Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



жүктеу 5.06 Mb.
бет16/22
Дата19.09.2017
өлшемі5.06 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

Баќылау с±раќтары:

1. Х1Х – ғасырдағы психологияның дамуы туралы.

2. Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы

3. Қазақ психологиясының тарихы неше кезеңге бөлінеді.



Лекция №52

Тақырыбы: Қазақ психологиясының тарихы.
Жоспар: 1. Жүсіпбек Аймауытовтың психологиялық көзқарастары.

2. Мағжан Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары.

3. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық көзқарастары.

Лекция мақсаты:

Студенттерді қазақ психологиясының тарихымен оның ішінде Жүсіпбек Аймауытовтың , Мағжан Жұмабаевтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың және т.б.зиялылардың психологиялық көзқарастарымен таныстыру.


Лекция мәтіні:

1. Еліміздегі психология ғылымының қалыптасуы мен даму жолы негізінен үш кезеңнен тұратындығы қазір де дәлелденіп отыр. Олар кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы - бұл осы ғылымның ілкі бастауы (ХV-ХХ ғғ.) болса, оның екінші кезеңі кеңестік марксистік психология деп аталады (1920-1990), ал үшінші кезең — егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасып жатқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі (1991-2001) болып есептеледі.

Жан (психика) кұбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары, ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғанын жоғарыда жол-жөнекей айтып кеттік.

Мәселен, ортағасырлық ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегі "Шипагерлік баянда" көптеген психологиялық ұғымдар (түйсік ойлау, сөйлеу, қиял, дағды т.б.) туралы қызықты мағлұматтар бар. Ол өзінен бұрын өмір сүрген ұлы ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни т.б.) жан туралы түсініктеріне сүйене келіп, бүткіл тіршіліктің басқарушы, реттеушісі жүрек дейді. Сөйте тұра жан құбылыстарын басқаруда мидың атқаратын рөлін де жоққа шығармайды. Оның адам есіне, ойлауына байланысты айтқандары ғылыми тұрғыдан дәйекті де нанымды. Ғұлама есті — көрген, естіген нәрсені жадта сақтау үшін аса қажет дейді. Адам тез аңғарғыш, байқағыш және есте қалдырғыш болуы тиіс ("...тез, шапшаң, жеткілікті аңғарып, ойға қонымды, көңілге толымды, өте нанымды, бүге-шүгесіне дейін ойда сақтау"). Автор есті дамыту үшін көптеген тау-тас, жер-су және жан-жануарлардың аттарын жаттап алудың қажеттілігіне үлкен мән береді. Адамның есте сақтау қабілетінің ойдағыдай дамуына негіз болатын қасиеттің бірі — зерделілік пен зейінділік. Оның пікірінше, саналы іс-әрекет зейінсіз іске аспайды. Осы еңбекте зейін көбінесе "мәнділік аңғарым" деген ұғым мағынасында беріліп, оның адамның мақсатты қызығуына байланысты қалыптасатыны біраз сөз болады.

Ойлау процесінде сезім мүшелері арқылы затты, іс-әрекетті жан-жағынан қара, қолыңмен ұстап көр, бір-бірімен салыстыр, одан соң барып толған, өйткені толғану сараланбаса, ойлау дараланбайды дей келе, ойлаудың сөйлеу қызметіне байланысты екендігін баса айтады. Ойдың сөз арқылы бейнеленуінің арқасында адам өзінен бұрынғылардың ілім-білімдерін есіне сақтап қалады, оларды ұрпақтан-ұрпакқа жеткізіп отырады. Айтар ойымызды шижамалап ("жазбаша" деген ұғым Қ.Ж.) қағазға түсіргенде ғана оны түгелдей есте сақтай аламыз. Ойды басқа адамға жеткізу үшін оны сараптап, толғана талдау қажет. Айтар ойыңды алдымен өзің түсініп ал, алдамшы сезімге беріліп, үстірт ойлау — үлкен қателік, жақсылап түсіну үшін көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстай білу қажет.

Ғұлама-ғалым сөз саптау, сөйлеу мәнеріне де ерекше мән берген. Оның пайымдауынша, жұмсақ, байыпты, сыпайылықпен сөйлеу кімге де болса жарасымды қасиет ("Жақсы сөйлемелік (сөйлеу) жанға шырай бермек"). Сөйлеу әдебі дегеніміз ойды бүкпей ашық айту, яғни ой жинақтылығы, оның мазмұнды болуымен байланысты.

Бала түйсігінің дұрыс қалыптасуы үшін сезім мүшелерін таза ұстап, оның түрлі сырқаттарын дер кезінде емдеп отырған абзал.

Баланың өң мен түсті, тәтті мен ащыны дұрыс ажырата алуын, алыс-жақыннан келетін дыбыстарды дәл естуін ата-аналар мұқият қадағалауы тиіс, мүның өзі әр затгы жан-жақты түйсініп, оның сыр-сипатын түсіне білуге жәрдем етеді.

Ғалым мінезге батырлық пен батылдықты, қайсарлық пен әділдікті жатқызады. Ешнәрсеге қызықпайтын енжар адамның ешкімге шапағаты болмайтындығын айта отырып, ондайларды барынша шенеп-мінейді. Адам өмірге келген соң, белсенді өмір сүруге, "сегіз қырлы, бір сырлы" болуға ұмтылуы тиіс дейтін тұжырым аталмыш еңбекте кеңінен орын алған. Ұлттық психологияға катысты көптеген ғылыми түйіндерді ортағасыр ғалымдары Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри да аз айтпаған.

Жан құбылыстары туралы сындарлы тың пікірлерді Асан Қайғы, Бұхар жырау, Ақтамберді, Шал ақын, Дулат, Махамбет т.б. шығармаларынан да көптеп кездестіруге болатыны хақ.

Өзінің түп-төркіні мен ілкі бастауын сонау Орхон-Енисей жазбаларынан алатын ұлтгық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер Қазан төңкерісіне дейін әлі де болса ғылыми-теориялық дәрежеге көтеріле қоймаған еді. Оның бірнеше себептері болды: біріншіден, Қазақстанда қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың сан-салалы тараулары бір-бірінен дараланып бөліне, олардың ғылыми атаулары қалыптаса қоймаған болатын. Екіншіден, әр ғылымның жекелеген ерекшеліктерін мұқият зерттейтін маман ғалымдардың тапшылығы, үшіншіден, ғылым салаларын оріегетерлік ғылыми-техникалық, материалдық базаның (зерттеу мекемелері, баспа орындары т.б.) жұпынылығы себеп болды.

Әйтсе де осы кезеңде туған халқының жарқын болашағы, оның тәуелсіздігі мен бостандығы және рухани өрлеуі жолында қалтқысыз қызмет етіп, осы жолға шыбын жандарын пида еткен аса көрнекті ғұламалар мен қоғам қайраткерлері қазақ аспаныңда шоқжұлдыздай жарқырап, жазира кең далада рухани-мәдени дамудың жаңа кезеңі қазиқ Рессансының (Қайта ерлеу) іргесін кдлаған еді. Бұлардың аэдыңғы шебінде Ш.Құдайбердіұлы, О.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Н.Құлжанова, т.б. жүрді. Осынау біртуар жандар педагогика және психология ғылымдары саласында ғылыми еңбектер жазып, оқу-кұралдарьш шығарып, тәлім-тәрбиелік ғылымдардың ұлттық терминдерін қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосты. Сөйтіп, кезінде ғұлама бабамыз әл-Фараби ілімінен бастау алған психология ғылымы шын мәнісіңде XX ғасырдың 20-30 жылдарыңда басқа қоғамдық ғылым-білім салаларынан бөлініп, дербес ғылым болып қалыптаса бастады.



1. Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Туған халқымен 60 жылдан кейін қайтадан көрісіп, біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамдардың бірі — Жүсіпбек Аймауытов. Бас-аяғы 5-6 жылдың ішінде оның осы салада 6 кітап жазуы — бұл айтқанымыздың жақсы айғағы. 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарында оқитындарға арнап "Тәрбиеге жетекші" (Орынбор, госиздат, 186-бет), 1926 жылы екі кітап, бірі — "Психология" (Кызылорда — Ташкент), екіншісі - "Жан жүйесі және өнер таңдау" (М.Центриздат, 81-бет), 1929 жылы "Комплекспен оқыту жолдары" (Қызылорда, Казгосиздат, 129-бет), мектеп окушыларына арналған "Жаңа ауыл" (екінші сыныпқа арналған оку кітабы, Алматы, 1929-30 жж.), "Сауатсыздықты қалай жою керек?", т.б. жариялады.

Мәселен, оның "Тәрбиеге жетекшісінде" дидактика мен педагогикалық психологияның ғылыми астарлары, ұлт тіліндегі тәлім-тәрбиелік терминдер жүйесі сөз болады. Еңбек төрт бөлімнен, 29 параграфтан тұрады. Осы кітаптың "Дидактика" бөлімінде оның психологиялық негіздері (ынталы оқыту, үйрету әдістері, машықтану жолдары, оқытудағы көрнекілік, оқыту түрлері, т.б.) жиырмасыншы жылдардағы қазақ мектептерінің өмірінен алынған нақтылы мысалдармен терең талданады. Еңбектің төртінші бөлімінде де педагогикалық психологияның кейбір мәселелері сөз болады. Олар: ұстазбен шәкірт ынтымақтастығының басты белгілері, қазақ мектебінде сабақ өткізудің өзіндік ерекшеліктері сөз болады.

Әрине, кітаптың кұрылымы жағынан жекелеген олқылықтар да жоқ емес. Мәселен, мұнда кейбір тәлім-тәрбиелік ұғымдар әр бөлімде белгілі жүйеге түспей қайталанып отырады. Нақтылап айтсақ, кітаптың екінші бөліміндегі "Ынталы оқыту", "Сабақтың жүрісі" дейтін параграфтар төртінші бөлімінде тағы да қайталанады. ("Сабақтгы баланың ынтасына сүйеніп беру", "Белсенді сабақ жүзеге қалай шығады?", т.б.). Әйтсе де, осы еңбектің қазақ топырағында педагогикалық психологиядан жазылған алғашқы төл туынды екендігінде дау жоқ. Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» атты еңбегі бар.


Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Мағжан поэзиясы адамның жан-дүниесінің қыры мен сырына терең бойлайтыны, оның адам жанын дөп басып жататыны көпшілікке мәлім. Ал осынау жыр дүлділінің тәлім-тәрбие ғылымының теориялық жағына үңілуі таң қаларлық жәйт. Өйткені, бұл салада ғылыми еңбек жазған ғұлама, зиялылар некен-саяқ. Осы тұрғыдан алғанда Мағжанның 1922 жылы "Педагогика" атты (Ташкент, Орынбор) кітап жазуы өмірде өте сирек кездесетін, тек аса талантты, данышпан адамдарға ғана тән қасиет.

М.Жұмабаевтың оқу-тәрбие ісіне тікелей қатысты педагогикалық психологияға ден қоюы да ерекше құптарлық. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен бұрынғы және замандас қазақ зиялыларының туындыларын ұлттық психологиялық нақышты шеберлікпен пайдалана білу тәсілі - қазіргілерге өнеге. Жан көріністерін ол білу яки ақыл, сезім яки көңіл, һәм қайрат көріністері дейтін үш тармаққа бөле келіп, олардың өзара табиғи үйлесімін Абай тұжырымдарымен байланыстырып, ежелгі Шығыс ғұламаларының гуманизмімен үндестіре, тарих тереңінен сөз қозғайды. Шытырман мәселенің арқауын осылайша түйіндеп, Шығыс кәусарынан мейірі қана сусындау, есейе келе Еуропа мәдениетіне құлаш ұрған Мағжанға етене жақын да, түсінікті нәрсе.

Ол сыртқы сезімдерді (қазір де түйсік деп аталады — Қ.Ж.) көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі деп алты айырыммен анықтап алып, оларды дұрыс жетілдіру тәрбиесіне арнайы назар аударады. М.Жұмабаевтың пікірінше бұл сезімдердің сау һәм берік болуына, олардың өткір, терең, дұрыс қалыптасуына ыждахат қылу керек. Бұлардың біреулері жақсы, біреулері нашар тәрбие қылынса, жан тұрмысы да тегіс, бүтін болмақ емес. Әр сезімді (көру, есту, т.б.) психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, ақын олардың әр қайсына өзінше анықтама беріп, бұларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерге сүйену қажеттілігін айтады. Мәселен, жарық дүниеге келген күннен бастап нәрестенің есту сезімін дамыту үшін түрлі дыбыстардың мән-мәнісіне көңіл бөліп, әсіресе бесік жыры үнінің тәрбиелік мәні зор екенін атап өтеді. "Адамның әдемілікті сүю сезімін тереңдететін де осы есту сезімі",— дей келе, өзінің осы пікірін гректің Орфей жайлы, қазақтың Қорқыт туралы айтылған терең де тұнық ойларымен тиянақтайды.



2. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)
XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың аса талантты демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық пікірлерінің негізгі желісі Қазан төңкерісі алдындағы дала өміріндегі дүрбелеңмен сабақтасып отыратындығы белгілі. Сондықтан да оның пәлсапасынан қоғамдағы өзгеріс, жаңа заманның лебі жақсы байқалады. Мәселен, оның таным жайлы пікірінің негізгі түйіні: бізді қоршап тұрған сыртқы дүниенің ұшы-қиыры жоқ, ол сансыз атомдардан тұрады, жан тәннің өзіндік зандылықтарына орай көрініп отырады деуі — ғылыми тұжырымның жақсы айғағы.

"Ойласам дүниеде қанша жан бар,

Адам бар, ағаш бар, мал мен аң бар.

Жаңды, жансыз нәрсенің бәрі дағы,

Әр себептің жемісі байқасаңдар.

Қасқыр болмақ, кұс болып, ұшып қонбақ.

Сол болғандар, болмаған өздігінен,

Болғызған еріксіз бір себеп қолдап".

С.Торайғыровтың пікірінше, адам табиғаттың туыңдысы. Ондағы себептіліктің жемісі. Ол дүниенің сырларын біртіңдеп ашып, оны шама-шарқынша өзгертіп отыратын белсенді тұлға. Адам сыртқа дүниемен байланыса отыра, оны біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің ақыл-ойын дамытады, оның ешбір рухани қасиеті тумысынан пайда болмаған. Ақын бізді қоршап тұрған дүние сыры мол, бірақ оны тануға әбден болады дей келіп, мұнда ғылымның алатын орны ерекше екендігін былайша түйеді:

"Зерттесе де адамға білмейтін ғып,

Дүние ешбір сырын жасырмаған...

Әлемдегі терең сыр,

Ғылыммен ғана ашылмақ...

Дүние, табиғат, тіршілік жөнінде осындай ғылыми жаратылыстық пікір айтқан ойшыл ақын айналада болып жатқан дүбірлі өзгерістер мен оқиғалардың шығу себебін, олардың түпкі негізінің неде жатқандығын, қозғаушы күштері кімдер екенін ажырата алмай, бұлардың басты себебін адамның ақылы мен ой-санасынан іздейді.

С.Торайғыров қазақтың ұлы ойшылдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларындағы сан тарапты озық та өнегелі идеяларды әрмен қарай дамыта түсіп, қазақтың қоғамдық ой-пікірінің дамуына елеулі үлес қосты. Ол, әсіресе, қазақ зиялыларының педагогика және психология мәселелері жайлы айтқан салиқалы пікірлерін ғылыми жағынан ширата түсті. Мәселен, ол кезінде Абай қолданған психологиялық ұғымдарды (арман, көңіл, ой, ерік, жігер, қайрат, т.б.) онан сайын саралай түсіп, мәнін айқындап түсіндіріп береді. Әрине, Сұлтанмахмұт шығармаларында жан қуаттары ғылыми атаулармен аталмайды және олардың әрқайсысына жеке талдау да жасамайды. Сұлтанмахмұт мұндай мақсатты алдына қойған да жоқ, өйткені ол да абай сияқты ғалым-психолог емес еді.

С.Торайғыров қазақ тарихында бірінші болып жан мен тәннің, яғни психика мен мидың (дененің) ара қатынасы туралы мәселе көтеріп, бұл екеуінің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсіндіреді.



Баќылау с±раќтары:

1. Жүсіпбек Аймауытовтың психологиялық көзқарастары.

2. Мағжан Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары.

3. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық көзқарастары.


Лекция №53

Тақырыбы: Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы.
Жоспар: 1.Қазақстандағы психологияның ғылым ретінде қалыптасуының алғашқы кезеңі.

2.Психологияның Ұлы Отан соғысынан кейінгі дамуы,қазіргі жағдайы,даму перспективалары.
Лекция мақсаты:

Студенттерді Қазақстандағы психологияның ғылым ретінде қалыптасуының алғашқы кезеңі мен психологияның Ұлы Отан соғысынан кейінгі дамуы, қазіргі жағдайы, даму перспективаларымен таныстыру.



Лекция мәтіні:

1. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуының алғашқы кезеңі

(1920-1945)

1. Қазақстаңда іргелі ғылыми зерттеулердің дені соңғы жетпіс жыл көлемінде ғана өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бұл жағдай, әрине, психология ғылымына да ортақ. Әрине, осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп шешек атуына, біртіндеп канатының қатаюына бірсыпыра алғы шарттар сонау ерте замандардан (Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім психологиялық ілімдері) Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20 жылдарда (М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов еңбектері) біршама жасалған болатын. Мәселен, Бөкей ордасында шыққан "Мұғалім" журналында (1919) Ғ.Карашевтің бірнеше тәлімдік-пәлсапалық, психологиялық сипаттағы туындылары, Н.Құлжанованың "Мектепке дейінгі тәрбие" (1923), "Ана мен бала" (1927) дейтін кітаптарында да адамның жан-дүниесі жөніңде біраз сөз қозғалған еді. 20-жылдары өлкедегі тәлім-тәрбие ғылымының ірге тасының қалануына орыс ғалымдары да шама-шарқынша үлес қосты. Мәселен, сол кездері Орынбордағы Қазақ ағарту институтында ұстаздық етіп, сол оқу орнын біраз жыл басқарған, сөйтіп жаңа типті қазақ мұғалімдерінің қалыптасуына жәрдем еткендердің бірі — профессор В.Я.Струминский (1880-1967) еді. 1923 жылы оның қаламынан "Психология" атты еңбек (диалектикалық материализм тұрғысынан баяндалған ғылыми психологияның негізгі мәселелері) жарық көрді. Сонымен қатар, ол мұғалімдерге арнап "Еңбек мектебінің қызметкерлері үшін үстелдік кітап" (1,3 басылымдар), "Орынбор 1-басқыш мектебі шәкірттерінің сөйлеу ерекшеліктері" деген еңбек жазды. Осы кездері Ташкентте Н.Сухангельскийдің "Психологиялық зерттеулер" атты еңбегі қысқартылып, казақ тіліне аударылды. Осы аталған кітаптар казақ психологиясының қаз тұрып кетуіне себеп болғаны хақ.

Қазақстан отызыншы жылдары қызмет еткен, аты бүкіл әлемге әйгілі, Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушылардың бірі — А.П.Нечаев (1870-1948) елу жылдан астам психология саласында белсенді қызмет еткен, аты айдай әлемге белгілі ғалым еді. Ол араласпаған психология саласы кемде-кем. Ғалым көп жылдар бойына адамның еске сақтау ерекшеліктерін тәжірибе (эксперимент) жүзінде тексеріп, оны мектеп практикасына ендіруді көздеді. Яғни психологияның қолданбалы салаларын (жас, педагогакалық, медициналық т.б.)

дамытуға зор еңбек сіңірді. Ол елуден астам кітаптың, жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Олардың кейбірі: "Қазіргі эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысы" (1908), "Кітапхана ісінің психологиялық мәселелері" (1922), "Дене тәрбиесінің психологиясы" (1927), "Шахмат ойынының психологиясы" (1928), "Техникалық өнер тапқыштардың психологиясы" (1928), "Ес және оны тәрбиелеу" (1930), т.б. Ол өмірінің соңғы жылдарында Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында педагогика пәнінен сабақ берді, сырттан оқитын студенттерге арнап, "Психология" оқулығының қолжазбасын даярлады. Оның 1940 жылы жазып бітірген "Психофизиологиялық сиңдромдар жүйесі" атты еңбегін (бұл автордың психология саласындағы қырық жылдық зерттеуінің қорытындысы) еліміздің көрнекгі психолог ғалымдары, академиктер Д.Н.Узнадзе мен К.Н.Корнилов өте жоғары бағалады. Синдром түсінігі арқылы А.П.Нечаев адам бітім-болмысының, қасиет саналарының заңды байланыстарын, жеке-дара бөліп алып (сенсорлық, аффектілік, эмоциялық) тұлғалардың психофизикалық мінез-құлқының сарынын, бағыт-бағдарының белгілерін жіктеген, кісінің өзін-өзі бағыттауы мен ішкі ниетін келесі бір адамға сездіруі тек қарым-қатынас қызметі арқылы белгілі боларынан анықтаған. Оған осы еңбегі үшін диссертация қорғатпай-ақ педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. Қазақстан психология ғылымының өркен жаюына осынау ғалымның да біраз шапағаты тигені даусыз.

Отызыншы жылдары психологияға қатысты зерттеулерді қазақ ғалымдары да Ш.Әлжанов, М.Әуезов, С.Балаубаев, Ә.Садықов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, С.Қожахметов, т.б. жүргізіп келді.
2. Психологияның Ұлы Отан соғысынан кейінгі

даму жолдары, қазіргі жағдайы мен даму

перспективалары.

Республикадағы психология ғылымы, әсіресе, соғыстан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Оған да бірнеше сәтті жағдайлар себеп болды. Мәселен, 1946 жылы КазПИ-де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылды. 1946 жылғы БК(б)П Орталық Комитетінің орта мектептерде логика мен психологияны оқыту жөніндегі қаулысына сәйкес Қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. 1951-1953 жылдар арасыңда осы бөлімді жүзге жуық адам бітіріп шықгы. Бұлардың көпшілігі психологиядан мамандық алып, республиканың жоғары және орта арнаулы оқу орындарында мұғалімдік қызметке жолдама алды. 50-ші жылдары республика үшін психолог кадрларын даярлауда профессор Т.Тәжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан Алматыға келген профессор И.Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес қосты. 1919 жылы сондағы университеттің медицина факулътетін бітірген ол жүйке аурулары кафедрасының әуелі ординаторы, кейіннен доценті қызметін атқарады. 1921-26 жж. халық ағарту институтында, университетте психологиядан сабақ береді. 1931 жылдан Саратов медициналық институтының кафедра меңгерушісі, ал 1935 жылдан профессоры. 1944-1949 жж. Алматыдағы "Ана мен баланы қорғау" ғылыми-зерттеу институтының директоры, 1947-1969 жж. Абай атындағы Қазақ пединститутының профессоры, психология кафедрасының меңгерушісі, 1958-62 жж. Қазақстан психологтар қоғамының төрағасы болды. Ол көптеген жеке еңбектер мен мақалалардың авторы. Олардың кейбірі: "Бөбектердің психологиясын зерттеу"(Саратов, 1921), "Психика және жүйке саласын зерттеу" (Саратов, 1925), "Сөйлеу кемістігін топтастыру туралы" (Харьков, 1939), "Ойлау мен сөйлеу" (Халық мұғалімі, 1951, N4), "Педагогикалық психологияның бүгінгі таңдағы міндеттері" (Қазақстан мектебі, 1967, N3), т.б.

Өткен ғасырдың 40-жылдар аяғыңда Абай атындағы КазПИ мен Қазақ университетінде психология кафедралары ашылып, ғылыми мамандар дайындауға нақгы мүмкіндік туғандығын жоғарыда айттық, Республикада сол кездері психология ғылымы саласында тұңғыш диссертация қорғағандар: Е.Суфиев, А.Темірбеков, М.Мұқановтар еді.

Қазақстандағы психология ғылымының өркен жаюына шама-шарқынша үлес қосқан ғалымдардың алғашқы тобына Абдолла Темірбеков (1904-1972) пен Елеш Суфиевті (1919-1980) жатқызуға болады. Темірбеков 30-40-жылдары Орал, Қызылорда пединституттарында директордың орынбасары, Абай атындағы КазПИ-де факультет деканы, Өскемен пединститутының ректоры қызметін атқарады, 1962-72 жылдары, Алматы шет ел тілдері институтының педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болып істейді. Студенттерге қазақ, орыс тілдерінде психологиядан сабақ береді. Ол 1968-70 жж. Қазақстан психологтар қоғамының төрағасы болды, пединституттар мен университтер үшін С.Балаубаевпен бірлесіп "Психология" оқулығын (Алматы, 1966), сондай-ақ мектеп оқушыларының отаншылдық сезімін қалыптастыру туралы бірнеше еңбектер ("Советтік патриотизм және оны оқушыларда тәрбиелеудің кейбір мәселелері", Алматы, 1953) жазып, осы тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

Е.Суфиев Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының химия-биология факультетін бітірген (1937). Ол біраз жыл мектептерде мұғалімдік қызметте болады. 1946-80 жылдар арасында Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындарында психологиядан сабақ береді. Өмірінің соңғы жылдары Қазақ қыздар педагогикалық институтында психология кафедрасының меңгерушісі болды. Е.Суфиев психология саласында жазылған біраз еңбектердің авторы. Ол көп жылдар бойы қазақ шәкірттерінің орыс тілін меңгеруінің психологиялық негіздерін зерттеп келді. Оның 1952 жылы КазМУ-дің ғылыми кеңесінде қорғаған "Қазақ мектептерінің бастауыш кластарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы" атты диссертациясында қазақ балаларының орыс тілі сабағында ақыл-ойы мен ауыз екі сөйлеуінің даму ерекшелікгері психологиялық тұрғыдан талдауға алынды. Автор оқушылардың ұғынуына қиындық келтіретін кейбір орыс тіліндегі атауларға тоқталып, мұның табиғи-ғылыми жағын И.П.Павловтың жоғары жүйке жүйесі қызметі туралы іліміне негіздей отырып түсіндіреді, оқушылардың кейбір психикалық функцияларын (қабылдау, зейін, ойлау, т.б.) дамыта түсу, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныс-кеңестер береді. Оның қаламынан психологияның әртүрлі тақырыптарында жазылған бірнеше еңбектер туындады. Солардың кейбірі: "Баланың дамуы және оны мектепке әзірлеу" (1965), "Психология оқулығының қазақша аудармасы туралы" ("Халық мұғалімі", 1950, N2), "Қазақ мектебіңде орыс тілін оқытудың кейбір психологиялық мәселелері" (1967), т.б. Осы еңбектердің қай-қайсысы да қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие процесін жандандыру үшін қажетті дүниелер еді.

Қазақстаңдағы ғылыми психологияның дамуына елеулі үлес қосқандардың бірі — Мәжит Мұқанов (1920-1985). Ол Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін Ленинградтың Н.И.Герцен атындағы педагогикалық институтын бітіріп (1949), кейіннен Қазақ университетінде психология мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдайды, 1950 жылы профессор Т.Тәжібаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғайды. Мұнда ол қазақ жауынгерлерінің ұлттық психологиясына, халқымыздың Отан соғысы майданында көрсеткен ерлік, батырлық қимылдарына талдау жасайды. Ол 1953-60 жылдар арасында Алматының шет ел тілдері педагогикалық институтының, 1960-85 жылдары Қазақтың Абай атындағы пединститутының психология кафедрасының меңгерушісі болды. М.Мұқанов 1980 жылы докторлық диссертация қорғап, кешікпей профессор атағын алды. Ол жалпы психология, жас, педагогикалық, этнос психологиясынан жазылған оннан аса жеке еңбектердің авторы.

Ғалымның көп жылдар бойы зерттеуі ақыл-ой, интеллект мәселесін бұлардың адамның жан дүниесіндегі алатын орнын анықтауға, ойлау әрекетінің мән-жайын ашуға бағытталған. Автор ақыл-ойдың өрістеп отыруын тариғи-этникалық тұрғыдан зерттеп, әр қилы дәуірдегі адам интеллектісінің дамуы оның өмір сүрген ортасына, тіршілік жағдайы мен әлеуметтік қарым-қатынасына байланысты болып отыратындығын қазақ елі өмірінен алынған нақтылы деректермен дәлелдейді. Мәселен, ол қазақ халқының Қазан төңкерісіне дейінгі өмір тіршілігі мен экономикалық жағдайына, әлеуметтік ортаға байланысты ақыл-ойы мен интеллектісінің дамуындағы бірсыпыра өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасу жолын арнайы жүргізілген тәжірибелер арқылы сипаттайды. Ол халқымыздың ақыл-ойы мен өмір тәжірибесінің жиынтығын ғылымда продуктивті және рефлексия (ой жүйелілігі) деп аталатын ғылыми атаулар төңірегінен іздестіреді. Осы айтылған жан қуатының көріністерінің айтыс өнері мен мақал-мәтелдерде орын алатынын айта келіп, ғалым өзге кісінің жағдайына көңіл аударып, оның ішкі ойын өзіне айтқызбай-ақ алдын ала білу, яғни ғылыми тілде когнитивтік эмпатия деп аталатын жан қасиетін Сырым Батыр мен жас келіншектің арасындағы өткір сөзге құрылған диалог арқылы жақсы көрсетеді. М.Мұқанов сауатсыз адамдардың (тәжірибе Қытайдан келген қазақтарға жасалынған. — К,Ж.) ойлау қызметінде де рефлексия бар екендігін дәлелдеп, әр халықтың тарихи дамуыңда айналысқан кәсібі (қазақтар үшін мал шаруашылығы) оның өзіндік ақыл-ой ерекшеліктерінің қалыптасуына елеулі әсер ететіндігін байқаған. Мәселен, тәжірибе жасауға қажет болған жағдайда олардың май шамның орнына тезек отын пайдалануы. Автор оқымаған адамдарда теориялық пікір айту кездеспейді деу қате, өйткені, теорияның төркіні тәжірибеден өрбіп отырады деп түйіндейді. Зерттеуде әр халықтың өмір сүру барысында, тұрмыс-тіршілігінде кездесетін түрлі ырым-жорамалдар әртүрлі заттар мен құбылыстардың түр-түсін, жеке қасиеттерін айыра білудегі кейбір өзіндік ерекшеліктері (бұған жағрапиялық орта, сондай-ақ табиғаттың экологиялық жағдайлары мысқалдап әсер ететіндігі), адамның өсіп-жетілуіндегі ауыз екі сөз бен жазба сөздің ес процесінде тигізетін түрлі ықпалы туралы сөз болады.

М.Мұқанов жүргізген ендігі бір экспериментте оқымаған сауатсыз адамдардың есте сақтау қабілеті күшті болатындығы анықталған. Мәселен, көшпенді ата-бабаларымыздың тыныс-тіршілігінде жазба-деректердің болмауы, түрлі ақпарат хабары мөлшерінің аздығы, сезім мүшелерін қосарлай пайдалануы олардың суырып салма, шешендік қабілетінің күшті болуы М.Мұқановтың пікірінше ауыз екі сөз әлдеқайда көп сақталады, өйткені ол жиі пайдаланылады. Және жүрт бұған бар ықылас-ынтасын салады, ал жазба сөздің есті онша өсірмейтіндігі — оқыған адамның білгендерін қағазға (қойын дәптеріне) жазып алуға әдеттенгеніне байланысты болса керек.

Автор кейбір ғалымдардың "халықтардың жағрапиялық орналасуына, ұлтына, т.б. қасиеттеріне қарап тілдері бай, кедей деп бөлетіні, мәселен, "түркі тілдес халықтардың тілі кедей, күрделі ойды жеткізуге икемділігі аз, өйткені бұл тілдер тек кейінгі кезде ғана қалыптасты",- дейтін ұшқары пікірлерін әшкерелеп, оны нақтылы фактілер келтіріп дәлелдейді. Шындығына келсек қазақ халқының сөз байлығы кейбіреулер айтатындай, әсте кедей емес, қайта тілдік қоры орасан бай өркениетті халықтардың қай-қайсымен болса да жарысқа түсе аларлық, дариядай мол дүние.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет