Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



жүктеу 5.06 Mb.
бет12/22
Дата19.09.2017
өлшемі5.06 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

Баќылау с±раќтары:

1.Эмоция мен сезімнің жалпы сипаттамасы қандай.

2.Сезім мен эмоцияның бір-бірінен нендей айырмашылықтары бар.

3.Адам эмоцияларының жануарлар эмоциясынан айырмашылықтары неде.

4.Күрделі эмоциялардың қандай түрлері бар.

37-лекция
Таќырыбы: Сезімнің түрлері . Күрделі эмоциялар.

Жоспары:


  1. Жоғары сезімдердің түрлері.

  2. Сезім саласындағы дара айырмашылықтар.


Лекция маќсаты: Студенттерді сезім туралы ұғыммен, сезім мен эмоцияның айырмашылықтарымен, күрделі эмоциялармен, жоғарғы сезімнің түрлерімен, сезім саласындағы дара айырмашылықтармен, балада сезімнің дамуымен таныстыру.
Лекция мєтіні (ќысќаша)

1. Жоғары сезімнің түрлері мыналар :

1.Адамгершілік - моральдық

2.Эстетикалық

3.Интеллектік (ақыл - ой)

Адам мінез - құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер. Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмұны да күрылымы да күрделі келеді. Бұлар:


  1. Қоғамдық мәнді сезімдер.

  2. Жеке көңіл күйге байланысты сезімдер болып бөлінеді.

Соның біріншісіне мына сезімдер жатады: достық, жолдастық, адалдық, ар -намыс, борыш, жауапкершілік, үят т.б. жатады.

Ар - намысты коргау - адамға өте жарасымды сипат, бүл көбінесе қайсар, өжет, табанды, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамның ғана қолынан келеді. Ар - намысты қорғау дегеніміз - сонымен бірге айнала қоршаған адамдарды да силай білу деген сөз. Ар үятты қастерлеу намысқа тырысушылық екенін бірінен кездесе бермейтін қасиет. Мүның адам психологиясына әсер ететін соша кісі кейде "кірерге жер таппай, кісі беті не қарай алмай... үйқыдан, тамақтан қалатыны да болады.

Ұлы ақын Абай атамыз үяттың екі түрі бар дейді.



  1. надандықтан туатын.

  2. Жағымсыз іске, теріс қылыққа ялу

  1. Ұялмас нәрседен ялу, бүл надандық, ынжықтық, жігер - қайрат
    осалдығы, білім мен тәжірибенің саяздығы.

  2. Шын үят ақыл парасаттың ісі "өлімнен үят күшті" деп халқымыз тегін айтпаған.

Адамның ары мен үяты ақылының күзетінде болса, жүрек, қайрат үшеуі бір жерден шығып отырса мүндай адам үятты болады дейді Абай.

2. Эстетикалық сезімдер дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын


бір сүлулықты сезінуі.

Мыс: табиғаттағы әдемі көріністі тамшалау, көркемөнердегі, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат Алу. Сол сияқты архитектуралық, музыкалық, сахналық шығармалардың шебер орындалуынан ләззат алуға да байланысты туып отырады. Мыс: "Әсем әнмен тәтті күй" ...

3. Интеллектік сезімдер - адамның ақыл - ой әрекетімен тану процестерімен
тығыз байланысып жатады.

Мыс: таңсықтау білуге қүмарлық, күдіктену, сенімділік, жаңашылдық, т. б. жатады. Сезімнің бүл түрі оқу процес інде, ғылыми, зерттеу жүмыстарында адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады. Мүғалімнің бастр міндетінің бірі - оқушылар санасында интелектік сезімді қалыптастыру болып табылады Ол үшін көп оқу керектігін оқусыз ешбір мақсатқа жете алмайтыныын түсіндіру қажет "Оқу инемен қүдық қазғандай" ол оңайлықпен қолға түспейді. "Адамның көңілі шын мейірленсе ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі" - дейді, үлы ақын Абай.

2. Сезім саласындағы дара айырмашылықтар. Адамның сезім саласындағы дара айырмашылықтары түрліше болып келеді. Отбасы тәрбиесіне, тұрмыс жағдайына, денсаулығына, жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктеріне, білім қорына, өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне, жас ерекшелігіне т.б. қарай неше түрін кездестіруге болады. Өмірде көңілі көтеріңкі, жағдайлары шат – шадыман адамдар мен қатар, сәл нәрсеге уайымдағыш, қабағы қатулы, не өзін ұстай алмайтын, тиянақсыз болар-болмас нәрседен асып-сасып жұрттың үрейін алатын адамдар да кездеседі.

Баќылау с±раќтары:

1.Жоғары сезімдердің қандай түрлері бар.

2.Балаларда эмоция мен сезімдер қалайша дамып отырады.

3.Төменгі сынып оқушыларының моральдық, интеллектік, эстетикалық сезімдерінің даму жолдары қандай.

4.Эмоциялар мен сезімдерді қандай жолдармен тәрбиелеуге болады.


38-лекция
Таќырыбы: Ерік жөнінде түсінік.

Жоспары:


  1. Ерік туралы жалпы түсінік.

  2. Ерік туралы теориялар.

  3. Еріктің физиологиялық негіздері.


Лекция маќсаты: Студенттерді ерік туралы ұғыммен, ерік туралы теориялармен, еріктің физиологиялық негіздерімен, еріктік амалдарды талдау кезеңдерімен, ерік сапаларымен, ерікті тәрбиелеу жолдарымен таныстыру.
Лекция мєтіні

1. Адам өз қажеттілігіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Сол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдарды қарастырады. Бұл үшін қимыл-козғалысқа түсіп отырады. Адамдардағы қимыл-қозғалыс есепсіз көп, оларды үлкен екі топқа бөледі:



  1. Еріксіз қозғалыстар (көздің ашылып-жүмылуы, жөтелу,
    шашалу, түшкіру т.б.) яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар.

  2. Ерікті, яғни мақсатты қозғалыстар. Мысалы, жерге түскен
    нәрсені көтеріп алу.

Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен, ерік дегеніміз - адамның өз мінез-кұлқын саналы түрде меңгере алуын айтамыз.

Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатына байланысты түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуінен байқалады. Мысалы: үйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін түру керек.

Ерік қоғамдық ерік процесінде пайда болып қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі қажеттіліктерін өтей алады.

2. Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне байланысты көрінеді. Біз көп адамдардан " не тілесем соны істеймін" деген сөзді көп естиміз

Кейбір философиямен психология ғылымының өкілдері
осындайжеке пікірлерге жас кенедей жабысып: "адам не істеймін
десе де ерікті өз қылығына өзі қожайын дейді. Ал еріктің
айналасын қоршап түрған дүниеге, жағдайларға

Байланысты болатындығына жете мән бермейді. Сөйтіп ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметіжемісінің бірі болып есептелінетінпсихикалық процесс деп түсінуіміз қажет. Ерік-жігер туралы теориялар мыналар: 1. интеллектуалдық немесе ассоциациялық теориялар. Мүны жақтаушы Германияда өткен ғасырда өмір сүрген Мейман. Мұның айтуынша ақыл-ой интеллектпен байланысып, соның нәтижесінде пайда болады, яғни ерік адамның мүқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Бұл пікір бойынша ерік өздігінен пайда болады. Ол өзінен-өзі еріксіз жүзеге асып отырады.Адам ерікті әрекет жасау үшін өзінің бұрынғы көрген білгенін елестетуі керек, сол елестеудің нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады. Мұндай көзқарас адамның ерік-жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретіндеқарастырмайды, ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.

2.Неміс психологы В.Вундт оның көзқарасы бойынша ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффекттілердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оны тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені, ерік пайда болу үшін оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше, адамның мүктаждықтары себеп болады.

З.Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді. Мысалы: адам жіпке бір тасты байлап, қолын созып жіпке (тигізген) тізген тасты жай айналдырам деп ой -ласа жібі қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне осындайды Джемс ерік әрекеті деп ойлайды. Бұл айтылған ойдың барлығыда ерікті әрекеттің пайда болу табиғатын, мазмұнын аша алмайды.

3. Еріктің физиологиялық негізін дәлелдегендер И.П. Павлов пен И.М.Сеченов болды. Еріктің физиалогиялық механизмі мен қабығының рефлекстік табиғатына жатады. Ерік процесінде ерікті қозғалыстардың алатын орны ерекше.

Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатты қозғалыс, яғни күрделі шартты рефлекстер.

Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса , ерікті қозғалыстар өмірде жере-бара қалыптасады. Адамның ерікті қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған уақытша байланыстардың негізінде жасалынады.

Мүндай қозғалыстар үшін сөз ерекше тітіркендіргіш болып табылады, көптеген қозғалыстарды реттеп, басқарып, тежеп отыратын да осы сөздік сигналдар.

Адам сөз арқылы нұсқау алады не тоқтамға келеді, алдана қойған мақсатына сәйкес, қимыл- қозғалыстарын реттестіреді. Қозғалыс анализаторының жүйке клеткалары мидың орталық сайының алдыңғы жағына орналасқан . Осы жерде пирамида формасындағы алып жүйке клеткалары бар. Бұлар жүйке талшықтары арқылы қаңқаның бұлшық еттерімен байланысып жатады.Қозғалыс анализаторын құрайтын жүйке талшықтарын пирамидалық жол деп атайды.

Пирамидалық жолдың қызметіне зақым келсе, адамның қимыл-қозғалысының берекесі кетеді, мұндай да оны паралич ауруын шалдықтыруы мүмкін.

Қозғалыстарды тезей алу , тек алда тұрған мақсатқа сәйкес қозғалыс жасау - I және II сигнал жүйелерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі.



Баќылау с±раќтары:

1.Ерік дегеніміз не.

2.Еріктің физиологиялық негіздерін қалай түсінуге болады.

3.Еріктік амал қандай кезеңдерге бөлінеді.

4.Мақсат қою, тілек, қалау,түрткілер күресі, тоқтамға келу ұғымдарын жеке- жеке қалай түсіндіруге болады.

5.Адамның негізгі ерік сапалары қандай.

6.Балаларда ерік қалайша дамып жетіледі.

7.Балаларда қандай ерік кемістіктері байқалады. Оларды түзетуге болама.



39-лекция
Таќырыбы: Ерік сапалары

Жоспары:

1 Еріктік амалдарды талдау.

2 Ерік сапалары.

3 Ерікті тәрбиелеу жолдары.
Лекция маќсаты: Студенттерді ерік туралы ұғыммен, ерік туралы теориялармен, еріктің физиологиялық негіздерімен, еріктік амалдарды талдау кезеңдерімен, ерік сапаларымен, ерікті тәрбиелеу жолдарымен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Мыс: орта мектепті бітірген оқушының алдындағы мақсаты арнаулы оқу орнына түсу. Оның алдына бұл мақсатты қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп болады.

Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы-тілек немесе ниет деп атайды.

Тілек - келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мыс: газетке мақала жазсам, домбыра тартып үйренсем т.б.

Осы тілекті жүзеге асыру үшін адам тиісті жоспар сызып, амал-айла, әдіс қарастырады.

"Жақсы ниет, жарым ырыс" деп халық тегін айтпаған. Қандай болмасын іс-әрекеттің жоспарын жасау - күрделі процесс. Ол адамның белгілі білімін, өмір тәжірибесін, ойының орамдылығын қажет етеді.

Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау- мақсаттың айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі.

Дегенмен, тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік-жігерін толық көрсете алмайды. Өйткені бұлар кейде бір-біріне үйлесе алмай қайшы келіп отырады. Мыс: орта мектепті бітірген оқушы бірде педагогтың институтқа түсіп, мүғалім болып шыққысы келсе, бірде ауыл-шаруашылық маманы болғанды да қалайды. Бүл арада ол екі мамандықтың бірін қалауы керек, ол қайсысын қаларын білмей әуре-сарсаңға түседі. Міне, осындай да тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік болады, мұны психологияда мативтер күресі дейді. Мүндай түрлі мативтердің ішінен ақылға қонымдысы- нақты жағдайға тура келетін біреуі жеңіп шығады, тек содан соң ғана адам тоқтамға келе алады.

Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мативтер күресі, тоқтамға келу

бәрі жиналып еріктік қимылдың "даярлық кезеңі" деп аталады.

Еріктік амалдың ең негізгі кезеңі қандай болмасын тоқтамды орындау стадиясы. Өзінің қандай болмасын тоқтамын іске асыратын, оны орындайтын кісіні ғана еркі нағыз жетілген адам деп айтуға болады.

2. Ерік сапалары.

Адамның ерік сапаларының бірнеше түрі бар.

Ерік күші (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық).

Адамгершілікке сыйымды ерік сапалары (жеке мүддені үжым еркіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары). Еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т.б. бөлінеді).



І.Тоқтамға келгіштік.

Тоқтамға келгіштік дегеніміз - адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы.

Тез тоқтамға келу үшін адам әрбір ісін ой таразысынан өткізіп, асығып-аптықпайды. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу, тәуекелге бел байлай алушылық - тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер.



2.Табандылық.

Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді.



3. Ұстамдылық.

Ұстамдылық дегеніміз - адамның оқыс қимыл-қозғалыстан,
орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті.
4. Тәртіптілік пен жинақылық.

Тәртіптілік дегеніміз - адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті.



5. Ерлік.

Ёрлік дегеніміз - алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет.



Баќылау с±раќтары:

1.Адамның негізгі ерік сапалары қандай.

2.Балаларда ерік қалайша дамып жетіледі.

3.Балаларда қандай ерік кемістіктері байқалады. Оларды түзетуге болама.



40-лекция
Таќырыбы: Темперамент . Темперамент туралы түсінік.

Жоспары:

  1. Темперамент туралы түсінік.

  2. Темперамент туралы (теориялар яғни) ілімнің дамуы

  3. Жүйке жүйесінің типтері және темперамент.



Лекция маќсаты: Студенттерді темперамент туралы ұғыммен, темперамент туралы ілімнің дамуымен, жүйке жүйесінің типтерімен, темпераментті зерттеу әдістерімен, темперамент типтерінің психологиялық сипаттамаларымен, тәрбиелеу жолдарымен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Өте ерте кезден бастап адам өзін-өзі байқай, бақылай отыра, өзін басқа адамдармен салыстыра келе адамдардың арасында болатын айырмашылыктарды біліп, түсінгісі, зертгегісі, дәлелдегісі келген.

Бұл дәлелдеу жолы ертедегі грек оқымыстыларынан бастап әлі күнге дейін зерттеліп келеді.

Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар біріне-бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Табиғатта жеке дара ерекшеліктермен сипатталатын 3-түрлі нәрсе бар.

1) Бір түп ағаштағы 200000-ға жуық жапырақтың бедері жағынан бір-біріне ұқсамай, даралық өзгешелігімен көзге түсетіндігі.

Темпераменті, мінез-қүлқы жағынан бірдей екі адам болмайды.

Дүние жүзіндегі 6 млрд. адамдардың әрқайсысының саусақ бедері біріне-бірі ұқсамайды.

Осы деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі адамдардың өзіндік қасиеті мен ерекшелігін білдіреді.

Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі осы темперамент. Мұның шығу тегі-«красис» деген грек сөзін латынша-темпераментум дейді. Мұның мәні-заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті береді.

2. Адамдардың арасындағы осындай айырмашылығының болуын денедегі сұйықтарға байланысты-деп алғаш дәлелденген грек дәрігері ғалымы Гиппократ болды. (б.ғ.д. 460-356) Олар: денені жьшытьш тұратын қан. Салқындататын – шырын. Құрғататын – бауырдағы сары өт. дымқылдық беретін – қара өт.

Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттің әр түрлілігі организмдегі осы 4-түрлі сүйықтардың аз-көптігіне байланысты деп түсінген.

Мысал: организмде қанның пропорциясы басым болса – сангвиник, ал шырын басым болса – флегматик, қара өт басым болса – меланхолик, сары өт басым болса – холерик темпераменті деп атаған.

Сонымен темперамент дегеніміз – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.

Темперамент деп - - әр адамның сезім көрінісінің, ойлау өрісінің және қимыл әрекетінің өту, сыртқы көріну жолын айтамыз. Темперамент адамның жалпы


  1. қозғалысынан да (біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, біреулер жай қимылдап, асықпай істейді).

  2. Психиканың күші мен тереңдігінен де ( біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше сылбыр жігерсіз болады).

  3. Адамның көңіл-күйінің ерекшелігінен де (салмақты, түрақты, жеңіл, түрақсыз т.б.).

  4. Эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т,б.) жақсы байқалып отырады.

Қазіргі кезде темпераменттің 4-түрі туралы психологияда ерте замандардан бері қалыптасқан тарихи мәліметтер белгілі бір жүйеге келтірілді. Гиппократтан соң Римнің атақты дәрігері ғалымы Гален темпераменттің санын 13-ке жеткізді.

Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, ол адамдардың темпераменті күшті болатынын денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтады. Ал медицинада ғылымдарының өкілдері темперамент жанындағы ілімді ықшамдап, оның бұрынғы 4-типін сол күйінде қалдырады.

Неміс философы И. Кант 1798 жыл жарық көрген «Антропология»деген еңбегінде темпераменттің үш түріне психологиялық сипаттама беріп, оларды психологиялық қасиеттер – деп анықтады.

ХІХ-ғ. Соңында неміс психологі В. Вундт темпераменттер адамның «жан дүниесі тебіреністерінің» күш қуаты мен жылдамдығының арақатынастарына тәуелді болады деп есептеді.

Неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе орыстың антрополог ғалымы Зеланд ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты дейді. Ал көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт темпераменттердің қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп түжырымдады.

Темперамент жайында, оның типтері мен түрлерін, адамның мінез – құлқы мен әр алуан қимыл әрекеттегі көріністерін тәлім-тәрбие істерімен үштастыра отырып іздестірген қазақ халқының көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов болды. Ол өзінің «Жан жүйесі» және «өнер таңдау « деген еңбегінде айтты.

Неміс психологы Э. Кречмер мен американ психологі Шелдонның пікірлері. Темперамент типтері ішкі секреция бездері қызметінің арақатынасына байланысты болады деп санады.

3. Темпераменттердің физиологиялық негізін ғылыми тұрғыдан делелдеген академик И. П. Павлов болды.

Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу мен тежелудің күші, тепе –теңдігі, қозғалғыштығы жиынтығынан қүралады.


  1. Жүйке процестерінің күшіне – ми қабығының жүмыс істеу қабілеттілігі
    немесе сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады.

  2. Жүйке процестерінің тепе – теңдігі қозу мен тежелудің бір – біріне теңдігін көрсетеді.

  3. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы – деп қозу мен тежелудің бір-бірімен алмаса алу қабілетін айтады

Баќылау с±раќтары:

1.Темперамент дегеніміз не.

2.И. П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі темпераменттердің табиғатын қалай түсіндіреді.

3. Төменгі сынып оқушыларының темперамент ерекшеліктерінің негізгі белгілері қандай.

4.Темпераменттер қалай өзгереді және оларды қалай тәрбиелеуге болады.


41-лекция
Таќырыбы: Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы.

Жоспары:

1. Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беру.

2. Темпераментті зерттеу әдістері.

3. Темпераментті тәрбиелеу жолдары.


Лекция маќсаты: Студенттерді темперамент туралы ұғыммен, темперамент туралы ілімнің дамуымен, жүйке жүйесінің типтерімен, темпераментті зерттеу әдістерімен, темперамент типтерінің психологиялық сипаттамаларымен, тәрбиелеу жолдарымен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты.

Темпераменттерді лабораториялық жағдайда зерттеу қиынға соғады, жай байқаулар арқылы да оның ерекшеліктерін танып - білу оңай емес. Дегенмен де адам темпераменті туралы мәліметтерді алуға болады. Мысал: адамның жүріс тұрысын жүйелі түрде сырттай бақылап, олардың психикалық әрекеттерінің жылдам не баяу екенін, дене қимылдарымен, бет әлпетінің қозғалыстарын жігерлі не жігерсіз екендігін, эмоциясы әлсіз не күшті, көңіл - күйінің тұрақты не тұрақсыз екенін байқауға болады.

2. Оқушы темпераментін зерттеу үшін мұғалім оның өмірбаянын зерттеу, әңгімелесіп, танысу арқылы олардың мінез - құлқын таниды. Эксперементтік әдіс арқылы да адам темпераментін зерттеуге болады.

Темперамент жүйке жүйесінің туа пайда болатын типтік қасиеті, ал мінездің адам бойында жүре пайда болатындығы психологиялық ерекшелік. Темперамент типтерін жақсы, жаман деп ажырату дүрыс емес. Өйткені, әрбір темпераменттің жарамды, жарамсыз және үнамды, ұнамсыз сипаттары болады.

3. Темперамент ерекшеліктерінің, үнамды қасиетгерін баланың бойына сіңіру үшін оларды жастайынан тәрбиелеп, мінез құлықтарының жағымды жақтарын қалыптастырып отыру ата - аналардың, үстаздармен тәрбиешілердің борышы және қоғам алдындағы жауапты міндеті. Тәлім - тәрбие істерінде бала бойындағы темперамент типтерінен хабардар болып, олардың даралық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізудің маңызы зор. Баланың типтік сипатын жақсы білу үшін флегматикті жұмыстың, сабақ үстінде басында қадағалаған жөн. Сангвиникті ісін бастаған кезінен бақылауға алу керек. Олай етпеген жағдайда ол ауытқып кетуі мүмкін. Меланхоликке мұндайда үстаздың суық қабақпен бір қарағаны да жеткілікті. Холерикке байсалды үнмен қатаң ескерту жасау, қажет болғанда оны қайталау да керек.

Тәлім тәрбие ісінің басты мақсаты шәкірттердің темперамент типтерімен толық танысып, олардың үнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру.

Темперамент типтерін тәрбиелеуде баланың ерік-жігерін, мінез бітімін, сезім-эмоцияларын дамыту мен ұштастыра жүргізген тиімді болмақ. Тәрбиешілер холериктерді ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, ұзақ жұмыс істеуге үйретіп, сангвиниктерді жұмысты сабырмен асықпай істеуге, флегматиктерді өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеулері тиіс. Мұғалім үй тапсырмаларын сұрау жаңа сабақты пысықтау кездерінде де әр баламен жеке жұмыс жүргізіп отырмаса болмайды.

Мысалы: тілі мен жағына сүйенген холериктерді тыныштандырып, үндемей отырған флегматикті жауап беруге шақыру мұғалімнің асқан байсалдылығын талап етеді.

Ал меланхолик бала хәртіп бүзса ( мүндай жағдай өте сирек болады, әрі олар өздері бірінші болып тиіспеиді.) оны жүрт алдында қызартып, үялту дүрыс емес. Мүндай баламен оңаша сөйлескен дүрыс, тіпті бір қараудың өзі жетіп жатыр. Холерик темпераментіндегі балаға қатаң ескерту жасап, қойылған талапты қалайда орындатқызу жағын ойластыру қажет. Сангвиниктерді қатты бақылау қажет, өйткені олар жүмысқа жылдам, жүмылып кіріскендерімен жылдам суып қалатын балалар.

Әрбір мұғалім баяу болса да темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, ол адамның жасына, білім мен тәжірибесіне, тәлім - тәрбиесіне, нақтылы әрекетіне байланысты түрлі өзгерулерге түсетіндігін ылғи да еске ұстап, осыған орай әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізіп отыру қажет.

Мысал: Оқушының жасына қарай сабақ үлгерімін, тәртібін, басқа балалармен қарым - қатынасын, қоғам жұмысына қалай араласатындығын үнемі қадағалау, олардың ата - аналармен байланысын жасау, қатынастырып отыру қажет. « Темпераментгі тізгіндей білу үшін адамның жақсы тәрбиеленуі керек » ( М. Жүмабаев.)

Меланхоликтер мен флегматиктердің шамалы жетістіктері болса да атап өту керек. Егер ол екеуіне көңіл бөлмесе, өзі сылбыр, ұялшақ ақырын қимылдайтын бала жалқау, салақ балаға айналып, кетеді. Сол үшін баланы жайбарақаттыкка салындырмай, үлкендердің өзі үлгі көрсетіп, шамалы кемшіліктері болсада түзету жасап отыру қажет.

Ал холериктердің қайрат – күшін, шапшаңдығын, тиімді іске пайдалана білуге бағыттап, тыныш ұзақ уақыт жұмыс істеуге үйрету керек. Сангвиниктерді асықпай жұмыс істеп, бастаған ісін тиянақты аяқтауға бағыттау керек.

Меланхоликтер үнемі көңіл аударғанды, мейрімділікті, жылы үнмен сөйлегенді ұнатады. Бұлар жүйке процесінің әлсіздігінен тез шаршайды. Олардың үялшақтығын, қорқақтығын ескеріп, белсенділікке, батылдыкка тәрбиелеп, мейірімділікпен сөйлеп, іс әрекетін қолдап, мадақтап отырғанды жақсы көреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет