Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Дәріс 14. ТМД топырақ қоры



жүктеу 4.12 Mb.
бет19/22
Дата19.09.2017
өлшемі4.12 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Дәріс 14.

ТМД топырақ қоры

ТМД елдерінің жері әлемнің құрғақ жерінің 15%-ын алып жатыр. Бұрынғы Одақ елдерінің жер қоры көп болғанымен, ауыл шаруашылығы үшін игеруге ыңғайлы жерлер аса көп емес. Барлық жер корының 58 пайызы – суық тундра, 15 пайызы – шөлді және жартылай шөлді аймақтар, небәрі 27%-ын ауыл шаруашылығына ыңғайлы жерлер. Бұл аймақтарда қосымша жер игеру болашағы аса көп емес. Жер бетінде халық саны жыл санап, үдемелеп өсіп келеді.

ТМД аумағында топырақ типтері зоналы және азоналы түрде кездеседі.

Солтүстіктен оңтүстікке қарай мына топырақ түрлері кездеседі.

1. Тундралық – глеилі топырақ

2. Тайгалық күлгін топырақ

3. Қоңыр орман топырағы – (аралас орманда кездеседі).

4. Жалпақ жапырақты орман зонасы

5. Қара топырақ (орманды дала және дала зонасында кездеседі).

Дала зонасында гумыс қабаты 1-1,5 м дейін жетеді.

1. Каштан топырақ – шөлейіт зона

2. Қоңыр және сұр шөлейіт зонасының топырағы

3. Қызғылт және сары топырақ (ылғалды құрғақ субтропиктерде кенздеседі).

Азональды топырақ түрлері



  1. Сортаң топырақ

  2. Тақырлар – дала, шөл шөлейіт

  3. Альювилі топырақ - өзен бойындағы топырақ

  4. Биік таулы аймақтар тундраға жатады – биік таулы беткейлерде топырақ зоналар бойынша кездеседі.


Арктикалық және тундралық зоналардың топырақтары

Әр табиғи аймақтың басты топырақ типі болады. Топырақ типтеріне танысудың екі жолы бар: бірінші топырақ құрал жағдайларына сәйкес таратылу арқылы. "Топырақ географиясы" курсіне соңғы жол белгілі болғандықтан, топырақтарды шолу ТМД-да т араған ланшафтарға сәйкес беріледі. Ландшафт деп Полынов "Белгілі бір жыныстар немесе шөгінділерде құралған топырақ және өсімдік жамылғысы, сол жердің релеф элементтерін, территория біріншілігін" айтады. Бұл түсінік "биогеоценозға", жақын, солтүстік жарты шарды Солтүстік мұзды Мұхит аралдары мен Евразия материгінің солтүстік бөлігінде, Арктика жіне соған таяу белдеуде орналасқан өзгеше ормансыз ландшафтарды қамтиды. Олардың алабы әлемде 4, ал ТМД-да 8 %-ға тең. Бұл территорияда арктикалық және тундралық ландшафтар ажыратылады, бұлар салыстырмалы жасы бар жарандылар, құралуы мен қалыптасуы төрттік дәуірдің материктік ұлы тегі бар мұзарттардың дамуына байланысты. Арктика топырақтары ТМД территориясында Солтүстік мұзды Мұхитының Франц-Иосиф, Жаңа солтүстік жерлер мен Жаңа Сібір аралдарында және Таймырда тараған. Арктика климаты өте қатал: орташа жылдық t0=10-140C. Жаздағы тәуліктік t0=50C-тан аспайды. Орташа жылдық жауын-шашын түсімі 50-100 мм. Жылы мезгіл 50 күн-ақ. Рельефі тұрғысынан мұзарттық мұжымды және аккумулятивті бедер түрлері басым; кіші бедерге көбінесе, крио-мұзтекті – теріс температурада таулық жыныстардың өзгеруіне байланысты тасты-сақиналы, тасты-көпбұрышты түрлері жатады. Біркелкі құмайт-құмбалшықты шөгінділерде полигондар жаралады да, олар 4-5 және 6-бұрышты бедерлік түрлер құрайды. Арктикалық құрлықтың көп бөлігіндегі іргелі жыныстар бетін төрттік дәуірдің борпыл салындылары жапқан. Олар топырақ құраушы жыныстарды құрайды, тектік жағынан мұздық, мұзсулық және теңіздік жеңіл салындыларға жатады.

Арктикалық және арктика-тундралық топырақтардың морфологиясы мен құралуы тіпті, ерекше. Топырақ кескінінің қалыңдығы мерзімді тоң жібитін қабатпен анықталады, ол орташа 40 см-ге тең. Ойпаң жерлердің мүк жамылғысы астындағы тпырақтың бетінде сәл дамыған (1-3 см) торфтау қабатшасы болады, оның астындағы қабатта қарашірінді 3-5%-дан аспайды; гумус құрамында фульвақышқылдар басым, оған қоса сәл күрделі өзекті жеңіл еритін гумин қышқылдары бар. Ол белсенді микробиологиялық (балдырлар, бактериялар) әрекетің нәтижесі. Жазда қар мен тоң ерігенде топырақ мол ылғал тартады. Бірақ тәулік бойы күннің сәулелік қуаты мен күшті жел әсерінен топырақ тез кеуіп кетеді-де, полигон бетін жүйелі (көпбұрышты) жарықтар басады. Ылғал құбылымы мен биогеохимиялық процестер нәтижесінде арктикалық топырақтар ортасы сәл қышқыл немесе сәл сілтілік келеді. Топырақтың жұту кешені негіздерге (Са басым) қанған, теңіз жағасындағы аудандар топырағында Mg мен Na мөлшерлері артады. Қысқы мерзімде топырақтың құрғауына және оның бетіне криотекті (тоңдық) тұздар көтерілуіне байланысты, кейбір жерлер сортаң тартады, ал төмендеу-өзен терасаларында тіпті теңіздік сорлар түзіледі. Шпицберген топырағының торфты қабатында ауыр металдар мен стронций шоғырланған.

Тайгалы-орманды зоналарының топырақтары

Тайгалық аймақтың климаты заңды солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді, яғни радиация балансы артып батыстан шығысқа қарай ызғарлы өседі. Карелия тайгасында орташа жылдық және шілделік температура сәйкес -10-нан +150С-қа ауытқиды, орташа жылдық атмосфералық түсім 500 мм-ге тең. Енисейден әрі шығысқа жылжығанда аймақтың климаты ызғарлана түседі және элементтері сәйкес -300 +7,50С мен 200 мм-ге дейін төмендейді. Аймақтың жазы қоңыр салқын, оң ылғал балансты, яғни ылғал түсімі буланудан асады да, топырақ, кескінінде ылғалдану шайылмалы типті қалыптасқан. Оған таяз жатқан тоңда ықпалын тигізеді. Топырақ құраушы жыстар көбінесе мұзаттық немесе мореналық ысырындыларынан тұрады. Сирек көл мен мұзарттың ауыр салындылары жолақты балшықтар кездеседі. Орал тауына қарай жылжығанда борпыл жыныстар қойтастардан ажырап, құмбалшықтанады.

Аймақтағы басты өсімдік типі – бүрілі орман. Балтық қалқаны территориясындағы басым ағаш түрлері – аққарағай, шығыс жағында – шырша, май қарағай, Оралдан әрі соңғысы көбейіп, балқарағай мен самырсын қосылады. Орталық және шығыс Сібір жерін ашық бүрілі орман басқан, ол: солтүстік аймақшада батпақты бүрілі ормандар, оңтүстік аймақшада биік діңді бүрілі ормандар тараған болып екіге бөлінеді.

Шығыс-Еуропалық солтүстік және орталық тайгасында иллювийлі-қарашірінділі және иллювийлі-темірлі күлгіндер тараған. Шығыс Еуропа тайгасында гидроморфты топырақтар жаралуы батпақтану процесіне байланысты. Батпақты ойпаңдар жағалауында батпақты-шымтезекті, торфты-глейлі топырақтар қалыптасқан. Оларда шымтезек қабаты 30 см-ге жетеді, оның астында көгілдір глейленген жиек жатады.

Күлгін топырақтар айқын құмды және құмайтты жыныстарда дамиды. Топырақ кескіні қалыптасуында минералдық түйірлердің жылжуы байқалмайды, өте майда түйірлер тым аз. Күлгіндік жиекте темір тотығының азайғаны көрінеді де, В жиекте оның мөлшері артқан.

Шымды күлгінді топырақ – Шығыс Еуропалық тегістігіндегі оңтүстік тайгада аралас ормандар мен шабындық шөптесіну өсетін жерде жаралатын топырақ. Күлгін қабатын шым басып, топырақтың құнарлығы арта бастайды. Шымды қабаттың қалыңдығы өскен сайын күлгін қабат бірте-бірте жұқаланады да, күлгінденуі басылады. Соған сәйкес жұқа орташа және қалың шымды, қалыңдығы орташа және өте күлгінді топырақтар құралады. Құнарлығы жоғарысы- қалың шымды аз күлгінді. Топырақ шым қабаты гумуске, қорек заттарына бай, бейтарап орталы жұту сыйымы жоғары, берік, уақ дән түйіртпекті келеді. Одан төмен элювийлі күлгін қабатша керісінше, қышқыл орталы, құнарсыз болады.

Топырақ құралу жағдайлары тайга аймағында, Енисейден шығысқа қарай, күрт өзгереді, климаты ызғарланады. Бұл өлкеде тұтас мәңгі тоң тараған өсімдік жамылғысы да ерекше, топырақ құрайтын жыныстар тас сынықтары мен үгіндісінен тұрады, қабаты жұқа болады. Сондықтан Орталық пен Шығыс Сібірде күлгін процессі айқын басылып, ерекше тайгалық қоңыр тоңды темірлі топырақтар қалыптасқаны дәлелденген. Бірақ оларға жалпы әлпет тән болғандықтан, бір қышқыл қоңыр тайгалық топырақ типіне жатқызады.

Тайгалы-ормандық топырақтарды игеру өте қиын іс, себебі мұнда өсімдік жамылғысы – тұтасқан орман, басым батпақтану мен тоңдану құбылыстары, топырақтың құнарлылығы төмен.

Тайгалы аймақтың Шығыс Еуропа- Батыс Сібір облысының оңтүстік жартысында егіншілік алабы 2-ақ %, ал солтүстікжартысында тіпті, аз (0,1%). Топырақ құнарлығын көтеру жолдары: органика-минералдық тыңайтқыштарды үстеп беру, қышқыл ортаны әк беріп бейтараптау, ауыспалы егіс пен озат агротехнологияны енгізу, микроэлементтер қолдану топырақтың ылғал-жылу тәртібін жақсарту, эрозияға тосқауыл қою, т.б. Картоп өнімі әжептәуір (130%) әсіресе, мол берілген NPK+ торф пен көң компостынан көтерілген.
Батпақты топырақтар

Батпақтану –1) аймақтың физикалық-географиялық жағдайына байланысты артық немесе мөлшерден көп ылғалданудан, атмосфералық судың іркіліп жиналуынан (топырақта су өткізбейтін қабат болса немесе суды бей-берекет пайдаланғаннан), суармалау процесінің бұзылуынан және грунт суы деңгейінің жер бетіне жақын жатуынан ойпаңды жерлердің, топырақтың суға толығымен қанығуы. Батпақтану екі процестен тұрады: алғашқысы шымтезектену (шала шіріген органикалық қалдықтардың жинақталуынан), екіншісі қорыс-қопалануға (топырақтың артық ылғалдануынан оксидсіз қосылыстардың түзілуі) байланысты өтеді де, батпақты топырақтар түзіледі. Топырақтын батпақтануы оның агрономиялық қасиеттерін нашарлатады. Батпақтану ағыстың тартылуына байланысты топырақ пен жер қыртысының мөлшерден тыс ылғалдануынан, жерасты суларының көтерілуінен немесе булану процесінің бәсеңдеуінен пайда болады. Жердің батпақтануы және жердің шымтезекті түріне айналуы деп сараланатын екі түрі болады; 2) геоботаникалық, топырақтық, гидрологиялық және геологиялық зерттеулердің нәтижесіне негізделген батпақ тұралы ғылым саласы.
Жалпақ ормандардың орманды құба топырақтары

Жалпақжапырақты орман құба топырақтары. Калиниград облыстары, оңтүстік Қиыр Шығыс аймағында, Закарпат жазықтықтарында (Уссурийско – Ханкайская және Зецско – Буреинская) жалпақжапырақты орман құба топырақтары тау етегiндегi таралған. Таулы қоңыр орман топрақтары Карпатта, Кавказда, Қырымда, Алтай тауының солтүстік шығыс және Сихоте-Алине де кездеседі.

Қоңыр орман топырақтарының жалпы көлемі 10,1 млн гектарды, шалғындық қара топырақпен қоса Амур прерийi 20 млн гектарды құрайды.

Топырақ түзілуінің табиғи жағдайлары. Батыс аудандардың климаты жылы және ылғалды, жауын- шашын мөлшері жылына 1000 мм және ауада таралуында 350-ден 400-ге дейін, ол топырақтың су шайғышш режимін анықтайды. Кезеңдегі жалпы температура 10 °C -тан жоғары 2000-3000 °C.

Шығыс аудандар ұзақ аязды кезеңді, терең мұзданумен топырақтың баяу еруімен суық муссонды климатпен сипатталады.

Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері жаздық муссонды жаңбырлы кезеңмен айқындалған 450-600 мм. Ауада таралуы 430-550 мм. Кезеңдегі жалпы температура 10 °C-тан жоғары 1900-2600 °C.

Топырақ түзілуінің басты породасы элювиалды-делювиальды және аллювиалды қалдықтар болып табылады.

Батыстың өсімдікті жабыны еменді орманымен, шамшатпен, грабпен, талшынмен, аршамен және жақсы дамыған түрлі шөптермен сипатталған. Қиыр Шығыста – қылқанды жалпақ жапырақты еменді ормандар, жөке, қара қайын, амыр барқыты, саян шыршасы, самырсын, қарағайлы аласа ағаштар леспедециясы және жақсы дамыған шөпті жабынды даур родендроны. Құба топырақты ормандар дамыған Таулы Алтай аудандарының шөпті жабыны самырсынды, жапырақты самырсында шөптесін және шөптесін мүкті орманды типтерінен тұрады.

Қиыр Шығыстың өте құрғақ аудандарында, яғни Зея және Бурея өзендерінің террасаларында жалпақ жапырақты ормандар шалғынды дала, дәнді бұршақты түрлі шөптесін өсімдіктермен тал және жаңғақтыққа ауысады. Осында минералды құрамы бойынша қоңыр ұқсас бірақ терең гумусты амур прерийнің өзіндік шалғындық қара топырағы қалыптасады. Олардың ішінде шалғындақ батпақты және батпақты өсімдіктер кездеседі.



Генезис, кескіннің құрылысы. К. Д. Глинки, В. Р. Вильемса, Л. И. Прасолова, И. Н. Антипова-Каратаева, Ю. А. Ливеровского, И. П. Ливеровского, С. В. Зонна және т.б. ғалымдардың зерттеулері арналған қоңыр орманды жерлермен арналға.

Құба орманды топырақтың пайда болуы қоңыр топырақты жерлердің пайда болу процесімен, гумусоакумуляция, балшықтану мен лессиваж болып табылатын жердің басты элементі процестерімен байланысты.

Құба орманды жерлердегі гумусоакумуляция процесі қылқан жапырақты орман жағдайларында және су режиміндегі шайғыш типті түрде өтетін заттардың азотты кальциге бай биологиялық айналыммен байланысты.

Құба топырақтың пайда болуына заттардың шайылуы және олардың жабындағы және гумустық көкжиектегі биологиялық аккумуляциясы. Жерге түскенде күлді элементтердің көп бөлігі, сонымен қатар кальций тұздары қайтып келеді. Органикалық қалдықтардың шіруі темірмен комплексті байланыс түзетін, қоңыр гуминді қышқылдар түзетін және фульвоқышқылдарды бейтараптайтын негіздерге бай ортада жүреді. Бұл заттар қоңыр орманды жерлердің кескінің өзіне тән қоңыр түске бояп отырып, маңызды тереңдікке енеді. Топырақ құрылымының жарты бөлігі жер кескінінің шегінен шығарылады.

Құба орманды топырақты айқындайтын басқа да процестің бірі – ол кескіннің барлық қалыңдығының балшықтануы.

Балшықтану – бұл топырақтағы екінші глина қабатының биохимиялық және химиялық агенттердің ықпалынан орын алуы сияқты, екінші синтездеу процесі органикалық қалдықтары өнімдерінің минералдануының нәтижесінде пайда болатын процесс.

Балшықтануға ұзақ кезеңмен қалыпты температура жағдайында кескіннің жетерлікті ылғалдануы және микроорганизімдердің тіршілігінің белсенді қатысуымен заттардың биологиялық айналымының интенсивті өту процестері.

Балшықтануда топырақ органикалық қалдықтарының өнімдерінің минералдануынан кескінінде тұнба және темір, алюминий, марганец, фосфор, магний, кальций және басқа да элементтер. Үгілу және топырақ пайда болу процесстері кезінде қоңыр топырақтардағы ормандарда пайда болған қозғалғыш темір формалары биологиялық айналымға, гумус жинауға қатысады, топырақ массасын жүйелеумен басқа да процестерге қатысады.

Құба орман топырағының генезисінде лессиваж процессі маңызды болып табылады, яғни балшықты бөлшектердің химиялық құрамының еш өзгеріссіз топырақтың жоғарғы көкжиегінен төменгіге ауысуы.

Құба орманды топырақтың кескінінің құрылысы әлсіз диференциациямен сипатталады. Орман жамылғысының астынан 5-20 (30) см қуатты қарашірікті аккумулятивті көкжиекке (А) бөлінеді, қошқыл қоңырдан қара қоңырға дейін, болбыр, түйірлі құрылымды, батпақты-иллювиалды көкжиекке ақырын ауысып отырады, 25-50 см қоңырдан қошқыл қоңырға дейін, түйіртпектес түйірленген түрден жиі шағылды, топырақтың пайда болу түріне ауысады.

Классификациясы. Құба орманды топырақ типтерін: кәдімгі қоңыр орманды, қоңыр орманды күлденген топырақ, қоңыр орманды глейлі топырақ және қоңыр орманды күлденген глейлі топырақ, сондай-ақ түрлі климаттық жағдайларда қалыптасқан өзіндік фациалды үлгі асты: жылы қоңыр орманды, қалыпты, суық, тоңғақтық, терең тоңғақтық типтестерге бөледі.

Құба орманды күлденген топырақ типтестердің күлденген А2 көкжиегімен генетикалық көкжиекте морфологиялық анықталған кескіннің дифференциациясы. Қоңыр орманды глейлі топырақ кескініне боз және қызғылт қоңыр дақтар мен темір мерганецті конкрециялар тән.

Типтестердің шегінде жынысты топыраққұрушы тұқымдардың белгілеріне (қалдықты-карбонатты, қызғылт, тасты) немесе сал үдеріс ерекшеліктеріне (екіншілей-шымды, үстірт глейлі және терең глейлі) қарай ажыратады.

Құба орманды топырақ түрлерін гумус құрамына гумусты А горизонтының қуатына байланысты бөледі: көпгумусты >8%, ортагумусты 3-8, азгумусты < 3%, қуатты – А горизонты > 30 см, ортақуатты- A 20-30, азқуатты – А > 20 см.

Құрамы мен қасиеттері. Типті құба орман топырағына механикалық элементтерінің фракциясының кескін бойынша біркелкі реттелуі тән. Ауыспалы иллювилды текстуралы көкжиекте (Вt) тұнба құрамы жоғарылайды, ол лессиваждын байқалуы мен балшықтану процессін анықтайды.

Құба орманды күлді топырақтың кескініндегі жоғарғы көкжиектен төменгі көкжиекке қарай тұңба түйіршіктердің санының көбеюі күлдену процессінің айқындалуымен байланысты. Тұнба құрамына каолинитті және монтмориллонитті минералдары, сондай-ақ гидрослюдалар, аморфты заттар мен жартылай оксидті минерал (гетит, гиббсит) топтары кіреді.

Құба орманды топырақтың кескіні бойынша үйіңді құрамы өзгермейді.

Құба орманды топырақтың типтестері қасиеттеріне қарай: гумустылығына, pH, топыраққұрылу процессінің бағытына қарай, сыйымдылық дәрежесіне байланысты өзгешелеу.



Қолданылуы. Қалыпты жағдайда қоңыр орманды топырақ ормандардың жоғары өнімділігімен қамтамасыз етеді және олардың орман өсімдіктерінің қасиеттері жоғары бағаланады. Жоғары гумустылық, жағымды су-ауа режимі топырақтың қоректі заттармен, яғни өсімдіктердің жоғары өнімділігімен қамтамассыз етеді. Таулы аймақтардағы еңісті жер бедерінде эрозияның пайда болуын ескеру қажет. Жарлауыттарда жаппай ормандарды кесу, кесілген бұталардың жиналуы, сондай-ақ жүйесіз мал бағу эрозияның дамуына және топырақ қабатының жоғалуына әкеледі. Осыған орай топырақты эрозиядан қорғауға байланысты комплексті іс-шаралар жүргізу қажет.

Бедердің жағымды жағдайларында қоңыр орманды топырақтар жоғары өнімді алқапқа айналады. Олар көбіне егістік дақылдарға, көпжылдық жеміс-жидектілерге жарамды. Жыртылған қоңыр орманды топырақтарда гумустың жылдам минерализациялануы, олардың негіздермен қанықтылығы төмен болғандықтан өнімділікті жоғарылату үшін ауысымды әктеуді, органикалық және минералды тыңайтқыштарды топыраққа енгізуді қажет етеді. Жалпы бұл– тиімді өнімділікті сақтаудағы шараларды аз мөлшерде жүргізетін көпмақсатта пайдаланатын топырақтар.


Орманды-дала зонасының орманды сұр топырақтары

Орманды-дала зонасындағы сұр және сілтісізденген қара топырақтары. Күлгін топырақты зона мен қара топырақты зоналардың арасында жіңішке болып ирелеңдеп, батыстан шығысқа қарай созылып, өтпелі зона – орманды-далалы, орманның сұр және шалғынды-даланың сілтісізденген қара топырақтары жатыр. Бұл – негізінен ормандар мен ормансыз шалғынды шөп өсетін алқаптардың топырақтары. Жалпы орманды дала зонасының көлемі 150 млн гектардай немесе ТМД елдерінің 6,8%-ын қамтиды.

Орманды территорияларда орманның сұр топырағы, ал ормансыз жерлерде шалғынды қара топырақ пен сілтісізденген қалың қабатты қара топырақ таралған.

Ауа райы орманды зонадан жылылау, ал далалы зонадан салқындау. Зонаның батыс бөлігі жылырақ және жауын-шашын молырақ, ал шығысқа қарай күн суыта түсіп, ылғал мөлшері азаяды.

Емен өскен жердегі сұр топырақ мынадай болады:



А0 – орман төсеніші 2-4 см, қара қоңыр түсті, топырақпен аралас;

А1 – қалыңдығы 20-25 см, түсі қара сұр, өсімдік тамырлары көп таралған;

А2 – қалыңдығы 20 см-дей, сұр немесе қоңыр сұр түсті, аздаған күлгін тартады;

В – қоңырлау түсті, нығыздалған иллювиалды қабат, қалыңдығы 90-130 см-ге жетеді;

С – ақшыл қоңыр, В горизонтынан тілім-тілім болып кейбір жолақшалар түседі.

ТМД елдеріндегі суббореалдық белдеудің жылылау әрі ылғалы молырақ мұхит секторларына жақын орналасқан Батыс Еуропа мен Қиыр Шығыстың кең жапырақты ормандары түбінде орманның құба (бурые) топырақтары түзіледі. Батыста бұл Карпат тауларының етектері, Калининград облысының жерлерін, Беларусь пен Литва мемлекеттерінің батыс бөліктерін, шығыста теңіз жағалау өлкесінің таулары арасындағы ойпаттарын, Хабаров өлкесінің және Амур облысының оңтүстіктерін қамтиды. Бұл топырақтардың жалпы көлемі 20 млн гектардай жерді алып жатыр. Ал таулы құба топырақтар Кавказда, Қырымда, Карпат пен Сихот-Алин тау белдеулерінде орын алған.

Бұл зонаның топырақтарында қоректік заттар мол, физикалық қасиеттері қолайлы, құнарлы келеді. Орманның сұр топырағының құрамындағы қара шіріндінің мөлшері 2-6%, ал шалғынды қара топырақтарда қара шірік 10%.

Бұл зона егістік үшін жақсы игерілген. Игерілу жөнінде қара топырақты зонадан кейінгі орынды алады. Зонаның 40% астамы жыртылған жерлер. Негізінен бидай егіледі. Зонаның көп жерін орман алып жатыр. Зонаның негізгі жерлері Ресей мен Украинаға тиесілі. Қазақстанның ең шеткі терістігінде бұл зонаның бір азғантай бөлігі кездеседі.


Құрғақ дала мен жартылай шөл даланың топырақтары

Қара топырақты шалғынды-дала зонасының оңтүстігіне қарай ауа райы құрғақтай бастайды. Бұл алқаптардың ауа райы жылы. Ауадан түсетін ылғалдан булану мөлшері де мол. Ылғал мөлшері жылына 200-300 мм-дей. Осыған орай, өсетін өсімдіктер де өзгереді. Қалың өсетін бозды-бетегелі даланың орнын сирегірек өсетін бетегелі-жусанды құрғақ дала басады. Осының әсерінен өсімдіктердің топыраққа түсетін қалдықтары да азайып, қара шірінді мөлшері кемиді, қара топырақтың түсі қара қоңырға өзгереді.

Құрғақ даланың зоналық топырағы – қара-қоңыр. Жалпы көлемі 107 млн гектар, яғни ТМД елдерінің 4,8%-ын алып жатыр. Негізгі көлемі Қазақстан территориясында.

Қара шірінді мөлшері бұл топырақтарда 2%-4% арасында. Қара қоңыр топырақтың морфологиялық құрылысы төмендегідей:

А – 0-20 см, қара қоңыр түсті, нығыздалған, 35-45 см-ден әк кездеседі.

ВС – 50 см-ден төмен ашық ақшыл, көптеген әк қосылыстары бар.

С – 100-120 см-ден гипстелген аналық тау жынысы қабаттары кездеседі.

Бұл зонаның өзі де терістіктен оңтүстікке қарай жылжыған сайын бірнеше зонашаға бөлінеді. Зонаның ең солтүстік бөлігінде күңгірт қара-қоңыр топырақ, орталығында жай қара-қоңыр топырақ, ал оңтүстігінде ашық қара-қоңыр топырақтар кездеседі. Ең терістігіндегі зонаша құрғақтау дала саналса, ортасындағы зонаша – нағыз құрғақ дала, ал зонаның оңтүстік шеткі бөлігі жартылай шөл (шөл дала) зонашасының үлесіне тиеді. Бұл топырақтарды пайдалануды Қазақстан мысалында қарастырамыз.

Ауа райының құрғақтығынан зонаның басым бөлігін жайылым алып жатыр. Зонада сортаң және сорланған топырақтар мол. Дегенмен, күңгірт қара қоңыр, жай қара қоңыр топырақтар зонашаларының кейбір аймақтарында жыртылған жер көлемі бұл зонашалардың 20-30%-ға жуығы құрайды.
Сорланған топырақтар

Сор топырақ, орманды дала, дала, шөлейт және шөлді аймақтардағы құрғақ климат жағдайында топырақтың тұздануы нәтижесінде қалыптасады. Құрамында суға тез еритін тұздар көлемі 1%-дан артық болады. Сор топырақ 2 типке бөлінеді: автоморфтық сор топырақ жер бетіне ежелгі тұзданған жыныстардың шығуынан қалыптасады, құрамында тез еритін тұздардың көлемі 0,5-1%-ды құрайды (сульфаттар, хлоридтер), гидроморфтық сор топырақ минералданған топырақ – жер қыртысы суларының жер бетіне жақын орналасуы, олардағы тұздардың булануы барысында жоғарғы горизонтта 6-8%, одан да көп мөлшерде тұздардың жиналуы жағдайында дамиды. Қолдан суарған кезде жерасты ағысы жоқ немесе ағысы өте нашар жерлерде көп ұзамай жерасты ыза сулары пайда болып, олардың деңгейі жоғары көтеріліп, бетіне жақындап, буланып, топырақ бетінде мол тұздар қалдырады. Бұл жағдайды топырақтың екінші сорлануы, яғни жерді суарумен байланысты сорлану деп атайды. Құрамында тұзы мол сор топырақ немесе тұзы аздау сорланған топырақтар онда өсетін өсімдіктер үшін өте зиянды. Сор топырақта тұздардың деңгейі жоғары болса, өсімдіктер өнімі соғұрлым төмен болады. Сондықтан суармалы егіншілік жағдайында топырақтың сорлануымен күресу – басты мәселелердің бірі. Жерасты ағысы нашар алқаптарда сорланған топырақтарды тұщы сумен шайып, ыза суларды қолдан қазылған кәрізді-коллекторлы жүйелер арқылы басқа жаққа ағызу қажет. Жалпы сор топырақ өзінше белдем түзбейтін, белдемаралық топырақтарға жатады. Сор топырақтарды қолдан жақсартпайынша, оларды ауыл шаруашылына пайдалану тиімсіз. Орталық Африкада, Австралияда, Солтүстік Америкада, Каспий жағалауларындағы ойпаттарда, Солтүстік Қырымда, Орталық Азияда, Қазақстанда таралған.
Шөл зонасының топырақтары

Терістік суық шөлді зонаның топырақтары. ТМД елдерінің оңтүстігінде түсетін ылғал мөлшері өте аз, сондықтан да мұнда биологиялық тіршілігі шамалы дамыған шөлді зона кездеседі.

Шөлді зона ТМД елдерінің барлық жер көлемінің 9-10%-ға жуығын алып жатыр, көлемі 220 млн гектардан асады, оның басым көпшілігі Қазақстан мен Орта Азия республикаларында, шамалы бөлігі Каспий жағалауының терістік батысындағы Астрахань облысының территорияларында.

Бұл зонаға күн сәулесі мол түседі, вегетациялық уақыт, ұзақ қоректік минералдық заттар жеткілікті, ал жеткіліксізі – тек ылғал мен органикалық заттар. Ауадан түсетін ылғалдың жылдық мөлшері 80-120 мм, ал жерден булану мүмкіндігі бұдан 10-15 есе артық. Бұл өсімдіктердің қалыпты өсуіне жеткіліксіз: Мұнда шөлге бейімделген кейбір сирек өсетін бұта, сор шөптер шығады, ал кейбір жерлерде ол да жоқ.

Топырағында қара шірінді өте аз (0,5-1,5%) болғандықтан, оның түсі ақшыл, бозғылт болып келеді. Зонаның терістік бөлігінде негізінен жусанды шөптер өсіп, онда құба (бурые) топырақ, ал зонаның оңтүстік бөлігінде жусанды-соршөптер басым, мұнда сұр құба (серобурые) топырақ түзілген.

Бұл аймақтағы топырақтарда сулану аз, булану көп болғандықтан, топырақ құрамында карбонаттар, гипстер, суға тез еритін басқа да тұздар мол.

Шөлдің көп жерлері жайылымды жерлер. Бұл аймақтарда өсуге жайылымдық сор шөптер бейімделген. Мұнда түйе, қой шаруашылығы, әсіресе, қаракөл тұқымын өсіру жақсы жолға қойылған. Бұл зонада тақыр мен құм басып жатқан жерлер де жеткілікті. Бұл зонаның жерін пайдалану жөнінде төменде толығырақ айтылады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет