Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі


Қабылдау саласындағы типтік айырмашылықтар



жүктеу 5.06 Mb.
бет9/22
Дата19.09.2017
өлшемі5.06 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

3. Қабылдау саласындағы типтік айырмашылықтар


Адамдардың барлығы біркелкі қабылдай бермейді. Мұнда топ, адамға тән типтік өзгешіліктер де болады. Кейбір адамдар қабылдау кезінде заттың өзіне. Жеке түрқына, сырт көрінісіне көңіл аударуға бейім болады, олар көргенін баяндауды ғана мақсат етеді. Енді біреулер сол заттың мән мағынасына көз жібереді, қабылдағанын жан-жақты түсіндіріп, беруді қажетсінеді. Осы айтылғанға орай бірінші топтағы адамдарды қабылдаудың баяндауышы типіне, ал екіншілерін түсіндіруші типке жатқызуға болады. Қабылдау саласында адамдар обьек-к және субьек-к типтер болып та бөлінеді. Бірінші типтің өкілдері заттар мен қүбылыстарды дәл, айқын ешбір қоспасыз сол қалпында қабылдайды, өз жанынан еш нәрсе қоспайды. Ал субьективтік типтегі адамдардың қабылдауында долбарлау қиялдап жаңа образдар қосу жағы басым болады. Мүндайда қабылданатын заттан гөрі адамның сезім күйлері ерекше әсер ететін болады. Субьективтік типті кейде қабылдаудың эмоциялық типі деп те атайды. Қабылдау синтезді, анализдік типтер де кездеседі. Қабылдаудың өмірге өте икемді типі-анализдік синтездік тип. Қабылдау саласындағы типтік еріктер бұл айтылғандармен ғана шектелмейді. Сондай-ақ бүлардың қай-қайсысы болмасын түрақты өзгермеуі қажет емес, түрмыс дағды -әдет, іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұны, адамдардың жас және дара ерекшеліктері т.б. белгілі жағдайларда қабылдау саласындағы типтік ерекше қабылдау саласындағы типтік ерекшеліктерді өзгеріске түсіріп отырады.

Баќылау с±раќтары:

1.Қабылдау саласындағы дара айырмашылықтар.

2.Төменгі сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктері қандай.Олардың байқау қабілеті қалайша дамып отырады.

3.Адам кеңістік пен уақытты қалай қабылдайды.



24-лекция
Таќырыбы: Ес процесі

Жоспары:

  1. Ес туралы жалпы түсінік.

  2. Естің физиологиялық негіздері.

3.Ассоциациялардың түрлері.
Лекция маќсаты: Студенттерді ес туралы жалпы ұғыммен, естің физиологиялық негіздерімен, естің түрлерімен, типтерімен, ассоциацияның түрлерімен, елес және оның өзгешеліктерімен, ес процестерінің түрлерімен, ес саласындағы дара айырмашылықтармен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Ес- деп, қоршаушы өмірдегі заттар мен қүбылыстардың мида алғашқы із ретінде калыптаса бастап белгілі бір уақыт ішінде сақтала отыра . кезінде қайтадан жаңғыртылуын айтамыз.

Ес-деп, коршаушы өмірдегі заттар мен күбылыстардың адам миында сакгалып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, үмытылуын бейнелейтін процесс.

Ес-күрделі психикалық процестерге жатады. Ес- есте қалдыру,қайта жаңғырту, тану, үмыту секілді процестерден түрады.

2. Естің физиологиялык; негіздерін бір кезде И.П. Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеть түралы ілімімен түсіндіретін. Жүйке жүйесінің пластикалылығы дегеніміз- түрлі козулардан қалған осерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уакытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда мида жасальтуы онда бүрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігін жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ.

Мысалы; ес күбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың тобы оны мидағы электор қүбылыстарымен байланыстырса енді бір зерттеушілер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді бакыпың өкілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклейнді қышқылдар комплексінің табылуын) естің бүкілі ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.

Бір нәрсені есте сақтау- оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің

негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды.

Егер бүрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек, не ойласақ, бүлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін обектінін біреуін гана елестетсек миымызда калған бөлігін -тудыруға себеп болады. Ассоциациялык принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып психикалық әрекеттің калған түрлерін түсіндіруге бүл принципті колданбады.

Ғылымда түңғыш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен


дәлелдеген, осы негізде көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінуге болатындығын көрсеткен үлы орыс ғалымы И.П.Павлов болды. И.П.Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын қүбылыс ми қабығында екі қозу процесінің қабаттасып келуі себепті паида болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін түсіндірді. “Ұлы ғалым бүл туралы былай деп жазды " Уақытша нервтік байланыс жануарлар дүниесінде
де , біздің өзімізде де байқалатын жан-жақты физиологиялық қүбылыс . Сонымен катар ол түрлі әрекеттерден, әсерлерден күрылса да немесе әріп, сөз, әлде ойдан құрылса да психикалық қүбылыс болып табылады, оны психологтар ассоциация деп атайды."

3. Ассоциациялардың Аристотел заманынан белгілі үш түрі бар. Олар:

1. Іргелестік, аралас

2. Ұқсастық,

3. Қарама-қарсылық ассоциациялар.
1. Іргелестік ассоциация бойынша бір зат жөніндегі елес өзімен бірге оған

катысы бар екінші затты қоса туғызады .

Мысалы: Көктем-шөп, түс-сары, Кремл-қызыл алаң.

2.Ұқсастық ассоциациясы деп - нәрсенің бейнелері өздеріне үксас екінші затты (образдарды) ілестіріп еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі елес сол затқа кандай болса да үқсастығы бар екінші затты елестетеді.

Мысалы: Жапырақтың сыбдыры-адамның жайлап сөйлеуін ,

Толқынның шуы - адамның самбырлаған дауысын,

Қарындаш-дәптер.

3. Қарама-қарсы ассоциациясы дегеніміз -бір зат жөніндегі елес оған қатысы-бар қарама-қарсы екінші затты не қүбылысты еске түсіреді.

Мысалы: Ақ-қара , биік-аласа , айқай-шу(тасыр) -тым-тырыс.

Мысалы : біз жаңа танысқан адамның келбетін , атын есте қалдыру үшін белгілі бір атты ол адамның атымен оның сыртқы келбетімен ж/е т.б. ерекшеліктерімен байланыстырамыз, яғни есте сақтау дегеніміз- жаңаны адам санасында бұрыннан бар нәрсемен байланыстыру.



Баќылау с±раќтары:

1.Ес деп нені айтады. Оның адам өмірінде алатын маңызы қандай.

2.Ассоциация дегеніміз не, оның қандай түрлері бар.

3.Естің қандай түрлері бар.

4.Естің негізгі процестерін атаңыз.

5.Есте қалдыру дегеніміз не. Материалдың мағынасына қарай түсініп жаттап алудың шарттары қандай.



25-лекция
Таќырыбы: Естің түрлері

Жоспары:

1.Естің түрлері жөнінде түсінік.

2.Ерікті және еріксіз ес.

3.Қысқа және ұзақ мерзімді ес .

4. Қимыл- қозғалыс, бейнелік, сөз –логикалық, эмоциялық ес.
Лекция маќсаты: Студенттерді ес туралы жалпы ұғыммен, естің физиологиялық негіздерімен, естің түрлерімен, типтерімен, ассоциацияның түрлерімен, елес және оның өзгешеліктерімен, ес процестерінің түрлерімен, ес саласындағы дара айырмашылықтармен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Естің түрлері.

Ес төртке бөлінеді: 1. Қозғалыс есі .

2. Бейнелік(образдық) З.Сөз логикалық ес. 4.Эмоциялық ес.



  1. Қозғалыс есі деп ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратьп қимыл - қимыл козғалыстарды есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды айтамыз. Мыс: жазу, оқу, машинкада қағаз басу, коньки тебу, т,б.

  2. Заттар мен қүбылыстардын қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда- калдыруда , қайта жаңғыртуда көрініп отыруын бейнелік ес дейміз. Суретшілер мен архитекторлардың, музыканттар мен актерлердің көбінесе нақты , көрнекті болып келеді.

  3. Адам ойының түрлі формаларының ( үғым, пікір, ой қорытындылары) есте калдыра отырып, керекті кезінде қайта жаңғыртылып отыруын айтамыз Мыс: Сөз жүйесін есте сақтау – ойлау жүмысына байланысты. Естің бұл түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөз-логикалық
    естің оқу процесінде маңызы зор . Өткен тақырыптарды есте қалдыру оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады.

  4. Сезімдерді есте қалдырып керекті кезінде қайта жаңғыртылып отыру эмоциялық ес-деп атаймыз. Мыс: оған шартсыз рефлекстік және саяси моральдық көңіл-күй көріністері жатады . Жас кезімізде түрған бір жерге келсек, сол кезде бізге ерекше эсер қалдырған нәрселердің бәрі есімізге
    оп-оңай түседі . Өткендегі оқиға бір қуанышқа-байланысты болса , ол өмір бойы естен шықпайды . мыс: 9-мамыр , 12- сәуір , Наурыз –тойын

Қазақстан республикасының тәуелсіздік алған -күні -16-шы желтоқсанды еш уакытта үмытпаймыз. Адам сондай-ақ бір нәрседен қатты қорықса да тентектік жасап , оны үялтқан күнді бастан кешірсе де мүндайды ешуақытта естен шығармайды.

2. Ес адамның әр-алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып , тіршілікте маңызды қызмет атқаратын болғандықтан , оның түрлерімен көріністері де әрқилы. Естің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіліп , олар есте қалдыру , кайта жаңғырту процестерімен тығыз үштасады. Мысалы, адамда есту есі мен көру. есі психикалық касиеттер ретінде көрінеді . Іс-әрекет сипаттарына орай, ес мынадай үш түрге негізделіп бөлінеді:



  1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс,
    эмоциялық сезімдік, бейнелі көрнекілік және сөздік-мағыналық
    (логикалык).

  2. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес..

  3. Адамды материалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай
    алатындығына карай: қысқа және үзақ мерзімді ( түпкілікті), сондай-ақ оперативті ес.

Естің кейбір түрлері арнайы аспап-мнемометр арқылы өлшенеді.

3. Қысқа мерзімдік және үзақ мерзімдік ес.

Материалды сақтау үзақтығы мен іс-әрекеттегі рөліне
психологияда есте үзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік немесе;
оперативтік деп бөлінеді . Қысқа мерзімдік ес адамда материалдык.
уакытган соң еске түсіруді мақсат түтып, одан кейін сақтаудың
жок деген жағдайда көрініс береді. Мысалы: Кей оқушы материалды
сабақта немесе емтиханда қайта жаңғырту мақсатында ғана оқиды!
жауап беріп болған соң бірден үмытады. Үзақ мерзімді ес жаңа материалы үзақ уакыт, тіпті мәңгі есте сақталғанда көрініс береді. Жеке адамның бір нәрсені белгілі бір мерзімге сақтауы мақсат түтуы материалдың есте берік сақталуына әсерін тигізеді . Бүл тәжірибе жүзінде дәлелденген.
Есте кысқа мерзімге сақтау бағытын үстанғанда жаттаған нәрсе тез
үмытылады. Кей жағдайларда әрекет сипатымен байланысты, қысқа
мерзімдік ес қана қажет болады . Есеп шығару, дауыстап оқып жаздыруд
процестерінде үзақ мерзімдік есте пайдалану қажет те емес, өйткеқі
материалды тиісті операцияны орындау кезінде ғана есте үстау керек, "
Естің бүл түрін, басқа сөзбен, оперативтік ес-деп атайды.
Есте қысқа мерзімдік және үзақ мерзімдік деп бөлудің дүрыстығы
күнделікті өмірден де байқалады. Бір-ақ рет сөйлесуге қажетті телефон
номерін біз бірнеше минутта ғана есте сақтаймыз да үмытып каламыз.
Тәжірибелер мен клиникалық байқаулар қысқа мерзімдік естің өте
түрақсыз екендігін көрсетеді.Мыс: Адам миы шайқалғанда соққы тиген
сот және соған байланысты жайттарда ғана емес, тіпті сол сәт алдында
болған жойттердің еш кайсысын есіне түсіре алмайды .

Қысқа мерзімдік ес үзақ мерзімдікке ауысуы мүмкін . Мыс: біз ылғи да пайдалана берген телефонның номері есте берік сақталып қалады. Ерікті және еріксіз естер.

4. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты . Белгілі мақсат қоймай -ақ , арнайы есте қалдырмай -ақ есте сақтау мен жаңғырту , еске түсіру, еріксіз ес деп аталады . Егер мақсат қоятын болсақ , онда бұл ерікті ес болады . Мұнда есте қалдыру мен жаңғырту , еске түсіру , жаттап Алу үшін мнемоникалық амалдар қолданылады. Естің (сатылары) бұл түрлері бір ізділікпен дамып отыратын естің сатылары болып табылады. Еріксіз естің орасан зор орын алатынын әр адам өз тәжірибесінен жақсы біледі. Дегенмен, адам қажетті деп тапқан нәрселері үшін арнайы амалдар қолданып , ерікті есте қалдыруды да жиі қажет етіп отырады. Естің адам санасында тұрақтанып , же місті болуының өзіндік сипаттары бар.

Баќылау с±раќтары:


  1. Қайта жаңғырту мен танудың бір–бірінен айырмашылығы неде.

  2. Елес дегеніміз не.

  3. Ұмыту неден болады және оның қандай түрлері бар.

  4. Ес саласындағы қандай дара айырмашылықтар бар.

  5. Бала есі қандай жолмен дамиды.

  6. Төменгі сынып оқушыларының ес ерекшеліктері қандай болады.

  7. Есті тәрбиелеу үшін мұғалім қандай жұмыстар жүргізеді.

26-лекция
Таќырыбы: Ес процестері. Естің маңызы.

Жоспары:

1.Естің типтері.

2.Елес және оның өзгешеліктері .

3.Ұмыту және тану, қайта жаңғырту.

4. Ес саласындағы дара айырмашылықтар.
Лекция маќсаты: Студенттерді ес туралы жалпы ұғыммен, естің физиологиялық негіздерімен, естің түрлерімен, типтерімен, ассоциацияның түрлерімен, елес және оның өзгешеліктерімен, ес процестерінің түрлерімен, ес саласындағы дара айырмашылықтармен таныстыру.
Лекция мєтіні:

1. Елестер дегеніміз- қазіргі сәтте сезім мүшелеріне эсер етпейтін заттар мен құбылыстар бейнесінің мида пайда болуы. Елестердің физиологиялық негізгі үлкен ми сыңарларының қыртысында бұрынғы қозулардан қалған іздер болып табылады . Елестер -бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу мен жалпылаудың нәтижесі. Қабылдаусыз елестер құрастырылмас еді, өйткені соқыр болып туылғандардың түрлі түс пен бояулар жөнінде , ал тумысынан саңыраулардың есту елестері болмайды.

2. Елестер: 1. Жалпы 2. Дара болып бөлінеді.


  1. Арнаулы бір затты қабылдауға негізделген елее дара болады .
    Өйткені ол дара затты бейнелендіреді.

  2. Бірнеше ұқсас заттарды жалпылап бейнелейтін елес жалпы
    болады . Бұлардан басқа елестерді оларға негід болатын
    қабылдау түрлеріне қарай айырады. Елестерді көру ( адам, зат,
    пейзаж),

Есту (музыкалық әуенді елестету ), Иіс ( эфир иісін елестету ), Дәм ( лимонның дәмін елестету ), Сипап сезу-қозғалыс (секірген кездегі дене қалпын елестету), елестері деген түрлерге бөлінеді. Елестер адамның қызметі процес інде қалыптасады, сондықтан мамандыққа байланысты елестің белгілі бір түрі, айталық, суретшіде -көру, композиторда-есту , спортшы мен бишіде -қимыл, химикте -иіс, т.б. жетілген.

Ес процестері.

Ее өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту.ұмыту және тану.

Есте қалдыру.

Есте қалдыру- мағлұматты белсене қайта өңдеу , жүйелеу, жалпылау, оны игеру процесі. Есте қалдыру екіге бөлінеді:

1." Еріксіз есте қалдыру ,

2. Арнайы есте қалдыру.


  1. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат
    қоймайды.есте қалдырудың арнаулы тәсілін қолданбайды.
    Айналадағы өмірдіңтүрлі көріністері (оқиғалар мен адамдардың
    қимыл-әрекеті сөзі т.б.) сол әрекеттің ағымына қарай есте қалып
    отырады.

  2. Ал арнайы есте қалдыруда арнаулы ( есте қалдыруды)
    тәсілдерді қажет ететін жене алдына мақсат қоюымен
    сипатталатын , жаттау процесі ұйымдастырылып , ерік күші
    жұмсалатын есте қалдыруды атаймыз. Арнайы есте қалдыру
    үшін мына төмендегі шарттарды орындау қажет:




  1. Есте қалдыруда адам эр кез алдына мақсат қойып отырса, ол
    маңызды болады.

  2. Есте қалдырудың қоғамдық дәжірибелік мәні адамның қажетіне
    де байланысты .Мыс: Оқушылар қандай шығарманы оқымасын
    бір қажетіме керек болар деп. оқитын болса , оны есте қалдыру
    қиынға соқпайды .

  3. Оқылатын шығарманы жоспарлай алу-есте қалдыруға көп жеңілдік келтіреді. Жоспар мүмкіндігінше анық, айқын, дәл
    болуы керек.

  4. Мағыналы есте қалдыру дегеніміз - нәрсенің мәніне түсіну.

  5. Оқып отырған шығарманың байланысжүйлерін елестетуге,
    еске тірек боларлық ой- желісін табуда схема- чертеж,
    таблицалармен қатар, шартты белгілер қолданылып отырса,
    есте қалдырудың сапасы арта түседі.

  6. Оқылатын шығарманы жақсылап есте қалдыру адамның өзін-өзі
    тәрбиелей алуына да байланысты.

  7. Есте қалдырылуға тиісті шығарманы адам үмкіндігінше өз
    сөзімен айтып берсе , есте қалдыруға жеңіл болады.

  8. Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға да байланысты .
    Мысалы: оқу материалын бір қайталап жаттаудың да қажеті жоқ
    өлеңді бір ден жаттап алса, ол тез ұмытылады, сондықтан он
    бірнеше уақытқа бөліп жаттау керек. Сондай-ақ жатталған
    нәрсені ұмытып кеткен соң қайталау пайдасыз, он ұмытпай
    тұрып қайталау керек. Жаттаудың мнемоникалық әдісінің бірі

механикалық( мағынасына түсінбей) есте қалдыру. Естің бұл түрінің кей жағдайларда іске керек болып қалатын кездері болады. Шетел сөздерініңжазылуы мен айтылуын , қиын сөздер мен атауларды, телефон номірлерін есте қалдыру қажет болван кезде механикалық еске қалдырып жаттаған дұрыс. Есте қалдырудың соңғы түрі жасанды ассоциациялар арқылы мнемоникалық әдіспен жүзеге асып отырады. Мыс: біздің көшпенді ата-бабаларымыз жыл қайыру тәсілін оңайлату мақсатында мына төмендегі төрт жол өлеңді жаттаған:

Түйе сеніп бойына, Қалған ұмыт жолдардан, Жатпа қарап, мойыма, Тайма именіп, ділмардан.

Мұндағы әрбір сөздің бір інші әріп жылдардың атына (түйе- тышқан, сеніп-сиыр, бойына- барс, қалған-қоян, ұмыт-ұлу, жылдардан-жылан, жатпа- жылқы, арап-қой, мойыма-мешін, тайма-тауық, именіп-ит, ділмардан- доңыз), ал сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен рет тіркестері тетелес жыл атауының тізбегіне сай келеді. Бірақ адам осындай құрғақ жаттаумен алысқа бара алмайды.

3. Қайта жаңғырту.

қайта жаңғырту -бұрын қабылдағандарды қалпына келтіру процесі. қайта жаңғырту еріксіз және арнайы қайта жаңғырту деп. екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына мақсат қоймаиды . Мұны іс-әрекеттің барысы туғызып отырады. Арнайы қайта жаңғыртуда мақсат қоюмен , ерік күшін жұмсаумен арнаулы әдіс-тәсілдер қолданумен жүзеге асады. Қайта жаңғырту үшін мына төмендегі шарттарды есте ұстау қажет.


  1. Көлемі үлкен шығармаларды қайта жаңғырту үшін жазбаша
    немесе ойша оның жоспарын жасау қажет болады.

  2. Қайта жаңғыртуда бұрын оқылған, қабылданған обектілерді бір-
    бірімен салыстырып отыруда аса пайдалы.

  3. Қайта жаңғыртуда ассоциацияларды, бұлардың мағыналы
    байланыстарын пайдаланған жөн.

  4. Оқыған нәрсеге жауапкершілікпен қарау, мунда табандылық,
    тұрақты қызығудың болуы да қайта жакңғыртудың нәтижелі
    болуының қажетті шарттары болып есептелінеді.

Тану (қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мыс: біреу бір нәрсені қиналмай, тез және

Толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайтын болады, үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате таниды. Обектіні дұрыс тану үшін адамның көзі төселіп үйренген болуы, өмір тәжірибесі мол, бақылағыш болуы шарт.



3. Ұмыту және оның түрлері.

Үмыту процесі - есте қалдыру процесі не қарама-қарсы процесс, өмірге қажет емес нәрселерді үмытып отыру адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егерде адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген үсақ түйектер мидың бір қалыпты жүмысын қиындатар еді. Ұмыту түрліше жағдайларда көрінуі мүмкін. Бірде ұмыту обектіні әдейілеп еске түсіруге не танула мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде обектіні қате тану,не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады. Материалды оқыған бойда он бір ден жаңғырту кейде қиынға түсіп, мазмүны толық берілмей қалатын кездері болады. Бірақ, бүлар екі үш күннен кейін тым тәуір байта жаңғыртылуы мүмкін. Осындай кеншігіп еске түсіруді психолгияда реминисцанция қүбылысы деп. Атайды. Кешігіп еске түсіру көбінесе мектепке дейінгі балалар мен төменгі класс оқушыларында жиі кездеседі. Өйткені олар көлемі алкен, күрделі материалдарды бір ден толық айтып баруге шамалары келмейді де, ойларына келген жерлерін айта бермейді.



4. Ес саласындаға дара айырмашылықтар.

Ес дәрежесі бірдей адамды табу қиын. Біреу өлеңді жылдам жаттаса, екінші біреу санды жақсы жаттайды, үшінші біреу үмытшақ, төртінші біреу көргенін есінде ұстағыш келеді, т.б. адамдар сон дай-ақ есінің дәлдігі жөнінен бір-бірінен ажыратылады. Естің дәлдігі- ешбір жаңылмай, ойдың тәртібін бүзбай, мағыналы түрде айта білу қабілеті.

Есі дәл адамдар материалды игеріп алудың жылдамдығы жөнінде де Алдана қарай салмайды. Жүрт бүларды зейінді, зерек адам дейді. Ал басқа біреулер, керісінше байта - байта оқыса да есіне түсіре алмай әуре болады. Адамдар еске қалдырудың үзақ қысқалығымен де ажыратылады. Мүны кейде естің беріктігі деп те атайды. Мысалы: бір нәрсені жаттап алса, оны үзақ бойына үмытпайтын болады. Екінші біреу он тез үмытады. Естің жақсы сапаларының бірі даярлығы. Естің қорынан кез келген уақытта қажет нәрсені миына токи алатын,есінің өресі кең адамдар да болады. Біреулер көзбен көргенді, енді біреулер қүлағымен естігенді жақсы қалдырады.

Баќылау с±раќтары:

1Қайта жаңғырту мен танудың бір–бірінен айырмашылығы неде.

Елес дегеніміз не.

Ұмыту неден болады және оның қандай түрлері бар.

Ес саласындағы қандай дара айырмашылықтар бар.

Бала есі қандай жолмен дамиды.

Төменгі сынып оқушыларының ес ерекшеліктері қандай болады.

Есті тәрбиелеу үшін мұғалім қандай жұмыстар жүргізеді.




27-лекция
Таќырыбы: Ойлау-таным процесінің жоғарғы сатысы.

Жоспары:

  1. Ойлау туралы жалпы түсінік.

  2. Ойлаудың физиологиялық негіздері.

  3. Ойлау жөніндегі теориялар.


Лекция маќсаты: Студенттерді ойлау туралы ұғыммен, ойлаудың физиологиялық негіздерімен, ойлау жөніндегі теориялармен, ойлау тәсілдерімен, формаларымен, түрлерімен, ойлау саласындағы дара айырмашылықтармен және ойлау мәдениетімен таныстыру.
Лекция мєтіні

1. Ойлау — деп, сыртқы дуние заттары мен қубылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама турде сөз арқылы бейнелейді.

Сыртқы дуниені толық тану ушін туйсікпен қабылдау сезім жеткіліксіз. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен қубылыстарды тек ойлау арқылы біле аламыз. Сондықтан туйсік қабылдау, сезім, ойлаумен тыгыз байланыста болады.

Туйсік пен қабылдау дуние танудың 1-ші баспалдагы болгандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды.

Ойлау сезім мушелері арқылы алынеан мәліметтерді өңдейді, осы сезімдік маелуматтардыц негізінде белгілі болады.

Ойлау процесініц қамтитын көлемі өте кең. Ойлау-курделі, психикалық процесс

Ойлау-сөйлеу сияқты, тек еңбек әрекетінің негізінде пайда болған. Адамның ойы ылғида сәз арқылы беріледі.

Ойлау мен сәйлеу бір екен деп тагыда ойлауга болмайды.

Ой-сыртқы дуниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, Сөз-ойды басқа адамдарга жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнелеуінің арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды. Ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады.

2. Ойлаудың физиологиялык, негіздері И.П.Павловтың 1 және 2 сигнал жуйесі жөніндегі іліміне байланысты тусіндірілді. Ойлау-ми қабығының күрделі формадағы анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі мунда 2-ші сигнал жуйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады.

Ой тәсілдері:


  1. Талдау (анализ)

  2. Tonmay (синтез)

  3. Абстракция

  4. Нақтылау

  5. Жалпылау

  6. Жүйелеу

  7. Салыстыру

1. Анализ деп — бүтінді бөлшекке бөлуді айтамыз. Мыс: өсімдіктермен таныстырганда оларды бөлшектерге бөлінеді.

  1. Синтез деп — заттардың жеке-жеке элементтерін
    немесе бөліктерін бір бүтін етіп біріктіру әдісін
    айтамыз.

  2. Салыстыру деп — бұл заттармен олардың жеке
    бөліктерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты
    табуды айтамыз.

  3. Абстракция деп — ойлау процесінде көбінесе заттардың өзіне көңіл аудармай, қандай да бір белгісін бөліп алып
    қарастыруды айтамыз.

Мыс: квадрат, трапедция, параллелограмма т.б сөздерді "төрт бурыш" десек, ал бор, қант, қар т.б ақшыл, бул да абстракциялық уғымға жатады.

5. Абстракцияга қарама-қарсы әдісті (процесті) нақтылау


дейді.

Заттың нақты белгісін көрсетсек бұл нақтылау болады.

6. Жалпылау (арқылы) дегеніміз — бір текті заттардың
ортақ қасиеттерін ойша біріктіру.

7. Жалпылау арқылы заттар мен қубылыстарды белгілі-бір


принцип бойынша орналастыруды "жүйелеу"-дейді.

Жүйелеудің жоғары түрі классификация. Ойлау формалары: 3-ке бөлінеді.



  1. Үғым.

  2. Пікір.

  3. Ой қорытындылары.

1. Үғым дегеніміз — заттар мен құбылыстар туралы ой.

Дара және жалпы болып бөлінеді.

2. Пікір — ол бір зат туралы мақұлдау немесе оны бекерге
шыгару.

3. Ой қорытындылары дегеніміз — бірнеше пікірлерден


жаңа бір пікір шыгару тәсілі. Бұлардың з турі бар:

  1. дедукция

  2. индукция

  3. аналогия

  1. Дедукция — Ойлау жуйесі жалпыдан жекеге қарай жүретін ой
    кррытындысы,

  2. Индукция — Ойлау жуйесі жекеден жалпыға қарай жүретін ой
    қорытындысы.

  3. Аналогия - уқсастық бойынша ой қорытындысын жасау. Қолданылатын әдебиеттер тізімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет