Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



жүктеу 5.06 Mb.
бет10/22
Дата19.09.2017
өлшемі5.06 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

Баќылау с±раќтары:

1. Ойлау дегеніміз не.

2.Ой тәсілдері дегеніміз не.

3.Ойлаудағы анализ бен синтездің алатын орны қандай.

4.Салыстыру, абстракция, нақтылау, жалпылау, жүйелеу тәсілдеріне жеке сипаттама беріңіз.

5.Ұғым дегеніміз не. Төменгі сынып оқушыларында ол қалайша қалыптасып отырады.

6.Пікір, ой қорытындылары жайлы айтып беріңіз.

7.Түсіну дегеніміз не.

8.Адам ойлауында қандай айырмашылықтар болады.

9.Ақылдың қандай сапаларын білесің.


28-лекция
Таќырыбы: Ойлау тәсілдері.

Жоспары:

1.Ойлау тәсілдері туралы түсінік.

2.Түсіну және оның түрлері.

3.Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.


Лекция маќсаты: Студенттерді ойлау туралы ұғыммен, ойлаудың физиологиялық негіздерімен, ойлау жөніндегі теориялармен, ойлау тәсілдерімен, формаларымен, түрлерімен, ойлау саласындағы дара айырмашылықтармен және ойлау мәдениетімен таныстыру.
Лекция мєтіні

1. Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Анализ дегеніміз- ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі- бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез-келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажырытсақ, бұл – анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т.б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәрбие т.б.) әр қилы көрініп тұрады.

Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мәселен, заттарды оның түсіне, түріне, құрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясынын, күрделі түрлі – абстракция мен жалпылау.

Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сөздерді “төрт бұрыш” деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ бор, қант, қар секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде “ақшыл” деген сөзді алсақ, бұл да абстракциялық ұғымға жатады.

Абстаркцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау – абстаркциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр, бие деп бөлетін болсақ, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстаркцияға қарағанда, ұғымды көрнекті етіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Жеке мысал, көрнекті құрал – нақтылаудың түрлі формалары.

Жалпылау дегеніміз біртекті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мәселен, алма, өрік, мейіз, алмұрт т.б. ұқсас белгілері жиналып келіп, “жеміс” деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау тәсілі бізге сыртқы дүние заттарының мәнді белгілерін ажырата алуға жәрдем береді.

Жалпылау арқылы шындықтағы заттармен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді. Жүйелеудің жоғары түрі – классификация. Мәселен, жануарлар – типке, типтен – класқа, кластан – отрядқа, отрядтан-отбасыға, отбасыдан –текке, тектен –түрге т.б. жүйеленеді. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады. Осы айтылған ой тәсілі мал шаруашылығының қыры мен олар шөпті ащы (көкпен, изен, жусан т.б. ) тұщы (қияқ, боз т.б.) құрғақ, сулы деп бірнешеге бөледі. Шөптерді қай малдың жейтініне қарай да топтпсытыруға болады. Айталық, түйе үшін: жапырақ, шағыр, изен т.б. қой жейтіндері: жоңышқа, қына десек, жылқы отына –боз, қияқ, беде, ебелек, бидайық т.б. жатқызамыз. Малды сондай-ақ жасына, жынысына, жүрісіне, бөлу де ойдың осы тәсіліне жатады. Мәселен жылқыны жасына орай,: құлын, жабағы, тай, дөнен, бесті, т.б. десек, ал жынысына қарай: байтал, бие, ат деп айтамыз. Сиыр малын: бұзау, баспақ, жынысына қарай тайөгіз (ерекгі), қашар(ұрғашысы) т.б. деп бөледі. Адамның ойлау әрекетінде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттеріне, ерекше белгілеріне, мәніне түсіне білудің маңызы зор .Түсіну арқылы ғана біз айналамыздағы заттардың себеп- салдарлы байланыстарын, бір- біріне тәуелділігінің шығу тегі мен даму жолын ажыратамыз.

2. Түсінудің басы — шындықтағы заттар мен құбылыстарға танысудан, көріп білуден басталады өйткені қандай нәрсені болмасын, ұғыну үшін, ұгынуды зерттеуді эмпириялық жолмен бастау қажет.

Түсіну екіге бөлінеді: 1. Тікелей 2. Жанама

Тікелей түсіну — жанама турде ой операцияларын керек етпейтін қабылдауға ұқсас процесс.

Жанама түсіну — бірнеше аралық басқыштардан туратын ой операцияларын керек ететін көмескі нәрсені анық, айқын етіп бейнелеуде ой түйіндерін талап ететін процесс.

3. Халық ерте замандардың өзінде-ақ ақыл- ойдың кеңдігін ерекше қастерлеген.

Мыс: "Ой ойласаң тек ойла, тең ойласаң кең ойла " деген мақалда қандай нәрсе болмасын мәселені барлық жағынан қамти ойлау керектігін айтқан.

Ойдың ұшқырлығы. Кейбір адамдар мәселенің барлық жағын көре алады, тез шеше алады, сергек белсенді келеді. Мүндай адамдар орынсыз, асып -саспайды, жағдаймен санасады.

Ойдың асығыстық турі — мүндай адамдар онша ой жұмысымен айналыспады, "ауырдың үстімен, жеңілдің астымен " жүреді.

Кейбіреулер өз бетімен ешнәрсе айта алмайды, басқа кісіге сүйеніп, ойсыз өмір кешеді. Үлы ақын Абай мүндай адамның психологиясын тамаша көрсеткен:

"Басында ми жоқ,

Өзінде ой жоқ,

Күлкілшіл кердең наданның

Көп айтса көнді

Жұрт айтса болды

Әдеті надан адамның "

Басқалардан көмек күтпей, мәселені өз бетімен шешу — адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Жеке адамның білім көлемі, өмір тәжірибесі, оның айналасындагылар жүйке жуйесінің типтік ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері т.б. ақыл ойдың дара ерекшеліктерінің қалыптасуына себеп болатын факторлардың бір тобы.

Баќылау с±раќтары:

1.Ұғым дегеніміз не. Төменгі сынып оқушыларында ол қалайша қалыптасып отырады.

2.Пікір, ой қорытындылары жайлы айтып беріңіз.

3.Түсіну дегеніміз не.

4.Адам ойлауында қандай айырмашылықтар болады.

4.Ақылдың қандай сапаларын білесің.


29-лекция
Таќырыбы: Ойлаудың түрлері мен формалары

Жоспары:

  1. Ойлаудың түрлері және оларды топтастыру.

  2. Ойлау формалары.

  3. Ойлау мәдениеті.

Лекция маќсаты: Студенттерді ойлау туралы ұғыммен, ойлаудың физиологиялық негіздерімен, ойлау жөніндегі теориялармен, ойлау тәсілдерімен, формаларымен, түрлерімен, ойлау саласындағы дара айырмашылықтармен және ойлау мәдениетімен таныстыру.
Лекция мєтіні

1. Адам әрекет еткенде мазмұны жағынан да, шешу тәсілі жағынан да алуан түрлі мәселелермен кездеседі.

Практикалық ойлау.

Біріншіден, ойлаудың түрі нақтылы іс-әрекет пен қимыл-қозғалыс жайындағы прпактикалық іспен ұштасқан. Бөбектердің ойы осы іс-әрекеттермен байланысты. Екінші, бейнелі ойлау мектеп жасына дейінгі балаларда қарқынды дамып, олардың заттардыұстап тұтынуы нәтижесінде қалыптасады. Олар сол заттардың бейнесін көрнекті түрдеқабылдап отырады. Үшінші, абстрактылы ой. Ойлаудың бұл түрі бойынша адамның ұғымды меңгеруі нәтижесінде пайымдау әрекеттері дамып, ғылыми түсініктері өрістейді.



  1. Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері- дискурсивтік: өз кезең, кезегімен өрістей дамыған ойлау процесі; интуитивтік: желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процесі.

2.Шешулі қажет мәселелердің қайталанбастығы мен жағалығына орай ойлау шығармашыл және қайта жаңғыртушы болады. Шығармашыл ойлау жаңа идеялары туындатуға бағытталады, оның нәтижесінде қандай да мәселе, проблемаларының соны, қайталанбас шешімі табылып, не бұрыннан бар шешімнің жетілген әдісі жүзеге келеді., Шығармашыл ойлау барысында танымдық іс-әрекеттің төркін, ішкі мән-мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой-пікір құрылымдары пайда болды. Бұл арада іске асатын жаңалықтың екі түрін айыра білу қажет: 1) жалпы болмыс заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объективті жаңалық; 2) нақтытұлға ой-өрісінен бастау алған субъективті жаңалық. Шығармашыл ойдың дамуына кедергі болатын факторлар: 1) шектен тыс сыншылдық; 2) шешім іздеудегі асығыстық; 3) ішкі шек қоюшылық (цензура); 4) регидшілдік (ескі білімдері қлдануға әуесқойлық); 5)конформизм (сырт көзге мазақ болу қаупінен туындаған тар-тыныштық). Қайта жаңғыртушы ой әрекектінің шығармашылдықтагн айырмашылығы - дайн білімдермен ептіліктерді қолданып, ескі сүрлеумен жере білу.

3.Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әрекеті теориялық және тәжірибелік болып бөлінеді. Психологияда көп уақыттарға дейін ынсандардың заңдылықтары мен қасиеттерін ашуға арналған ойдың теориялық қырықына ескеріліп, зерттеліп келді. Теориялық ақыл-ой әрекеттері іске асырылуы тиіс. Практикалық іс-әрекеттердің бастауы , негізі деп түсіндірілді. Әр қандай теориялық оймен ұштаспаған әрекет ақылдық емес, тек дағдылық, одан әрі тума біткен деп. сипатталады. Осының нәтижесінде бір -біріне тікелей қарсы екі ой әрекеті жөнінде көзқарас бесіді:



    1. Әрқандай ақылдың қатысынсыз орындалатын әрекет;

    2. Теориялық ойлау негізінде жүзеге келетін әрекет.

2. Ойлау түрлерін классификациялауға байланысты психологияда кең тараған бағыттардың бірі – шешеілуі тиіс болған мәселенің мазмұнын негізге алу, осыдан ойлау :1)Затты -әрекеттік; 2) көрнекі- бейнелі ; 3) сөзді логикалы болып түрленеді. Затты әрекеттік ойлаудың көрініс сипаты: қалыптасқан жағдайды жаңалай өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей бағытталған нақты әрекетпен бірге жүреді. Бұл ой формасы 3 жасқа дейінгі сәбилерге тән. Бұл кезеңде бала заттрарды бірін –біріне беттестіре салыстырады; ойыншығын бөлек- бөлек сындыра, бұзып талдайды; таяқшалары мен кубиктерін бір ортаға үйіп, біріктіреді; ойыншықтарын түр –түсіне орай қосып, қорытындылайды. Бұл ойлау формасы ересектер тәжірибесінде де көптеп кездеседі. Мысалы, үй жиһаздарын ауыстырғанда; бұрыннан таныс болмаған механизмдермен жұмыс істеген сынаушылар мен конструкторлар қызметінде, яғни нәтижесі әлі күңгірт болван әрекеттерді орындау барысында қолданымын табады.

Көрнекі бейнелі ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес , ол ардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады . Мұндай ойлауда заттың тұтастай сипаты толық әрі Жан – жақты көрініс береді. Бұл тұрғыдан көрнекті –бейнелі ойлау қиялдаумен жанасып кетеді.

Қарапайым формада көрнекі- бейнелі ойлау 4-7 жастағы балаларға тән. Бұл кезеңде таным тікелей әрекетпен емес, дайын нысанды қабылдап, көрнекі- бейнесін еске,көз алдына келтірумен байланысты. Баланың дәлелдеулері тікелей заттың өзіне негізделген қандайда ой жүргізуден бұрын сол заттың бейнесін еске түсіреді, орындайтын ісімен оның нәтижесін суреттеп, болжайды.Көрнекі-бейнелі ойлау арқылы өзі жоқ не көрінбейтін заттың кескін бедері тұрғызылады. Осындай жолмен ғылымда атом ядросының схема сызбасы, жер шарының ішкі құрылымы танылған.

Сөзді-логикалы ойлау қызметі тілдік құралдарға сүйеніп, ойлау процесі өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған. Сөзді- логикалы ойлау тікелей бейнеге ие болмаған түсініктерді, логикалық құрылымдарды пайдаланады.(мыс: құн, адалдық мақтаныш т.с.с.) Осы ойлау түрінің арқасында адам жалпы заңдылықтарды ашып, қоғамның даму желісін алдын- ала болжап, сан алуан көрнекі материалды жалпыланған, қорытынды күйіне келтіреді. Ойлаудың барша түрлері өзара тығыз байланысқан

2. Ойлау формалары: 3-ке бөлінеді.


  1. Үғым.

  2. Пікір.

  3. Ой қорытындылары.

1. Үғым дегеніміз — заттар мен құбылыстар туралы ой.

Дара және жалпы болып бөлінеді.

2. Пікір — ол бір зат туралы мақұлдау немесе оны бекерге
шыгару.

3. Ой қорытындылары дегеніміз — бірнеше пікірлерден


жаңа бір пікір шыгару тәсілі. Бұлардың з турі бар:

  1. дедукция

  2. индукция

  3. аналогия

  1. Дедукция — Ойлау жуйесі жалпыдан жекеге қарай жүретін ой
    кррытындысы,

  2. Индукция — Ойлау жуйесі жекеден жалпыға қарай жүретін ой
    қорытындысы.

Аналогия - уқсастық бойынша ой қорытындысын жасау.
Баќылау с±раќтары:

1.Ой тәсілдері дегеніміз не.

2.Ойлаудағы анализ бен синтездің алатын орны қандай.

3.Салыстыру, абстракция, нақтылау, жалпылау, жүйелеу тәсілдеріне жеке сипаттама беріңіз.

4.Ұғым дегеніміз не. Төменгі сынып оқушыларында ол қалайша қалыптасып отырады.

5.Пікір, ой қорытындылары жайлы айтып беріңіз.


30-лекция
Таќырыбы: Қиялдың тарихи даму жолдары

Жоспары: 1Қиял туралы түсінік.

2Қиялдың физиологиялық негіздері.

3Қиялдың тарихи даму жолдары.
Лекция маќсаты: Студенттерді қиялдың тарихи даму жолдарымен, қиялдың физиологиялық негіздерімен, түрлерімен, қиялдың жасалу жолдарымен, қиялдың дара айырмашылықтарымен, балаларда қиялдың дамуымен таныстыру.
Лекция мєтіні

1. Біз бүрын қабылдаған заттар мен қүбылыстардың образдарына сүйене отырып, бүрын көрмеген жерлерімізді санамызда бейнелей аламыз.

Мысалы: Өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы (Африка, Австралия, Индия т.б.) кітаптар оқығанда, әңгіме тыңдағанда бізге түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бүл қиял процесінің жемісі болып саналады.

Адамның өмір төжрибесі, білімі мол болса, ол адамның қиялы да солғүрлым айқын және толық болады, ал бүл айтылғандар жеткіліксіз болса, қиялдың өте солғын болатындығы байқалады. Мысалы: Біз 4 класс оқушыларына қазан төңкерісіне дейінгі қазақ елінің өмірі мен


таныстырып әңгіме айтқанымызда, кейбір оқушылар сол кездегі кедейлердің ауыр түрмысы туралы, байлардың сән салтанаты, туралы онша ажырата алмайтындықтары болады.

Балалардың сол кездегі қазақ елі туралы елестерінің солғындығы оларда қазақ елі туралы көрнекті туғаны байқалады. Кейін осы тақырыпқа қайта оралып, көрнекілік жағына ерекше мән беріп (оқушыларға әңгіме айтып суреттер көрсетіп, музейлерге, театрларға) апарып таныстырғанда оқушылардың қазан төңкерісіне дейінгі қазақ елі туралы түсініктері нақтылана түсті.

Қиял дегеніміз - қоршаушы өмірдегі заттар мен қүбылыстардың, әр түрлі адамның алына қойған мақсатына сәйкес, өңделе отыра, жаңа бейнелердің жасалыну жолдарын айтамыз.

Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңғыртып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін тек адамға ғана тән психикалық процесс.

Адамның тарихи дамуында не істеп не қоймасын барлығы қиял жүзінде басталады.

Сондықтан қиял дегенде адамның өмірі мен және еңбек әрекетімен тығыз байланысы бар, кебінесее адамның өз жеке басына қарай бағытталған ойлаудың түрін қиял дейміз.

Қиял процесінің адам әрекетінің қай саласында болмасын маңызы зор.

Жалпы қиял деген жаңа бейнені жасау болып келеді. Қиялдың негізінде іс жүзіндегі немесе теориялық түрғыдағы жаңалықтар ашылады.

Адамзат дамуының алғашқы кездерінде - ақ адамдар нәрселерді табатын болған. Адамдар құр қолмен жүмыс істей жүріп, сол қолдардың жүмысын шапшаң ететін еңбек қүралдарының қарапайым түрлерін ойлап таба бастаған. Мысалы: ожау, қысқаш, тырма т.б. табуға ой салды. Қиял процесі тек адамға төн қасиет болып саналады, сондықтан жануарлардың ешқайсысында қиял кездеспейді. Қиял толығымен ойлау процесінің негізінде жасалынатын болғандықтан адамның білім көлемі мен тығыз байланысты болып келеді.

2. Қиял маңызы - бізді қоршаған объективтік шындық. Тіпті (қиялдың) фантазияның өзі өмірде бар нәрселерден құрастырылып жасалынады.

Мысалы: автобус пен трамвайдың кейбір тетіктерін біріктіру арқылы тралейбус ойлап тапқан.

Қиялдың шындықпен байланысты болып келуі адамға қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болды. Халық "Қыран жетпеген жерге қиял жетеді" - деп бекер айтпаған.

Бір кезде талантты орыс ғалымы К.Э.Циалковский космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне түңғыш рет жол салған Ю.Гагарин мен басқа кеңес косманавттарының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.

3. Қиялдың физиологиялық негіздері.

Қиялға оңашаланып алынған орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы түтаспай негіз бола алады.

Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап өңдеу процесінде 2 - сигнал жүйесі шешуші роль атқарады. Қиял 2 сигнал системасының жүмысымен тығыз байланысты болады.

Баќылау с±раќтары:

1.Қиял процесінің жалпы сипаттамасы қандай.

2.Ырықсыз қиял дегеніміз не.

3.Ырықты қиял деген не.

4.Қайта жасау қиялы дегеніміз не.

5.Шығармашылық қиял деген не. Оның мәні неде.


31-лекция
Таќырыбы: Қиялдың түрлері. Қиял және ғылыми техникалық прогресс.

Жоспары:

  1. Қиялдың түрлері.

  2. Қиялдың жасалу жолдары.

  3. Қиялдың дара айырмашылықтары.


Лекция маќсаты: Студенттерді қиялдың тарихи даму жолдарымен, қиялдың физиологиялық негіздерімен, түрлерімен, қиялдың жасалу жолдарымен, қиялдың дара айырмашылықтарымен, балаларда қиялдың дамуымен таныстыру.
Лекция мєтіні

1. Қиялдың түрлері:



  1. Ырықсыз (пассив) қиял

  2. Ырықты (актив) қиял деп болады.

Ырықсыз қиял - деп, адам алдына ешқандай мақсат қоймай, өздігінен, пайда болып алдында біраз уақыт билейтін ой көрінісін айтамыз.

  1. түс көру

  2. адамның бір нәрсені қатты ойлауы.

Адамның шала ұйықтауы жатады.

Түс көрудің жан - жақты физиологиялығын түсіндіріп берген И.Т.Павлов.

Үйқы кезінде ми клеткаларының барлығы тежелмейді, кейбір бөлімдерді (тежелу) қозу жағдайында болады.

Мидың мүндай бөліктерін "күзетші пункт" деп атайды.

Үйқы дегеніміз физиологиялық жағынан алатын болсақ, адамның күнделікті өмірде жұмсаған энергиясын қалпына келтіру болып саналады.

Үйқы 3 фазадан түрады:



  1. үйықтай бастау фазасы.

  2. Қатты йықтау фазасы.

  3. Ояна бастау фазасы.

Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі, өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді де 1- сигнал жүйесі жүйесі ғана жүмыс істейді. 2 - ші сигнал жүйесі толығымен тежелуге үшырайтындықтан адамның ойлау қабілеті ете төмен болады.

Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралады.

Бүлардың негізі адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы, арманы, көрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т.б.

Ұйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын факторлардың есебі жоқ.



Мысалы: ми клеткаларына көшедегі транспорттың тырсылы да, ағаш жапырағының сыбыры да, иттің үргені де, есіктің ашылып-жабылғаны да әсер етеді. Тіпті органның ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т.б.). жүмысына бір жайсыздық жүйе де адамның түсінеқай-қайдағы бірдеңелер кіреді.

Мысалы: үйқыдагы адамның жүрегіне бір салмақ түссе де адамның жүрегі қатты соға бастайды. Барлық адамның түсі деп жазды. И.П.Павлов "1-ші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы". Түс көруді үйқыдағы мидьщ фантазиясы деуге болады, ырықсыз қиял адамның ояү кездерінде де болады. Мысалы:

  1. Адам аспандағы бүлттарға қарап, оны адам бейнесіне
    немесе жануарларға үқсатуы.

  2. Адам әңгіме айтып отырғанда оның басынан өткен
    оқиғалары сенін көз алдыңа елестеп отыруы.

2. Ырықты қиял - деп адам алдына белгілі бір мақсат қоюы мен жасалынады.

Ырықты қиял - қайта жасау, шығармашылық, арман болып бөлінеді.

1. Қайта жасау қиялы - деп, суреттеп сызғанға немесе
жазғанға адамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын айтамыз.

Қайта жасаушылық арқылы адам шындыққа сай, дүрыс образдар беріп отырады.

Қайта жасаушылық тәрбиелеудің басты жолы бар.


  1. Көркем әдебиетті оқып үйрену — оқығанда кітаптың тек қызық
    жерлерін ғана оқығанмен қиял дамымайды, сен - жан кітап
    мазмүнын ойға түйіп, оны көрегендей-естігендей болып отыруы
    қажет. Егер М.Ауезовтың "Абай" романын қиялы бай адам оқыса,
    онда кейіпкерлерімен бірге жүргендей болып түрлі оқиғаларды
    басынан өткізеді. Бұл қайта жасау қиялының көрінісі.

  2. Географиялық карталарды оқып үрену - Карта бетінде саяхат
    жасау бала қиялына планетаның түрлі түкпірін елестетеді.

  1. Творчествалық қиял - деп, өмірдің қай саласында
    болмасын жаңалық алуды айтады. Жазушының, суретшінің,
    ғалымның, композитордың творчествалық қиялға жатады.
    Творчествалық қиялға ғалым саласында неше түрлі жаңалықтардың
    ашылуы жат. Ғылым мен техника саласында көптеген жаңа нәрселер
    әр түрлі заттардың бөлшектерін қүрастыру арқылы пайда болған.
    Мысалы: трамвай мен автобус аэероплан мен шана т.б.

  2. Арман - деп, болашаққа келешекке бағытталған қиялды
    айтамыз.

Арман дегеніміз, өз қалауымызша жаңа образдар жасау. әрбір адам алдындағы жарқын болашағы туралы армандамай білуі қажет. Сондықтан да халық "Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ" -өте тауып айтқан.

Арман адам әрекетімен тікелей байланысты. Адам әрекет етудің орнына бос қиялдаса, ол келешектің қиялы болмай, қүрғақ қиял болып шығар еді.



Мысалы. А.И.Куприннің "Жекпе-жек" повесіндегі подполковник Ромашовтың қиялы дәл осындай, қүрғақ қиял.

3. Қиялдың жасалу жолдары

Қиял түрлі елестетудің негізінде жасалып отырады. Қиялда анализ, сентез әдісі, агглютинация, схематизация тәсілдері жиі қолданылады.

Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі - агглютинация деп аталады.

Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер мен (кентавр, сфинкс, жез тырнақ) және түрлі машинаның конструкциялары (судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана, суға қонып үша алатын самолет) қүрастырылады.

Бұлардан басқа қиял бейнелерін жасайтын әдіс - гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіп көрсетілуін айтады.

Ертегілерді қиял-ғажайып бейнелеуді жасауда осы әдіс көп қолданылады.



Мысалы: "7 басты (жылан) айдаһар". Кеміте көрсету "бармақтай бала".

Карикатуралар мен достық әзілдер

Адамның орасан ақылдылығын, ақылының аздығын бейнелейді.



Схематизация - деп, заттардың айырмашылықтарын ескермей, анық үқсас болса, соны айтамыз.

Мысалы: Суретшінің өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою құрастыруы.

Қиял образдарының күрделі түрі - типтік образдар жасау. Типтік образдар жасау дегеніміз - түтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей ортақ белгілері бар бір образ жасап, жинастыру. Мысалы: Орыстың үлы жазушысы М.Горький айтады - бір топтың жүмысының образын жасау үшін 100 не 200 деген топпен жүмысшыны қадағалап қарауымыз керек - дейді.

"Ана" - романы да мысал болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет