Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі


Ѓылыми психологияныњ принциптері мен жалпы зерттеу єдістері



жүктеу 5.06 Mb.
бет4/22
Дата19.09.2017
өлшемі5.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

9.Ѓылыми психологияныњ принциптері мен жалпы зерттеу єдістері




5 - лекция
Таќырыбы: Жан мен тән. (Ми және психика)

Жоспары: 1. Ж‰йке ж‰йесі туралы жалпы ±ѓым.

2.Ж‰йке ж‰йесініњ атќаратын ќызметі.

3.Ж‰йке ќызметініњ рефлекстік табиѓаты.

4.Жоѓарѓы ж‰йке ж‰йесініњ ќызметі.

5.Жоѓарѓы ж‰йке ќызметініњ зањдылыќтары.

6.Динамикалыќ стереотип.


Лекция маќсаты: Студенттерді жүйке жүйесінің атқаратын қызметімен, ж‰йке ќызметініњ рефлекстік табиѓатымен, жоѓарѓы ж‰йке ќызметініњ зањдылыќтарымен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келген тітіркендіргіштерге жауап қайтарылады.

Жүйке жүйесі нейрон – деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардардың екі түрлі тармағы болады олардың бірі ұзын тармақты нейрит (оксан), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп келіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Жүйке орталықтарына орталық перифериялық (шеткі) вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өн бойына орналасқан.

Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми жатады.

Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болады. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлігі – жұлын (жуандығы 1 см) омыртқа қуысының ішінде орналасқан, оның ұзындығы орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан мұның көлденең кесіндісі көбелектің пішініне ұқсас болып келеді.

Жұлыннан жан – жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды.

Жұлын біздің қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ – қолды бүгу, керіп – созу т.б.). жұмысын басқаратын орталық болып табылады.

Мыс: Жаңа туған нәрестенің емуге әрекеттенуі. Бұл жұлынның шартсыз рефлекстері, олар организмдерге туысынан тән.

Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай.

Мұндағы сопақша, аралық және ортаңғы ми – бәрі қосылып келіп ми бағанасын құрайды.

Сопақша ми – жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұтыну т.б. сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі.

Сопақша мидың сырт жағында, ағаш жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, жүріс – тұрысын басқарып отырады.



Орталық мида – құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталығы бар.

Аралық ми – көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланысады.

Ми сыңарлары – екі бөліктен (оң және сол жақ) тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80% тең.

Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы – деп аталады. Ол қалыңдығы 3-4мм бірнеше қабаттардан тұрады.

Ми қабығы 4бөлімге бөлінеді . Олар: Маңдай, самай, төбе, желке. Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлық ядросынан тұрады. Мида көру, есту, тері, иіс, дәм, қозғалыс т.б. анализаторлық жүйке орталықтары бар.

Мыс: Мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есіту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан. Осындай орталықтардың саны 200-ге жуық.

2. Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты.

Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады.

Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт.

Рефлекс – латын сөзі қазақша –”бейнелеу” деген мағынаны білдіреді.

Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы.

Жануар мен адамдарға туысынан көптеген рефлекстер беріледі.



Мыс: жарық түскенде көздің сығыраюы т.б.

Шартсыз рефлекстердің жүйке жүйесі арқылы жасалу жолын рефлекс доғасы деп. атайды . Рефлекс доғасының бөліктері.



  1. рецептор / сезім мүшесі.

  2. өткізгіш жүйке мен қозу процесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан жұмыс аппаратына келетін (сілекей шығаратын бездер, бұлшық еттер) жүйкелер.

Рефлекс туралы ғылыми тұрғыдан дәлелдеген орыс физиологы И.М. Сеченов болды. Ол өзінің “Ми рефлекстері” – деген еңбегінде психикалық құбылыстардың табиғатын рефлекс тұрғысынан түсіндірді.

И.М.Сеченов пен И.П.Павлов мидың барлық рефлекстік қызметі екі жүйкелік процестен – қозу мен тежелуден тұратындығын анықтап берді.

Қозу - әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде жүйке жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күйі болса, тежелу, керісінше, жүйке жүйесін тыныштандыратын процесс болып табылады.

3. И.П. Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежелулердің бірнеше түрін анықтады. Ол ең алдымен тежелуді сыртқы – шартсыз(яғни, туғаннан пайда болатын) және ішкі – шартты(өмірде жасалып отыратын) деп екі үлкен топқа бөлді. Сыртқы тежелудің өзі бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі – жай тежелу.

Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны аппаттан сақтап қалатын тежелудің осындай түрін кейде қорғаныс тежелуі деп те атайды. Ішкі тежелудің де бірнеше түрі бар. Солардың бірі сөне тежелу. Ішкі тежелудің бір түрі – ажырату (дифференциалық) тежелуі. Бұл организмнің түрлі заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарды айыра білу қабілетін көрсетеді. Ішкі тежелу сондай ақ кешігу

, ұйқы тежелуі болып та тармақталады.

ќосу керек

4. И.П. Павлов ми қабығының негізгі жұмысы анализдік( талдау) және синтездік (жинақтау) қызметтен тұратындығын және бұл миды зерттеудің басты принциптерінің бірі екендігін көрсетіп береді. Мидың анализдік қызметі түрлі тітіркендіргіштердің жеке бөліктерін айыруда, осы жеке тітіркендіргіштерге шартты рефлекстер жасауда көрініп отырады. Ал мидың синтездік қызметі жеке тітіркендіргіштерді біріктіруден, яғни ми қабығында уақытша байланыстардың жасалуынан көрінеді.

Екінші сигнал жүйесі жануарлар дүниесінде болмайды. Жануарларда бірен – саран дыбыс реакциялары бар, бірақ бұл дыбыстарда ешқандай мағына жоқ, ол жай биологиялық қажеттің хабары ретінде шығып отырады. Сөйтіп, жануарлар тіршілігі үшін бірінші сигнал жүйесі бірден – бір жүйе болып табылады. Екінші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән. Бірақ адамдар мен жануарлардың сигнал жүйелерінің арасында сапалық айырмашылық бар. Егер адамдардың бірінші сигнал жүйесінің жүйкелік байланыстары қоғамдық қатынастарды бейнелейтін болса, жануарлар дүниесінде бұл биологиялық сипатта болады.

5. И.П. Павлов адамдардың сигнал жүйелері бір – бірімен үнемі тығыз байланысты, екінші сигнал жүйесі адамның тарихи даму процесінде туған және бұл бірінші сигнал қызметін реттеп, бақылап отырады деп тұжырымдады.

Белгілі тітіркендіргіштерді бірқалыпты ұзақ уақыт қайталай берсе, ми қабығында қозу мен тежелудің тұрақты, бір ізге салынған жүйелері пайда болады. Соның нәтижесінде рефлекстердің бекіген жүйесін қайта жаңғыртып отыру, көп күш жұмсалуды қажет етпейді де. Мәселен, егер итте күрделі тітіркендіргіштердің жиынтығынан бірнеше рефлекстер туғызылса,(қоңырау, жарық, метроном т.б.) және олар белгілі тәртіп бойынша жеткілікті түрде қайталанса, кейін осы тітіркендіргіштердің біреуімен ғана әсер етсе болды, ит бұрынғы жауап рефлексінің бүкіл жүйесін өзгертпей, түгелімен қайта жаңғыртып шығады. Осы секілді үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмнің төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесінің жасалуын И.П. Павлов динамикалық стереотип деп атаған.

Баќылау с±раќтары:

1.Ж‰йке ж‰йесі туралы жалпы ±ѓым.

2.Ж‰йке ж‰йесініњ атќаратын ќызметі.

3.Ж‰йке ќызметініњ рефлекстік табиѓаты.

4.Шартсыз рефлекстердің шартты рефлекстерден айырмашылығы неде.

5.Шартты рефлекстер қалай жасалады.

6.Қозу, тежелу процестері дегеніміз не, олардың атқаратын қызметтері қандай.

7.Жоѓарѓы ж‰йке ќызметініњ зањдылыќтары.

8.Тежелудің қандай түрлері бар.

9.Мидың анализдік және синтездік қызметі дегеніміз не.

10.Бірінші және екінші сигнал жүйелері туралы не білсіңдер.

11.Динамикалыќ стереотип дегеніміз не.

12.И.П.Павлов ілімінің психология ғылымы үшін маңызы неде.

6-лекция
Таќырыбы: Психика дамуы.

Жоспары:

1. Психиканыњ пайда болуы жєне дамуы туралы т‰сінік.

2. Жануарлар психикасыныњ т‰рлері.

3. Психика жєне ж‰йке ж‰йесініњ эволюциясы.

4. Психика жєне жануарлар мен адамныњ бейнелеу ерекшеліктері.

Лекция маќсаты: Студенттерді психиканың пайда болуы және дамуымен, жануарлар психикасының түрлерімен, жүйке жүйесінің эволюциясымен,психиканы жануарлар мен адамның бейнелеу ерекшеліктерімен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Сыртқы ортаның мида бейнелеуін психика дейміз. Психика дегеніміз-өзінің даму сатысында жоғарғы дәрежеге жеткен материяның сипаты.

Материяның 10 000 000 (млн.) жылдарға созылған революциялық дамуының нәтижесінде органикалық материя яғни тіршілік пайда болады.

Психика органикалық материяны барлығында бірдей бола бермейді, ол өсімдіктер дүниесінде жоқ, тіпті тірі организмдердің төменгі формаларынан да оны табу қиын.

Психика тек жоғарғы жанды материяның ғана қасиеті.

Тірі материяның төменгі түрлеріне тітіркенушілік (сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық), ал оның жоғарғы түрлеріне – сезгіштік (заттардың қасиеттерін бейнелей алу) қасиет тән.



Сезгіштік – психиканың ең бастапқы белгісі. Бұл организмнің сыртқы ортаны түйсіне алу қабілеті. Түйсік орталық жүйке жүйесі бар барлық жануарларда және адамдарда кездесетін қарапайым психикалық құбылыс. Психикалық әрекеттің даму жүйке жүйесінің дамуы мен шарттас. Ал жүйке жүйесі құрылысының күрделене түсуі психиканың күрделене түсуіне, оның жоғарғы формуласының пайда болуына жадай туғызады.

2. Жануарлар психикасының негізгі түрлері.



  1. Инстинктер (санасыз ұмтылу)

  2. Жануарлардың дағдысы.

  3. Жануарлардың интеллекті (ақыл, ой).

1) Инстинкт – көбінесе дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда, кездесетін мінез – құлықтың қарапайым нәсілдік формасы.

Мұны қазақша “соқыр сезім ” дейді.

Жануарларда болатын инстинкт организмнің белгілі тіршілік жағдайына, өскен ортасына әбден көніккенін көрсететін мінез – құлықтың түрі.

Мыс: араның омартасы, құстың ұясы.

Осы мысалға қарап құстарда, жәндіктерде сананың саңлауы бар деуге болмайды. Өйткені инстинктер тұқым қуалау жолымен бері леді.

Жануарлардың инстинктісі көбінесе олардың тамақтану, қорғану және тұқым қалдыру биологиялық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға ғана жұмсалады.

Жануарлардың биологиялық мұқтаждарына қарай инстинктердің де тамақтану , қорғану және тұқым қалдыру түрлері болады.

Мыс: Тамақтану сезамі оларда ерте пайда болады. Олар туысымен-ақ анасының бауырына жабысып еме бастайды. Құстардың балапандары жұмыртқадан шыға салысымен-ақ дәнді шоқып жүгіріп-жүріп тамақтана бастайды. Тұқым қалдыру яғни, көбею инстинтісі басқаларға қарағанда кеш дамиды.

3. Жануарлардың дағдысы.

Дағды-жануарлар қылығының күрделі формасы, психикалық әрекеттерінің жоғары сатысы. Ол инстинкттер сияқты ұрпақтан-ұрпаққа нәсіл арқылы көшіп отырмай, жануарлардың тіршілігі үшін күресуінде жүре-бара пайда болады.

Жануарларда дағдылану болмаса, жалғыз инстинкт әрекеттері мен өмір сүре алмайды. Кейбір зерттеулерге қарағанда, даму процесінің төменгі процесінде тұрған жәндіктерді де дағдылар пайда болатын көрінеді.

Турненнің тәжірибесінде қоңызды, араны үйреткен. Жоғарғы сатыда тұрған жануарларда дағды тезірек пайда болады.

Америка психологы Э.Торндайк көп тәжірибелер жүргізгені (маймылдарға, атжалмандарға, мысық, ит т.б.) белгілі.

4. Жануарлардың ақылы

Даму сатысының жоғарғы басқышында тұрған жануарлардың әрекеттерінде соқыр сезім мен дағдылану қылықтары мен бірге саңылау әрекеттерінің бастапқы белгілерінің бар екенін байқауға болады.

Зерттеулер көбінесе маймылдарға жасалған.

Р.Меркс

В.Келер неміс психологы.



Э.Торндайк. Америка психологы.

Нағыз ақыл адамда ғана болады, жануарларда ол жоқ, ақыл пайда болу үшін ерекше жағдайлар керек. Маймылдардың адамға айналу процес інде олардың тәнінде бірнеше түрлі өзгерістер, сапалар пайда болған. Ол өзгерістер қоғамдық жағдайда ғана еңбек ету нәтижесінен туған. Ақыл-еңбектің жемісі. Еңбек жоқ жерде-ақылда жоқ. Ф.Энгельс (“маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі”)-деген еңбегінде адам тәрізді маймылдың қалайша бірте-бірте адамға айналғандығын, оның тәнінде қандай әлеуметтік өзгерістердің болғандығын көрсетті. Еңбектің арқасында бүкіл организм, дыбыс шығаратын органдар т.б. өзгерістерге ұшырайды.

Бұлардың барлығы адамда тіл мен ақылдың, сонымен бірге сананың пайда болуына себепші болады. Бірақ саналы әрекеттердің, ақыл мен тілдің пайда болу үшін жалғыз ғана биологиялық негіздер болғанмен, адам еңбек әйтпесе қоғамдасып жүрмесе, оларда саналы әрекет те болмас еді.

Сондықтан сана- еңбектің жемісі.

Маркспен Энгельс – адам санасы еңбек ету процесінде “пайда болған, адамның еңбек етуі, еңбек құралдарын жасап, оны пайдалануы, оның санасының дамуына зор ықпал жасады“ - дейді.

Еңбек үстінде бірімен-бірі қарым-қатынасқа түсіп, сөйлескісі келген, оларда сөйлесу мұқтаждығы туған.

Бұл мұқтаждық адамдарда тіл мен сана арқылы пайда болады.

Баќылау с±раќтары:

1.Психиканыњ пайда болуы жєне дамуы туралы т‰сінік.

2.Жануарлар психикасыныњ т‰рлері.

3.Психика жєне ж‰йке ж‰йесініњ эволюциясы.

4.Психика жєне жануарлар мен адамныњ бейнелеу ерекшеліктері.

5.Психиканың пайда болуына байланысты теориялық көзқарастар.

6.Интеллектік әрекеттердің ерекшеліктері неде.

7.Жануарлар мен адам психикасының айырмашылықтары неде.



7-лекция

Таќырыбы: Адам санасыныњ пайда болуымен алѓы шарттары.




Жоспары:

1. Сана-психика дамуыныњ жоѓарѓы сатысы.

2. Адамныњ ќалыптасуында ењбектіњ ролі.

3.Сананыњ ќалыптасуындаѓы сµз бен ќарым-ќатынастыњ ролі.


Лекция маќсаты: Студенттерді психика дамуының жоғарғы сатысы–сана екендігімен, адам санасының қалыптасуындағы еңбектің ролімен және сөз бен қарым– қатынастың ролімен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Сана-психика дамуының жоғарғы сатысы.

Сана- адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті.Ол-ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі.Сана жеке адамға тән дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бірімен- бірі тығыз байланысты.

Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі – ойлай білетін адамның дүниеге келуі.

Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, санасының қалыптасуымен дамуының негізгі факторы болып табылады.

Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.

Адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп дами берді.

Қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер енді еңбекке бастап қойған жоқ, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді.

Сөйлеудің қалыптасуы адамдардың психикалық дамуындағы алғашқы төңкеріс болды.

Сөйлеу белгілері жоғарғы жүйке қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын 2-ші сигналдық жүйе қалыптасты.

Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді, және ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғарғы сатыдағы жануарлардың дерексіз ойлауын жетілдіреді. Ал дерексіз ойлау дегеніміз - сананың өзегі.

Сөйлеу, сөз-біздің саналық болмысымыздың формасы - қарым қатынас деңгейін шеңберін кеңейте түседі.

Қарым-қатынас процесі арқылы адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады.

Қарым-қатынас жасау қоғамдық өмір факторы.

Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адаммен қарым-қатынасында ғана пайда болады.

Ал қарым-қатынас процесінде адамдардың тек жеке басының ғана емес, (адамдардың) қоғамдық санасы да қалыптасады.



2. Адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлі. К.Маркс пен Ф.Энгельс адам жануарлардың арасындағы физикалық та, психикалық та тұрғындағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен түсіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетіліуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылады. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырады, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.

Классиктерінің үйреткеніндей, еңбек әуел бастан-ақ қоғамдық сипат алған, яғни бірлесіп әрекет жасауды талап етеді, әр түрлі істі келісе отырыпшешуді және басқаруды қажет қылады. Жануарлар тобына еңбектің арқасында ғана адам қоғамына айналады. Табында көрсетілетін болмашы өзара көмек ынтымақтастық дәрежесіне дейін өсті. Адам еңбек процесінде тек қана табиғанпен қатынасқа түсіп қоймайды, сондай-ақ бір-юірімен де қатынас жасайтын болады. Олардың табиғатпен арадағы қатынасы енді өндірістік мақсаттарға орай ғана да жасалады. Сөйтіп, өндіріс пройесінде әр түрлі процесінде ассоциацияларды қалыптастыратын өзара тәуелді қатынастар болады. Адам өз өмірінің жалғасып келе жатқаны үшін де бүкіл Жер бетіне мекендепотырғаны үшін де еңбекке борышты. Қоғамдық өндірістің арқасында ол алдымен жасқана, кейінірек батыл түрде айналасындағы табиғатты өз қажетіне жарата бастыды және осыдан сщң әр түрлі климаттық жағдайларда өмір сүруге бейімделеді.

Ең бастысы, өндіріс, ең қарапайым еңбек құралдарын жасаудан бастап табиғат ерекшеліктерін: материалдардың қарсыласуын, механика заңдарын адамның алдына жинап салады. Сонымен, еңбекте сыртқы сыртқы дүниенітану құралы ретіндегі сана қалыптасады. Еңбекте адам өзін-өзі таниды, өзінің табиғи күшін алдына қойған міндеті мен еңбек материалдарына қарай реттей білуге үйренеді. Демек, еңбекте өзіндік сана-сезім де қалаптасады.

Адамның сыртқы табиғатты және өзін-өзі тануы ендігі жерде өзі жасап жатқа және саналы түрде жетілдіріп жатқан қоғамдық өндіріске енді өз тарапынан үлкен ықпал жасай бастады. Еңбек жұмыс атқаратын органдар-бас пен қолды жетілдірді. Адамның қолы сан салалы әрі өте нәзік еңбек оператцияларының арқасында өз дамуының шыңына жетті. Және тек қана еңбек орган болыпқалмады, сонымен бірге таным құралына, ақырында, творчестволық құалға айналады. Іс үстіндегі шебердің қолы қолына жұқпайтынынкөріп тағ-тамаша қаламыз, мүсінші мен суретшінің қолы өнердің ғажап туындылары дүниеге келтіріледі, ал музиканттығ қолы шектерден сиқырлы үн төгеді. Адамның миы анатомиялық тұрғысынангөрі ойлау жағына әбден жетілді, өйткені еңбек адамның алдына нақ осы еңбекте шешілуі тиісті проблемаларды үнемі қойып келді. Ойлау қабілеті қалыптасты, ал ол өз тарапынан еңбектің одан әрі жетілдіріле түсуіне жағдай туғызады.

Сөйтіп, адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп, дами береді. Бұл жөнінде К. Маркс былай деп жазған болатын: “Еңбек дегеніміз алдамен адам мен табиғат арасындағы процесс, мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың алмасуына себепкерболады, оны реттеп, бақылап отырады. Табиғат затына адамның өзі табиғат күші ретінде қарсы тұрады. Табиғат затын өз басының тіршілік етуіне жарамды иемдену үшін алам өз тәнінің табиғи күштерін қолдары мен аяқтарын, ақыл-ойы мен саусақтарын қимылға кеолтіреді. Осындай қимыл арқылы сыртқы табиғатқа әсер ете отырып, оны өзгерте отырып, адам сонымен бірге өз басының жаратылысын да өзгертеді. Ол осында мүлгіп жатқан күш-қабілеттері өршітеді де, бұл күштердің құбылысын өз өктемдігіне бағындырады”.

Қоғамдық өндіріс қажеттілікті қанағаттандыру заттарын жасай отырып, жаңа қажеттіліктерді де туғызды және оларды жетілдіріп те отырды. Тіпті ең қарапайым деген табиғи қажттіліктің өзі адамға тән сипат алады және әсіресе олардың эстетикалық бейнелену бағытында барған сайын әдетке айнала береді. Адам өзі өлтірген аңның терісіне қанағаттана алмайтын болды , ендігі жерде әртүрлі безендірулермен киім тігіп кие бастады. Олар сондай - ақ тұратын мекен жайын , еңбек құралдарын тағы басқалардыда жетілдіре түсті.

Адамның психикаглық дамуында алғашқы адамдардың қоғамдық санасында бейнеленген өндірістік қатынастардың маңызы зор болды. Қалыптасып келе жатқан қоғамдық сана өз тарапынан, жеке адамдар санасында өзіндік таңбасын қалдырып отырды.

3. Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі.

Ф. Энгельс сананың қалыптасуында сөздің қаншалықты үлкен маңызды роль атқарғанын атап көрсеткен болатын. Сірә адамның ең бергіден ата-бабалары психофизикалық жағынан өте жоғарғы дәрежеде дамығандықтан, басқа жануарларға қарағанда дыбыстық белгілерге көбірек жүгісе керек. Адам мен питекантроп, нендерталдық және крамоньондық миларының гпистен жасалған үлгілерін салыстырғанда, сөйлеу және іс-ірекетпен байланысты, маңдайдың төменгі броздасынның алдыңғы тармағы қазіргі адамдарда бұрынғы тектестерінікінен әлдеқайда артық жетілгендігі анықталған. Олай болуы түсінікті де: қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатнас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер ендігі жерде еңбекке бастап қана қоймай, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді. Сөйтіп, ол белгі беру құралынан біртіндеп еңбекті ұйымдастыру құралына айналды. Дыбыс комплектері ендігі жерде заттарды, әрекеттерді және еңбектің тұтас ситуацияларын белгілей бастайды. Сөйлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы ревалюция болады.

Сөйлеу белгілері жоғары нерв қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларды болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.

Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді. Себебі, сөз нақтылы бір атаудың алуан қырын танымның жалпы шеңберінде қорытып, жинақтап береді. Демек, ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғары сатыдан жануарлардың пәрменді және нақтылы-бейнелі ойлауына- өзгеше дерексіз ойлау жетіледі, ал дерексіз ойлау дегеніміз -сананың өзегі.



Баќылау с±раќтары:

1.Психика дамуының ең жоғарғы формасы- сана, оның пайда болу себептері.

2.Адам санасының қоғамдық- тарихи сипаты қандай.

3.Адам санасының пайда болуындағы еңбек пен тілдің маңызы қандай.

4.Адам санасының пайда болуында сөз бен қарым- қатынастың ролі қандай

5. Сана жєне µзіндік сана.

6.Сана мен астар сананың айырмашылықтары неде.

8-лекция
Таќырыбы: Жеке т±лѓа жєне оныњ психологиялыќ табиѓаты.

Жоспары: 1. Т±лѓа туралы жалпы т‰сінік.

2.Т±лѓаныњ жеке жєне дара ±ѓымдарын талдау.

3.Жеке т±лѓаныњ белсенділігі.

4.Қажеттіліктер,қызығулар және олардың түрлері.

5.Дүниетаным, сенім және мұрат туралы.
Лекция маќсаты: Студенттерді тұлғаның жеке және дара ұғымдарымен, жеке тұлғаның белсенділіктерімен, қажеттіліктерімен, қызығуларымен және олардың түрлерімен,дүниетаным,сенім, мұрат ұғымдарымен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Әрбір адам – ересек болсын, жаңа туған сәби болсын – индивид биологиялық жеке адам. Адам сүт қоректілер класына жататынбиологиялық тіршілік иесі, басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар яғни ол сыртқы ортаның мәнін де, өз жаратылысында танып біледі және парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды.

Адам белгілі бір қоғам мүшесі ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды – көпті тәжірибесі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді.

Мыс: жаңа туған сәбиді толық адам – деп атауға болады, бірақ, жеке адам деуге болмайды, өйткені оның өмірден алған тәжірибесі, білімі және белгілі бір іс әрекетті меңгере алмайды, оларда әле жоқ. Жеке адам-түсінігімен қатар біздің қолданымымызда адам- дара адам- даралық терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір- бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған көп қасиеттердің бірігуін –адам- түсінігі қамтиды. Адам-өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Дара адам-тектілердің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі- нақты адам. Даралық нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.Жеке адам- түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді.

2. Жеке адамның ерекшелігі дүниетанымынан, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам тарихи - әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі бір қоғамда, ұжымда) ғана қалыптасады.

Басқа адаммен қарым – қатынас жасау жүйесінде жеке адамның психикасының, өмірінің мазмұны тереңдеп, әлеуметтік қатынастардың шеңбері кеңіп, өсіп отырады. Жеке адаммен оның дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Жеке адамның негізгі белгісі – оның дара өзгешелігі. Ал дара өзгешеліктің өзі ең алдымен оның іс - әрекетінен көрінеді. Яғни негізгі іс – әрекет үстінде жеке адамның дара өзгешеліктері : мысалы; қызығу, мінез – құлық темпераменті, қабілет дарындылығы дамып жетіледі. Дүниеде өзіндік белгілері жағынан бір – біріне ұқсас екі адам болмайды.Адам өмірдің сыртқы жағдайының ықпалымен қалыптасады. Мысалы, екі бала бірдей жағдайда тәрбиеленседе олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады. Мұның себебі, балалардың табиғаты сапалары әр түрлі. Сөйтіп адамдардың қалыптасуына әлеуметтік факторлармен қатар биологиялық факторлар да ықпал етеді. Бұл факторларды бір – біріне қарама – қарсы қоюға, олардың бір – біріне байланысты емес деп санауға болмайды.

Жеке адамның белсенділігінде қоршаған ортаға ықпал жасау қабілетінде айырмашылық болады. Бұл белсенділіктің шығар көзі:


  1. Адамның қанағаттандырылуы керекті мұқтаждықтар.

  2. Көңіл аударуы керек ететін сыртқы дүние ықпалдары.

3. Қажеттіліктер дегеніміз - өмір мен дамудың белгілі бір жағдайында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Өмір сүру үшін адамдар: тамаққа, киімге т.б. толып жатқан қажеттерін қанағаттандыруы тиіс. Қажеттіліктер адам бойындағы белсенділіктерді оятады. Адам қажеттіліктері әртүрлі болып келеді. Оларды:

  1. Материалдық (тамаққа, киімге, мекен – жайға т.б.)

  2. Рухани – (білімге, өнерге, эстетикалық ләззаттағы т.б. ) қажеттілік тек адамға тән қасиет. Эстетикалық ләззаттану қажеттілігі адам өмірінде ерекше орын алады. Соның арқасында адам өз тұрмысын, демалысын өзінің өмірін мәнді етуге құлшынады.

  3. Қоғамдық қажеттіліктер – еңбекке, адамдармен қарым – қатынасқа, қоғамдық іс - әрекетке деген қажеттіліктер. Еңбекке деген қажеттіліктер – біздің еліміздің азаматтар үшін негізгі қажеттілікке айналып отыр. Адам еңбек етпей отыра алмайды. Өмірдің бірінші қажеттілігіне айналған еңбек - адамға үлкен бақыт пен қуаныш сыйлайды.

4. Қызығулар – қажеттіліктер негізінде пайда болады. Қызығулар - шындықтағы заттармен құбылыстарды белсенділікпен танып білуге бағытталған адамның тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі.

Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі – қызығудың обьектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі – “Бұл не? ” деген рефлекс. Мыс : біреу футболға қызықса ол адам ылғи футбол ойынына баратынын, футбол жөнінде кітаптар оқып отыратынын көреміз, біреумен әңгімелессе осы тақырыпта сөз қозғайтынын білеміз. Сөйтіп, адамның қызығуы, бір нәрсепе аса зейін қойып, оған құмартып, соны үнемі ойлап отыруынан көрініп отырады. Мыс: бейбір балалар кішкентайынан автомобильге, тракторға жалпы техникаға әуесқой келеді. Мұндай баланың есіл дерті машина болып уақытының көбісін соның айналасында өткізеді, олардың маркасын жақсы айыратын болады. Кейіннен осы балалар мектеп қабырғасында физика пәнінен , қол еңбегі сияқты пәндердіә жақсы меңгеріп, өзі жасынан жақсы көретін техника саласында нәтижелі жұмыс істелді.

Қызығулар:

1). Материалдық

2). Рухани

3). Қоғамдық

4). Эстетикалық

5). Спорттық т.б.

Материалдық – тамаққа, киімге, тұрғын үйге т.б.

Рухани – физикаға. химияға, математикаға, оқуға, ғылымға, психологияға т.б.

Қоғамдық – қоғамдық жұмысқа, ұйымдастырушылық іс-әрекетке.

Бұлардан басқа тікелей және жанама жаттығулар болады. Тікелей қызығу дегеніміз – таным, білім алу, еңбекке және шығармашылық процесіне қызығу.

Жанама қызығу дегеніміз – қызмет бабында және қоғамдық жағдайда белгілі бір дәрежеге ие болуға, ғылыми атаққа т.б. қызығулар.

5.Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі – адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным - адамның табиғат туралы, қоғамдық өмір туралы білімінің жүйесі. Дүниетаным мен сенім қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай, адамның ең асыл қасиеттері болып табылады.

Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетанымда, тұрақты мінез – құлықты болмайды. Сенімі қалыптаспаған адам шындықтың жай – жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай білуге шамасы жете бермейді. Сенім дегеніміз-адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына негізделген нанымы. Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің бірі-мұрат. Бұл – адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып қастерлеуі.

Мұрат – адамның алдына қойылған ең асыл, ең ардақты мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады өзін тәрбиелеуге кіріседі.



Баќылау с±раќтары:

1.Жеке т±лѓаның қоғамдық мәнін қалай түсінуге болады.

2.Т±лѓаныњ жеке жєне дара ±ѓымдарын талдау.

3.Жеке т±лѓаныњ белсенділігі.

4.Қажеттіліктер,қызығулар және олардың түрлері.

5.Дүниетаным, сенім және мұрат туралы.



9-лекция
Таќырыбы: Жеке тұлғаны зерттеудің мақсат-міндеттері

Жоспары: 1. Жеке тұлғаны зерттеудегі эксперименттік тәсілдің мәні.

2.Адамның қажеттіліктері мен мұқтаждығы және іс-әрекет түрлері.

3.Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.

4.Жеке адамның бағыт - бағдары және оның түрлері мен психологиялық ерекшеліктері.



Лекция маќсаты: Студенттерді жеке тұлғаны зерттеудегі эксперименттік тәсілдің мәнімен, жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымымен, жеке адамның бағыт - бағдары және оның психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.

Лекция мєтіні:

Адам - табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі және қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктеріне орай, адамды ғылымның бірнеше саласы зерттейді. Мәселен, философия ғылымы адамның дүниетанымдық көзқарасын, ақыл-ой өрісін, санасын, анатомиямен физиолгия адамның денесімен жүйке жүйесінің құрылысын, қызметін қарастырады. Антропология - адамның қоғамдағы алатын орнын, табиғаттағы өзге құбылыстармен байланыстылығын зерттеуді мақсат етеді. Тарих ғылымы адамның қоғам өміріндегі қарым-қатынасын саралауды, ал педагогикаадамға білім беру жүйесін қарастырып, оның қоғамның белсенді азаматы етіп қарастыруды көздейді. Психология ғылымы болса, адам жан дүниесінің сырын, психикасының даму заңдылықтары мен жеке қасиеттерінің жетіліп, қалыптасу жолдарын зерттейді.



1. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні.

Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол – адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психологя адамның даралық сипаттарын қарастырады, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.

Табиғаттағы ақыл-оймен сана иесі - адамның өзіндік сипат белгілері – оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материялдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эвалюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі. өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу иесіне (субъектіге ) айналады.

Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адакм да ақыл – есі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адмның азаматтық, ксілік, тұлғалық қасиеттеі болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адманың тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-қасиеттері қалыптасады.

Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адам белсенді қимыл-әрекеті оның мінез құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады. Ниет-тілектері адакмның тіршілігінен, іс-әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп жеке адамның ішкі дүнийсінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа бөлініп тұрады.

Сыртқы нәрселермен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдайлармен ыңғайласып, адмға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адм бойындағы сапалық ерекшеліктерімен оның психологиялық дара өзгешелігін білдіретін қасиеттер - темпераментімен мінезі, психикалық процестерді басынан кешіруі, сезім күйлері мен !с-қимылы және қабілеті бірдей адам жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері де әеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп отыратын белсенділік әрекетінде ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл-ой сапасы, қызығуының басты бағыты әрбір адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды. Әртүрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалапты бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері көрсетеді. Сондай-ақ мұндай, тұақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаныда бейнелейді. Адам бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгеріп те, жаңа сапаларға ие болып та отырады.

Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі - әрбәр адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл – адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынфшты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор – адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор – адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім-тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады.

Адамның өзіндік психологиялық сипатын зеттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі – оның белсенділігі. Белсендіоік іс-әрекетпен, оның бағдар-мақсатымен, өмір тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белседі болуы жайында психологияда әралуан көзқарастармен пікірлер бар. Соның бірі – Австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адамның белседілігі инстинктті әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш – қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, ол өз мінез-құлқын саналы түрде басқарады. Алайда Фредпен оны жақтаушы зерттеушілер адамның белсенділігі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шы,а алмайды деп, “Эдип конплексі” дейтін мәселе көтеріп, ерте замндағы грек жазушысы Софоклдың “Эдип патша” атты шығармасының сарынын уағыздады.

Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанмен де, Фрейдтің адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылс екенін дәлелдеп беруінің өзі- айтарлықтай жаңалық. Дегенмен, оның белсенділік әрекетінің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін пікірін көптеген шетелдік рсихолгтар орынсыз деп санады. Атап айтатын болсық, А.Кординер, Е. Фромм, К. Хорни т.б. Фрейд көзқарасының кемшілігін ашып көрсете алмаса да, өздерінше “жаңа фрейдизм” деген ағымды тудырады.

“Жаңа фрейдизм” ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады. “Жаңа фрейдшілердің” ойынша, тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығн іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ие болады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады. Хорни адам қоғамнан аулақ болып, ғшымен мұңдасып, оңаша сырласқысы келеді, дейді. Сөйтіп, “жаңа фрейшілдер” адмның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң береді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеттері ғылыми – материялистік тұрғыдан қарастырылуы керек болытн. Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағаттандырп, мұқтаждықтарын өтеу әрекеттерімен ұштасады.

“Қажеттілік” дегенді қалай түсінеміз ?. Қажеттлік - адам белсенділігінің негізгі себебі және іс-әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім тәрбие ықпалымен қалыптасып, адамның материялдық, рухани қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғамдық-даралық сиратта болып, қажеттілік тектік белгісіне орай тадиғи және рухани мәдени, ал сол заттарлы ұстап тұтыну сипатына қарай материялдық және рухани қажеттіліктер болып бөлінеді. Материялдық-заттық қажеттіліктерге тамақ, киім – кешек, тұрғын үй, тұрмыс заттары жатады. Рухани қажеттілік адамның басқа адамдармен әңгімелесіп пікір алмасу, білімін көтеріп, кітап, газет, журнал оқуы, өнер түрлерін үйренуі т.б. мұтаждықтарын қанағаттандыру арқылы жүзеге асады. Қажеттліктер тегі мен адам санасының тарихи дамуына орай және оларды тұтыну объектісіне сәйкес түрлі-түрлі болып бөлінеді.

2. Адамның қажеттілігімен мұтаждығы және іс-әрекет түрлері.

Адам қажеттілігінің бәріне жуықтығы еңбек арқылы қанағаттандырылады. Еңбек- адам тіршілігіндегі бірінші қажеттілік. Сондықтан, қоғамдығы тәлім-тәрбиенің өзекті мәселесі адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Жастарды еңдекке психологиялық тұрғадан даярлау – жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсаты. Еңбек – адамның іс-әрекетінің негізі түрі және барлық материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Іс-әрекеттің екінші түрі – оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдығы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалаптастырады. Ойын – адамның негізігі әрекетінің бірі. Олар бала мен жасөспірімнің денесін шынықтырып, әр алуан қимыл- қозғалыстарын жетілдіреді. Мектеп жасына дейінгі балардың басты іс-әрекеті – ойын. Ойынның түрлері мен мазмұны баланың ақыл – ойын дамытуға ықпал етіп, өзін қоршаған ортаның, заттармен құбылыстардың мән - жайын түсіндіреді. Бір сөзбен айтқанда, еңбек, оқу, ойын – адамн.ың дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс-әрекет түрлері.

Балармен ересек адамдардың әр алуан іс-қимылы нәтижесінде олардың автоматталған әректі – дағдылары, іс-әрекет түрлерін орындауға бейімділігмен ептілігі , тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анотомиялық, физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады.

3. Дағды мен ептілік. Дағды - адамның белгілі іс-әрекетті сан рет қайталап отыруы нәтижесінде қалыптасып, автоматты түрде орындалатын ісі. Мәселен, балада оқу дағдысының қалыптасуы, қызметкердің міндеті ісін орындауы. Дағдының қалыптасуында мақсат қою негізгі роль атқарады. Дағдының қалыптасуы қимыл-қозғалыстар мен әрекет жасауға орай бірнеше сатылардан тұрады.



Адам әрекетіндегі ептілік (бейімділік) – белгілі бір істі атқаруға бейім тұру, өзінің игерген білімін, дағдысын түрлі жағдайда қолдана білу. Ептілікті жеке қарастырсақ, ол адамның дағдыдан өзгешелеу ұқыптылық қасиетін көрсетеді. Ептіліктің тағы бір ерекшелігі адамның өз білімін қажет болған кез-келген жағдайда қолдана білу әрекетінен анық байқалады.

Әдет - адамның іс-әрекетіндегі мінез-құлыққа байланысты тұрақты қасиеті. Психологиялық тұрғыдан алғанда әдет адамның белгілі іс-әрекет түрін бұрынғы өмір тәжірибеснде қалыптасқан дағдылары мен біліміне сүйене отырып жүзеге асады. Адамның тарихи дамуында ол көпшілігінің игілігінде, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналып, халықтың сипат алуы мүмкін. Әдет - адамның қажеттілігін өтеуге сәйкес қайаланып, отыратын әрекет. Ол адамның кез-келген іс-әрекетінің түрінде кездеседі. Еңбек сүйгіштік жақын адамдардың ісіне көмектесу, ұйықтау алдында серуендеп, жуынып – шайыну - әдеттің ұнамды әрі пайдалы түрі. Ал ұстамсыздық, біреудің сөзіне кесе-көлденең кірісіп, оны бөлу - әдеттің ұнамсыз сипаттары. Жағымжы әрекеттер адамның мінезінің ұанамды жақтарын қалыптастыруға әсер етеді.

Ниет (мотив) – адамның белгілі қажеттіліктерді қанағаттандырудағы іс-әрекетке байланысты психологиялық көңіл-күйі. Қажеттілік – адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғушы күш делінсе, ал ниет- сол қажеттіліктің нақты көрінісі. Ниет адамды түрлі әрекеттерге ұмтылдырады. Олар мазмұнына нақты мақсатына қарай айқын ниет және көмексі ниет болып бөлінеді. Ниеттердің бір-бірімен алмасуы адамның қоғамдық-тарихи жағдайына байланысты. Адамдардың ниеті бірнеше сатылардан құрылады. Олар: әуестену, ықылас-ынта. Мүдде – адамның мақсаты тілекке жетуінің жоғары сатысы. Адам өз мүддесіне жету үшін еңбектенеді, оқып білім алумен шұғылданады, спортпен айналысып, өнер түйренеді. Мұның бәрі, мүдденің мазмұнын білдіріп, ақыл кірудің белгісі болып саналады.

Қызығу – адамның танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың мән – жайын айқын түрде түсіндірудегі жан дүниесінің сілкінісі. Қызығу барысында адам өзінің әр нәрсені танып білуі қажеттілігін қанағаттандыру үшін әр қилы ірекеттерді белсенді түрде меңгеру керектігін түсінеді. Адамның танып білу әрекетінің қозғаушы күші ретінде қызығу мазмұнына, мақсатына, кеңдігі мен тұрақтылық қасиеттеріне орай топтастырылып қарастырылады.

Сенім – адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау мақсатында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғт пен ұоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.

Ұмтылу – адамның іс-әрекеті атқаруға талаптанып, белсенділігн қуаттайтын ниеті. Адам өз қажеттілігін өтеудің жағдайын нақты болжамдап, көз алдына елестете алмаса да , көздеген мақсатына жету үшін күш-қуатын жұмсап, талаптанады. Талаптанудың (ұмтылудың) тақты түрі – арман. Бұл – қалаған нәрсенің бейнесін қиял арқылы жасау әрекеті. Ұмтылуға құмарлықта жатады.

Құмарлық – адамның өте зор күшін талап ететін қажеттілігін орындауды,ы ниеті, таным әрекетінде ол – ұнамды қасиет. Алайда, огның пайдалы және пайдасыз (жағымсыз) түрлері де бар. Білім алуға, мамандықты игеруге деген құмарлық – пайдалы. Ал карта ойынында ақша тігіп ойнау, ішімдікке салыну, қыдыруға құмарлық - ұмтылу әрекетіндегі жағымсыз қылықтар.

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әртүрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялақ ерекшеліктер. Ондай ерекшеліктер мән-мазмұны мен мақсат-мүддесіне қарай пайдалы және зиянды сипатта болулары мүмкін. Өйткені, адам – табиғаттағы ең жоғары сатыдағы ақыл иесі ретінде жан дүниесінің құрылымы мен психикасы аса күрделі субъект.



4. Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.

Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда, бір–бірімен қарым–қатынаста қарастырылады. Жеке адам – дүниетаным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсететін, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан.

Жеке адамның психалогиялық құрлымы мен ерекшеліктері төрт түрлі жағынан қарастырылады, яғни:


  1. Жеке адамның әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмтылу (ынтас мен талаптануы), мұрат, дүниетанымдық көзқарас, сенім. Бұл – жеке адамның адамгершілік қасиеттерін білдіретін сипаттар.

  2. Адамның білімдарлығы, дағдылары, бейімділігі. Мұндай сипаттар адамның даралық қасиетін, өзіндік даму деңгейін, тәлім – тәрбие негзінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді.

  3. Жеке адамның дара психикалық процестерінің тиянақтылығы мен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қасиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім күйлері мен ерік адам психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады .

  4. Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері – нышан , жоғары жүйке қызметі. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне, жыныстық белгісіне сәйкес көрініс береді. Мұндай қасиеттер машықтану мен жаттығу арқылы қалыптасып, жетіледі.

Ұстаздар мен тәлімгерлер , жетекшілер мен тәрбиешілер балалар

мен жастардың жоғарыда топтастырылып көрсетілген төрт түрлі ерекшеліктерімен жете танысып, ондай қасиеттерді жетілдіре түсудің әдіс- тәсілдерін үнемі іздестіруді көздейді. Бұл ерекшеліктердің адамға тәуелсіз-ақ дамып отыратындығын да ескерген жөн. Мәселен, адал әрі шыншыл немесе өтірікші болу темпераменті кез-келген оқушыда кездесе береді. Оқушылардың іс-әрекетіндегі әрқилы кемшіліктер осы төрт түрлі психикалық қасиеттердің біріне байланысты болуы мүмкін. Айталық, оқушының зейінсіздіті: а) білімі мен дағдысының болмауынан , белгілі істі орындауда өз зейінін сол нәрсеге аудара алмауынан; ә) зейінінің тұрақсыздығы тек оның өзінің кінәсінен; б) зейінін аударуға қиналуы жүйке қызметінің қозғалтқыш әсерінен; в) тәртіпсіздігі мен ұқыпсыздығынан болуы ықтимал. Бұлар баланың- адамгершілік тәрбиесіне қатысты сапалық кемшіліктер. Бұлардан басқа оқушының мінезі мен қабілетінің кемістіктерін көре білу үшін оның өзіндік ерекшеліктерін де аңғара білу к



Баќылау с±раќтары:

1.Жеке тұлғаны зерттеудегі эксперименттік тәсілдің мәні.

2.Адамның қажеттіліктері мен мұқтаждығы және іс-әрекет түрлері.

3.Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.

4.Жеке адамның бағыт - бағдары және оның түрлері мен психологиялық ерекшеліктері.

10-лекция
Таќырыбы: Іс-әрекет. Адам іс -әрекетінің түрлері.

Жоспары: 1. Жеке адам және оның іс-әрекеті.

2.Іс-әрекеттің мақсаты мен мотивтері (түрткілері)

3.Іс-әрекеттің құрылымы.

4.Іс-әрекет түрлері.


Лекция маќсаты: Студенттерді жеке адамның іс– әрекетімен, іс–әрекеттің мақсаты мен мотивтерімен, құрылымымен, түрлерімен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Адамның белгілі бір мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған белсенді қылықтары Іс-әрекет деп. аталады. Жануарлар іс-әрекеті жөнінде бұл ұғымды қолдануға болмайды. Адамның іс-әрекетінің жануарлар іс-әркетінен айырмашылығы әрі артықшылығы. Мысалы: жануарлар табиғатқа бейімделген яғни табиғаттағы дайн өнімді пайдаланылады. Ал адам іс-әрекет үстінде өзінің қажеттілігін мұқтаждығын қанағаттандыру үшін табиғаттағы, қоршаған ортадағы дүниені өзіне бейімдеп қайта құрады.

Жеке Адам өзінің іс-әрекетінің нәтижесін тек өзі үшін ғана емес, қоғам үшінде басқа адамның мүддесі үшінде өндіреді. Қазіргі кездегі адамдардың іс-әрекеті көпшілік жағдайда ұжымда жүргізіледі, яғни алға қойылған мақсат көпшіліктің күш жұмсауымен орындалады. Адамның іс-әрекеті өзінің алдына қойған мақсатымен сипатталады. Егер, мақсат болмаса іс-әрекетте болмайды. Тек адамның еркінен тыс кездейсоқ қимылдар болуы мүмкін. Кейде адам алдына мақсат қоймай бір іс-әрекеттерді жасайтын кезі болды. Мысалы: қызбалықпен жөнсіз іс-әрекетке ұрысып, соңынан өзі ыңғайсыз жағдайда сезінеді.

Қажеттілік пен мұқтаждықтың негізінде, адамда іс-әрекеттің мотивтері пайда болады яғни мұқтаждықты қанағаттандыру үшін адамның ішкі қозғаушы және алға итермелеуші күші, себебі.

2. Ал мақсат дегеніміз адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға ұмтылуы. Іс-әрекет процес інде адамның алдында, тек бір ғана мақсат тұрманды, бір-бірімен байланысқан мақсаттың бүтін бір жүйесі тұрады. Жеке адамның іс-әрекетінің қайсысын болсада психо-физиологиялық процестердің күрделі құрылымдарынан тұрады. Оның қарапайым элементі – қозғалыс. Адамның жасайтын жеке қозғалыстарының бірігуін іс-әрекет деп. атайды.

Бір мақсатқа біріккен, бағытталған қимыл-қозғалыстың жиынтығын ғана іс-әрекет деп. танула болады. Іс-әрекеттің қай түрін алмасада белгілі бір құрамды бөліктерден яғни компоненттерден тұрады.

3. Мұндай құрылым :


    1. мақсатты қоя білу

    2. жұмысты жоспарлау.

    3. оның неғұрылым тиімді әдістерін іріктеп алу

    4. Іс-әрекетті орындау

    5. Іс-әрекеттің нәтижесін тексеру

    6. жіберген қателерді тексеру

    7. қорытынды жасау

4. Жеке адамға тән іс-әрекеттің түрі санаулы, олар:

а) ойын іс-әрекеті

ә) оқу іс-әрекеті

б) еңбек іс-әрекеті

1). Ойын іс-әрекеті.

Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.

Мысалы: кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қтанынас жасайды. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, оның мунда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті.

“Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса-балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды, ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады”.

Баланың жасы өсуімен қатар ойнайтын ойынының мазмұны да өзгеріп отыратыны, белгілі.

Мысалы: 1 ж.асар бөбектердің ойыны манипуляциялық сипатта болса балалар бақшасындағы балалар сюжеттік ойын мен ойнайды.

Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді.

Балалардың қиялын, ойлауын сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелермен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар.

Сондықтан ата-аналар мен тәрбиешілер бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойынына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны өзінің негізгі мақсатына жете қоймайды.

Мысалы: бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуді үлкен дәреже көреді. Баланың мұндай тілегін қолдау керек. Осындай ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше “ойын” болып саналғанмен, баланың барлық күш-жігерін, зейінін өзіне аударып отыр.

Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе басталады.

Мысалы: тұрмыстық ойындарды, көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық саяси- мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжет тік ойындарды ойнауға ауысады.



Оқу әрекеті. Оқу- іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде мегеру.

ІV. Мектеп жасындағылардың негізгі әрекеті – оқу

Оқу арқылы қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге, оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым- білім жүйелерін меңгереді. Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады.

І- кезеңі (таныстыру кезеңі).

ІІ – кезеңінде, бала ойындағысын тәжірибеде орындап көреді.

ІІІ – кезеңінде, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды.

ІV-кезеңінде, бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап тұрады.

V- кезеңінде, балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын мегеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісі мен салыстыра алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді. Мұндағы себеппен нәтиженің заңды байланысына түсінеді.. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, көзінің жетуі ұғыну деп. аталады

Баланың білім меңгеруі, мұғалімнің сабақ оқытуы екеуі де “инемен құдық қазғандай” қиын нәрсе. Мысалы: мұғалім балаға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, онда ақыл-ой керенаулығын, рухани жиренушілікті туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз-педагогтар әр уақытта оқушының рухани тілектерін үнемі қанағатттандырып, оның табиғатты, өмірді адамдар еңбегін білуге құштарлығын дамытуы қажет.

Мектеп оқушыларының оқуға саналы қатынасуын тәрбиелеп, дамытуда мұғалімдер ұжымының алатын орны ерекше.

Еңбек іс-әрекеті

Адам психикасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын әрекеттің бірі- еңбек.

Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты.

Жеке адам қайда-да қоғамнан ұжымнан, тыс жеке еңбек етіп, өз қажеттерін қанағаттандыра алмайды, тек қоғамның барлық мүшелерімен ынтымақтасқан еңбек ғана адамға зор қуат беріп оның түрлі қажеттерін өтеуге жарап, психикасын байытады. Еңбек үстінде кісі өзіне қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзіндік психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық т.б.) біртіндеп қалыптастырып отырады. Еңбек

үстінде адамның өзіне-өзі қызмет ете алу қабілеті, практикалық іскерлігі, дербестігі, икем дағдысы, ынтасы мен тапқырлығы, белсенділігі шыңдала түседі.

Баќылау с±раќтары:

1. Адам іс–әрекетінің жалпы сипаттамасы қандай.

2.Оқу әрекеті дегеніміз не. Төменгі сынып оқушыларының оқу әрекетінің ерекшелігі дегеніміз не.


  1. Ойын әрекеті дегеніміз не. Ойынның бала психикасын қалыптастырудағы ролі.

  2. Еңбек әрекеті дегеніміз не.Төменгі сынып оқушылары еңбегінің психологиялық маңызы неде.



11-лекция
Таќырыбы: Дағды, икем және әдет

Жоспары: 1. Дағды,икем және әдет туралы түсінік

2.Дағдыны қалыптастырудағы жаттығудың маңызы

3.Дағды, икем, әдет ұғымдарының бір-бірінен айырмашылықтары

4. Дағдыны қалыптастыру жолдары.

5. Дағдыларды топтастыру.
Лекция маќсаты: Студенттерді дағды, икем, әдет туралы, дағдыны қалыптастырудағы жаттығудың маңызымен, дағдыны қалыптастыру жолдарымен, дағды мен әдеттерді топтастыру жолдарымен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Алғашқы да саналы орындауда қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автаматталынуын дағды деп атайды.

Мысалы:Алғаш жазып үйрене бастаған бала туралы.

Дағдылану үшін мына төмендегі белгілерді байқауға болады:



    1. Әр түрлі амалды тез орындап шапшаң қимылдау

    2. Дағды қалыптасқаннан кейін қиналып істеу жойылады жазуға төселмей тұрғандағы балада кездесетін ебедейсіздік

    3. Бір қатар жеке амалдарды біріктіріп одан (жеке) тұтас бір амал жасай алу. (бала сөздерді әріпке, буынына сөзге, сөйлемей құрауы).

    4. Көзбен бақылаудың маңызы кеміп қозғалыспен бақылаудың маңызы артады (машинистика көздің көмегіне сүйенбей, қолдың,саусақтардың қимыл қозғалысына ерекше көңіл бөлуі ).

    5. Дағдыға машықтану үшін алдын-ала қабылдай алу қабілетінің болуы.Мысалы: Машинистика тексті көшіргенде кезде, оның көзі алға жүгіріп, қолынан озып кетіп отырады..Қолы бір сөзді басқан кезде оның ойында бірер сөз әзір тұрады. Адам текстің мағынасын (да аңғара) түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасында аңғара алады.

Мұны психологияда дағдының антисипатциясы-дейді.

2. Дағды адам әрекетінің қай қайсысында да ерекше маңыз алады. Іс-әрекетке жақсылап дағдылану арқылы адам өндіріс құралдарын, дене шынықтыру, спорт атрибуттарын, ақыл-ой жұмысын меңгеруде жақсы табыстарға жетеді.

Мектептегі оқу-тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана емес, сонымен қатар оны түрлі дағды әдеттерге, бір нәрсені істеп үйренуге жаттықтыру болып табылады.

3. Дағды бірнеше түрге топтастырылады. Олар:


    1. Мектептік (сенсорлық-тікелей қабылдау) кітап,жазу, есептеу т.б.

    2. Спорт (қозғалыс) коньки тебу, футбол ойнау, күрес т.б.

    3. Еңбек,түрлі мамандық (интелектік дағдылар) дәрігер мұғалім т.б.

4. Дағдыға машықтанудың жолдары. Дағдылану негізінен бірнеше бағытта жүріп отырады:

1)Бірнеше рет қайталау арқылы, дағдылануға кеткен уақыт біртіндеп азая береді.

2)Дағдыланған сайын атқаратын жұмыстың сапасы арта түседі.

3) Дағдыланған сайын әрекеттер ұшырысатын қателердің саны бірте –бірте азая

береді.

4) Дағдылануда әдепкі кедте адамның күш- жігері жұмсалатын болса, бара-бара

онысы бәсеңси береді.

Дағдыланудың жылдамдылығы бірнеше себептерге байланысты:



  1. Егер дағдыланатын әрекект қиын болса, дағдыланудың нәтижесі бір дегеннен көнілден шықпаса, онда дағды біртіндер қалыптасаыды, көп уақытқа сақталады.

  2. Адам әрекетке дағдылануда өзінің бұрынғы тәжірибесінде болған әрекеттерді қатыстырып отырса оған қызығушылық пайда болады, тезірек дағдылануы мүмкін.

  3. Оқыту, үйрету әдісі жеңіл, көрнекті әсерлі болса, адам дағдылануға тез үйренеді. Ал егер оқыту үйрету әдісі нашар болса, дағдылана алмайды.

Мысалы: Кейбір мұғалімнің балалары хат тануға тез үйреніп, есепті тез, қатесіз шығаратын болса, кейбір мұғалімнің балалары тез үйрене алмайды. Мұның себебі, үйрету әдісі көңілдегідей болмағандықтан. Сондықтан балаларды оқытып тәрбиелегенде тәлімгердің көңіл - күйі, үйрету шеберлігі жоғары деңгейде болуы керек.

4) Дағдылануға қажетті жағдайдың қоллайлы, қолайсыз болуыныңда маңызы зор. Мысалы: Оқу әдісі жақсы балалардың алдында мақсат болғанымен, егер балалардың оқитын сыныпы қараңғы, суық, оқу құралдары өте нашар, қағазы жаман болса, мұндай жағдайларды дағды тез қалыптаса қоймайды.

Дағдылардан икемділік ұғымын айыра білу қажет. Икемділік дегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік біліммен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білім і мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік – белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың көнісі болып табылады. Дағды мен икемділіктен әдеттерді айыра білу керек. Әдеттер де әрекеттің автаматтанылған құрамдары. Бірақ мұның дағдыдан айырмашылығы мынада: әдетте қимыл-қозғалыстарды орындауға адам үнемі дайн болып, оны қажетсініп тұрады. Әдеттің ұнамды, пайдалы түрлерімен қатар ұнамсыз, зянды түлеріде кездеседі. Әдеттерді белгілі бір мағанасына қарай бірнеше топқа бөлуге болады, олар: адамгершілік, немесе марольдіқ (әр уақытта да шындықты айтуға әдеттену, жолдастардың алдында адал болу, уәдеде тұру б.т.) ,мәдени мінез- құлықтық (сыпайылық, үлкенге және жасы кішіге қамқорлық жасау, дұрыс сөйлеу т.б), гигиеналық (тамақ алдында қол жуу, тап тұйнақтай болып жүру т.б ), еңбек, ақыл ой әдеттері.

Атақты ағылшын драматургі В. Шекспир “Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын періште” десе, орыс педагогы К.Д.Ушинский: “жақсы әдет өсімге берген ақша, адам өмір бойы соның өсімімен пайдаланады, жаман әдет борыш,адам өмір бойы сол борыштың өсімінен азап шегеді”,-дейді.

Дағды мен әдеттің физиологиялық негіздеріне ми қабағында бекіп қалыптасқан шартты рефлекстердің жүйесі, яғни динамикалық стереотиптер жатады. Мәселен, адамның қозғалыс дағдысын (еңбек, спорт саласындағы) алатын болсақ, бұл мидың қозғалыс анализаторында жасалған уақытша жүйке байланыстарының

жүйесі. Мұнда сигнал жүйелерінің бірлескен жұмысы да қажет болып отырады. Мәселен, екніші сигнал жүйесі (ауызша нұсқау, тапсырма беру т.б) өткен тәжірибеде жинақталған, қимыл-қозғалыстардың тезірек бірігуіне жағдай туғызады, сөздік сигналдар даңдының кейбір керексіз буындарын тежеуге, ондағы қателерді түзеп отыруға мүмкіндік береді. Әдеттер де физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптің бір көрінісі. Бұлар ми сыңарларының тек оптималдық қозуы бар алаптарында ғана емес, сонымен бірге тежелуге ұшырған алаптарында да пайда болып отырады.



Бақылау сұрақтары:

1.Дағды дегеніміз не.

2.Дағды мен икемлілік ұғымдарының бір–бірінен айырмашылықтары.

3.Әдет дегеніміз не, оның қандай түрлері бар.

4.Дағды қалыптасуда жаттығу қалай жүріп отырады.

5.Дағдылардың өзара байланысы қандай.

6.Дағды мен әдет балаларда қалайша дамып отырады.

12-лекция
Таќырыбы: Қарым –қатынас . Адами ортақтасудың жалпы сипттамасы.

Жоспары:

1)Топтағы адамдардың өзара қарым – қатынас түрлері.



  1. Қарым – қатынастың мән – жайын зерттеу тәсілдері.

3) Ортақтасу туралы жалпы түсінік

4)Ортақтасу формалары

5)Ортақтасудың қызметтері,түрлері
Лекция маќсаты: Студенттерді топтағы адамдардың өзара қарым–қатынас түрлерімен, зерттеу тәсілдерімен,ортақтасу формаларымен,қызметтерімен, түрлерімен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Әрбір жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарым – қатынаста болады. Бұл қарым – қатынас бір – бір імен тығыз байланысты топтарда болады.

Топтағы, ұжымдағы әрбір адам екі түрлі: 1) Іскерлік

2) Жеке


қатынаста болады. Оның 1-сі топтың бүкіл құрамымен бірге документке түсірілу.

2-сі ұнату, жақсы көру, достық жолдастық, жек көру, жауласу, т.б. себептер негізінде пайда болды. Жеке адамдардың бір – бір імен қатынасын зерттеген кезде бақылау, экспримент, әртүрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады.

Мұндай әдістердің бірі – таңдау әдісі. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологы Дж. Марено.

Таңдау әдісін – шағын топтардың мүшелері бір – бірін өте жақсы білгенде ғана пайдалануға болады. Яғни таңдау әдісі арқылы жеке адамның іскерлік жағын және жеке басының қадыр – қасиетін яғни топтағы алатын беделін сонымен бірге бастапқы топтың бар – жоғын, шағын топтардың ыдырау және пайда болу себептерін анықтауға болады.

Таңдау әдісін жүргізу барысында сұрақтар беріп, жауабы да ескеріледі. Қойылатын сұрақтар таңдау критерийлері деп. аталады.

Ол 2-ге бөлінеді



  1. Күшті

  2. Осал

Сол сияқты шағын топтағы адамдардың қарым – қатынасын зерттеу үшін әлеуметтік өлшем әдісті де ұсынған болатын. Бұл әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағым ұжымдардың жетекшілері, өндірістік – кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара қарым – қатынасын анықтай алады. Бұл тәсілдің негізгі өлшемі (критерий) әр түрлі, басты мақсаты – топ ішіндегілердің тілегі мен мүддесін анықтау топтардағы адамдардың қатынасын:

1) Матрица – кесте

2) Социограмма

3) Графикалық кестелер арқылы анықтауға болады.

2. ортақтасу –қарым-қатынасы психологияның негізгі ұғымы. Ортақтасусыз жеке адамның тұлғалық қалыптасу үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Ортақтасу адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.

Ортақтасу моделі

Субъект-1 Субъект-2




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет