Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



жүктеу 5.06 Mb.
бет1/22
Дата19.09.2017
өлшемі5.06 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


Ф-ОБ-007/017
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті


“Гуманитарлық білім” факультеті
“Педагогика және психология” кафедрасы
Оқу-әдістемелік кешен

(С И Л Л А Б У С)


“Жалпы психология” пәні бойынша

5В010300 «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттері үшін

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 1, Семестр 1-2

Кредит саны: 6


Лекция: 60 сағат

Практикалық (семинарлық) сабақтар: 30 сағат

ОБС¤Ж: 90 сағат

СӨЖ: 90 сағат

Барлық сағат: 270

Аралық бақылау : (АБ) – 60 б

Қорытынды бақылау: емтихан - 40 б

Жетісай, 2010


Жұмыс бағдарламасын дайындаған: доцент Ташкенбаева С. М._____


Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

_23_12__ 2005 _жылғы №_779__ бұйрығымен Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне ЌР БЃМ__11_ __05___ 2005 _жылғы №_289__ бұйрығына сәйкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген ҚРБҒМ 22. 06. 2006ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен бекітілген пєнніњ типтік оќу баѓдарламасы негізінде дайындалған.

Силлабус кафедраныњ мєжілісінде қаралды

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.

Кафедра меңгерушісі _________ _______________

қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы

Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.
Әдістемелік бюро төрағасы/төрайымы/ ________ ___________________

қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы


Университеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.

ОӘК төрағасы ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы


МАЗМҰНЫ




  1. Алғы сөз ….…………………………………………............................

  2. Жалпы мәліметтер………………………….………...........................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….....

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.………….....................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……...............................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы………………………..........................

  7. Студентке арналған ережелер…………………...................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .………........................................................

  1. Лекция сабақтары..................................................................................

  2. Семинар сабақтарының жоспары.........................................................

  3. СӨЖ жоспары және орындау кестесі...................................................

  4. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі..............................

  5. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)

  6. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі........



  1. Алғы сөз

Оқу- әдістемелік кешені - психология дисциплинасы бойынша - 050103

«Педагогика және психология» мамандарын дайындауға арналып, барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдардан құралып, осы курс бойынша дәріс беруші мұғалімнің жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған. Білім беруде кредиттік технологияны пайдалана отырып, барлық құжаттарды бір жүйеге (комплекске) біріктіру, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру көзделініп отыр.


Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген:

ПС – практикалық сабақтар, ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттердің өзіндік жұмысы, СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқытудың мұндай бағдарламасы (SYLLABUS), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себін тигізеді деп күтілуде.

СӨЖ-де зерттеліп отырған материалды студент өз бетімен меңгеруі мен үйге берілген тапсырманы орындау көзделеді: ОБСӨЖ - материалды сабақ үстінде мұғалімнің көмегімен оқып меңгеру (office hours). Оқу материалы барлық оқыту формаларының өрімделуі мен ерекшеленеді.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыптан қарастырылуда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдармен терминдерді енгізеді.

Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысынын барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.



2. Жалпы мәліметтер.

Лектор : доцент Ташкенбаева С. М.

«Педагогика және психология кафедрасы», № 1 оқу корпусы Лек зал.

Телефон : 252

Кафедрадағы бос уақыты : Дүйсенбі 9-13.




Оқытушының аты-жөні

Курсты өткізу уақыты

Байланыстырушы мәлімет

1

Педагогика жєне психология кафедрасыныњ доценті: Ташкенбаева С. М.

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ

Консультация

уаќыты.








Лекция : лек зал

Уақыты :


Ауд :

Уақыты :

Ауд :


Тел :

Каб :


Корпус :







ОБС¤Ж:

Уақыты :


Ауд :

Уақыты :

Ауд :


Тел :

Каб :


Корпус :







Практикалық(семинар):

Уақыты:


Ауд:

Уақыты:

Ауд:


Тел:

Каб:


Корпус:


3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Психология курсының мақсаты- психологияның адам туралы кешенді ғылым екендігі жөнінде студенттердің жалпы түсінігін қалыптастыру. Оқу процесінің барысында студенттер – болашақ мұғалімдер жаңадан өсіп келе жатқан адамның психикалық дамуының жалпы заңдылықтарын қалыптастырудың жолдарын меңгеру керек.

3. Міндеттері:

  • Тұлға дамуы мен қалыптасуының психологиялық негіздерін студенттер біліп меңгеруінің алғышартарын қамтамасыз ету;

  • Студенттердің адам өмірінің әр түрлі салаларындағы психологиялық құбылыстарды талдау біліктіліктерін қалыптастыру;

  • Психологиялық өзін -өзі талдау, өзін - өзі тану, тиімді ортақтасу дағдыларын нығайту;

  • Оқушының ішкі жан дүниесін түсіне білу;

  • Оқушының мүмкіншіліктерін өзбеттерінше зерттей білу;

  • Оқушылардың қызығушылығын, мүмкіншіліктерін анықтай білу;

  • Әр оқушының сабақ үлгерімі мен нашар тәртібінің себептерін, оларды түзетудің тиімді жолдарын таба білу;

  • Теориялық білімдерді сапалы түрде түсінуге және студенттердің бойында психологиялық білімдер мен дағдыларға деген тұрақты қызығушылық сезімдерін туғызу;

  • Алған білімдері мен дағдыларын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде қолдана білу;

  • Психология пәнін басқа пәндермен және оларды оқу барысында студенттердің байланыстыра білуі;


4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні





Философия

Әлеуметтану Мәдениеттану

Саясаттану


Педагогика Валеология








5. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ





Кредит саны


Курс

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар


Қорытынды бақылау


лекция


Прак/сем


сем



лабор

ОБСӨЖ

СӨЖ







1

270

60

30

-

-

90

90







5

Барлығы

270

60

30

-

-

90

90





6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет.



Семинар сабақтарында -студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемеларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс –тәсілдерді меңгеру керек.

СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды

орындайды, өз бетімен меңгереді.



ОБСӨЖ- оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы. Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.
7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :


  1. Сабаққа кешікпеу керек. Сабаќќа ќатысу, лекция жазу,сабаќта белсенді ж±мыс жасау,‰й тапсырмаларын орындау студенттіњ міндеті болып табылады. Егер студент ќандайда бір себептермен сабаќќа ќатыса алмаса, онда ол лекция материалдарын топтаѓы басќа студенттен алу керек немесе µзбетінше µтеу ќажет. Аудиториядан тыс уаќытта оќытушы лекциялыќ материалдармен сабаќтан ќалѓан студенттерді тек ќана белгіленген уаќытта ќамтамасыз етеді.

2. Студент университеттегі оќу ережесіне баѓыну керек: сабаќты себепсіз жібермеу,сабаќќа кешікпеу,оќу материалдарын т‰сіндіру кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды

өшіріп қою керек.

3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа

анықтама әкелу керек.

5.Егер студентте курс бойынша с±раќтар туатын болса, онда ол оќытушыдан белгіленген уаќытта кењес алуына болады.

6.Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.


7.Єрбір ‰йге берілген тапсырма уаќтылы орындалып, сабаќта талќылануы ќажет. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8.Баќылау ж±мысына ќатыспаѓан немесе кешіккен студенттер автоматты т‰рде баќылау ж±мысы ‰шін 0 балл алады. Баќылау ж±мысын ќайта тапсыру р±ќсат етілмейді.



8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫЊ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы,

реті

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан

тыс сабақтар

лекция

прак

сем

лабор

ОБСӨЖ

СӨЖ



Кіріспе. Жантану ѓылымыныњ оќыту пєні және негізгі даму кезеңдері.

1










2

2



Жантану ѓылымыныњ салалары мен тармаќтары.

1

1







2

2



Қазіргі заман психологиясының мақсат-міндеттері мен ғылымдар жүйесінде алатын орны.

1

1







1

1



Зерттеу єдістерініњ т‰рлерін сипаттау.

1

1







2

2



Ми және психика

1










1

1



Психиканың дамуы және бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру.

1

1







2

2



Психика және сана.

1










1

1



Іс-әрекет. Адам іс-әрекетінің түрлері.

1

1







2

2



Дағды, икем, әдет туралы.

1










2

2

10

Қарым-қатынас.Адами ортақтасудың жалпы сипаттамасы.

1

1







2

2

11

Ортақтасудың коммуникациялық жағының сипаттамасы.

1

1







2

2

12

Ортақтасудың перцепциялық жағының сипаттамасы..

1










2

2

13

Ортақтасудың интеракциялық жағының сипаттамасы..

1










2

2

14

Топтар және оның түрлері..

1

1







1

1

15

Ұжым туралы..

1










1

1

16

Психиканың құрылымы.

1










1

1

17

Жеке тұлға және оның психологиялық табиғаты.

1

1







1

1

18

Жеке тұлғаны зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні.

1

1







2

2

19

Темперамент. Темперамент туралы теориялар.

1

1







2

2

20

Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы.

1

1







2

2

21

Мінез жөнінде түсінік. Мінез туралы теориялар.

1

1







2

2

22

Типтік мінез бітістері. Ұлттық мінез.

1










2

2

23

Қабілет жөнінде түсінік. Қабілет туралы теориялар.

1

1







2

2

24

Қабілет және нышан. Бейімділік, талант, дарындылық туралы.

1

1







2

2

25

Зейін жөнінде түсінік.Зейіннің түрлері.

1

1







2

2

26

Зейіннің негізгі қасиеттері.

1










2

2

27

Түйсіктер. Түйсіктердің негізгі ерекшеліктері.

1

1







2

2

28

Түйсіктердің түрлері.

1










2

2

29

Қабылдау. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.

1










1

1

30

Байқау және байқағыштық.

1










1

1

31

Уақытты және кеңістікті қабылдау.

1

1







1

1

32

Ес. Ес туралы теориялар.

1










1

1

33

Естің түрлері.

1

1







1

1

34

Ес процестері. Естің маңызы.

1

1







1

1

35

Ойлау-таным процестерінің жоғарғы сатысы.

1










2

2

36

Ой тәсілдері

1

1







2

2

37

Ойлаудың түрлері мен формалары.

1

1







2

2

38

Сөйлеу туралы жалпы түсінік.

1










1

1

39

Сөйлеудің түрлері. Сөйлеу мәдениеті.

1

1







1

1

40

Қиялдың тарихи даму жолдары.

1










1

1

41

Қиялдың түрлері. Қиял және ғылыми техникалық прогрес.

1

1







1

1

42

Сезім мен эмоция жөнінде түсінік.

1










2

2

43

Сезімнің түрлері. Күрделі эмоциялар.

1

1







2

2

44

Ерік жөнінде түсінік.Ерік туралы теориялар.

1










2

2

45

Ерік сапалары.Ерікті тәрбиелеу жолдары.

1

1







2

2

46

Жантану ғылымының даму тарихы туралы мәліметтер.

1

1







2

2

47

Ежелгі Шығыстағы психологиялық пікірлер.

1

1







2

2

48

Антикалық психология.

1










1

1

49

Орта ғасыр мен Қайта өркендеу дәуіріндегі психология.

1










1

1

50

ХV11- ғасырдағы Европалық психология.

Р. Декарттың ілімі туралы.



1

1







1

1

51

ХV111- ғасырдағы психологияның дамуы Эмпиристік бағыт туралы.

1










1

1

52

Х1Х – ғасырдағы психологияның дамуы.

1

1







1

1

53

Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы..

1










1

1

54

Қазақ психологиясының тарихы.

Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың және Сұлтанмахмұт Торайғыровтардың психологиялық көзқарасы.



1










1

1

55

Психологияның Ұлы Отан соғысынан кейінгі дамуы, қазіргі жағдайы, даму перспективалары.

1










1

1

56

Психологияның дербес ғылым ретінде дамуы.

1










1

1

57

Психологиядағы Х1Х –- ХХ ғасыр шеңберіндегі теориялық тұжырымдамалар.

1










1

1

58

Батыстық психологияның бүгінгі даму бағыты.

1










1

1

59

Марксизм философиясына негізделген кеңес психологиясының қалыптасуы.

1










1

1

60

Шетелдік психологияның жаңа беталыстары мен бағыттары.

1










1

1




Барлығы:

60

30







90

90



  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ


1- лекция.
Таќырыбы: Жантану ѓылымыныњ оќыту пєні, міндеттері мен маңызы.
Жоспары: 1.Жантанудыњ ѓылым ретіндегі аныќтамасы.

2.Жан ќ±былыстарын ѓылыми т±рѓыдан т‰сіну.

3. Ќазіргі заман психологиясыныњ міндеттері.

4. Психологияныњ ѓылымдар ж‰йесіндегі орны.

5. Психологияны оќып- ‰йренудіњ мањызы.
Лекция маќсаты: Студенттерді қазіргі заман психологиясының міндеттері мен ғылымдар жүйесіндегі алатын орны және маңызымен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б) көпшілігімізге өз тәжірибиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – “псюхе” (жан), екінші – “логос” (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.

Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көз қарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша адамзат тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының ,сезімінің, еркінің) иесі де себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуынада алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.

Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде

яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірімен байланысын дұрыс ажырата-алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететіні, мәнгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың натижесі еді.

2. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б) аралас дамып келді.

ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылысьарын (түйсік, ес, ойлау, қиял, т.б) тәжіребие жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибиелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұнғыш енгізген неміс ғұламасы В. Вундт болды.

Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіреді.

Осы қисынның іргетасы Әл-Фараби еңбектерінде алғаш сөз болған. Әл-Фараби “Философиялық трактаттар”. Алматы ғылым 1973, 301-бет. Бұл теория бойынша сыртқы дүние біздің сезімде, мида, түйсік, қабылдау, елестеу, ой-сезім түрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрін бір сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп атайды.

Неорганикалық материяның (өлі табиғат) өзінде де түрлі нәрселер сәулеленеді. Мәселен, заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз, ал егер затты алып кетсек оның суретінің де айна бетінен жоғалып кететіні мәлім. Психикалық бейне де осы іспеттес яғни сыртқы орта әсер етпейінше мида еш қандай психикалық құбылыс пайда болмайды. Айна бетіндегі бейнеде адам миындағы бейнеде “бейнелену” деген бір сөзбен аталғанымен бұл екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айна бетіндегі сәуле “жансыз” сәуле болып табылады. Ал адам миындағы пайда болатын бейнелеу процесінің айна бетіндегі сәуледен бір ерекшелігі соңғы бейне өте күрделі, ол жүйке процестерінің жұмысынан туады. Мидағы бейненің екінші бір ерекшелігі – сөздің жәрдемімен бейнеленуі. Бейнеленудің осы бір түрі ұзақ уақыттық тарихи дамудың нәтижесінде адамдардың еңбек ету қызметінің негізінде пайда болған.

Айналадағы заттар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуі жануарлардан бөлек, өзгеше жолмен, белсенді түрде сөздің көмегімен жүзеге асады. Адам қоғамдық-әлеуметтік өмірдің жемісі болғандықтан, оның бейнеленуі ұғым, пікір, ой қорытындысы түрінде көрінеді. Ол белсенді әрекеттену негізінде, әртүрлі объектілермен қатынас жасап, өзі солардың бейнеленуіне мүмкіндік туғызады. Бейнелену – заттың миға әсер етуінен ғана болатын бір жақты процесс емес, субъект (адам) пен объектінің (сыртқы орта) өзара байланысының нәтижесі. Адам сыртқы ортаның тигізген әсерін, шама-шарқынша өңдеп, саналы түрде бейнелейді. Бейнелену ми қабаты жықпылдарында адамның жас мөлшері, білім, дағды, икемі, тәжірибесіне орай түрлі деңгейде көрініп отырады. Ғылыми түсінік бойынша, психика, сана зат емес, оны көруге де, суретін түсіріп алуға да болмайды. Сана - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Ол материалдық бейне емес, идеалдық бейне. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, адамның басында, жүйке жүйесінде жасалып жататын шындықтың күрделі бейнесі.

3. Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зеттеулер аймағы біршама кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келді. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздіксіз өрістеуде, психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б.Ф. Ломов «психологияның методологиялық және теориялық проблемалары» атты еңбегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, «бүгінгі күнде психологияның әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да бұлай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады», - деп жазады.

Психикалық құбылыстардың мәнін тануда Б.Ф.Ломов өзінің еңбегінде психология ғылымының тірек категорияларын, олардың жүйелі өзара байланысын, жалпылығын, сонымен бірге бұл категориялардың өзіндік дербестікте екенін айқындап берген. Ғалым психологияның келесі тірек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, іс-әрекет категориясы жеке адам категориясы, тіл-қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсініктер- « әлеуметтік » және «биологиялық».

Адамның әлеуметтік және табиғат қасиеттерінің объектив байланыстарын, оның дамуындағы биологиялық және әлеуметтік себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым міндеттерінің ең бір қиыны.

Алғашқы он жылдықтарда психологияның теориялық (дүниетанымдық) тарапы басымдау болды. Ал қазіргі кезеңде оның қоғамдағы рөлі көп өзгеріске ұшырады.

Психологияның негізгі міндеті психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объктив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай

қалыптасқаны айқындалады. Психиканың объектив шындық бейнесі екені белгілі, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың адамның объектив өмір шарттары мен қызметіне тәуелділігін тануға бағытталуы тиіс. Сонымен бірге, адамдардың әрқандай іс-әрекеті барлық уақытта адам өмірінің объектив жағыдайларымен байланысып қалмастан, оның субъектив мезеттерімен де қатынаста болады. Психологияныњ басќа ѓылымдар ж‰йесіндегі орнын тануѓа орай психологиялыќ деректердіњ басќа ѓылымдарда пайдалану м‰мкіндіктерін жєне керісінше психология олардыњ нєтижелерін µзіне ќалай ќолданатынын жете т‰сінуге болады.Єр т‰рлі тарихи дєуірлердегі ѓылымдар арасындаѓы психологияныњ орны жантану білімдерініњ даму дењгейі мен сараптау схемасынан келіп шыѓады.Атап айту керек, ќоѓамныњ рухани даму тарихында бірде бір білім саласы ѓылымдар ж‰йесіндегі µз орнын психология сияќты жиі µзгертіп т±рѓан емес.Ќазіргі к‰нде академик Б. М. Кедров ±сынѓан сарап єдісі ќабылданѓан.Б±л єдіс ѓылымдар арасындаѓы мазм±ндыќ жаќындыќќа орай кµп тарапты байланыстарѓа негізделген. ¦сынылѓан схема-шыњдарына жаратылыстану, єлеуметтік жєне философиялыќ ѓылымдар ќонаќтаѓан-‰ш б±рыш формасында. Ѓылымдардыњ негізгі тобыныњ м±ндай орналасуы олардыњ пєні мен єдістерініњ психология пєні мен єдістеріне наќты жаќындыѓынан. Зерттеу барысында ќойылѓан міндеттерге орай психология µз баѓытын б±рыш шыњдарыныњ біріне б±рып отырады. Психологияныњ жалпы ѓылыми білімдер ж‰йесіндегі ќызметі-зерттеу обьекті адам болѓан барша ѓылым салаларыныњ жетістіктерін біріктіріп,байланыстыру.Сонымен,психикалыќ ќ±былыстардыњ адам µмірі мен єрекетініњ обьектив жаѓдайларына тєуелді зањдылыќтарын аша отырып,психология осы єсерлердіњ мидаѓы бейнелену механизмдерін де айќындайды. Осыѓан орай,психология физиологиямен,дєлірек айтќанда, жоѓары ж‰йке ќызметі физиологиясымен µте жаќын байланыста болуы сµзсіз. Психологияныњ дербес ѓылымѓа айналуында оныњ 19-ѓ. басталѓан жаратылыстану ѓылымдарымен бірлікте зерттелуі ‰лкен мањызѓа ие болды.Осы байланыстыњ нєтижесінле психологияѓа экспериментальдыќ єдіс енді. (Г. Фехнер),рефлекторлыќ теория ашылды.(И.М.Сеченов, И.П.Павлов). Ќазіргі заман психология проблемаларыныњ зерттелуіне Ч.Дарвинніњ эволюциялыќ теориясы да ‰лкен ыќпалын тигізіп, тіршілік иелерініњ ќ±былмалы орта жаѓдайларына икемделудегі психиканыњ рµлін аныќтауѓа, жоѓары психикалыќ єрекет формаларыныњ ќарапайым т‰рлерден туындайтынын т‰сінуге м‰мкіндік берді.??

4. Психология ‰шін оныњ ќоѓамдыќ ѓылымдармен байланысы ‰лкен мањызѓа ие. Тарих, экономика, этнография, єлеуметтану, µнертану, зањ жєне т.б. зерттеулеріндегі проблемалар єрдайым психологиямен тікелей байланысты. Кµп жаѓдайда адамдардыњ жеке жєне ±жымдыќ єрекеттерініњ механизмі, єрекет, єдет, єлеуметтік баѓыт, тєртіп-талап стереотиптерініњ ќалыптасу зањдылыќтары жµніндегібілімдердіњ пайдаланбай, кєйіп, сезім, психологиялыќ климатты танып білмей, жеке адамныњ ерекшеліктері менпсихологиялыќ ќасиеттерін, ќабілетін, сезімін, мінезін, адам аралыќ ќатынастарын зерттемей, єлеуметтік процестер мен ќ±былыстардыњ мєні толыќ ашылмайды, яѓни, ыќшамдап айтсаќ, єлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялыќ факторды ескерту зањды ќажеттілік. Психологиялыќ факторлар µздігінен єлеуметтік процестерді баѓыттай алмайды, керсінше, олардыњ µзін осы ќоѓамдыќ процестерді талдау арќылы т‰сіну м‰мкін.

Психологияныњ педагогикамен байланысына аса назар аударѓан жµн. Єлбетте, б±л сабаќтастыќ б±рыннан да белгілі, кезінде К.Д.Ушинский: “Адамды жан-жаќты тєрбиелеу ‰шін оны жан-жаќты зерттеу ќажет”, -деген еді. Б±л арада психологияныњ практикалыќ мањызы наќты кµрініп т±р. Егер педагогика психологиялыќ ќ±былыстардыњ табиѓаты жµніндегі білімдерге с‰йенбесе, онда ол ќара-д‰рсін педагогикалыќ кењестер мен кµрсетпелер жиынтыѓына айналып, шын мєнде ѓылым болудан ќалып, м±ѓалімге ешќандай жєрдем бере алмайды. Педагогиканыњ барша салаларыныњ (жалпы теория, дидактика, пєн єдістемесі, тєрбиесі теориясы) даму барысында психологиялыќ зерттеулерді ќажет ететін проблемалар туындап отырады. Психикалыќ процесс ж‰ру зањдылыќтарын; білім, ептілік жєне даѓдылардыњ ќалыптасуын; адам ќабілеттері мен мотивтерін, оныњ психикалыќ дамуын т±тастай білу оќудыњ єр сатысындаѓы білім мазм±нын аныќтау, оќу мен тєрбиеніњ ењ тиімді єдістерін наќтылау жєне т.б. сияќты µзекті педагогикалыќ проблемаларды шешуде келелі маѓына-мањызѓа ие.

Психологияныњ аса ќажеттігі педагогиканыњ тєрбие проблемаларына орай байќалады. Тєрбиеніњ маќсаты даму жолындаѓы ќоѓам талаптарына сай жеке адамды ќалыптастыру. Ал б±л маќсатќа жету жеке адамныњ ќалыптасу зањдылыќтарын: баѓыт-баѓдар, ќабілет, ќажеттілік, д‰ниетаным жєне т.б. зерттеуді ќажет етеді. Айтылѓандар ќазіргі заман психологиясыныњ ѓылымдар тоѓысында т±рѓаныныњ дєлелі, яѓни психология бір жаѓында философия ѓылымдары, екінші тарапында жаратылыстану ѓылымдары, ‰шінші жаѓында єлеуметтік ѓылымдар болѓан аралыќта орналасќан

Солай болса да, барша ѓылымдармен байланыса, психология µз пєніне, µзініњ теориялыќ принциптеріне жєне µзініњ зерттеу єдістеріне иелігімен дербестенетінін ±мытпау керек. Дербес ѓылым ретінде психология аймаѓында µзара байланысы сырт кµзге байќала бермейтін біршама ерекше білім салалары ±штасып жатады, мысалы, психофизиология мен єлеуметтік психология. Б±лар, сырттай ќараѓанѓа “сыйыспайтындай” болѓанымен, бір ѓылым саласынан, себебі олардыњ т‰пкі де т‰бегейлі міндеті бір-психикалыќ ќ±былыстыњ мєнін зерттеу. Психология ќай ѓылым саласымен байланысса да, оныњ зерттеу объектісі жалѓыз-аќ: ол-адам, оныњ психикалыќ процестері, ќалыптары жєне ќасиеттері.

5. Жантану ғылымынан хабары бар кісі өзінің жан дүниесінің қыры мен сырын, яғни жеке басының қайталанбас болмысын танып білуге, онымен ылғи да санасып отыруға, сондай-ақ құрбы-құрдас, аға-іні, апа-сіңілі дегендей, ағайын-туыс, жегжат-жұрағаттарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. Айналадағы, толып жатқан фактілер мен қағида-ережелерді іріктеп, сұрыптап жүйеге салу түгілі, тіпті бастан кешірген күйініш пен сүйініштің өзін басқа біреуге айтып беру де оңай тірлік емес. Ал, көңіл күйіңді саналылықпен ұғынып, мінез-құлқыңды басқару кімге болса да ауадай қажет.

Психологиядан біршама түсінігі бар адам өзін-өзі аңғара алып, ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін таразыға сала алады. Сонымен бірге кісінің өзін-өзі тәрбиелей алуына, өз мінезінің олпы-солпы жерлерін тап басып, кемістігін түзеуіне, өзіндік сана-сезімдері мен қабілет бейімділіктерін дамыта түсуіне мүмкіндік береді. Жантану ғылымы, әсіресе, өзгелердің жан дүниесін танып-білу үшін қажет. Жан сыры туралы ғылымның негіздерін меңгерген адам алдымен ақыл-ой жұмысын (кітап оқу, лекция тыңдау, өз бетінше білімін көтеру, т.б. ) тиімді етіп ұйымдастыра алуға машықтанады ( шапшаң оқу, тез жазып, жылдам есептеу, қысқа да нұсқа сөйлей алу, тәуліктегі уақытты барынша үнемдеп, дұрыс пайдалана алу, т.б. ) .

Психология пєні, сондай-аќ ілім-білімді миѓа саналылыќпен тоќудыњ т‰рлі айла,єдіс-тєсілдерін білуге адамды ж±мылдырумен ќатар, кісініњ ерік-жігерін, ќажыр-ќайратын шыњдай т‰суге, сезім д‰ниесін жетілдіре т‰суге жєрдемдеседі.Адамды байќаѓыштыќ пен байсалдылыќќа, зейінділік пен зеректікке, тапќырлыќ пен ойланѓыштыќќа баулып, тєрбиелейді.

Баќылау с±раќтары:

1.Жантану ғылымы нені зерттейді.

2.Психиканы материалистік және идеалистік жолмен ұғынудың айырмашылығы неде?.

3.Бейнелеу теориясы деген не.?

4.Психикалық құбылыстарды қалай топтастырамыз.?

5.Жантану ғылымының алдына қандай міндеттер қойылған.?

6.Жантану ғылымын оқып –үйренудің қандай маңызы бар.?

7.Адам психологиясын зерттеудің ерекшелігі қандай.?



2-лекция
Тақырыбы: Жантану салалары.
Жоспары: 1. Жантану ѓылымыныњ салалары мен тармаќтарыныњ дамуы мен ќалыптасуы.

2. Оларды топтастыру, жіктеу.


Лекция маќсаты: Студенттерді жантану ѓылымыныњ салалары мен тармаќтарыныњ дамуымен, ќалыптасуымен,оларды жіктеу, топтастыру жолдарымен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Қазіргі кезде психология ғылымы көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған, өрісі кең ғылыми пән. Көп жағдайда олар қоғамдық практиканың өрістеп жатқан қажеттермен белгіленеді. Егер психология алғашқы уақытта теориялық тарабы басымдау, дүниетанымдық пєн болса,ол ќазіргі кезде µзініњ танымдыќ қызметін сақтай отырып, өндірісті, мемлекетті басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір саласына айналуда.

Сонымен, осы заман психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылып, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі – психиканың іс-әрекетте даму принципі. Сондықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекеттері алынады. Осыған орай психология келесі салаларға бөлінеді.


    1. Тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы.

Бұл пәннің зерттейтіні-адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Оқушының ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеру мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу мәселелерін қарастырады.

Сөйтіп олардың даралық ерекшеліктерімен санасып балалардың бір қалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен талім – тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді.

Тәлім-тәрбие психологиясының екі тармағы бар:


  1. Оқыту психологиясы.

  2. Тәрбие психологиясы.

Оқыту психологиясы – дидактиканың психологиялық негіздерін, оқытумен білім берудің жекелеген әдістерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастырудың жолдарын қарастырады.

Тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді зерттейді.

  1. Жас кезеңдерінің психологиясы.

Әр түрлі жас кезеңіндегі психикалық процестердің табиғи негізі мен азаматтық қасиеттерін, психологиялық салаларын зерттейді. Оның тармақтары:

  1. Балалар психологиясы

  2. Жеткіншек психологиясы

  3. Жастар психологиясы

  4. Ересектер психологиясы

  5. Қарттар психологиясы

3. Арнаулы психология

Бұл адам дамуының бір қалыпты даму жолынан ауытқуын, ми зақымы ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістерін және осы саладағы әр түлі аурулардың себептерін қарастырады.

Оның біршеше тармақтары бар:


  1. Олигофренопсихология

  2. Сурдопсихология

  3. Тифлопсихология

  4. Патопсихология

Олигофренопсихология–ми зақымы ауруымен туған адамдар психологиясының дамуын қарастырады.

Сурдопсихология – нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.

Патопсихология – туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейді, грек тілінде ”пато” зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді.

4. Еңбек психологиясы

Адамның іс-әрекеті түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Әртүрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын өндірістік, кәсіптік жағдайыдың адамға тигізетін әсерінің, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын қарастырылады.

Оның тармақтары:


  1. Инженерлік психология

  2. Авиациялық психология

3. Ғарышкер психологиясы. Инженерлік – психология негізінен автоматталған жүйелерді басқару мен әртүрлі операторлардың жұмысын зерттейді.

Авиациялық психология – ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеңістігінде бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрлар даярлап шығару мақсаттарын көздейді.



Ғарышкерлік психологиясы - адамның салмақсыздық пен әуе кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу кезіндегі қиыншылық жағдайдағы психологиясын, адамның көңіл-күйімен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.

5. Медициналық психология.

Дәрігерлер мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Оның тармақтары:

А) Нейропсихология

Ә) Психофармакалогия

Б) Психотерапия

В) Психопрофилактика және гигиена.

Нейропсихология-психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың қатынасын зерттейді.

Психофармакалогия-дәрі–дәрмектердің адам психологиясына әсері мен күшін қарастырады.

Психотерапия- ауру адамға психикалық әдіс-айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерін қарастырады.

Психопрофилактика және гигиена-адамның денсаулығы мен оны нығайту шараларын жүзеге асыру жағын, оның әдіс-тәсілдерін анықтау жағын қарастырады.



  1. Әскери психология.

Азаматты ел-жұрты мен отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгерлердің мінез-құлқы, бастықтармен бағынушылардың арасындағы қарым-қатынастар, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі.

  1. Әлеуметтік психология

Адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынандай үш түрлі мәселе қамтылады:

А) Үлкен (ірі) топтардағы психологиялық әлеуметтік жағдайлар.

Мұның құрамында жалпы бұқаралық байланыстар : радио, теледидар, баспасөз т.б кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы әр түрлі хабарлар беріп, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі.



Ә) Кіші (шағын) топтардағы психологиялық жағдайлар.

Топтардағы адам бірігуі, олардың өзара қарым-қатынасының сыры мен хал-жағдайы, топ ішіндегі жетекшілігінің алатын орны, әртүрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтардың шеңбері, бірігуінің себептері, мақсат мүдделері, шоғырлану деңгейлері зерттеледі.

Б) Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны.

Әлеутеттік психологиялық зерттеудің объектісі-азамат. Олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратын және оларға бейімделу ерекшеліктері де зерттеледі. Сонымен қатар азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығымен бағыт-бағдарын, табандылығы мен көнбістігн, ұжымшылдығы мен мен-мендігін, тұрақтылығымен болжам паздығын зерттеуге де мән береді.



  1. Спорт психологиясы.

Спорт жетекшілерімен бағынушылардың арасындағы қарым-қатынас, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін психологиялық даярлығын т. б зерттейді.

9. Сауда психологиясы –қазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді. Сонымен қатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатып алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет етудің факторлары қарастырылады.

10. Ғылыми-шығармашылық психологиясы - соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі өзіндік ерекшеліктері белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т. б сипаттары зерттеледі.

11. Көркем-өнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психологиясы. Бұл сала бойынша қарастырылатын мәселелер әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары зерттеледі.

12. Салыстырмалы психология.

Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады.



13.Заң психологиясы. Хұқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибие жүзінде қолданудың мәселелерін зерттейді. Бұл саланың үш тармағы бар олар:

1) Сот психологиясы, 2)Қылмыс психологиясы, 3) Еңбек пен түзету психологиясы.



Баќылау с±раќтары:

1.Жантану ғылымының қандай салалары мен тармақтары бар.

2.Жантану ғылымы салаларының дамуы мен қалыптасуы.

3.Оларды топтастыру және жіктеу жолдары.

4.Тәлім– тәрбие психологиясы.

5.Әлеуметтік психология.



  1. Жас ерекшелік психологиясы.

  2. Арнаулы психология.

  3. Медициналық психология.

  4. Салыстырмалы психология.

  5. Еңбек психологиясы.


3-лекция
Таќырыбы: Зерттеу әдістерінің түрлерін сипаттау.



Жоспары: 1. Психологиялыќ зерттеулерді ќ±ру принциптері.

2.Ќазіргі заман ѓылыми психологияда ќолданылатын єдістердіњ т‰рлері.

3.Психикалыќ ќ±былыстарды олардыњ дамуы барысында зерттеу.

4. Ѓылыми психологиялыќ зерттеулерге ќойылатын талаптар.

5. Зерттеу материалдарын µњдеу.
Лекция маќсаты: Студенттерді психологиялық зерттеулерді құру принциптерімен, қолданылатын әдістердің түрлерімен,зерттеулерге қойылатын талаптармен,зерттеу материалдарын өңдеу жолдарымен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Психологиялыќ зерттеулерді ќ±ру принциптері.

Психологиялыќ зерттеулердіњ бірінші принципі – психиканыњ зерттеудіњ объективтілік принципі болып табылыды. Б±л принцип кез келген психикалыќ ќ±былымты олар ќандай болса, сол к‰йінде ќараудыњ ќажеттігін білдіреді. Олар адам µмірініњ сыртќы жаѓдайлары жєне ќызметімен µзара байланыста ѓана зерттелуі м‰мкін. Б±л талап орындалуы тиіс, себебі психикалыќ ќ±былыстар сыртќы єсерлердіњ бейнеленуі ретінде ±ѓынылады.

Объективтілік принципі адамныњ психикалыќ ерекшеліктері жайлы оныњ наќтылы істері мен ќылыќтарына ќарап ќарап д±рыс пікірге келуге болатындыќтан адамды ќызмет процесі ‰стінде зерттеуді талап етеді. Б±л принципті басшылыќќа ала отырып, психикалыќ ќ±былыстарды белгілі бір адамѓа неѓ±рлым тєн, сондай-аќ тєн емес жаѓдайларда зерттеу керек. Осындай жаѓдайда ѓана адамды жан-жаќты жєне мєнді нєрсеніњ ешќайсысын назардан тыс ќалдырмай зерттеуге болады.

Объективтілік принципі жиналѓан материалды µњдеуде де кµрініс табуы тиіс. Алынѓан фактілердіњ барлыѓы, оныњ ішінде бір-біріне ќарама-ќайшыларды да жан-жаќты талдауѓа т‰суі керек. Ќарама-ќайшы фактілерге ерекше назар аударѓан жµн. Оларды ешќашанда жай ќарамай тастауѓа болмайды, ќайшылыќ себебін міндетті т‰рде табу керек немесе ќосымша тексеру ж±мыстарын ж‰ргізу керек. Жиналѓан материалды µњдеу кезіндегі объективті принципі кез келген т±жырым наќты фактілер негізінде жасалатындыѓынан кµрінеді. Соњѓы ќорытынды белгілі бір болжам ±сынуѓа болмайтындыѓын білдірмейді, тек ±сынѓан топшылаудыњ д±рыстыѓын фактілі материалмен дєлелдеуге міндеттейді.

Психологилыќ зерттеулерді ќ±рудыњ таѓы бір µте мањызды принципі – психикалыќ ќ±былыстарды олардыњ дамуы барысында зерттеу принципі. Егер объективті д‰ние ±дайы ќозѓалыста жєне µзгерісте болса, онда осыѓан орай, оны бейнелендірудіњ ќозѓалыссыз, µзгеріссіз болуы м‰мкін емес ќой.

Психикалыќ ќ±былыстарды олардыњ дамуы барысында зерттеу адам бойында ќалыптасып болѓан психикалыќ ќасиеттерді ѓана емес, сонымен ќатар жања ѓана пайда болып келе жатќан психикалыќ ерекшеліктерді де зерттеуді талап етеді. Жања ќалыптаса бастаѓан ерекшеліктерді зерттеудіњ, єсіресе оќушы психикасын ќарастырудаѓы мањызы ерекше. М±нда басты назар балалардыњ айќын анаыќталѓан психикалыќ ерекшеліктерне емес, болаќшаќтаѓы даму перспективасын белгілей алатын психикалыќ саналарына да аударылѓаны абзал. Егер де м±ѓалім болашаќќа батыл ќарап, єр оќушыныњ болашаќ дамуын алдын ала болжай білмесе, б‰кіл оќу тєрбие ж±мысын бір арнаѓа т‰сіріп, ќойылѓан маќсатќа орай ж‰ргізу м‰мкін емес.

Єр т‰рлі жаѓдайларда, єр т‰рлі ќызмет бабында, басќа адамдармен ќарым-ќатынысында жеке адамныњ сан-саласы психикалыќ ерекшеліктері, жеке адам ретіндегі бет бейнесі ашылады. Сонымен бірге аќиќат µмірдіњ алуан салалылыѓына ќарамастан, єр адам µз к‰йінде ќалады, тек µзіне ѓана тєн индивидуалды психикалыќ ќасиеттерін саќтайды. Сондыќтан психологиялыќ зерттеуді ќ±ру принциптерініњ бірі жеке адамды анализдік-синтездік зерттеу принципі болып табылады.

Анализдік зерттеу психиканыњ элементтерін жеке адамныњ µмірі жєне ќызметініњ єр т‰рлі жаѓдайында тануѓа м‰мкіндік береді, ал синтездік зерттеу барлыќ жєне психикалыќ кµріністердіњ µзара байланысын аныќтауѓа жєне белгілі бір адамды толыќ сипаттайтын т±раќты ќасиеттерді табуѓа кµмектеседі.

Анализдік-синтездік принципті ±стау ќажеттілігі жеке адамды терењ, жан-жаќты зерттеу, танымдыќ, эмоциялыќ, ерік-жігерлік процестердіњ жеке жаќтарын, жеке ќасиеттерді зерттеу сияќты барлыќ осы сєттердіњ адамныњ т±тас психикалыќ бейнесіндегі µзара байланыстарын, µзара шарттылыќтарын зерттеуді ќажет ететіндігінен де болып отыр. Б±л екі баѓыттыњ ќатањ бірлікте болуы, біржаѓынан, жеке кµріністерін зерттемейінше жеке адамныњ психикалыќ ерекшеліктерін т‰сінуге жєне д±рыс баѓалауѓа болмайтындыѓын, ал, екінші жаѓынан, жеке адамныњ ерекшеліктерін оларды бір-бірімен салыстырмайынша, олардыњ µзара тєуелділігі мен бірлігін ашпайынша ±ѓынуѓа болмайды.

Психологиялыќ зерттеулерді ќ±руда анализдік-синтездік принципті басшылыќќа алу єр адамныњ психикалыќ бейнесінде белгілі бір тарихи кезењдегі барлыќ адамдарѓа немесе белгілі тапќа тєн жалпы ±ќсастыќ, сондай-аќ ерекшелік, индивидуалдылыќ болатындыќтан да ќажет. Жеке адамды зерттеу процесі кезінде оныњ ќандай жалпы типтік жєне индивидуалды ќасиеттерге ие екенін, осы ќасиеттердіњ ќандай ќатыстарда екендігін аныќтау ќажет.

Сонымен психологиялыќ зерттеулерді ќ±рудыњ негізгі принциптері: объективтілік принципі, психикалыќ ќ±былыстарды олардыњ дамуы барысында зерттеу принципі жєне жеке адамды анализдік-синтездік зерттеу принциптері болып табылады.

Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар. Бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқвн. Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс - әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.

2. Жантануда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады. Осындай негізгі әдістердің біріне байқау әдісі жатады.

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай–ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез – құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Сондай – ақ адамның ерік күшін, сезім ерекшеліктерін, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін обьектіні суретке түсіру үшін – фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т.б. пайдаланылады.

Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:



  1. Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету;

  2. Зерттелетін обьектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау обьектісі ретінде сабаққа нашар студентті алатын болсақ, мақсатымыз – оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;

  3. Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелушінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқиятталдау жасау; басты фактілерді іріктеп алу – осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.


Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет