Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



жүктеу 5.06 Mb.
бет13/22
Дата19.09.2017
өлшемі5.06 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

Баќылау с±раќтары:

1.Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы қандай.

2. Төменгі сынып оқушыларының темперамент ерекшеліктерінің негізгі белгілері қандай.

3.Темперамент адам психикасынан қандай орын алады.

4.Темпераменттер қалай өзгереді және оларды қалай тәрбиелеуге болады.


42-лекция
Таќырыбы: Мінез жөнінде түсінік. Мінез туралы теориялар.

Жоспары:


  1. Мінез туралы жалпы түсінік.

  2. Мінез туралы теориялар.

  3. Ұлттық мінез.


Лекция маќсаты: Студенттерді мінез туралы теориялармен, қазақ халқына тән ұлттық мінезбен, мінездің физиологиялық негіздерімен, мінездің құрылымымен, қасиеттерімен, типтік мінез бітістерімен, мінезді тәрбиелеу жолдарымен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады.

Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсету мен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның ұйреншікті әдетіне, мінезқұлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әртүрлі мінез бітістерінің болуы, оның сыртқы орбамен түрліше қарым - қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.

Адамның сыртқы ортамен байланысу ұшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.

Мінездің негізгі сапалары болады;


  1. мінездің адамгершілік жағынан тәрбиелілігі;

  2. бірқалыптылығы;

  3. толықтылығы;

  4. күші мен айқындығы;

  5. салмақтылығы;

Мінездің сапасының негізгі компаненттері (бөліктері):

Ұжымшылдық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, жауапкершілік пен адалдық т.б. Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой- өрісі кең адамдарды толык мінезді адам дейді:

«Адамның басына қонған бақыттың түрақты болуы жақсы мінез құлыққа байланысты» (Әл - Фараби). Мінез сапаларының бірі - оның бірқалыптылығы. Мұндай адам қүйындай үйытқып түрмайды, оның қастерлейтіні сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Мінездің бүл екеуі егіз қозыдай, бірінен екіншісі ажырамайтын қасиеттері.Мінездің түрақтылығы адамның саяси моральдық үғымынан, түсініктерінен туындайды.

Бір қалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез -қүлқы болады, ол қауіп - қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі.

Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады.

«Байда қайрат, айда көз, болмаған соң айтпа сөз» - деп ұлы ақын Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылыгы жатады.

Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзегшілігімен ерекшеленеді, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады.

«Мінез» грек сөзі «характер» деген сөзінен шыққан. Ол «белгі, ерекшелік, өзгешелік, із қалдыру» - деген мағына береді.



Мінез деп - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Адамның ісі мен қылығынан көрінетін оның айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің бір сыдырғы тұрақты жәнетұрлаулы жеке өзгешелігі мінез деп аталады.

Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп өмір сатысында дамып, қалыптасып отырады. Мінез білістері адамның дуниеге көзқарасына, сенім мен мұратына, әлеуметтік жағдайына, сыртқы ортаның әсері мен адамның өзін өзі тәрбиелеумен көрінеді:

2. Мінез туралы ілім Грек елінен шыққан. Бұдан 2500 жыл бұрын Грек ғалымы, философ Теофраст Афини жұртының 30 - дан астам мінез бітістерінің нашар жақтарына талдау жасаған. XVII - ғасырда франсуз жазушысы Лабрюен нашар мінез бітістерінің 4500 - ден астамына сипаттама берген. XIX - ғ. Аяқ кезінен бастап мінез туралы психологиялық теориялар көріне бастады. Зерттеушілер адамдардық мінезін дене құрылысына сәйкес түсіндіруге тырысты. Осы кездері френология, графология деген ағымдар пайда болды.

Френология ағымын жақтаушы Ф.Галлет, адамның бас сүйегіне, формасына жүйке саласына қарап адамның мінез -құлқын, ақыл - ойының дәрежесін анықтауға болады дейді.

Графология ілімін жақтаушы Аристотель, Гефаст т.б. адамдардың жазуына қарай адамның мінезін ажыратуға болады дейді.

ХІХғ. Француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік дара адамның ақыл - ойы мен сезімінің және ерік ерекшенің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті деді. И.Кант мінезді темперамент пен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деді. Т. Рибо мінезді адамда туа пайда болады десе , ал Малапер, Фулье т.б. мінез туа пайда болуымен қатар жүре де пайда болатын ерекшеліктері бар дейді . Полан - мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады .Сонымен мінез жөніндегі көзқарас осы күнге дейін өзара талас - тартыс туғызып келеді.

3. Ұлттық мінез – адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтарды бір саналатын этностық , ұлттық , халықтық өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады .

Әрбір халық пен ұлттық этностық өзіндік мінез - құлықтары болады . Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп түратын өзіндік сипат- қасиеттері бар .

Ыбрай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез -қүлқына тән қасиеттерді атап көрсеткен .


  • Қазақ халқының қарапайымдылық пен кішіпейілдік .

  • Ашық жарқын көңіл мен кеңпейілдік,

  • өзге тәсілді адамдарға деген достық және сыйластык ,

  • қонақжайлық т . б . қасиеттер ,

  • өз Отанына , туған жеріне ,еліне деген сүйіспеншілік ,

  • мал шаруашылығына икемділік ,

  • балажандылығы,

  • сөз өнерін ардақтауды ,шешендік қабілеті,

  • еңбек сүйгіштігі мен шыдамдылығы ,

т . б. Жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады .

Баќылау с±раќтары:

1.Мінез дегеніміз не.

2.Типтік мінез дегеніміз не.

3.Мінез бітістері қандай топтарға бөлінеді.

4.Қандай адамды толық мінезді дейміз.

5.Жағымсыз мінез неден болады. Оны қайтадан тәрбиелеуге бола ма.

6.Мінез қалайша дамып отырады.

43-лекция
Таќырыбы: Типтік мінез бітістері.

Жоспары:

1. Мінездің физиологиялық негіздері.

2. Мінездің құрылымы мен қасиеттері.

3. Типтік мінез бітістері.

4. Мінезді тәрбиелеу жолдары.
Лекция маќсаты: Студенттерді мінез туралы теориялармен, қазақ халқына тән ұлттық мінезбен, мінездің физиологиялық негіздерімен, мінездің құрылымымен, қасиеттерімен, типтік мінез бітістерімен, мінезді тәрбиелеу жолдарымен таныстыру.

Лекция мєтіні:

1. Мінездің физиологиялық негізін зерттеген , дәлелдеген И . П . Павлов болды. Ол жоғарғы жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс арқылы дәлелдейді.

Қандай сигнал жүйесінің басты екендігіне қарай адам мінезінің типтерінің 3 түрге бөледі. 1) Ойшыл тип - сөзбен байланысты 2 - ші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы .

Көркем тип -- 1- ші сигналдың шартты рефлекстің

басымдылығы. Орташа тип мұнда 2 сигнал жүйесі бірде- бір басымдың көрсете алмайды .

Адамның көпшілігі осы орташа типке жатады.

Адам мінездегі әрбір ерекшелік белгілі бір жағдайларға

сәйкес көрініс береді.

Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық механизмі бар. Ол -



динамикалык стереотип. Бұл жоғардағы жүйке қызметіндегі шартты

рефлекстердің жасалу жүйесі.



Динамикалық стеротип - сырттан келген тітіркендіргіштерге белгілі бір

жағдайға байланысты реакциялар беріп отырады.

2. Адам мінезінің кұрылымы әртүрлі қасиеттер жиынтығынан
тұрады. Кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара
байланысты болып келеді.

Мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған бір түтас бірлікті мінез құрылымы дейді.

Мінездегі қасиеттер жүйесі-мынандай 4 түрлі жүйеге бөлініп қарасады.

1) Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері.

Мысалы: еңбек сүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, жемқұрайдалық т.б.


  1. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер:
    Қайырымдылық, сергектік, асқақтық, талап қоюшылық,
    менсінбеушілік.

  2. Өзіне - өрінің қатынасы:

Өркөкіректік, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік т,б.

4) Заттарға қатынасы:

Ұқыптылық, салдыр-салақтық, ұқыпсыздық, т.б.

3. Типтік мінез бітістері, оларға жататындар:

Отан сүйгіштік, мақсаткерлік, борыш пен жауапкершілік, мейірімділік пен ізгілік адалдық пен шыншылдық, достық.

4. Мінезді зерттеу әдістері:

Мінезді лабораториялық жағдайда зерттеу қиын. Бітістерін оның көріністерін табиғи жағдайда танып білуге болады. Окушылар мінезін зерттеу үшін әрбір мүғалім байқау әдісін пайдаланғаны дүрыс. Зертеуші оқушы мінез-құлкының сан алуан жақтарын сырттай бақылап, күнделікке жазып отыруы қажет.

Баќылау с±раќтары:

1.Мінез қалайша дамып отырады.

2.Ұлттық мінезге нелер жатады.

3. Мінездің физиологиялық негіздеріне не жатады.

4.Мінез құрылымы мен қасиеттеріне не жатады.

5.Мінезді тәрбиелеудің жолдары қалай.



44-лекция
Таќырыбы: Қабілет жөнінде түсінік. Қабілет туралы теориялар.

Жоспары:

  1. Қабілет туралы жалпы түсінік.

  2. Қабілет туралы ілімнің пайда болуы.

  3. Қабілеттің түрлері.


Лекция маќсаты: Студенттерді қабілет туралы ұғыммен, қабілет туралы ілімнің дамуымен, қабілеттің түрлерімен, нышан, дарындылық, талант, данышпандылық, бейімділік туралы ұғыммен, қабілет саласындағы дара айырмашылықтармен, қабілеттің қалыптасуымен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Күнделікті сөзімізде "қабілет"деген атауды жиі қолданамыз. Мысалы: Мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, мына бала математикаға , мынау суретке, ал мынау музыкаға қабілетті деп жатады.Сол сияқты қоғамдық жұмыстарды атқару барысында да ұйымдастырушылық қабілетінің зор екендігі байқалады. Бұл мысалдардан әр адамның әрекеттің бір түріне икемділігін көрсететін дара ерекшеліктері.

Қандай болмасын әр нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды, ол біреуде күшті, екінші біреуде шамалы болып келуі мүмкін.

Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің /түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі, мызыкалық саңылау т.б. қиысьш келуін яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды .

Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мысалы: Оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін, техникалық конструк-ң қүрлысын жақсы білуі оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады.

Оқу тәрбие процесінде қабілет білім, дағды, ептілік т.б. сияқты психологиялық үғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мүғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы мүмкін. Мысалы: 0-карточкасында /Суриков туралы/

2. Қабілет негізінен екіге бөлінеді.


  1. Жалпы қабілет.

  2. Арнаулы қабілет, болып.

Адамның ақыл - ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Мысалы: Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық материалды тез есте қалдыра алу т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

2. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды.

Бүған суретшінің, музыканттың актердің, спортшының, математик-ғалымның, ақын жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.

Соңғы кездерде қабілеттің 3- түрлі де айтылып жүр, ол ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілет. ХІҮ-ХҮІ ғ-ң аралығы ғылымда "Қайта гүлдену дәуірі"-деп аталды. Сол кездерде Ф. Энгельстің берген сипаттамасында алысқа сапар

шекпеген ,4-5 тілде сөйлемеген, творчествоның бірнеше саласында жарқырап көзге түспеген бірде -бір ірі адам болған жоқ. Мысалы: Леонардо да Винчи ұлы художник болып қана қойған жоқ. Сонымен бірге ұлы математик, механик, инженер, физик болды.

Сол сияқты ХХғ. бас кезінде қазақ қоғамында да бар еді. Олар: А.Байтүрсынов ,М.Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқаев т.б. болды.

Қабілет туралы ілімнің пайда болуы.

3. Психология ғылымында қабілет жайлы бірнеше пікірлер кездеседі.Соның бірі - қабілеттер тұқым қуалау арқылы дамып отырады дейтін ілім.

Мысалы: Гальтон таланттың тұқым қуалаушылық жолымен болатынын тарихқа белгілі көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндарын зерттеу арқылы дәлелдегісі келген.

Америка психологы У.Эшби "мың рет сәтсіздікке үшырап, мың бірінші рет жаңалық ашқан, адам қабілетті де, осыны шешпей тастап кеткен адам қабілетсіз"-дейді.

ХҮІІІ-ғ. Гельвеций "Қабілеттің түгелімен қоршаған ортамен тәрбиеден туындайтынына ерекше мән берген." ,

Қабілет жөнінде және бір ілім яғни пікір-ол Маркстік диалектикаға сүйеніп түжырым жасайды. "Қабілеттердің дамуын да табиғи, биологиялық және әлеуметтік жүре пайда болатын қасиеттердің арақатынасының диалектикасына сүйенеді."

Шындығында, қандай қабілет болса да қолайлы әлеуметтік жағдайларда, іс-әрекет, еңбек үстінде қалыптасып отырады.

Баќылау с±раќтары:

1.Қабілет дегеніміз не.

2.Қабілет қандай түрлерге бөлінеді.

3.Қабілеттің дамуында тарихи-әлеуметтік жағдайлар қандай роль атқарады.

4.Нышан дегеніміз не. Оның қабілетке қандай қатысы бар.

5.Дарындылық, талант, данышпандылық ұғымдарының бір-бірінен айырмашылықтары неде.



45-лекция
Таќырыбы: Қабілет және нышан. Бейімділік, талант, дарындылық туралы.

Жоспары:

  1. Қабілет және нышан

  2. Дарындылық, данышпандылық, бейімділік туралы түсінік.

  3. Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар.


Лекция маќсаты: Студенттерді қабілет туралы ұғыммен, қабілет туралы ілімнің дамуымен, қабілеттің түрлерімен, нышан, дарындылық, талант, данышпандылық, бейімділік туралы ұғыммен, қабілет саласындағы дара айырмашылықтармен, қабілеттің қалыптасуымен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Адамның кейбір өзгешіліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мысалы: Баланың ата-анасына және туыстарына үқсап тууы, Бүны анатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің кейбір анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мүны физиологиялық нышан дейді.

Нышанның соңғы түрі қабілетінің дамуында белгілі орын алады. Мысалы: Баланың есту анализаторларының жетім дамуы музыкалық қабілетті байқатады, көру анализаторының өзгешілігі суретке қабілетін байқатады.

Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін-дарындылық. дейді. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне байланысты болып келеді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге көрінеді. Мысалы: Осыдан 200 жыл бұрын

Германияда "Үстазы Кристиан фон Шенах жазып алған любектік 4

жасар дарынды бала Кристиан Гейнрих Хайнекеннің өмірі, іс-әрекеті, саясаты мен өлімі-деген кітап жарық көрді."

Мысал: Дарынды адамдардың қабілеті ерте ашылатынын зерттеу

жұмыстары дәлелдеп жүр. Дарынды балалар мектептің оқу

бағдарламасын ерте меңгереді. Кейде дарынды балалар мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де болады.

Мысалы: Ч. Дарвин, . В.Скотт, Д. Байрон бала күндерінде түк

білмейтін кеще саналған. Олардың көпшілігі өз уақыттарын өлең

жазып, сурет салып, көбелек ұстап, коллекция жинауға немесе

химиялық тәжірибе жасауға жұмсаған.

Мысалы: Моцарт 4 соната жазып үлгерген 7 жасында, Дюрер

З жасында өз портретін салған. Лист, Шопен мен Иегуди Менухин

11 жасында үлкен концерт қоюға қатысқан, Гете 9 жасында неміс,

латын, грек тілдерінде өлең жазған. Небары 30-ақ жыл өмір сүрген Ш. Уәлиханов аз ғана ғүмырының ішінде ғылымға, оның көптеген саласына әдебиет, тіл этнография, геогрифия, шығыстану т.б./ баға жетпес үлес қосты. Ол музыка, сурет,публицистика мен жазушылық өнерде де биіктен көріне білді.

Шоқан жөнінде С. Мүқанов былай деп жазады.

Мысал: 6 жасар Таня Федина музыкаға дарынды болды.

Мысал: Әйгілі математик С.Мергелян 16 жасында университеттің

бірден екінші курсына қабылданды. 20 жасында ғылым докторы

атағын алды.

Мысал: 8. Академик Л.Ландаль мектепті 13 жасында үздік бітіріп, 14

жасында университеттің екінші курсына түседі.

2. Қабілеттің ең жоғарғы дәрежесін талант дейді. Талант - деп бір әрекетті творчествалық пен орындау мүмкіншілікті қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуін айтады. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т.б. әрекеттерді көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білу мен еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. А.М.Горкий талантты өсіретін нәрсе - істі сүю деп бекер айтпаған.

Мысалы: М.Әуезов "Абай жолының" кейінгі үш кітабын машинкаға жатқа айтып бастырған.

Бүл айтылған эпизодтан біз үлкен талант иелерінің шығармалары оп-оңай өзінен-өзі жазыла салатындай етіп көрсетуі мүмкін. Ал шындығында бүлар инемен қүдық қазғандай еңбектенеді. Ақын жазушылар, ғалымдар өз еңбектерін бірнеше рет өңдеп қайта жазып, қажымай талмай еңбектенеді. В.Маяковский осылай еңбекті былайша көрсеткен.

Мысал: "Жыр маржан-ғой теңіздің түбіндегі, алу үшін қадалған миллион көз дәл осындай жыр жолына ілігеді, миллион сөздің ішінен жалғыз-ақ сөз".

Әрбір адам ізденіп еңбек етсе, оқып үйренсе өз талантын көрсете алады. Жалқау, еріншек, бейнеті көп жұмысты онша сүймейтін адамнан талант иесі шықпайды.

Тарихи әлеуметтік маңызы бар творчества беретін қабілеттің ең жоғарғы түрін данышпандық деп аталады. Данышпан адам өзі айналасқан іс-әрекет . саласында бүрын сонды болып көрмеген жаңалықтар ашады.

Мысал: Жаратылыстану ғылым саласында. Н.Ньютон, Ч.Дарвин, И.П.Павлов, Г.Галилей, А.Эйнштейн, Н.Винер т.б. Әдебиет тарихында - В.Шекспир, В.Гете, А.С.Пушкин, Л.Н. Толстой. Музыкадан - В.Моцорт, Л.Ветховен, П.И. Чайковский т.б. Аристотель, Платон, Абу-Насыр Әль-Фараби, Үлықбек сынды ғүламалар, Абылай хан, Бүхар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абай т.б. Әртүрлі ғылым саласынан көрінген энциклопедиялық білімді данышпандар болды.

Бейімділік

Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділгіне орай қалыптасады. Бейімділік адамның белгілі бір әрекетімен айналасуға бетбүрысы оған көңілі аууы, оны келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет, музыка т.б.) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Баланың бейімділіктерін жақсы қалыптастырып, дамытып отыру, оның жалпы дамуына ақыл-ой қабілеттінің жақсы қалыптасуына жағдай жасайды. Сондықтай мүғалім дер тәрбиешілер балалардың бейімділігін уақытында дүрыс көре біліп соған сәйкес келетін қабілеттерді дамытып отыру керек. Бала айналасындағы нәрселерді танып білуде, өзі белсенділік көрсетпейінше оны дүрыс үғына алмайды. Бала қабілеттінің дамуы үшін де оның белсенділігі қажет. Іс-әрекетсіз, белсенді кимыл қозғалыссыз қабілеттің дамуы мүмкін емес.

3. Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар.

"Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын" дегендей адамның қабілет саласындаңғы дара айырмашылықтары да әртүрлі болады. Мысалы: Біреу іске күшті жігермен кірісіп, екінші біреу керісінше баяу, сапасын төмендетіп орындайды. Қабілетті адамдардың бірі зеректігімен, екіншісі бақылампаздығымен, байқағыштығымен, үшіншілері материалдарды есте үстағыштығымен ерекше көзге түседі. Бүл айтылғандар кейде бір адамның басында тоғысатын, кездесетін кездері болады. Мысалы: Мүғалімге үйымдастырғыш қасиетпен қатар, байқағыштық, ақыл-ой белсенділіктері мен сөйлеу шеберлігі, зейін қойғыштық т.б. қасиеттерге тән. Жастық шақта түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің оның есейген кезінде көрінуі де мүмкін. Жастық шағында сөзге олақ адамдардың есейе келе ақын, жазушы болғандары: -Көрген нәрсесін есінде жақсы ұстай аламайтын адамдардың кейіннен талантты суретші болып шыққандары да бар.

Адам психикасының басты ерекшелігі бір қасиеттің орнын екінші бір қасиетпен толтыра, яғни адамның өзінде жетіспеген бірер қабілеттің орнына басқа қабілетпен алмастыра алатындығы.



Баќылау с±раќтары:

1.Нышан дегеніміз не. Оның қабілетке қандай қатысы бар.

2.Дарындылық, талант, данышпандылық ұғымдарының бір-бірінен айырмашылықтары неде.

3.Бейімділік пен қабілеттің арасында қандай айырмашылықтар бар.

4.Адам қабілетінің табиғатын идеалистер қалай түсіндіреді.

5.Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар қандай.

Мұны И.П.Павлов қалай түсіндіреді.

6.Қабілетті қалыптастырудың қандай жолдары бар.


Лекция №46

Тақырыбы: Ежелгі Шығыстағы психологиялық пікірлер.
Жоспары: 1. Психологиялық ілімдердің даму тарихынан.

2. Психология тарихының кезеңге бөлінуі
Лекция мақсаты:

Студенттерді Ертедегі Шығыс елдерінде, Ертедегі Қытай медицинасында, Ежелгі Үндістанда психологияның даму тарихымен таныстыру.


Лекция мәтіні:

1. Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білуімен бірге, өз денесінің ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-әрекетінің тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде, адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына қарай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлект құрылды. Қоғамда адамдардың әр-қилы наным сенімдерге негізделген көз-қарастары пайда болды. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға негізделіп қана қойған жоқ, адамның жан дүниесі жайлы табиғи – ғылыми көз қарастардың тууына себепші болды.

Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі – қан айналуына ерекше мән берілді. Тіршіліктің негізі – қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты.

Ертедегі Қытай медицинасында б.з.д. ХІІІ ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметінде реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.

Ежелгі Үндістан дәрігерлері, “адамның психологиялық әрекетінің негізгі органы – жүрек оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады”- деген тұжырым жасады. Темперамент жайындағы ілім іргесінің қалануы , әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктерімен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсініктерді тудырды. Ертедегі Қытай мен Үндістан дәрігерлері темперамент үш бөлшектен тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес нәрселерден--өттен және қан мен шырыннан құралған, осы үш түрлі нәрсенің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар бірнеше типке ажыратылады деп санаған. Осы негіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынандай типтерге жіктеген: 1) адамның бойында өттің не қан құрамының басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те шапшаң;

2) ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, қозғалғыш болады, маймылдың әрекеттеріндей әрекеттер жасайды;

3) шырынның басымдылығы – қимыл – қозғалыстың баяулығын, сабырлылықты білдіреді деп санайды. Адам организмі жайындағы мұндй пайымдаулар сол дәуірлерде, бір жағынан, табиғи – ғылыми түсініктерге жол ашқанымен, екінші жағынан, әр түрлі діни наным – сенімдер тарапынан қарсылық тудырған көзқарастарға душар болды. Дегенмен, психологиялық және физиологиялық құбылыстар жайындағы ақылға қонымды көзқарастар өзіне жол тауып, одан әрі дами берді.

Б.з.д.VІ ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген Джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады. Бұдан кейінгі кездерде Үндістанға философиялық мектептер жан туралы түсініктерді метофизикалық- әдептік мақсаттарды дәріптеуге пайдаланды. Бұл бағыт келесі дәуірімізде түрлі жолға түсіп, жан дүниесінің сырын адамның даралық ерекшеліктеріне орай түрліше түсіндіреді. Ал иога бығытын ұстанушылар шындықты танып білу үшін адам бойындағы психикалық қасиеттердің жасырын сырларын жеңе білу керек деп уағыздады. Ертедегі Үндістан ғұламаларының пікірінше, адамның, өз ішкі дүниесінің сырын меңгеріп, оның даралық ерекшеліктерін әдептік( этикалық) жағынан іздестіріп білуге ұмтылғаны осыдан айқын байқалады.

Ерте дәуірдегі Қытай елдеріне кеңінен таралған философиялық - діни ой -пікір әйгілі ғұлама Конфуцийдің есімімен байланысты.

Онын іргесін өзі қалаған мектебі Конфуцияндық деп аталады. Конфуцийдің пікірінше “адамның білімі мен психологиялық сапалары – туа берілетін қасиет. Адам жаратылысынан қайрымды болып туады, бірақ оны жолдан тайдырып бұзатын- сыртқы орта. Сондықтан ол, адамның өз бойындағы сырттан әсер еткен зиянды қасиеттерден арылу үшін, адам өзі ішкі жан дүниесіне үңіліп ақыл-ойын дамыта түскені дұрыс” – дейді. Конфуцийдің бұл пікірін шәкірттері әрі қарай дамытып, ел арасына кеңінен жайды. Адамның тәнімен психикалық тіршілігінде қан айналу процесінің ерекше маңызды қызмет атқаратындығы туралы пайымдаулар келесі дәуірлерде Вавилон, Мысыр, Қытай мен Үндістанда, Ежелгі Шығыс елдерінде жалғасты. Мұндай жайттар организм құрылымындағы бөлшектер мен адам психикасының дамуы туралы жалпы заңдылықтардың бір арнаға келіп құятындығын көрсетеді. Осындай тарихи жағдайлар адамның жан дүниесіне қатысты мәселенің өте ерте кездерде – ақ адамзат мәдениетінің дүниетанымы мен білімінің философиялық жүйесін, табиғат жайындағы орынды мағлұматтары мен адам психикасының өзіндік сипаттарын білдіретін ізденіс нәтижесі болғандығын көрсетеді. Міне, осы орайда, психология тарихын зерттеген ғалымдар бұл пәннің практикалық маңызы мен ғылыми білімдер жүйесінде алатын орнын оның философия мен жаратылыстану ғылымдарының түйіскен торабынан өрбіп шыққандығымен түсіндіреді. Бұл – обьективтік шындық және ғылыми тұжырым.

2. Психологиялық ілімдердің тарихынан.

Қоғамдық өмірдің қажеттілігі ерте кезден бастап, адамдарды өздерінің іс-әрекетінде қоршаған ортаның психикалық келбетінің ерекшеліктерін айыра білуге және ескеруге мәжбүр етті. Алғашқы кезде бұл ерекшеліктер "жанның" іс-әрекетімен түсіндірілді "Жан" ұғымының пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың анимистік көзқарастарымен байланысты.

Алғашқы қауымдық кезендегі адамдардың түсінігінде "жан" адам денесінен айқын бөлінбейді. Бұл көзқарастар тіршілік құбылыстары мен сананы ғылымға дейінгі қарапайым материалистік талдау нәтижесінде қалыптасты, оның ішінде ұйқы, өлім т.б. Осындай құбылыстардың себебі мен сырын түсіндіре білмегендіктен, алғашқы адамдар оларды шындықтың мәні ретінде қабылдады.

Мәселен, түс көруді жанның ерекшеліктерімен түсіндіруге ұмтылды, түс кезінде жан адамның денесін тастап, әлемде сапар шегетінін түсінді. Алғашқы адамдарда өлім өмір үрдісінің ең соңғы кезеңі екені туралы түсінік болмады. Сондықтан да өлім түс көрудің түрі ретінде қабылданды. Бұл жанға тәуелділік туралы түсініктер алғашқы адамдардың табиғат алдындағы әлсіздіктеріне байланысты қалыптасты.

Одан әрі қоғамның дамуына, дене еңбегі мен өндірістің рухани күштерінің саралануына, таптық қоғамның пайда болуына байланысты жанның материалдық табиғаттан тыс екендігі туралы идеялары қалыптасты. Бұрынғы анимистік, мифологиалық түсініктің жанды натурфилософиялық дүние тұрғысынан түсіндіру көзқарасына жол бере бастады.

Бізге дейінгі ерте кезде, ғасырлар қойнауынан бізге жеткен жазба ескерткіштердің материалдары дәлелдегендей, психологйялық құбылыстарға қызығушылық адамдарда өте пайда болды. Ол біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың орта кезінен бастап қалыптасты, оған ертедегі грек философтары Демокриттің, Платонның, Аристотелдің және басқаларының ғылыми трактаттары дәлел болып табылады.

Көптеген ертедегі ойшылдардың көзқарастарына ортақ болған "психология" сөзінің орнына «жан» ұғымын қолданады және ерекше мәнді құбылыс ретінде қарастырады.

"Жанды" түсіндіруде ертедегі ойшылдардың көзқарасы екі бағытта қалыптасты материалистік және идеалистік. Бірінші бағыт негізінен Демокриттің, Эпикурдың, Лукрецияның, ал екіншісі- Платонның, кей жағдайда, Аристотелдің еңбектерінде қарастырылды. Аристотель екі жақты көзқарасты ұсынады, бір жағынан, материалистіқ көзқараста болса, екінші жағынан идеаяистік бағытты ұстанды. Демокрит дүниенің атомистік сипатын ұсына отырып, "жанды" ұсақ жәңе қозғалғыш атомдардан тұратын материяның екінші түрі ретінде қарастырады. Адамдарда пайда болатын әртүрлі түйсіктер мен сезімдерді Демокрит әртүрлі атомдарды бір-бірімен біріктіру нәтижесінде алынатын субъективтік нәтижелер деп бағалады. Олар жан атомдары, денеге еніп, оны қозғалғыш етеді. Жан, сонымен, денені тастап кетеді де қайтіп оралады. Дененің әртүрлі бөліктерінде жанның атомдарының әртүрлі саны болады, оның шінде мида, жүректе, бауырда көп мөлшерде кездеседі.

Платонның шәкірті - Сократ "жанды" материалистік бағыттың өкілдерімен салыстырғанда басқаша түсіндіреді. Ол мәңгі бақи және өзгермейтін мәңгілік заттардан тәуеліз идеялардың өмір сүретінін ұсынды. Платон ойынша, жан идеялар мен материалдық дененің арасында өмір сүреді, оларды біріктіріп тұрады, жан-заттар дүниесінің туғызған жемісі емес, идеялар дүниесінің жемісі. Жанның барлық бөліктері, Платон бойынша, бір-бірімен тиімді арақатынаста болуы тиіс, ал егер оның арақатынасы бұзылатын болса, онда психика мен мінез-құлықта әртүрлі ауытқушылықтар пайда болады.


Аристотельдің көзқарасы алғашқы жан туралы ілімнің шыңы болып табылады. Ол — алғашқы "Жан туралы" ғылыми-психологиялық еңбектің -трактаттың авторы. Аристотель бойынша, жан — тірі материяға тән жаңды бастама. Аристотель адамда болатын негізгі 5 сезім органдарын атап көрсетті: көру, есту, тері, дәм, иіс. Оларды алғаш рет ғылыми тұрғыдан түсіндірді. Адамзаттық іс-ерекеттерді және адамдардың мінез-құлқын этикалық-психологиялық тұрғыдан түсіндіруде сіңірген еңбегі ерекше. Егер де жан болмаған болса, Аристотелдің айтуынша, бүкіл тіршілік болмаған болар еді.

Адам жаны өлмейді, ол өмірден кеткенмен, жоқ болып кетпейді, дүниеге қайта оралады, барлық кеңістікке кеңінен тараған жан атомдары түрінде іске асады. Ертедегі дүниеде басталған "жанды" ғылыми зерттеу алғаш рет Аристотелдің психологиялық еңбектерінде бір жүйелі қолға алынды, орта ғасырда негізінен діни-мистикалық көзқараспен, схоластикамен және рух философиясымен ауысты.

Психологияның көп ғасырлық тарихы бар: алғашқы ғылыми ойлар б.ғ.д. VI ғасырда пайда болды. Сондықтанда психология тарихының кезеңденуі сияқты сұрақтар көтерілуде. Психология тарихының кезеңденуінің міндеттері ретінде сол процестің бөлінуі, сатыларға ажырату, олардың әрқайсысының мазмұнын анықтау.

Психология тарихында 2 үлкен кезеңге бөлінеді: бірінші -философия, сонымен қатар өзге де ғылымдар негізінде, ең алдымен жаратылыстану негіздерінде психологиялық білімнің даму кезеңі; екінші - психология жекеленген ғылым ретінде дами бастаған уақыт. Олар уақыттары бойынша өлшелінбейді: бірінші кезең (б.ғ.д. VI ғасыр - XIX ғасыр ортасы) 2,5 мыңға жуық уақыт аралығын қамтиды; екінші кезең - жүз жылдан астам (XIX ғасыр ортасымен - қазіргі уақытқа дейін).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет