Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Талдықорған қалалық ІІБ бастығының қыз зорлауына оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол істің қай кезеңде екенін айта алмайтынын, әлі тергеу жүріп жатқанын және материал сотқа жіберілген кезде барлығы белгілі болатынын жеткізген.

Сондай-ақ ол осы оқиғадан кейін ішкі істер министрлігінің қосымша шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жеке құрам арасында тәртіпті қалпына келтіру және тәртіпті күшейту шаралары үнемі қолданылады.

  • "Ұят әрі көңіл қаларлық оқиға": Жетісу облысының әкімі Талдықорған полиция бастығының ұсталуына қатысты ойын айтты
  • Талдықорған полициясының ғимаратында қыз зорлаған: Іс прокуратураға жіберілді

“Сондай шаралардың бірі – аттестациялау. Кадрлармен жұмыс істеуге бірінші кезекте жауапты орта буын басшыларын тексеріп, аттестациядан өткізіп, талапқа сай келмейтіндерден босатамыз. Өз қатарымызда жетекшілік ету мәселесі басымдықтардың бірі болып саналады. Егер мұндай жайттарды өз қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері анықтаса, кадр бөлімшелері бұл тұлғаларды өздері есепке алмағаны үшін жауап береді”, – дейді Игорь Лепеха.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорған полициясының басшысы зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Кейін ол екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.