Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Зертханалық сабақтардың тақырыптары



жүктеу 0.68 Mb.
бет4/4
Дата19.09.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4

8.2. Зертханалық сабақтардың тақырыптары.

Тақырып 1. Ауылшаруашылық малдарының кариотипін зерттеу.

Мақсаты: Негізгі ауылшаруашылық малдарының кариотипімен танысу.

1 тапсырма. Хромосомалардың морфологиясың анықтау. Хромосоманың морфологиялық құрылысының үш түрін жазып алып, сүретін салу қажет. Кестені толтыру.

2 тапсырма. Хромосомның саның анықтау. Микрофотографияны пайдалана отырып хромосоманың диплоидты жиынтығын анықтау.

3 тапсырма. Кариограмманы құрастырып, кариограммалық талдауға қортынды жазу.

Бақылау сұрактары



  1. Хромосоманың құрылысы қандай.

  2. Кариологиялық талдаудың негізін түсіндіру.

  3. Кариотиптің анықтамасын беріңіз.

  4. Негізгі малдардың кариотиптерің атаңыз.


Тақырып 2. Моногибридтік және талдаушы будандастыру

Мақсаты: Осы будандастырулардың айырмашылығын түсініп, мал шаруашылығында пайдалану мақсатың білу.

1 тапсырма. Негізгі генетикалық анықтамаларды біліп, Г.Мендель қолданған әріптер символикасымен танысу.

2 тапсырма. Бірінші тұқымды гибридтарды талдау және Мендельдің бірінші заңына сәйкес есептер шешу.

3 тапсырма. Екінші тұқымды гибридтарды талдау және Мендельдің екінші заңына сәйкес есептер шешу.

4 тапсырма. Талдаушы буданддастыруға есептер шешу.

Бақылау сұрактары


  1. Моногибридтік будандастыру дегеңіміз не.

  2. Моногибридтік будандастырудан қандай заңдылықтар шығады.

  3. Талдаушы будандастыру дегеңіміз не.

  4. Мал шаруашылығында талдаушы будандастыруды қандай мақсатта қолданады.


Тақырып 3. Дигибридтік және полигибридтік будандастыру

Мақсаты: Екі және одан да көп белгілер бойынша тұқым қуалау заңдылықтарын талдау.

1 тапсырма. Дигибридтік тұқымдыларды талдау және Мендельдің үшінші заңына сәйкес есептер шешу.

2 тапсырма. Талдаушы дигибридтік буданддастыруға есептер шешу.


Бақылау сұрактары

  1. Дигибридтік будандастыру дегеңіміз не.

  2. Полигибридтік будандастыру дегеңіміз не.

  3. Мендельдің үшінші заңының негізі.

Тақырып 4. Аллельді емес гендердің әсерлесуі

Мақсаты: Гендердің өзара әсерлесі түрлеріне түсінік беру.

1 тапсырма. Комплементарлық бойынша генетикалық талдау өткізіп, есеп шешу.

2 тапсырма. Эпистаз бойынша генетикалық талдау өткізіп, есеп шешу.

Бақылау сұрактары



  1. Аллельді емес гендердің әсерлесуінің түрлерін айтыңыздар

  2. Эпистаз дегеніміз не. Мысал келтіріңіз.

  3. Комплементарлық дегеніміз не. Мысал келтіріңіз.

Тақырып 5. Аллельді емес гендердің әсерлесуі

Мақсаты: Гендердің өзара әсерлесі түрлеріне түсінік беру.

1 тапсырма. Модификациялық гендер бойынша генетикалық талдау өткізіп, есеп шешу.

2 тапсырма. Полимерлік гендер бойынша генетикалық талдау өткізіп, есеп шешу.

Бақылау сұрактары



  1. Модификаторлық гендер дегеніміз не. Мысал келтіріңіз.

  2. Полимерия дегеніміз не. Мысал келтіріңіз.


Тақырып 6. Гендердің тіркес тұқым қуалауы

Мақсаты: Белгілердің тіркес тұқым қуалау ерекшеліктерімен танусы.

1 тапсырма. Толық және толық емес гендердің тіркес тұқым қуалауың зерттеу. Нақты мысалдарда қарау қажет.

2 тапсырма. Өсімдіктермен жануарлар белгілерінің тіркес тұқым қуалау бойынша есеп шешу.


Бақылау сұрактары

  1. Тіркес тұқым қуалау дегеніміз не.

  2. Терминдерді түсініңдіру керек – а/ тәуелсіз тұқым қуалау, б/ тіркес тұқым қуалау.

  3. Кроссоверлі және кросоверлі емес гаметалар дегеніміз не.



Тақырып 7. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы

Мақсаты: Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалау ерекшеліктерімен танусы.

1 тапсырма. Бірінші ұрпақтың жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауын зерттеу.

2 тапсырма. Типтік есепті шешу.


Бақылау сұрактары

  1. Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныстың анықтамасын беріңіз.

  2. Қандай малдарда еркегі гетерогаметалы, қайсысында – аналық.

  3. Қандай белгілер жыныспен тіркескен тұқым қуалайды.

  4. Гемизоталы особьтің гомозиготалы және гетерозиготалы особьтардаң айырмашылығы қандай.


Тақырып 8. Тұқым қуалауда нуклеин қышқылдарының ролі

Мақсаты: Нуклеин қышқылдарың зерттеу.

1 тапсырма. Организмге қажетті ақұыз, гормондар және ферменттер аминоқышқылының тізбесің зерттеу.

2 тапсырма. Клеткада ақұыз синтезінің модельдеуін зерттеу.


Бақылау сұрактары

  1. Ақұыз синтезіне қандай заттар қажет.

  2. Рибонуклеин қышқылдарының түрлері.

  3. ДНК және РНК-ның айырмашылығы неде.

  4. Генетикалық кодтың анықтамасын беріңіз.


Тақырып 9. Вариациялық қатар құру және оның қисық сызығын өрнектеу

Мақсаты: Вариациялық қатар құрудың негізгі принциптерімен танысу.

1 тапсырма. Вариациялық қатар құрып, оның қисық сызығын өрнектеу
Бақылау сұрактары


  1. Вариациялық қатар қалай құралады.

  2. Вариациялық қатар дегеніміз не.

  3. Варианта дегеніміз не.

  4. Кластарға варианттар қалай түсіріледі.


Тақырып 10. Статистикалық коэффициенттердің және екі іріктеудің арифметикалық орталарының айырмашылығының нақтылығы

Мақсаты: Нақтылық критерийдің үш деңгейімен танысу және оны зоотехнияда пайдалану.

1 тапсырма. Кіші іріктелген жиынтыққа орташа арифметикалық, орташа квадраттық ауытқу, вариациялық коэффициентті және қателіктерді есептеуді үйрену.

2 тапсырма. Үлкен іріктелген жиынтыққа орташа арифметикалық, орташа квадраттық ауытқу, вариациялық коэффициентті және қателіктерді есептеуді үйрену.




Тақырып 11. Корреляциялық байланысты анықтау

Мақсаты: Белгілердің арасындағы корреляция және регрессия коэффициенттерін есептеп шығару әдісімен танысып және осы көрсеткіштерді селекциялық жұмыста қолдануды меңгеру.

Тапсырма. Кіші іріктелген жиынтыққа корреляция коэффициенттің есептеу.
Бақылау сұрактары


  1. Корреляция дегеніміз не.

  2. Пішіні мен бағыты бойынша қандай корреляциялар болады.

  3. Белгілердің арасындағы оң және теріс корреляция коэффициентінің мәні бойынша олардың айырмашылығы неде.


Тақырып 12. Хи-квадрат әдісі

Мақсаты: Хи-квадрат әдісін генетикалық және селекциялық жұмыстарда пайдалану мүмкіндігімен танысу.

Тапсырма. Хи-квадрат есептеу керек.
Бақылау сұрактары


  1. Хи-квадрат әдісі қандай селекциялық сұрақтарды шеше алады.

  2. Нольдік гиптезаның мәне неде.

  3. Қандай шектеулер Хи-квадрат әдісінің қолданылуына кедергі жасайды.


Тақырып 13. Популяцияның сандық белгілерінің тұқым қуалау өзгергіштігің бақылау

Мақсаты: Тұқым қуу коэффициентің қолданып, популяцияның сандық белгілердің талдауың үйрену.

1 тапсырма. Сандық белгілер бойынша популяцияның генетикалық талдауын жүргізу.

2 тапсырма. Тұқым қуу коэффициентің есептеуің үйрену, есеп шешу.


Бақылау сұрактары

  1. Тұқым қууғыштық дегеңіміз не.

  2. Тұқым қуу дегеніміз не.

  3. Тұқым қуу коэффициентің қалай есептейді.



Тақырып 14. Малдардың популяциясы құрылымың талдау

Мақсаты: Популяциядағы гендердің жиілігін анықтау тәсілдерімен танысу. Белгілі популяцияның генетикалық құрылымын талдау.

1 тапсырма. Есеп шығару мысалың пайдаланып фенотип жиілігін анықтау.

2 тапсырма. Есеп шығару мысалың пайдаланып генотип жиілігін анықтау.

3 тапсырма. Есеп шығару мысалың пайдаланып жеке аллельдердің жиілігін анықтау.
Бақылау сұрактары


  1. Популяциядағы фенотип жиілігі дегеніміз не.

  2. Популяциядағы генотип жиілігі дегеніміз не.

  3. Екі және үш аллельді гендердің жиілігін қалай анықтайды.

  4. Харди-Вайнберг формуласы.


Тақырып 15. Антигендік факторлар және полиморфты ақуыздың тұқым қуалауы

Мақсаты: Ауылшаруашылық малдардың селекциясында иммуногенетикалық әдістерің зерттеу.

1 тапсырма. Иммуногенетикалық символиканы және әдістерді зерттеу.

2 тапсырма. Малдардың қан топтарың пайдалана отырып, ұрпақтың шығу тегін анықтау.

3 тапсырма. Малдардың қан белоктарың пайдалана отырып, ұрпақтың шығу тегін анықтау.
Бақылау сұрактары


  1. Антиген мен антиденеге анықтама беріңіз.

  2. Селекция жұмысында иммуногенетикалық әдістер не үшін пайдаланады.


8.3 Студенттердің оқытушы басшылығымен өздік жұмыстарының сабақ жоспары

Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/

1 тақырып. Кіріспе. Генетика және биометриянің пәні, міндеті және әдістері.

Семинар сұрақтары



  1. Тұқым қууғыштылық және оның түрлері.

  2. Өзгергіштік және оның түрлері.

  3. Генетикалық зерттеулердің әдістері

  4. Генетиканың негізгі даму кезеңдері

Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/

2 тақырып. Тұқым қуудың цитологиялық негіздері

Семинар сұрақтары



  1. Клеткалардың көбею және ұрықтану кезендерінде тұқым қуу мәлеметтерің беру.

  2. Мейоз

  3. Гаметогенез

  4. Ұрықтану

Зертханалық сабақтын жоспары /1 сағат/

Тақырып 1. Ауылшаруашылық малдарының кариотипің зерттеу.

1 тапсырма. Тұқым қууда митоздың ролің зерттеу.

2 тапсырма. Тұқым қууда мейоздың ролің зерттеу.

Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/

3 тақырып. Тұқым қуудың Г.Мендель ашқан заңдылықтары.

Семинар сұрақтары



  1. Тұқым қуудың гибридологиялық әдісі,

  2. Доминанттылық түрлері.

  3. Гендердің летальдық әсері.

  4. Аллельді емес гендердің әсерлесуі

Зертханалық сабақтын жоспары /4 сағат/

Тақырып 2. Моногибридтік және талдаушы будандастыру

1 тапсырма. Моногибридтік будандастыруда белгілердің тұқым қууың зерттеу.

2 тапсырма. Талдаушы будандастыруда белгілердің тұқым қууың зерттеу.

Тақырып 3. Дигибридтік және полигибридтік будандастыру

1 тапсырма. Дигибридтік будандастыруда белгілердің тұқым қууың зерттеу.

2 тапсырма. Полигибридтік будандастыруда белгілердің тұқым қууың зерттеу.

Тақырып 4. Аллельді емес гендердің әсерлесуі

1 тапсырма. Белгілердің тұқым қууың аллельді емес гендердің әсерлесу кезіңде комплементарлықтың қызметін зерттеу.

2 тапсырма. Белгілердің тұқым қууың аллельді емес гендердің әсерлесу кезіңде эпистатикалық қызметін зерттеу.

Тақырып 5. Аллельді емес гендердің әсерлесуі

1 тапсырма. Белгілердің тұқым қууың аллельді емес гендердің әсерлесу кезіңде ген-модификаторлардың қызметін зерттеу.

2 тапсырма. Белгілердің тұқым қууың аллельді емес гендердің әсерлесу кезіңде полимерлік қызметін зерттеу.



Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/

4 тақырып. Тұқым қуудың хромосомолық теориясы.

Семинар сұрақтары



  1. Гендердің тіркесуі.

  2. Толық емес тіркесу және кроссинговер.

  3. Кроссинговердің цитологиялық дәлелдеу.

Зертханалық сабақтын жоспары /1 сағат/

Тақырып 6. Гендердің тіркес тұқым қуалауы

1 тапсырма. Гендер бір хромосомада орналасқанда белгілердің тұқым қууы.

2 тапсырма. Толық және толық емес тіркескен гендерді зерттеу.

Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/

5 тақырып. Жыныс генетикасы.

Семинар сұрақтары



  1. Жынысты хромосома арқылы анықтаудың механизмі.

  2. Ағзалардың бисексеуальдігі.

  3. Жыныс хромосомалардың патологиясы.

Зертханалық сабақтын жоспары /1 сағат/

Тақырып 7. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы

1 тапсырма. Жыныс хромосомаларда орналасқан гендердің белгілерінің тұқым қуалауы.

2 тапсырма. Есеп шешу.

Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/

6 тақырып. Тұқым қуудың молекулярлік негіздері.

Семинар сұрақтары



  1. Нуклеин қышқылдары.

  2. ДНК молекуласының құрылысы.

  3. Биосинтез.

Зертханалық сабақтын жоспары /1 сағат/

Тақырып 8. Тұқым қуалауда нуклеин қышқылдарының ролі

1 тапсырма. Ақұыздың синтезінің кезеңдерің зерттеу.

2 тапсырма. РНК түрлерің зерттеу.

Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/

7 тақырып. Жеке дамудың генетикалық негіздері.

Семинар сұрақтары



  1. Гендердің пенетрантлығы және эксперссивтігі.

  2. Малдардың өңдеуінің генетикалық негіздері.

Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/

8 тақырып. Мутациялық өзгергіштік.

Семинар сұрақтары



  1. Адамдарда және жануарларда полиплоидия.

  2. Индуциялық мутациялар

  3. Сомалық мутациялар.

Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/

9 тақырып. Биометрияның негіздері.

Семинар сұрақтары



  1. Белгілердің өзгеру дәрежесі.

  2. Орташа көрсеткіштердің қателіктері.

  3. Регрессия коэффициенті.

  4. Дисперсиялық талдау.

Зертханалық сабақтын жоспары /4 сағат/

Тақырып 9. Вариациялық қатар құру және оның қисық сызығын өрнектеу

Тапсырма. Көрсеткіштер бойынша вариациялық қатар құру және сызық сызу.



Тақырып 10. Статистикалық коэффициенттердің және екі іріктеудің арифметикалық орталарының айырмашылығының нақтылығы

1 тапсырма. Көрсеткіштер бойынша айырмашылықтың дұрыстығын дәлелдеу.

2 тапсырма. Көрсеткіштер бойынша орташа арифметикалық, орташа квадраттық ауытқу, вариациялық коэффициентті анықтау.

Тақырып 11. Корреляциялық байланысты анықтау

1 тапсырма. Корреляциялық торды пайдаланып корреляция коэффициентің есепnte қажет.

2 тапсырма. Альтернативтік өзгеріштікте корреляция коэффициентің есептеу.

Тақырып 12. Хи-квадрат әдісі

1 тапсырма. Екі тобтағы қояндардың хи-квадрат әдісің қолданып есеп шығару.

2 тапсырма. Нақты көрсеткіштермен теориялық саналғанның арасындағы байланысты анықтау.

Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/

10 тақырып. Саңдық белгілерді тұқым қуалау.

Семинар сұрақтары



  1. Саңдық белгілердің өзгергіштік пен тұқым қууғыштықтың әдістерін зерттеу.

  2. Корреляция және регрессия коэффициентерің пайдаланып тұқым қууғыштық коэффициенттің анықтау.

Зертханалық сабақтын жоспары /1 сағат/

Тақырып 13. Популяцияның сандық белгілерінің тұқым қуалау өзгергіштігің бақылау

1 тапсырма. Дисперсиялық талдауды пайдаланып қууғыштық коэффициенттің анықтау.

2 тапсырма. Қайталану коэффициенттің анықтау.

Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/

11 тақырып. Популяциялар генетикасы.

Семинар сұрақтары



  1. Генетикалық популяциялардың ерекшіліктері.

  2. Популяцияны зерттеу әдістері.

  3. Гендік тепе-теңдік және оны анықтау.

Зертханалық сабақтын жоспары /1 сағат/

Тақырып 14. Малдардың популяциясы құрылымың талдау

1 тапсырма. Фенотиптің жиілігің зерттеу.

2 тапсырма. Генотиптің жиілігің зерттеу.

3 тапсырма. Популяцияның генетикалық құрылымының ұқсастығын салыстыру.



Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/

12 тақырып. Инбридинг, инбредтік депрессия, гетерозис.

Семинар сұрақтары



  1. Ч.Дарвиндің заңы.

  2. Гетерозистың эффектісі.

Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/

13 тақырып. Иммуногенетика, генетикалық аномалиялары және аурулары.

Семинар сұрақтары



  1. Иммунология тарихының дамуы.

  2. Лимфоциттердің пайдалануында онтогенетикалық кезеңдері.

  3. Иммунореактивтілік.

Зертханалық сабақтын жоспары /1 сағат/

Тақырып 15. Антигендік факторлар және полиморфты ақуыздың тұқым қуалауы

1 тапсырма. Малдың шығу тегін анықтау үшін есеп шығару.

2 тапсырма. Атасың анықтау үшін есеп шығару.

Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/

14 тақырып. Тәртіп генетикасы және оның селекциялық маңызы.

Семинар сұрақтары



  1. И.П.Павлов – жоғары жүйке қызметі түралы ілімнің негізшісі.

  2. Ағзаның адаптациясына және тәртібіне ортаның және тәжіребенің факторларының әсері.

Семинарлық сабақтың жоспары /1 сағат/

15 тақырып. Негізгі ауылшаруашылық малдардың жеке генетикасы.

Семинар сұрақтары



  1. Мал шаруашылығында секлекциялық белгілер.

  2. Аңдар генетикасы.


Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыбы:

Тақырып 1. Кіріспе. Генетика және биометриянің пәні, міндеті және әдістері.

Тақырып 2. Тұқым қуудың цитологиялық негіздері.

Тақырып 3. Тұқым қуудың Г.Мендель ашқан заңдылықтары.

Тақырып 4. Тұқым қуудың хромосомолық теориясы.

Тақырып 5. Жыныс генетикасы.

Тақырып 6. Тұқым қуудың молекулярлік негіздері.

Тақырып 7. Жеке дамудың генетикалық негіздері.

Тақырып 8. Мутациялық өзгергіштік.

Тақырып 9. Биометрияның негіздері.

Тақырып 10. Саңдық белгілерді тұқым қуалау.

Тақырып 11. Популяциялар генетикасы.

Тақырып 12. Инбридинг, инбредтік депрессия, гетерозис.

Тақырып 13. Иммуногенетика, генетикалық аномалиялары және аурулары.



Тақырып 14. Тәртіп генетикасы және оның селекциялық маңызы.

Тақырып 15. Негізгі ауылшаруашылық малдардың жеке генетикасы.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет