Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



жүктеу 5.06 Mb.
бет11/22
Дата19.09.2017
өлшемі5.06 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

Баќылау с±раќтары:

1.Іс–әрекеттің әр саласындағы творчестволық қиялдың алатын орнын қалай түсінуге болады.

2.Арман дегеніміз не.

3.Қиялдың жасалу жолдары қандай.

4.Қиял саласында қандай дара айырмашылықтар болады.

5.Бала қиялы қандай жолмен дамиды.

6.Төменгі сынып оқушыларының қиял ерекшеліктері мен оларды тәрбиелеудің қандай жолдары бар.
32-лекция
Таќырыбы: Сөйлеу
Жоспары:


  1. Сөйлеу туралы жалпы түсінік.

  2. Сөйлеудің мазмүндылығы мен мәнерлілігі.

  3. "Сөйлеу", "тіл", "қарым - қатынас" ұғымдары туралы
    түсінік.


Лекция маќсаты: Студенттерді сөйлеу туралы ұғыммен, сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлілігімен, “сөйлеу,” “тіл,” “қарым-қатынас”ұғымдарымен,сөйлеудің түрлерімен, сөйлеудің физиологиялық негіздерімен, сөйлеу мәдениетімен таныстыру.
Лекция мєтіні

1. Адам өзінің қажеттігін өтеу үшін басқа біреулермен пікірлеседі, ой бөліседі. Адам баласының сана сезімінің дамуына дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.

Сөйлеудің пайда болуының нәтижесінде адам организм анотомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін мән — мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды.

Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Сөйлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы алғашқы (революция) төңкеріс болды. Сөйлеу белгілері жоғары жүйке жүйесін, қызметін жетілдіреді, соның

нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.

Рас, даму сатысында жоғарғы дәрежеге жеткен маймылдардың 52 — мәнерлі дыбыс шығаратындығы анықталған. Бірақ, маймылдың басқа да жануарлардың дыбыс шығаруы, дауыстауы — ойлауды білдірмейді, ол инстинктік мүқтаждығын сыртқа шығаратын сигнал. Бүның санамен ешқандай байланысы жоқ. Мысалы, шимпанзе баласына тідді үйрету тәжірибесі,



Мыс. Кеңес психологы Н.Н.Ладыгина "Адамның баласы мен шимпанзнің баласы" — деген кітап жазып шыққан. Жануарлардың дыбыс шығаруы қатынас жасауы ретінде

қолданылмайды. Ондай құрал - тіл - тек адам баласының тарихында тек еңбекпен байланысты худы. Ф.Энгельс өзінің "Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі" — деген еңбегінде былай деген болатын: "сөз үжымдық еңбек процесінде қалыптасып келе жатқан адамдардың бір - біріне бірдеңе айтқысы келу мүқтаждығынан туған болатындығын айтты."

Тіл де, ойлау сияқты, еңбек нәтижесінде туды. Тіл, тек адамға тән психикалық процесс.

Сөйлеу деп - адамдардың тіл арқылы бір - бірімен қарам -қатынас жасау процесін айтамыз. Яғни тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді айтамыз. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Немесе ол коздеген мақсатына жете алмайды. Қазақтың ғүлама ғалымы Жүсіп Баласағүн "Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз" -деп тауып айтқан. М.Жүмабаевтың айтқан сөзі "

2. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт:


  1. Сөйлеудің мазмүндылығы

  2. Сөйлеудің мәнерлілігі

Сөйлеудің мазмүндылығы - дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы.

Сөйлеудің мәнерлілігі — дегеніміз адамның сөйлеу кезінде эмоциялық қалпын біддіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы."



Мысал2.

3. "Сөйлеу", "тіл", "қарым - қатынас" үғымдарының мән — мағынасы жақын болғанымен, ғылыми түрғыдан бүлар бір - бірінен ажыратылады. Қарым - қатынас адам іс - әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс тіршіліктің негізгі арқауы. Адам тек сөйлеу арқылы ғана қарым - қатынас жасамайды, ол айналасындағылармен түрлі ым — ишара (жест), белгі, таңба арқылы да бір — біріне ақпарат бере алады. Тіпті қас қағу, иекпен иық қозғалту, басты шайқау т.б. осы секілді атрибуттар да қарым қатынастық қызмет атқарады.

Халқымыз "Ымға түсінбеген дымға түсінбейді"деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым қатынастық қызмет атқаратыны да белгілі.

Сөйлесу қарым қатынастың негізгі түрі. Мүның неше түрлі нүсқалары болады. Мыс, қызмет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасында, құрбы - қүрдастармен сөйлескендегісі басқа формада болады. "Тіл" үғымының да ауқымы кең, ол көбінесе қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика т.б.) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қүбылыс. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойы жинақтаған рухани мүрасы үрпақтан үрпаққа жеткізіліп отырьыады. Ал, сөз сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек адамдарда, не қарт адамдарда, әртүрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше көрінеді. Сөйлесу - табиғи яғни пікір алысуға байланысты қажеттілік. Осы қажеттілікті өтеуде сөйлеудің, пікірлесудің маңызы ерекше. Сөйлеудің адам өмірі үшін маңызы ерекше екендігін мына аңыз әңгімеден көруге болады. "мысал келтіру."



Баќылау с±раќтары:

1.Сөйлеудің жалпы сипаттамасы қандай.

2.Сөйлеудің мазмұндылығы және мәнерлілігі дегеніміз не.

3.Сөйлеудің анатомиялық- физиологиялық негіздері қандай.

4.Төменгі сынып оқушыларында жазбаша сөйлеу қалайша қалыптасады.

5.Балалар оқу, жазу дағдыларын қалай үйренеді, мұның оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіруде қандай маңызы бар.

6.Сөйлеу мәдениетіне төселдіруде қандай жұмыстар жүргізуі тиіс.
33-лекция
Таќырыбы: Сөйлеу түрлері. Сөйлеу мәдениеті

Жоспары:

1 Сөйлеудің түрлері.

2Сөйлеудің физиологиялық негіздері.

3Сөйлеу мәдениеті.

Лекция маќсаты: Студенттерді сөйлеу туралы ұғыммен, сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлілігімен, “сөйлеу,” “тіл,” “қарым-қатынас”ұғымдарымен,сөйлеудің түрлерімен, сөйлеудің физиологиялық негіздерімен, сөйлеу мәдениетімен таныстыру.
Лекция мєтіні

1. Сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді;

1. Сыртқы және ішкі сөйлеу


  1. Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болып

  2. Ауызша сөйлеу диалогты және монологты болып
    Монологты сөйлеудің өзі 3 — ке бөлінеді:

  1. Ауызша әңгіме

  2. Баяндама жасау

  3. Сөз сөйлеу

Диалогты сөз дегеніміз — екі не бірнеше адамның тілдесуі.

Диалогтық сөйлеу — сөйлесудің ең қарапайым, ең байырғы түрі.

Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері мынадай:


  1. Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып
    жатуды тілейді.

  2. Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек
    әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады.

  3. Диалогтық логикалық жағы (жоспарлығы, дәлдігі т.б.)
    кемдеу болады.

  4. Диалог сөз ым — ишаралармен бет пен көздегі мәнерлі
    қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың
    қозғалысы т.б.) толықтырылады.

Монологтық сөйлеу дегеніміз — бір адамның сөзі яғни

баяндамашының лектородың сөздері. Монолог сөздерге тән кейбір

психологиялық ерекшеліктер мынадай:


  1. Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес қүрылады, бүл
    алдын - ала даярлықты тілейді.

  2. Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар
    қойылады.

  3. Монолог сөз мәнерлі, адамга эсер ететін моменттерді
    (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.

2. Ауызша сөйлеуде актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер — күнбе — күнгі жиі қолданылатын создер. Пассив сөздер — тілімізде сирек пайдаланылатын мағынасына түсінгенмен күн сайын айтылмайтын сөздер. Мысалы, ғылыми — техникалық атаулар және ескірген создер жатады. Актив сөздердің мол болуы адамның сойлеу әрекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Ересек адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000 — 7000 болып келсе, жазушылар мен ақындардың, галымдардың актив сөздері 10000 — 13000 сөзге жетіп отырады. Мыс, Шекспирдің сөздік қоры 12000 — дай болған.

Монологтың байырғы алғашқы түрі алғашқы әңгіме. Ауызша әңгімеде сөйлеуші өзінің корген білгендерін не естігенін яғни көңіліне түйген жайттарды бүдан бейхабар тындаушыларға суреттей айтып береді. Халықтың ертегілері мен аңыз әңгімелерін айтушы жыраулар

Баяндама жасау дегеніміз — белгілі бір қүжаттарға негізделіп жасалады яғни белгілі бір мәселе тоңірегіндегі сарапталған ауызша хабар. Мыс, оқу жылының қорытындысы туралы мектеп директорының баяндамасы, жүргізілген ғылыми эксперименттің нәтижелері туралы баяндама.

Радио, теледидар сияқты көпшілік коммуникация қүралының дамуы монологты сөйлеудің анағүрлым қиын формасы -микрофон және теледидар камерасы алдында сөз сойлеуді туғызды. Сабақ беру практикасында мүғалім монологты сөйлеудің барлық формаларын пайдаланады.

Жазбаша сөз сөйлеу — ауызша сөз сойлеудн кейін пайда болды. Адамзат мәдениеті дамуының алғашқы кездерінің өзінде - ақ адамдар белгілі бір оқиғалар туралы деректерді үзақ мерзімге сақтау қажеттігін сезіне бастаған. Жазбаша сөз сөйлеудің алғашқы қадамы сурет арқылы берілген. Жазу — сызу дамуының бүл кезеңін — идеографиялық сөз сөйлеу деп атаған. Идеографиялық сөз сөйлеу — айтайын деген ойды толық жеткізе алмайды. Кейінірек иероглифтік жазу пайда болды. Бүл да айтайын деген ойды толық жеткізе алмайды.

Қазір біз пайдаланып жүрген жазу көп кейінірек туған. Оны ойлап табушы ежелгі финикийлер деседі. Ол алфабетикалық

жазу деп аталады. Ол графаме мен (әріппен), фонема мен (сөйленген сөздің дыбысы) белгіленеді.

Іштей сөйлеу адамның өзімен - өзі сөйлесуі. Іштей сөйлеу адамдармен қарым - қатынас жасауға арналмайды. Іштей сөйлеудің негізгі белгісі оның дауыстап айтылмауында, оны айналадағылар естімейді. Іштей сөйлеу - ішкі күбірлеуден және іштей сөйлеуден түрады. Іштей сөйлеу мен сыртқы сөйлеудің айырмашылығы бар, іштей сөйлеу тым қысқа келеді. Ішкі сөйлеу сыртқы сөйлеу негізінде қалыптасады. Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеуге айналдыру — интериоризация деп аталады. Іштей сөйлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы экстериоризация деп аталады.

3. Сөйлеудің физиологиялық негізін И.В.Павлов жан — жақты дәлелдеген. Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік — синтездік қызметінің нәтижесі. Сөйлеудің физиологиялық негізі 2 - ші сигналдық жүйенің қызметін қүрайды. Мида 1 және 2 сигнал жүйелері болатындығы өткен лекциядан белгілі. 1 — сигналдық жүйе адамдарға да жануарларға да тән. 2 — ші сигналдық жүйемен тікелей байланысты жүмыс істейді. 2 -сигнал жүйесінің жүмысына егерде зақым келсе, адамның сөйлеуі мән — мағынасыз болады. Мысалы, Француз ғалымы Брока. Егер ми сыңарларының сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын дәржеге жетеді. Мүндай қүбылыстарды психология афазия деп атайды. Мүның 3 — түрі бар.


  1. Сөйлеу органдары толық сақталғанымен, қиналып сөйлейді,
    тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынға соғады.

  2. Адам өзі сөйлей алғанымен, басқа біреудің айтқанына
    түсінбейді.

  3. Мидың бір жеріне қан қүйылу, оның тамырларының
    тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісуі т.б. мүның емін
    логопед дәрігерлер жасап отырады.

Баќылау с±раќтары:

1.Сөйлеудің қандай түрлері бар. Диалог, монолог сөздердің айырмашылықтары неде.

2.Жазбаша сөйлеу дегеніміз не.

3.Ішкі сөйлеу дегенді қалай түсінуге болады.

4.Балаларда сөйлеу қалай дамып отырады.

34-лекция
Таќырыбы: Зейін жөнінде түсінік. Зейіннің түрлері.

Жоспары:


  1. Зейін туралы жалпы түсінік.

  2. Зейіннің түрлері.

  3. Зейіннің физиологиялық негіздері.


Лекция маќсаты: Студенттерді зейін туралы ұғыммен, зейіннің түрлерімен, зейіннің физиологиялық негіздерімен, зейіннің негізгі қасиеттерімен және оның тәрбиелеу жолдарымен таныстыру.


Лекция мєтіні

1. Зейін - деп, адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.

Зейін - деп, айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.

Өз ойымен болып отырған адам қасында сөйлесіп отырған адамдардың сөздерін есітіп отырса да, ұғынбауы мүмкін. Егер, біздің зейініміз басқа бір затқа, нәрсеге аударылып отырса, сол сияқты бір жеріміздің де ауырғанында сезбеуімізде мүмкін.

Оқу жұмысыда зейіннің маңызы, өте үлкен белгілі бір затқа зейін аударсақ, ол біздің санамыздан орын алады да, қалғандары нашар қабылданады яғни шетке қалып қояды.

Адамға тән әрекеттің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.О. Ушинский зейннің маңызын былайша көрсетеді.

Зейінді психикалық процестің тобына жатқызу дұрыс болмас еді, өйткені алам өз өмірінің әрбір моменттерін де бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бір нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына, бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің ерекше сипаты болып табылады.

Психикалық қүбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Мыс: сезім зейінді күшейте түсуге, не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мыс: бір объект жағымды сезім туғызып, зейінді күшейтеді де, ал көрші бөлмеден естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.



2. Зейіннің түрлері мыналар:

  1. Ырықсыз зейін.

  2. Ырықты зейін.

  3. Үйреншікті зейін.

Ырықсыз зейін. Сыртқы дүниенің кез-келген объектілері кейде ырықсыз

біздің назарымызды аударады.



Мыс: ауаның күркіреуі, ысқырық, мылтықтың дауысы, бояулы афиша т.б. Сонымен ырыксыз зейін дегеніміз - сананы объектіге, сол объектінің тітіргендіргіш ретіндегі ерекшелігі шамасынрда шоғырландыру. Тітіргендіргіштің өзін зейін объектісіне айналдырып жіберетін кейбір қасиеттерін карастырайық: басқалардан күші басым тітіргендіргіш өзіне еріксіз зейін аударады.

Кызығу - ырықсыз зейін арқылы да болады. Мыс: қызыққан нәрсемізге зейініміз тез ауады. Қызықты кітап оқу үшін де.

Ырықсыз зейін кез-келген тітіргендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жагдайлар себеп болады:



Ырықты зейін - әрекетті саналы түрде белгілі бір ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Ырықты зейінде - белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салуды қажет етеді.

Мектепте оқу ырықты зейінді қалыптастыруы керек. Ол үшін бастауыш кластарда оқушыньщ әліне сай, оқуды қызықты, тартымды үйымдастыру қажет, берілген тапсырманы орындап щығу табысы, баланы рахатқа бөлейді, ынтасын арттырады. Сонымен қатар сабақ кезінде бір әрекетген екінші әрекетке тез ауыстырып отыру керек. Сонда бала тынығып қана қоймайды, баланың ырықты зейіні оянады.



Педагог зейінді ұйымдастыру барысында ырықты зейіннің шоғырлануы үшін мына шарттарды ескеруі тиіс. Мыс: 1) Ғылыми кітап оқығанда конспектілей отыру.

  1. Лекция мен сабақтарда тыңдағанын қысқаша жазып отыру.

  2. Картадан шекараны көрсеткенде сызық бойымен көрсеткішті жүргізу.

  3. Кітап оқығанда кейбір керекті жерлері сызып қою т.б.

Зейінді дұрыс ұйымдастыруға кейде адамның психикалык күйі де әсер етеді. Мыс: шаршап шалдығып отырған адам бір нәрсеге зейін қоюы қиын. Көптеген зерттеулер - жұмыс күні аяғында жүмыста қате көбейетінін, шарашағандық әсерінен зейінді шоғырландыру киынға соғатынын дәлелдеген. Мыс: сабақ кестесін жасағанда (суббота) сенбі күдерге және ылғи ой жұмысын керек ететін пәндерді бір күнге қоюға болмайды. Күрделі есептер шығару, жаңа терминдер, тақпақ жаттау, шетел сөздерін есте үстау т.б. ырықты зейін іске аспайды.

Ырыкты зейін мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:

Үйреншікті зейін - ырықты зейіннен кейін пайда болады. Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жүмсамай-ақ орындалатын зейін.

Мыс: бала оқуға төселсе, ол түрақты әдетіне айналады да зейіні де үйреншікті болады. Қандай нәрсеге болсада үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады.

3. Зейіннің 3 түрі де бірімен-бірі байланысып, араласып, практикалық әрекетте бір-бірін сүйемелдеп отырады. Бүлардан басқа:

Үжымдық зейін.

Топтық зейін.

Даралық зейін түрлері болады.

Ужымдык зейін - бір сыныптағы барлық оқушының зейінін белгілі бір іс-әрекет түріне жүмылдыру. Бүған мүғалімнің сабақ өтуі жат.

Топтык зейін - бір үжым ішіндегі жеке топтар зейінінің шоғырлануы. Топтық зейін сыныпта, лабораториялық тәжірибелер мен өзара тексеру қажет. Бұл -зейінді ұйымдастырудың оқушы үшін де қиын түрі. Өйткені, топтар жүмыс үстінде бірін-бірі алаңдатады. Осындай кедергіні жеңу үшін олардың тапсырманы мүқият орындап шығуларына жете көңіл аударып, оны әрбір кезеңге бөліп жоспарлау керек болады.

Даралык зейін - өз міндетін орындауға әр адамның санасын бағдарлап, зейінін шоғырландырады. Бұл - зейіннің кісі өзі оқығанда, есеп шығарғанда қолдануға тиісггі аса қажетті түрі.

Баќылау с±раќтары:

1.Зейін дегеніміз не.

2.Зейіннің физиологиялық негіздері қандай.


  1. Зейіннің қандай түрлері бар.

  2. Зейіннің негізгі қасиеттеріне не жатады.

  3. Зейінді тәрбиелеудің қандай жолдары бар.


35-лекция
Таќырыбы: Зейіннің негізгі қасиеттері.

Жоспары:

1.Зейіннің негізгі қасиеттері.

2.Зейіннің физиологиялық негіздері.

3.Зейінді тәрбиелеу жолдары


Лекция маќсаты: Студенттерді зейін туралы ұғыммен, зейіннің түрлерімен, зейіннің физиологиялық негіздерімен, зейіннің негізгі қасиеттерімен және оның тәрбиелеу жолдарымен таныстыру.

Лекция мєтіні

1. Зейіннің қасиеттері мыналар:

Зейіннің бөлінуі. Зейіннің шоғырлануы. Зейіннің тұрақтылығы. Зейіннің ауысуы.


  1. Зейіннін көлемі - адамның бір көргенде - ақ қабылдаған нәрселерінің
    саны. Зейіннің көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер
    тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Зейін көлемін анықтау үшін
    уақыттың 1/10 секунд ішінде 10-12 нәрседен тұратын сандар мен әр
    түрлі 5-9 әріпті қамти алатынын көрсетіп отыр. Мектепте оқушыларға
    әсіреше бастауыш сынып оқушыларына бір мезгілде сан жөнінде, сапа
    жөнінде де белгілі бір зейін көлемінен артық мөлшерде материал беруге болмайды.

  2. Зейіннін бөлінуі - адам санасының белгілі бір мезгілде бірнеше әрекетті
    атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінуі дейміз. Мыс: оқушылар
    өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушылардың
    тақтаға шығарган есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды т.б.
    Студенттер бір мезгілде лекция тыңдайды әрі түсінігін жазфп отырады.

  3. Зейіннін шоғырлануы - адам санасының белгілі бір объектіге ерекше
    бағытталады. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса,
    шоғырлауы соғұрлым күшті болады. Іс-әрекетгі дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу керек.

  4. Зейіннің түрақтылығы - адамның зейіні бір объектіге немесе бір
    жұмысқа үзағырақ түрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейміз.

  5. Зейіннің ауысуы - оның бір объектіден екінші объектіге әдейілеп көшуін
    айтамыз.

2. Зейіннің физиологиялық негіздерін И. П. Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.

И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында кошті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы)


Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.

Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атанған. Мидың осы кошті қозғыш алабы қалған алапат арадағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып альп отырады. Осыдан мидың кошті қозған алабы онан бетер күшейеді.

3. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, салат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені,жоғарыда айтылғандай, мидағы басынқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А.А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П. Павловтың “Қозудың оптимальдық алабы” дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.

И.П. Павловтың оптималдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.



Баќылау с±раќтары:

1Зейіннің қандай түрлері бар.

2Зейіннің негізгі қасиеттеріне не жатады.

3Зейінді тәрбиелеудің қандай жолдары бар.


36-лекция
Таќырыбы: Эмоциялар мен сезімдер.

Жоспары:

  1. Сезім туралы жалпы түсінік.

  2. Сезім мен эмоцияның айырмашылықтары.

  3. Күрделі эмоциялар.


Лекция маќсаты: Студенттерді сезім туралы ұғыммен, сезім мен эмоцияның айырмашылықтарымен, күрделі эмоциялармен, жоғарғы сезімнің түрлерімен, сезім саласындағы дара айырмашылықтармен, балада сезімнің дамуымен таныстыру.

Лекция мєтіні

1. Адам өзін қоршаған дүниені тек танып қана қоймайды,оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады,ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды, яғни өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.

Сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының адам қажеттеріне сәйкес келу келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психологиялық процестің түрін сезім деп атайды.

Қажеттерін түрлі жағдайға байланысты түрліше өтелуі адамда көптеген үнамды және үнамсыз сезімдерді туғызып отырады.Мыс:абыржу, шошыну, наздану, жек көрушілік, іш пысу, зерігу т.б.бүлар сезім мен эмоцияның сан алуан түрлері. Сезімдер өте күрделі психикалық процестерінің бірі.

2. Сезімдер мен эмоцияларды дүрыс айыра білу керек .Бүларды ажырата білмеушілік, кейде қате түсініктерге әкеп соқтыруы мүмкін.Мыс:осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін.Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы қүбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісін әртүрлі шартсыз рефлекстерінен, және инстинктерінен байқалады.

Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері болады.

1. Қарама-қарсы, полярлық сапалар.

Мыс: сүйсіну - сүйсінбеу, көңілдену - қажу, шаттық - уайым.

2. Актив(қажырлы)және пасив(солғын) болып бөлінуінен көрінеді.
Адамға күш беріп, әрекетке үмтылдыратын, көтерінкі сезімдер мен
эмоцияларды стеникалық(грек сөзі - күшті), ал бүлардьщ баяу Турін
астеникалық (грек сөзі - әлсіз) деп атайды.

Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық т.б. жатса,

екіншісіне:уайым, енжарлық, көңілсіздік т.б. жатады.

З.Жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Балда сезімдердің

қарама - қарсы сапаларының бірі. Мыс: студенттердің емтиханнан өтуі,

спортсменнің мәреге жетуі.

Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады.

Адам ылғи қинала берсе оның діңкесі қүрып, берекесі кетеді.

Адамның осылайша шамадан тыс зорлануьш психологияда стресс дейді. (ағылшын сөзі - шамадан тыс зорлану). Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады.


  1. Мазасыздану кезеңі.

  2. Зорлану кезеңі.

  3. Титықтау кезеңі.

3. Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады.

  1. Жағымды, үнамды эмоция. Мыс: қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштык
    т.б.

  2. Жағымсыз, үнамсыз эмоция. Мыс: қорқыныш, қайғы, абыржу, налу,
    үрейлену, үнісіздену т.б.

Бүлардан басқа эмоциялар қарапайым және күрделі болып та бөлінеді.

  1. Қарапайым эмоциялар - адамның органикалық қажеттерінің өтелу - өтелмеуіне байланысты туып отырады.

  2. Күрделі эмоцияларға: көңіл, эффект, құмарлық эмоциялар жатады.

1. Көңіл. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады.
Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдарлы, жылы жүзді, ақжарқын, не көіңілге кірмен кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратылады.

Адамның қызметі жақсы жүріп жатса, үжымы, ынтымақты болса отбасы жағдайы(жүріп жатса) жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесінің ерекше әсер етеді. Сол сияқты адамның көптеген айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе(мысалы: жоғарғы оқу орнын бітірсе, диссертация қорғау т.б.) шат - шадымен күйге түседі.

Керісінше, адам ылғи да сәтсіздікке үшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мүндай кезде қабағы қатыңқы, ренішті күйде болады. Сондықтанда "Көңілсізден күлкі шықпас ", "Адам көңілден азады"-деген мақалдар тегін айтылмаған.

Ерік жігері күшті, рухани өмірінің мазмүны бай адамдар аур жағдайда да көңілді жүреді.Өз көңілін меңгере білу - Мүғалім үшін өте қажет. Егер мүғалім көңілсіз болса, оқушының оқу материалдарын менгерулеріне қолайсыз әсер етеді. Әсіресе төменгі класс оқушылары мүғалімнің қас -қабағына қарап отыратыны белгілі.

2. Аффект. лат. жан ұшыру, күйіп - пісу .

Аффект дегеніміз_- қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі.

Мыс: зәре үшу, қорқу, долылық, жан түршігу, қамығу, торығу т.б. Дені сау адамдарда болатын аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі деп есептеу керек. Бүл адамның өзін еңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі.

Ерік - жігері күшті адам мүндай үшқалақтыкка, лепірмелікке бара бермейді. Ондай адам не істесе де ойланып істейді.

3. Құмарлық - адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із
қалдыратын кошті, терең, түрақты эмоция. Қүмарлық өзінің қоғамдық мәнімен (сипатталады) бағаланады.

Ол екіге бөлінеді.



  1. Үнамды (ғылым мен өнерге еңбекке).

  2. Үнамсыз (дүние, бақ, ойын қүмарлық).

Ұлы ақын Абай атамыз, адамға қажетті қүмарлықтың психологиялық табиғатын жақсы көрсетсе, А.С.Пушкин "сараң сері" драмасында Альберттің образы арқылы қүлқынын ақша тескен адамның қүмарлығын былайша суреттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет