Алматыда 23 қаңтарда және 4 наурызда жер сілкінісі болды. Содан бері көпшілік арасында жер сілкінісі орын алған жағдайда қалай әрекет ету керек деген мәселе талқылануда. Бірі бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз немесе ваннаға жата қалыңыз дейді. Енді бірі кереуеттің немесе үстелдің астына кіріңіз, олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды деп кеңес айтады. Блогер Санжар Боқаев аталған кеңестерге орай тәжірибе жүргізіп көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан кадр

Желіде тараған видеода дүмпу кезінде бүйірмен немесе арқамен жатып, басты жастықпен не шұғыл чемоданмен қорғауға болатыны айтылған. Белсенді Санжар Боқаевтың айтуынша, мамандар көрсеткен бұл қорғану тәсілі қауіпсіздік үшбұрышы деп аталады. Белсенді аталған тәсілге қатысты арнайы тәжірибе жүргізіп көрді. 

"Енді біз бұл тәсілді тексеріп, эксперимент жасап көреміз. Мұндағы төсек орынның үстіне, биіктігі 2 метр 70 сантиметр жерден плитаның бөлігін тастап көрейік. Бізде тек плитаның бір бөлігі ғана. Оның салмағы бір тоннаны құрайды. Ендеше көрейік", – деді саясаттанушы. 

Нәтижесінде төсек орын төбеден құлаған плитаның салдарынан түгі қалмай сынып қалды. Осыған орай Stan.kz Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына сауал жолдап көрді. 

Институт өкілдерінің айтуынша, жер сілкінісі кезінде ғимараттың дәл қалай құлайтынын болжау қиын. Себебі конструкциялардың тұрақтылығына және нақты бет нүктесіндегі тербеліс күшіне ықпал етуі мүмкін көптеген факторларға байланысты екен.

  • "2026 жылға дейін үрейде ұстауы мүмкін": Сейсмолог жер сілкінісің күшейген тұсы мен баяулау сәті болатынын айтты
  • Жер сілкінісі кезінде жер үй шын мәнінде қауіпсіз бе – Маман жауап берді

"Сәйкесінше "Өмір үшбұрышы" әдісінің тиімділігі туралы біржақты мәлімдеме жасау қате деп санаймыз. Ғимараттың немесе оның элементтерінің құлауы жер сілкінісі кезіндегі жалғыз қауіп факторы болып қалмайды. Сондықтан егер құрылым жеткілікті берік болса, ол құламайды. Бірақ ішіндегі адамдар зардап шегуі мүмкін. Өйткені жер асты дүмпулері кезінде құрылым тербеледі, ал нық бекітілмеген жиһаз бір жақтан екінші жаққа жылжып, соңында құлайды”, – делінген хабарламада. 

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының хабарлауынша, дүмпу кезінде жиһаздың немесе тоңазытқыштың жанына тұруға болмайды. Нұсқау беру және алдын алу шаралары кезінде бірде-бір арнайы қызмет қандай да бір нақты әдістің жүз пайыз кепілдігін бермейді дейді.  Бірақ сейсмикалық оқиға фактісі туындаған кезде зақымдану мен өлім жағдайларын болдырмауға бағытталған кез келген әдістерді қолдануға болады екен. 

Сондай-ақ институт сейсмикалық оқиға туындаған кезде ғимарат ішіндегі адамдар жер сілкінісінің басылуын күте тұруы керек дейді. Айтуларынша, жер сілкінген кезде тұрғындар бірінші кезекте кіреберіс есікті ашып, жақтаудың күш түсетін конструкциясының астына немесе монолитті қабырғалардың бұрышына тұруы қажет. 

"Дүмпу кезінде балконға шығуға, жиһаздың жанына тығылуға болмайды. Сондай-ақ лифт пен баспалдақтарды пайдалануды ұсынбаймыз. Қазіргі уақытта Алматы қаласының аумағында орын алған сейсмикалық оқиғаларды ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы ТЖД-нің үгіт-насихат топтары қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Оған алматылықтардың көпшілігі қатысты", – делінген жауапта.

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының хабарлауынша, Алматы қаласындағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалау қолданыстағы нормалардың талаптарына сәйкес орындалуы тиіс. Алматы қаласы аумақтарының сейсмикалық аймақтарында 9 (тоғыз) және 10 (он) баллдық алаңдар бар, сондықтан барлық ғимараттар құрылыстың сейсмикалық алаңына байланысты 9 немесе 10 баллға жобаланады.

Айта кетейік, бұған дейін Жер сілкінісі кезінде “өмір үшбұрышы” көмектесетіні туралы жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.