен (өсімдіктің жер үсті бөлігі) азықтандырса атония, бауырдың зақымдануы, жүйкелік өзгерістер, кальций алмасуының бұзылуы, тері экземасы, сондай-ақ, іш тастау байқалады. Барданы көп бергенде терінің ойық жарасы (язвасы), гангрена, іріңді артрит, стоматит, асқазан қызметінің бұзылуы, дене қызуының көтерілуі, арықтау мен сепсиске әкеп соқтырады.

Ұсақ малдар. Солонинге қойлар төзімді, анемияға, уремияға, қошқарда ен қабы (препуция) қабынуына соқтырады. Ешкі өте сезімтал.

Шошқа. Солонинмен улану шошқаларда жиі кездеседі. Гастрит, жүйкелік зақымдану, іш өту, салданып 2-3/ күнде өлімге ұшыратады.

Жылқы. Басқа жануарлармен салыстырғанда едеуір сирек байқалады. Уланудың жүйкелік-гастриттік едәуір жиі байқалады. Нәжісі сұйық, түсі қоңыр-қызыл, құрамында кілегейлі масса болады. Кейде шаншу байқалады. Бүйрек қабынғанда зәр құрамында белок көбейеді, сірілі қабықтары қызарып, қанталайды.



Балау. Анамнез, клиникалық белгілерін талдау. Ірі қара улануы, аусылға, шошада обаға ұқсас келеді.

Болжам. Көпшілік жағдайда сауығады. Тек қана ірі қараның улануының экзантематозды формасы ғана сепсиске айналып кететіндіктен қауіпті, гастриттік түрде өткенде шығынға ұшырайды.

Емі. Негізгі ветеринариялық іс шаралар. Вератрин – 0.02-0.03г спиртке қосып тері астына енгізуге. Гастрит кезінде іш өткізгіштер (кастор майы) және тұтқыр заттар (танин) қолданады. Ішке 20-30% глюкоза ерітіндісін 500-1000 мл енгізу керек. Глюкоза ерітіндісін бір рет енгізудің өзі салдануды тырысуды қалпына келтіреді. (ихтиол, креолин т.б) кофейн, камфора ұолданады.

Патологоанатомиялық өзгерістер. әртүрлі формада өтуіне байланысты. Жүйкелік форманың патологиялық өзгерістері көзге көрінбейді.

Алдын алу шаралары. Картоп қайнатындысының суын малға беруге болмайды. Буаз малға шикі картоп барда берілмейді.



Қызылша және басқа құрамында азоты бар өсімдіктерге токсикологиялық сипаттама.

Мәдени және жабайы өсімдіктердің арасында топырақтан өз бойына көп мөлшерде азоты нитрат немесе нитрит түрінде жинақтайтын түрлері көптеп кездеседі.

Қызылшадан басқа – нитрат жинақтайтын астық тқымдастар: қара бидай, сұлы, арпа бидай, жүгері, күнбағыс т.б. жатады.қант қызылшасының үстіңгі бөлігін кесіп, сабағымен азықтандырғанда ауыру туындайды. әсіресе шірігенде қауіпті.

Шошқалар қызылшаны шикідей жегеннен уланбайды. Қызылшаны нашар булағанда, баяу суытқанда қызылша құрамындағы азот қышқылы тұздары денитрификацияға ұшырайды да күшті уларға жататын нитриттер түзіледі.

Нитриттер кәдімгі қызылша шикі күйінде шірігенде түзіледі. Ірі қара мал шіріген қызылшаны жеп қойса улану туындайды. Шошқалар үшін қызылшамен ас тұзынан улану ең қауіпті болып саналады.

Қызылшадан уланудың клиникалық белгілері.

Ірі қара малда жіті түрде өтеді. Кейде нәжіске қан аралас болады. Шошқаларда улану ірі қараларға қарағанда тез өтеді. Бұл шошқалардың сезімталдығын жоғары екендігінің дәлелі. Денесі сіріесіп шығынға ұшырайды.

Балау. Клиникалық көрініс пен анамнез мәліметтеріне қарап қойылады.

Болжам. Шошқаларда қолайсыз, шығын көп боады. Қанға метилен көгін енгізгенде жақсы нәтиже беруі мүмкін. Оны малдың 1кг салмағына 0.01-0.02г есебінен 2% дық ерітіндісін құлақ көк тамырына енгізеді.

Патологоанатомиялық өзгерістер. Кілегей қабығы бозарған. Паренхиматозды мүшелер қан тамырлары қанға толған. Қан қара немесе қара күрең түсті нашар ұйыйды. Ішектер геморрагиялық қабынған.

Алдын алу. Қызылшаны жақсы қайнату, пісуіне көңіл аудару. Ұзақ уақыт суытпау керек. Кешке пісірген қызылшамен ертеңгісін азықтандыруға болмайды. Шошқаға турап пісірген дұрыс. Қызылша суды малға бермейді.


5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығының «Фармакология токсикология, токсикологиялық анализ» пәнінен № 13 Дәріс

Модуль 3 Өсімдіктер токсикологиясы
Тақырыбы: Микоздар және микотоксикоздар
Сабағымыздың қысқаша мазмұнында қарастырылатын негізгі мәселелер:


  1. Қосымша тапсырма: Микоздар және микотоксикоздармен улануларға зертханалық сараптама.

Микотоксикоздар
1 Негізгі әдебиеттер.

1. Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Дәуір-2011, Алматы. 319 бет.

2 Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М., Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Нур-Принт, Алматы, 2009. 327 бет.

3 Малдың азықтан уланулары: Оқу құралы. / Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н. Семей .- 2010. 139 бет.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет